Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы


МАЗМҰНЫ
3. 2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер қолданылған:
- "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңы, 14 сәуір 2006 жыл.
- «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы.
- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру» Заңы. Егемен Қазақстан. 28 маусым 1997 жыл.
- «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405-ІІ Заңы //Егемен Қазақстан. - 2003. 1 мамыр.
- Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы//Егемен Казахстан. - 2001. 21 тамыз.
- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексі.
- «Қазақстан Республикасының мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекетік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы.
- «Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы Заңы.
- «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы.
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы.
ҚЫСҚАРТУЛАР
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖІӨ -Жалпы ішкі өнім
АӘК - Атаулы әлеуметтік көмек
ЕТКД -Ең төменгі күнкөріс деңгейі
ЗТМО -Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы
ӘТК - Халық табысындағы әлеуметтік төлемдердің үлес салмағы
ӘЖА - Әлеуметтік жәрдемақылар алушылар саны
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
БҰҰДБ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы
ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымы
ӘКК - Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация
ОҚАД - Отбасы қаржыларының автономиялық деңгейі
ОАЖД - Отбасыларының қаржылық жағдайының абсолюттік деңгейі
ӘТҚ - Әлеуметтік төлемдер қоры
ӘҚЖТ - Әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі
БАҚ - Бұқаралық ақпараттар құралдары
МЗТО - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
ЭДК - Экономикалық даму корпорациясы
АДА - Аймақтық даму агенттіктері
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ЕО - Еуро одақ
ЖЗҚ - Жинақтаушы зейнетақы қоры
ЖОО - Жоғарғы оқу орны
ЕТЖ - Ең төменгі жалақы
ОАТ - Орташа айлық табысы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқықтарын іске асыру әлеуметтік қорғау жүйесіне тікелей байланысты.
ХХІ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әсіресе, әлемдік дағдарыс әрбір елдің экономикалық - әлеуметтік жағдайына әсер еткені белгілі. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айырылған, мүгедек жандар, етім балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Әрине әлеуметік мемлекеттің негізгі қағидасы да әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функциясы әлеуметтік қорғау болып табылады. Әлеуметтік қорғау - бұл мұндай қатынастар, яғни қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері блады. Әлеуметтік қорғау саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы - Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізділігі мен біріздендірілуі ғылым мен практика тарапынан жеткіліксіз зерттелген.
Халықты әлеуметтік қорғауды мемлекет тарапынан дамыту жүйесінің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне де жағдай жасайды.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін іске асыру қазіргі жағдайда қолданылып жүрген тетіктері тұрақты және тиімді пайдаланылмайды. Халықты әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік және корпоративтік саясаттың жаңа тетіктерін жүйелі түрде әзірлеу қажет.
Жаңадан қалыптасқан үш деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы жеткілікті талданбаған, белсенді халықтың еңбекке ынталылығын арттыратын, экономиканың дамуына септігін тигізетін әлеуметтік сектордың нәтижелілігін бағалайтын арнаулы критерийлер жеткілікті зерттелінбеген.
Осы жағдайлар зерттеу тақырыбын таңдауға, диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындауға жағдай жасады.
Халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекет тарапынан атқарылатын жүйесінің теориялық және әдіснамалық негізде талдау, олардың жүзеге асырылу тиімділігін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі . Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін мемлекеттік реттеудің ұтымды бағытын теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерттеу үшін оның негізін қалаушылар мен олардың ой-пікірлерін ары қарай жалғастырушы көптеген экономист ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді және ондағы маңызды ұсыныстарды пайдалануды қажет етеді. Олардың қатарына батыстың О. Хеффе, Р. Барнер, Г. Мейн, Р. Минтон, Ф. Мерилл, Ресейдің А. Стребеков, Т. Заславская, П. Сорокин сынды ғалымдарын жатқызуға болады.
Әлеуметтік саясатты жүргізуде экономикалық тетіктерді қолдану тиімділігі жайында белгілі-экономист ғалымдар О. Баймұратов, А. Зейнельгабдин, Ө. Есқараев, С. Интыкбаева, П. Исахова, Ж. Ихданов, В. Мельников., Н. Нурланова, Қ. Оқаев, Г. Сансызбаева және тағы басқа ғалымдар өздерінің теориялық ізденістері мен зерттеулерінде, ғылыми еңбектерінде аталған проблеманың әр түрлі тұстарын қарастырып, олардың практикада қолданыс табуына өз үлестерін қосты. Соған қарамастан, рынок талаптарына сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекет тарапынан қолдауды кемелдендіруді және әлеуметтік тәуекелдердің залалдарын жабудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жаңа институттар мен құрылымдарды дамыту аясында әлеуметтік қорғаудың кейбір аспектілері одан әрі зерттеулерді талап етеді.
Сондықтан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекет тарапынан атқарылатын қызметтер жүйесі мен олардың тәжірибеде пайдаланылуын теориялық және әдіснамалық тұрғыда саралау қажеттігі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қорғау жүйесін теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етудің тұжырымдамасын жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес зерттелімде мынандай міндеттерді шешу қарастырылған:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін мемлекет тарапынан қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу;
- әлеуметтік қорғаудың шетелдік тәжірибелерін саралап отандық тәжірибемен салыстыру;
- халықты әлеуметтік қорғауда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жүйесінің алатын рөлі;
- зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік қорғаудың басты бағытарының бірі ретінде талдау;
- мемлекеттік емес зейнетақы қорларының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз етудегі атқаратын рөлін талдау;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру институтының қалыптасуы мен дамуының ұтымды бағытын анықтау.
Зерттеу объектісі - Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғауды мемлекет тарапынан атқару жүйесі.
Зерттеу пәніне халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекет тарапынан қолдауы мен оның тиімді жүзеге асыру қатынастары жатады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекет тарапынан атқарылу жүйесі талдауға арналған отандық және шетелдік экономистердің іргелі және қолданбалы зерттеулері болып табылады. Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу мәселелерімен айналысатын мамандардың ғылыми еңбектері негізге алынды. Зерттеудің әдістемелік негізіне халықты әлеуметтік қорғау жүйесін мемлекеттік реттеу мәселелерін ашып көрсету мүмкіндігі, өзара байланыстары мен өзара шарттасу диалектикалық қағидаттары алынды.
Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, интернеттің Web сайтында орналасқан кәсіпорындардың көрсеткіштері мен іскерлік ақпараттары пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыста статистикалық топтау, салыстыру, экономикалық талдау сияқты экономикалық - статистикалық әдістер қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығына Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғауда мемлекет тарапынан атқарылатын қызмет жүйесінің теориялық және әдіснамалық негізін зерттеу, мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасын әзірлеу жатады.
Диссертациялық зерттеуді жүргізу барысында ғылыми жаңалық сипаты бар келесі нәтижелер алынды:
- халықты әлеуметтік қорғауда мемлекет тарапынан атқарылатын жүйесі қалыптасуының теориялық негіздері зерделеніп, халықты әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы берілді;
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорларының рөлі талданып, олардың табыстылығын жоғарылататын әдістемеліктер ұсынылды, ерікті зейнетақыны сақтандыруды дамыту жөніндегі ұсыныс жасалды.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы және апробациясы :
Жүргізілген зерттеу нәтижелері:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекет деңгейінде атқарылуын қадағалау;
- халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруші әлеуметтік төлемдер мөлшерінің жоғарылауын қарастыру;
- әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру институттарын дамытудың басым бағыттарын анықтау;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының табыстылығын арттыру.
Осы нәтижелердің тәжірибеде жүзеге асырылуы елдің экономикалық қарқынының өсуі мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекетке айналуына, әлеуметтік саланың дамуына мүмкіндік береді.
Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 0, 6 б. т. құрайтын 2 мақала жарық көрді.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 20 кесте, 15 суреттен тұрады.
- Әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік қорғау ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның» 22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын .
«Әлеуметтік қорғау» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарында қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.
Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет - көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп, ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [1, 13] . Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.
Т. Гоббс, И. Кант, Ф. Гегель және т. б. мемлекеттің өзінің азаматтары алдындағы міндеттерін толассыз әлеуметтік және ұнамды құндылықтардың негізі ретінде қарастырады. В. фон Гумбольдт «Идеи к опыту, определяющему границы деятельности государства» [2, 28] .
Мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функциялары мен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті. Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағатандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш тастамағаны дұрыс болып табылады.
И. Фихте мемлекеттің азаматтардың өмір жағдайының кезеңдерінде әлеуметтік қамсыздандыруға максималды қатысуы керек туралы «Замкнутое торговое государство» еңбегінде кеңінен талдап өтеді [3, 19] .
Т. И. Заславская «әлеуметтік қорғау» ұғымын тар және кең мағынада қарастырады. Оның түсіндіруінше әлеуметтік қорғау барлық халықты емес, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдауларды қажет ететін белгілі бір әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік қорғау» тар мағынада - бұл түрлі себептермен өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын түзеуге шамалары келмейтін қоғамдық топтар мен тұрғындарды қолдауға арналған мемлекеттік іс-шаралар кешені. Ал кең мағынада Т. И. Заславская негіздеуінше, әлеуметтік қорғау аса күрделі және ауқымды мақсатты, яғни қоғамдық құрылым мен институттарды социалистік қатынастар орнатуға бағытталады. Әрине, бұл тұжырымның сол уақыт талабына сәйкес идеологиялық астары бар [4, 8] .
Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда
- әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған
- табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына
- арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады [5, 7] .
Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік институт ретінде, халықаралық мағынада белгілі әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығын көрсететін әдетте заңмен белгіленген азаматтардың сыныптарымен жұмыс істейді, олар еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен, жұмыстың жоқтығынан немесе басқа себептерге байланысты өзінің және отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерінің өмірлік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті қаражаттарға ие емес болып келеді.
Әлеуметтік қорғау шеңберінде мұндай азаматтарға заңмен анықталған жағымсыз жағдайлар орнаған кезде ақшалай және натуралды түрде түрлі қызметтер ретінде өтемақылық сипаттағы көмек көрсетіледі. Сонымен қоса, әлеуметтік қорғау жүйесі алдын алушылық сипаттағы шараларды жүзеге асырады, олар жағымсыз жағдайларды болдырмауға бағытталған.
Әлеуметтік қорғау түрлі ұйымдық - құқықтық түрлерде жүзеге асырылады, соның ішінде оның мұндай түрлері: жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігі, сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету және басқалары. Кез келген әлеуметтік қорғаудың ұйымдық - құқықтық түрлерін пайдалану түрлі әлеуметтік және экономикалық зардаптарға ие болуы мүмкін, оларды осы саланы басқару кезінде ескеру керек.
Сонымен қатар әлеуметтік қорғау өзінің функционалды сипаты бойынша айтарлықтай толық жүйе болып келгендіктен, жеке әлеуметтік институтты көрсетіп отырып, өзінің көрсетілетін қызметтер технологиясына байланысты маманданған ерекшеліктеріне ие. Зейнетақыны ұсыну технологиясы медициналық көмек көрсету технологиясынан, әлеуметтік - ақтау технологиясынан немесе жұмыссыз азаматтарды қамтамасыз ету технологиясынан айтарлықтай ерекшеленеді [6, 12] .
Нарықтық экономика даму жолында тұрған елде, орталықтанған жоспарлау жүйесі шаруашылығында әлеуметтік қорғау ұйымдастыру мамандануын көрсететін «әлеуметтік қамтамасыз ету» термині әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік - экономикалық қатынастар жиынтығын анықтауға, оның жаңа функциялары бар әкімшіліктік құрылымдарды сипаттау үшін қолданыла алмайды. Сондықтан «әлеуметтік қамтамасыз ету» термині айтарлықтай дәрежеде практикалық қолдану саласынан әкімшіліктік шаралармен жаңа «әлеуметтік қорғау» терминімен ығыстырылды.
«Әлеуметтік қорғау» термині үлкен дәрежеде аталған әлеуметтік институттың мәніне сәйкес келеді, алайда, «әлеуметтік қамтамасыз ету» термині жалпы атау үшін «әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы» ретінде қолданылып келеді.
Қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау институты әрбір елде ол қамтамасыз ететін әлеуметтік қорғау түрлерінің жиынтығымен сипатталады және пайдаланылатын ұйымдық - құқықтық түрлер және жалпы түрде матрица ретінде көрсетілуі мүмкін, мұнда жолдарда әлеуметтік қорғау түрлері, ал бағаналарда осы түрлер жүзеге асырылатын ұйымдық - құқықтық түрлері көрсетіледі.
Әлеуметтік қорғау сондай - ақ қоғамдық қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз етпейтін аз жан табысы бар отбасыларға қатысты, оның нәтижесі болып әдетте, өмір сүру құралдарының жоқтығы немесе өмірлік маңызды тауарлар мен қызметтерді төлеу құралдарының жоқтығы болып табылады (ақталу қаражаты, тұрғын үйге төлеу, емделу) [6, 39] .
Әлеуметтік қорғау ақшалай мағынада зейнетақы мен төлемақы ретінде, натуралды түрде, және сондай - ақ әлеуметтік қорғау объектісі болып табылатын тұлғаларға түрлі қызметтер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Ол өтемақылық та, алдын алушылық та сипатқа ие.
Ж. Ихданов негіздеуінше «әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік - құқықтық нормалардың бір түрі болып еңбекке жарамсыз тұлғаларды мемлекеттік қамтамасыз ету табылады. Мемлекеттік қамтамасыз етудің негізгі белгілері болып мемлекеттік бюджет есебінен шығыстарды қаржыландыру және қамтамасыз етілетін тұлғалар категориясын белгілеу және олардың қамтамасыз етілу деңгейін мемлекеттік билік органдары анықтайтын басымдылықтарға сәйкес қамтамасыз етілу деңгейін анықтау табылады [7, 16] .
Әлеуметтік қорғаудың басқа ұйымдық - құқықтық түрі болып әлеуметтік сақтандыру табылады, ол нарықтық экономика бар көптеген елдерде әлеуметтік қорғаудың көптеген түрлеріне қатысты қолданылады. Оның негізінде әлеуметтік қауіптер және оларды міндетті және ерікті сақтандыру жатыр.
Әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдерді қаржыландыру жұмыс істейтін азаматтар мен олардың жұмыс берушілерінің сақтандыру жарналары арқылы жүргізіледі, төленуі, әдетте, тең үлесте жүргізіледі. Әлеуметтік сақтандыру жүйелерін қаржыландыруда кейде мемлекет қатысады.
Нарықтық экономикасы бар елдерде сонымен қатар әлеуметтік көмек сияқты әлеуметтік қорғаудың ұйымдық - құқықтық түрі белсенді қолданылады. Ол атаулы сипатқа ие және тұлғаларға олар күн көрудің басқа көздеріне ие емес екендігі тексерілгеннен кейін беріледі.
Әлеуметтік қорғаудың жеке түрлерінің сипатты ерекшелігі олар осы саладағы бөлек субъектілердің жеке бастамасы бойынша емес міндетті түрде қалыптастырылады, олар өздеріне белгілі қызығушылық танытатын шектелген азаматтар шеңберінің әлеуметтік қорғауы бойынша міндеттемелерді алады. Жеке түрлер әлеуметтік қорғаудың мынадай түрлерінде қолданыла алады, яғни уақытша жұмысқа қабілетсіздікті қамтамасыз ету, медициналық көмек, зейнетақылық қамтамасыз ету және басқалары.
Әлеуметтік қорғаудың негізгі түрлері болып табылады:
- заңмен анықталған әлеуметтік кепілдіктер және оларды базалық стандарттар мен бағдарламалар негізінде қанағаттандыру;
- халықтың табысы мен шығысын реттеу;
- әлеуметтік сақтандыру;
- әлеуметтік көмек көрсету;
- әлеуметтік қызметтер;
-мақсатты әлеуметтік бағдарламалар [8, 431] .
Әлеуметтік қорғаудың маңызды қағидалары адамгершілік пен әлеуметтік әділдік болып табылады. Әлеуметтік қорғауды жүзеге асырғанда адамгершілікті және әділді болу дегеніміз - адам өмірінің өзіндік құндылығын, оның бостандыққа құқығын, өз қабілеттерін дамыту, ұлттық, нәсілдік, діни және басқа жеке немесе әлеуметтік ерекшеліктерге байланыссыз жеткілікті, қамтамасыз етілген және бақытты өмір сүруін мойындау деген сөз. Бұл адамдар арасында өзара көмек беруде, өзара түсіністік пен қайырымдылыққа негізделген міндетсіз қатынастарды орнату.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz