Тауар белгілерге қатысты құқықтарды қорғау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 1 ТАУАР БЕЛГІЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . .
4: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Тауар белгілерінің қызметіне сипаттам . . .
4: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Тауар белгілерін тіркеу талаптары . . .
4: 12
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Тауар белгілерін тіркеуден бастарту және тоқтатылу жағдайлары . . .
4: 19
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 2 ТАУАР БЕЛГІЛЕРІН РЕТТЕУДЕГІ КЕЙБІР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР . . .
4: 29
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Құрамдастырылған белгілемелердің сәйкестілігін тексеру . . .
4: 29
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Азаматтық айналымдағы айрықша құқықтың құрылымы . . .
4: 35
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Тауар белгілерге қатысты құқықтарды қорғау . . .
4: 45
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 53
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 58
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .:
4:

КІРІСПЕ

Тауар белгілерінің тарихи бірнеше ғасырларға кететін және нақтылау үшін алғашқы тауар белгісінің шыққан уақытын белгілеу мүмкін емес. Алайда 2 немесе 3 мың жылдық бұрын адамзат жаппай түрде саздан ыдыстарды өндіружәне сатумен айналысты. Дәл сол ыдыстарда біздің дәуіріміздей тауар белгілері пайда болды. Табылғандардың ең ертесі Қытайдашығарылған ыдыс анық әріптермен белгіленген. Сол әріптер императордың және өндірушінің атын немесе өндірген жерді көрсетеді. Сонымен қатар 3 мың жыл бұрын Үнді кәсіпшілерінің заттарында қолтаңба табылған.

Рим империясындағы мыңдаған таңбалардың ішіндегі ең әйгілісі “FORTIS” сөзінен тұратын белгі. Осы белгі сол кездері қарақшылармен қолданылатын. Олар өз тауарларына әйгілі белгі салып, сатқандары туралы тарихта айтылады. Қазақстанға келетін болсақ, мұндай реттелген қатынастарды ерте дәуір тарихынан қарастырамыз. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңында айтылған, орыс тарихшысы А. Левшинның қазақ билерінің аузынан жазып алған мынандай сөздері бар: “ Әр ұрпақтың, рудың, тектің жеке таңтасы болу керек. Таңбаны малына, мүліктеріне белгі ретінде салу арқылы кімдікі екенін ажыратқан” .

Әлемнің басқа жерлерінде де тауар белгілері болған, олар өндірілген орын және кәсіпшінің атын білдіретін. Ондай белгілер қаруларда, ас үйзаттарында, сәулет нәрселерінде және басқа да заттарда салынған.

Мүмкін ең алғаш тауар белгісің ұғымы ретінде қыздырылған темірді малдың терісіне қойылған, ағылшын сөзі “Brand”(тавро) деген сөзден шыққан “Белгі” деген мағынаны білдіреді. Сонда тауар белгісі ұғымы бұдан да ертерек кезеңдерде де болған, бірақ экономикады маңызды роль атқармаған. Бұл белгілер Батыста гильдия деп аталатын цехтағы өндіруші топтардың мүдделерін қорғау үшін қолданылған. Бұл таңбалардың қорғау функциясы басқа бөтен белгілерді қолдануға тыйым салады. Жазаның ауырлығы сол кезеңге сай келетін, мысалға қызметінен босату, қолын шауып тастау және өлім жазасына дейін жеткен. Ал біздің елімізде, қазіргі уақытта тауар белгісін дұрыс қолданбағаны үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады және де қазір тауар белгісі өте актуалды.

Қазақстан Республикасы үшін жоғарыда көрсетілген зияткерлік тауар белгілері мәселелері тым өзекті болып келеді, өйткені қазіргі кезде біздің мемлекетімізде олардың бәрі де кең көлемде басы-қасында бар. Зияткерлік меншікті қорғау халықаралық өлшеуіштерін сақтап қалуы Қазақстанның БСҚ-на енуінің басты шарттарының бірі болғандықтан, атап көрсетілген жағдайларға мемлекеттік мүшелер жағынын да, ғалымдар жағынан да аса көп көңіл бөлінуде. Сондықтан әр мәселені біз жалпы теоретикалық пен халықаралық көлемде ғана емес, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншікпен байланысты белгілі бір жағдайдың тіркемесінде де қарастыруға тырыстық.

Берілген сұрақтарды қарастыру мақсатында Сергеев А. П., Близнец И. А., Леонтьев К. Б., Петровский И. С., Бороухин А. Е., Покровский И. А., Богуславский М. М., Каудыров Е. И., Сансызбаев А., Барлоу Д. П., Гальперин Д. В., т. б. шетел мен отандық авторлардың еңбектері зерттелген болатын. Сондай-ақ халықаралық сипаттамасымен қатар, Қазақстан Республикасының заң шығарушылыққа тікелей қатысы бар нормативті құжаттар да пайдаланылған.

Ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді.

Жаңа оңжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады.

Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз. Бүгінде, өкінішке қарай, біздің барлығымызға тиімсіз басқарудан, құқық қорғау органдары функцияларындағы жан-жалдан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, сондай-ақ ел құқық қорғау жүйесі қызметінде мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалар аңық көрінеді.

Бұл сектор өткен жүйенің көптеген кем-кетіктерін сақтап қалған. Біздің жүйемізде жазалау айыптары 5%-дан аз болса, түзеу жұмыстары - 0, 4%-ды, қоғамдық жұмыстар 0 %құрайды.

Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айрыу болып қалып отыр. Ешкім қамау орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды. Осының салдарынан олар қылмыскерлер қатарын толықтыруда. Реформалардың бірнеше жалпы бағыттарын бөліп көрсетер едім. Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік орғанның нақты құзыретін түзу керек. Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, оардың сапасын арттыру қажет. Құқық қорғау жүйесінің қызметтерінде екпін ішкі ведомостволық мүддеден азаматтардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс.

Елбасымыз осы орайда келесі мәслелерге тоқталып өткен болатын: «Бізде парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету керек боладв, сондықтан әрбір құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру талап етіледі. Нәтижеліліктің өлшемі сандық көрсеткіштер емес, азаматтардың, заңды тұлғалар мен шетел инвесторларының сенімін арттырудың индикаторы болатын жұмыс сапасы болуы тиіс.

Басқаша айтқанда, жаңа оңжылдықта бізге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесі қажет. Менің тапсырмам бойынша, тиісті құжат жобасы дайындалды. Сондықтан Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, құқық қорғау органдарына құқықтық кеңістікті жетілдіру бойынша жүйелік жұмысқа шұғыл кірісуді тапсырамыз. Сондай-ақ осы жылдың өзінде құқық қорғау жүйелерін реформалау жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізуді тапсырамыз.

Елімізде азаматтық қоғам институттарын одан әрі қолдауға бағытталған саяси жаңғырту жалғаса береді. Бүгінде біздің ынтымақтастығымыз ортақ табысымыздың міндетті шарты бола түсуде. Осы онжылдықта алдымызда бірлесіп атқаратын ауқымды істер тұр.

Мен Үкіметке Қазақстанның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге 1 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылуы тиіс.

Өткен жылы мен осы мінберден еліміздің барлық саяси күштеріне дағдарыстың қиын кезеңінде елімізге және қоғамға қолдау көрсету үшін партияаралық үнқатысуды орнықтыруды және бірігуді ұсынған едім. Менің бастамам қолдау тауып, 7 саяси партия Экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумды бірлесе әзірлеп, оған қол қойды. Бұған үлкен ризашылығымды білдіремін» [39] .

Біз жұмысты 2 тарауын қарастырамыз, яғни зияткерлік меншік институтының теоретикалық мәселелері және оның бар екендігінің практикалық мәселелері. Бірінші тарауға тауар белгілерінің пайда болуының, дамуының жағдайларын, оның құқықтық табиғатын түсіндіретін теориялар туралы талқылауларын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заң шығарушылығына сәйкес оның құқықтық қалыптасу жағдайларын зердеделедік. Ал екінші тарауда тауар белгілеріне қатысты кейбір құқықтық мәселелерді анықтай отырып оларды шешу жолдарын анықтадық.


1 ТАУАР БЕЛГІЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1 Тауар белгілерінің қызметіне сипаттама

Тауарлық белгі қысқаша түрде «дарашылдық жабдықтары» аталынатын зияткерлік меншік құқығы объектілерінің аса ауқымды құрамына кіреді. Ол өз түпнегізі астарында аталмыш топтастықтың қандай да болмасын «тектік белгілері», сондай-ақ өзге де дарашылдық жабдықтармен салыстырғанда маңызды өзгешеліктері бар. Бірыңғай дәрежеде тауарлық белгі фирмалық атаумен ұқсас келеді. Жоғарыда аталған дарашылдық жабдықтардың екеуі де бір формада берілген. Фирмалық атау мен тауарлық белгіге қарасты құқықтарды иемдену шараларына - бұл белгілемелердің тауар, бланк және өзге де құжаттарға түсу мүмкіншілігі жатқызылады. Осы себептен тұтынушы тұлға тауар сапасы мен оның өндірушісіне қарасты белгісіздік, бағдарсыздық жағдайлардың тұзағына орынсыз түсуі мүмкін. Төмендегіде, біздер, аталмыш дарашылдық жабдықтарының араласа кетуін болдырмауға қатысты заңнамалы іс-шаралардың аясына кідіретін боламыз. Ал, әзір болса, заңнамалы және теориялық тұрғыда бұл объектілер арнасын ажыратуда ешқандай қиындықтар туындамайтындығын ескере кеткеніміз жөн. Тауарлық белгілер фирмалық атауларға қарағанда тек сөздік ғана емес, сондай-ақ суреттік, көлемдік, құрамдастырулы тіпті музыкалды және иіс сезуші болуы да мүмкін. Тауарлық белгіге қарасты құқық тіркелімнің территориалды және мерзімдік ұзақтығына байланысты біршама шегерілген. Мысалға, төлтумалы әтір флаконы, бөтелке, қолшатыр ұстамасы сияқты ауқымды тауарлы белгі мен өндірістік үлгілер ретінде қорғаудағы біртекті заттардың араласу мүмкіншілігінде белгілі бір қауіп туындауда. Мұндай жағдай екі себеп барысында қалыптасуы мүмкін: заң тарапынан затты ауқымды тауарлы белгі мен өндірістік үлгі ретінде қорғалуына тыйым салынбаған, және бұл жағдайлар өріс алуда; өндірістік үлгі тіркелімінің иесі мұндай қорғау мерзімдерін ұзарту мүмкіншіліктерінен толыққанды айрылып, құрамы сол баяғы өндірістік үлгі болған ауқымды тауарлық белгіге сұраныс береді [1] . Белгілемелердің мұншалық ажыратылуы, сондай-ақ қызметтік белгі бойынша да жүргізіле береді. Ескі өндірістік үлгі түріндегі тауарлық белгі, ендігіде, осы тауардың төлтумалы жақтарын қорғамайды, тек қана оның өндірушісін жариялы етеді. Көп жағдайларда тауарлардың зат таңбаларында тауарлық белгі мен өндірістік таңбалау элементтерін де ажырата байқай алмаймыз[2] . Кейінгілер өндіруші, оның орналасу орны жайлы ақпараттарды ғана емес, сонымен қатар, тауардың өзіне ғана тиесілі - саны, сапасы, стандарттарға қарасты сәйкестілігі, тұтыну мерзімі, құрамындағы иенгредиеттерді, қабылдау тәртіптері мен мерзімдері, қабылдаудағы қауіп алды ережелерін сақтау жөніндегі біршама ақпараттарды ұсынуға міндетті. Біздің көзқарасымыз бойынша, тауарлық белгі мен өндірістік таңбалау элементтері арасындағы айырмашылықтар - тауарлық белгіні, шартты белгілеме ретіндегі оның шынайылығын анықтауда астарлап жатыр. Ал өндірстік таңбалаудың құрылымы болса, керісінше, тұтынушылар мен ресми органдарға бірыңғай ұғымды, толық әрі ашық болуы абзал. Тауарлық белгілердің әртүрлі түрлері мен жіктелулерінің болуы мүмкін. Біздер, жіктелу қатарынан тек қана тікелей заңнамалы актілерден туындайтын жіктемелімдерді, басқа сөзбен айтқанда, ресми, сондай-ақ әдеби не болмаса ғылыми жіктелімдерді ерекшелегелі отырмыз. Біршама тәжірибелі мағынаға ресми жіктелімдер ие. Өз кезегінде, олар өзара жіктелімдік негізді таңдау жөнінен ажыратылады. Мұндай негіздемелер ретінде - тауарлық белгінің жариялануы, құқық иелер-субъектілер құрамы, оның танымалдылығы мен қарапайымдылығы қарастырылады. ҚР тауарлық белгілер жөніндегі заңының 5 бабына сәйкес мұндай себептер ретінде - суретті, сөздік, әріптік, сандық, көлемді және олардың өзге де құрамдастыруда танылулары тіркелуі мүмкін. Бұл ретте тауарлық белгі кез-келген түсте я болмаса түстік құрылымдарда тіркелуіне болады. Біздің заңымыздың бұл бабының редакциясы тауарлық белгілердің түрлілігін атап өту шараларында, ТМД мемлекеттерінің тауарлық белгілер жөніндегі заңдардың тақылеттес бабтарының арасындағы ең бір толығы болып табылады [3. 97б] . Мысалға алар болсақ, Ресейдің тауарлық белгілер жөніндегі заңының 5 бабында тек қана сөздік, сүреттік, көлемдік және басқа да белгілемелер не болма солардың құрамдастары жайында ғана сөз қозғайды. 1995 жылдың 22 қыркүйегіндегі Молдованың «тауарлық белгілер мен тауарлардың тектік орындарының атаулары» жөніндегі заңының 5 бабы - «тауарлық белгілер ретінде сөз, әріп, сан, суреттік элементтер, түстердің құрылымы сияқты белгілерден өзге, визуалды түрде ажыратуға мүмкіндік беретін белгілемелері де тіркелуі тиіс. Суреттік элементтер нақтылай сызбанұсқасы бар формалардың үштік және тегіс белгілемелері, графикалық суреттердін құрылуы мүмкін» деп пайымдайды [4. 10б] . Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл анықтама - қолдану нұсқамаларына, яғни заңды нақтылайтын нормативтік актілерге енгізілуі орнықты жайттарға тым толы көрінеді. Кез-келген жағдайларда ҚР заңы бабтарында аталып өткен тауарлық белгілердің түрлілігі қарастырылуға алынады. Қазақстандық заңнамаларда тауарлық белгілер түрлілігінің тізімі толасыз келеді, және де одан өзге құраушылардың болуы мүмкін. Мысалға, дыбыстық тауарлық белгілер. әлемдік тәжірибеде «өзгелер» санатына енгендердің арасында, дыбыстық, иістік, жарықтық, қозғалмалы, бедерлік, голографиялық және тағы да басқа тауарлық белгілер бар. Бразилияда - тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, өндірістік белгілер, Аргентинада - тауарлық және ауылшаруашылық белгілер ажыратылады. Яғни, белгілердің кез - келген топтарының ерекшеленуі әрбір елдің экономика салаларының құрылымымен түсіндіріліп, сондай-ақ сол мемлекеттің жүргізіп отырған тауарлық және өндірістік саясатына байланысты келеді. Кеңінен таралғандар - сөздік-тауарлық белгілер. Тауарлық белгіні тіркеуге сұраныс беру мен құру ережелері, 1997 жылдың 30-шы сәуірінен куәлік беру - сөздік белгілемелер астарында сөздік сипаттамасы бар сөздер не болмаса әріптердің жиынтығын, сөз тіркестерін, сөйлемдерді, басқа да тіл бірліктерін түсінеді. Сөздік белгілерге жарнамалық ұрандар, фамилиялар, тауарға қатысты сипатты қасиеті жоқ әртүрлі жасаңды қалыптасқан сөздер жатады. Зерттеушілердің тұжырымы бойынша, өзгелерге қарағанда сөздік белгілердің көлемі басым. Олардың көлемі барлық тіркелген белгілер көлемінің шамамен 80% құрайды. Бұл жағдай - оларды қалыптастырудың оңайлығы, жарнамалауға бейімдеушіліктің ауқымдылығы, төлем ақының жоғарылығы, адамның жалпы қабылдауындағы «мәндік факторды» жоғарылату әрекеттерімен байланысты[5. 30б] . Соңғы кезде көптеген елдердің патентік ведомстволары тәжірибесінде үрдіс қалыптасқан болатын. Ол кезде тауарлық белгілер сапасындағы тіркелулер үшін жай ғана сөздер емес, тіпті әлеуметтік әдебиеттерде аудармасында «ұран» ұғымын беретін, ағылшынның «slogan» сөзінен шыққан қысқа ұғымды фразалар қолданылуда. Слогандардың мысалы ретінде «сусындар» акционерлік қоғамының 32, 3 5 классы үшін тіркелген «балалық шақтан таныс дәм»; СП ТОО «Ирбис» 32 классы үшін тіркелген екітілдік «Менің елім - менің сырам» белгісі; ТОО «NS радиосы» МКТУ 41 классы үшін тіркелген «сүйікті радионың сүйікті әуендері» слогандарын келтруімізге болады. Суреттік тауарлық белгілер - заттардың, жануарлардың, адамдардың, күрделі сызбалар мен фигуралардың, орнаменттердің, суретті орындалған шрифтті элементтердің нақты не абстракты суреттелуін түсіндіреді. Қазпатентпен қарастырылған суреттік тауарлардың мысалы ретінде 2, 3, 4, 6, 7, 8, 11, 12 класстары бойынша мерседес-бенц концерні тарапынан сұраныс берілген шеңбердегі үш сәулелі жұлдызды, «Дауа» Қазақтық қатерлі ісікке қарсы фондымен ұсынылған қазақ шаман-бақсының стильдік бейнесін, ЖАҚ «Қант орталығымен» ұсынылған қараңғы фондағы таулардың стильдің суреттемесін және тағы да басқаларды атап өтуімізге болады.

Көлемді белгілемелер қатарына тауар қызметіне еш байланысы жоқ шынайы формалы үштік объектілерді жатқызуымызға болады.

Қазпатент тарапынан ұсынылған көлемді белгілерге мысал ретінде - Кока-кола компаниясымен ұсынылан «Sprite» жазуы бар шынайы ұзартылған формалы бөтелкені келтіруімізге болады. Қисындатылған белгілемелерге - сөздік, графикалық, көлемдік элементтердің құрастырмалары жатады. Қисындатылған белгілемелердің мысалы ретінде [6] . Тұлпар компаниясы тарапынан ұсынылған бұрмаланған рамкадағы «Тұлпар» сөзі мен қанатты аттың суреті бейнеленген белгіні келтіре аламыз. Заңның 5-ші бабында қарастырылған өзге белгілемелерге негізінен сигналдар түріндегі дыбыстық белгілемелер сәйкес келеді.

1993 жылғы тауарлық белгілер жөніндегі Заң және 1993 жылдың 9 ақпандағы тауарлық белгіні тіркеуге өтінімді құрастыру мен жөнелдіру мен куәлік беру ережелері дыбыстық тауарлық белгілер мен оларды қорау мүмкіндіктері туралы сөз қозғамаған еді.

Ендігіде, мұндай мүмкіндікті Қазпатентпен 1999 жылғы тауарлық белгілер жөніндегі Заңды орындау мақсатында даярланған тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісін тіркелімге қою туралы өтінімдерді құрастыру мен қарастыру жобасының Инструкциясы ұсынылуда. Мұндай белгілердің қазақстандық мысалдары ретінде «Радио Шаһар» мен «Орыс радиосын» келтіруімізге болады [7] .

Теория мен тәжірибе жүзінде әтір иістері мен парфюмерия жабдықтары іспеттес спецификалық құбылыстарды тауарлық белгілер ретінде тіркеу мүмкіндігі жайлы сөз қозғалуда. Өзге елдердің заң шығарушы органдарды мұншалық құбылыстарды тіркеу үшін бұл тауарлардың иістік және дыбыстық қасиеттері жеткіліксіз деп біледі.

Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл сауалды шешуге бағдарланған үрдісті - сол заттардың қасиеттерін барынша объективтендіру арқылы іске асыру абзал болар еді[8. 32б] .

Егер де белгілі бір иісті музыкалық тауарлық белгі іспеттес таспаға жазып алып, кейіннен оны тіркеу үшін қайтара қарап өте аламыз. Мысалға, Ұлыбританияда мұндай тауарлық белгі жасатуға болады. себебі, сол елдің заңнамасында мұндай әрекетке тыйым салынбаған. Дегенмен, иіс бұл ретте графикалық түрде жазылып қалуы тиіс.

Тауарлық белгілер бөлінісінің өзге түрі ретінде сол тауарлық белгінің бір не бірнеше субъекті қол астында болуы мүмкін. Бұл негізге сүйемдене отырып, индивидуалды және ұжымдық тауарлық белгілер ажыратылады.

1999 жылғы тауарлық белгілер жөніндегі Заңда - ұжымдық тауарлық белгіге анықтама берілген. «индивидуалды тауарлық белгі» тіркесінің өзі сөзге де ілікпеген болатын [9] .

Аталған Заңның 1 бабының 7 пунктіне сәйкес ұжымдық тауарлық белгі - бұл бүтін қасиеттер мен сипаттамалары бар тауарлардың өндіру мен таратуды іске асыратын қауымдастық немесе заңды тұлғалар, индивидуалды кәсіпкерлер бірлестігінің тауарлық белгісі.

Мұндай тауарлық белгілердің мысалы - «Сарыағаш суы» минералды су өндірушлер ассоциациясымен ұсынылған «Сарыағаш-суы Ассоциасы» тіркесімен қоршалған аққудың бейнесі.

Ұжымдық тауарлық белгілердің құрамы мен даярлануы индивидуалдықтай, дегенмен олардың қолдану тәртібі әртүрлі.

Тіркеу тәжірибесі мен ұжымдық тауарлық белгілерді қолдануды есепке ала отырып, 1999 жылғы тауарлық белгілер жөніндегі заң - 1993 жылғы тауарлық белгілер жөніндегі заңда орын алған ұжымдық тауарлық белгілер статусын толықтай реттеуден бас тартқан болатын.

Бұрынғы заңда «ұжымдық тауарлық белгілерді тіркеу жөніндегі өтнішке қойылатын талаптар» атты 7 баб бар. Ол бұл тауарлық белгілердің «ұжымдық тауарлық белгілер қаулысы» - арнайы құжаты болуын талап етті. Бұл «қаулы» өз қатарына - ұйым атауы, бұл белгіні тіркеу мақсаты, субъектілер тізімі, тауарларға қатысты сапалық және басқа да мінездемелер тзімі, қолдануды бақылау тәртібі мен бұрмалау жауапкершіліктерін қосты. Жоғарыда атып өткендей, патенттік ведомствоға - белгілемелерді тауарлық белгі ретінде тіркеуден өзге, заңды тұлғалар бірлестігіне тиесілі азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарды реттеу мен тұрақтандыру шаралары енгізілді.

Тауарлық белгіні тіркеп, «ұжымдық тауарлық белгілер қаулысы» және өзге де құжаттарды негізге ала отырып, патенттік ведомство бұл құжатта орнатылған алда болар дай-дамайларды еріксіз түрде қабылдауға мойынсұнды.

Бұл тұжырымдарды есепке ала отырып, 1999 жылғы ұжымдық тауарлық белгілер жөніндегі Заңда 1 бабтағы ұжымдық тауарлық белгіні анықтаудан өзге, 19 бабта ескерілгендей, « ұжымдық тауарлық белгінің иегерлері ұжымдық тауарлық белгілермен қатарлас өз тауарларын да іске асыруларына болады» делінген [10] .

Тағы да бір жіктелімдік негіз - тауарлық белгінің танымалдылық дәрежесі. Осыған негізделе отырып, 1999 жылғы тауарлық белгілер жөніндегі Заңнң 1 бабында халықаралық келісімдерде жалпыға танымал деп аныталған тауарлық белгілерді ерекшелей түсті. Ал, заңда «баршаға танымал емес тауарлық белгі» тіркесі болмағандықтан, А. П. Сергеевтің ұсынысы бойынша өзге тауарларды «қарапайым» деп атауымыз жөн.

Жалпыға танымал тауарлық белгілерді қорғау - зияткерлік меншіктің теорисы мен тәжірибесінде туындайтын ауыр мәселелердің бірі. Мысалға, шылымның әлемге танымал сорты «Корона» - шылым шекпейтін адамдарға мүлдем таныс емес. Яғни, жекелеген белгілердің «танымал» және «баршаға танымал» эпитеттеріне сәйкес келуіндегі субъективтіліктің ауқымды элементінің бар екендігін көрсетіп отыр [11. 54б] .

Заңнамамызға мұндай санаттың енгізілуі - елміз әрдайым қатынасатын халықаралық конвенциялардың талабы еді.

ҚР АҚ мен тауарлық белгілер жөніндегі заңдағы тауарлық белгілердің анықтамасына назар аударайық. Ол тауарлық белгіге қарасты субъектілердің құқығын тінтіп өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiнің түсінігі мен ерекшеліктері
Азаматтық құқық объектiлерi
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының ұғымы
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері
Жеке мүліктік емес игіліктер
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Азаматтық құқық қатынастары туралы
Азаматтық құқық жөнінде
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Интеллектуалды меншік объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz