Қара шал сондай кейіпкер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 А. СҮЛЕЙМЕНОВ ПРОЗАСЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
1. 1 А. Сүлейменов прозасының тақырыптық - идеалық тұтастығы
1. 2 Жазушы көркем прозасындағы кейіпкерлер әлемі
1. 3 А. Сүлейменов прозасының көркемдік жүйесі (монолог, диалог, пейзаж, көркем деталь)
2 А. СҮЛЕЙМЕНОВ ПРОЗАСЫНЫҢ АРХИТЕКТОНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТІЛДІК КЕСТЕСІ
2. 1 Уақыттық алмастыру және мотив
2. 2 Жазушы прозасының тілдік - стилдік ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әдебиетке ХХ ғасырдың екінші жартысында келген «алпысыншы жылғылар» деп аталып жүрген әдеби буын төл әдебиетіміздегі елеулі құбылыс болып табылады. Оны зерттеп саралаудың маңызы зор дер едік. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалып жатыр деуге болады. Оған дәлел ретінде сол кезеңдегі әдеби процесс мәселелерін зерттеу нысанына айналдырған А. Ісімақова, Ө. Көзбеков, Қ. Әбдезұлы, С. Асылбекұлы т. б. диссертациялық жұмыстарын айтып өтуге болады. А. Сүлейменов - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби толқынға қатысты тұлға. Бұл толқынға жататын тұлғалар: І. Есенберлин, Ә. Нұршайықов, М. Мақатаев, Ш. Мұртаза, О. Сүлейменов, Ә. Кекілбай, М. Мағауин, М. Шаханов сынды суреткерлер. Мұндағы әрбір есімнің әдеби құбылысқа айналғаны - ешкім жоққа шығармас шындық. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби кезеңнің төл перзенті болып табылар А. Сүлейменовтің шығармашылығын саралау - осы кезеңдегі әдеби процессті түсініп игеруге жол ашар іргелі қадам.
Осындай қажеттіліктен барып біз, А. Сүлейменов шығармашылығын зерртеу нысанына айналдырдық. Жұмыста негізінен жазушы шығармашылығының бір саласына ғана баса көңіл бөлінді. Ол - жазушы прозасы және оның көркемдік сипаты. Жазушы шығармашылығындағы негізгі арна - көркем проза. Қаламгердің проза саласындағы еңбектері өткен ғасырдың 60 - 70 жылдардағы “Қара шал”(1964), “Ақ кемпір”(1965) әңгімелері, “Бесатар”(1970), “Ситуация”(1964) повестерінен бастау алып, 80-90 жылдардағы “Адасқақ”(1988) әңгімелер циклы, “Шашылып түскен тіркестер”(1992) ой толғамдарымен түйінделеді. “Адасқақ” - жазушының шеберлігі толысқан кезде жазған, стильдік даралық ерекшеліктері мейлінше айқындалып көрінетін туындысы. Сондықтан да ғылыми жұмыста бұл туындыны талдап саралауға баса назар аударылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Зерртеу жұмысының мақсаты - жазушы А. Сүлейменов шығармашылығының көркемдік сипаты жағынан қырларын ашып көрсетіп, идеялық - көркемдік тұрғыдан саралау.
Осы орайдағы зерттеу мақсатынан мынадай міндеттер келіп шоғыры туындайды:
1. Жалпы жазушы шығармашылығына тұтас көркемдік талдау жасау.
2. Суреткер шығармашылығының даму кезеңдерін анықтау.
3. Тақырыптың бұған дейінгі зерттелу деңгейін анықтау үшін жазушы шығармашылығы жайлы мәліметтерді жинақтап, саралау.
Тақырыптың бұған дейін зерттелу деңгейі . Жазушы шығармашылығына назар аудару 60 - жылдардың өзінде басталып қойған еді. Оған дәлел - З. Серікқалиевтің, Қ. Ысқақовтың А. Сүлейменовтің “Түр туралы бірер сөз” атты мақаласына орай жазған сын - пікірлері.
Асқар Сүлейменовтің шығармашылық тұлғасын дамытудағы бірегей қадам ретінде оның “Бесін” атты тұңғыш кітабы жайлы Ғ. Мүсіреповтің 1970 жылы 25 қыркүйек айында “Қазақ әдебиетінде” жарияланған “Кітап аты - “Бесін” авторы - Асқар” атты мақаласын айтуға болады. Асқар шығармашылығын танып, зерттеудегі бір ірі қадам ол - “Парасат падишасы” атты естеліктер жинағы.
Жазушы жайлы естеліктердің бір ерекшелігі терең ғылыми сипатқа ие болуында дер едік. Жазушы шығармашылығының тілдік қырлары жайлы академик Р. Сыздықованың мақаласы құнды мағұлыматтар береді. Сыншы Т. Тоқбергенов жазушының ірі шығармасы болып табылатын “Адасқақ” әңгімелер циклы жайында өзінің “Шым - шымдап ойды толғатып . . . ” атты мақаласында алғашқы пікір білдіруші автор ретінде көрінеді.
Жазушының шығармашылық тұлғасын тануда Өтеш Қырғызбаевтың еңбегі атап өтерлік. А. Сүлейменов шығармашылығы жайында жазылған зерттеу дүниелер негізінен фрагментті түрде болып келеді. Бұл күнге дейін жазушы шығармашылығы тұтас күйінде зерттеу нысанына айнала қойған жоқ.
Зерттеу әдіс - тәсілдері . Зерттеу жұмысында негізінен хронологиялық, тарихи - салыстырмалы, жүйелі - комплексті, объективті - аналитикалық әдіс - тәсілдер басшылыққа алынды.
Ғылыми-зерттеу жұмысының дерек көздері . Бұл бағытта жазушының “Бесін” (1970) , “Адасқақ” (1988) , “Бесатар” (1997), “Болмыспен бетпе - бет” (2001) атты жинақтары мен “Парасат падишасы”(1998) атты естелік кітап пайдаланылды.
Ғылыми-зерттеу жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысының құрнылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерн тізімінен тұрады.
1-ТАРАУ
А. СҮЛЕЙМЕНОВ ПРОЗАСЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
1. 1 Асқар Сүлейменов прозасының тақырыптық - идеялық тұтастығы
1960-80 жылдары әңгіме жанры мазмұн, түр жағынан да үлкен табыстарға жетті. Түрі жағынан шартты реалистік, романтикалық, символдық деп бөлсек, реалистік әңгімелердің өзін тақырыбына қарай: «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл өмірі», «Өнер және өнер адамдары», «Әйел-ана», «Атамекен, Туған жер», «Бүгінгі ауыл» және «Махаббат тақырыбы» деп топтауға болады. Алайда бұл жанр көтерген мәселелері жағынан аталған тақырып аясына сыймайтындығын көрсетті.
Бұл кезеңде қазақ әдебиеті сандық та, сапалық жағынан да өсу үстінде болды. Яғни даму болған жерде уақытпен қанаттаса қазақ әдебиеті де өркендей түсті.
Атап айтқанда, жетпісінші жылдар прозасының озық үлгілерінде жанрлық-стильдік тың мүмкіндіктерді табу мен игеру бағытындағы ізденіс нышандары байқалады. Қаламгердің көркемдік әр беруде кемелділікке, қоғамдық ортаның әлеуметтік өмір шындығы мен характерлер құбылысын шынайы көрсетуге деген ұмтылыс пайда болды. Сонымен қатар белгілі бір ойды айту үшін философиялық, психологиялық тереңдікке, интеллектуализмге ұмтылу тенденциясы және адам жанының ұңғыл-шұңғылын тереңірек зерттеу пафосы бой көрсете бастады. Нақтырақ айтқанда, бұл кезеңде прозада лирико-психологиялық сарынмен қатар, философиялық ой айтуға ден қою факторы орын алды. Яғни адам өміріне, оның қоғаммен терең тамырлы байланысына әлеуметтік қана емес, психологиялық тұрғыдан анализ бен синтез жасауды табиғи ұштастыра білу осы кезеңде туған прозаның басты сипатына айналды.
60 - жылдардың екінші жартысы мен 70-жылдардың бас кезеңінде прозадағы лирико-психологиялық тенденция тереңдей түсті де, енді бұған қоса философиялық ойға құрылған интеллектуальдық мотивтегі әңгіме, повестер туа бастады. Және мұның өзі прозадағы идеялық-көркемдік тәжібиенің молайғандығын дәлелдеді. Бұл жетістік орыс әдебиетінен, әлемдік әдебиеттің жауһарларынан қаламгердің шығармашылық тұрғыдан еркін үйренудің де әсерінен туындады деп ойлаймыз.
70-жылдары жазылған А. Сүлейменовтың «Бесінін», М. Мағауиннің «Қара қызы» мен «Тазының өлімін», Ә. Кекілбаевтың «Дала балладаларын» мен «Шыңырауын», О. Бөкеевтің, О. Сәрсенбаевтың, Д. Исабековтың повесть-әңгімелерін әр түрлі стильдік ыңғайда жазылған, психологиялық, интеллектуальдық бағыттағы ізденістердің жемісі дер едік.
Зерттеу нысанына алынып отырған суреткердің адамгершілік-парасаттылық сияқты мәселелерді көтерген шығармаларынан байқалатын басты ерекшелік - адамның ішкі әлемін, рухани сырын айқын аңғарту. Осыдан бастау алып, жалғасын тауып жататын жаңалықтың бірі - жазушы қаламынан туған көптеген шығармаларға тән тамаша нәзіктік, сазды сыршылдық, әдемі әуездік. Жазушы шығармашылығындағы кейіпкер психологиясының ашылуы олардың сөйлеген сөздері арқылы, іс-әрекеттері, ішкі монолог, психологиялық диалогтар, ым-ишарат, жест, бет құбылысы, дене қозғалысы, психологиялық пейзаж, параллелизм, деталь, портрет, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзіндік таным, түс көру, сандырақтау, күлкі, жылау, сыр ашу және т. б. арқылы жүзеге асып жатады.
Өткен ғасырдың 60 - жылдар кезеңінде жазушы сын мен қатар өзінің негізгі шығармашылық арнасы проза саласында тынымсыз еңбек етті. “Қара шал”- солардың ішінде көрнекті орын алатын шығарма - әңгіме. Біріншіден, ол - автордың алғашқы қолтаңбалық көрсеткіші ретінде құнды дүние болып табылады. Екіншіден, өзінің көркемдігі жағынан шын мәнінде деңгейі жоғары шығарма. Әңгіме әдеби ортада бірден көзге ілінді. Жазушы Ә. Нүрпейісов әңгімедегі кейіпкер туралы: “Асқар Сүлейменовтің қара шалы - ұлтшылдығы басым колоритті образ”, [5, 261 б] - деп пікір білдірген. Жазушы, шындығында, әңгімедегі қара шал (кейіпкер есімі - Үкібай Омаров) туралы өте дәл, орнықты пікір білдірген. Шығарма қалың ішкі монолог, баяндауға құрылған. Әңгімедегі ең алғаш көзге көрінер нәрсе жазушының болашақта толық ашылып көрінер поэтикалық дарын элементтерінің осы әңгіме ішінде ұшқын болып көрінуі. Олар: күрделі, қалың ішкі монолог - баяндау. Шығарманың тұла бойы қалың нағыз авторлық баяндау мен өзімен - өзі сөйлесіп ой құраушы кейіпкер (қара шал - Үкібай Омаров, Нығмет Сафин) әлемінен тұрады. Әдеттегідей модельдегі қимыл қозғалысқа жетік сюжет жоқ. Керсінше ішкі монолог баяндау кеңістігіне сіңісіп кеткен әлсіз сюжеттік қаңқа бар. 2. Тақырып: ұлттық идеология. Жоғарыдағы Ә. Нүрпейісовтің “қара шалды”-“ұлтшылдығы басым колоритті образ ” дегені осы жерден шықса керек.
Яғни, әңгімедегі ұлттық идея негізі, көрнекті желі болып тартылады. Ол идеяны арқалаушы басты кейіпкеріміз - қара шал. Сырттай қарағанда қара шал- кәдімгі қара шал. Ал, іштей үңілетін болсақ ол жай ғана атбегі емес. Ойы атбегілік шеңберден әлдеқайда ауқымдырақ. Жылқыны етке өткізу, Үкібай үшін даланы етке өткізу. Яғни, бұл жерде рухани қарсылық түрі бой көрсетеді. Ал енді оның қаншалықты көркемдігі жағынан нанымды шығуы бөлек әңгіме. 3. Жылқы культі (жылқы бейнесінің әсерленіп суреттелуі) . Бұл тақырып жазушы шығармасының өн бойынан табылатын, қай түрде болсын (публицистика, сын, проза, драма) көрініс табатын, көрініс тапқанда да жай емес, өте шеберлікпен, ерекше ыждахаттылықпен көрініс табатын компонент. Бұл автордың жеке басына, жаратылысына, болмысына индивидне қатысты да нәрсе. Жылқы жазушы үшін тек әдеби поэтикалық образ емес, ол - шын өмірлік мәні бар нәрсе. Замандастырының айтуына қарағанда, Асқар Сүлейменов жылқыны өз өмірінен бөліп қарамаған жан екен. Өмірінің ең бір күрделі соңғы шешуші сәттерін еске алушы, жан досы Г. Бельгердің: “Уақыт өте келе ол үшін ең қымбат нәрселер болып - өзі жоғары бағалаған музыка мен магиялық символына айналған жылқы ғана қалды” [5, 268 б ] , - деуінде үлкен шындық табын көрсетуші сыр бар. Осы тұрғыдан келгенде “Қара шалда” негізгі екі кейіпкер бар. Ол - қара шал және қызыл (жылқы) . Әңгіменің ішкі, түпкі қайнары да осы екі кейіпкердің арақатынасынан тұрады. Қара шал негізінен сыртқы композициялық құрылымға ие де, ішкі қайнар көзі қызыл жылқының бойында жатыр. Әлгі біздің айтып отырған әңгіменің ұлтық бояуға қанық бет ажары да қызыл жылқының бойына жинақталған құбылыс болып табылады. Бұл турасында қара шалдың өзі екі араны ашқан, Ол: “Ия, ия. Қызыл кім, мен кім?” [12, 132 б ], дейді. Өзін бұл жерде қызыл айғырдан төмен қойып отыр. Қызылдың шал өміріндегі алатын орыны : “Әрқайсысы арқар сақадай жаңағы алты сөзге атқұмар қара шалдың бүкіл өмірі сиып кетті [12, 132 б ] . Жалпы, әңгіменің бүкіл идеялық - көркемдік мәні, кілті де осы “алты сөзде”. Ол жаңағы айтып өткеніміздей, қызыл мен шал ара қатынасы. Ал, енді осы екі үлкен кейіпкердің ара қатнасында қандай байланыс бар? Олардың ара жігін қалай ашамыз? Яғни, қара шал мен қызыл кім? Бірінші қара шал - кәдімгі қазақы ауылдағы (қазақы ауыл - ұлт ошағы, қаймағы) ұлттық болмыстың түп негіз тірегі, ұлттық болмыстың философиялық, идеялық қайнар көзі. Немесе биологиялық - гендік негіз нүктесі. Ұлтымыздың әлеуметтік - философиялық қалпы ХХ ғасырдың соңында да осы кейпінен ажыраған емес. Елдіктің “қан қазынасы” кейіпкер қара шал сияқты миллиондаған қара шалдардың болмысында, жаратылысында сақтаулы тұр. Бұл - біздің ең бағалы, ең асыл затымыз.
Ал, қызыл кім? Оны әңгімеде анық ашып айтып өткен. “Жылқы ол - самал, жылқы ол - шоқтығынан ұстар - ұстамастан денеңді құрыстыратын арқа, аруақ. Иа, аруақ. Даланың аруағы, даланың өзі ол, жүдә. Даладан қашып, даланы етке өткізіп қайда барам!” [12, 132 б. ] . Яғни, жылқы - аруақ, жылқы - дала. Ұлт деген болмыстың дүниеде осы екеуінен (аруақ, дала) қадірлі не бар? Ең қадірлісі емес пе? Әруақ деген - жан, тұлға; ал дала - сол жан, тұлғаның мекен - тұрағы. Өмір сүрер кеңістік үйі. Шығарма консепциясындағы жылқы рөлі осындай. Бұл екі бас кейіпкердің дараланып көрінуі. Ал, енді екеуінің арасындағы байланыс қалай көрінер екен? Қара шалдың арқасында не жүк бар? Шығармадағы рөлі қандай? Қызыл жылқының не рөлі бар? Оны мына қара шал әлемінен көре аламыз ба? “Бағым еді - ауу!
Қара немересінің арық тамағына қажыр, көзіне-от, көкірегіне-сес егем деп бағып еді-ау!
Жердің танабын қуырмаған да ер ме екен? Жердің танабы тұяқсыз қуырла ма, сірә да? Қайда шабады енді ол, қашан немен шаппақ?” [12, 134 б. ]
Қара шал Ұлттық идеяны іске асырушы, ал қызыл сол идеяның өзі екен. Оның жан ұшыра қызылды етке өткізуге қарсы болып, одан айрылмаудың қамын жеуі осыдан. Ет орнына өзін өткізуге де даяр. Өйткені қызылдан айрылған жерде идеядан айрылады. Кейінгі ұрпақ (немересі Абылай) сол идея - заттан айырылу қаупінде тұр. Қара шалдың мұң - зары да осы. Қызылды етке өткізу - идеяны етке өткізу (даланы етке өткізу) . Сонда күрескер қара шал - үлкен идея үшін күресуші. Ол ұрпақтың (жай ұрпақ емес) “көзіне от, көкірегіне сес” егу үшін күрес жүргізіп жатыр.
Шығармадағы кейіпкерлердің характер сомдауында қызық ерекшеліктер бар. Шығарма басындағы қара шал “аяғында керзі етік, қара шалбармен шарт буған сырма шапанның о жер, бұ жерінен мақтасы қобыраған” елеусіз ғана қара шал. Қызыл - “бие қуғыштаған” айғыр ғана. Осындай натуралды, реалды кейіпкер
сипатынан оларды автор шығарма соңында кейіпкер - символға айналдырады. Әрине, қара шалдан гөрі қызылдың символдық бейнесі басым түседі. Бейне - символ жасау оңай шаруа емес. Қиынның қиыны. Символ өзі бекерден, асығыстықтан тумайды.
Ол - суреткер жанына аса жақын қадірлі сезімге иелігінен ғана туатын нәрсе. Әңгімедегі жылқы образы - жазушы үшін сондай қадірлі бейне-образ. Жылқы бейнесіне жазушы қылау түсіргісі жоқ. Қызылдың әңгімедегі біз атап айтып отырған символдық ерекшелік түп - негізі осындай терең түпкі сүйіспеншіліктен туады. Енді осы жерден қара шалға біраз тоқталып көрелік. Әңгіме басында біз қара шалды совхоз басқармасынан “жаназаға ұйыған қария боп момын тыншыған қалпында” көреміз. Әшейінде адуын қарттың дәл бұлай моп - момақан боп отырған қалпына еріксіз таң қаласыз. Үлкен үрей алдындағы үнсіздік қалып, бұл - адам психикасының кейбір кездеріндегі заңды құбылыс. Совхоз бастығы Сафиннің кеңсеге не үшін шақырғаны беймәлім қалыпта ол тұңғиық ойға батады, іштей төлемедім - ау деген салықтарын санады, “ . . . санап отырғанда көкірегіне құптан қорқыныш шым - шымдап кіре берді”, енді бір сәт құптан қорқыныш жайлап алды. Жоқ, шаруақор Үкең бар салығын төлеп қойған. Қарызы жоқ. Енді басшы кеңсесінде неғып отыр?! Үміт пен күдік күшейе түсті. Ішкі түйсігі қара шалға алдағы болатын оқиғаны меңзегендей сезім қалыптастырады. [36, 137 б. ]
“- Иә. Үке, өзіңіз естіп жүрген шығарсыз. Қызыл айғырды совхозға өткізесіз . . . ”[12] . Сафиннің “өзек өртер зәрі бар сияқтанған” сөздерін естіген қара шал жанына шоқ түскендей әсерде болды. Одан әрі Сафин мен Үкеңнің диологында шалдың атқұмарлығы анық байқалады.
“- Маған ат ұстауға неге болмайды?
- Сіз кімнен артықсыз?
- Мен емес, атым артық қой. ”
“Мен емес, атым артық қой” деген сөзі қара шалдың жылқы малының қадір - қасиетін өз жанынан да ерекше бағалайтынын танытады. Осы кезеңдегі науқаншылықтың кесірінен қазақ асыл тұқымды жылқылардың бараны мен қылаңдарының қаншамасы қан қасаптың құрбаны болды десеңші! “Қара шал осы бетте өзіне өзі таңданып келеді. Кәрі тәні кепкен құрықтай жеңілейіп алған ба - таяқ тастам жер басса күйіп шыға келетін кінәмшіл өкшесі де қазір сұп - суық, ісініп аузына тығылатын өкпесі де елпідек емес. Бұ несі, - деді қара шал, өңешінің бейне үлкен қасық сынап жұтқандай мұздап жүре бергенін сезіп. Көзі бірақ ысып - ақ келеді, Үкең мұны да түсінген жоқ . . . ”, “Үкең, бірақ, ләм- мим дыбыс естіген жоқ. ”
“- Жалған - ай! - деді төбе құйқасы шымырлап кеткен қара шал . . . есіне Жақсылық, аңырап қалған сары айғыр түсті. Содан соң Үкең домалап жөнелген ақ көлеңкеге қарады да тұрды. Әрі тесіліп, бері тесіліп көзі талғанда көңіліне үрей кірді - құптан мәшіні емес, қызыл айғырды жұтып жатқандай екен”[12] .
Осы ішкі монологтарда қара шалдың күрсінісімен бірге негізгі рәміз образы жылқы екендігін тағы да аңғарамыз. Сонымен қоса қара шал құранды ер салып мінер, жылқы қасиетін білер қазақ ұрпағының ұсақтығына қайғырады. Себебі қара шал қайғысы - қазақы қасірет, орны толмас ұлт қасіреті. Орны толмас қасіреттің алды - опыну, сорақысы - опық жеу. Бұл әңгімеде негізгі екі кейіпкер - қара шал мен қызыл айғыр екендігі белгілі. Осы екі кейіпкер арақатынасынан шығарманың ішкі қуаты мен қайнары, түпкі мән - мағынасы аңғарылады. “Қаламгерлік іс - қоғамдық іс; көркем әдебиеттің қоғамдық мәнін, әлеуметтік мазмұнын еш нәрсемен салыстыруға да, ауыстыруға да болмайды” деген белгілі ғалым З. Қабдолов пікірі жазушы Асқар Сүлейменовтың әлеуметтік мәні бар нәрсені әдебиеттің шағын жанры арқылы жеткізгеніне дәлел.
“Қара көк тұман бүркенген шоқы, бүгін, әдеттегідей еңселі емес екен - құлаққа ұрған танадай наурыз түнінің балбыр, ойлы уайымына бой алдырып, налып бұғып қалыпты”[12] .
Қара шал мен табиғат мінезі қатарласып тұр. “Жер де ол бір адам ғой . . . Ол шіркін де тән бар, ол да ашу шақырады, ол да шамырқанады, оның да пайын шайнап қалар кезі болмақ. Қанша айтқанымен торы айғырдың құлын дауысын естіген төбе ғой, торының тұяғына - қызыл айғырға, төнген бір қатерді ол да сезген шығар”[12] . Қара шал өз жан күйін табиғат, жер туралы ойы арқылы аша түседі де, торы айғырды еске түсіру арқылы ой тұңғиығына шым батады. Аз ғана уақыт ішінде түрлі сезім күйіне бөленеді. Қара шалдың ыңырсуы, жұбаныш іздеуі, өзін өзі жұбатуы, өзіне өзі басу айтуы, құмнан құйған кесектей үгілмелі басуы, кеудесін біз өксік қысуы, көзінің ысып - ысып кетуі, осыдан тоғыз жыл бұрынғы оқиғаның еске түсуі (осы жерде қабылан тірсек торы айғырының жазым болғаны, ышқына шыңғырған торы, қартасы үзілген жылқының құлын дауысы, жалбарынып оқыранған торы, тыпырлап талпынған бойында қабан қанжармен орып жібергені) - ішкі түйсіктер дүниесінің жаңғырығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz