Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесіне шолу



1999 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі . АІЖК) күшіне енгізілді. Ондағы новеллалардың бірі сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару институтын құру.
Азаматтық істер бойынша сырттай іс жүргізу 206.271.баптарды қамтитын АІЖК 24.тарауымен реттеледі. Бұдан басқа, сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедгі № 5 "Сот шешімі туралы" және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" қаулыларының нормаларын басшылыққа алу керек.
Талап арыз іс жүргізуі бойынша азаматтық істерді қарау сотқа талапкердің де жауапкердің де қатысуын қарастырады. Алайда, тараптар әрдайым сот отырысына тікелей қатыса бермейді. Заң шығарушы осындай жағдайларда азаматтық істерді сырттай қарауға жол береді.
Сырттай іс жүргізу тараптардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігін арттыруға, жауапкердің өзінің іс жүргізу құқықтарын асыра пайдаланып, істі сөзбұйдаға салмауына ықпал етеді.
АІЖК 260.бабына сәйкес, істерді сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау үшін мынадай бес негіз болуы қажет:
1. Жауапкердің сот отырысына келмеуі.
2. Жауапкердің сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар болуы. Бұл ретте, соттың жауапкерге тиісінше хабарланғанын растайтын құжаттардың іс материалдарына тіркелгені туралы нанымды мәліметтері болуы керек.
3. Өзінің сот отырысына келе алмауының орынды себептері туралы жауапкердің хабарламауы.
4. Жауапкердің істі өзінің қатысуынсыз қарауы туралы өтінішінің болмауы.
5. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жауапкердің қарсылығының болмауы.
Бұл ретте, іс жүргізу заңымен мынадай шектеулер белгіленген: сырттай іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге жатады; сырттай іс жүргізу тәртібімен талап арызға негізделген азаматтық істер ғана қаралуы мүмкін; ерекше талап арыз, ерекше іс жүргізу бойынша істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жол берілмейді.
Егер талапкер жауапкердің қатысуынсыз істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот талқылауды кейінге қалдырып, жауапкерге жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы (АІЖК 260.бабы 3.бөлігі). Осындай мән.жайлар кезінде талапкердің пікірін сот анықтамайды.
Егер жауапкер сот отырысына келсе, бірақ сот отырысынан ол аяқталғанға дейін өз еркімен кетіп қалса, онда сот істі талқылауды жалғастыра береді, ал осындай отырыста шығарылған шешім сырттай шығарылған деп есептелмейді. Іске бірнеше жауапкер қатысты болып, сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда ғана іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. (АІЖК 260.бабы 2.бөлігі).
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, (АІЖК 260.бабы 4.бөлігі), ол шағымдауға және наразылық келтіруге жатпайды.
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарағанда жауапкердің қатыспауы себепті толық көлемде жарыспалылық жүзеге аспайды. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен талқылаған кезде талапкердің өкілеттіктері шектеулі, атап айтқанда, оның талап арыздың нысанасы мен негіздемесін өзгертуге құқылы емес.
1999 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі - АІЖК) күшіне енгізілді. Ондағы новеллалардың бірі сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару институтын құру.
Азаматтық істер бойынша сырттай іс жүргізу 206-271-баптарды қамтитын АІЖК 24-тарауымен реттеледі. Бұдан басқа, сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедгі № 5 "Сот шешімі туралы" және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" қаулыларының нормаларын басшылыққа алу керек.
Талап арыз іс жүргізуі бойынша азаматтық істерді қарау сотқа талапкердің де жауапкердің де қатысуын қарастырады. Алайда, тараптар әрдайым сот отырысына тікелей қатыса бермейді. Заң шығарушы осындай жағдайларда азаматтық істерді сырттай қарауға жол береді.
Сырттай іс жүргізу тараптардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігін арттыруға, жауапкердің өзінің іс жүргізу құқықтарын асыра пайдаланып, істі сөзбұйдаға салмауына ықпал етеді.
АІЖК 260-бабына сәйкес, істерді сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау үшін мынадай бес негіз болуы қажет:
1. Жауапкердің сот отырысына келмеуі.
2. Жауапкердің сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар болуы. Бұл ретте, соттың жауапкерге тиісінше хабарланғанын растайтын құжаттардың іс материалдарына тіркелгені туралы нанымды мәліметтері болуы керек.
3. Өзінің сот отырысына келе алмауының орынды себептері туралы жауапкердің хабарламауы.
4. Жауапкердің істі өзінің қатысуынсыз қарауы туралы өтінішінің болмауы.
5. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жауапкердің қарсылығының болмауы.
Бұл ретте, іс жүргізу заңымен мынадай шектеулер белгіленген: сырттай іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге жатады; сырттай іс жүргізу тәртібімен талап арызға негізделген азаматтық істер ғана қаралуы мүмкін; ерекше талап арыз, ерекше іс жүргізу бойынша істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жол берілмейді.
Егер талапкер жауапкердің қатысуынсыз істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот талқылауды кейінге қалдырып, жауапкерге жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы (АІЖК 260-бабы 3-бөлігі). Осындай мән-жайлар кезінде талапкердің пікірін сот анықтамайды.
Егер жауапкер сот отырысына келсе, бірақ сот отырысынан ол аяқталғанға дейін өз еркімен кетіп қалса, онда сот істі талқылауды жалғастыра береді, ал осындай отырыста шығарылған шешім сырттай шығарылған деп есептелмейді. Іске бірнеше жауапкер қатысты болып, сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда ғана іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. (АІЖК 260-бабы 2-бөлігі).
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, (АІЖК 260-бабы 4-бөлігі), ол шағымдауға және наразылық келтіруге жатпайды.
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарағанда жауапкердің қатыспауы себепті толық көлемде жарыспалылық жүзеге аспайды. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен талқылаған кезде талапкердің өкілеттіктері шектеулі, атап айтқанда, оның талап арыздың нысанасы мен негіздемесін өзгертуге құқылы емес.
АІЖК 262-бабы сырттай шығарылған шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай шығарылған шешімдердің деректемелері талап арыз іс жүргізуі бойынша шығарылған шешімдердің құрылымы мен мазмұнына ұқсас, алайда жекелеген ерекшеліктері ескерілуі тиіс:
1. Шешімнің кіріспе бөлігінде "Сырттай шешім" деп көрсетіледі.
2. Сипаттама бөлігінде сырттай шығарылған шешімнің негіздемесі баяндалады.
3. Сырттай шешімнің қорытынды бөлігінде жауапкердің шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуі тиіс (АІЖК 262-бабының 3-бөлігі). Сырттай шешімнің көшірмесі табысталғаны туралы хабар ала отырып, оны шығарғаннан кейінгі үш күннен

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу
тәртібімен қараудың сот тәжірибесіне
ШОЛУ

1999 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық іс
жүргізу кодексі (бұдан әрі - АІЖК) күшіне енгізілді. Ондағы новеллалардың
бірі сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару институтын құру.
Азаматтық істер бойынша сырттай іс жүргізу 206-271-баптарды қамтитын
АІЖК 24-тарауымен реттеледі. Бұдан басқа, сырттай іс жүргізу және сырттай
шешім шығару кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11
шілдедгі № 5 "Сот шешімі туралы" және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2
"Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы
туралы" қаулыларының нормаларын басшылыққа алу керек.
Талап арыз іс жүргізуі бойынша азаматтық істерді қарау сотқа талапкердің
де жауапкердің де қатысуын қарастырады. Алайда, тараптар әрдайым сот
отырысына тікелей қатыса бермейді. Заң шығарушы осындай жағдайларда
азаматтық істерді сырттай қарауға жол береді.
Сырттай іс жүргізу тараптардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігін
арттыруға, жауапкердің өзінің іс жүргізу құқықтарын асыра пайдаланып, істі
сөзбұйдаға салмауына ықпал етеді.
АІЖК 260-бабына сәйкес, істерді сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау
үшін мынадай бес негіз болуы қажет:
1. Жауапкердің сот отырысына келмеуі.
2. Жауапкердің сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар болуы. Бұл
ретте, соттың жауапкерге тиісінше хабарланғанын растайтын құжаттардың іс
материалдарына тіркелгені туралы нанымды мәліметтері болуы керек.
3. Өзінің сот отырысына келе алмауының орынды себептері туралы
жауапкердің хабарламауы.
4. Жауапкердің істі өзінің қатысуынсыз қарауы туралы өтінішінің болмауы.
5. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жауапкердің қарсылығының
болмауы.
Бұл ретте, іс жүргізу заңымен мынадай шектеулер белгіленген: сырттай
іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге жатады; сырттай іс жүргізу
тәртібімен талап арызға негізделген азаматтық істер ғана қаралуы мүмкін;
ерекше талап арыз, ерекше іс жүргізу бойынша істерді сырттай іс жүргізу
тәртібімен қарауға жол берілмейді.
Егер талапкер жауапкердің қатысуынсыз істі сырттай іс жүргізу
тәртібімен қарауға келіспесе, сот талқылауды кейінге қалдырып, жауапкерге
жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Жауапкер
тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен
қарауға құқылы (АІЖК 260-бабы 3-бөлігі). Осындай мән-жайлар кезінде
талапкердің пікірін сот анықтамайды.
Егер жауапкер сот отырысына келсе, бірақ сот отырысынан ол аяқталғанға
дейін өз еркімен кетіп қалса, онда сот істі талқылауды жалғастыра береді,
ал осындай отырыста шығарылған шешім сырттай шығарылған деп есептелмейді.
Іске бірнеше жауапкер қатысты болып, сот отырысына барлық жауапкерлер
келмей қалған жағдайда ғана іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы
мүмкін. (АІЖК 260-бабы 2-бөлігі).
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады,
(АІЖК 260-бабы 4-бөлігі), ол шағымдауға және наразылық келтіруге жатпайды.
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарағанда жауапкердің
қатыспауы себепті толық көлемде жарыспалылық жүзеге аспайды. Істі
сырттай іс жүргізу тәртібімен талқылаған кезде талапкердің өкілеттіктері
шектеулі, атап айтқанда, оның талап арыздың нысанасы мен негіздемесін
өзгертуге құқылы емес.
АІЖК 262-бабы сырттай шығарылған шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай
шығарылған шешімдердің деректемелері талап арыз іс жүргізуі бойынша
шығарылған шешімдердің құрылымы мен мазмұнына ұқсас, алайда жекелеген
ерекшеліктері ескерілуі тиіс:
1. Шешімнің кіріспе бөлігінде "Сырттай шешім" деп көрсетіледі.
2. Сипаттама бөлігінде сырттай шығарылған шешімнің негіздемесі
баяндалады.
3. Сырттай шешімнің қорытынды бөлігінде жауапкердің шешімнің күшін жою
туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуі тиіс (АІЖК 262-
бабының 3-бөлігі). Сырттай шешімнің көшірмесі табысталғаны туралы хабар
ала отырып, оны шығарғаннан кейінгі үш күннен кешіктірілмей жіберіледі.
Осындай мерзім ішінде және осындай тәртіпте сырттай шешім көшірмесі сот
отырысында болмаған талапкерге жіберіледі (АІЖК 263-бабы).
4. Сырттай шешім іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылуы және түпкілікті
нысанда жасалуы тиіс.
Сырттай шешім АІЖК 235-бабының ережелеріне сәйкес заңды күшіне енеді.
АІЖК 264 - бабының 1-бөлігіне сәйкес, жауапкер немесе өкілеттігі болса
оның өкілі сырттай шешімді бұзу туралы сотқа арыз беруге құқылы.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар болған іске
қатысушы тұлғалардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.
Егер сырттай шешім бұзылып, істі қарау қайта жалғастырылғаннан кейін
істің қаралатын орны мен уақыты туралы тиісінше хабарланған жауапкер сот
отырысына келмесе және істі қарауды кейінге қалдыру жөнінде өтініш
бермесе, онда істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жол берілмейді.
Мұндай сот отырысының шешімі сырттай шығарылған болып есептелмейді және
тек апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен шағымдалады.

Отырыстың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған,
келмеуінің белгілі себебі туралы хабарламаған және өзі болмаған кезде істі
қарауды сұрамаған жауапкердің сот отырысына келмеуі іс бойынша сырттай іс
жүргізу үшін негіз болып табылады.
Іске қатысушыларға және олардың өкілдеріне сотқа шақыру қағаздарын,
хабарламаларды тапсыру тәртібі азаматтық іс жүргізу заңымен жан-жақты және
мұқият реттелген (АІЖК 131, 132-баптар). Солай бола тұра, судьялардың АІЖК
260-бабы 1-бөлігінің талаптарын орындамауы сот тәжірибесінде кеңінен орын
алған.
Мәселен, "Бірлік" КСК берешек сомасын өндіріп алу туралы Ю.В.П-ға
талап арызы бойынша Ақтөбе қаласы сот ғимаратында 2006 жылғы 18 қазандағы
және 2006 жылғы 31 қазандағы іс бойынша сот отырысының өтетін уақыты мен
орны туралы жауапкерге сот курьерінің жазбасына сәйкес қолхатпен табыс етіп
хабарлаған. Алайда, онда оның алғаны туралы қандай-да болмасын деректер
болмағандықтан жауапкердің іс бойынша тиісті түрде хабардар еткендігінің
дәлелі жоқ. Іс сырттай іс жүргізу тәртібінде 2006 жылғы 10 қазанда
қаралған.
Дегенмен, кейін белгілі болғандай, жауапкер 2006 жылғы 2 қыркүйекте
қайтыс болған, сол сот шешімін АІЖК 404-бабы негізінде жаңадан анықталған
мән-жайлар бойынша қайта қарауға әкелді. Нәтижесінде істі қайта қарау
соттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы ұйғарымымен АІЖК 247-бабы 5-тармағына
сәйкес, жауапкердің қайтыс болуына байланысты тоқтатылды. Бұл ретте, соттың
жоғарыда аталған ұйғарымының көшірмесі тараптарға жіберілгенін, соның
ішінде жауапкерге (қайтыс болғанға) жіберілгенін атап өткен жөн.
2006 жылғы 13 маусымда Алға аудандық сотының іс жүргізуінде
қабылданған М-ның некені бұзу туралы К-ға талап арызы бойынша азаматтық іс
бойынша істі әзірлеу үшін жауапкер талапкер арқылы беріп жіберген
шақыртумен шақырылған. Алайда, әзірлеуге де, алғашқы екі сот отырысына да
жауапкер келмеген.
Бұдан басқа, жауапкерге хабарлаумен почта арқылы жіберілген талап
арыз бен шақырту қағазының көшірмесі аталған мекен-жай бойынша оның
жоқтығына байланысты қайтып келді. Талапкердің айтуы бойынша жауапкер
үйінен мамыр айының соңында кетіп қалып, осы кезге дейін қайтып оралмаған.
Бірақ, істің қаралу орны мен уақыты туралы жауапкерге тиісті түрде
хабарланғаны туралы осы объективті деректер болған кезде сот сырттай шешім
шығарған. Соттың заңның анық және түсінікті талаптарын бұрмалауы АІЖК 263-
бабын бұза отырып, жауапкерге сырттай шешімнің көшірмесі жіберілмегенін
білдіреді.
Алакөл аудандық сотының 2006 жылғы 10 наурыздағы сырттай шешімімен
А-ның некені бұзу туралы Т-ға талап арызы қанағаттандырылған. Іс
материалдарында жауапкердің мекен-жайына оны сотқа шақыру туралы жеделхат,
сондай-ақ жауапкердің іссапарға кеткені туралы жеткізу қызметінің
хабарламасы болған. Тиісінше хабарлау жауапкерге жетпегеніне қарамастан сот
істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қараған.
Қазыбек би аудандық сотының сырттай шешімімен Б-ның Ж-ны пәтерден
шығару туралы талап арызы қанағаттандырылған. Алайда, бұл шешіммен келісуге
болмайды, өйткені соттың Ж-ға шақыртуы жауапкерге белгісіз жағдайдағы
тұлғаға табыс етілген не есікте қыстырылып қалдырылған. Сотта осындай
мәліметтер болғанымен, істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қараған. Мәселен,
"Т." ЖШС-нің ақша сомасын өндіріп алу туралы "АД" ЖШС-не талап арызы
бойынша азаматтық іс бойынша істі әзірлеу кезеңінде жауапкердің талап арыз
бойынша көрсетілген мекен-жайда, сондай-ақ әділет органдары арқылы белгілі
болған жаңа мекен-жай бойынша орналаспағаны белгілі болды.
Айтылған мән-жайларға қарамастан, 2006 жылғы 22 тамызда сот іс
бойынша сырттай шешім шығарды, алайда шешімнің көшірмесі жауапкердің осы
мекен-жайда болмағандығынан табыс етілмей, сотқа қайтарылды.
Алакөл аудандық сотының іс жүргізуіндегі Г-ның некені бұзу туралы Ж-
ға талап арызы бойынша азаматтық іс те заңды осылайша бұзудың мысалы бола
алады. Сотқа жауапкерді шақырту туралы сот шақыртуында "баласы" деп қол
қойылған белгісі бар түбіршек ұсынылды. Сот осы негізге ғана сүйене отырып,
істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы ұйғарым шығарып, кейін
талап арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
Айыртау аудандық соты Б-ның залалды өтеу туралы М-ға талап арызы
бойынша жауапкерге сот отырысының болатын уақыты мен орны туралы тиісінше
хабарламаған. Істе жауапкерге шақырту қағазын табыс еткені туралы белгісі
жоқ қолхат бар. Демек, соттың жауапкерге сот отырысы туралы тиісінше
хабарланды деп қорытынды шығаруы орынсыз.
Қызылорда қалалық сотындағы "Б К" АҚ-ның ақша сомасын өндіріп алу
туралы К-ға талап арызы бойынша азаматтық іс бойынша сот курьерінің қолымен
жасалған және қанағаттандырылған жауапкердің тұрғылықты жері бойынша
тұрмайтыны туралы акт негізінде сот отырысы өткізіліп, сырттай шешім
шығарылды.
Целиноград аудандық сотының 2006 жылғы 11 мамырдағы ұйғарымымен Б-
ның некені бұзу туралы Г-ға талап арызы бойынша істі сырттай тәртіпте
қарауға шешім етілді. Дәл сол күні талап арызды қанағаттандыру туралы
сырттай шешім шығарылды. Сонымен бірге, іс материалдары талапкерге де
жауапкерге де істің тыңдалатын күні мен уақыты туралы сот шақыртуы тіпті
жіберілмегенін растайды.
Шу аудандық сотының сырттай шешімімен Л-ның үйді сатып алу-сату
мәмілесін жарамды деп тану туралы А-ға талап арызы қанағаттандырылды.
Сырттай іс жүргізу тәртібіндегі істі қарау туралы ұйғарымда сот өз
қорытындысын жауапкердің аталған мекен-жай бойынша тұрмайтынымен, оның
басқа республикаға тұрақты қоныс аударғанын және оның тұрғылықты жерінің
белгісіз екендігімен дәлелдейді. Сонымен бірге, талап арызды жауапкердің
нақты мекен-жайы көрсетілген: Қырғыз Республикасы, Қ. ауылы, Б. көшесі, 7.
Алайда, жауапкерге талап арыздың көшірмесін жібермеген, істің сот
отырысында қаралатын күні туралы хабарламаған. Сот аталған іс жүргізу
әрекеттерін басқа мемлекеттің құзыретті сотына тапсыра отырып, жекелеген
сот тапсырмасын орындауы керек болатын.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының
2006 жылғы 4 тамыздағы сырттай шешімімен "АК" ЖШС-нің ақша сомасын өндіріп
алу туралы "КБЛ" ЖШС-не талап арызы қанағаттандырылды. Алайда, почта
тапсырысы арқылы хабарламамен жіберілген шақырту қағазы жауапкердің шақырту
қағазындағы мекен-жайда болмауына байланысты жеткізілмеді.
А. Ақтау қалалық сотына Б-мен некесін бұзу туралы талап арызбен
жүгінді. Арыздан белгілі болғандай, жауапкер сотталып кеткен және жазасын
бас бостандығынан айыру орнында өтеп жүр (Ақтау қаласында орналасқан түзеу
мекемесінде). Сот жауапкерге талап арыздың көшірмесін және 2006 жылғы 21
қаңтарда сотқа келуі туралы шақырту жіберді. Жауапкерден 2006 жылғы 19
қыркүйекте талап арызбен келіспейтіні туралы хабарлама келді. Өз кезегінде
А-дан ауырып қалуына байланысты істі өзінің қатысуынсыз қарай беру туралы
өтініш келіп түскен. Бұдан әрі сот 2006 жылғы 21 қыркүйектегі сот
отырысының хаттамасында жазылғандай мынадай әрекеттер жасаған: "Талапкер
Ақтау қаласында тұратын жауапкер Б-ның сот отырысына себепсіз келмей
қалғанын айтты. Сот кеңесу бөлмесіне кетті". Анықталған мән-жайларға
қарамастан, сот заңды және негізді деп санауға жатпайтын сырттай шешім
шығарды.

Егер талапкер істі жауапкер болмағандықтан сырттай іс жүргізу тәртібімен
қарауға келісім бермесе, сот істі талқылауды кейінге қалдырады және
жауапкерге жаңа сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы хабарлама
жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалса, сот істі
сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.
Заңның осы талаптары АІЖК 260-бабының 1 және 3-бөліктеріне негізделген.
Мәселен, А-ның пәтерді сатып алу-сату мәмілесін жарамды деп тану туралы Л-
ға талап арызы бойынша айыртау аудандық соты сырттай шешім мәтінінде "сот
істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға болады деп есептейді" деп
көрсетілген. Алайда, бұл жағдайда сотта осындай құқық болмаған, өйткені
талапкер істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға келісім бермеген кезде
сот істі қарауды кейінге қалдыруы және жауапкерге осы істің қаралатын күні
мен уақыты туралы қайтадан хабарлауы керек болатын.
Сот отырысының хаттамасынан көрініп отырғандай, сот істі сырттай іс
жүргізу тәртібінде қарауға талапкердің келісімін анықтамаған және ол туралы
ұйғарым шығармаған.
Сот отырысы туралы тиісті түрде хабардар болған жауапкер сотқа тағы
да келмей қалған кезде сот істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға
құқылы. Осындай мән-жайларда іс бойынша сырттай іс жүргізуге талапкердің
келісімі талап етілмейді.
Алакөл аудандық сотының 2006 жылғы 20 қыркүйектегі сырттай шешімімен
Т-ның некені бұзу туралы А-ға талап арызы қанағаттандырылды. Алайда,
талапкердің 2006 жылғы 29 тамыздағы арзында көрінгендей, ол істі өзінің
қатысуынсыз қарауды талап етіп тұрып алған. Сонымен бірге, істі сырттай іс
жүргізу тәртібінде қарауға жазбаша да ауызша да келісім бермеген.
Сот тәжірибесі істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қараған кезде
талапкерлер негізінен осындай нысандағы ерік іс жүргізу заңдарымен міндетті
еместігіне қарамастан сотқа істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы
жазбаша келісім береді.
Қостанай облыстық соты істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға
талапкердің жазбаша келісімін алып қойған дұрыс деп есептейді. Осы
қорытындының негіздемесіне мынадай себеп келтіреді: АІЖК 49-бабына сәйкес
талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының
мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру
жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға
дейін жол беріледі. Алайда, талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың
негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың сол отырысында сырттай іс
жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес (АІЖК 260-бабы 5-бөлігі). Демек,
облыстық соттың пікірі бойынша талапкерге сырттай іс жүргізудің тәртібі мен
ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оның келісімі туралы жазбаша растау алу
керек.
Осы ұсыныс назарға аларлықтай, өйткені сот тәжірибесінде заңдарды
біркелкі қолдануды қамтамасыз етеді және АІЖК 49-бабының және 260-бабы 5-
бөлігі нормаларының мазмұнына өзара үндестіреді.

Істі қарауға тиісінше дайындалмау, талап арыз материалдарын үстірт
зерделеу, сот актілерінің заңсыз шығарылуына әкеледі.
Мәселен, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры ақша өндіріп алу
туралы Б-ға талап арызбен сотқа жүгінді. Сотқа дейінгі әзірлеу барысында
сот жауапкерге сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы сот
шақыртуын әзірлеп, оны дұрыс емес мекен-жайға жіберді. Алайда, талап арызға
қоса берілген құжаттарда (айыптау қорытындысы, қылмыстық істі тоқтату
туралы қаулы) жауапкердің дұрыс мекен-жайы көрсетілген. Нәтижесінде ол
аталған күні сотқа келмей қалды. Өз кезегінде Алматы аудандық соты істі
сырттай тәртіпте қарап, 2006 жылғы 15 қыркүйекте талап арызды
қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарды. Дәл сол күні белгілі
болғандай, 2006 жылғы 8 маусымда осы сот Б-дан сол нысана мен негіздеме
бойынша, бірақ ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі агенттіктің талап арызы бойынша сол соманы өндіріп алу туралы
шешім шығарды. Осыған байланысты, сот өзінің сырттай шешімін шығарып, бұдан
әрі талапкердің келмеуіне байланысты арызды қараусыз қалдырды.
Шу аудандық сотының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы сырттай шешімімен
талапкерлер А. мен З. арасындағы үйді сатып алу-сату туралы мәміле жарамды
деп танылды. Талап арызда үйді сатушы З-ның 1998 жылғы 7 қыркүйекте қайтыс
болғаны тікелей көрсетілген. Осы факт арызға қоса берілген құжаттармен
расталып отыр. Осылайша, сот АІЖК 153-бабы 1-бөлігінің 1-тармақшасы
негізінде талап арызды қабылдаудан бас тартуы керек болатын.

Жауапкердің тұрғылықты жерінің белгісіз болуы істі сырттай іс жүргізу
тәртібінде қарауды және сырттай шешім шығаруды білдірмейді.
АІЖК 135-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жауапкердің іс жүзінде болған жері
белгісіз болған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымының, жергілікті өзін-өзі
басқару органының, немесе жауапкердің соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша
тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша
әкімшіліктің шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын
куәландыратын жазбамен олар сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға
кіріседі.
Алайда, соттар жауапкердің тұрғылықты жері белгісіз болған жағдайда
сырттай сот ісін жүргізу рәсімдерін істі қараудан аражігін әрдайым дұрыс
ажырата бермейді.
Мәселен, Т. Қаратал аудандық сотына өзінің және жауапкер Б-ның мекен-
жайын көрсете отырып некені бұзу туралы талап арызбен жүгінді. Кейін
талапкер сотқа жауапкердің белгісіз жаққа кетіп қалғанына сілтеме жасай
отырып, істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы өтініш берді. Істе
арыздан басқа деректер болмаған. Сот АІЖК белгіленген шараларды қабылдамай,
талап арызды қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарған.
"С" АБК-нің қарызды өтеу туралы "А" ЖШС-не талап арызы бойынша іс
сырттай іс жүргізу тәртібінде қаралған болатын. Іске екі рет сот талқылауы
тағайындалды, жауапкердің мекен-жайына жіберілген шақыртулар аталған мекен-
жай бойынша ондай адресаттың болмауына байланысты почтамен екі рет қайтып
келді. Осы факт сот приставы жасаған актімен де расталып отыр. Дегенмен,
істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы ұйғарымда сот жауапкерге
сот отырысы өтетін орын мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланғаны, сотқа
келмеу себебінің белгісіз екендігі, жауапкер өзінің болмаған кезінде істі
қарау туралы сұрамағаны туралы көрсетіпті. Алайда, ұйғарымда көрсетілген
мән-жайлар істегі мәліметтерге қайшы келеді.
Адресаттың (жауапкердің) көрсетілген мекен-жай бойынша болмауынан
сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы жауапкерге тиісті түрде
хабарланбағаны туралы объективті деректер болған кезде, сот істі сырттай іс
жүргізу тәртібінде қарауға құқылы емес.
Бұдан басқа, АІЖК 135-бабы 2-бөлігіне сәйкес, мемлекет мүдделеріне орай,
сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының жарақат алуымен немесе
денсаулықтың өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс болуымен келтірілген
зиянды өтеу туралы талап қою бойынша жауапкердің болған жері белгісіз
болған жағдайда сот жауапкерді ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы
арқылы іздестіру жариялауға міндетті. Соттың жауапкерді іздестіруді
жариялауы істі қарауға кедергі болмайды. Iздестiру шаралары барысында
жауапкердiң жүрген жерi анықталған кезде оған сотқа шақыру туралы соттың
шақыру қағазы табыс етiледi.

Жауапкер сот отырысына келмеуінің себептері белгілі болған кезде іс
сырттай іс жүргізу тәртібінде қарала алмайды.
Мәселен, Қазыбек би аудандық соты 2006 жылғы 15 тамызда "П" ЖШС-нің
материалдық залалды өтеу туралы О-ға талап арызы бойынша іс бойынша сырттай
шешім шығарды. Алайда, 2006 жылғы 14 тамызда сотқа науқастануына байланысты
істі тыңдауды кейінге қалдыру туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктері
Істі сотта қарау
Сот шешімі
Еңбек дауларының ұғымы
Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
Сот шешімінің заңды күшіне енуі
ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ СОТ АКТІЛЕРІНІҢ КҮШІН ЖОЮҒА НЕГІЗДЕР
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы істерді сотта қарау ерекшеліктері
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Пәндер