Мұнай мен газ туралы жалпы мәліметтер



Жоспары:
1 Жалпы мәліметтер
2 Мұнайдың шығу тарихы
3 Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері
4 Пайдасы
5 Мұнай.газ кендері
6 Мұнай өнімдері
7 Пайдаланылған cілтемелер
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір «Қара алтын» деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.

Мұнайдың шығу тарихы
Мұнайдың, ал ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады… Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі…», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1 Жалпы мәліметтер
2 Мұнайдың шығу тарихы
3 Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері
4 Пайдасы
5 Мұнай-газ кендері
6 Мұнай өнімдері
7 Пайдаланылған cілтемелер
Жалпы мәліметтер

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар
дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты
(хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр
қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл
болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай
өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 гсм3. Мұнай
өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор
(айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам
халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин,
парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-
дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан
отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна
шымтезектің қызуына тең.

Қазір Қара алтын деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539
жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың
тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай
тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол
кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.

Мұнайдың шығу тарихы

Мұнайдың, ал ертеректе оны тас майы деп атаған, болашағы зор екенін
болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай
ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің
бірегей теориясын ұсынған еді. Жер қойнауында тереңнен орналасқан
шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып,
саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын
және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың
негізі..., – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.

Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір
мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен
Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды
іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.

Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған
мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы
бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар
басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен
сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен, этилен және т.б.
түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне
көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр
көмірсулар қоспасына айналады.

Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас
сұйық – жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай
қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады,
сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп
уақыт қолданды.Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі
тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда
кездесетініне көз жетті.

Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі
табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне
жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта
тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл
қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл
қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға
айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан
мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің
жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада
тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын
өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда
өтеді.

Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде
катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық
өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен
өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер
етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды.
Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде
қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз
еді.

Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін
химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл,
әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен
болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып,
сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін
фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атырау облысының экологиялық жағдайын картографиялаудағы қазіргі технологияны пайдалану
Каспий өңірінің экологиялық ахуалы
Мұнай мен газдың шығу теориясы
Мұнай өндіру туралы
Барлау жұмыстары
Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру
Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану
Мұнай және газ сепараторы
Өзен кен орны жайлы жалпы мағлұматтар
Жетыбай кен орны
Пәндер