Моңғолиядағы алғашқы қазақ журналдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
I Тарау. Шетелдердегі тұңғыш қазақ баспасөзі
- Қытайдағы қазақ баспасөзінің тарихы: «Алтай» газеті . . . 6
1. 2. Моңғолиядағы алғашқы қазақ газеттері мен журналдары . . . 15
- Ресейде жарық көрген қазақ газеттері . . . 23
- Өзбекстандағы қазақ диаспорасы және баспасөз . . . 25
II Тарау. Шетелдердегі қазақ баспасөзі және мәдени мұра
2. 1. Шетелдегі қазіргі қазақ басылымдары мен баспа ісі . . . 28
2. 2. «Шалқар-2» газеті - төл жазуымыздың мұрагері . . . 41
2. 3. Республикалық «Нұрлы жол» газеті . . . 46
2. 4. Оралман қаламгерлердің публицистикасы . . . 51
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе
Бүгінгі таңда тарихи Отанынан жырақта, яғни өзге елдерде өмір сүрген қазақтардың да ұлттық мәдениетті дамытуға, рухани құндылықтарды толықтыруға сүбелі үлес қосқандығын ерекше атап айтуға тиіспіз. Олардың Қытайдағы, Монғолиядағы, Өзбекстандағы өз мәдени орындары мен төл әдебиеті, баспасөзі болғаны және сол ошақтардың әліде оттары сөнбегені баршаға аян.
Қайта құру кезеңінен соң, әсіресе, Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Ресейдің Омбы, Астрахан облыстарында, Таулы Алтай өлкесінде қазақ диоспорасы өкілдерінің белсенді қызметтерінің нәтижесінде ұлттық мәдениет орталықтары құрыла бастады. Шетелдерде қазақ тілінде жарық көріп жатқан мерзімді басылымдардың әрбірін біртұтас қазақ баспасөзі мен ұлттық мәдениетінен бөліп қарауға негіз жоқ. Себебі, оның бәрі ұлттық рухани құндылықтың ажырамас бөлшектері.
Шетелдегі алғашқы қазақ газеті 1935 жылы Шыңжаң жерінде "Алтай" деген атпен жарық көргені туралы ресми дерек бар. Алайда, соңғы кезде одан бұрын яғни 20-жылдардың ортасында да газет шығарылғаны жайында мәліметтер айтылып жүр. Қалай болғанда да, шетелдердегі қазақ баспасөзінің тарихы жарты ғасырдан астам уақытты қамтитыны, өзіндік қалыптасу, даму жолдары бар ірі обьект екендігі дау тудырмайды. Шетелдердегі қазақ баспасөзінің пайда болуы мен қалыптасып дамуының өзі тарихи аспектілі, күрделі де қызықты үрдіс. Сондықтан оның тәуелсіз Қазақстанның жаңарған баспасөзіне, публицистикасына, шығармашылық ісіне тәжірибе боларлық тұстарыныңда кездесуі ықтимал екендігін жоққа шығаруға болмайды.
Жалпы, шетелдердегі қазақ баспасөзінің тарихи аспектілері журналистика тану саласындағы тың проблемалардың бірі [1] . Бұл жөнінде Қазақстанның мерзімді баспасөзінде, кейбір ғылыми журналдарында азын-аулақ мақалалардың жарық көргенін, бірер ғылыми еңбектер жазылып, диссертация қорғалғанын ғана тілге тиек етпесек, әзірше бәрінің басын құраған қомақты туындылар жасала қойған жоқ. Танымдық мағлұмат беру мақсатында Қуандық Шамахайұлының "20-шы ғасырдағы әлем журналистикасы" атты кітабында ҚХР-дағы, Монғолиядағы, Өзбекстандағы қазақ баспасөзін, Ресей Федерациясының кейбір өлкелерінде жарық көрген қазақ газеттері жөнінде біраз мағлұмат берілген. Ол мәліметтерге қарағанда, Шыңжаңдағы қазақтар мен өзге түркі тілдес халықтар 1942-1943 жылдар аралығында рухани жаңара бастады. Халықтың рухани, мәдени өсуі Қытай отарынан бөлініп шығуына ықпал жасады. Ұлт өкілдерінің қоғамдық белсенділіктері артып, саяси санасының оянуы қытай басқыншыларының зәресін ұшырды. Көршілес қызыл коммунист Кеңес одағы да қатты састы. Дәл өзінің іргесінде түркі сипатындағы ислам демократиялық мемлекетінің орын тебуі Орта Азия республикаларына сөзсіз әсер ететіндігінен Сталин өлердей қорқып сақтанды. Осындай қорқыныш Қытайда да болғандықтан екі алып империя мәжбүрлі түрде ауыз жаласа қалды. Қазақтардың қарқынмен қатайып, қару ұстанып ұлт азаттық көтеріліс жасап жатқандары жер жерлерге тарап жатты. Бұл көтеріліс 1943 жылы Алтай аймағында басталды. Келесі жылы 1944 жылы Іле аймағында жалғасты. Олар қытай әскерлерімен жаман амандығы мен жер амандығы үшін жаппай күресті. Елдің намысын арқалап, ата-баба өр рухына жігерленген қандастарымыз жан аямай соғысты. Осы соғыста Түркістанның 50 мың атты әскері қытайдың 140 мың сақадай қаруланған әскерін жер жастандырды. 1945 жылы шығыстүркістандық қандастарымыз өздері мекен еткен үш аймаққа қарасты 22 ауданды қаптаған қытайдан толық тазалап, азат етті[2] . Осылайша, жауынгер де отаншыл қазақтар ел басына күн туған ауыр сәтте жаудың қандай болсын жойқын күшінің күлін көкке ұшыра алатын қаһарман жұрт екенін тарих алдында дәлелдеген еді.
Шет елдердегі қандастарымыз арасында осылай сең бұзылып, атажұртқа бет бұру көш басталғанымен әлемдегі күллі қазақ келіп жеткен жоқ. Бұл таяу арада жедел шешімін таба қоятын оңай мәселе де емес. сондықтан, шет жұрттағы қандастарымыз үшін өзге елде жүрсе де өз тілін, мәдениетін сақтап қалу -өзекті проблемалардың біріне айналып отыр.
Монғолиядағы қазақтардың проблемалары ондағы ресми биліктің назарынан ешқашан да тыс қалған емес. 1931-1940 жылдар аралығында Монғолияның кіші Хуралы яғни төменгі парламенті жанында аз ұлттар жөніндегі арнайы кеңес жұмыс істеген. Оның негізгі мақсаты мемлекетте өмір сүретін қазақ ұлты және тува, бурят ұранқай ұлысы өкілдерімен жұмыс жүргізу еді. 1940 жылы дербес қазақ аймағы орнағанға дейін аталмыш кеңес көптеген игілікті шаруалар атқарып, оның жемісін өзге ұлыстардан гөрі қазақтар көп көрді. Д. Сұх батыр атындағы мемлекеттік баспа кәсіпорнында қазақ баспа цехінің ашылуы - ондағы диаспора мәдениетінің тарихында елеулі орын алғаны белгілі. Алайда, бұл жөнінде нақты мұрағаттық деректер әзірше табылған жоқ. Десек те, аталмыш цех 1941 жылы Баян- Өлгеий аймағына көшірілгенге дейін жекелеген газет-журналдарды жарыққа шығармағанымен қазақ тілінде парақшалар басып келгендігі жөнінде баспасөз тарихын зерттеушілердің мәліметтері баршылық.
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Ресейдің қазақ жерін иеленіп алуына орай Ташкент, Орынбор, Омбы, Астрахан сынды ірі қалаларда патша үкіметінің ресми органы сипатында жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы басылым «Түркістан уалаяты» газетінен кейінгі «Дала уалаяты» газеті де 1888 жылы қаңтардың 1-нде Омбы қаласында жарық көрді.
Сондай-ақ «Қазақ» және «Айқап» журналының Троицкіде, «Серке» газетінің Петербургте, «Дала» газетінің Томбовта, «Қазақ» газетінің Орынборда негіздері қаланып, қазіргі Ресей жерінде шығарылғандығы туралы деректер Б. Кенжебаев, Х. Бекхожин сынды ғалымдарымыздың баспасөз тарихы жайындағы еңбектерінен мәлім [3] . Ал, Кеңес одағы тұсында Ресей жерінде қазақ басылымдары шыққандығы туралы мағлұматтар жоққа тән. Олай деуіміздің себебі, қайта құру кезінде Таулы Алтай өлкесінің Қош-Ағаш ауданында бір ғана қазақ газеті шығарылып, аз ғана саны жарық көрген. Бұдан өзге деректер жоқ. Одақ ыдырап республикалар тәуелсіздік алғаннан кейін Ресейдің қазақтар көп шоғырланған қазақ ұлттық мәдени орталықтары құрылып жұмыс істеді. Осындай орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер қазақ тілінде басылымдар шығарғандығы туралы деректер соңғы кезде Қазақстанның мерзімді баспасөзінде жарияланып, көпке мәлім болуда.
Өзбекстанда тұратын қазақтардың жалпы саны шыңжаңдық қандастарымыздан кем түспейді. Республикада жүздеген қазақ мектептері бар және жоғары, арнайы білім беретін оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті мамандары даярлануда. Елде 1989 жылдан бері қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп келеді.
Шетелдегі қазақ журналистикасын зерттеуші-ғалым, доцент Рахима Шәріпқызы: «Өзбекстандағы қазақтарға 1963 жылдан бастап республикалық радиодан қазақ тілінде күніне он бес минуттан хабар беріліп тұрса, үш сағаттан «Замандас» телебағдарламасын көгілдір экраннан көре алады. БАҚ-тың бұл салаларында да қазақтың ұлттық ой-мүддесі, проблемалары сөз болып отырады. Әсіресе, «Замандас» бағдарламасы көпшіліктің көңілдегісін сөз бен бейнелеу құралдары арқылы жеткізе біледі. Осы салада қызмет істейтін радиожурналист Сүлеймен Бұқарбаев қазақтардың зәру мәселесін баспасөз, радио мен теледидарда қатар көрсетіп жүрген азамат» -деп жазады. Расында, осы елдің тележурналистикасында Жүсіп Әбдіуәлиев, Сұлтан Қалыбаев сынды қаламгерлердің ерекше орны бар. Алайда, аталған бағдарламаның қазіргі таңда жабылып қалуы ондағы қазақ диаспорасы үшін үлкен рухани шығын.
Бөтен ел, бөгде жұртта жүрген аз ұлттар яғни диаспора үшін өз тілі мен мәдениетін сақтап қалудың ең тиімді жолы-төл баспасөзінің болуы деп білеміз. Олардың кешегісі мен бүгіні, яғни тарихы да баспасөз арқылы көрініс табатыны ешкімге күдік тудырмаса керек.
1. 1. Қытайдағы қазақ баспасөзінің тарихы «Алтай» газеті
Шығыс Түркістан қазақтары ғайыптан пайда болған немесе әлдебір жақтан ауып келген ел емес, қазақ халқының заңды да құрамдас бөлігі. Егер біз қазақ даласын ұлы теңізге теңесек, сол теңізден жер сілкіністері кезінде бөлініп қалған көлдер мен көлшіктер қаншама! Олардың кемелері бөлек болғанымен, түп-тереңі бір-бірімен астасып жатыр. Бұған кеше ғана іргесі ажыраған халықтың тарихи бірлігі, бір рудың екіге бөлініп жатқаны, руды былай қойып бір әулеттің әлі күнге дейін бас біріктіре алмай, шекараның екі жағында зарығып жүргені толық дәлел бола алады . . . Сондықтан, халықтың тегі, тарихы, тілі мен әдебиеті сөз болғанда, осы жағдайды әрқашан есте сақтауымыз керек. "-деп ҚР-ның мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділов ерекше атап көрсеткен еді [4] .
Шыңжаң өлкесінде 1, 5 миллион қазақ тұрады деген ресми дерек көптен бері мәлім. Алтай, Іле, Тарбағатай аймақтарына қарасты 22 аудан, бес қалада тұр атын қазақтар бүгінгі таңда 11 газет, 30 журналды өз тілдерінде оқитыны туралы "Ана тілі" апталығының 1999 жылғы 27-санында хабарлаған. Сонымен қатар ішкі өлкелерге таратылатын 3 газет, 10 журнал тағы бар екен. 1934 жылы Шәріпхан Көгедаев деген азамат Зайсаннан баспа машинасын алдырып, алғашқы мерзімді басылым -"Алтай" газетін жарыққа шығарды. Бұл Шыңжаңда қазақ баспасөзінің пайда болуына, дамуына жасалған тұңғыш қадам еді.
Шыңжаң қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі ретінде көрнекті публицист Таңжарық Жолдыұлының да баспасөз тарихында алар орны ерекше. "Таңжарық шығармалары -- өз дәуірінің ащы үні, айқын шындығы, реалисттік бейнесі. Оларды оқи отырып, жұртшылық 1920-1940 жылдардағы Шыңжаң халқының оянуын, надандық пен қара күшке, отаршылдыққа қарсы күресін, осы жолдағы басып өткен тар жол тайғақ кешулі азап сапарын түсініп, қатты толғанды", - [5] . дейді оның мұраларын зерттеуші Тілеужан Сақалов.
Таңжарықтың өлеңдері Іледе жарық көрген алғашқы қазақ газеттерінде жарияланып келгендігі туралы деректер бар. 1940-1946 жылдары Гоминдан түрмесінде отырып жазған "Елмен, жермен қоштасу", "Түрме жолы", "Үнтолғау", "Елге амандасу" "Жерге амандасу" деген өлеңдері көркем әдебиеттен гөрі публицистикаға, деректі шығармаға етене жақын еді. Бұл ақынның шығармаларының өміршеңдігін, дәлелдеп, құндылығын арттыра түсетін елеулі факторлардың бірі.
Іледе шаңырақ көтерген қазақ- қырғыз мәдени ұйымы және оның бастығы Мақсұт Сасанай ұлының кірісуімен 1935 жылы жарық көрген "Іле айдыны" газетінің редакторы болып Таңжарық Жолдыұлының қызмет еткендігі жайындағы деректің өзі оны баспасөзден бөле-жара қарауға болмайтындығын көрсетеді. Дарынды ақынның негізін қалаған газеті кейннен "Іле өрендерінің газеті" деп аталды. Осы елдегі қазақ баспа ісінің негізін салушылардың бірі - кезінде Алтай аймағының уәлиі болған Шәріпхан Көгедайұлы. Ол газет редакциясын техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге көп еңбек сіңірген. 1935 жылы 27 желтоқсанда жарық көрген "Алтай" газетінің алғашқы санында кейбір редакциялық мақалалардың өзі өлең түрінде жазылып жарық көрген екен. Мысалы тарихшы ғалымдар мынандай бір дерек келтіреді "Зият Шәкәрәм ұлының бұл өлеңі Шыңжаңдағы қазақтардың баспасөзге қаншалықты зәру екенін, енді әлеуметтік ілгерілеуде баспасөздің қандай рөл атқаратынын, әлемнен ақпарат әкелетінін құрал болмай, дамудың да болмайтынын айқын айтқан ақ жүрек сөз.
1935 жылдың Қытайдағы баспасөз үшін мәні ерекше. Алтай аймағындағы "Алтай Шыңжаң" газеті, Іледегі "Шыңжаң Іле" газеті көшпелі қалпынан ажырай қоймаған қандастарымызға өркениеттің кілтін табыс етіп, рухани жаңарудың даңғыл жолын ашты. Олардың саяси бағыты бастапқыда демократиялық тұрпатта болған. Сондықтан, оның әсері болса керек, Сунятсеннің ұлтты сүю, демократияны қолдау, халыққа рахат тұрмыс орнату деген үш ұстанымын газеттер қолдаған екен [7] .
Баспасөз- дәуір үні болып табылатындықтан сол кездегі қоғамдық -саяси ахуалдан алғашқы қазақ газеттері де тыс тұра алмады. Оның нақты көрінісі ретінде жоғарыда аталған үш ұстанымның газет беттерінде жарияланғанын атап айтуға болады. Мысалы, "Шыңжаң" газеті мен "Алтай Шыңжаң" газеті басылымдарының 1937-1938 жылдардағы кезекті сандарында Сунятсеннің саяси ұстанымы негізіндегі ұрандар "Жаңа тұрмыс қимылының лозунгі және тәртібінен" деген арнайы айдарлар бойынша бірінші беттерден орын алған.
"Әдеп, ынсап, адалдық, намыстылық" деп аталатын ұранның біріншісінде, әдеп, тәртіп, түзулік, инабаттылықты мемлекеттің төрт тірегі деп атайды. Сондай -ақ, осы ұранның 15-тармағында "Еңбекшіл сау, тәртіпті таза болу -бақыттылықтың алғышарты. Жалқаулық, тәртіпсіздік, бойкүйездік-апатқа ұшыраудың алғышарты"-делінеді. Аталмыш айдар бойынша "Шыңжаң" газетінің 1938 жылғы кезекті сандарында көптеген ұлағатты да өнегелі уағыз, өсиеттер жарық көрген. Айталық "Істейтін қызметтің де, істе ұшырайтын қиындыққа да шыда", "Мұратты алдыңғы шарт ету керек . . . ", "Жалпы төңкерісшіл іспен шұғылданғандар әр ауыз сөзің мен әр қимылың ұқсас болмаса да, б ірақ, мұраты ұқсас болса -сол сіздің досыңыз. Егер оның мұраты сіздікіне қарсы келсе сіз де соған қарсы тұрып, оны дұшпан деп біл!", "Сіз тұрмысты күнде жаңалап, әр күнде жаңалап және үздіксіз жаңалап отырушылар ғана көңілдегідей тұрмысқа ие бола алатынын біліңіз"т. б.
Адамдарды белсенділікке, әрекетшілдікке ұрандаған осындай сарындағы уағыз мақалалар алғашқы кезеңдегі қазақ баспасөзінде көптеп орын алып жатты. Сонымен қатар бірінші мамыр сандарында көркем-публицистикалық жанрлардағы материалдар, эсселер жарыққа шыққанын көруге болады. Осылардың бәрінен Шыңжаңда жарық көрген алғашқы қазақ газеттері мазмұны жағынан да, тілдік-стилдік шеберлігімен де оқырмандарын тарта алатын деңгейде болғанын аңғару қиын емес[8] .
Осылайша шет елдерде жарыққа шыққан алғашқы қазақ газеттері ондағы қазақ диаспорасын оятуға, жаңа дәуірге бастап прогреске бағыттауға талаптанып игі мақсатты, ізгі мұратты көздеді. Алайда, олардың осы "Көңілдегі көрікті ойларын" толықтай жүзеге асыруына аумалы-төкпелі заман ырық бермеді. Еуразияны жалмаған сталиндік зобалаңнан олар да тысқары қала алмапты. 1937 жылы Қазақстанды құрсауға алған қанды қырғыннан кейін Сталин Кеңес Одағынан тыс шетелдерге шығып кеткен Алаш азаматтарына ауыз сала бастаған еді. Алдымен, Түркиядан Мұстафа Шоқайды қуалатты. Осылайша дәніккен отаршыл империя Қытай үкіметімен бірлесіп, халық зиялыларын (аулауға) кірісті. Олардың қанды қақпанына алғашқылардың бірі болып, Шыңжаңдағы тұңғыш баспагер -ағартушы Шәріпхан Көгдейұлы ілікті. Сонау қанқұйлы шақта елдің сорпа бетіне шығар қаймағы болған білімді, адал, зиялы қауым өкілдерінен құрылған.
Алаштың 40 азаматын құрылтайға қатыстырамыз деген желеумен Үрімжіге жинап алып, олардың бәрін тірідей жерге көмгенін тарих ұмытпайды. Ел ішіндегі мұндай дүбірлі дүмпу баспасөзді де айналып өткен жоқ. Жаңадан аяғына тік тұрып, алғашқы қадамдарын сәтімен бастаған қазақ газеттері 1941 жылы біртіндеп жабыла бастады.
Шыңжаңдағы қазақтар мен өзге түркі тілдес халықтар 1942-1943 жылдар аралығында рухани жаңара бастады. Халықтың рухани, мәдени өсуі Қытай отарынан бөлініп шығуына ықпал жасады. Ұлт өкілдерінің қоғамдық белсенділіктері артып, саяси санасының оянуы қытай басқыншыларының зәресін ұшырды. Көршілес қызыл коммунист Кеңес одағы да қатты састы. Дәл өзінің іргесінде түркі сипатындағы ислам демократиялық мемлекетінің орын тебуі Орта Азия республикаларына сөзсіз әсер ететіндігінен Сталин өлердей қорқып сақтанды. Осындай қорқыныш Қытайда да болғандықтан екі алып империя мәжбүрлі түрде ауыз жаласа қалды. Қазақтардың қарқынмен қатайып, қару ұстанып ұлт азаттық көтеріліс жасап жатқандары жер жерлерге тарап жатты. Бұл көтеріліс 1943 жылы Алтай аймағында басталды. Келесі жылы 1944 жылы Іле аймағында жалғасты. Олар қытай әскерлерімен жаман амандығы мен жер амандығы үшін жаппай күресті. Елдің намысын арқалап, ата-баба өр рухына жігерленген қандастарымыз жан аямай соғысты. Осы соғыста Түркістанның 50 мың атты әскері қытайдың 140 мың сақадай қаруланған әскерін жер жастандырды. 1945 жылы шығыстүркістандық қандастарымыз өздері мекен еткен үш аймаққа қарасты 22 ауданды қаптаған қытайдан толық тазалап, азат етті. Осылайша, жауынгер де отаншыл қазақтар ел басына күн туған ауыр сәтте жаудың қандай болсын жойқын күшінің күлін көкке ұшыра алатын қаһарман жұрт екенін тарих алдында дәлелдеген еді [9] .
Білектің күші, найзаның ұшымен тәуелсіздікке қол жеткізген үш аймақтың халқы өз өкіметін құрып, басшыларын таққа отырғызды. Халықтың үні, сырласы мен мұңдасы ретінде төңкерістік ұлттық газеттерін ашып, қайта ұйымдастыра бастады. Шыңжаңда көптеген қазақ басылымдары дүниеге келе бастады. Және олар өз оқырмандарын таба білді. Мысалға, Құлжа қаласында "Азат Шығыс Түркістан" басылымы шыға бастады. Біртіндеп жергілікті өлкелер яғни аймақтар да өз газеттерін шығарып, таратып жатты. Іле аймағында жарық көрген "Төңкеріс таңы" деп аталды. Ал Алтай аймағы болса, "Ерікті Алтай" деген атпен өз газеттерін шығарды. Тарбағатай аймағы ұйғыр халқымен бірлесіп екі тілде жарық көретін "Халық авазы" газетін шығарды. Ал жоғарыда аталған аймақтық үш газет таза қазақ тілінде жарық көріп отырды. Бұл газеттер 1944-1949 жылдар аралығында шынмәнінде тәуелсіз демократиялық басылымдар болды. Елді, ұлттық тәуелсіздікті сақтауға, отаршылдардың алдау-арбауына түспеуге шақырған мақала, жарияланымдармен ерекше көзге түсті. Гоминдан билеушілерінің, жалпы қытайлардың отарлау саясатының өте күрделі әрі жымысқы екенін ескертетін мақалалар да жарияланып, көпшілікке жетіп жатты. Шығыс Түркістанда 1948 жылы "Одақ" деп аталатын партия құрылды. Бұл партия елге саяси басшылық жасап отырды. Аталмыш партияның ықпалын арттырып, саясатын тарату мақсатында "Алға" деп аталатын газет пен журнал жарыққа шығып отырды. Дәл осы жылдарда Шығыс Түркістанда құрылған баспа орындары да мәдени-ағарту саласына үлкен мән берді. Әдеби құндылықтарды дәріптеуге, ұлттық мұраларды игеруге айрықша назар аударып, көптеген игі істер жасады. "Алға" газетінің баспасы мектеп оқушылары үшін оқулықтар жасап шығара бастады. Сонымен қатар "Білім" деп аталатын әдеби-тұрмыстық журнал шығарып, үгіт, насихат парақшаларын басып таратып отырды. Дәл осы баспа түрмеде жатып жазған, Іле өңірінің тумасы, халқының азаттығын аңсаған күрескер ақын Таңжарық Жолдыұлының туындыларын жинап кітап етіп басып шығарды[10] .
Қытайдағы өзге қазақтар тұратын аймақтар да осындай игі істермен айналыса бастаған еді. Айталық, Алтай аймағындағы "Ерікті Алтай газетінің баспаханасы "Бірлік" атты әдеби журналды дүниеге әкелді. Бұл журналда қазақ халқының мақал-мәтелдері, ұлттық рухтағы өлеңдер, әңгімелер, публицистикалық туындылар жаияланып отырды. Бұл журнал оқырманның жүрегіне жол тауып жатты. Яғни халықтың да рухани шөлін басты. Сондай -ақ, Әсет ақынның шығармалары топтастырылып кітап болып басылып шықты. Осы кітабында ақынның әйгілі "Сәлиха-Сәмед" поэмасы мен тағы көптеген өлеңдері басылды. Мұның барлығы ұлттық құндылықтарын, әдебиет пен мәдениетін аңсаған халықты ұлттық бірлікке шақыратын игілігі мол шаралар еді. Сондықтан да, осынау ұлттық құндылықтарымыз ұлттық баспасөзіміздің біртұтас тарихынан өз орнын алуға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz