Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Халықаралық ұйымдардың пайда болуы дамуының теориялық негіздері

1. 1. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы және құрылымы

1. 2. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және түрлері

1. 3. БҰҰ- ең ықпалды, халықаралық әмбебап ұйым

2 Халықаралық қатынастардағы БҰҰ: басты мәселелері, қазіргі жағдайы

2. 1. Біріккен Ұлттар Ұйымының маманданған мекемелері және олардың қазіргі кездегі қызметі

2. 2. БҰҰ халықаралық қатынастарды реттеу механизмі ретінде

2. 3. БҰҰ Даму Бағдарламалары

3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қатынастағы ролі және оның даму болашағы

3. 1. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі және

оның болашағы

3. 2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасымен ынтымақтастығы

Қорытынды

Қолданылғын әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі.

Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта түсуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту қажет.

Қазіргі халықаралық қатынастарды тек қана екі жақты қатынастармен шектеуге болмайды. Әлемдік маңыздылығы бар мәселелердің көбеюі, олардың шешімін табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді.

Халықаралық ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін, 50-ге тарта тұрақты түрде қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар пайда болып, өз жұмыстарына кірісті. Одан кейінгі жылдары халықаралық ұйымдардың саны 80-жылдары жиырма мың болса, қазіргі кезде төрт мыңнан астам.

Соңғы уақыттағы Халықаралық ұйымдар санының күрт өсуі халықаралық қатынастардың орасан жандануымен және олардың күрделене түсуімен түсіндіріледі.

Саяси, экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына XX ғасырдағы ғылыми-техникалық прогресстердің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді.

Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды. 60-жылдары отарлық жүйенің, 80 жылдары социалистік жүйенің қирауымен байланысты егемен мемлекеттер саны көбейіп, ондағы халықтардың белсенділігі артта түсті және олардың бүкіләлемдік саясатқа ықпалы да күшейді. Сонымен қатар, үкіметтік емес деңгейдегі халықаралық қатынастар да жоғары қарқынмен дами бастады.

Қазіргі халықаралық қатынастардың даму тенденциясының күрделі де, қайшылықты болуы қызмет атқарып жатқан халықаралық ұйымдардың эволюциясын, сонымен қатар, жаңа халықаралық ұйымдарды құруды талап етіп отыр. Халықаралық ұйымдардың өсуі және олардың қызмет шеңберінің кеңеюі, өз кезегінде халықаралық қатынастардың құрылымы мен жүйесіне игі әсер етері сөзсіз.

Жекелеген елдер саясатындағы түсініспеушіліктер, қайшылықтар халықаралық ұйымдардың бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды. Қайта мүндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын келісімдер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі.

Халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты халықаралық ұйымдар да өзгерістерге ұшырайды: біреулері өздерінің бағыт-бағдарын қайта құруға ұмтылса, басқа біреулері өз қызметтерін доғарады.

Халықаралық ұйымдарды ресми түрде тіркеу және олардың тізімін жасау 1909 жылы Брюссельде (Бельгия) құрылған Халықаралық ассоциациялар Одағының негізгі міндеті. Бұл үкіметтік емес ұйымның мақсаттарына халықаралық ұйымдарды тіркеу және олардың қызметтерін үйлестіру, бүкіләлемдік қоғамдастыққа қажетті ақпараттарды жинап, оларды мүдделі елдерге таратып беруі жатады.

Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Бұл жүйенің ең басты негізгі элементі - мемлекет. Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері. Халықаралық ұйымдар өздерінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөліне қарай жіктеледі.

Бұл ұйымдардың, ең беделдісі, әрине, Біріккен Ұлтар Ұйымы. БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы рөлі ерекше маңызды.

БҰҰ мемлекеттер арасында халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты дамыту және бейбітшілікті қолдау мақсатында құрылған.

БҰҰ жүйесі 100 жыл бұрын әлемдік қауымдастық механизмін басқару ретінде қалыптасқан.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, көпмақсатты ұйым пайда болды, яғни бейбітшілікті, қауіпсіздікті және халықаралық ынтамықтастықты қамтамасыз ететін - ұлттар Лигасы.

Халықаралық ұйымдар қызметі тиімділігінің қағидалы маңызы бар көрсеткіштеріне олардың қарама-қарсы екі тенденциялардың ымыраға келтіру мүмкіндіктері жатады. Бұл тенденциялардың бірінші жағы мемлекеттердің егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылуында болса, екінші жағы өздерінің біраз құқығын келісімді мақсаттарға жету үшін халықаралық ұйымдарға сенім артып, тапсыруында жатыр. Сондықтан да, халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес деп екіге бөлінеді. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде құрылады. Мұның өзі Жарғыда (көпжақты келісім) тиянақталады. Қажет болған жағдайда Жарғы нақты актілермен толықтырылады. Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың жарғыларында олардың құқықтық нормалары көрсетіледі, өз кезегінде бұл нормалар халықаралық құқықтың көздері болып есептеледі. Халықаралық құқық, субъектілеріне БҰҰ және оның арнайы, мамандандырылған мекемелерін жатқызуға болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кездегі Біріккен Ұлтар Ұйымы халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, тұрақты түрде бейбітшілікті орнату мен өңірдегі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты орнату мәселесін қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі . Халықаралық аренада, БҰҰ адамның қауіпсіз жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуде және БҰҰ-ның Жарғысының қағидаларымен және мақсатарымен сәйкес, бейбітшілікті орнатуда шексіз үлесін қосты. Қазіргі әлемде, БҰҰ, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты және әділ түрде бейбітшілікті орнату, халықаралық құқық негізінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту механизмі болып табылады. Әлемдік ядролық катастрофағада жол бермеуде де БҰҰ өз үлесін қосты. Бұл мәселелер бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналған.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының қалыптасуы және дамуы, сонымен қатар, оның арнайы мекемелерінің қызметтерінің негізгі бағыттары мен қағидалары және халықаралық экономикалық қатынастағы БҰҰ жүйесінің валюталық-қаржы ұйымдарының рөлі мен орыны қарастырылған.

Екінші бөлімде, Біріккен Ұлттар Ұйымының сепаратизм, экстремизм, терроризмге қарсы күрес мәселесі, ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі қызметі және адам құқығын қорғау Декларациясы және оның жүзеге асуы талдау жүргізілген.

Үшінші бөлімде, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі және оның болашағы көрсетілген.

Қорытындыда, болашақта оң нәтижеге жету жөнінде ұсыныстар берілген.

Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, Біріккен Ұлтар Ұйымының Жарғысы, келісім-шарттары, декларациясы, статистикалық мәліметтері мен ережелері, сонымен қатар, периодикалық басылымдар мен сайт басылымдары қолданылды.

1 Халықаралық ұйымдардың пайда болуы дамуының теориялық негіздері

1. 1. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы және құрылымы

Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы - шаруашылық өмірді көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасында экономикалық жақындасудың объективті процессі. Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың бірнеше түрлері құрылды: ол ұйымдар глобальды сипатта БҰҰ-ға кіретін халықаралық институттар, ұйымдар болды. Оның калыптасу негізіне жататын принциптер әлеуметтік-экономикалық жүйенің бірігуі бойынша, елдердің ұйымға кіруі, аймақтық ұйымдар т. б.

Қазіргі кезде әлемде, халықаралық ұйымдардың кызметінің маңызы өсуде, осы жағдайда бірде-бір мемлекет экономикалык, мәдени, гуманитарлық дамуда жеке-дара дами алмайды. Елдер арасындағы ең тиімді ұйымдардың формасы халықаралық ин-ституттардың құрылуы.

Халықаралық ұйымдардың мақсаты - оның құрамына кандай елдер кіруімен ерекшеленеді.

Дамыған капиталистік елдердің ұйымдары сауда, валюта,
төлем балансы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлт-
тық корпорациялардың қызметін кеңейту мәселелерін шешеді.
Халықаралық экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі әлем-
де үлкейіп келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеумет-
тік құрылымдағы елдердің арасындағы күрделі мәселелерді ше-
шуге бағытталған.

Халықарлық саудаға қатысатын елдер, осы облыста кездесетін түсініспеушіліктердің себебін іздеуде және оны болдырмау немесе жұмсарту шараларын қарастыруда. Бұл жағдайда осы проблемаларды шешуде халықаралық сауданың табитатьша тән екі жақтылық айқын көрінеді. Бір жағынан, олар өз күштерін сыртқы сауданың дамуы мен кеңею құралдарын іздестіруге жұмсаса, екінші жағынан қарама-қарсы бағыт туындайды - ол бағыт оның орталықтануы, яғни жекелеген елдер арасьнда және экономикалық топтағы айырмашылықтар, Міне, осы екі жақтылық үжымды, іс-әрекеті объективті қажеттілігі жағдайында, өз жолында күрделі қиындықтарға кездесуде. Өзара байланысты, жинақты сыртқы сауда саясатын ойластыру өзінің ойдағыдай тиімділігін бере алмады, бірақ та кейбір же-тістіктер күрделі 'кдрама-қайілылықтардм жартылай шешуде. Халықаралық саудаға катысатын елдер келсімінде негізгі рөл сыртқы саудадағы протекционизм мен либерализацияны жұмсарту бағыты, сондай~ақ келісім бойынша халыкаралық ұйымдар құруда елдер арасындағы сыртқы сауда саясатын мемлекетаралық деңгейде реттеу. Соңғы уақыттағы сауда-саяси тәжірибеде халықаралық экономикалық байланыстағы проблемаларды қарастыруда, жан-жақты шешімдер көбейді, осы мәселелерді шешуде халықаралық саудаға тән күрделі қарама-қайшылықтар жиі кездеседі.

1. 2. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және түрлері

Халықаралық ұйым - халықаралық құқыққа сәйкес және органдар, құқықтар мен міндеттер жүйесіне қажет, мемелкеттердің құқықтары мен міндеттерінен туындайтын және мүше мемлекеттердің еркі мен анықталатын автономдық ерік саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми техникалық және өзге салалардағы ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін халықаралық келісім-шарт негізіндегі бірлестік.

Халықаралық ұйымдарға келесі қасиеттер тән:

Халықаралық құқыққа сәйкес құрылу тәртібі.

Бұл қасиет маңызды болып табылады. Кез келген халықаралық ұйым заңды негізде құрылуы керек.

Кез келген ұйымның мекемесі және халықаралық қауымдастықтың мүддесін кемсітпеуі тиіс. Ұйымның құрылтайшылық құжаты халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидалары мен нормаларына сәйкес болуы керек.

Халықаралық келісім-шарт негізіндегі құрылу.

Халықаралық ұйымдар оның ішінде БҰҰ арнаулы мекемелері халықаралық келісім-шарт негізінде құрылады. Мысалы, хаттама, келісім, конвенцияның трактаты және тағы басқалар негізінде. Субъект пен халықаралық ұйымның әрекеті осындай халықаралық келісім-шарттың объектісі болып табылады. Егеменді мемелекеттермен бірге үкіметаралық ұйымдарда құрылтайшы актілердің толыққанды қатысушы болып табылады. Халықаралық ұйымдар басқа ұйымдардың қарарларына сәйкес құрыла алады. *

ФАО кеңесі қарарына сәйкес Үнді мұхитында балық аулау комиссиясы, орта-шығыс Атлантикада балық аулау комитеті құрылған.

Бұл жерде ФАО қарары біржақтан халықаралық ұйымдардың құрылтайшы актісі болып және екінші жақтан халықаралық ұйымның актісі болып табылады. 1

Қызметтің нақты саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің қандай да бір саладағы күш жігерін реттеу үшін құрылған. Сонымен халықаралық ұйымдар келесі саладағы күш жігерді біріктіруге арналған:

Саяси (ОБСЕ)

Әскери (НАТО)

Экономикалық (ЕС)

Ғылыми техникалық (Ядролық зерттеулердің еуропалық ұйымы)

Ақша-қаржылай (МБРР, ХАҚ)

Солардың ішінде мысал ретінде тоқталып кетсек:

ГАТТ-тың қызметі

Бұл үкім (Сауда және тариф жөніядегі бас ассоциация) тариф және сауда келісімі бойьшша 1948 жылы қүрылған. Осы ұйымға қатысушы елдердің келісімі бойынша сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу қағидалары мен принциптері қарастырылған. Бұл ұйым үш негізгі принип бойынша құрылған:

  1. қатысушы барлық елдердің тендігі;
  2. жан-жақты келісім жүргізу арқылы салықты төмендету;
  3. импортгық квоталарды жоғалту;

Нақты алғанда ұйымның негізгі қызметі тарифтік шектеулер бойынша жан-жақты келісім жүргізу формасы, Қазіргі кезде ұйымға 100 ел кіреді және сауданы либерализациялау бағытының дамуы маңызды фактор екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Басқа да ұйымдардан айырмашылығы келісімдердің негізі оның икемділігінде. Ұйымдағы құқық және міндеттер айырбасы мемлекет келісімі ретінде қарастырылады, сондықтан да қатысушы елдер ұйымның мүшесі ретінде емес, келіссөз елдер деп қаралады. ГАТТ ұйымына мүше елдердің қызметіне қарсы шығу үшін сол елдің міндеті бойынша ондай қызметтің болуы мүмкін еместігін дәлелдеу керек. Егер бір ел екінші келісімге отырған елдің алдында келісім шарт бойынша міндеттерді бұзса, екінші ел өзінің қүқығын және міндеттерін қайта тіркеуге құқы бар, сондай-ақ сауда-саяси шегіну формасы түрінде өзінің шығынын өтеуіне болады немесе қарсы қолданады, Ұйымнын қызметінің негізгі механизмдерінің бірі жан-жақты келісімдердің қайта қаралуы бойынша жаңа қағидалардың пайда болуы. Бұл жағдайда халықаралық саудада мемлекеттік реттеудің жана нормалары пайда болады. Көп уақыт бойы негізгі күші кеден салығын төмендету бағытында болды да, онда көптеген жетістіктерге жетті. 7 рет кездесудің нәтижесінде 50-жылдары 25-30%-тік кеден салығынан 1980 жылы 5%-ке дейін төмендеді. Халықаралық саудада бейтарифтік ұйымдардың рөлінің көбеюі және әлемдік шаруашылық айырбасының жаңа формаларының тез дамуы жағдайында ГАТТ-тын, мамандануы айтарлықтай кеміді.

1973-1979 жылдардағы 7-Токио раундынан кейін көптеген сұрақтар бойынша келісімдер бекітілді, олар: өнімді сертификациялау және стандартизациялау демпингке қарсы саясат, үкіметтік сатьп алу, импортты лицензиялау, кедендік мақсат бойынша тауарды бағалау, экспортты жәрдемақылау және ол тауарларға компенсациялық салық салуды қолдануы. 1986 жылғы 8-Уругвай раундында ГАТТ-тың одан ары мүмкіншілігі кеңейту қадамы қаралды.

Күн тәртібінде мынандай ұсыныстар қойылды.

1) ауыл шаруашылығына сауда шектеуін және сусбидияларды жою;

  1. кдемет көрсету саудасындағы шектеуді алу (халықара-лық саудада қызмет көрсету 20%-ті алады) ;
  2. шетел инвестициясына шектеуді жою;

4) халықаралық негізде патенттік, авторлық кұқық, сауда
маркісіне құқықтарды іске қосу;

Бұл жаңалықтарды кіргізу нәтижесі ойдағыдай деуге болмайды. Уругвай декларациясының сиясы кеппей жатпай-ақ министрлердің келісіпеген жаңа міндеттері бойынша жаңа протекционистік шектеулерді кіргізбеу және ескілерді жою шараларын басында-ақ Әлемдік нарықта жаңа тауарлар ағымдарының жиіленуі, онсыз да тұрақты емес халықаралық сауда жүйесін одан ары түрақсыздандырды.

Уругвай раундының жан-жақты сауда келісімінен кейін ■сауда келіспеушілігі өте көбейіп кетгі. Ондай келіспеушіліктердін тізімін келтірсек, ұзыннан-ұзақ. Атап айтқанда, АҚШ-тағы мұнайды импорттаудағы салық, АҚЩ рыногына Германия мен Швейцария станогын кіргізудегі шектеу, Вашингтонның астық экспорттауында Испания мен Португалияның ЕЭС-ке кіруі мәселесінен кейін шығындарын өтеу талабы, АҚШ-тың, Англия, Фрашщя, Германия, Испанияның "Аэробус" самалетын сатудағы әділетсіз бәсеке деп айыптауы, АҚШ-қа жапониялық электрондық өнімін кіргізудегі 100%-тік салық. ГАТТ ұйымының қызметінің үлкен көлемі және жаңа проблемалары оны шешуде көп қиындықтарға кездесуде. Оны 1988 жылы (Монреаль) каласында өткен министрлер мәжілісі көрсетті. Көптеген ашық талқылаулардан соң, бірін-шіден ауыл шаруашылығьш субсидиялауды алып тастау, тоқыма саудасы бойынша, басқа бағыттар бойынша Монреальдағы келісімдердің күшінің жоқтығы мойындады. Бір келісімге келу үшін тағы да қосымша үш ай керек болады. Жан-жақты келісім 1989 жылы Женева қаласындағы Уругвай раундында жалғасты. Келісімдердің күрделі болуына қарамастан, оған қатысушылардың жалпы мақсаты, әлемдік шаруашылық айырбасының дамуьша кедергі болатын жағдайларды шешу. ГАТТ-тың кептеген ұйымдасшру сүрақтарьш шейіудегі күресте, АҚШ және ЕО өзінің рөлін күшейтуге тырысуда. Олар жұмыс бағдарламасын қалыптастыруда, шешімдердің механизмін және бірнеше жағдайларды шеше тәртіптерді қатаң ұстауда негізгі рычагты босатпау. Бір жағьшаНі осы ұйымдас-тыру реформасының бағытына дамушы елдер кіруде. Бұл күресте маңызды орьгады бақылайтын ұйымдар алады. Халық-аралық ұйымдардың ішінде бақылаушы статусына кіретііедер: ЮНКТАД ЮНИДО, ФАО, МВФ, МБРР, БҰҰ-ның аймақтық комиссиялары, сондай-ак. дамыған елдердің аіімақтық ұйымдары.

ЕЭК-кың рөлі және қызметі

Қазіргі өзара бағынышты әлемде халықаралық экономикалық байланыстардың күрделі мәселелерін шешуде барлық елдердің қызығушылығы артуда. Осы мақсатта бірнеше авторитетті халықаралық экономикалык, ұйымдар өзінің қызметін жүргізуде, олардың ішінде ерекше орын алатыны Еуропалық эономикалық комиссия (ЕЭК) . Ол 1947 жылы социалистік елдердің бастамасы бойынша, Еуропа елдерінің соғыстан кейінгі ұлттық экономикаға қалпына келтіру мақсатыңда құрылған. Қазіргі кезде ЕЭК сауда-экономикалык. ынтымақтастык ұйымы ретінде, аймақта тәртіп орнату жүмыстарын жүргізеді. Комиссия мүшелеріне 34 ел кіреді (барлық Еурота елдері және АҚШ пен Канада) . Оның қызметі жалпы Еуропалық процестермен тығыз байланысты комиссияның тәжірибесі және мүмкіншілгі, сондай-ақ оның атына тікелей айтылатын ойлар қорытынды мәжілісте қаралады. Ол (СБСЕ) Еуропаяық ынтымақтастықтың қауіпсіздігі жиналысы, оған қатысушылар "екін-ші кәрзеңкедегі сұрактарды талқылайды. Олар: экономика, ғылым, техника, экология сұрақтарын шешу. 1987 жылы ноябрьде болған арнайы арналған ЕЭК-дағы оның негізгі басты сұрағы.

Шығыс пен Батыс елдерінің сауда байланыстары. Бұл хү-рақтармен сыртқы сауданы дамыту кошететі шүғылданады. Сауда мәселесі және. өнеркәсігаік ынтымақтастық комисенасы-ның басқа да қосымша ұйымдарының қызметімең толық-тырылады, олар үздіксіз ЕЭО сессияларда және де жиылыстар мен симпозиумдарда қаралады. Қорытыңды актының ұсынысы Хельсинки бағдарламасы бойынша сауда облысыңда бірінші орынға Батыс-Шығыс сауда-экономикалық байланыста-рын дамытуда қолайлы жағдай тудыру проблемалары тұрды. Ол сұрактарды шешуде сауда, өнеркәсіп байланысы, информа-цияльвк, айырбас, әкімшілік Еедергілерді жеңудегі мәселелер қойылды. 1983 жылы компенсацялык, сауданы шешуде, ұзақ мерзімді ірі масштабтағы байланыстар, дара коммерциялық жұмыстар және тауарды сатып алу қаралды.

Қазіргі кезде ЕЭК өзінің қызметінде дамудық жаңа кезеніңде түр. Бұл жерде Батыс және ІІІығыс елдерінің мүдделерін бірдей қорғау ұмтылысы байқалады, бүрынғы жеміссіз сөз таластын керегі жоқ екенін түсініп, одан шегіну. Бұл жаңа шараларды қолдану 1986 жылғы Шығыс пен Батыс сауда байланыстарының болашағын қарастыру мәжілісінде болды. Шығыс-Батыс сауда-экономикалық байланысы бір бағытта қаралды. Жаңа маңызды фактор больш Солон-ник қаласындағы симпозиумда ЮК-ке мүше елдерінің белсенді топтарының катысуы, оның проблемалаынр жеке-дара талқылауға мүмкіндік берді. Комиссияның қызметінің жаңа кезенің қалыптасуы оның жана бағыттарының көтерілуі, әр түрлі әлеуметгік жүйедегі елдердің, олардың арасындағы болашақтағы жаңа экономикалық өзара ықпал ету бағыттарының өсуі.

ЮНКТАД-тың негізгі қызметі

Әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйеге кіретін елдер арасындағы сауда сұрақтары ЮНКТАД сессияларында, конференциясдына қаралады.

ЮНКТАД - халықаралық сауданың дамуына ықпал ететін және осыған байланысты көптеген сұрақтардың жиынтығын шешетін ұйым.

ЮНКТАД - БҰҰ-ның арнайы арналған ұйымы 1904 жылы бекітілді. Оның негізгі қызмегі халықаралық сауданы кеңейту, әсіресе экономикалық дамуды жылдамдату көзқарасынан алғанда, халыкдралық сауда саясаты принциптерін орнату. Ол өздігінен халықаралык саудада кездесетін кез келген теңсіздікті жоюға көмектесер еді. Жеке елдердің үлттық саясатын ескере отырьш, келісімге келуі және аймақтық экономикалық топтардың ерекшеліктерін үмытпау. ЮНКТАД-тың негізгі органы конференция және сауда дамуы жөніндегі кеңес. Конференция үш-төрт жьлда бір рет болады. Бұл ұйымның көмегінің қажеттлігі- халықаралық сауда шараларың реттеу, шикізат өнімдерін өңдеу жүмыстарын қарастыру.

Бұл жоспардың мақсаты әлемдік нарықта шикізат саудасының жағдайының жақсаруы. Тағы да жоспардың басты элементтерінің бірі өндіру өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық өнімдері туралы келісім жүргізу. Бұл жоспардың соңғы мақсаты -әлемдік нарықта шикізат бағасының бірқалыпқа келуі, дамушы еддердің тек өндірісте емес, шикізат тауарының өндеуде қатысуын кеңейту. ЮНКТАД көлемінде қарастырылатын негізгі тақырыптары, сондай-ақ секретариат қызметінің негізгі міндеті төмендегідей:

  • дамушы елдердің экспортын кеңейту нөтижесінде өнім мен қызмет көрсеткіштерді шығарудын бағытын белгілеу, сондай-ақ елдің дамуы үшін саясат пен шараларды пайдалану, өздерінде ішкі рынок ашу мен өндірістік құрылымды өзгерту;
  • халықаралық рынокта шикізат тауарын қалыптастыру, дамушы елдерден, көпшілігі бұрыңғыдай экспорттық түсуге байланысты болмай, өндеуге көбірек қатысуын кеңейту, шикізат тауарын бөлу және өткізу, өз экономикасын диверсификациялау арқылы жетуі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтық субъектілері
Халықаралық жеке құқықтың жалпы жағдайы
Жеке тұлғаларадың халықаралық құқықтық субектілері
Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі
Халықаралық жеке құқықтың жүйесі
Халықаралық құқықтың субъектілері
Халықаралық құқық негіздері
Халықаралық жеке құқық туралы
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz