Адам және азаматтардын бірлесу құқықтарына қойылатын конституциялық шектеулер
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Адам және азаматтардын бірлесуге конституциялық құқығы және негізгі
құқықтар жүйесіндегі алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...6
1.1 Адам және азаматтардын бірлесуге конституциялық құқығының түсінігі және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының принциптері адам
және азаматтардын бірлесу құқықтарының кепілдігі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.3 Адам және азаматтардын бірлесу құқықтарына қойылатын конституциялық
шектеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2 Қазақстан республикасының қоғамдық-саяси институттарының конституциялық-
құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.1 Қазақстан Республикасының саяси партиялардың және қоғамдық
бірлестіктердің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...40
2.2 Саяси партиялардың, маманданған одақтардың және қоғамдық
бірлестіктердің басқа да әр түрлі бірлестіктердің қызметін конституциялық-
құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..62
Кіріспе
Зерттеп отырған тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әлемнің ең
дамыған құқықтық мемлекеттеріндегідей Қазақстан Республикасында да адам
құқықтары мен бостандықтарына мемлекет мүдделері алдында басымдық берілген.
Қазақстанның мұндай демократиялық бағытты таңдауы қоғамдағы құндылықтарды
бағалауға әкеліп отыр. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
қазіргі кездегі Қазақстан қоғамының ең басты құндылығы, қазынасы, байлығы.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезенінде азаматтардын қоғамдық
бірлестіктерге бірігу құқығы саяси-әлеуметтік құқықтардын ішінде негізгі
орынға ие. Қазіргі уақытта өркениетті, демократиялық мемлекеттерде қоғамдық
бірлестіктер конституциялық құрылыстың құрамдас бөлігі ретінде танылады.

орынға ие. Мемлекеттін демократиялық дамуы азаматтық қоғамның маңызды
институттарының бірі - қоғамдық бірлестіктрсіз мүмкін емес. Азаматтардың әр-
түрлі қоғамдық бірлестіктерде интеграциялануы оларға қоғам мүддесін
қамтыған әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге
асырылуына қатыса алуларына және қоғамның әр-түрлі топтарының мүдделерін
ескеруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта өркениетті, демократиялық мемлекеттерде қоғамдық

Қазақстан Республикасының Президенті 1998 жылдың 30 қыркүйегіндегі
жолдауында мемлекеттін демократизациялу үрдісінің маңызды элементтерінің
қатарына ... азаматтық қоғамды қалыптастыруда мемлекеттік емес ұйымдардың
ролін арттыру деп есептейді. Жолдауда мемлекеттік емес ұйымдар арқылы
халық мемлекеттін саяси өміріне белсенді қатыса алу мүмкіндігіне ие болып,
өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік алады делінген.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы даму кезеңінде адамдардың
бірігу құқықтарын жүзеге асрыуға мүмкіндік беретін құқықтық негіз
қалыптасқан, сонда нормалардың бірі Қазақстан Республикасының Конституциясы
саналады.
Сонымен қатар қалыптасқан нормативтік құқықтық актілердін көптігіне
қарамастан қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың бірлесу құқықтарының
жүзеге асырылуының мәселелері қазіргі таңның өзекті мәселелерінің қатарына
кіреді. Қоғамның демократизациялау үрдісі мен мемлекеттін қоғамдық
институттарға ерекше көніл аудару кезінде, мемлекет пен қоғамдық
институттар серіктес ретінде қарастырылу барысында адам және азаматтардың
бірігу құқығы мен қоғамдық бірлестіктердің түрлері мен олардын ара-
жіктерінің айқындалуы мемлекеттегі өзекті мәселелер қатарына жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Адам және азаматтардың бірлесу құқығы мен
әлеуметтік құқықтарының Конституцияда бекітілген негіздерге сай жүзеге
асырылуын қамтамасыз ету және әлеуметтік мемлекеттің алдында тек саяси-
әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етуді ғана мақсат етіп
қана қоймай, адам құқықтары мен бостандықтарының барлық түрлерінің іске
асуына ықпал етіп отырылуы қажет.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Адам және азаматтардың бірлесуінің конституциялық құқықтық түсінігі
және бірлесуге кепілдігінің мазмұнын ашу
2. Адам және азаматтардын бірлесу құқықтарына қойылатын конституциялық
шектеулерін атап өту
3. Әлеуметтік мемлекет түсінігі және әлеуметтік мемлекеттегі адам және
азаматтардың құқықтық мәртебесін
4. Конституцияда бекітілген әлеуметтік құқықтарының жүзеге асырылуы мен
рухани және мәдени құқықтардың Қазақстан Республикасы Конституциясында
бекітілуін тап көрсету
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде азаматтардың бірлесу және
әлеуметтік құқығының мазмұны мен мәні және демократиялық мемлекет құрудағы
маңыздылығы. Қазақстан Республикасындағы құқықтық, демократиялық және
әлеуметтік мемлекеттің құру процессіндегі қоғамдық бірлестіктердің мәнін
анықтау болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде адам және азаматтардың ұйымдарға бірлесу құқығы
мен әлеуметтік құқықтарының жүзеге асырылуы мен Конститутцияда бекітілуі,
сондай-ақ қазіргі кездегі әрекет ететін конституциялық заңдылықтардың, адам
және азаматтардын бірлесуге конституциялық құқығының әрекет етуіндегі
реттеуді қамтамасыз етілуі мен оның қолданылу тәжірибесі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заң әдебиеттерінде адам және азаматтардың
бірлесу құқықтарын реттеу мәселесі боыйынша, қоғамдық бірлестіктердін
түрлері мен олардың құқықтық – ұйымдастырушылық негіздерінің мәсеклесі
бойынша көптеген зерттеулер жасалынған. Осы бағытта ғылыми құндылығы мен
тәжірибелік маңызы бар келесі қазақстандық және ресей ғалымдарының
монографиялық еңбектері мен мақалаларын атап өтуге болады: Авакьяна С.А.,
Амандыкова С.К., Ащеулов А.Т., Баглай М.В., Баймаханов М.Т., Көбеева Е.Қ.,
Сартаева С.С., Сапаргалиева Г.С., Юдина Ю.А. және тағы басқалары.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аталмыш мәселе бойынша, оның ішінде
Қазақстан Республикасының конституциялық дамуындаңы қоғамдық институттардың
дамуы мен олардың қызметінің құқықтық реттелуі мен реттеудің тиімділігіне
арналған арнайы монографиялық зертттеулер жоқ. Негізінен конституционалист
ғалымдар тек осы мәселенің бір жақ қырын қарастырумен ғана шектеліп қояды.
Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтардың
қоғамдық бірлетіктерге бірігу құқығының мәселесі өзекті мәселелер қатарына
жатады деп айтуға болады.
Зерттеу жұмысының методологиясы. Дипломдық жұмыс зерттеуінің
әдістемелік негізін жалпы ғылыми (талдау, синтез, жүйелі-құр-лымдық және т.
б.), жеке ғылыми (нақты-әлеуметтік, қисынды-заңдылық, тарихи-құқықтық,
салыстырмалы-құқықтық) зерттеулер мен әдістер құрайды.
Диплом жұмысындағы ұсыныстар мен қорытындылар құқықтың жалпы
теориясының тұжырымды жағдайларына, салалық заң ғылымдары кезінде
азаматтардың бірігу мәселесінің маңызына байланысты конституциялық-құқықтық
проблемалар бойынша кешенді талдау жүргізген заң ғылымы өкілдерінің
еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
Оның тұжырымдары мен ұсыныстары әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
мәселелерін талқылау үшін тиімді қажетті алғышарттарды құрады сондай-ақ
әкімшілік мәжбүрлеу шаралары мәселесін конституциялық-құқықтық табиғатын
теориялық және тәжірибелік тұрғыдан сәйкестілігін ашу қылмыстық заңды одан
әрі жетілдіруге мүмкіндік береді және де конституциялық-құқықтық базаны
теориялық тұрғыдан толықтырады.
Жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерінде Конституциялық құқық,
Адам және азаматтардың конституциялық құқығы және арнайы курстарын оқьпу,
сондай-ақ оқулық және әдістемелік құралдарды даярлау барысында, сонымен
бірге құқық қорғау органдарында қызметтік дайындық, біліктілікті арттыру
курстарында қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу мақсатына негізделген. Дипломдық
жұмыс бас беттен, кіріспеден, екі бөлімнен, оның бес бөлімшелері бар,
қорытындылардан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Адам және азаматтардын бірлесуге конституциялық құқығы: адамның және
азаматтың негізгі құқықтар жүйесіндегі алатын орны
1.1 Адам және азаматтардын бірлесуге конституциялық құқығының түсінігі
және мазмұны
Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы, басқа да
негізгі құқықтарымен қатар, әлеуметтік-саяси және заңдық маңыздылығы жоғары
және де өмірлік мақсаттарын жүзеге асырудағы адамның іс-әрекетіндегі едәуір
рөл атқарады. Жеке тұлғаның дәрежесі өскен сайын, оның ұйымдастыратын
одақтар мен ұйымдардың заңдық негізі де өзгеріп отырады. Қоғамдық
бірлестіктер арқылы (ұйымдар мен одақтар ж.т.б.) жеке тұлға өз мүдделердың
жалғасын және өзіндік дамуын табады.
Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық мәселесін
зерттеуі тек ұлттық заң шығарушы органдар деңгейінде ғана емес, сонымен
бірге қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттар деңгейінде де өзекті болып
табылады.
Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың мазмұнын ішкі
мемлекеттік және халықаралық-құқықтың деңгейінде салыстырмалы зерттеуді
жүргізгенде қоғамның саяси жүйесінің даму тенденциясын, мемлекеттік
органдарының әрекетін, демократиялық институттар көріністердің дұрыс
бағалауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтқандардан келесі қорытындыға келуге болады – адам және
азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы бекітілген конституциялық
нормалар адамның іс-әрекеттегі әр-түрлі мақсаттарына жетуіне кең аумақтағы
мүмкіндіктер береді.
Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың
конституциялық қамтамыз етілуінде маңызды мәселе - ол Қазақстан
Республикасы Конституциясының І бөлімі саналады:
- адам және адамның өмірі, оның құқықтарын және бостандықтарды оның
ең қымбат қазынасы деп қарастыру (1 тармақ, 1 бап);
- биліктердің бөлінуі (тармақ 4 бап 3);
- кәсіпкерлік қызыметке іс-әрекетіне бостандық, меншіктің сан
алуандылығы мен олардын теі түрде мемлекет тарапынан қорғалуы (т.1 бап
6, т.4 бап 25);
- көп партиялықты, қоғамдық бірлестіктердің теңдігін, идеологиялық және
саяси көп алуандылықтын мойындауы (5 бап);
- халықаралық нормалар мен келісім шарттарда жазылған қоғамдық нормалар
мен принциптердің үстемдігі (4 бап).
Көрсетілген бастапқы конституциялық бастамалар адам және азаматтардың
бірлесуге конституциялық құқықтың нормативтік реттеуіне тікелей әсер етеді
және де кейінгі заң актілерінде жүзеге асады.
М.В.Баглай бостандық түсінігіне талдау бергенде Конституцияда бұл
түсінік негізгі философиялық принциптің ролін атқарады және де ол
конституциялық нормалардың бүкіл комплексі арқылы жүзеге асады [1,27].
Конституцияда бекітілген Қазақстан Республикасының адам және
азаматтардың бірлесуге бостандығы түріндегі конституциялық құқығы бар (23
тарау) деген сөздері, бірігу конституциялық құқығының ең кең мағынасында
жүзеге асуын білдіреді.
Заң ғылымында адам құқықтардың түсініктеріне жалпы дефиниция
қалыптасқан, ол жеке тұлғаның әрекет етуіне мүмкіндік беретін субъективті
құқығының түрі және өлшемі, адам және азаматтың әрекет етуіне заңды
мүмкіндік береін құқық нормалар. Адам құқықтарында қолданылатын мүмкіндік
категориясы, тек азаматтардың құқықтар мен бостандықтардың ең басты
ерекшеліктерін ажыратуға ғана көмектеспей, сонымен ең басты, оны негіз
ретінде алып, олардың шынайы табиғатын дұрыс көрсететін түсінікті
құрастыруға негіз болады.
Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығының ерекшелігі
ретінде ұжымдық сипатын айтуға болады, ол жеке адаммен ғана жүзеге аспай,
сонымен бірге қауымдастықта, ассоциацияда жүзеге асыруы ғана мүмкін. Ал
адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықты жүзеге асыруында
жеке адам қатысатыны сөзсіз.
Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы – ол
субъективті құқық қатарына жатады. Адам және азаматтардың бірлесуге
конституциялық құқық өзінің мазмұны бойынша, көптеген авторлардың
көзқарасына сай қоғамдық бірлестіктерді құру арқылы құқықтың жүзеге
асырылуы мүмкін. Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықты
қоғамдық бірлестіктердің әрекеті мен құрылуы арқылы зерттегенде құқықтық
реттеу ерекшеліктерін ажыратуға көмектеседі, осы құқық арқылы пайда
болаған бірлестік ретінде, оның мазмұны, мәні және мақсаттары туралы
түсініктерді қалыптастыруға көмектеседі.
Бірақ, бірігу құқықтың конституциялық мазұнының конституциялық
құқықтық мәселесін тек қоғамдық бірлестіктердің әрекетінің негізінде ғана
зерттеуі толық және жеткілікті болып табыла алмайды. Бірігу құқық
субъективті құқық ретінде өзінің нәтижелерін қоғамдық, діни, кісіпкерлік
және басқа да бірлестіктердің ұйымдастырылуында береді және көрініс тауып
отырады. Осы негіздемеге сүйене отырып қоғамдық бірлестіктер арқылы адам
және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтарын жүзеге асыру
барысында 31 мамыр 1996 жылғы Қоғамдық бірлестіктер туралы ҚР Заңында
адам және азаматтардын келесі құқықтар енгізілген:
- жалпы мақсаттарға жету үшін және жалпы мүдделерді қорғау үшін қоғамдық
бірлестіктерді өз ниеті бойынша құруға;
- бар қоғамдық бірлестіктерге өз ниетімен кіру немесе кірмеу;
- қоғамдық бірлестіктерден кедергісіз шығу.
Барлық қолғамдық бірлестіктер мемлекеттік басқару органдарынсыз және
мемлекеттік биліктің органдарының ешқандай ықпалсыз, тек қана азаматтардың
өз еркі мен ниетінің арқасында құрылады. Осы жерде заң бойынша жергілікті
өзін-өзі басқару және мемлекеттік билік органдары қоғамдық бірлестіктердің
құрушы, мүшелері және қатысушылары ретінде бола алмайтынын ескеру қажет.
Осындай шектеу дұрыс деп айтуға болады, әйтпесе қоғамдық бірлестіктердің
жұмыс барысы және әрекет етулердін принциптері бұзылады. Қоғамдық
бірлестіктердегі азаматтардың іс әрекетіне мемлекеттің қатысуы жеке
нормативті-құқықтық актілердің реттеуінің пәні болып табылады.
Азаматтардың бірігуі конституциялық мағынасындағы түсінігі
қазақстандық заңдылықта нақтыланбаған, бірақ жеке дара сипаттамалар
кездесіп отырады. Бұл түсінікке, жеке тұлғалардың әр түрлі мүдделерін
жүзеге асыру және әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында
құрылған жеке тұлғалардың кез келген қауымдастықтарын енгізуге болады
(мемлекетті басқаруда қатысуы, діни әдет-ғұрыптарды жүзеге асыру, мәдени
қажеттіліктер, әлеуметтік-еңбектік құқықтардың қорғауы, табысқа жету үшін
меншікті немесе еңбекке талапты бірігіп қолдануы ж.т.б.).
Бұл түсініктің кең түрде талдауы азаматтардың кез келген
бірлестіктерді құруын немесе азаматтық-құқықтық тілмен айтқанда,
коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды құру құқытарын білдіреді.
Сондықтан, мемлекеттік емес ұйымдардың конституциялық-құқықтық түр-бейнесін
саяси партиялар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қоғамдық
бірлестіктер, бұқаралық қоғамдық қозғалыстар құрайды [2,25] деген пікірмен
толық келіспеуге болады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтардың бірігуі – ол адамның өмір
іс-әрекетінің әр-түрлі сферасындағы пайдалы, көздеген мақсаттарына жету
үшін, еріктікке негізделген жеке тұлғалардың қоғамдастықтар (ассоциациялар)
деп есептеуге болады.
Азаматтардың қоғамдық және діни бірлестіктерді құруы тек өз ниеті мен
еркі негізінде құрылуы мүмкін. 16 қаңтардың 2001 ж.-дың ҚР Коммерциялық
емес ұйымдары туралы Заңының 11 және 15 бабында азаматтардың қоғамдық
және діни бірлестіктер азаматтардың тек өз еркімен құрылуы керектігі
жазылған.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заң қоғамдық бірлестіктер Заңына
қарағанда жалпы реттеуші сипаттағы заң болып табылады. Коммерциялық емес
ұйымдардың маңызды белгілерін анықтайтын, осы Заңының 2 тарауында
азаматтардың еркіндік бірігуін сипаттайтын белгілері жоқ. Осыған сәйкес,
коммерциялық емес ұйымдар да азаматтардың бірлесу конституциялық құқығының
жүзеге асырылуының көрәнәсі деп айтуға болады, бірақ, мемлекеттік билік
органдарының тапсырысын орындағанда, өоғамдық маңызды қызметтерді
орындағанда еріктік сипат жойылып отырады. Өйткені олардың азаматтық-
құқықтық мәртебесі өзгереді, өйткені құрылу тәртібінің еркіндігі сияқты
элементі жойылады.
Мемлекет жоғарыдағы бекітілген саясаттың бағыттарымен шектеліп қана
қоймай, басқа да бағыттарын іздестіріп, қолдануға тырысады. Мемлекеттегі
әлеуметтік саясат жалпы мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ретінде қоғамдағы
әртүрлі әлеуметтік топтар мен қоғам арасындағы қатынастарды реттеп отырады.
Қазақстан Республикасындағы бір тұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты
қамтамасыз ету үшін мемлекеттік құрылымдардың бір-бірімен үйлесімді
қызметін қамтамасыз ету керек. Осы бағытта Қазақстан Республикасының
Конституциясы құқықтарды қамтамасыз етудің бір кепілі ретінде мемлекеттік
органдардың, лауазым иелеріне адамның құқықтарын заңсыз шектеуге тиым
салады және оған жауапкершілікті тағайындайды. Адамдардың құқықтары мен
бостандықтары мемлекеттің Конституциялық сипатына байланысты қамтамасыз
етіліп отырады. Адамның әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен
бостандықтарын қарастырғанда, оларды әлеуметтік салалардың ерекшеліктеріне
байланысты келесі топтарға бөліп қарастыруға болады. Бірінші топтағы
әлеуметтік-экономикалық құқықтар негізінен еңбек бостандығы, кәсіп және
қызмет түрін еркін таңдау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау, демалыс құқығы
сияқты құқықтар бір топқа кіреді. Келесі топқа рухани және мәдени құқықтар
кіреді. Ал енді үшінші топқа негізінен жеке меншік құқығы, кәсіпкерлік
қызметпен айналысу құқықтары сияқты экономикалық қызметпен байланысты
құқықтар кіреді. Әлеуметтік мемлекеттің қызметін қарастырғанда негізгі
орын осы құқықтарды қамтамасыз етуі қарастырылады. Өйткені осы топтағы
құқықтар мен бостандықтар басқа категориядағы құқықтардың орындалуына негіз
салады.
Егер де біз дипломдық жұмысымызда әлеуметтік мемлекеттің белгілері мен
түсінігіне тоқталатын болсақ, онда ең алдымен әлеуметтік мемлекет жекелеген
топтарға немесе ұлыстарға, қоғам мен адамға тұтас қызмет етеді. Ол
мемлекеттік көздер есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігін бірдей мөлшерде
игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен
әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге тырысады.Қазақстан жаңадан тәуелсіз
мемлекет ретінде құрылған кезде нарықты экономика заңдарының адамның
әлеуметтік қамсыздандырылуын қамтамасыз ету мен оның әлеуметтік-
экономикалық құқықтарының қорғалуының сәйкес келуі. Алғашқы социалистік
қоғам адам құқықтарымен бостандықтарын жариялай отырып, олардың орындалуын
теңдестіру қағидасына сәйкес қамтамасыз етуге тырысады. Әкімшілік басқару
жүйесі адамды тәуелсіздектен айырып, олардың экономика аумағында еркін
әрекет ету мүмкіндіктерінен айырды. Бірақ та бұл жүйе әрбір адамның
еңбекпен қамтамасыз етілуіне кепілдік берді, білімнің, медициналық
қызметтің ақысыз болуы, мектепке дейінгі балалар тәрбиесі т.б. әлеуметтік
құндылықтармен қамтамасыз етілді. Сондықтан да нарықты экономикаға көше
бастағанда Қазақстан мен басқа да ТМД елдерінің азаматтары осындай
кішігірім шектелген әлеуметтік құңдықлықтардың жоқтығын сезіне бастады.
Мемлекеттің көптеген азаматтарының қызметі нарықты экономиканың қойған
талаптарына сәйкес келмеді және оған ілесе алмады. Осы жағдайға байланысты
Қазақстан Республикасының жаңа сипатта дамуының алғашқы кезеңдерінде
қоғамда жоқшылықтың төменгі шегінде тұратын адамдар қатары көбейді.
Конституциялық құқық ғылым саласы бойынша зерттеу жүргізу, оның ішінде адам
мен азаматтардың Конституциялық деңгейде бекітілген құқықтары мен
бостандықтарының орындалу деңгейі мен Қазақстан Республикасы өзінің
әлеуметтік мемлекет ретіндегі қызметтерін орындауы қазіргі таңдағы өзекті
мәселе болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика
Конституциясында Қазақстан мемлекетінің қолдауына кепілдік берілген білім
беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті
қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тобын қолдау сияқты
әлеуметтік салалардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет адам мен азаматтың
күнкөріс минимумы мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын қамтамасыз етуді
талап ету құқығын мойындайды.
Осы әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды қарастырсақ,
онда біздің байқайтынымыз, осы құқықтардың жүзеге асырылуы тек қана
мемлекеттің белсенді қатысуымен ғана қамтамасыз етілетінін білуге болады.
Сондықтан да, дүниежүзілік қауымдастықтар халықаралық актілерді
қабылдағанда мемлекеттер оның нормаларын орындалуына талап қояды. Бірақ та
көптеген мемлекеттер осы топтағы адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ете
алмайды. Оның негізгі себебі – мемлекеттегі экономикалық жағдай болып
табылады.
Қазіргі заман мемлекеттерінің тәжірбиесіне сүйенсек, ең жоғары дамыған
мемлекеттердің өздері әлеуметтік-экономикалық, мәдени құқықтар мен
бостандықтарды қамтамасыз етуде үлкен қиыншылықтарға тап болады. Мысалға,
жеке меншік пен кәсіпкерліктің қалыптасуының әзі қоғамдағы жұмыссыздықтың
қалыптасуына негіз болатынын айтып өтуге болады. Осындай жағдайда
әлеуметтік мемлекеттің негізгі мақсаты – осындай жағдайлардың
ауыртпашылықтарын еңбекпен қамсыздандыру, жәрдем ақы төлеу арқылы азайту
болып табылатынын айтуға болады. Жалпы жоғарыда айтылған құқықтар мен
бостандықтардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан тұрақты түрде ықпал
етуді талап етеді. Бірақ та осы күнге дейін мемлекеттің әлеуметтік
проблемаларын шешу әдісі әлі де табылған жоқ. Осы жағдайда мемлекет
әрқашанда қоғамдағы, экономикадағы, саясаттағы болып жатқан өзгерістерге
көңіл бөліп отыруы қажет. Мемлекеттің нық және тұрақты өз аяғында тұру
үшін:
Мемлекет тарапынан басқару мен жоспарлауды күшейту. Осы міндет арқылы
мемлекеттің экономика мен әлеуметтік өмірдегі ықпалы жоғарлайды. Мемлкеттің
әлеуметтік және әлеуметтік өмірдегі белменділігі бюджетке көрініс табуы
қажет;
Мемлекет жоспарлаушы, басқарушы, өндіруші, үйлестіруші болуы қажет.
Бұнда мемлекет және әлеуметтік өмірді Конституцияда бекітілген құқықтық
нормаларға сәйкес жүзеге асыруын қамтамасыз етуі қажет;
Мемлекеттің Конституцияда бекітілген мақсаттары негізінен құқықтық
мемлекеттің міндеті болып саналады. Өйткені құқықтық мемлекет қана
бекітілген Конституциямен басқа да актілердің нормаларының орындалуын
қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан да әлеуметтік мемлекет пен құқықтық
мемлекет ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты;
Құқықтық мемлекетті құру мемлекеттің әлеуметтік қызметінің жүзеге
асыруына кедергі жасамауы керек. Жалпы әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуын
құқықтық шектеулерге тақатып тежеу салуға болмайды. Бірақ та бұл
жағдайларды біреулерін бостандықтарын шектеп, екіншісінің өзіне деген,
басқаға деген жауапкершіліктерінен босатуға болмайды.
Адам және азаматтардың бірлесуге құқығы кезінде мемлекеттің негізгі
қағидалары – адамның қадір-қасиеті, бостандығы, теңдігі және адамдар
арасындағы теңсіздікті жою болып табылады.
Сондықтан мемлекет нарықты бағытпен дамып жатқан экономикамен
әлеуметтік қызметінің арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын қамтамасыз ету
керек. Еліміздің тарихынан білетініміздей, мемлекеттің экономикаға
араласуы, оның ішінде азаматтардың мәртебесін тең жағдайға жеткізу саясаты
қоғамда көптеген келеңсіз жағдайлар тууына негіз болды. Қазақстан
Республикасында әлеуметтік мемлекет орнатуда шетел ғылымы мен тәжірбиесі
бізді қызықтырды. Жалпы, әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі де,
қиын үрдіс. Бұл қиыншылықтар мемлекеттің экономикалық жағдайларына
байланысты туындайды. Мемлекет өзінің әлеуметтік қызметтерін орындау үшін
және жеке индивидтердің бөлек-бөлек әлеуметтік-экономикалық құқықтарын
қамтамасыз ету үшін қаражатты талап етеді.
Мемлкеттің алдында нарықты тәуелсіз экономика мен қоғамдағы әлеуметтік
теңдікті қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеудің бір-бірімен сәйкестігіне
жету мәселесі әрқашан алдыңғы қатарда тұрады. Өйткені мемлекет азаматтардың
әлеуметтік мәртебесін көтеру бағытында экономикаға келеңсіз араласуын,
кәсіпкерлік қызметпен айналасудың бостандығына, бастамашылыққа, индивидтің
өз өміріне деген, жақындарының өміріне деген жауапкершілікті жоймау керек.
Сонымен бірге әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру барысында өкіметтің саяси
бағыттары да маңызды қызмет атқарады. Өйткені мемлекеттік биліктің қызметі
қоғамдағы саяси тәртіпке, саяси жүйеге сүйенеді. Әлеуметтік мемлекетті
қалыптастырудағы тағы бір қиыншылық тәуелсіздік және теңдік қағидасының
көптеген жағдайларда бір-бірімен үйлеспеуі. Еңбек құқығына, тұрғын үй
құқығына, үйді жалға алушылардың құқықтарын қорғауға байланысты өзгертулер
енгізу қажеттілігіне тоқталған. Сонымен қатар мемлекет тек жеке құқықтың
қалыптасуына ғана араласып қана қоймай, осы қатынастарға белгілі бір
дәрежеде ықпал ету қажеттілігіне тоқталған (еңбекті қорғау, жастарға көмек
көрсету т.б.). Келесі құралдардың бірі – ол адамдарға мемлекеттік төлемдер
төлеу, оның ішінде маңызды орын алатыны -- әлеуметтік жәрдемақылар.
Адамдардың мүліктік теңсіздігін мемлекеттің жинақтайтын қаражаттары арқылы,
яғни салықтар, міндетті төлемдер мен баж салықтары арқылы қайта үйлестіруді
жүзеге асыру. Мемлекеттіліктің қалыптасуында әлеуметтік теңсіздікке әсер
ету әдістері әрқашанда өзгеріп-дамып отырады және осы бағытта тұрақты түрде
ізденістер жүргізілуі қажет. Бірақ та, қазіргі заманның қоғамында
әлеуметтік мемлекеттің қызметі қиын болғанымен, онсыз
әлеуметтік–экономикалық құқықтардан басқа саяси және жеке құқықтардың
өзінің жүзеге асырылуы мүмкін емес. Адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік
жағдайын қамтамасыз етпей басқа құқықтардың жүзеге асырылуы мүмкін емес,
өйткені тұрмысы төмен адамдардың саяси белсенділігі төмендейді, мемлекетке
деген сенімсіздік пайда болады. Жеке адамның әлеуметтік қорғалмауы
адамдардың негізгі құқықтары – жеке немесе табиғи құқықтарының орындалуына
кедергі болады.
Сондықтан мемлекеттің алдында тек әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен
бостандықтарды қамтамасыз етуді ғана мақсат етіп қана қоймай, адам
құқықтары мен бостандықтарының барлық түрлерінің іске асуына ықпал етіп
отыруы қажет. Қазақстан Республикасын мемлекет ретінде қарастырғанда
Республикада жүргізіліп отырған әлеуметтік саясатқа көңіл аударуға болады.
Бұл саясат қоғамының экономикалық дамуына сәйкес жүргізіліп отыр. Осы
салада мемлекет бірталай заңдарды қабылдап, адамдардың өмір сүру деңгейіне
жоғарылату және қалыптасқан әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне түбегейлі
өзгерістерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Алғашқы социалистік қоғам адам құқықтары мен бостандықтарын жариялай
отырып, олардың орындалуын бәрін теңдестіру қағидасына сәйкес қамтамасыз
етуге тырысты. Әкімшілік басқару жүйесі адамды тәуелсіздіктен айырып,
олардың экономика аумағында еркін әрекет ету мүмкіндіктерінен айырды. Бірақ
та бұл жүйе әрбір адамның еңбекпен қамтамасыз етілуіне кепілдік берді.
Білімді, медициналық қызметтің ақысыз болуын, мектепке дейінгі балалар
тәрбиесін т.б. әлеуметтік құндылықтармен қамтамасыз етті. Конституциялық
құқық ғылым саласы бойынша зерттеу жүргізу, оның ішінде адам және
азаматтардың конституциялық деңгейде бекітілген құқықтары мен
бостандықтарының орындалуы деңгейі мен Қазақстан Республикасының әзінің
әлеуметтік мемлекет ретіндегі қызметтерінің орындалуы бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, сондықтан Республиканың алдында
әлеуметтік мемлекеттің қызметтерін орындау мақсаты алдыңғы орынға шықты.
Қазақстанның нарықты экономикаға көшуі қоғамда көптеген проблемалардың
пайда болуына себеп болды. Осындай мәселенің бірі нарықты экономика
заңдарының адамның әлеуметтік қамсыздандыруын қамтамасыз етумен оның
әлеуметтік экономикалық құқықтарының қорғалуының сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткізген Республикалық
референдумда қабылданған Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы
өзін құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратынын жариялады.
Осы баптың өзінде мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары деп айтылған. Осы нормаға байланысты Қазақстан
Республикасында адамның құқықтық мәртебесі айқындалады.
Адам және азаматтардың құқығы дегеніміз – демократиялық қоғаммен
кепілденген әрбір жеке индивидтің немесе қауымдастықтардың жақсы өмір
сүруге халықаралық, ұлттық стандарттарға сәйкес келетін тиімді әлеуметтік
жүйені айтамыз. Адам құқықтарының проблемалары мәңгілік тақырыптар қатарына
жатады. Ежелгі дүниеден қазіргі уақыттағы азаматтық қоғамда адам – ең
жоғарғы құңдылық ретінде мемлекеттік биліктің үстемділігінен қорғауды талап
етеді. Қазіргі уақытта құқықтық, әлеуметтік мемлекеттің қоғамдағы атқаратын
қызметі ол – адам құқықтары мен бостандықтарын мойынға алып, оның жүзеге
асырылуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар адам құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз етуде әр мемлекет әзінің саяси бағытына байланысты осы осы
актілердің күшін ұлттық құқықтық актілерден жоғары санайды. Оған дәлел
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 және 8 баптарын айтуға болады.
Адам құқықтарын бекіткен алғашқы құжаттарда адамның құқықтары мен
бостандықтары екі тұрғыдан қарастырыла бастады.
- біріншісі, адамның өзіне туа бітетін құқықтары мен бостандықтары.
Бұл құқықтар адамнан ажырамайтын, оның табиғи болмысына байланысты пайда
болады және бұл құқықтардың орындалуы мемлекетке бағынышты;
- екіншісі, ол мемлекеттік билік бекітетін құқықтар. Бірақ қоғамдағы
болып жатқан өзгерістерге сай адам құқықтары мен бостандықтары қоғамдық
өмірдің әртүрлі салаларға бөлінуіне байланысты топтастырыла бастады, яғни
адамның құқықтары мен бостандықтарын әлеуметтік белгілеріне байланысты
бөлу. Осы негізге байланысты адам құқықтары төрт топқа бөліп қарастырылады:
жеке немесе табиғи құқықтар, саяси, әлеуметтік-экономикалық және
айырмашылықтардың болуы қажетті жағдай емес, өйткені бір құқықтар бірінші
категорияларға жатуы мүмкін және адамның құқықтары мен бостандықтарына
байланысты қатынастар бір жүйені сипаттап, қалыптастырады.
Адам құқықтарының ішінде маңызды орынды жеке құқықтар мен бостандықтар
алады. Жеке құқықтар адамның жеке өміріне, ішкі жан дүниесіне заңсыз
араласудан қорғайтын және оның өмір сүруін индивидтің автономиясын
қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді білдіреді. Жалпы адамға тән барлық
құқықтар жеке құқықтар болып есептелінеді, бірақ та нақты түрде
қарастыратын болсақ, бұл құқықтар адамның жеке өмірі мен бостандығын
қорғайтын құқықтар екенін айтамыз. Бұл құқықтарға өмір сүру құқығы, жеке
басына қол сұқпаушылық құқығы, қадір-қасиетін силау және қорғай құқығы,
тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығы, еркін жүріп-тұру құқығы т.б. айтуға
болады. Жеке құқықтар басқа құқықтардың негізі болып есептелінеді,
сондықтан мемлекет адамның жеке құқықтарын тани отырып, оны Конституция
деңгейінде бекітеді. Осы құқықтарды бекіту барысында мемлекет негізінен
халықаралық құқықтық актілерге сүйене отырып негізге алады. Бұл құқықтар
негізінен абсолютті болып есептелінеді де әртүрлі кепілдіктермен қамтамасыз
етіп отырылады. Бұл кепілдіктерге негізінен жасқа байланысты әлеуметтік
қамсыздандыруды қамтамасыз ету, денсаулықты қорғау құқығы мен кепілденген
медициналық көмек алуға мүмкіндіктер беріледі. Бұл құқықтар тек
Конституциямен ғана қорғалмай басқа да салалық заңдармен реттеліп
отырады. Мысалға, адамның өмірін қамтамасыз етіп тұрған аппараттар тек
адам биологиялық өлді дегенге ғана тоқталады. Бұл норма Қазақстан
Республикасының “ҚР халқының денсаулығын қорғау туралы” заңында бектілген.
Осы құқықтар негізінен көптеген мемлекетттерде ерекше құқықтық реттеуді
талап етеді. Ешкімнің қол сұқпау институты физикалық қол сұқпаумен бірге
рухани қол сұқпау түсінігі де қалыптастырады. Сондықтан мемлекет бұл
құқықтарды бекітіп, оған кепілдік бергенде оның ерекше реттелуін де
қамтамасыз етуі қажет. Адам құқықтары мен бостандықтарының тағы бір
категориясы – саяси құқықтар мен бостандықтар. Бұл құқықтар негізінен әрбір
азаматтардың мемлекетті басқаруға, қоғамдық саяси өмірге қатысу
белсенділігін заңды көрсетілген деңгейде жүзеге асыру мүмкіндігін
білдіреді. Саяси құқықтар мен бостандықтардың болуы адамның жағдайына
байланысты туындайды. Осы қасиетімен саяси құқықтар жеке құқықтардан
ерекшеленеді. Саяси құқыққа тек сол мемлекеттің азаматтары ғана ие бола
алса, жеке құқықтарға жалпы адам ие бола алады. Саяси құқықтардың бекітілуі
мен жүзеге асырылуы мемлекеттің таңдаған даму бағытына байланысты, оның
ішінде саяси тәртіпке, мемлекеттің басқару нысанына, демократия
қағидаларының бекітілуіне байланысты. Саяси құқықтардың жүзеге асырылуы
негізінен Конституция мен Конституциялық заңдармен реттеліп отырады.
Азаматтар бұл құқықтарын өздері бөлек немесе қоғамдық бірлестіктер арқылы
да жүзеге асыра алады. Мемлекет азаматтарының бұл категориядағы құқықтарын
тек бекітіп қана қоймай, оның қамтамасыз етілуіне кепілдік береді. Мысалға,
Қазақсан Республикасының Конституциясында бекітілген сайлау құқығына
тоқталатын болсақ, онда мемлекет осы қатынастарды реттейтін “Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңды нақты түрдегі
кепілдіктер бекітеді. Осы құқықтардың қолданылуы тек мемлекеттің
кепілдігінен байланысты емес.
Бұл категориядағы құқықтар азаматтардың саяси беленділігіне де
бағынышты. Халықтың саяси белсенділігінің өсуіне негізінен мемлекеттегі
әлеуметтік жағдайлар әсер етеді. Тұрмысы төмен жоқтылықтың тауқыметін көріп
жүрген тұрғындардың мемлекетке деген, өкіметке деген сенімсіздігі артып,
саяси үрдістердің өзі халықтың наразылығын тудыруы мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты мемлекет адамдарының саяси белсенділігін арттыру мақсатында оның
әлеуметтік экономикалық негіздерін қалыптастыруы қажет.
Адам құқықтары мен бостандықтарының бір тобын әлеуметтік– экономикалық
құқықтар мен бостандықтар қалыптастырды. Бұл құқықтар мен бостандықтар
адамдардың басқа категориядағы құқықтары мен бостандықтарының негізін
қалап, олардың жүзеге асырылуына мүмкіндік тудырады. Осы құқықтар адам
өмірінің маңызды салалары меншікке, еңбектік қатынастарға байланысты пайда
болып, адамдардың материалдық, табиғи, физикалық, рухани сияқты әлеуметтік
сұраныстар мен мүдделерін білдіріп отырады. Қазақстан Республикасының
Конституциясында адам және азаматтардың бірлесу құқықтары шектелмесе,
Францияның Конституциясында саяси құқықтар мен бостандықтардың үстемдігі
байқалады. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар
халықаралық пактіде бекітілген. Осы пактіге сәйкес өркениетті мемлекетте
белгіленген құқықтар шегінен төмендемеуіне тиіс. Қазіргі заман
мемлекеттерінің тәжірбиесіне сүйенсек, ең жоғары дамыған мемлекеттердің
өздері әлеуметтік-экономикалық, мәдени құқықтар мен бостандықтарды
қамтамасыз етуде үлкен қиыншылықтарға тап болады. Мысалға, жеке меншік пен
кәсіпкерліктің қалыптасуының әзі қоғамдағы жұмыссыздықтың қалыптасуына
негіз болатынын айтып өтуге болады. Осындай жағдайда әлеуметтік мемлекеттің
негізгі мақсаты – осындай жағдайлардың ауыртпашылықтарын еңбекпен
қамсыздандыру, жәрдем ақы төлеу арқылы азайту болып табылатынын айтуға
болады. Жалпы жоғарыда айтылған құқықтар мен бостандықтардың жүзеге
асырылуы мемлекет тарапынан тұрақты түрде ықпал етуді талап етеді. Мемлекет
тарапынан басқару мен жоспарлауды күшейту. Осы міндет арқылы мемлекеттің
экономика мен әлеуметтік өмірдегі ықпалы жоғарлайды. Мемлкеттің әлеуметтік
және әлеуметтік өмірдегі белменділігі бюджетке көрініс табуы қажет.
Мемлекет жоспарлаушы, басқарушы, өндіруші, үйлестіруші болуы қажет, деп
есептейді Т.Р. Бондаренко [3,10]. Бұнда мемлекет және әлеуметтік өмірді
Конституцияда бекітілген құқықтық нормаларға сәйкес жүзеге асыруын
қамтамасыз етуі қажет.
Жоғарыдағы келтірілген мәлімет бойынша, азаматтардың бірлесу құқығы
жалпы түсінігінің қолданылуы әлі де өзінің заңдылық шешімін тосып отыр. Осы
міндеттер шешімінің конституциялық-құқықтық аспектілерін ажырату үшін, оның
көпмағыналылықтан шығару керектігін, яғни оның біріңғай қайнар көзден – ол
адам мен азамат ұғымынан туындау қажеттілігі естен кетпеуі керек.
Бұл тұжырымдар азаматтардың түрлі бірлестіктер құру және ұйымдастыруға
кедергі болмайды, мысалы, іс-әрекет мақсаттары бойынша (коммерциялық және
коммерциялық емес), іс-әрекеттің территориалдық аумағы бойынша (аудан
аралық, аудандық ж.т.б.), ұйымдасу талабы бойынша (өз еркімен, еріксіз)
және басқа.
Сондықтан, қоғамдық және діни, кәсіпкерлік бірлестіктерге қатысты
сапалы сипаттама ретінде бірлесуінің еркінгдігі және ортақ көздейтін
мақсаты алдына шығады. Сондықтан да азаматтардың бірлесу құқығының
конституциялық түсінігін, оның көріністердің мүмкін формаларының жіктелуін
қарастырмай, ал субстанционалды және тұрақты қасиеттермен ажыратылатын әр
түрлі типтердің бірлігінде қарастыру керек.
Адам және азаматтардың бірлесу конституциялық құқығы басқа да
конституциялық құқытар мен бостандықтармен байланысты болады. Көп жағдайда
осы құқық митингтер, демонстрациялар, салтанатты жүріс және пикеттеушілік
арқылы жүзеге асады, олар ұйымдастырушылық (ұжымдық) ниет бірдірушілік шара
ретінде сипатталады.
Азаматтардың жергілікті өз-өзін басқару органдарына және мемлекеттік
билік органдарына сайлануға қатысу құқығы және сайлау құқығы, сонымен бірге
референдумға қатысу (33 бап) саяси қоғамдық бірлестік статусы бар дербес
азаматтардың бірлесуінің арқасында жүзеге асуы мүмкін. Саяси қоғамдық
бірлесуінің басты мақсаты – ол сайлау кезінде саяси ниеттерін білдіру
мақсатында азаматтардың қатысуын білдіру.
Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы сөз
бостандығымен байланысты (20 бап). Осы құқықтардың болуы бірлесуінің
құқығын жүзеге асырудағы ең басты шарты болып табылады.
Жоғарыда келтіргендей, адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық
құқықтың спецификалық түрі ол діни бірлестіктердің құру болып табылады, ҚР
Конституциясының ар, ұяттың бостандығының бекітетін кепілдіктері арқылы
қамтамасыз етіледі (22 бап).
Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы азаматтық
қоғам институттарының құрылуына маңызды алғы шарттар ретінде саналады. Іс
жүзінде ол саяси плюрализм мен идеологиялық әр алуандылықтың қолдауында
көрініп отырады, оның барлығы қоғамда сапалы өзгерістерге әкелуін болжайды.
Сондықтан да адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық
азаматтық қоғамының құрылымдық негізі ретінде шыға келеді.
Жоғарыдағы айтқанның барлығы, адам және азаматтардың бірлесуге
конституциялық құқықтың маңызды конституциялық принципінің жүзеге асыруымен
байланысты –халық билігінің жүзеге асуы болып табылады.
1.2 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының принциптері
адам және азаматтардын бірлесу құқықтарының кепілдігі ретінде
Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет және адам
және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы. Адаманың өз құқығы мен
тәуелсіздігін мойындауы біздің мемлекетіміздің өмірінде болған күрделі
өзгерістерімен куәландырылды. Кеңестік конституциялық доктрина ең бірінші,
мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету ұсталымына негізделді. Жеке мүдделер
және жеке құқықтар минимумға жеткізілді. Мемлекеттің бағыттаушылық ролінің
үстемдігі экономикада, саясатта, рухани өмірдің тоқырауының себебі болды.
Мемлекет адамдарға құқық пен бостандықты сыйлайтын жалғыз бастау ретінде
бекітілді. Табиғи құқық туралы ойлар тез жүзеге шығарылды.
Конституциялық тәртіптегі жеке тұлғаның заңды мәртебесінің
бекітілуі демократиялық құрылымының жетістігі болып саналады. Мұнда тұлға
әлеуметтік құндылықтарға ие болды. Осы жағдай жеке тұлға мен мемлекет
арасындағы қатынасықа тән өзара құқық пен міндеттердін пайда болуына негіз
болады.
Қазақстан Республикасының негізгі заңы адамның бостандықтарын,
негізгі құқықтарын және қалыптасқан жалпы адамзаттың құндылықтарын
мойындайды. Кез келген тарихи типтегі мемлекеттің демократиялық түрінің
артықшылығы - ол кез келген жағдайда еркіндіктің сәйкес көлемінде оған
қатысушылардың объективті қажеттіліктерін ескере алатыны азаматтардың
үстемді қоғамның материалдық және басқа қатынастардың құқықтың табиғатымен
айтылатын заңды мәртебесін ресми мойындау болып табылады.
Негізгі құқықтар қатарына адам және азаматтардың бірлесу
конституциялық құқығы да жататыны белгілі. Осы құқықты азаматтық қоғамның
құнды элементі ретінде қарастыра отырып, адамдар өз мүдделерін түрлі
қоғамдық облыстарда, экономикалық және мемлекеттік өмірде жүзеге асыру
мүмкіндіктеріне ие.
Қоғамдағы азаматтық бейбітшілік пен келісімділікті қамтамасыз
ету қызметінде, мемлекеттік бірлікті сақтауда саяси партиялардың және басқа
да бірлестіктерін ұйымдарстыру әртүрлі нысандары маңызға ие.
М.Я. Острогорский батыс демократиясы мен билікті атқару
механизмдерін зерттей отырып мынаны атап өтеді: азаматтар өз ойын айтуға
құқылы және айтуға міндетті жерлерде партия деп аталатын саяси мақсаттағы
азаматтар тобы барлық жерде қажет [4,18]. Қазіргі кездері мемлекеттің
саяси-құқықтық дамуы тікелей демократия түрі және осы процесстегі саяси
партиялардың қатысуымен байланысты. А.В. Иванченконың ойы бойынша: саяси
партиялардың парламент типіндегі партияға айналуы азаматтық қоғамның
демократиялық негізгі институттарын максималды кірістіру саяси дамудың
тұрақтылығын сақтайтын негізгі саяси-құқықтың құралы ретінде көрініс
табады [5,29].
Сонымен қатар қоғамның саяси дамуының тұрақтылығын қамтамасыз
етуде өз қызметін конституция шенберінен асырмайтын адам және азаматтардың
бірлесу құқықтырының басқада ұйымдастырушылық түрлері де үлкен роль
атқарады. Сондықтан мемлекеттің әрқашандағы алдында тұратын міндет
қамқорлыққа адам және азаматтардың бірлесу конституциялық құқығының
кепілдіктермен қамтамасыз ету және олардың қоғамдық-саяси, экономикалық
өміріне келтірілетін кедергілердің болмауын қамтамасыз ету қажет.
Адамның құқықтары мен еркін демократиялық дамуыдын бір-бірімен өзара
байланысын бекітетін жай 1776 жылы 4 шілдегі американдық тәуелсіздік
Деклорациясында алғашқы көрінісін тапқан [6,49]. Жеке тұлғаның еркін
дамуы, оның құқықтары мен мүдделері тек демократиялық конституциялық
құрылыстың тәртіптік шарттарында ғана қамтамасыз етілу мүмкін болады.
Конституциялық тәртіптің демократизм қағидасы азаматтардың және олардың
қоғамдық-саяси бірлестіктердің сайлау процессінің ұйымдастыруында, соның
арқасында мемлекеттің өкілетті билік органдарының құрылуында қатысуында
көрінеді. Демократиялық қоғамының негізгі элементі, ол мемлекеттен
тәуелсіз, еркін саяси бірлестіктердің болуы. Қоғамдық бірлестіктердің
сайлау процессінде қатысуы, оның қоғамдық пікірдің және сайлаушылардың
ниетін білдіруде басты позициялары мемлекеттін демократия қағидаларына
сүйене отырып дамып жатқанына дәлел болады.

салады және оған жауапкершілікті тағайындайды. Жалпы қорыта келгенде,
адамдардың құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің Конституциялық сипатына
байланысты қамтамасыз етіліп отырады. Қазақстан Республикасы өзін құқықтық,
демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет ретінде орнықтырды Осы
нормадағы бекітілген сипаттарға сай Қазақстан Республикасында адам
құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіліп отырады. Демократиялық
мемлекет Қазақстан Республикасында негізінен саяси құқықтар мен
бостандықтардың қалыптасуына негіз болды. Саяси құқықтар мен бостандықтар
саяси және идеологиялық сан алуандылыққа негізделген. Мемлекеттіліктің
қалыптасуы гуманистік идеяға сүйеніп, адам құқықтары мен бостандықтарының
мызғымастығы қамтамасыз етуге тырысады. Мемлекеттің атынан мемлекеттік
органдар адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып, оның қоғамдағы
қатынастардағы негізгі серігі болады. Құқықтық мемлекет Қазақстан
Республикасы өзінің қызметін құқықтық нормалармен шектеп атқарды. Осы
қағидаға байланысты құқықтық үстемдігі жарияланып қамтамасыз етіледі.
Құқықтық мемлекетте тек қана заңдардың сақталуы ғана қамтамасыз етіліп қана
қоймай, заңдардың өзі әділдікті білдіріп, ең жоғарғы құңдылық ретінде жеке
тұлғаны бекітеді. Осыған байланысты адам құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз ететін кепілдіктерді бекітеді. Құқықтық мемлекетте маңызды
орында адам құқықтарын қорғаудағы юридикалық тетіктер көп қолданылады.
Ондай тетіктерге сот органдары жатады. Әлеуметтік мемлекеттің қызметі қанша
қиын болғанымен, осы қызмет арқылы жалпы адам құқықтары мен
бостандықтарының сапалық сипаты қамтамасыз етіледі. Адамдардың әлеуметтік
жағдайы төмен болғанда басқа құқықтар мен бостандықтардың маңыздылығы
төмендейді. Материалдық қамсыздандырудың мәселелері көптеген саяси
үрдістерге әсер етеді. Мысалы, сайлау кезінде өкілді органдарды
қалыптастыруда, президенттік сайлауда осы мәселе маңызды орын алып отырды.
Алдында айтып өткендей әлеуметтік мемлекет негізінен адамның құқықтары мен
бостандықтарының орындалуын әлеуметтік саясат арқылы жеткізеді. Сондықтан
Қазақстан Республикасында Конституциямен өндірісті үлестіру саласында
теңдікті қалыптастыру мақсаты қойылды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін
әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан Республкасының алдынды келесі
міндеттер туындайды: әлеуметтік теңсіздіктердің пайда болуына және осы
теңсіздік негізінде таптық антогонизимін туындауына жол бермеу; қоғамдағы
экономикалық, демографиялық, әлеуметтік қатынастарды ақылға салып, мақсатқа
сай реттеп отыру қажет және бұл реттеулер қоғамның және жеке индивидтің
өмір сүруін қамтамасыз етуі керек; заңдарды жеке адамға бағыттап, оның
өмірге қажетті сұраныстары мен мүдделерін қамтамасыз ету, жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жүйелерін қалыптастырып, жұмысқа жарамсыз тұрғындардың
әлеуметтік қамсыздандыруын қамтамасыз ету керек; мемелекеттік идеология
ретінде белгілі бір әлеуметтік топтың идеологиясын орнатуды болдырмау;
Осы қызметтерді Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет ретінде
жүзеге асырады, бірақ та қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды реттеу тек
мемлекеттің ғана мойнында емес, сонымен бірге бұл үрдістерге әрбір қоғамның
мүшесі белсенді қатысып отыруы керек. Өйткені қоғам мүшелері өздерінің
құқықтары мен бостандықтарының орындалуына, сақталуына көңіл бөлмесе
мемлекеттің бұл қызметі біржақты болып қалады;
Мемлекеттің негізгі қағидалары – адамның қадір-қасиеті, бостандығы,
теңдігі және адамдар арасындағы мүліктік теңсіздікті жою болып табылады.
Мемлекетте жүргізілетін негізгі әлеументтік іс-әрекеттер адамдардың
денсаулығы мен еңбегін қорғау, кепілдік берілген еңбек ақы төлеудің ең
төменгі шегін белгілеу және оны төлеу, жанұяға, ана мен балаларға,
мүгедектер мен кәрі адамдарға мемлекеттік көмек көрсету, әлеуметтік қызмет
жүйелерін дамыту, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақыларды бекіту. Толық
ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарнамен төлемнің арасында өзара
байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған сәттен
туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесінен тәуелді болмайды.
Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілер мойнына түседі де, әлеуметтік қорғау
жүйесінен төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады.
Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден
бір көзі мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет
әрекет етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға
әлеуметтік қорғаудың бірдей әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады. Шектеулі
ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы адамның жарнасына
байланысты болады. Әдетте, мұндай жүйе еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің
аударымдары есебінен қаржыландырады, ал жарнасына қарай төлемдерді алу
құқығына аударымдар жасаған (немесе олар үшін жұмыс беруші аударым жасаған)
азаматтар ғана ие болады. Мұндай жүйелер. әдетте, халықтық белгілі бір
тобын, мысалы ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді немесе белгілі бір еңбек
ұжымының еңбеккерлерін әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі болып табылды.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландыратын
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми
жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған. Жинақтаушы
зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге
арналған. Әлеуметтік көмек азаматтардың жекеленген санаттарын бюджеттің
қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек туралы Қазақстан Республикасы Заңының 1 – бабына сәйкес:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық
табысы облыстарда Астана мен Алматы қалаларында белгіленген кедейлік
шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін
төлем.

мемлекет ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекетті құру
мемлекеттің әлеуметтік қызметінің жүзеге асыруына кедергі жасамауы керек.
Жалпы әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуын құқықтық шектеулерге тақатып тежеу
салуға болмайды. Бірақ та бұл жағдайларды біреулерін бостандықтарын шектеп,
екіншісінің өзіне деген, басқаға деген жауапкершіліктерінен босатуға
болмайды. Әлеуметтік бағыт алған мемлкеттің алдында нарықты тәуелсіз
экономика мен қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ететін мемлекеттік
реттеудің бір-бірімен сәйкестігіне жету мәселесі әрқашан алдыңғы қатарда
тұрады. Өйткені мемлекет азаматтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру
бағытында экономикаға келеңсіз араласуын, кәсіпкерлік қызметпен айналасудың
бостандығына, бастамашылыққа, индивидтің өз өміріне деген, жақындарының
өміріне деген жауапкершілікті жоймау керек.
Қазақстандық қоғамды әлеуметтік стратификациялаудың қазіргі
жағдайында, азаматтардың жалпы мүдделері мен көзқарастарының ортақтығының
негізінде бірлесуі мемлекеттік өкімет институттарын демократизациялау
жеткілікті заңдық теңденция болып табылады.
Қоғамдық, ұжымдық сипаттағы құрылатына қарамастан, азаматтардың
бірлесу құқығы азаматтың жеке құқықтар мен бостандықтар кешенінен
құрылатындығын ерекшелеуіміз керек. Осы құқық мемлекет пен қоғаммен
сыйлаған емес, азаматтқа туымысынан тиісті табиғи құқығына жатқызуға
болады.
Кеңестік құқықтық ғылым ұзақ уақытта осы құқықты қарастырған кезде
кеңестік қоғамның саяси жүйесінде қоғамдық ұйымдар рөлінің өсуі және заңмен
кепілденген дерегін тек куәландырды. Коммунистикалық партияның
идеологиясына міндетті бауы, соңғы қорытындыларда бірлесу құқықтың мәнін
тержүзеге шығарды. Әрине осындай жағдай, социалистік құрылысқа керек емес
саяси көзқарас пен мүдделерді жүзеге асыруға, өзіндің идеологиялық
тұғырнамаға ие қоғамдық бірлестіктерді құруға мүмкіндік бермеді.
Қазіргі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz