Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

  1. Өнім сапасын сынау, бақылау және оның қауіпсіздігі

(<< Халал >> мысалында ) . . .

1. 1 Өнім сапасын жоғарлату

  1. Өнімді сертификаттау негіздері . . .
  2. Өнімді сертификаттау сызбалары . . .
  3. Импортталатын өнімнің сертификатталуы . . .
  4. Қазақстан Республикасында халал өнімді сынау, бақылау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету . . .
  5. Құндылықтық бағытталған басқару жүйесі ислам көзқарасы бойынша талаптар . . .
  1. Халал тағам өнімдері - өндіру, дайындау, жеткізу және сақтау . . .

2. 1. Сойыс процессі. Сойыс үшін пневматиклық соққы құралы . . .

2. 2. Ет жане ет тағамдары . . .

2. 3. « Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

техникалық регламенті . . .

  1. 3. Халал индустриясының құрылуы
  1. Халал индустриясы өркені өскен өндіріс
  1. Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиет тертізімі . . .

Кіріспе

Жалпы осы тақырыпқа кiрiспес бұрын “халал” сөзiнiң өзi қандай мағына бiлдiретiнiне тоқталсақ, артықтық етпес. Ислам дiнiнде ол «рұқсат етiлген», «мақұлданған», «дұрыс» деген ұғымға ие. Былайша айтқанда «харамға» қарама-қайшы мәнде қолданылады. «Халалдың» қазақшасы «адал» болса, «харам» «арам» деген ойды бiлдiретiнi ақиқат. Өкiнiшке қарай, барлық жерде бiрдей мал санитарлық талапқа сай сойылып, оның өнiмдерi сапалы түрде сатылады деуге әлi ерте. «Халал» деген атпен тауарлардың өтiмдi келетiнiн бiлетiн кейбiр пысықай кәсiпкерлердiң күмәндi өнiмдерiн оның арасына араластырып жiбермесiне кiм кепiл. Сондықтан азық-түлiктiң халал екенiне көз жеткiзiп алмайынша сатып алуға және тұтынуға асықпаған жөн секiлдi.

  1. Өнім сапасын сынау, бақылау және оның қауіпсіздігі

Сапаны ақылау деп, бекітілген талаптар бойынша өнім сапасына әсер ететін, қасиеттері немесе процедуралардың (үрдістердің) санды немесе сапалы сипаттамасына сәйкес екендігін тексеруді айтады.

Сапаны баскаруды ұйыдастыруды - ол нормативтік-техникалық құжаттарға толық сәйкес өнімдерді өндіруді қамтамасыз етуде бағытталған техникалық және админимтративтік (әкімшілік) шаралар жүйесі.

Бақылаудың мақсаты объектісінің жағдайы, оның қаситетерінің көрсеткіштері мен белгілері туралы ақпараттар алуда және алынған нәтижелерді жобалау- конструкторлық құжаттарға және басқа да құжаттарда бекітілген талаптармен салыстыру.

Сапаны бақылауға бақылауға қойылатын талаптар келесілерді қамтиды:

- өнімді жургізілетін сынаулар түрлері;

- сынаудың қайталану мерзімі;

- сынауға арналған сынама мен тңдауларды дайындау мен сұрыптау;

- бақылауды жүргізу тері;

- өнім сапасын нормативті құжаттар талаптарына сәйкестігілі туралы талқылау критерийі мен бақылау үрдісынің параметрлері;

- бақылау- өлшеу аппаратурасына, приборлар мен құралдарға керекті дәлдікті көрсетуге қойылатын талаптар, онымен қатар сынау стенділері мен қондырғыларға қойылатын талаптар;

- бақылау нәтиделерін өңдеу тәсілдері;

- бақылау нәтижелер қаттама формасы.

Өнімнің қамтитын аумағына қарай бақылау екі турге бөлінеді:

Жаппай және таңдаулы:

Жаппай бақылауда бақыланатын партияның барлық бұйымдары тексеріледі, ал таңдаулыда тек қана бақыланатын бұйым партиясының бір бөлігі ғана, олар таңдалған деп аталады.

Жаппай бақылау көбінесе келесі жағдайда қолданылады:

  • Жаңа өнімдерді жоғарыда, егер технологиялық операциялардың орындалу сапасы әрі қарай тексерілмейтін болса;
  • Егер бақылайтын өнім бірлігі автоматты және жартылай автоматты және тоасыз ағынды орындалатын операцияларда қаралған немесе жартылай өзінің қасиетін жогалтатын жағдайда;
  • Бақылаудың еңбек көмегі коп болғанда.

Өнімнің бақылауға түсу сипаттамасына қарай, келесі бақылау түрлері болады:

Үзіліссіз бақылау - бақылауда бақыланатын параметр туралы ақпараттар үздіксіз түсіп турады;

Мерзімді бақылау - бақыланатын параметр туралы ақпараттар бекітілген уақыт аралығында түседі;

Жедел бқылау фирма стандартында бекітіліп айтылған және жедел уақыт шамасы жағдайында жүргізіледі;

Кіріс бақылауы - бұл тұтынушығатүскен өнімді әкелушінің бақылауы;

Операциялық бақылау - өнім немесе үрдісті орындалу кеінде немесе белгілі операция біткенен кейн жүргізілетін бақылау;

Қабылдау бақылауы - бұл бақылаудың өндіру үрдісінің ең ақырғы бақылуы, мұнда құрастырма кешенді тексеру іске асырылады.

Бақылаудың объектіге әсер етуіне айланысты, ол бүлдіретін және бүлдірмейтін бақылауға бөлінеді.

Өнімді жасау және оның өмірінің, сатысына қарай бақылаудың екі түрі болады - өндірісті жне пайдалану.

Өндірісті бақылау көбінесе барлық көмекші, дайындау және технологиялық операциялардықамтиды. Пайдалану бақылау объектілеріне пайдаланудағы бұйымдар және пайдалану үрдістері жатады.

Бақылаудың негізгі шешетін сұратарына спа көрсеткіштерін анықтауы жатады. Сапаның көрсеткіштерін анықтау ол жай өлшеуду шешетін сұрақтар, ол аспапшы немесе срапшы әдістермен шешіледі. Осылардың кейбір түрлерін тіімге алуға органалептикалық және әлеуметтік әдістер жатады.

Өнім сапасын бақылау субъектілерінің жалпы жиынтығын басқару деңгейі және басқару турлері бойынша жіктеуге болады.

Факторлардың маңыздылығын айқындауды анықтайды өнім сапасына норамиві құжаттар тарапарына сәйкестілігітуралы талқылау критерийі мен бақылау үрдісінің параметрлері; Ішінара бақылау әдісінің теориялық негізінен қалаған және оны әрі қарай дамытқанкөрнекті математикалық Я. Беркулли, П. С. Лаплас, К. Ф. Гаусс, С. Д. Пуассон, П. Л. Чебышев, А. М. Япунов, А. А. Марков сияқты ғалымдар.

Ішінара бақылаудың басқа зерттеулерімен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері бар және оған мыналар жатады:

  • Ішінара бақылауды жүргізу кезінде жалпы жиынтықтың барлық бірліктері үшін іріктеуге алыну мүмкіншіліктері ортақ және олардың кез-келген жеке бөліктері кездейсок зертеуге алынады;
  • Ішінера бақылауды жүргізер алдындағы негізгі бір мәселе, оның көлемінің жалпы жиынтық бірліктеріндегі үлес мөлшерін анықтау болып табылады. Сонымен, осы көрсетілген мәселелер шешілгенде ғана ішінара бақылаудың нәтижесінен алынып көрсеткіштер жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болады, яғни оны толық түрінде сипаттай алады. Демек, бұл-ішінара бақылау жұмысы ғылыми жүйеде дұрыс жүргізілген деген ұғым және одан алынған көрсеткіштер дәлдікті көрсетеді

Сериялы іріктеу. Бұл тәсілде жалпы жиынтық бірліктерінен іріктеп алу кездейсоқ жеке-дара жүргізілмей, сериялармен, топтармен алынып, әрі серия, топ бірліктері жаппай бақылауға толығымен алынады, ал шыққан қорытынды көрсеткіштер жалпы жиынтыққа тартылады. Мұнда қайта немесе қайталанбайтын іріктеу әдісі қолданылады. Сериялы топты іріктеуді жүргізу өте жеңіл және оған шығын аз жұмсалады. Бірак зерттеуге алынған бірліктердің біргелкі іріктеліп алынбауына байланысты мұндағы жіберілетін кездейсоқ қателер басқа іріктеуге қарағанда көбірек кездеседі. Сондықтан оны азайту үшін іріктеуге алынатын серияның, топтың санын көбейткеніміз болады.

Құрама іріктеу. Мұнда жоғарыда көрсетілген іріктеу тәсілдерінің бірнеше түрі қатар қолданылады. Мысалы, сериялы мен жай кездейсоқ іріктеу немесе механикалық пен жай кездейсоқ іріктеу бір мезетте қолданылады және т. б. Құрама іріктеудің көрсеткіштерін есептеу әр түрлі тәсілмен, яғни іріктеу сатылығна байланысты есептелінеді. Осыған орай өзі бір сатылы және көп сатылы болып екіге бөлінеді.

Бір сатылы іріктеу. Бақылаудың бұл түрінде іріктеліп алынған бірліктер сол мезетте зерттеліп, тез қорытынды жасалады. Мысалы, спортлота ойындары жай кездейсоқ тәсілмен бір-ақ рет ойналады немесе өндірілген өнімнің сапасын зерттеу үшін бір топ, серия толығымен бақылауға алынады және оған қорытынды жасалады.

Көп сатылы іріктеу. Бұл тәсілде жалпы жыйынтықты алдымен ірі топтарға, содан кейін көлемі, мөлшері бойынша кіші және одан да кіші топтарға бөлу арқылы бақылауға алынатын топты немесе жеке бірлікті іріктеп алғанша ақырына дейін бірнеше сатыда жүргізіледі. Мұндай екі, үш және одан да көп сатылы іріктеу жүргізіден аулақтау болғанымыз дұрыс. Себебі әр сатыда іріктеліп алынған бірліктер саны іріктеу тәсілдері әр түрлі болады. Өндіріс бойынша зерттеу жүргізетін болсақ одан алдымен цехтан бастаймыз, содан кейін ішінен, одан кең шар және ұжым шарды іріктеп аламыз. Мұндай жағдайда әрбір саты сайын іріктеу тәсілін түрі өзгеріп отыруы мүмкін. Сонымен үш сатылы іріктеу қолданылады және бұдан зерттеліп отырған бірліктердің типке бөлуіне тығыз байланысты екендігін көрсетуге болады.

Көп фазалы іріктеу деп бақылауға алынған бірліктердін барлығынан керекті бір мәліметтердің қысқа түрінде алуын, ал содан кейін оның кейбір бөліктерінен кеңейтңлген, ұлғайтылған бағдарлама бойынша қосымша көрсеткіштердің жиынақтастырлуы айтады. Іріктеу екі, үш, төрт және т. б. фазадан тұруы мүмкін. Әр фаза бойынша зерттеуге алынған бірліктер саны бақылаудың аяғына дейін бастапқы сандық көлемін өзгертпейді. Көп фазалы іріктеу тәсәлі зерттеу жұмысын әр түрлі бағытта жүргізудің негізі болып табылады. Оның өзінше бір ерекшелкгі сол, мқнда алдынғы фазада алынған көрсеткіштен кейінгі фаза көрсеткіштерін қосымша толықтырып, сипаттап отырады.

Көп фазалы іріктеу көп сатылы іріктеумен байланысты болуы мүмкін демек көп сатылы іріктеудің көп іріктеу деп те айтуға болады.

Шағын іріктеу егер ішінара бақылау кезеңде іріктеуге алынган бірліктердің сандық көлемі 20-дан аспайтын болса анда оны шағын іріктеу деп атайды. Ішінара бақылаудың принципі бойынша іріктеуге алынған бірліктер көлемі неғұрым көп болған сайын, одан шыққан көрсеткіштеріне жақын болады. Бірақ, солай бола тұра, кейбір жағдайда тексеруге аздаған ғана, тіпті бес-алты бірліктің алынуы да мүмкін. Бұл тәсіл көбінесе, өнімнің сапасын анықтау үшін, яғни пайдалануға жарамай қалғандарын жою ушін қолданылады.

Бақылау-сапа басқару жүйесінің өндірістегі аса маңызды қызметінің бірі болып табылады. Жүйе қызметінің нақтылы жеткен жетістіктерімен жоспарланған нәтижелері дәл осы бақылау проццесі кезінде салыстырылады. Өнім сапасын бақылаудың қазіргі әдістері үлкен маңызға ие болуда, өнім сапасын бақылау жүйесі өзара байланысты бақылау объектілері мен субъектілері, өнім сапасын бағалау әдісі, құралдары мен түрлері, өнімнің айналым кезеңдері, сапаны басқару деңгейлерінің жарамсыз алдын алу іс-шараларының біртұтас жиынтығы.

ГОСТ16504-81 бақылау түрін белгілі бір қасиеттері бойынша бақылау турінің көптілігі олардың жүйелігін қажет етеді. Бұл жуйенің негізіне салынған көрсеткіштер кестеде көрсетілген.

Өнімнің бақыланған түрін қолдануына байланысты оларды бұзатын баұылау және бұзбайтын бақылау деп бөлуге болады.

Бұзатын бақылау өнімді кейінгі қолдануға жарамсыз етеді және сондай-ақ көптеген шығындарға әкеп соғады, нәтижесінде оның көрсеткіштері жарамсыз деп анықталады. Осы себептерге байланысты соңғы кезде бұзбайтын бақылауды дайындауға көптеген назар аударылып жатыр, бұл жанама бақылаудың нәтижесіне сондай-ақ рентгендікжәне инфроқызыл сәуле беретін техниканы беретін электрониканы және т. б. жаңа бұйымдарды қолдануды талап етеді. Сонымен бір тек қана бұзатын бақылауды қолданылатын жағдайларда бар, соның ішінде:

Біріншіден, функцияларды жалпы бақылау, көрсеткіштеріне жататын сапаны бұзатын бақылау кезінде қыйын, ал кейбір жағдайларда елеуі мүлде мүмкін емес көп молшердегі бірлік көрсеткіштерінің сапасы.

Екіншіден, кейде экономикалық тұрғыда өнімдердің белгілі бірлігін жою, бақылау жүргізуге кететін шығындарды жұмсаудан тиімдірек болады.

Қабылдау бақылауы - бұл дайын өнімді бақылау, қолданылуына және оның жарамдылығына шешім қабылдайтын нәтиже. Бұл өнімді шығару процессіндегі ең маңызды қорытынды этапы болып табылады.

Бақылаудың тиімді жүйесі көптеген жағдайларда шығарылатын өнімнің сапалық деңгейіне дер кезінде тікелей мақсатта әсер етуі, жұмыста кездесуі мүмкін барлық кемшіліктерді алдын алу оларды жедел түрінде анықтау және аз шығын жұмсай отырып мүмкіндігін береді.

Өнім сапасын бақылау объктілері мен субъектілері.

Техникалық бақылау объектілерінің аты-жөні 1-12-ге дейін шартты белгілгілері мен нөмерленіп былайша беріледі:

  • Бұйымды өндіріске әзірлеу, өндіру айналымға жіберу, пайдалану және жөндеу процесстерін реттейтін стандарт, техникалық шарт, конструкторлық, технологиялық және басқада нормативті техникалық құжаттарды әзірлеу әдістері;
  • Кооперация бойынша алынатын шикізат, материал, жартылай өнделген және дайын өнімдермен жабдықтаушы бұйымдардың сапасы;
  • Өз өндірісіндегі шикізат, матерал, жартылай өнделген және дайын өнімдері мен жабдықтаушы бұйымның сапасы;
  • Қолданылған құрал-сайман технологиялық жабдықтардың техникалық деңгейі мен жағдайы, технологияның үздіктігі;
  • Техникалық іс-қимылдарды атқарушыларымен басқару апаратының мамандық деңгейі;
  • Өндірістегі технологиялық тәртіп және жұмыскерлердің еңбек саласы;
  • Өнімді техникалық бақылау, сынау әдістері, бақылау, өлшеу апараттарымен құрал- саймандардың техникалық мүмкіндігімен жағдайы;
  • Жасалатын деталь, жинақ бірліктері мен дайын өнімдердің сапасы;
  • Бұйымдарды буып-түю сапасы, сақтау, тасымалдау, құралдарымен ережелері;
  • Тұтынушы тарапынан бұйымды пайдалану, техникалық кутім жасау және диагностика ережелері, оларды орындау.

Бақылау объектілері ретінде технологиялық кұжаттарға сәйкес өнім немесе оны жасау, сактау тасымалдау, жөндеу үрдісі қарастырылады.

Өнімді өндіру үрдісі негізіндегі сапаны бақылау сұлбасы (схеме-) суретте көрсетілген.

Бақылау объектілері бір бөлік белгілермен сипатталады, олар міндетті бақыланатын объектінің қасиеттерінің санды және сапалы сипаттамаларынан тұрады. Бағыттылатын белгілі құралы бақылау объектісіне байланысты болды.

Бақылауды жүргізгенде бақылау объетісін, бақылау әдісін, бақылыуды жүргізушіні және бақылауды жүргізуге арналған норматифті құжаттарды анықтауға өте маңызды.

1. 1Өнім сапасын жоғарылату

Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402) . Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.

Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар. Оқулық та сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.

Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.

Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары. Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу - сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат. Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік . Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э. Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «Жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда, «тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».

Сапаның үшінші элементі - көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т. б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші - тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әр түрлі өлшемдермен келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.

  1. Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы

Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы. Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы және өзара алмасымдылығы. Эргономикалық талаптар - қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмінің ерекшеліктерімен келістіру. Ресурстарды үнемдеу талабы - шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Қауіпсіздік талаптары - зиян келтіруі мүмкін қауіп- қатерді болдырмау. Сенімділік талаптары - белгіленген функцияларды берілген режимде және қолдану жағдайында, техника- лық қызмет көрсетуде, сақтауда және тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау. Экологиялық талаптар - өнімді өндіру, пайдалану және көдеге жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау. Технологиялылыққа қатысты талаптар - енімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі. Эстетикаға қатысты талаптар - өнім мен қызмет көрсетудің көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік конфигурациясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік-мәдениеттік құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар. Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет:

  1. Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.
  2. Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің толассыз жұмыс істеуі) . Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.

Жалпы, өнім сапасын жақсарту экономиканы үдемелі дамытуға және қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, жалпы қоғамның және жекелеген тұтынушылардың сұранымын өтеуге мүмкіндік береді. Мұның әлеуметтік зор маңызы бар. Соған қоса сапаны жақсарту арқылы белгілі бір заттың тұрмыста қолданылу мерзімін ұлғайта аламыз. Міне, осы арқылы оларға деген сұраным да сирейді, яғни көп уақытқа қолданылуға жарайтын нәрселерді тұтынушылар еселеп сатып ала бермейді.

Өнім сапасының жақсаруын біз өндіріс тиімділігінің артуы мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайының жақсара түсуі деп білеміз. Еліміздің экономикасындағы басты міндет те осыған, яғни халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге, нарықты сапалы, әрі мол тауарлармен толтыруға бағытталады.

Өнім сапасын жақсарту жолындағы еңбек және технологиялық тәртіптің бұзылуы бойынша, еңбек заңдарына сәйкес, жұмысшылар мен қызметкерлер материалдық және тәртіп жөніндегі жауапкершілікке тартылады.

Тауардың сапасы тауартанудағы көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Күнделікті өмірде сауда орындарына түрлі бағыттарға жұмсалатын, шикізат құрамы мен сыртқы безендірілуі жағынан бір-біріне ұқсамайтын көптеген тауарлар түседі. Соған қоса халықтың талғам-сұранысы да бір қалыпта тұрып қалмай, үнемі өзгеріс үстінде болады.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
  • жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
  • өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.

Өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілік мәселелері қазіргі таңда әмбебап сипатқа ие. Әрбір мемлекеттің экономика және әлеуметтік дамуы, кез-келген тұтынушының өміріне тікелей әсер ететін тауар сапасы мәселесінің қаншалықты сәтті шешілуіне байланысты . Біздің экономикалық және әлеуміттік қиындықтардың терең себептерін, соңғы он жылдықтарда экономикалық өсудің төмендеп бара жатқанын қарқыны түсіндіретін обьективті фактор бір жақты, Батыстағы дамыған мемлекеттердің өмір сүру деңгейі мен өндіріс тиімділігінің жоғары болуының себептері екінші жақтан болса, бұл өндірілетін және шығарылатын тауардың сапасчы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімдердің сапасы және қасиеттері
Бағдарламалық құралдарды стандарттау мен сертификаттау
Киімнің сапасы және экспертиза
Сапаның екінші элементі - қажеттілік
Ауыл шаруашылық машиналары
2009 Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау
Сапа туралы түсінік
Сапаны басқару және бақылау
Сертификаттау туралы түсінік
Қызметті әзірлеудегі сапа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz