Бағдарлама кодтарының терезесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ8

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ11

1, 1 Бағдарламалық қамсыздандырудың сипаттамасы11

1. 2 Delphi - ортасының негізгі түсініктері16

1. 3 Компоненттермен танысу21

1. 4 Delphi ортасында деректер қорын құру26

2 АРНАЙЫ БӨЛІМ32

2. 1 Есептің жалпы қойылымы32

2, 2 Бағдарлама құрылымын сипаттау33

2. 3 Индекстер және кілттер38

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ39

3. 1 Жобаның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы39

3. 4 Жалпы шығындардың есебі45

3. 5 Өнімнің бәсекеге төзімділігін бағалау46

4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ47

4. 1 Электр қауіпсіздігі49

4. 2 Электр зақымдануынан қорғану шаралары50

4. 3 ДК-мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері52

4. 4 Өрт53

ҚОРЫТЫНДЫ55

Қолданылған әдебиеттер тізімі58

ҚОСЫМША А60

КІРІСПЕ

Бұдан үш он жылдық бұрын, ЭЕМ бірнеше кең жайларды алып тұрған үлкен кешенді жәшіктердей болды. Бар атқарар қызметі тек жылдам есептеу. Журналистер бұл алып есептеуіш машиналар туралы «ойлайтын агрегаттар, тіпті адамдарды, ЭЕМ енді олардан ақылдырақ болады деп қорқытатындай» керемет қиялдарды ойдан шығаруға мәжбүр болды.

Сол кездегі адамдардың артық бағалау мүмкіндіктерін түсіндіруге болады. Өзіңіз ойлап көріңізші: темір жолдарда енді-енді паровоздар пысылдап жүре бастады, тікұшақтар енді пайда бола бастады, және оларға жабайы тұрғыда қарады, кейбір адамдар ғана теледидар көру мүмкіндігіне ие болды, ал ЭЕМ туралы тек сонымен айналысатын мамандар қатары біле алды . . . кенеттен керемет - машина тілден тілге аударма жасайды! Бір-екі қысқа сөйлемдер болса да, өзі аударады! Таңқалуға әбден болады. Сонымен қатар ЭЕМ жылдам дами түсті: оның көлемі айтарлықтай кішірейді, барлық жаңа қолданыстармен жарақталып, олардың көмегімен мәтіндерді баса бастады, сызбаларды сызып және сурет сала алды. Адамдардың барлық техникалық жаңа ғажайыптарына сенуі, таңқаларлықтай емес жағдай.

Қазіргі заманғы компьютерлер туралы не айтуға болады, жинақты, тез, жылдам әсер етуші, қолдан жабдықталған - манипуляторлармен, дисплейлі экрандар, жазатын, сурет салатын және сызатын құрылғылар, образдар анализаторларымен, дыбыс, сөздері айту синтезаторлары және басқа да «мүшелері»! Осакодағы бүкіләлемдік көрмеде компьютерленген жұмыстар басқыштармен жүріп, қабаттан қабатқа заттар тасып, парақтан қарап күйсандықта ойнап, келушілермен әңгіме-сұхбат жүргізді. Міне осылай олар адамдардың мүмкіндіктеріне жетіп, кейде тіпті баса озатындай көрінді.

Компьютерлер жанұясының (одағы) - ақпараттарды қайта өңдеу үшін электронды техникалық мүмкіндіктері - өте кең әрі әр қилы. Кішкентай есептеуіш жабдықтар - қол сағаттарға, шарикті қаламсаптарға орналасатындай микрокалькуляторлар, тіптен майда түйме-сандар, оларды тек иненің немесе қарындаштың ұштарымен ғана басуға болады, және бірнеше операциялар - арифметиканың төрт амалы, пайыздарды есептеу, дәрежені салу, түбірді айыру. Міне осылар, тек тілмен жұмыс істеу мүмкіндіктері аздау.

Үлкендеу компьютерлер - карточке - күнтізбе көлеміндей және сонымен қатар жазық. Оларда ешқандай түймелер, тіпті қозғалыстағы детальдар жоқ десе болғандай. Барлығы тек енгізілген, ал индикатор сандары-сұйық кристалдарда. Сандарды басқанда - олар кристаллдардан индикаторға тізіледі; энергия - басылған сызықтан - фотоэлемент шығады. Мұндай «машинаны» не сындыра, не қирата алмайсың, тек жыртпасаң.

Кітаптың орташа форматындай, көлемі жазба кітапшаларындай калькуляторлар да бар. Олардың мүмкіндіктері кеңейтілген: құрылғы тұтас күрделі алгебралық операциялар жиынтығын орындайды, оларда оперативті жады пайда болып, енді жұмысты программалау оңайға түседі.

Тіпті сыртқы жадымен қалталы калькуляторлар модельдері де бар - тұтас ферромагниттік пластинкалар жиынтығы, оларға үлкен көлемде бастапқы мәліметтермен өте күрделі бағдарламаларды жазуға болады. Қажеттілігіне қарай пластинкалар машинканың қабылдағышына енгізіліп, ол оларды «жұтып» және алғашқы есептеуіш қораптар-мастоданттарға қарағанда, одан кем емес ақпаратты өңдеп шығарады. Ал осы кішкентай құрылғылар қалтаға сыйып - ақ кетеді!

Міне осылай қарапайым электронды есептеуіштерден кеңейтілген мүмкіндіктермен нағыз компьютерлер шықты. Енді міне үстелдерге арналған тұлғалы сырт жадыларымен, экранды дисплейді және алфавитті клавиатуралы ЭЕМ-дер пайда болуда. Бұл енді тілмен жұмыс істеу мүмкіндіктері жеткілікті персоналды, жеке компьютерлер. Ал олардың тиімділігін айтып жеткізу мүмкін емес: программа үлкен емес пластинака-дискетке жазылып, ақпарат сандар және (латын немесе орыс) алфиттері бар тікелей клавиатурадан енгізіледі, сізге керектің бәрі дисплейдің экранына шығады. Ешқандай перфокарталармен, не перфоленталармен әуреге түспей, уақыт машинасы туралы еш ойланбай, ешқандай күтусіз, сіздің бағадарламаңыз жұмыс істей бастаған сәттен-ақ осы жерде, қолыңызға, барлығы көз алдыңызда нәтижесін толық ала аласыз.

Электронды есептеуіш машиналарды енгізу, қоғамды информатизациялауда қазіргі тәсілдермен қайта өңдеу және ақпараттарды тасымалдау жаңа процестерді бастауға қызмет атқарады. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамда кең қолданыс тапты. Қазіргі уақытта ғылыми - техникалық прогрестің бірден - бір бағыты адам іс-әрекетінің барлық саласын компьютерлеу тәжірибесі болып табылады.

Қазір компьютер адам жұмыстарының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Компьютерлер мектептер мен университеттерде қолданылады. Олар жұмыс, оқу мақсатында алынған деректерді жүйелеуге көмектеседі. ЭЕМ-нің дамуын бірнеше буындарға бөліп көрейік.

  • Электрондық шамдар пайдаланылған ENIAC және барлық басқа ЭЕМ-дер -ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады. (1940-1955жж)
  • 1955 жылдардан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастыды. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылды. Олар секундтына бірнеше 10 мыңдаған операцияларға жетті. Бағдарламалау тілдері Фортран, Алгол, Кобол қолданыла бастады.
  • Интегралды схема негізінде құрасытырылған ЭЕМ-дер бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дер. Есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі магниттік - дискілер пайда бола бастады. 1971 жылы АҚШ-тың “ИНТЕЛ” фирмасы компьютердің компьютердің негізгі бөлігі- процессордың жұмысын орындауға қабілетті, өте үлкен интегралдық схеманы алғашқы микропроцессорды жасады. Ол Дербес Компьютер деп аталды.
  • Қазіргі кезде ЭЕМ-дер бұл төртінші буындағы ЭЕМ-дер 1980 жылдан бастап АҚШ-тың IBM фирмасы дербес компьютер шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші болып саналады. Ал, 1990жылдан бастап Apple Cororation фирмасының Macintosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.

Дербес компьютерді шығарудың қарқынды өсуі мына факторлармен сипатталады:

  • Құнының арзандылығы
  • Түсінікті және ыңғайлы диалогтық программалық құралдар көмегімен жөндеу және қызмет көрсетудің қарапайымдылығы;
  • Қызмет орнында жеке жұмыстар үшін пайдалану мүмкіндігі;
  • Информацияны өңдеудің жоғары мүмкіндігіне ие;
  • ДЭЕМ-ді адамзат іс-әрекетінің кез-келген аумағында қолдану мүмкіндігін беретін программалармен қамтамасыз етілуі;
  • Дербес компьютер желілік жүйелерге қосу мүмкіндігі. Дербес компьютердің функционалды мүмкіндігін және пайдалану мақсатын ескере отырып үш топқа бөлуге болады: тұрмыстық, жалпы пайдалану үшін және мамандандырылған.

IBM PC пайда болуы. 70-шы жылдар аяғында дербес компьютерлерді кең қолдануы үлкен компьютерге және мини-компьютерге сұранысы төмен болды. Бұл IBM фирмасына әурешілік әкелді, сондықтанда 1979ж. IBM фирмасы дербес компьютерлерді нарыққа шығара бастады.

Компьютердің негізгі микропроцессоры жаңадан 16-разрядты Intel-8088 микропроцессоры таңдалынды. Оны пайдалануға потенциалы компьютердің мүмкіндігін ұлғайты, жаңа микропроцессор 1Мбайт жадымен жұмыс істеуге болатын, ал сол уақыттағы компьютерлер 64 Кбайтпен ғана шектеулі болды. Компьютерде басқа комплектілерді қолдануға әртүрлі фирмаларға берілді. Ал программаларды жасау Microsoft фирмасына тапсырылды.

1981ж. тамызда жаңа компьютер IBM PC атауы ресми түрде жария етілді. Бір-екі жылдар ішінде IBM PC компьютері нарықта алдынғы қатарда болып, 8 биттік модельді компьютерлерді шегерді.

Бірақ IBM PC компьютерлері басқаша болды. IBM фирмасы өзінің компьютерін разъемдық құрылғысы емес және осы құрылғыны жинап және оны құпия ретінде сақтамады. Ол IBM PC құрылғысының принципін барлығы пайдаланды. Осы ұтымды тәсілді Ашық архитектуралық принципі деп аталады. IBM фирмасына IBM PC компьютерлері үлкен табысты әкелді. IBM PC архитектурасының шығуы дербес компьютерлерді одан әрі дамытты:

  1. IBM PC өзін тартымды және танымал болса, ол әртүрлі комплектілік және құрылғыларды толықтыруға болады. Өндірушілер арасында бәсекелестік туындап оның бағасын төмендетті.
  2. Осыдан келе көптеген фирмалар өздері IBM PC комплектілік компьютерлерді жинай бастады.
  3. Пайдаланушылар өздері әртүрлі құрылғылармен толықтыруға және жүздеген өндірушулерін құрылғыларын пайдалана алатын болды.

Осының барлығы IBM PC компьютерлерін жақсартып және оны танымал етті.

Дипломдық жобаның мақсаты “Delphi программалау ортасында жобаны нұсқалау”. Осы мақсатқа байланысты ақпараттық-есептеу пәндік-циклдық комиссиясының оқушылары бойынша толық мәліметтер бір жүйеге жинақтау жұмысын автоматтандыру моделі жобаланды. Деректер қорын құруға Delphi программалау ортасының мүмкіндіктері қолданылды. Программа құрылымы формаларда мәзір бөлімдері арқылы бір-бірімен мәтіндік ақпарат түрінде байланысады. Мәліметтерді қажеттілігіне қарай басылымға жіберіп, мәтіндік құжат түрінде шығаруға болады.

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1, 1 Бағдарламалық қамсыздандырудың сипаттамасы

Компьютерлік бағдарламалар 3 негізгі дәрежеге бөлуге болады:

  • ЭЕМ жұмысы кезінде пайда болатын ақауларды жөндейтін және диагностика бойынша орындайтын жүйелік бағдарламалар;

Қолданушыға қажетті әрекеттерді орындайтын қолданбалы бағдарламалар (мәтінді редакторлау, графикті өңдеу, статистикалық информацияны өңдеу, деректер қорын басқару жүйесін қолдау, т. б. ) ;

  • Бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау жүйесі. Мұндай бағдарламалау қолданушыларға емес, жүйелік және қолданбалы бағдарламаларды өңдейтін бағдарламашыларға арналған.
  • Жүйелік бағдармалардың ең маңыздысы компьютер ресурстарын жалпы басқару, бағдарламалардың жүктелуін қамтамасыз ету, мәліметтерді сақтау, өзге бағдарламалардың сұратуы бойынша базалық сервистік функцияларды орындайтын операциялық жүйе (ОЖ) болып табылады.

Сыртқы құрылғыларына қызмет етудіңі операциялық жүйе мүмкіндіктерін кеңейту үшін бағдарлама-драйверлер қолданылады. Кейбір құрылғылар жүйемен қабылданбайды және драйвер болмаған жағдайда жұмыс істей алмайды.

Жүйелік бағдарламалардың маңызды бөлігі утилиттер деп аталатын қызметші бағдарламалар болып табылады (utility ағылшын сөзінен- «қызметші») . Мұндай топқа жататын бағдарламалар:

  • кішігірім өлшемді файл көмірмесін құрып, дискіде информация сақтайтын архиватор-бағдарламалар;
  • компьютердің, оның құрылғыларының конфигурациясын тексеретін, оның жұмыс мүмкіндіктерін тексеретін диагностикалық тесттік бағдарламалар; компьютер дискісін вирусын тексеретін антивирусты бағдарламалар;
  • мәліметтерге рұқсат жылдамдығын ұлғайту, операциялық жүйенің қызметші файлдарды орналастыру оптимизациялау және файлдар дефрагментациялау мақсатында қатты дискті оптимизациялауға арналған бағдарламалау;
  • қолданушы таңдаған қатты дискідегі қызметші файлдардың қайсысы жазуды іске асырып жатқанын білу үшін мониторинг жасайтын бағдарламалар;
  • дискілік кеңістікте қолданылған файлдар көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін дискідегі информацияны динамикалық компрессия бағдарламалары;

Қолданбалы бағдарламалар категориялары өте көп, қолданбалы бағдарламалы қамсыздандырудың кейбір топтарын қарастырамыз: компьютерде мәтінді дайындау және өңдеу бағдарламалары- мәтіндік процессорлар; кестелі мәліметтерді өңдеу бағдарламасы- электронды кестелер процессоры. Олар прайс-беттер және статистикалық зерттеулер нәтижелері сияқты көлемді санды-әріпті информацияларды өңдеуге қолайлы; электронды презентациялар және слайд-шоу дайындауға арналған бағдарламалар; жазу түрінде ұйысмдастырылған әр түрлі типті массивтер ЭЕМ жадысында реттелген түрде сақтауға мүмкіндік беретін деректер қорын басқару жүйесін - «нөлден» құрайтын, растырлы және векторлы графиканың бейнелерін редакторлайтын графикалық редакторлар мен фоторетуша бағдарламасы; кеңістікте бейнелері және үшөлшемді анимациялы ролик құруға арналған үшөлшемді модельдеу бағдарламасы; бухгалтерлі есеп жүргізу және қажетті есеп беруге құжаттау бағдарламасы; электронды сөздік пен аудармалары: біріншісі қарапайым қағаз сөздікке эквивалентті, олар қажет сөзді іздеудің қолайлы жүйесі бар; екіншісі бір тілден екінші тілге машиналық аударманы жүзеге асырады; машина мен механизмді құрастыруда инженерлерге көмектесетін автаматты жобалау жүйесі.

Бағдарламаны қамсыздандырудың үшінші категориясы-бағдарламалау жүйесі есеп шығару үшін саймандар құралы болып есептеледі. Мұндай жүйе әдетте мәтіндік редактордан, бағдарламаның визуалды интерфейсін өңдеу ортасынан, интерпретатордан немесе бағалау тілінің компиляторынан, қосымша бағынышты бағдарламадан тұрады; Кең тараған бағалау жүйесі-Си, Ява, Бейсик және Паскаль тілдерді болып табылады.

Бағдарламамен қамсыздандыруды бір классификациясы оның құнына негізделген. Сондықтан бағалау критериі ақысыз, шартты-ақысыз және комерциялық болып бөлінеді.

Ақысыз бағдарламалар Интернетке жіберу және FIN-желілер файлдың қоймаларда жазылады. Коммерциялық бағдарламалар қайтарымды негізде ақылы түрде таратылады. Өңдеушеде және оның дистрибьюторынан заңды түрде қолданушы бағдарламалық өрімнің ақысыз техникалық қолдауды алады.

Сұрауы көп компютер бағдарламар өңдемді, жақсартылады, жаңа функциялармен толтырылады, т. б. Дегенмен, қолданушыларға аты танымал бағдарламалардың аты өзгермейді. Бағдарламаның жаңа түрлерін алдыңғы түрінен ажырату үшін нұсқа механизмі енгізілген. Бағдарламаның нұсқасы американ жүйесі барша ондық бөлшекпен, яғни нүкте арқылы ажыратылады:алдыңғы нұсқа кіші санды болады. Әдетте ол бағдарлама атынан кейін көрсетіледі, мысалы Adobe Photoshop 5. 5. Нұсқа реттелуі бірліктен басталады; кішігірім өзгертулер нөмірдің бөлшек бөлігі бірнеше ондыққа және жүздікке ұлғаяды, ал жаңа енгізулер болса, бағдарламада нөмірдің бүтін бөлігі ұлғаяды.

Бұдан кейін тараған бағдарламалық өнімге толығымен тоқталамыз.

Windows нұсқаларының тарихы

Дербес ЭЕМ қолданушыларына танымал болған терезелі графикалық интерфейсі бар операциялық жүйесі 1985 жылы пайда болды. Windows 1. 01 нұсқасы IBM PC AT 286-да жүктеліп, 640 Кб оперативті жадысымен 2, 5 Мб винчестерде орын алды.

Операциялық жүйенің стандартты жүйесіне бірнеше бағдарламалар- Paint графикалық редакторы, екі мәтіндік редактор NotePad және Write, сонымен қатар калькулятор, күнтізбе, сағат, модемдік терминал т. б. енді.

Windows 1. 01 DOS үшін терезелі-графикалық келтіру болып табылады. Windows 2. 03 келесі нұсқасы 1987 жылы шыққан алдыңғы нұсқасына қарағанда терезелі құрылысында еш өзгеріс жоқ. Терезенің сыртқы көрінісінде қосымша батырмалар пайда болды. Терезенің жүйелік мәзірін келтіруде өзгертулер енді. Операциялық жүйе бағдарламалардың жалпы құрамы өзгерген емес: тек винчестерлермен VGA стандартты видеокарталарда драйверлер қосылды. Windows 2. 03 интерфейсін түспен көркемдеу CGA және EGA графикалық мүмкіндіктерінне негізделген. Бұл операциялық жүйе де оперативті жадысы 640 Кб, ал Windows 2. 1 нұсқасы кеңейтілген режимде жұмыс істеді.

1990 жылы шыққан Windows 3. 0 нұсқасы IBM PC AT 386-ға түрлі түсті

VGA адаптеріне арналған. MS-DOS файлдық менеджері File Manager ауыстырылды.

Windows 3. 0 8086 процессорымен ағымды режимде жұмыс істейтін операциялық жүйе болды. Сонымен қатар ол IBM PC AT 286 үшін стандартты режимде, жадысында 16-мегабайтты лимит сонымен қатар жоғарғы жадынықолданып кеңейтілген режимде жұмыс істейтін болды. 2 жыл өткен соң Windows 3. 1 нұсқасы шықты. Бұл нұсқа ағымдағы режимде істеді, демек 8086 процессорымен қызмет ете алды. Бұл операциялық жүйеде құрылымды драйверлерді ерекше атап өтуге болады.

Windows 3. 1 нұсқасында жүйелік реестр алғаш қолданды. Мұнда файл типтері, онымен байланысты информациялар мен қосымшалар сақталды.

Бұл операциялық жүйенің жаңалығы Windows компонентін қосу/жою тақтасы еді. Жыл өткен соң Microsoft Windows 3. 11 for WorkGroups желілік нұсқасы шықты. Windows нұсқасының алғашқы желілік нұсқасы деп айтуға болмайды: 3. 1 нұсқасында қызметші тобы үшін желіде жұмыс атқаруға болатын. Желілік карта, хаттаманың драйверлері 640 Кб төменгі оперативтік жадысына клиент/серверлік бағдарламамен қамсыздандыру жүктелген. Нәтижесінде өзге қосымшалардың жұмысы үшін ОЕСҚ аз қалып, олармен жұмыс істеу мүмкін емес еді.

Windows 3. 11 for WorkGroups желімен жұмыс кезіндегі жаңа режимі желілік карта мен хаттаманың драйверлерін жоғарғы жадыға жүктеп, ОЕСҚ өзге бағдарламадан босатты. Желілік мүмкіндіктерді толығымен қолдану үшін бірнеше желілік қосымшалар құрылды.

Microsoft Mail жергілікті желі ішінде пошталық серверді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Microsoft Chat қосымшасы қолданушылармен тілдесуге, ал Microsoft At Work Fax факс-модем немесе желілік факс-серверлер көмегімен факсимальды хат қабылдауға және жіберуге мүмкіндік берді. Мұндай операциялық жүйе нұсқасы өзге архитектурада құрылған желілік операциялық жүйе белесі көзге түсті. Ол Windows NT ( New Technology ағылшын сөзінен «жаңа технология») деп аталды.

Мұндай операциялық жүйенің бірінші нұсқасы Windows NT 3. 1 деген атпен шықты. Қолданушы интерфейс Windows 3. 1-ден еш айырмашылығы жоқ, өзгерістің барлығы ядросында болды. Жаңа технологияда құрылған 2. 0 нұсқалы OS/2 ядросын IBM мен Microsoft жаңа ядро мен интерфейсті қосып, нәтижеде Windows 3. 1 операциялық жүйесін шығарды. Операциялық жүйеде қолданушылар арасындағы рұқсатқа жүйе орнатылды. Олар 2 деңгейге бөлінді: қолданушылар(Users) және администраторлар (Administrators) . Қолданушы жүйеге кіру сәйкес атпен және пароль енгізуден кейін орындалды.

Администраторлар қолданушының мәлімет файлдарына (оқу, жазу, жою рұқсаттары) және бағдарламаларға Security мәтіндік мәзір бөлімінен тікелей файлдық және бағдарламалық менеджерлерінен рұқсат береді.

NT 3. 51 нұсқасы екі түрлі болып шықты: Server және Workstation. Біріншісі жергілікті немесе ауқымды желілерде сервер ретінде қолдануға, екіншісі клиенттік компьютер желілер құрамында оперциялық жүйелер ретінде қолданылады. NT 3. 51 дискілік қызметтерді басқару үшін Disk Administrator бағдарламасы қолданылады.

1995 жылы операциялық жүйенің жаңа нұсқасы графикалық терезелі интерфейсі бар Windows 95 шықты. Windows 3. 11-мен салыстырғанда қолданушы интерфейсі өзгерген. Жұмыс столында минималды икондар емес, қарапайым файлдар мен бумалар орналасқан. File Manager файлдық менеджері Windows Explorer деген атқа ие болды. Жергілікті файлдар мен бумаларды, желілік ресурстар, принтерлерді қарастыру интерфейстерін қолдады. Microsoft өңдеушілері Internet желісінің дамуын қарастырып, Windows 95 құрамына NSCA браузері негізінде құрылған Internet Explorer WWW-беттері қосылды.

1996 жылы Windows NT төртінші нұсқасы да екі түрлі болып шықты: серверлер мен жұмыс станцияларына арналған болып шықты. Бұл операциялық жүйенің ядросы NT 3. 51 ядросының дамуына болып есептелсе, интерфейс Windows 95-ке сәйкес келді. NT 4. 0 администратор құқықтарын қолдану кезінде қолданушының құқықтары мен бумаларға рұқсат Windows Explorer-ден тікелей шақырылады.

1998 жылы Windows 95 кейінгі дамытылған нұсқасы әрі MS-DOS негізіндегі ядросы бар Window-ң соңғы нұсқасы Windows 98 шықты. . Microsoft Internet Explorer операциялық жүйемен бірге болғанымен, Windows Explorer файлдық менеджер ішіне енгізілді. Ол коипьютер бумалары мен интернет-беттеріне навигациясын жеңілдеткенімен жүйе жұмысын баяулатты.

Windows 98 нұсқасында FAT 32 файлдық жүйесін қолдау табылды. Ол үлкен көлкмді қатты дискпен жұмыс істей алды. сонымен қатар операциялық жүйе USB шиналары сияқты көптеген құрылғыларды қолдады.

Келесі нұсқа бірден 3 түрлі болып шыққан Windows 2000 еді: Windows 2000 Datacenter Server ірі корпоративті желілердің сериерлеріне арналған, Windows 2000 Server қарапайым жергілікті желілерге арналған, Windows 2000 Professional ауқымды желілер құрамындағы жұмыс станциялары және үй компьютерлеріне арналған. Windows 2000 тобы жергілікті желі құрамында Windows 9х негізіндегі машиналармен, сонымен қатар NT компьютерлерімен қарым-қатынас жасай алды. Бұл операциялық жүйеде FAT 16, FAT 32 және NTFS файлдық жүйелерді қамтыды. Қолданушы құқықтарын басқару қолданушы диспетчері арқылы жүзеге асырылады. Windows 2000 NT 4. 0-ке қарағанда сенімді желілік операциялық жүйе деп есептелді.

Үйге арналған операциялық жүйе ретінде сол жылы шыққан Windows Millenium Edition еді. Windows Millenium Edition Windows 2000-ға ұқсас қазіргі заманғы интерфейсі бар. Microsoft фирмасының соңғы нұсқасы - Windows XP. Бұл операциялық жүйе 9х Windows - Millenium Edition мен NT-2000 қосындысы болып табылды. Өңдеушілердің ойы бойынша операциялық жүйе Windows 9х қолданылуының қарапаымдылығы және NT сенімділігі мен функционалдылығын қамту қажет.

Бір типті қосымшалар тапсырма тақтасында топталады. Кемшілігі: 1. жаңа операциялық жүйе екпіндету қажеттілігі. 2. жүйелік ресурстарға жоғары талап қою.

1. 2 Delphi - ортасының негізгі түсініктері

Соңғы кезде бағдарламаға деген қызығушылық лезде өсті. Бұл күнделікті өмірдің ақпаратты-коммуникационды технологияның дамуы мен енгізуімен байланысты. Егер адам компьютермен жұмысы болса, онда ерте ме, кеш пе бағдарламалау тілегі де болады. Қазіргі уақытта пайдаланылатын арнайы компьютерлер арасында Windows операционды жүйесі кең тараған, әр адам бағдарлама жазуға талпынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер қорын логикалық модельдеу
Мамандар бөлімінің ақпараттық деректері
Microsoft Еxcel бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары. Практикум ПЭВМ
ВИРУСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазынашылықтың міндеттері мен қызметтері
Электрондық курс және оны құру
ІNTERNET ЖЕЛІСІ жөніндегі аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
Компьютерлiк вирустар жайлы мәлімет
Экономикалық басқаруда ақпарат жүйесін құру
Сандық микросхемалар сериясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz