Софьяға таққа ұмтылмасқа


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. І Петрдің өмірі . . .

1. 1. Балалық шағы . . . 8

1. 2. Жастық шағы . . . 11

ІІ. І Петрдің реформалары . . .

2. 1. Әлеуметтік-экономикалық реформалары . . . 33

  1. Әскери реформалары . . . 39
  2. Сыртқы саясаты . . . 43

Қорытынды . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 56

Қосымшалар . . . 58

КІРІСПЕ

«Бір мемлекетте патшаның ұлы, отбасылық дұшпандықты көрген, туыстарынан аластатылған, аса үрейлі қауіп-қатерге душар болған, ғажайып түрде аман қалған, жағдайы төмен адамдардың ортасында жалғыз тәрбиеленген, өзіне осы адамдардың арасынан достық қоғам құрған, олармен өзінің қарсыластарын ұтқан және жаңа қоғамның, жаңа мемлекеттің негізін қалаушы болған, өзінің бүкіл өмірін күреспен өткізген және артына екі түрлі пікір қалдырған: кейбіреулер оны құрметтеген, ардақтаған, кейбіреулер қарғаған». [1, 425 б. ] .

Бұл сөздер кім жайлы? Бізге ескі ертегіні еске түсіре ме қалай?

Бұл ешқандай да ертегі емес, әңгіме XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында өмір сүрген ұлы орыс патшасы Петр Алексеевич жайында айтылады.

XVII ғасырда бірте-бірте жиналған мемлекеттің әлеуметтік экономикасы мен саяси өміріндегі түрлі өзгерістер XVIII ғасырдың І жартысында күшті ұмтылыста өсті. Мәскеу Русі Ресей империясына айналды. Оның экономикасы мен өндірістік күшінің даму деңгейі мен формасы, саяси құрылымы, билік органдарының функциясы мен құрылысы, басқарушылары, сот, әскери ұйымдары, елдің класстық және сословиялық құрылысы, мемлекеттің мәдениеті мен халқының тұрмыстық жағдайы қатты өзгеріске ұшырады. Қысқа қайырғанда Ресейдің сол замандағы халықаралық қатынасындағы рөлі мен орны өзгерді. Бұның барлығы феодалдық - бекіністік құрылымның негізінде болған елдің прогрессивті дамуында басты тірек болып, оның жайылуына үлкен үлес қосты. Елде жаңа капиталистік қарым-қатынастың туындауы мен дамуында барлығы да анық көрінді. Осыған байланысты XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейінгі феодализмге қарама-қайшылық пайда болды. Самодержавалық-бекіністік мемлекеттің, феодалдар класының, бүкіл ұлттық мемлекеттің қажеттігі өндіруші күшті талап етті, оған себеп мемлекеттің техникалық - экономикалық ликвидациядан артта қалуы, өндірістің дамуы, сауданың дамуына әсер ету. Бірақ бұларды шешу үшін бекіністік басымы сферасының қысқартылуы, ерікті еңбек ету білімінің тоқтатылуы, құрамды құқықтар мен ұстанымдардың ликвидациялануы қажет болды. Бұл жерде қарама қайшылық туындады. Ол: басыбайлылық құқықтың одан әрі таралуы, мемлекет күшінің бекемденуі сол басыбайлық эмплуатацияның тез өсуімен, дворяндардың билігі мен бюрократ шенеуніктер аппаратының самодержавиясының бекінуімен жалғасты. Ал одан әрі жоғарыдағы билік басындағылар мен 90 % халықтың құрамындағы түрлі категориялы шаруалармен қарама-қайшылыққа әкеліп тіреді. [1, 425 б. ] .

Буржуазияның қамтылуының баяулығы олардың басыбайлылық-феодалдармен арасын шиеленістіре түсті. Мемлекеттің дамуының қиындығы І Петрдің басшылығымен, белсенділігімен орындалған реформаларынан туған қарама-қайшылықтан көрінді. Бір жағынан олар прогрессивтік мағынада ұлттық қажеттіліктер мен қызығушылықтарға қарсы жүргенмен мемлекеттің тарихи дамуы мен ликвидациялануының жылдамдатылуына әсер тигізді. Ал екінші жағынан - басыбайлылық әдіспен үстемдіктің нығаюын көздеді. Сондықтан Петр жүргізген саясат мемлекеттің одан әрі дамуына үлес қосудың орнына оны (одан сайын) бір қалпында қалдырып отырды. Петрдің өзгертулерінің арқасында Ресей шетелдерді, яғни батыс елдерін тез қуып жеткенмен, капиталистік даму үстіндегі мемлекеттерден оза алмады. Осы кедергі мен қарама-қайшылық І Петрдің жаңаруда алатын орнын ерекшелендірді. І Петрдің қимылы шешімділігімен ғана емес, қанпезерлігімен ерекшеленді.

Біз XVII ғасырдың екінші жартысында орыс халқы жаңа жолға қарай бұрылғанын көреміз. Көп ғасырлық шығысқа қозғалудан кейін ол батысқа мойын бұра бастады. Бұл бұрылыс үрейлі төңкерістерге, халық өмірінде жанға бататын қиратуларға, халықты өркениетпен жақындатуға, білімге, үйренуге алып келу керек болатын.

Халық ісінде Петр өз халқының өкілі, көсемі болды: осы жерде тарихшының бір міндеті ұлы төңкерісті суреттегенде басты кейіпкерді, көсемді халықтан, қоғамнан ажыратпау. Петр өзінің жақтастарымен бірге орыс тарихының ескі батырлық бөлімін аяқтайды: христиандық пен біздің уақытқа жақындық орыс халқын культтықтан және сонау Геркулестен бастау алатын аңыздық дәстүрлерден арылтты. [1, 426 б. ] .

Қалыптаспаған күші бар жас алып балуан (І Петр) қоғамда бір әрекет жасауға ұмтылды. Бірақ мұндай артта қалған білім бастамалары кезінде бұл күштер қайда жұмсалады деген үрей туады. Петр үшін бұл қоғам қандай өнегелі жаялықтар даярлап қойды, олар оны қалай тәрбиелейді? Біз орыс қоғамының өнегелік жағдайы қанағаттанарлықсыз екенін көреміз. Сонымен бірге XVII ғасырдың екінші жартысында орыс қоғамында басталған күрес, болған істің іздері өнегелік жағдайды тек нашарлатты.

Төңкеріс қорқынышты күреспен өтті. Қайта құрушы халық тарапынан көптеген қарсылықтарға ұшырады, сонымен бірге қайта құру ісі Жоғары билік тарапынан күш көрсету ісі болды. Шетелдіктер еш күмәнсіз Петр орыс халқын күштеп, уақытынан бұрын өркениетке әкелді. Қайта құруларға Жоғарыдағылар қарсы болады. Біз алдағыны білмейміз, сондықтан ол жайлы айтпаймыз. Алдағы кезекте Петрдің істерін қарап отырып айтылатындарды уақытынан бұрын айтпаймыз.

Ежелгі орыс қоғамы рулық қауымда өнегелі ұстанымдар ұстанды. Ру мүшесі өзінің басшысына бағынды, кең көлемде қолданылған оның билігі мен қол астында болды. Ру мүшесі өз руының пікірін құрметтеді, өзінің мінезімен оған сенімсіздік тудырып аламын ба деп қорықты. Енді рулық байланыс ескірді, ал оның орнына басқа ұстанымдарды қоғам дайындай алмады.

Орыс және шетел тарихнамасында І Петрдің дәуірі, мемлекеттік құрастырушының, полководецтің, ұлы елшінің жеке өмірі айнымас көзқараспен қолданылады. Оларды оқыту бай дәстүрге ие. Ол ұлы реформатордың өмірі кезінде-ақ басталған: қазіргі уақытта Ұлы Петр жайлы әдебиеттер бір кітапхананы құрауы мүмкін.

Өмірдің барлық салаларындағы үлкен жетістіктер, Ресейдің ұлы әлемдік державаға айналуы, тарихта өз заманының феноменіне айналу орыс және шетел тарихында І Петр дәуірімен түсіндіріледі.

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі таңда Ресей Федерациясы Европадағы, тек қана Европадағы емес әлемдегі қуатты мемлекеттердің бірі. Сол алып, қуатты мемлекеттің басынан талай өзгертулер мен жаңартулар, сан түрлі оқиғалар өткенін біреу білсе, біреу білмейді. Мұндай өзгертулер әр елдің басынан өтетіні тарихи заңдылық. Бірақ ежелгі орыс империясының патшасы болған Ұлы Петр жасаған қоғамның барлық саласындағы европашылдық түбегейлі өзгертулер мен жаңартулар XVII ғасырдың ІІ жартысында Европаның дамыған елдерінен едәуір артта қалған орыс елінің болашағы үшін аса маңызды болды. Сол жаңартулар қазіргі қуатты мемлекеттің алтын діңгегі болды десек қателеспейміз деп ойлаймын. Мұндай өзгертулер мен жаңартулар, үлкен мемлекетте сан түрлі жаңалықтар енгізу бүкіл орыс тарихында І Петр патшаның ғана қолынан келді. Тақырыптың өзектілігі осында.

Жұмыстың тарихнамасы

Жұмысты дайындауда С. М. Соловьев, В. О. Ключевский, С. Ф. Платонов сияқты ұлы тарихшылардың және тағы да басқа көрнекті тұлғалардың еңбектері қолданылды. Соловьев І Петрдің басымдылығын, қорытындысын, батыстық көзқарас пен славянофилдіктердің көзқарасын Петрдің ісіне жобалайды. Ол І Петрдің жаңашылдығының көлемділігін және Ресейдің тарихи дамуына тигізген әсерін көрсетеді. Әйгілі тарихшы І Петрдің билік еткен кезіндегі жайттарды толық терең зерттемеген деп, батыс, славянофилдіктерді сынға алады. Соловьев Петрдің әрекеттерін Петрге дейінгі заманнан туындағанын түсіндірді. Ол кезеңде, тарихшының ойынша, орыс халқының өмірінде үлкен өзгеріс бір деңгейден екінші деңгейге өсуі болды. Соловьев Петрдің мұрасына құрметпен қарап, оның жеке басын жоғары бағалайды. [1] . В. О. Ключевский болса, І Петр образына ену өте қиын дейді. Ол өзінің ойын Соловьевтың ойымен ұштастыра отырып, І Петрді халықтың қажеттілігін халықпен сезіне отырып жаңартты деген ойға тірелді. Сонымен қатар Ключевский Петрдің қоршаған ортаның жағдайын түсініп, олардың алдындағы парыздар кейпін байқаған. Бірақ, оның әйгілі Петрдің жаңартуларымен еш ұқсастығы жоқ екенін, ойы мен қорытындысының бірдей емес екендігін байқады.

Ключевскийдің жазуы бойынша бюрократтандыру көптік қазынаны ұрлауға және т. б. қылмыстарға әкеліп соққан. Сәл кешірек, ХХ ғасырдың басында, Ключевскийдің антимонархиялық ұстанымы әлде қайда көріне бастады. Ол Петрді сынға алады, оны халықты түсінбегені үшін айыптайды және т. б. [6] .

С. Ф. Платоновтың ғұмырындағы еңбегінің негізі - тенденцияға ұмтылудан қашу, алдын ала алынған кесте дәйектерін қумалау. Тек осы тұрғыдан ғана ол Петрлік жаңартуды бағалауға көшеді.

Тенденциялық мақтау мен трактовкаларды жоққа шығарып, Петрдің табиғи икемдерінің байлығын, полковод, азамат администратор ретінде жоғары бағалап, бағаға ұмтылмайды, ал керісінше қарапайым қорытындыға келеді, оның ойынша «Петр құрған мемлекетте барлығы да әділетсіздік алдында тең дәрежеде болды». [26] . Брокгауз бен Ефрон энциклопедиясында Петр кезеңіне құрғақ шолу жасалған. Сол кездегі экономика көрсеткіштеріне байланысты цифрларды тек содан табуға болады. Әйгілі Петрдің бейімі жайында осы энциклопедияда жақсы көрсетілген. [31] .

СССР тарихы, 1975 жылы шығарылғанмен, көптеген маңызды бағалар мен дәйектердің көзі болып табылады. Кітап жоғары оқу орындарына арналған, сондықтан онда Петр заманы жақсы жазылған. [7] . Петрдің сыртқы саясатын қарастыру барысында баспасөз беттерінен алынған деректер қолданылды. «Қазақ тарихы» журналынан қазақтың ханы Қайып хан мен І Петрдің арасында болған байланыстар туралы деректер пайдаланылды. [28] . Осы мәселе жайлы деректер Егемен Қазақстан газетінен де алынды. [29] .

Жұмыстың мақсаты:

Ұлы патша І Петрдің саяси бейнесі жайлы баяндау, мағлұмат беру.

Жұмыстың міндеттері:

  1. І Петрдің балалық шағы жайлы баяндау.
  2. І Петрдің жастық шағы жайлы баяндау.
  3. Оның реформаларына тоқталу.
  4. Әлеуметтік-экономикалық реформалары туралы айту.
  5. Әскери реформалары.
  6. Сыртқы саясатына тоқталу.

Жұмыстың құрылымы

Аталмыш жұмыстың тақырыбы «І Петрдің саяси портреті» деп аталады. Жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда «І Петрдің өмірі» жайлы баяндалады. Бұл тарау екі бөлімнен тұрады: 1. 1. Балалық шағы. 1. 2. Жастық шағы. Екінші тарау «І Петрдің реформалары» деп аталады. Мұнда Ұлы Петрдің атқарған істері, реформалары, қызметі жайында баяндалады. Бұл тарау өз ішінен үш бөлімге бөлінеді: 2. 1. Әлеуметтік-экономикалық реформалары. 2. 2. Әскери реформалары. 2. 3. Сыртқы саясаты.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері

Жұмысты жазу барысында XVII ғасырдың ІІ жартысы мен XVIII ғасырдың І жартысына дейінгі уақыт аралығы қарастырылды. Яғни І Петр өмірге келген 1672 жыл мен ол дүниеден өткен 1725 жылдар аралығы да осы дәуірде қамтылады.

Жұмыс барысында қолданылған әдістер

Жұмыстың бірінші «І Петрдің өмірі» жайлы тарауды жазу барысында баяндау әдісі қолданылды. Патшаның балашағынан бастап ер жетіп, билікке келуі толықтай баяндалды. Екінші «І Петрдің реформалары» жайлы тарауда негізінен талдау әдісі қолданылды.

І. I Петрдiң өмiрi

1. 1. Балалық шағы

П. А. Романов (І Петр, Ұлы Петр) - бүкіл Ресейлік І император, ол 1672 жылы 30 мамырда патша Алексей Михайловичтың екінші әйелінен, А. С. Матвеевтің тәрбиеленушісі Наталья Кирилловна Нарышкинадан туған. Петр - Алексей патшаның 14-ші баласы, ал екінші әйелінен бір баласы болды. Патшаның бірінші әйелі И. Д. Милославскийдің қызы Марья Ильнична 2 ұлы Федор мен Иванды және көп қыздарын қалдырып қайтыс болған-тын. Осылай Алексейдің отбасында бір-бірімен қас екі қандас топ: Милославский мен патшаның үлкен ұлдары және Наталья Кирилловна ұлы мен туысқандарымен. Шындап келгенде Федор мен Иван ханзада көпжылдық ғұмыр кешетін адамға ұқсамады, өздеріне сенім арттыра алмады, ал Петр болса, мықты болып өсті, сондықтан патша болу тек соған лайық болды. Нарышкиндер тек осыған сенді, ал Милославскийлер бұдан қорықты. Бірақ туыстардың жауласуына Алексейдің алдындағы қорқыныш жол бермеді. [1, 431 б. ] .

Бірақ Алексей өлісімен Милославскийлер мен Нарышкиндер арасындағы үнсіз күрес ашық қақтығысқа айналады. Ұрыс-керіс басталды. Барлық істі басқарған боярин А. С. Матвеев солтүстікке Пустозерскіге жіберілді. Петрдің анасының ахуалы қиындыққа ұшырады. [1, 431 б. ] .

Софьяның билігі кезінде Наталья ханым Москваға тек қысқы бір-екі айға ғана келіп, қалған уақытын Мәскеудің ауылы Преобразенскіде өткізді. Бұлардың маңында Софья ханым билігімен байланысқысы келмегендер қатары жиналды. Өз-өзімен қалған Петр ұялуды көтеруден, тілегінің орындалуынан қалды. Наталья ханым князь Кураниннің айтуы бойынша ұлының тек физикалық тәрбиеленуін қадағалаған. Біз Петрді «қарапайым балалармен» және «жоғары дәрежелі балалар» қоршауында көреміз. Бірақ біріншісі әйтсе де жеңіп кетті, ал белгілі азаматтар алшақ болды. Күші тасып, жалын атқан Петр қараңғы түнек үйден шығып үй маңына қарапайым балаларды, қызметкерлерді жинап ойынға кіріседі. Сондағы ойыны - соғыс, әскерлер. Ол Луза көлінің жағасына бекініс салды. Оларға екі солдат кейпін беріп, ойнап жүре, оны шын полкке айналдырды. Ол соғыстың не екенін, маңызын түсіне бастады. Сөйтіп инженерлік, артиллериялық өнерге үйренуді бастады. Математиканы, фортификацияны, токарлық шеберлікті және артифициалдық аттарды үйренуде шетелдік мұғалім - Франц Тиммерманның пайдасы болды. Сақталып қалған дәптерлер Петрдің арифметика, астрономия және артиллерияның ол үшін жұмбақ боп қалғаны көрінеді. Ал токар өнері мен пиротехника Петрдің сүйікті ісі болған. Петрдің қайық пен кемеге деген сүйіспеншілігі де белгілі. Сол ауылда (Измаиловода) тастанды бот тауып алғаннан кейін, онда жүзіп үйренісімен, үлкен кемелер құрастыра бастады. Көбінесе бұл жай еріккеннің ісі болып көрінді. Петрді немістерге жақын деп айыптады. Петр шотландиялық Гордонмен жақын дос болды, швейцарлық Лефортпен (полковник, әзілқой, ынталы адам) араласты. Лефорттың ықпалымен Петр көңілді той-томалақ, қыдырысқа үйренді. өкінішке орай князь Борис Алексеевич те, Петрдің тәрбиешісі Никита Зотов та жас патшаны осындай томалақтардан ұстап қала алмады(тоқтата алмады) . [2, 56 б. ] .

Балалық шағының жағымсыз жақтарына байланысты Петр жөнді білімсіз қалды, қайта оның орнына - әскери-техникалық білімге үйренді, ие болды. Бұл жас басқарушы өзгеше мәдениет қоғамының адамы секілді көрінеді. Ескі ұстанымдар мен ережелерді жақтырмады. Қайта немістерді жақсы көрді. Софьяның билігін ұнатпады.

Петр үш жасында әкесінен жетім қалады да, таққа отырған оның үлкен ағасы оны анасымен және анасының туған-туыстарымен бірге елден (Москвадан) қуады. Тыныш қалыпты жағдай сәбидің дұрыс бағытта дамуына жағдай жасайды бірақ оны тездетпейді, керісінше сәби шақтағы қайғылы жағдайлар, қудалау баланың қабілеттілігінің ерте дамуына әсерін тигізеді. Анасының күн сайынғы көз алдында жылауы ағаларының және оның жақтастарының қудалауы Петрдің кішкентай кезінен ызасын келтірді. Ол қудалаушыларды өте қатты жек көрді, кішкентайынан кекшіл, ызақор болып өсті. Кішкентай патшаны анасы оқуға үйрете бастайды, патша ұрпақтарының қалыптасқан дәстүрі бойынша оны жақсы жазуға, жақсы оқуға үйретеді. [2, 57 б. ] .

Петрді оқыту тым баяу жүрді. Ескі орыс дәстүрі бойынша оны бес жастан оқытты. Петрдің ұстазы - хатшы Никита Моисеев болды, Зотовтың ұлы оқығанмен ішуді жақсы көрген. Кейінірек Петр оны шут қауымдастығының князь-папасы деп жариялады. Зотов Петрмен азбуканы, часославты, евангелиені, апостойды өтті. Осылай Алексей патша да, оның үлкен ұлдарыда оқыған болатын. Зотов тарихқа да көз салатын. Болашақ патшаға әкесінің істері жайлы айтатын, сонымен қатар Иван Грозный, Дмитрий Донской, Александр Невский жайлы айтатын. Петр тарихты қызыға тыңдаған, оған көп көңіл бөлетін. Әкесі өлгенге дейін Петр патша отбасында ерке боп өсті, оған не бары 3 жас болатын. Федор патша кішкентай інісінің кіндік әкесі болатын және оны қатты жақсы көретін. Ол Петрді өзінің үлкен Мәскеулік сарайында ұстады және оның оқуын қамтамасыз етті. Петрдің Зотовтан тағы не үйренгені әлі күнге беймәлім, бірақ шетелден әкелінген тарихи суреттер көрсеткен деген мәліметтер бар. Зотовтан алған дәрістен кейін Петрді әпкелері мен ағалары өткен Киев монахтарының басшылығымен схеластикалық ғылымға үйренуден ғылымға үйренуден өткізу керек болды. Петрге грамматиканы, пимтиканы, риториканы, диалектиканы және философияны оқу, латын және грек әрпін тану, тіпті польша тілін тану, оқу, білу керек болды. Бірақ осыларды бастамастан бұрын Федор патша қайтыс болып 1682 жылы талқан басталды. Осының кесірінен Петр жүйелі білімсіз қалды. Өмірінің соңына дейін ол орфография мен грамматиканы шатастырып келді. [1, 432 б. ] .

Федор патша өліп артына мұрагер қалдырмайды. Федор өлгенде Петр небары 10 жаста ғана болатын. Петрді патшалыққа тағайындайды, бірақ бұл сайлау садақшылардың көтерілісіне алып келеді. Көптің ойынша оның орнына таққа інісі Иван отыру керек болатын. Бірақ 15 жасар Иван өте әлсіз, аурушаң болғандықтан билікті қабылдай алмады. Осыны білген Федордың достары (Языков, Лихачев және т. б. ) барлығын Федор өлгеннен кейін таққа Петр отыратындай етіп қойды. Бірақ Иванның құқығы бұзылды, сондықтан оның туыстары бұл жағдаймен келіспеді. Ішіндегі ең ақылды, шешімді болған Софья Алексеевна ханым мен боярин Иван Милославский. Олар жауларына қарсы (Языков, Лихачев және т. б. ) садақшылар әскерін құрды. Садақшыларға «сатқындар» тізімі берілді. Садақшылар соған сеніп ашық қозғалыс жүргізді. 1682 жылдың 15 мамырында олар қаруланып, Кремльге келді. Ханша Наталья Кирилловна сарайдың Қызыл терезесіне патша Петр мен ханзада Иванды алып шықса да, садақшылар сарайға баса көктеп кіріп, отбасы мүшелерінің көзінше боярин Мотвеевті өлтіреді және Натальяның көп туыстарын өлтіреді. Ал Петр көпшілікті бір таңырқатты, оның түрі Матвеевті және т. б. өлтірсе де, осы тебіреністен көрген қаннан да өзгерген жоқ. Бірақ садақшылар қозғалысы кезінде өзін қалай ұстаса да қанды көріністер Петрді толғандырмай сезіндірмей қоймады, уақытша сабыр сақтағанымен де осы сақталып қалған көріністер түптің түбінде бәрібір ашылу керек болатын. Мамыр қорқынышы оның есінде мәңгіге сақталып қалды. Бәлкім содан болар Петр садақшыларды жек көрген, олар оның жүйке жүйесіне әсер еткен. Енді осы оқиғаларға толығырақ тоқталайық. [3, 27 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Славяндардың ертедегі тарихы
Әбілқайыр хандығының күшеюі және әлсіреуі
Орыс жазушылары мен ақындары қазақ өлкесінде (А. С. Пушкин, В. Гоголь, В. Даль және т.б.)
Түркілерден шыққан тарихи тұлғалар
Түрік қағанаттарындағы мемлекеттілікті нығайту үшін күрес
Хан жоғарғы билік иесі
Ежелгі Мысыр өнері
ХҮ -ХҮ ғ.ғ. Дешті Қыпшақтағы хандық биліктің өзгеріске ұшырауы
Қазақ хандығының қоғамдағы ел басшысына қойылар талап пен міндеттердің жиынтығын анықтау
Ел болам десең – бесігіңді түзе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz