ХVІІІ ғасырдағы Цин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы



ХVІІІ ғасырдағы орта шеніндегі Цин патшалығы жоңғарларды тыныштандырып, Шинжиаңды қайтадан бірлікке келтірді. Осы кезде қазақтың ұлы жүзі мен орта жүзі ілгерінде - кейінде Цин патшалығына қарап, тікелей сайаси, экономикалық қарым-қатынас тарихын, Цин өкіметінің шекара саясатын, сондай-ақ аз ұлттарға қаратқан саясаттарын егжей-тегжейлі зерттеу біздің көп ұлтты отанамаздың тұтастығын және териториясын қалыптасу барысын жете түсінуде келелі маңызға ие. Бұл мақала Цин патшалығы мен қазақтардың қарым қатынас орнатуының тарихи көрінісі мен арадағы саяси байланыс сауда қарым-атынасына тоқталып өтеді.
Қазақ ұлты ерте заманда батыс алқапты мекендеген ....
Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, найман, керей қатарлы рулардан құралған Орта Азиядағы байырғы ұлттардың бірі. ХV ғасырдың орта шенінде қазақтар Шу өзені алабында феодалдық хандық құрды. Қазақтың жан саны көбейіп, өрісі кеңейе түскендіктен ХVІІІ ғасырға келгенде қазақ хандығының елі рулық байланыс және қоныстанған өңірлеріне қарай, ұлы жүз, орта жүз және кіші жүз болып үш жүзге бөлініп, әр қайсысы өз алдарына хан сайлап, дербес билік жүргізе бастады. Үйсін руын негізгі тұлға еткен ұлы жүз елі Балқаш көлі мен Сыр дариясынан тартып, Іле аңғарына дейінгі кең алқапты мекендеді. Бұл өңір ежелден «Үйсіннің ата-мекені» еді: Найман, керей, руларын негізгі тұлға еткен орта жүз елі Сыр дариясының солтүстігі, Алатау аумағынан тартып, Ертіс дариясына дейінгі кең сахараны қоныс етті: Ал алшын руын негізгі тұлға еткен кіші жүз елі Каспий теңізі төңірегіне қоныстанды. VІІІ - ғасырдың

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ХVІІІ ғасырдағы Цин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы

ХVІІІ ғасырдағы орта шеніндегі Цин патшалығы жоңғарларды
тыныштандырып, Шинжиаңды қайтадан бірлікке келтірді. Осы кезде қазақтың
ұлы жүзі мен орта жүзі ілгерінде - кейінде Цин патшалығына қарап, тікелей
сайаси, экономикалық қарым-қатынас тарихын, Цин өкіметінің шекара саясатын,
сондай-ақ аз ұлттарға қаратқан саясаттарын егжей-тегжейлі зерттеу біздің
көп ұлтты отанамаздың тұтастығын және териториясын қалыптасу барысын жете
түсінуде келелі маңызға ие. Бұл мақала Цин патшалығы мен қазақтардың қарым
қатынас орнатуының тарихи көрінісі мен арадағы саяси байланыс сауда қарым-
атынасына тоқталып өтеді.
Қазақ ұлты ерте заманда батыс алқапты мекендеген ...
Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, найман, керей қатарлы рулардан құралған Орта
Азиядағы байырғы ұлттардың бірі. ХV ғасырдың орта шенінде қазақтар Шу
өзені алабында феодалдық хандық құрды. Қазақтың жан саны көбейіп, өрісі
кеңейе түскендіктен ХVІІІ ғасырға келгенде қазақ хандығының елі рулық
байланыс және қоныстанған өңірлеріне қарай, ұлы жүз, орта жүз және кіші жүз
болып үш жүзге бөлініп, әр қайсысы өз алдарына хан сайлап, дербес билік
жүргізе бастады. Үйсін руын негізгі тұлға еткен ұлы жүз елі Балқаш көлі мен
Сыр дариясынан тартып, Іле аңғарына дейінгі кең алқапты мекендеді. Бұл өңір
ежелден Үйсіннің ата-мекені еді: Найман, керей, руларын негізгі тұлға
еткен орта жүз елі Сыр дариясының солтүстігі, Алатау аумағынан тартып,
Ертіс дариясына дейінгі кең сахараны қоныс етті: Ал алшын руын негізгі
тұлға еткен кіші жүз елі Каспий теңізі төңірегіне қоныстанды. VІІІ -
ғасырдың алғашқы жартысында Орта Азия сахарасында қазақпен жоңғар, Россия
арасындағы байланыс күрделеліне түсті.
Жоңғар - ойрат моңғолдарының ұрпағы. Ойраттар ертеде Енесей өзенінің
жоғарғы ағарын мекендеген. ХVІ – ғасырда батысқа қарай ауып, ХV ғасырда
олардың ықпалы Орта Азияның шығыс өңіріне жетті. ХV ғасырдың басында
Әбілқайыр бұрынғы Ақ орда елін негіз етіп билік жүргізді. Тарихта оны
Әбілқайыр хандығы деп те атайды. Әбілқайыр билік орнатқаннан кейін ел
ішінде рақымсыз үстемдік жүргізіп, сыртқа қарата бағындару әрекетімен
шұғылданда. 1452 жылы Әбілқайыр әскерлері мен ойрат әскерлері Ташкентте
соғысып, Әбілқайыр қолы жеңіліп шегінді. Әбілқайырдың қол астындағы Керей
мен Жәнібек орайдан пайдаланып, елін шығысқа көшіріп, Шу өзеніне әкелді.
Моғұлстан билеушісі қазақ күшінен пайдаланып, Әбілқайырға қарсы тұрып
ниетінен оларды Шу өзенінің өңіріне қоныстанды.
Сонымен 1456 жылы Керей мен Жәнібек Шу өзені алқабында дербес қазақ
хандығын құрды.
16 ғасырдың басында қазақ хандығының территориясы оңтүстікке Сыр
дариядан солтүстікке Ертіс өзеніне дейін, батыста Арал теңізінен, шығыста
Іленің батыс бөлігіне дейінгі кең өңірді қамтыды. Осы кезде Ойраттар Чорыс
(Кейін Жоңғар болып аталған) Хошот, Дүрбіт және Торғалық деген төрт тайпа
еледі. (Оларды тарихта Ойрат деп атайды). Олар негізінен Ертіс өзенінен
жоғарғы ағарынан жоңғар ойпатына дейінгі өңірді қоныстанғанымен, әлі
бірлікке келіп күшейе қоймаған еді.
ХVІІ ғасырдың басында қазақтар мен жоңғарлардың күш салыстырмасында
өзгеріс туылды. Яғни қазақтардың күші әлсіреп, жоңғарлар біртіндеп күшейе
бастады. Сондықтан батыр қонтажы қазақтардың жерін иеленумен бірге,
қазақтардың иелігіндегі Ташкент, Самарқант қатарлы қалаларға шабуыл жасады.
Кейін келе қазақтар мен жоңғарлар ортасындағы қақтығыс же, қала таласынан
біртіндеп кек алу сипатындағы соқтығыс пен әскери шабуылға айналды.
Сондықтан Сыбан Рабдар 1723 жылы қазақтарға кең көлемді әскери шабуыл
жасап, қазақ халқын ’Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама’ сынды аса аянышты
ауыр апатқа ұшыратты. Бірақ, оған қазақ қолдары тізе бүге қоймады. 1728-
1729 жылдары қазақ қолдары балқаш көлі өңірінде қайтарма шабуылға өтіп,
жоңғарларды қазақ сахарасына еріксіз шегіндірді. Сонан соң үш жүз
билеушілер бас қосып, ендігі жерде жоңғар феодалдарының шабуылына қалай
төтеп беру мәселесі жөнінде кеңес құрда. Осы жолғы жиналыста кіші жүз ханы
Әбілқайыр аға хандыққа қол жеткізбекші болды.
Бірақ мақсатына жете алмады. Ол Россияға арқа сүйеп, аға хандық таққа
отырмақшы болып, шар Россия үкіметіне құат жазып, Россияға ел болу ниетін
білдірді. Бұл әрекет Петр І әлде қашан белгілеген ’Барлық Азия елдері
жерлеріне кірудің қақпасы - қазақ хандығын Россияның қол астына өткізіп
алу керек”!, - деген шапқыншылық ірге кеңейту саясатына сайкесе кетті.
Сонымен шар патша 1731 – жылы Тепкелев бастаған алпыс адамдық елші
үйірмесін кіші жүздегі Абілқайырдың жеріне жіберіп, оны Россия елдігне
кіруге еліктірді. Шар Россияның елшілері Абілқайырдың жеріне келісімімен
кіші жүз қазақтарының қатты қарсылығына ұшырады. Абілқайырдың өзіде
халықтың назарлығына қалды. Шар Россияның шапқыншы күштері осыдан бастап
қазақ даласына сұғынып кіре бастады, олардың ниеті ұлттар мен ұлттар
арасында, рулар мен рулар арасында қақтығыс тудыру арқылы өз мақсаттарына
жету еді. Шар Россияның шапқыншы күштері қазақ даласына басып кірген кезде
жоңғар феодалдары , оларды барымданы қайтарып, салық төлеугеғ, Ғалдан
Сереннің үстемдігін мойындауға мәжбүр еді. Бірақ 1745 – жылы Ғалдан Серен
өлгеннен кейін жоңғар феодалдары іштей қырқысып, қазақтар жоңғарлардың
билігінен құтылды керісінше орта жүз ханы Абылай жоңғар қарама-қарсы
топтардың көмек сұрайтын адамына айналды. Абылай хан жоңғарлардың
құлдырауға бет алған орайыанан пайдаланып “қазақ даласындағы жоңғарларды
қуғындап, оларды Аягөзден әрі қуып жіберді”. Сондай-ақ өзі қол бастап
жоңғарлардың ішкергі өңірлеріне дейін келіп, бұра тола, Іле қатарлы
жерлерде кек алу сипатында тонаушылық істеді, көп деген тұтқындар мен
қыруар мал-мұлікті өз еліне алып қайтты.
Қортып айтқанда, қазақ пен жоңғар күштерінің азайып – көбейуімен екі
жақ бір-бірінің бір бөлім ру, тайпаларына билік жүргізген, жоңғар феодал
күштері неше рет Балқаш көлі, тіпті оданда әрі барғанымен де, ол жердегі
қазақ малшыларын бүтіндей қуып жібере алған жоқ. Ең соңында жоңғар кіші
күрт құлдырап, қазақтар өз жерлерін қайтып алды да, жоңғар малшылары
ақырында өздерінің мекеніне қайтты. Қазақ пен жоңғар феодалдары бірінің
жерін бірі басып алып тұрғанымен, бірақ екі жақтың негізгі малшылары бастан
ақыр ертеде қалыптасқан шаруашылық өңірін мекн етті. 1755 – жылы Чиң
хандығының әскерлері жоңғарға жорық жасаған кезде Дауаштың Іленің батысына
қарай шегінуге батына аумауындағы шындығы жоғарғы қөзқарасты айқын
дәлелдейді (қазақтар ман жоңғарлардың өзара қарым – қатынасы айырым
мақалада баяндады) XVIII ғасырдың алғашқы жарымында қазақ даласы Шар
Россияның шапқвншы күштерінің сұғанақтығына ұшырағандықтан, қазақ қоғамының
дағдарысы күннен – күнге ауырласа тісіп, қазақта Шар Россияда отарлығының
құлына айналым қауіпіне тап болды.
Ғалдан Серен өлгеннен кейін жоңғар ақ сүйектерінің хандыққа таласып
қырқысы ұзаққа созылды. Бұған наразы көптеген жоңғар малшылыры арт –
артынан шығысқа қоныс аударып, Чиң патшалығынан осы аласапырандықты
аяқтатып тыңша тіршілік жағдай жаратып беруді талап етті. Сондықтан Чиң
өкіметі батысқа әскери жорық жасап, жоңғарды үзілді кесілді тыныштандыруға
бекіді. Сондай – ақ, “төрт ойрат патшасының төртеуіне де хан атағын беріп”
жоңғарды бөлшектеп басқармақшы болды. Чиң патшасы Чиаңлуң жоңғарды
тыныштандырып болғаннан кейін, қазақтардың ісін шешеміз деп жарлық түсірді.
1755 – ақпанда түсірілген жарлықта: “Дауашты ұстанғаннан кейін қазақтардың
ісін қалай басқару жөнінде Бан ди, Әмір сана қатарлылармен егжей – тегжейді
ақалдасқаннан кейін үйлесімді шешіледі ”, - делінген. Бұдан соң уқытта
Чианлуң патшасының қазақ жөнінде ешқандай ойласпағандығын, әрі қазақ
даласына әскери жорық жасау ниетінің мүлде жоқ екендігін анық байқайға
болады. Кейін келе Циң ордасы батысқа жорық жасап шыққан жияңжундеріне:
“үлкен іс орындалғаннан кейін егер қазақтар өздері келіп ел боламыз десе ,
олардың басшыларын ылайығымен астанаға ертіп келіп патшамен кездестіріп,
шен беру тиіс”. Ал олардың қол астындағы халқы сол бұрынғы орнында отыра
беруіне болады. Көшірудің қажеті жоқ. Егер бізге ел болғылары келмесе
әскери күшпен бағындыруға болмайды,- депайқын атап көрсеткен болатын.
Міне, бұл Чиң хандығының қазақтаржөніндегі ең алғашқы негізгі позитсиасы
айында түсірген жарлығында: Қазір екі бағыттағы қалын қол тоғысты,
игілікті іс жақында жеңіске жетеді. Патшаның ойы осы кезде қазақтарға адам
жіберіп, оларға ақуалды ұғындыру. Көп жылдан бері жонғарлар өзімен
қырғындалып, елге апат әкелді. Патша бүкіл әлемді қорғау және елдің бейбіт
өмір сүруін ойлап, ерекше қалың қол шығарып, жоңғарды тыныштандырып отыр.
Осылайша тың тыныш тауып, апаттық аман болып, бейбітшілік игілігін ортақ
көрсе дейді... Қазір жонғарларға өз білгендерінше әрекет істеп, қазақ
халқын талан-таржылауын үзілді-кесілді тоқтатуы жөнінде бұйрық түсірілді.
Қазақтардың бағыну-бағынбау еркі өздерінде, әр екі жақ өз шекарасына ие
болуы керек. Қазақтардың өз беттерімен шекарадан өтіп жоңғар елін
бұлапталауына болмайды,-делінген. Бұл Чин патшалығының жонғарды
тыныштандыруға жетекші идейасы және жоңғар мен қазақ арасындағы қарым-
қатынас мәселесіне қолданып отырған майданы. Әрі шекара районындағы
қоғамдық тыныштыққа бой ұрып отырғандығында күмән жоқ. Сондықтан
қазақтарға бағыну-бағынбау еркі өздерінде және әр екі жақ өз шекарасына ие
болулары керек деп қолданған саясаты, Чиң өкіметі жоңғарлар мен қазақтар
ортасында бодып келген жаугершілік әрекетті айақтату, бірін-бірі талап-
бұғалау тиым салу жөнінде жарлық шығарумен бірге екі жақта талас болып келе
жатқан мәселелерді де үйлесімді түрде шешкен. Чиң патшасының Шинжиаңда
тұрған әскери және өкімет басшылары Чианлуң патшаға хат жолдап, қазақтар
мен жоңғарлар бір-бірінен бұлап әкеткен мал-мүліктерін өздеріне қайтарып,
оларды бұрынғысындай татуластыруды айтқанда, Чианлуң патша : бұл сөз
бүкілдей қате, бұрын Іледе болған өзара тонаушылық, Дауаш пен Лама
Доржының кезіндегі істер... Оны қуарлауға болмайды. Бұдан кейін өзара талан-
таражылық істемесе болғаны ,- деп жарлық түсірді. Кейін келе Чинң хандығы
Құлжадағы Қара Доршун деген әкімді шығарып, екі мың қалмақты жиын,
Айагөздегі Лайсудың жағасына жіберді. Сонымен бірге Абылай хаңға елші
жіберіп шақыртты. Абылай хан мыңнан астам адаммен келіп осы Лайсудың
жағасында бітім жайлы кеңес құрды. Ақыры екі жақ келесімге келіп, көк қасқа
тай мен қарабас қошқар сойып, қолдарын қанға матырып: барлық өткен істер
өтті; бұланған мал, аққан қан түгелдей қузастырылмайды; бұдан кейін қазақ-
қалмақ өзара тату-тәтті өтетін болады,- деп келісім жасасты. Чиң өкіметі
жоңғар мен қазақ арасындағы жаугершілік әрекеттерді тоқтату үшін міне,
осындай саясат қолданып Жүзге барып паналады. 1756 жылы ол Тарбағатай
қайтып келді, келесі жылы ілеге барып, Цин патшалығына қарсы бүлік қозғады.
Цин өкіметінің қалың қолы тағытойтарыс бергенде,ол және жеңіліп, орта жүзге
қайта қашып барып “қазақтардан әскер алып қарсылық көрсетпекші болды”.
Бірақ, Абылай Цин патшалығымен саяси байланыс орнатқандықтан оған әскер
бермеді!. Цин өкіметі Әмірсананы ұстауға қазақ даласына дереу әскер
аттандырды. Сонымен бірге Абылайға да адам жіберіп; “Жерлеріңе өзің ұзақ
уақыт жасырынып, біздің әскерлер жағынансезіліп әрі оны ұстау үшін
жерлеріңе әскер барса елің үрейленіп жүрмесін”, - деп істің жайын айтты
және бір және бір жақтан Далдына мен қарақа қатарлыларға:”Қазақ шекарасына
жеткенде”... Әскерлеріңді бастап ішкерілей кіре беріңдер, барған
жерлерріңдегі едге біз тек қылмысты Әмісананы ғана ұстағалы келдік, елге
ұлан салмаймыз. Сіздер әуелгідей алаңсыз отыра беріңдер деп айттыңдар. Егер
оларда қарсыласу болмаса, біздің әскерлердің дүрбелең тудыруын қатаң тиым
салыңдар” – деп бұйрық берді. Бірақ Цин үкіметінің бұл әскерлері Әмірсананы
қуғындап бара жатқанда , жоңғар даласындағы ойраттардың мал мүлкін шауып
алғалы келе жатқан орта жүз қолдары мен үш орында қақтығысып қалды. Қазақ
қолдары бұл әскерлері әмірсананы қуып жіберген Цин үкіметінің әскерлері
екендігін білісімен Чин әскерлеріне дереу адам жіберіп:”Біз Абылайдың
қолдары едік, Абылайдың інісі - Әбілпейіс бізді ойраттардың мал мүлкін
шауып алуға жіберген еді. Сондай – ақ , егер ұлы елдің (Цин патшалығын
айтып отыр - Автор) әскерлері кездесіп қалса, өткен жылы Жиаңжүңнің таңбасы
басылған қағазды көрсетіп оларға тәуелді болуды дала бетінде деп бұйрық
берген еді. Бірақ, асғыста байқамай қақтығысып қалыппыз біз енді дереу
шегініп, Абылайға болып ахуалды айтамыз” деп түсндірді. Абылай ахуалды
естігеннен кейін арнаулы елші жіберіп, былай деді:”Біздің әскерлердің мүлде
ұлы патшамен жауласу емес еді,..” істің жайы дәл осындай болғандықтан
Абылай Цин өкіметінің әскерлеріне “жақсы ат тарту етіп, жол бастауға әскер
шығарып Әмірсананы ұстап беруге бел байлады. Бірақ, оны алдын-ала сезген
Әмірсана Россияға қашып кетті ”.
Цин хандығының сол қол орынбасар жиаңжүңі Жаухүй жолдамасында
Абылайдың әскерлері Цин өкіметінің Әмірсананы қуған әскерлері арасындағы
туылған қақтығыстың себебін ашық түсіндіріп былай дейді:”Қазақтан Дәміш пен
Тоқтам амандаса келіп, кешірім сұрады. Сондай-ақ, екі ат тарту әкелді. Олар
біз бет алды соқтықпақшы едік, өткен жылы Әмірсана қашып келгенде, ұлы
мемлекет адам жіберіп оны ұстап әкетпекші болғанын шекарадағы тұрғандар
Абылайға айтпаған екен, ұлы мәртебелі патша әуреленіп жорық жасамасын деп
Абылай әсілі Әмірсананы ұстап бермекші болған еді, Әмірсана сезіп қойып, ат
ұрлап мініп қашып кетіпті. Тайауда ойраттар тоз-тоз болып кетті деген хабар
естіп, осы орайда олардың мал-мүлкін шауып алайық деп бара жатқанда,
ойламаған жерден ұлы патшаның қалың қолымен қақтығысып қалып, екі жақ
бірдей арандалдық, бүгін арнайы ат тарту етіп, кешірім сұрап келдік
дейді... Сондай-ақ, сауда жасау ниетін де білдірді” Содан кейін Абылай хан
өзі елші бастап Аягөзге барып Цин патшалығының әскер басшылармен кездесті.
Абылай: “Бүгінгі таңда тұтас қазақ аталуы еркімізбен бағынып, ұлы мәртебелі
патшаның мәңгілік елі болуға дән ризамыз ”, - деді. Сондай-ақ, өз қолымен
Цин ордасына хат берді, хатында :”Қазақ ханы пақырыңыз Жүңгомен хабарласа
алмадық. Міне, бүгін ұлы мәртебелі патша әміріңіз бойынша, қиыр шалғайда
жатқан руларға рақымдылық көрсетіп, қуанышқа бөледі. Патшаның мейірімен
еміреніп отырмыз. Пақырыңыз Абылай бүкіл қазақты бастап.
Жунгоға ел болуды тілейді. Жунгоның ұлы патшасы тілеуімізді
қабылдағайсыз, - деп жазды. Осыған орай Цин осыған орай Абылайға жолдаған
жарлығында қазақтар жоңғарлардың жолды бөгеуі себебінен елші жіберіп,
тарту-таралғы әкеле алған жоқсыңдар. Қалың қолымыз жоңғарды тыныштырған
кезде, еліңді бастап ризашылығымен бағынышты болдың, патша қабыл көрді.
Жиаңжүндердің айтуынша сендер бізге ел болғаннан кейін өздеріне шен беріп,
жерлеріңді анықтап алу керек екен. Патша: өте пысықтық істеу қажетсіз,
сендер қиыр шалқайда, Қалқа рулары (моңғол рулары - Автор) мен салыстыруға
болмайды деді. Өзін бұрын хан екенсің патша хандығынды бекітті. Бұл артық
емес; Егер өзің қалаған басқа мәнсабың болса, қағаз жолда, патшаға сәлем
беріңдер, патша ерекше жарылқайды, қоныстанып, көңілді тіршілік көрулеріңді
тілейді. Сендер әліде сол бұрыңғы түзімдеріңде болыңдар. Алым салық тапсыру
– тапсырмау еркі өздеріңде, елші жіберіп патшаға сәлем беріңдер, патша
ерекше жарылмайды. Сонан соң Абылай хан 1757-жылы қыркүйек айында
Қанжығалы қатарлы елшілерін пашаға сәлем беру үшін Бижиңге жіберді.
1758-жылы Цин патшалығының әскерлері жоңғар бүлгіншіәскерлерін
өкшелей қуып ұлы жүзге барды. Осы кезде ұлы жүздің Төребай батыры мен
Ташкенттің Тұржан тобы соғысып жатқан еді. Цин патшалығының Маңгордай,
Хышан қатарлы әскери басшылары оларды жарастырды. Ұлы жүзге билік жүргізіп
тұрған Төребай оларға ат тарту етіп, Цин патшалығына шын ниетімен
қарайтындығынбілдірді. Сол жылы қазан айында хат жазып, Жолан, Базарман
деген кісілерді патшаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда - экономикалық қатынастар
Шығыс Түркістан өңіріндегі қазақтар
Абылай сұлтанның қоғамдық-саяси өмірі
Абылай хан: мемлекеттік қайраткер, әскери қолбасшы және дипломат
Абылай хан билігінің нығаюы
Абылай хан – саяси қайраткер
Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті жайлы
Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
Қытайдағы қазақ диаспорасының саяси-әлеуметтік, құқықтық жағдайы
Абылай ханның саясаттағы орны
Пәндер