Халел Досмұхамедов ойларымен қандай үндес


Жоспар
Кіріспе . . . 3-5
І-тарау
- Х. Досмұхамедовтың публицист ретіндегі шеберлігі . . . 10-12
- Ұлттық мүдде үшін күрескер . . . 13-23
ІІ-тарау
2. 1. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі публицистің басты тақырыбы . . . 24-33
2. 2. Қазақ тілінің тазалығы үшін жанын салған . . . 34-48
ІІІ-тарау
3. 1. Х. Досмұхамедов публицистикасының өзіндік ерекшелігі . . . 49-54
3. 2. Х. Досмұхамедов еңбектерінің тілі - халықтық тіл . . . 55-60
Қорытынды . . . 61-64
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі
«Халел Досмұхамедов еңбегіндегі ұлттық мүдде» деп аталатын тақырып ол бүкіл дипломдық жұмысымның діңгегі болып құрылады. Мұнда ХДосмұхамедұлының ғалымдық өмірінде қалам тербеген публицистикалық еңбектері, редакторлық қызметкері, жан-жақты ғұлама екендігі, әрқашанда халқының қамын ойлаған, алтынға бергісіз қазақтың бір білгірі болғандығы көрсетіледі. Оның публицистика түрінде жазылған көптеген еңбектері бүгінде жоғары оқу орындарында пайдаланып жүргендігі айтылады.
Жұмыс тақырыбының міндеті
Қолыма алған тақырыбыма шолу жасай отырып, бабамыздың тарихын ойша зерттеп, мейлінше аша түсу, менің қолыма құжат алғалы отырғандағы міндетім деп ойлаймын. Халел Досмұхамедовтің замандастарының пікірлері мен ғұламалардың сөздерін мысалға ала отырып, өзіндік ойымды ашық білдіру. Осы тақырыбымды басты нысанаға ала отырып, диплом жұмысымды бастауға тәуекел еттім. Бұл дипломдық жұмысымды Халелдің ғылыми еңбектерімен қоса қоғамдағы қызметіне баса көңіл аударылып, сөйлеген сөздеріне баламалай отырып жұмысымды бастадым. Кеңестік үкіметтік адамдарының көзқарасына қарсылық білдіріп, алаштың ардақты ұлының қоғамдағы орынының ерекше айқындалуы жазылады.
Жұмыстың міндетті нәтижесі
Ғұлама, ерекше дарын иесі, қазақтың қайсар ұлының еңбектерінің маңыздылығын түсініп, сезініп талдау, ұғынуға жұмыстану жұмыстың нәтижесін айқындайды.
Х. Досмұхамедұлының жоғарғы идеялық мазмұнды еңбектері шынайы шыншылдықпен қатар журналистік шеберлікпен жазылған, - деп айтсақ қателеспейтін шығармыз.
Келешек ұрпаққа қалдырған шығармаларының шеберлігі арқасында жазылған публицистикалық еңбектерін терең бойлау да жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Қай кезеңді алсақ та баспасөз беттері публицистикасыз болған жоқ. Шын мәнінде, қазақтың мерзімді баспасөзі Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде пайда болды. Орыс халқының озат мәдениетінің игі әсерімен Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев қазақтың демократиялық публицистикасы мен әдебиетінің негізін қалады.
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінде кітап, газеттер шыға бастады. Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде пайда болған «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттері ресми баспасөз органдарына қарамастан қазақ халқының мәдени өмірін сөз етуге мүдделі болды.
Ал, ХХ ғасырдың бас кезінде «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналының шығуы халқымыздың мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды. Аталған газеттер, яғни қазақ жерінде жарық көрген көптеген газет - журналдар қазақтың ой - пікірін ілгері дамытуға көптеген септігін тигізді. Иә, қазақ халқының сан ғасырлық рухани өмірінің даму тарихында ауыз әдебиеттің, фальклордың ерекше орын алатындығы белгілі. Оның мазмұнында халықтың дүниетанымы, философиясы, тәрбиесі толып жатыр.
Қазақ халқының осындай бай рухани дүниесін ғалым Х. Досмұхамедұлы көре де, бағалай да білген. Құнды деректерді жинақтап, ғылыми талдаулар жасап, өзінен кейінгі жастарға өшпес мұра қалдырған.
Х. Досмұхамедұлы өзінің «Қазақтың халық әдебиеті» деген ғылыми еңбегінде қазақ халқының ауыз әдебиеті тәлім - тәрбиесінің негізгі көзі деген ұғымды ұсынады. Автор қазақ әдебиетінің қай жанры болмасын, тәлім - тәрбиелік мазмұнға бай келетін, онда көшпенді халықтың өмір салты, психалогиясы жан - жақты көрініс табатынын айтады. Сонымен, жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ интелектуалдық көштерінің ұлттық баспасөз төңірегінде тоғысуы қоғамдық қажеттіліктен туады, Яғни, Халел Досмұхамедұлы қазақ мемлекетінің билеп - төстеуі құлдырап, монархияның қауқары қайта бастаған шақта қазақ халқының саяси эпидемиялардан аман- есен өтіп, дұрыс жол таңдауына көмектеседі. Осы сәтте ол қалам күшімен жүруді жөн санады.
Бұл кезде «Фикер», «Уральски листок» газеттеріне жазған мақалалары жанрлық жағынан ақпараттық хабарлар, кореспенденцияларға жатты. Халел елегізген ел - жұртты болып жатқан жаңалықпен жеделдетіп таныстырып, саяси түсінік беріп отыруды мақсат тұтқан.
1913 жылдан бастап әскери қызметтен мойыны босап, Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болып орналасқан Халел қолына қалам алып баспасөзге араласты. Дәл осы жылы «Қазақ» газетіне Ахмет Байтұрсынұлы сахараның түкпір - түкпірінен сырқат адамдардан келіп үскен, емделудің жолын сұраған жандардың сұрағына орай «Ауру жайынан» деп бас мақала жазып, қазақ дәрігерлеріне бұйымтайын айтады. Сонда бабамыз Халел: аурудан күтіну жайлы жеңіл - желпі кітапшалар жазып, елге таратса керек. Сонымен, бүгінгі біздің тақырыбымызға арқау болып отырған Халел Досмұхамедовтың жазған еңбектерінің бір бөлегі публицистикасы сөз болмақ. Демек Халел Досмұхамедовтың «Сана» атты журналы - ғылыми танымдық публицистикасының кең қанат жаюына зор үлес қосты - ау дейміз.
Сансыз адамдармен сырласып, жан - дүниесіне терең бойлап армандарының зор болуына үлес қоса білген Халел халқының қуанышына бөленді.
І тарау
- Х. Досмұхамедовтың публицист ретіндегі шеберлігі
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Қ. Сейтқалиев Х. Досмұхамедовтың публицистикалық ғылыми- зерттеу еңбектерін негізінен үш салаға бөліп қарастыру қажеттігін айтады. Мысалы, бірінші сала - ғылыми әдеби және әдістемелік оқу құралдары, екіншісі - қолжазбалары, үшіншісі - ғалым редакциялаған материалдар еңбектерінің тізімі: медицина, биология, қазақ тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті, фольклористика, этнография салалары. Архив материалдары Х. Досмұхамедұлының 1927 жылдан бастап Ташкенттегі Халық ағарту институтының негізінде Қазақ Мемлекеттік университетін ашу барысындағы дайындық жұмысына белсене араласқанын, үкіметтің арнайы төрағасы болып сайланып болашақ оқу орынының оқу жоспары мен бағдарламасын жасау ісімен айналысқанын және 1929 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті ашылғанда осы университеттің тұңғыш проректоры болып тағайындалғанын көрсетеді. Х. Досмұхамедов 1927 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағын алады. Университетте жаңадан құрылған педология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Х. Досмұхамедов ХІХ - ХХ ғасырдың оныншы және жиырмасыншы жылдарынан бастап газет - журналдарда ғылыми мақалалар жазып, кейіннен Ташкент қаласында оқулықтар мен оқу құралдарының құрастырылуы, біртіндеп қанаты қатая бастаған қазақтың ұлттық ғылымының іргесі қалануына қызу ат салысқаны жайлы, сондай - ақ оның тікелей педагогикалық қызметпен айналысып, сонымен қатар, шебер ұйымдастырушы болғаны айтылады. Елдің елдігі, ертеңін ойлап қан жұтқан, туған халқының көкірегіне сәуле құюды мұрат еткен бабаларымыздың басына түскен «халық жауы» деген 1930 жылдың қаралы жаласы қазақ халқының аяулы ұлдарына, соның ішінде алты алаштың аяулы ұлы, ардағы және халқының рухани жаны мен тәні тазалығы үшін күрескер, шипагер, дәрігер - ғалым Х. Досмұхамедұлының мойынына түсті. Қазан революциясынан бұрын жоғары білім алған санаулы қазақ дәрігерлерінің бірі Халел Досмұхамедұлы туралы біршама құнды материалдар басылып келеді.
Халқымыздың біртуар перзенті Халелдің өмірі мен қоғамдағы қызметі, ғылыми шығармалары - халқына тастаған мұрасы. Сондықтанда оны әлі де зерттеп, Халелтану іліміне қосу және оны шын мәнінде болашаққа жеткізу- туған елдің, мына біздердің борышымыз деп білемін. Сонымен жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ интелектуалдық күштерінің ұлттық баспасөз төңірегінде тоғысуы қоғамдық қажеттіліктен туған. Олардың жұмылып, жұдырық болуына, қосылып күш болуына итермелеген қазақ елін жайлаған әділетсіздік пен адам төзгісіз саяси - әлеуметтік ауыр хал болатын. Оны Ресей патшалығының орталық бөлігіндегі қоғамдық - саяси жағдайлардың күрт өзгеруі алаңдатты.
1913 жылдан бастап әскери қызметтен мойыны босап келген Халел Досмұхамедов Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болып орналасады. Бірақта қолынан қаламы түспейтін Халел дәл осы жылы «Қазақ» газетінің бетінде Ахмет Байтұрсынұлы сахараның түкпір - түкпірінен сырқат адамдардан келіп түскен, емделудің жолын сұраған хаттарға орай «Ауру жайында» деп, бас мақала жазып, қазақ дәрігерлеріне өз шағымын айтады.
Аталған газеттің 1914 жылғы №60, 62, 63 - ші сандарында жарияланған «Жұқпалы аурулар» деп аталатын көлемді ғылыми - көпшілік мақаласында публицист жұқпалы аурулардың адамдар арасында қалай және қандай жолдармен кең етек алатындығын олардың алғашқы белгілері мен түрлі себептерін ғылыми тұрғыда ашып жазады. Халел Досмұхамедұлының медицина тақырыбына қатысты мақалалары кезінде емдеу орталықтары жоқтың қасы, дертті жазатын дәрі - дәрмек жоқтың қасы болған. Аурудың жұғуының негізгі себеп - салдарын ол қоғамның әлеуметтік - тұрмыстық деңгейінің төмендігінен деп түсіндіреді. Дәрігер бұл мқаласын қоғам өміріндегі саяси - әлеуметтік жағдаймен де орайластырады. Бұл автордың түйсігінің молдығын, жазу шеберлігін дәлелдеп берді.
«Сана» журналы - ғылыми - танымдық публицистиканың негізі. Халел Қазақ - қырғыз Білім комиссиясының төрағасы бола жүріп, қан тамырындай сан тарау жұмысқа мұрындық бола білген. «Сана» атты ғылыми көпшілік әдеби журнал шығарды.
Х. Досмұхамедұлы ғылыми - көпшілік альманах шығаруды 1922 жылы- ақ, Қазақ - қырғыз Білім комиссиясының жоспарына енгізді. Ол бұл мерзімді басылымда ауыл мектептеріндегі мұғалімдер мен шәкірттерге, өнер - білімге талпынған жалпы оқырман қауымға ғылыми бағыт - бағдар беретін педагогикалық құралға айналдыруды көздейді. Мемлекеттік Ғылыми Кеңес Халел Досмұхамедұлының дәлелді ұсыныстары мен тілек - хаттарына ден қойып, қаражат бөлуге серт етті. Төрағаның оқу - ағарту саласындағы арнайы баспасөзге деген сұраныстың маңыздылығын дүркін - дүркін талап етуінің нәтижесінде ақыры жоғарыда айтылған «Сана» журналының жарық көруінің сәті туды. Баспасөздің көркемдік сапасы, ғылыми тереңдігі, материалдарының алуан тақырыпты қамтуы, әдеби тартымдылығы, полиграфиялық мүмкіндіктің төмендігіне қарамастан ұлттық нышандары, сауаттылығы жағынан Халел Досмұхамедовтың біліктілігі мен эстетикалық талғам деңгейінің биіктігін бір қырыннан ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Журнал бетінде редактор көптеген публицистикалық мақалалар жазды, ауыз әдебиеті нұсқаларын жариялады.
Ол жазған әрбір мақаланың арқаланған жүгі, айтар жаңалығы бар. Әйтсе де, өкініштісі сол, маман қаламгерлердің аздығы, мемлекеттік Ғылыми Кеңестің берген ақшасы журналдың техникалық жұмыстарынан арылмауды, жәрдем беретін кісінің аздығы «Сана» журналының 1924 жылы амалсыз жабылуына әкеп соқты.
«Сана» журналы бар болғаны үш - ақ №1, №2 - 3 сандары ғана жарық көрсе де, елдің көңілінен шықты. Бұл журналдың ерекшелігі, әдеби тартымдылығы, эстетикалық тіл тазалығы баспасөз тарихында мәңгілік болып қала бермек. Әрине, бұл «Сана» журналының редакторы Халел Досмұхамедұлының еңбегі еді.
Иә, ғалымның көз майын тауысып жазып шыққан оқулықтарының ғылыми құндылығы қай жағынан болмасын үлгі тұтарлық.
Публицистика пішінін зерттеу әдісі көп қырлы. Жанр ретінде де, тілі мен стилі бағытында да, шындықты игеру ретінде де зерттей беруге болады.
Сөздік өнер ретінде публицистиканың көркем әдебиеттен принципті айырмашылықтары бар. Біріншісі - нақты ойға, дерекке құрылуы болып табылады. «Оның негізгі күші, - деп жазды В. Белинский, - шығармашылығы мен көркемдігінде емес, терең де салмақты ойында». Екіншісі - шынайы өмір құбылыстарын сол күйі жеткізуінде. Әдебиеттегі суреткер типті образды нақты характер арқылы сомдайтын болса, публицист жалпы құбылыстың мәнін ашуға тырысады. Міне, Халел Досмұхамедұлының бойында осы қасиеттерді даралай, саралай білген қандай құдіретті күш деп таңғаласың. Публицистика - кең мағыналы, аумақты ұғым. Олай болса тар шеңберде ұстауға болмайды. Публицистикаға белгілі бір маңызды оқиғаларға арналған саяси насихаттық, проблемалық мақалаларды да, деректі естеліктерді де, экономика мен мәдениеттің мәселелерін қозғайтын жинақты корреспонденцияларды да, репортаждар мен сұхбаттарды да, ашық хаттарды да жатқызуға болады. Осы арада публицистиканың басқа әдеби жанрларда «романда, повесте, поэмада, өлеңде «ұшыраса беретін, кейіпкер монологы арқылы көрінетінін ескере кеткен жөн. Сондықтан да публицист өз дәуірінің тарихын, замана ағымымен тұтасқан өмір шындығын жазады. Публицист қолымен жазылған тарих болашақ қайраткерге аз күш жұмсап, көп нәтижеге жетерлік тиімді жолды нұсқай алатын деңгейде жазылуы керек. Публицистиканың басты қызметі осы деуге болады. Публицистика ешқашан да өз құндылығын жоймайтын ғасырлық дүние. Әдебиеттің бірде - бір жанры өмірге қоян - қолтық араласуы жағынан очерк пен публицистикаға тең келе алмайды. Бұл салада қалам тербетуші публицистер мен очеркистер болашақтың барлаушылары, жаңа дүние жасау барысында туған үздік құбылыстар қызметін атқарып жүр. Публицистика - саяси көркем проза, қаламгердің қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді толғауы. Ал очерк - нағыз публицистика. Қай очеркті алсақ та онда көркемдеу құралдары мен публицистикалық элемент публицистикалық жанр. Халел Досмұхамедұлының әлеуметтік - саяси құбылыстардан, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, мәдениеттің түйінді мәселелерінен келелі ой қозғауы, пікір айтуы мағыналы болып келеді. Публицистиканың парызы заман шежіресін жазу, күнделікті тақырыпта жазу, уақыт тынысын тап басу болса, Халел соның бірін қалдырмай тап басып жазып отырды.
Х. Досмұхамедұлы рухани мәдениеттің дамуы мен өркендеуіне ғылым мен тілін жасаудың маңыздылығына аса зор мән береді. Х. Досмұхамедұлының публицистикалық мұралары мен баспагерлік- редакторлық қызметінің ұлттық баспасөз бетінде тарихи алатын орны алатындығы белгілі. Қазақ халқының осынау бай рухани дүниесін кезінде ғалым Халел Досмұхамедұлы көріп бағалай білген. Құнды дегендерін жинақтап, ғылыми талдаулар жасап, өзінен кейінгі жастарға өшпес мұра етіп қалдырған.
Халел Досмұхамедұлының еңбектерінің тағы бір құндылығы - оның қырықтан астам ұлт педагогикалық атауларына анықтама беріп, оларға талдау жасауында. Бұл атауларға қазіргі ғылыми педагогиканың талаптары тұрғысынан терең талдау жасап, мазмұндау болашақ зерттеушілердің ісі. Үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарында, қазақтың білім - ғылым тілінің, публицистикасының стильдері күрт қалыптасып, қауырт дами бастады. Тіліміздің лексика - граматика нормалары бірден дәл бүгінгі қалыпта болмағаны баршаға аян. Тіл білімі терминдерінің көпшілігі қазіргі қолданып жүргендерден өзгеше болды. Өзінің публицистикалық еңбектерінде бұл мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан орынды баға беріп, өз ұсыныс - пікірлерін ортаға салды. Публицистикада ол қалам тербемеген тақырып аз.
Халел Досмұхамедовтың осындай ерен еңбегінің жемісі ретінде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Халел Досмұхамедұлының мәңгі есте қалдыру туралы арнаулы шешім қабылдады. Одан бергі жылдарда еліміздегі Ұлттық Ғылым академиясы Халел Досмұхамедовке арналған ғылыми - теориялық конференция өткізді. Сондай-ақ, Атырау қаласындағы бір көшенің атын және Қызылқоға ауданының орталығы. Миялы селосындағы орта мектепке аяулы жерлесіміздің атын берді. Халел біздің ғана мақтанышымыз емес, бүкіл қазақ жерінің, қазақ топырағының мақтанышы. Заманынан жарты ғасыр озып, келешегіне үлкен үмітпен көз тіккен, кемеңгер аталарымыз орындай алмай кеткен осы Ұлы мақсатты жүзеге асыру міндеті бүгінгі ұрпақтың игілігінде. Бұл міндет біздің, бәріміздің бір ортақ мақсатқа жұмылуды, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруды, қиындықтарға қарамай, бойымыздағы күш- қайратымызды шыңдап, қазақ елінің егемендігін нығайтуға сарқа жұмсауымыз керек. Халел Досмұхамедұлы 1883 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында бәріміздің:
«Тайсойған, Ойыл, Бүйрек жайлаған жер.
Қаңтарылып Қаракөкті байлаған жер,
Көзіме от - жалындай көрінесің,
Құрбымен құлын - тайдай ойнаған жер», -
деп әнге қосатын әйгілі Тайсойған құмында дүниеге келген. Халел Досмұхамедұлы сол жыл сәуірдің соңғы күндерінде өмірге келген. 1938 жылдың 26 шілдесінде Ресейдің Воронеж қаласында үй - ішімен айдауда жүрген жерінде НКВД - ның тұтқынына алынады. Одан Мәскеуге, кейінірек Алматыға жеткізіліп, сол жылдары өз елін қан қақсатып қырғынға ұшыратқан Ішкі істер органдарының мәліметтеріне сенсек, 1939 жылы 24 сәуірде «әскери трубуналдың үкімімен атуға бұйырылады», ал, 19 тамызда «түрме ауруханасында өкпе туберкулезімен ауырып қайтыс болды» - деп, айтылған. Иә, сол жылдары тоқтаусыз бас кесіп отырған Сталиндік гильотина ешкімнің ұлтын талғап, жасын таразылаған жоқ. Оның тойымсыз көмейі баршаны, алпыс - жетпістегі ақсақалды, қырық - елудегі кемеңгерді де, жиырма - отыздағы боздақтарды да күн - түн демей жұтып жатты. Отбасын ойрандап, жұбайларын АЛЖИР - де телміртті, балаларына қара таңба салды. Сол бір азалы жылдарда ең алдымен жазықсыз құрбан болған шейіттердің қасіретті қазасы тілге оралды. Соның ішінде жаңадан тәй-тәй басып келе жатқан қазақтың бетке ұстар майталмандарын орта жолдан үзіп алып кеткенде, зарламаған жүрек кемде - кем шығар . . .
Қаншама айтылмаған сыр, айтылмаған жыр, жазылмаған кітап қалды. Сол кеуделерде мәңгіге өшті . . . келмеске кетті. Сөз жоқ соның бірі Халел Досмұхамедов еді.
Оның басқа қыруар еңбектерімен қатар медицина салаларында жазған еңбектерінен де публицистиканың иісі мәңгі шығып тұрады.
Диплом жұмысымды жазу барысында қазақ тарихынан аттап кете алмадым. Себебі, кешегіміз - бүгінгіміз, бүгінгіміз - кешегіміз болмайды. Иә, саналы ғұмырларында халқым деп еміренген бес арысымыз Арқада Ахаң мен Жахаң, Шығыста - Әлихан, Түстікте - Мұстафа, Батыста - Халел, шын мәнінде халқымыздың ояну дәуірін туғызған алыптар еді. Біздің ана тіліміз мемлекет тіліне айналса да әлі де өз тұғырын таба алмай жүргендігі бәрімізге белгілі.
- Қазақ, ел болам десең тіліңді сақта!, - деген өсиет осы еңбектің әр қайырымынан есіп тұрғанын аңғаруға болады деп ойлаймын. Ғұлама данышпанымыз «Аламан», «Исатай - Махамбет» деген құнды кітаптарына енген публицистикалық шығармаларында ұлттық мүддені жоғары қоя білген. Оның шеберлігін, еңбекқорлығын, зиялылығын сөзсіз байқауға болады.
- 2 Ұлттық мүдде үшін күрескер
Кешегісіз - бүгін, бүгінгісіз ертең жоқ. Олар бір - бірімен тығыз байланысты. Ғұлама ғалым, публицист, қоғам қайраткері Халел Досмұхамедовтың публицистикалық еңбектерін оқып, зерделеу үстінде осыған айқын көз жеткізуге болады. Әсіресе, оның ұлттық мүдде, елжандылық жолындағы ойлары өзіне табындырады.
Халел Досмұхамедұлы - көп қырлы дарын иесі. Ол - дәрігер, саяси және мемлекет қайраткері, тарихшы, табиғат танушы, ұстаз, ғалым, әдебиетші, ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін жинап, насихаттаушы һәм шебер аудармашы да. Бір ғажабы 30 - жылдардың зұлматы түгел сыпырып әкеткен қазақ зиялыларының (Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Елдес Омарұлы, Телжан Шонанұлы, Құдайберген Жұбанұлы т. б) бәрі шетінен талай ғылымның басын шалған әмбебап жандар екені мәлім. Мұның сыры - уызынан ауызданған ұлттық тәлім - тәрбиенің тамырынан ажырамаған дәстүрлі жалғастығында жатса керек. Маңдай алды осындай азаматтардың қатарында «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзді бойына сіңіріп өскен Халелдің көп тіл білетін - полиглот екенін айтпасақ болмайды. Оның бұл өнері - ана тілінің жекелеген мәселелеріне қағидалы пікірлер айтуына, өзге жұрттың озық үлгілерін терең меңгерген білімпаздығы қазақ топырағында өте зәру оқулық құралдар жазу ісінде зор көмегін тигізді.
Тіл білу - жарты байлық, егер Халел Досмұхамедұлы орыс, неміс, латын, араб, парсы, туыстас түрік халықтарының тілдерінде емін - еркін сөйлеп, түсінісе алса, ол - әрине, кез - келгеннің пешенесіне жазбаған бақыттылығы еді.
Табиғат - ана жомарт жаратқан Халел Досмұхамедұлының өзі туған Тайсойған құмының қойны - қонышына тығылған түрлі-түсті шетсіз-шексіз қазба байлық кені сықылды тұла бойындағы қадыр - қасиетінің бірегейі-әдебиеттанушылығы. Бұл оның адамтанушылығынан қоғамтанушылығына дүниетанымы өсіп - жетілуіне арна болған еректігі. Профессор Халел Досмұхамедұлының әдебиеттану саласындағы ізденістерін үш түрлі бағытта жүргізгенін атап айтқан жөн. Ол біріншіден, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға айрықша ықылас қойды: екіншіден, халық әдебиет ғылыми саралау, оны зерттеудің теориялық - әдістемелік мәселелеріне зор көңіл бөлді: үшіншіден, түрік тілді халықтарға ортақ көне мұраларды әдеби һәм тілдік жағынан сабақтастыра зерттеді. Халел Казақстанның батыс өлкесінің, әсіресе Атырау, Маңғыстау, Орал аймағындағы халық ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын теріп, жазып алумен ертеден-ақ шұғылдана бастаған. Оның да өзіндік себебі жоқ емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz