ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
I. ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ6
1. 1. Табу мен эвфемизмдер жайлы жалпы түсінік6
1. 2. Табу мен эвфемизмдердің отандық тіл білімінде зерттелуі10
1. 3. Табу мен эвфемизмдердің ағылшын тіл білімінде зерттелуі18
II. ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ АУДАРМА НҰСҚАДА БЕРІЛУІ35
2. 1 Аудару барысында табу мен эвфемизмдердің мағынасын анықтау тәсілдері35
2. 2. Табу мен эвфемизмдерді аударудағы әдістер44
2. 3. Табу мен эвфемизмдерді аударудағы қиындықтар52
ҚОРЫТЫНДЫ58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі59
КІРІСПЕ
Соңғы онжылдықта «тілдің құрылымын» зерттеудің орнын «тілдің әрекет барысында» зерттеу, яғни сөйлеу барысында қарастыру басып келеді. Бірінші орынға оның қоғамдық қызметі шығып, тілдің адам коммуникациясының құралы ретіндегі мәселелері зерттеу объектісіне айналды. Негізгі қарым қатынас құралы ретінде тіл, адам өмірінің барлық өзгерістеріне бейімделіп, қоғаммен құрылып, шыңдалады.
Жаңа ғылыми парадигма, өзінің айқын антропоцентристік бағытымен табу мен эвфемизмдерге тек коммуникация формасы ретінде ғана емес, мәдениет бөлшегі, лингвистік ғана емес экстралингвистік фактор ретінде жол ашты. Табу мен эвфемизмдерге деген XXI ғасыр әдебиеті мен публицистикасындағы артып келе жатқан қызығушылық табу мен эвфемия көп аспектілі феноменін жаңаша зерттеумен, тілдік құралдар арқылы оларда көрініс тапқан коннотативті ақпаратты интерпретациялау қажеттілігін де тудырады. Табу мен эвфемизмдерді зерттеудің ерекше маңыздылығы қазіргі заманғы тіл білімінің қоғамның өзіндік әлем бейнесін, автор мен адресаттың тілдік тұлғаларының эвфемизмдерді жасаушы мен оның реципиенті арасында қарым-қатынас орнауы барысында, және эвфемизмдерді пайдалану контексті ерекшеліктерін зертеуге деген қызығушылығынан туындайды.
Сонымен қатар, табу мен эвфемизмдерді лингвистикалық және мәдениетаралық факторлармен байланысты қарастырылатын тілдік құрал ретінде зерттеу олардың ерекше мәдени құндылық екендігін таныта түседі. Мұнын себебі, біріншіден, мәдениетаралық қарым қатынас кең етек жайған кезеңде табу, эвфемизмдерді дұрыс түсіну әрі қабылдай білу нәтижелі келіссөздер кепілі. Екіншіден, бұл -көпұлтты Қазақстан жағдайында біздің қоғамның да ажырамас бөлігі. Себебі барлық тілдерде табу мен эвфемизмдер сол тілді тұтынушы этностың (ұлттың, халықтың, тайпаның, рудың) тарихына, мәдениетіне, шаруашылығына қатысты болады. «Егер халық пен тілді біртұтас құбылыс деп қарасақ, - дейді академик Ә. Қайдаров, тіл-халық өмірінің материалдық және рухани байлықтарын бойына жинаған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын баға жетпес байлық».
Осы жұмыс табу мен эвфемизмдердің аудармада берілу жолдарын талдауға арналған. Тіліміздегі көркемдік қуаты күшті осы тілдік бірліктер үлкен қызығушылық туғызып келеді. Ағылшын тілдік бейнесінде қоғам дамуына байланысты тез өзгеріске түсіп отыратын бұл құбылыстардың өзіндік ерекшелігі бар. Атап айтқанда, нақты тілдік жағдай мен коммуниканттар дәрежесіне, мәдениет типіне, ұлттық психологияға, қоғамның құндылықтар жүйесіне деген тәуелділігі анықталуы қажет.
Тақырыптың өзектілігі: табу мен эвфемизмдердің лингвистикалық және лингвомәдени зерттеулерде толық қарастырылмағандығына, сондай-ақ, олардың лингвомәдени құбылыс ретінде үлкен қызығушылық тудырып отырғандығына байланысты анықталады. Саяси төзімділікке негізделген коммуникация барысында тұлғааралық сыпайылықтың деңгейіне қатысты айқындалады, соған сәйкес әлемнің тілдік бейнесі ретінде көрініс табады, яғни:
- табу әр халыққа тән мәдениет призмасы арқылы қабылданып, талданады;
- эвфемизмдер тілдік мәдениет пен қоғамдық нормамен сабақтаса қарастырылады.
Зерттеу нысаны: ағылшын тіліндегі табу мен эвфемизмдердің қазақ тіліндегі аудармада берілуі.
Зерттеу пәні: қазіргі ағылшын тілінің этникалық және әлеуметтік ерекшеліктерін білдіретін табу мен эвфемистік бірліктер.
Жұмыстың мақсаты: қазіргі ағылшын және қазақ тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер сипаты, олардың аудармада берілуі: семантикасы және аударылу ерекшеліктері, тілдік қатынастағы рөлі.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сәйкес, келесі міндеттер қойылған:
- Табу мен эвфемизмдер мәселесіне қатысты отандық және шетелдік ғалымдрдың зерттеулеріне шолу және теориялық деректерді жүйелеу;
- Табу мен эвфемизмдерді аударудағы негізгі тәсілдерді анықтау;
- Табу мен эвфемизмдердің аударудағы өзіндік ерекшеліктер мен қиындықтарды көрсету.
Ағылшын тіліндегі табу мен эвфемизмдердің қазақ тіліне аударудағы тәсілдерін публицистикалық материалдар арқылы анықтау мен жүйелеу жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: салыстырмалы, салғастырмалы талдау; сипаттау; жүйелеу; жинақтау; компоненттік талдау қолданылды. .
Зерттеудің теориялық негізі: отандық және шетелдік ғалымдардың табу (Ә. Ахметов, Ә. Болғанбаев, Д. Фрэзер, . К. Зеленин, Б. А. Ларин, Г. Б. Антрушина, М. А. Аполлова, И. В. Арнольд және т. б. ) мен эвфемия (Ә. Хасенов, Ә. Ахметов, С. Ульман, Э. Бен-Венист, А. М. Кацев, Л. П. Крысин, Р. Холдер, Л. П. Крысин, Е. П. Сеничкина, K. Allan, K. Burridge, J. Lawrence) тақырыбындағы жұмыстары алынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары тіл білімінің лексикология, аударматану салаларына қатысты пайымдау жасауға мүмкіншілік береді.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Зерттеудің тұжырымдары мен түйіндері, нәтижелері мен қисындары табу мен эвфемизмдерді кешенді түрде зерттеуде, жоғары оқу орындарында тіл тарихы, орта мектептер мен гимназиялардағы стилистика туралы сыныптан тыс жұмыстарда, сонымен қатар сөзжасам саласындағы зерттеулерді толықтырып, жан-жақты зерттеуге де өз септігін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Берілген дипломдық жұмыс кіріспеден (кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, пәні және объектісі көрсетіледі), негізгі бөлімнен (екі тараудан), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбы өзектілігінің негіздемесі беріліп, объектісі және пәні анықталды, жұмыстың мақсаты, міндеттері, жұмыс болжамы қалыптастырылып, жетекші идея, ғылыми жаңалық, теориялық және практикалық маңыздылықтар ашылып, зерттеу әдістері жайлы мағлұмат берілген.
Бірінші бөлім « Эвфемизмдер мен табудың зерттелуі». Эвфемизмдер мен табу жайлы жалпы түсінік. Эвфемизмдер мен табудың отандық және шетелдік тіл білімінде зерттелуі сұрақтарына арналған.
Екінші бөлімде «Эвфемизмдер мен табудың аударма нұсқада берілуі». Табу мен эвфемизмдерді аудармада беру жолдары. Аударма барысында туындайтын қиындықтарды анықтап, талдауға арналған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі жұмыс барысында талданған тіл білімі, этнолингвистика, аудармтану саласындағы әдебиеттерден және сөздіктерден тұрады.
I. ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1. Табу мен эвфемизмдер жайлы жалпы түсінік
Табу мен эвфемизмдер тіл білімінің ұзақ зерттелген бөлігі болып табылады. Бірақ, тілдік табу мен оларды алмастырушы құралдар екі жүз жыл бойы зерттелсе де, эвфемизм мәселесінің көптеген аспектілері толық қарастырылмаған немесе қарама қайшылықты болып келеді. Оларды әр түрлі бағыттағы және көзқарастағы лингвистер зерттеді. Соның ішінде отандық және шетелдік: Д. К. Зеленин, Б. А. Ларин, Р. А. Будагов, Вандриес, О. Есперсен, В. Хаверс, С. Ульман, Э. Бен-Венист, Ә. Хасенов, Т. Жанұзақ, Ә. Ахметов, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, Б. Сағындықұлы сынды ғалымдар бар. Көптеген ағылшын лингвистерінің тұжырымдамалары бойынша эвфемизмдер ағылшын тілінің лексикасы мен фразеологиясының басым бөлігін алып жатыр.
«Табу» түсінігі
ТАБУ. 1. Ағл. taboo, дөрекі және қолайсыз сөзді қолданудан қорыққаннан, мифологиялық сенімнен, наным - сенімнен, діннен сондай-ақ, цензуралық шектеуден қолдануға тиым салынған сөз. Мысалы, қазақ тілінде: өлді- жан тәсілім етті, дүние салды, о дүниеге аттанды; ағылшын тілінде: Сripple (мүгедек) -physically different (дене бітімі басқа) ; fat (семіз) - big boned, differently sized (сүйегі ірі) деген қолданылады.
2. Ағл. taboo (тиым), әртүрлі лингвистикалық емес факторлармен (наным - сенім, цензура мен дәстүрлі тиымдар) анықталатын, сөзді пайдаланудағы шектеу. Табудың түрлері: вербалды емес табу, вербалды табу және екінші ретті табу [1, 187] .
Табу - индонезия тілінен алынған термин: тыйым салу деген сөз. Меланезия мен Палинезияда бұл сөздің капу, тапу, тамбу деген синонимдері бар. Олардың да мағынасы - тыйым салу. Табу құбылысы адамзаттың әлсіз кездерінде туған. Ең алдымен этнографияға, адамзаттың діни наным - сеніміне, әлденеге сиынуына байланысты шыққан. Ерте замандардағы соқыр сезім мен сенім, адамзаттың әр нәрсеге, әр құбылысқа табынуы, олардың ең киелі, ең құдіреті күшті деп саналуы тіл-тілде өзінің ізін қалдырған. Табу алғашында мифологиялық сенім - наным, қорқыныш сезімдерге байланысты қорытынды тұжырымдар жасау нәтижесінде пайда болған. Осындай белгілі бір себептерге сай, тіл-тілде кейбір сөздер мен сөз тіркестерін өзінің тура атымен атамай, басқаша, екінші бір келтірінді сөздермен, кейде мүлдем тұспалдап, алмастырып жеткізетін болған.
Ақиқаты, табудың ең басты принципі - сол құбылыс пен заттың дәл атын атауға тыйым салу. Зерттеушілердің айтуынша, табудың алғашқы шыққан жері, түп - төркіні, «отаны» - полинезия тайпалары. Полинезиялықтардың қоғамдық өмірінде бұл құбылыс күні бүгінге дейін кең етек жайған.
Табу- тілге қатысты этнографиялық түсінік. Табу қоғам дамуының әртүрлі даму деңгейлерінде, қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында пайда болатын тыйымды білдіреді. Ол полинезиялық тілдердің бірінен аударғанда: ta - атау, ерекшелеу, ри - толықтай; сонда, tapu > tabu «толықтай ерекшеленген», «ерекше белгіленген» дегенді білдіреді. Осылайша, қоғамдық дамудың төменгі сатысындағы халықтарда (полинезиялықтар, зулустар, эскимостар) табу сөздер мифологиялық сенім негізінде пайда болады.
Өлім, ауру атаулары, құдайлар мен аруақтар атауларына тиым салынады; әдетте тайпа аулайтын аң атауы да табуға айналады: to die - to kick the bucket, to go off the hooks, to pass away, to breathe one’s last, to close one’s eyes; devil -the Prince of Darkness немесе dickens; God -Lord!, Good heavens!, Gracias me!
Табудың тарихы.
Табу-адмдардың әр түрлі әрекеттеріне қатысты жағымсыз ережелер (үзілді кесілді тиым), оларды бұзу тиісті жазаға әкеп соғады. Олар әлеуметтік, діни және магия негізінде алғашқы қауымдық қоғам кезінде пайда болып, қалыптасқан. Табу арқылы олар топтар (отбасы, ру, тайпа және т. б. ) мен мүгедектердің өмірін реттеп отырған. Абыздар мен тайпа көсемдерінің тиымдырдың жиынтығы адам өмірінің әр түрлі салаларын қамтып, сөздерге (адамдардың, қайтыс болғандардың, жындардың, құдайлардың, аңдардың аттарын атауға тиым) ; адамдарға (әйелдер, жауынгерлер, басшылар) ; адам денесі мен дене мүшелеріне; әр түрлі әрекет түрлері мен формаларына; әр түрлі заттар мен зат символдарына (жер, қару, тұмар және т. б. ) да тараған. Сол кезеңдегі наным сенімдер мен салт-дәстүрлерге сәйкес, тиымды бұзу «жоғарғы күштердің» қаһарын (ауру-сырқау, өлім) және қоғам мен оның көшбасшыларының әр түрлі жазасын туғызған. Баяғы заманда және қазіргі кезеңдерде табу әлеуметтік бақылау мен әлеуметтік басқарудың құралы болған. Тарихи даму үрдісінде трансформацияланған табулардың бір бөлігі адамгершілікке, дінге, құқыққа әр түрлі көзқарастар (мысалы, күнә жайлы), құндылықтар мен нормалар (мысалы, ислам мәдениетіндегі адамды бейнелеуге тиым және т. б. ) түрінде енді. Табу алғаш рет 1771 жылы Дж. Кукпен Тонга аралындағы аборигендерге қатысты дәстүр ретінде аталған деп есептелінеді. Табудың пайда болуы мен мәні, қызметі жөніндегі концепциялардың ішінде ең танымалдары:
- магиялық (тиымды практикалық магияның жағымсыз формасы ретінде, яғни магияның позитивті формасы - сиқырдан жеке қарастырады - Фрэзер және т. б. ) ;
- діни (табуды «қасиетті заң» ретінде түсіндіретін және жындарға табынуға қатысты тиымдар- Тайлор және т. б. )
- психологиялық ( табуға психоаналитикалық талдау беретін, оны алғашқы мораль үлгісі мен өркениеттің бастамасы ретінде қарастыратын - Фрейд және т. б. )
- антропологиялық (табуды әлеуметтік бақылау формасы ретінле түсіндіретін - Малиновский және т. б. ) [2, 95]
Табу сөздерді алмастыру үшін басқа сөздер, яғни эффемизмдер қажет.
«Эвфемизм» түсінігі
ЭВФЕМИЗМ (антифразис) ағл. euphemism, қандай да бір құбылысты не затты тура емес, жасырын, сыпайы, жұмсартып айтуда қолданылатын троп. [1, 165] .
Эвфемизмдер - бұл ауыстыру, тыйым салынған (табу) сөздер орнына қолданылатын, рұқсат етілген сөздер. Эвфемизм - гректің “ euphesmeos ” - «әдепті сөйлеу» деген сөзінен шыққан.
Эвфемизм термині алғаш рет антикалық авторлармен қолданылған. Оның шығу тегі жалпыға мәлім: термин гректің «жақсы», «сөз», «сөйлеу» дегеннен шыққан. Алғашқысында ол «жақсы», «жақсылыққа бастайтын» сөздерді айтумен, жамандық шақыратын сөздерден бас тарту ретінде қабылданған. Адамдар бұл тілдік құбылысты ерте замандардан біліп қолданған. Ол бүгін де өзекті мәселелер қатарында. Бұл құбылыстың негізін адамдардың ойлау жүйесінен іздеу керек, себебі эвфемизм жай ғана тілдік феномен емес, ол адамдардың шындықты ерекше жолмен құруға деген қабілетінің көрінісі. Қолайлы сөзді пайдалана отырып адамның шындық пен шиеленісті төмендетуге тырысуы:
insane asylum орнына mental hospital, mental health clinic;
mad орнына insane, mentally unstable, unbalanced;
old орнына senior, advanced in years;
retire on a pension орнына retirement .
Дамудың жоғарырақ сатысында, мысалы шаруалар арасында халықтардың қалыптасуы барысында табуға наным сенімдер мен ырымдар негіз болған. Осыдан өлімді атау үшін эффемизм іздеу басталады: өлудің орнына: дүниеден қайту, о дүниеге аттану, жан тапсыру, жан тәсілім ету т. б.
Бүгінгі заманда табуға цензуралық тиым негіз бола алады (әскери не дипломатиялық құпия) : сондықтан мемлекеттердің, қалалардың, мекемелердің, әскери бөлімшелердің не тұлғалардың аттары әріппен алмастырылады. Мысалы, N (эн), NN (эн-эн), X, Y, Z қаласы ( Икс, Игрек, Зет қ. ) ; не сөз тіркесімен беріледі : бір көрші мемлекет; бір дипломатиялық өкіл т. б.
Дамыған қоғамдық ортада сөздерді табуға айналдырудың тағы бір себебі этикет, яғни дөрекі не әдепсіз сөйлеуден сақтану. Мысалы:
blow one’s nose орнына to clear one’s nose;
pregnant орнына in an interesting condition, in a delicate condition, expecting ;
Тілдік табу мен эвфемия бұл өте қиын әрі көпжақты құбылыс. Ол үлкен тәрбиелік, оқытушылық әрі дамытушы күшке ие.
Қарапайым лексикамен салыстырғанда, эвфемизмдер қоғамдық «дөрекі» және «қолайлы» деген бағалауға тәуелді. Эвфемизмдердің дәрежесінің тарихи құбылмалылығы да осыған байланысты: бір ұрпақ үшін сәтті эвфемистік атау болған сөз келесі ұрпаққа қолайсыз, дөрекі, эвфемистік ауыстыруды талап ететін болып көрінуі мүмкін.
Эвфемизм, тура емес, перифраздық, сонымен қатар затты, қасиетті, іс-әрекетті жұмсартып білдіретін тәсіл ретінде литотамен (екі ретті жоққа шығаруға негізделген әсерлілік құралы) немесе мейозиспен (сөз болып отырған заттың, үрдістің, әрекеттің қасиеттерін арнайы азайтып көрсету) ұқсас болып келеді. Мысалы: сіздікі дұрыс деп ойламаймын- сіздікі дұрыс емес (литота), ол жаман жүзбейді- жақсы жүзетін адам туралы (мейозис) .
Эвфемизация үрдісі, адамның сөйлеу әрекетін құратын үш негізгі үрдістің бірімен, яғни номинация үрдісімен тығыз байланысты (қалған екеуі: предикация мен бағалау) . Этикалық, мәдени, психологиялық және қандай да бір басқа себептермен атлмайтын немесе қиындықпен аталатын нысандар эвфемистік алмастыруларды қажет етеді. Ал номинацияларды жаңарту қажеттілігі мәдени қоғамда дөрекі, қолайсыз саналатынды қайта-қайта өзгертіп, жұмсарту талабымен түсіндіріледі.
Тілдік тәсілдер мен эвфемизация құралдары:
- «Диффузионды» мағынаға ие анықтауыш сөздер: қандай да бір, белгілі, тиісті, тиесілі және т. б. Мысалы: менің бұған аздаған қатысым бар- сөйлеуші болған жағдайға тікелей қатысты болғанда, аздаған ирониямен айтылуы мүмкін (ол айтылып отырған кітап авторы және бұл жобаны дайындауға қатысқан) ;
- Нақты заттар мен түсініктерді атауға пайдаланылатын, жалпы мағынаға ие номинациялар: акция, бұйым, нысан, өнім, мекеме және т. б.
- Тарихи лексикаға қарағанда құбылыстың негізін бүркемелеуге қолайлы кірме сөздер мен терминдер: бағаларды либерализациялау, канцер (қатерлі дерт орнына), конфронтация (қару қолданып қарсы тұру орнына) .
- Мемлекттік және әскери құпияларды жасыруға, репрессивті салаға тиесілі аббревиатуралар.
- Әрекеттің толық еместіген немесе қандай да бір қасиеттің аздаған белгісін білдіретін сөздер, яғни өз мағынасында емес, эвфемизм ретінде пайдаланылатын: ол дұрыс естімейді (саңырау адам жайлы), ол ақсаңдайды (ақсақ жайлы) [3, 27] .
Эвфемизм өзіндік ерекшелікке ие. Ол эвфемизмнің лингвистикалық табиғатымен қатар, басқаларға қарағанда жиі эвфемизацияға ұшырайтын тақырыптарда да, эвфемизмдерді пайдалану салаларында да, тілдік құралдар мен тәсілдер типтерінде де, эвфемизмдердің әлеуметтік бағалауының әркелкілігінде де көрініс табады.
1. 2. Табу мен эвфемизмдердің отандық тіл білімінде зерттелуі
Табу мен эвфемизмдердің қазақ тілі лексикологиясының сөздік қорынан алатын орны ерекше. Бұл сөздер тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, қолданыстағы өте маңызды сөздер тобына жатады. Олар адамдар бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түскенде этиканы, сыпайыгершілікті, моральдық нормаларды сақтауға септігін тигізеді. Табу мен эвфемизмдер адамның ойының дамуына, тереңдеуіне, жандануына көмектеседі.
Табу негізінен алғанда этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге, оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның, дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тиым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылыс әдетте табу деп аталады. Кейбір заттарды өз атымен атамау (табу) теріс ұғым, қате түсініктен, «ерекше күшке» сеніп, сана- сезімнің дінге шырмалуынан туған.
Сондай- ақ, ерте кезде аңшыларда «аң адам тілін ұғынады, өздерінің аттарын естісе, қашып кетеді» деген түсінік болған да, олар аңдарды тікелей өз атымен атамай, басқаша сөзбен атайтын болған. Мысалы, алтайлық аңшылар аңда жүргенде тиінді шарбақ, чирбақ (саусақ), абаш құртұ (ағаш құрты) деп атайтын болған.
Табу немесе тыйым магиядан, атап айтқанда, оның теріс принциптерінен тұратын тармағынан туындайды. Ол принциптердің негізінде «пәлендей іс әрекет істеме, істесең пәле-жалаға тап боласың» сияқты қорқыныш тудыратын наным-сенім жатыр. Ертерек кезде ескі ауылда «найзағайды тікелей өз атымен атаса, оның адамға түсуі мүмкін» деген қате түсініктің салдарынан оны «жасыл» деп те атаған. Табу өзін туғызған қараңғылық, дінге сенушілік, ескілікпен бірге ұмытылып та кетті.
Осы анықтама тұрғысынан қарағанда, табу мен оларды алмастырып отыратын эвфемизмдерді этнографиялық лексикаға жатқызған дұрыс. Өйткені кез келген этнографиялық лексиканың сыртында белгілі бір этнографиялық ұғымдардың, тұратыны сияқты табу мен эвфемизмдердің сыртында да олармен ұштасып, астарласып жататын этнографиялық ұғымдар, атап айтқанда, дәстүрлі наным -сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, қоғамда қалыптасқан тіл мәдениетімен байланысты этикалық нормалар тұрады. Мәселен, түркі тілдерінің көпшілігінде табуға айналған қасқыр, бөрі, құрт деген сөздер мен олардың орнына қолданылып жүрген қазақ тіліндегі ит-құс, қара-құлақ, серек-құлақ, теріс азу, қара ауыз, ұлыма деген сөздер мен сөз тіркестерінің бәрі де этнографиялық мәнге ие болған лексика. Өйткені олардың лексикалық мағыналарының сыртында да дәстүрлі наным сенімдерден туындайтын «атын атаса, қасқыр малға шабады немесе адамға қастандық істейді деген» сияқты этнографиялық ұғымдар жатыр, әрі ондай лексика қазақ тілінде аз емес. Олар -сөздік қордың ерекше қабатын құрайтын бір жүйеге жататын топ. Демек, оларды этнография мен лингвистика тұрғысынан жеке жеке қарастырғаннан гөрі этнолингвисти- калық біртұтас объект ретінде бірге зерттеу анағұрлым ұтымдырақ [2, 176]
Сөздерге салынатын тыйымның діни наным сенімдер мен әдет ғұрыптардан басқа да әлеуметтік себептері бар. Олар толық тоқталуды қажет ететін-моральдық этикалық нормаларға, өлімге анатомия мен физиологияға, ресми цензураға, отбасына және тіл мәдениетіне байланысты қалыптасқан табу мен эвфемизмдер.
- Өлімге байланысты туындған эвфемизмдер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz