Басты мәселе азық түлік дайындайтын өндірістерде
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Азық - түлік қауіпсіздігінің теориялық және әдістемелік аспектілері 9
1.1 Азық – түлік қауіпсіздігі категориясының экономикалық мазмұны, 9
қасиеттері, негізгі критерийлері және көрсеткіштері
1.2 Азық – түлік қауіпсіздігінің деңгейін анықтаушы факторлар мен 23
шарттар жүйесі
1.3 Азық – түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің шетелдік 29
тәжірибелері
2 Облыстың азық – түлік қауіпсіздігімен қамтамасыздық жағдайын 40
талдау
2.1 Елдің ауылшаруашылық азық - түлік секторының қазіргі ахуалы 40
2.2 Жамбыл облысының азық – түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етілу 52
жағдайын талдау
2.3 Халықтың азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету бойынша елде 60
атқарылып жатқан іс-шаралар
3 Облыстағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің перспективалары62
3.1 Болашақта елдің азық-түлік қауіпсізідігін нығайту жолдары 62
3.2 Халықтың азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету жағдайын 70
трендтік және көпфакторлық регрессия әдістері арқылы болжамдау
Қорытынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 80
Кіріспе
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және
Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық
мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз
етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды.
Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың
өткірлігін бәсеңдетеді. Бірақ, енді ғана басталып келе жатқан экономикалық
өсу 90-жылдары туындаған дағдарыстың салдарын жойып жіберді деп айту
мүмкін емес. Мұндай тұжырымды жасауға республиканың азық-түлік
қауіпсіздігінің жағдайы, аграрлық өнеркәсіптің (шынайы даму тенденциясы)
және отандық азық-түлік нарығының шынайы даму тенденциясы, оның
деңгейінің әлемдік, азық-түлік нарығындағы өзгерістерге тәуелділігі, елдің
әртүрлі аймақтарындағы халықтардың әлеуметтік жағдайы мен төлем
қабілеттілігі жағдайы негіз болып табылады. Елді азық-түлік қауіпсіздігімен
қамтамасыз етудің қажетті шарты – ұлттық шаруашылықтың көптеген
салаларымен қарым-қатынаста болатын, экономиканың ірі секторы –
агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың өзін-өзі қамтамасыз етуі
( азық-түлік тәуелсіздігі) болып табылады.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз ауыл-шаруашылық
өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер мен импорт арасындағы
оптималды арақатынасты анықтау үшін азық-түліктің негізгі бөлігін
материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау
есебінен ел ішінде өндіру. [1]
Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейі
мен сапасы ауыл шаруашылық жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенге
байлынысты салалардың жағдайына тікелей байланысты болады. Зерттеулер
көрсеткендей, ауыл-шаруашылық өндірісінің келесідегі жағдайы негізгі үрей
туғызады: егістік өнімдері жағдайларының нашарлауы, ауыл-шаруашылық
кәсіпорындарының материалдық-техникалық базаларының жетіспеушілігі; жермен
және малмен айналысудың өнімділігінің төмен деңгейі; кейінгі жылдардағы
табиғи-климаттық факторлардың жағымсыз үйлесуі (құрғақшылық, су тасқыны
және т.б.); астық мәдениетінің өнімділігінің қысқаруы және т.б.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін зерттеу, ғылыми
негізделген нормалар бойынша негізгі тамақ өнімдеріне деген халықтардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, ел ішіндегі аграрлық
өндірістің тиімділігін көтеруге бағытталған іс-шаралар кешенін жасау
зерттеу тақырыбының өзектілігін және оның елдің азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етудегі ғылыми-практикалық маңыздылығын анықтайды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету отандық және шетелдік
авторлардың зерттеулеріндегі көзқарас бойынша республикадағы
агроөнеркісіптік өндірісті дамытудың теориялық және практикалық
аспектілерін талдау және оның потенциялы мен мүмкіндіктерін бағалау,
зерттеліп отырған тақырып толық ашылмағандығын және де концептуалды
шешімдерді іздеу деңгейінде екенін көрсетеді. Осыған байланысты,
диссертациялық жұмыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
бойынша шетелдік оқымыстылардың ғылыми жұмыстары талданған.
Жұмыстың мақсаты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін анықтау үшін Қазақстандағы азық-түлік
қауіпсіздігінің баға берудің теориялық және әдістемелік аспектілерін
жасау.
Жалпы мақсаттар негізіндегі келесідегідей нақты міндеттер анықталады:
– азық – түлік қауіпсіздігі категориясының мәнін нақтылау;
– азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштерін, негізгі критерийлерін және
квалификациялық ерекшеліктерін анықтау;
– азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономиканың
агроөнеркәсіптік секторының жағдайын қарастыру;
– азық-түлік тауарларына қол жетімділікке баға беру;
– республикадағы азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын талдау;
– азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеделдік әдістерін
жалпылау және оның облыс жағдайына адаптациялану мүмкіндіктерін
анықтау;
– Азық-түлік қауіпсіздігін болашақта да нығайту жолдарын анықтау;
– Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеру бойынша
іс-шараларды негіздеу.
Зерттеу пәні облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
жағдайларды қалыптастыру процесінде пайда болатын экономикалық қатынастар
кешені болып табылады.
Зерттеу обьектісі ретінде облыс экономикасының агроөнеркәсіптік секторы
алынған.
Ғылыми - зерттеу жұмысының теориялық және методикалық негізін отандық
және шетелдік ғалым-экономистердің теориялық концепциялары, ғылыми ой
жетістіктері, экономикалық реформа бойынша үкімет құжаттары, заңдық
пакеттер және заңдық актілер көрсетеді.
Зерттеудің ақпараттық базасы облыстың заңдық актілері, Жамбыл
облысыСтатистика Агенттігінің нақты статистикалық мәліметтері,
ауылшаруашылығы Министрлігінің, Жамбыл облысы бойынша ауылшаруашылық
Департаментінің мәліметтері, монографиялар, мерзімдік баспа және интернет
басылымдардың материалдары болып табылады.
Қорғауға азық-түлік қауіпсіздігінің және оны қамтамасыз ету бойынша
ұсыныстардың экономикалық мазмұны туралы теориялық жағдайлардың жиынтығын
көрсететін ғылыми өңделімдер шығарылады.
Зерттеу барысында ең маңыздылары болып табылатын тұжырымдамалар мен
ұсыныстар қалыптастырылды:
- азық-түлік қауіпсіздігінің экономикалық категория ретіндегі авторлық
трактовкасы көрсетілді және теориялық аспектілері нақтыланды;
- азық- түлік қауіпсіздігінің ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігіне
және жиынтық экономикалық потенциалға шарттастырылған көрсеткіштері,
түрлері мен критерийлері негізделді;
- жіктеу қасиеттері бойынша азық-түлік қауіпсіздігін құрайтын
топтамалар жасалынды;
- Қазақстан экономикасының аграрлық секторын дамытудың қазіргі
деңгейіне автор қолдануға тырысқан, халықаралық тәжірибеде қолданылған,
азық-түлік қауіпсіздігінің бірқатар теориялары;
- Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мақсатында
2012 жылға дейін өндіріс және негізгі тамақ өнімдерін тұтыну бойынша
болжамдық есептеулер жасалынды.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік мәнділігі оның нәтижелерінің
келесідегідей мүмкіндіктерінен тұрады:
- азық-түлік тауарларының өндірісін дамыту бойынша Қазақстандағы
мемлекеттік саясат үшін ғылыми негізделген шешімдерді қабылдау;
- ауылшаруашылығын дамыту ерекшеліктерін анықтау кезінде 2012 жылға
дейінгі болжамдық мәліметтерді пайдалану;
- аймақтық ауылшаруашылық бағдарламаларын, сондай-ақ ауылшаруашылық
кәсіпорындарының қызметін жақсарту бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау
кезінде ескеру және т.б.
Дипломдық жұмыстың мәтіні компьютерде 81 бетте баяндалды, 20 кесте,
бар; кіріспе, үш бөлім, қорытындыдан, 35 пайдаланылған әдебиеттердің
тізімінен тұрады.
1 Азық-түлік қауіпсіздігінің теориялық және әдістемелік аспектілері
1.1 Азық – түлік қауіпсіздігі категориясының экономикалық мазмұны,

Азық-түлік қауіпсіздігі – барлық экономикалық жүйеге тән экономикалық
категория. Азық- түліксіз ешбір этнос өмір сүрмейді, және тірі қалмайды.
Содықтан бұл зерттеу азық-түлік қауіпсіздігінің жұмысымен байланысты,
жалпыметодологиялық сұрақтар кешенін қарастырады.
Бұл кешенге келесі сұрақтар енеді:
- азық-түлік қауіпсіздігі жалпы ма, әртүрлі экономикалық жүйеге
әсер ете ме, жоқ па: оң қорытынды жасалса, азық-түлік
қауіпсіздігінің қызметі барлық сатыда сипатталады және нарық
қатнастары жағдайында бұл категорияға сандық және сапалық баға
беріледі;
- Азық-түлік қауіпсіздігі бұрынғы экономикалық жүйелерден қалған ба,
немесе өтпелі кезеңдегі факторлар әрекеті ме ;
- Азық-түлік қауіпсіздігінің нарық жағдайында жалпы мазмұны сақтала
ма;
Азық-түлік қауіпсіздігіне арналған экономикалық әдебиеттерде бұл
сұрақтар қарастырылмаған, егер қарастырылса да бір-бірінен алшақ. Қоғам
танымы терең және толық болған сайын әлеуметтік – экономикалық категориялар
қолданылған сайын әлеуметтік- экономикалық тиімділігі жоғары болатындығы
белгілі. Сондықтан қойылған сұрақтардың жауаптарының ғылыми мәнділігі
зерттеу бөлігінде ғана емес , нарық жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігінің
рөлі мен функциясы, оның әрекетінің механизмін түсінуді ашу, жабдықтардың
өте тиімді түрлерін іздеу бағыттарын құру. Бұл жазықтықтағы зерттеу
мемлекет құрған кешеннің жағдайын, талаптарын, құқықтық нормаларын,
экономикалық нормативтерін, инструкция мен директиваларын тамаша анықтауға
мүмкіндік береді, және мемлекет экономикасына төнетін ішкі және сыртқы
экономикалық қауіптерден қорғауға кепілдеме береді, әрі қамтамасыз етеді.
Жаңа ұғымдар мен категориялардың туындауы немесе экономиканың
мазмұнының өзгеруі және ескі бағыт қызметі экономикалық теория дамуы
мен жаңа объективті нақты құбылыстың бейнесінің нәтижесі.
Экономикалық категориялар қандай экономикалық жүйеге тән болса да, оның
жалпылығын ашатын бірдй ерекшелігімен анықталады. Мұнадай ерекшіліктер
экономикалық категориялардың мәнін қолданудың барлық сатысында терең
сипаттайды. Жалпы категориялар мазмұнын талдау әрбір экономикалық жүйе үшін
жалпы және арнайы даму кезеңдерінің біріңғай екі жағын корсетеді.
Азық-түлік қауіпсіздігін экономикалық категория ретінде қарастыру Р.
Нельсон мен С. Уинтердің классикалық еңбектерінде енгізілген эволюциялық
теория принциптерін қолданады: [2]
- адаптивті принципі- азық-түлік қауіпсіздігін камтамасыз еті жүйесінің
сыртқы орта озгерісіне бейімділігі. Адаптивтік деңгейі жоғары болған сайын,
жүйе қызметінің тиімділігі жоғарылайды.
- өзгеру принципі- азық-түлік қауіпсіздігін жабдықтау жүйесінің уақыт
бойынша өзгеруге қабілетігі. Бұл өзгерістер экономикалқ орта
мен өндірістік күштер мен қатынастар дауының эволюциялық жолымен даму
мумкіндігі және революциялық, өндірістік күштер мен қатынастардың тез
өзгеруімен анықталады.
- біртектілік принципі- экономиканың даму деңгейі, әлеуметтік және
мәдени ерекшіліктері, дму тарихымен байланысты жүйенің алғашқы
элементтерінің қасиетінің әртүрлілігі. Нарықтық ортада жүйенің біртекті
еместігі ауылшаруашыфлық кәсіпорнының бәсекелестігі, сауда, қоғамдық
тамақтанудан көп тәуелді.
- жүйелілік принципі. Субъект және әлеуметтік-экономикалық орта бір
бүтінді немесе жүйені құрайды, оның элементтері белгілі байланыс пен
шектеулер арқылы өзара әсерлеседі.
- шектеулілік принципі- ресурстардың шектеулігіне байланысты ( табиғи,
қаржы, адам, т.б.) анықталатын өндірістік қатынастар сипаты.
Шектеулілік қауіп тудырады, және азық-түлік қауіпсіздігін, сонымен бірге ол
жай қозғалыс көзі.
Азық-түлік қауіпсіздігі тауар- ақша қатынастары бар барлық экономикалық
жүйелерге тән экономикалық категория оның дамуы азық- түлік қауіпсіздігінің
маңызды ерекшеліктеріне тарайды, әр экономикалық жүйенің тарихи мерзімінің
барлық қызмет ету сатысында сипатталады. Жалпы және арнайы белгілерінің
әртүрлі бағытта дамитындығынескеру қажет.
Азық-түлік қауіпсіздігі жалпы категория ретінде әкімшілік басқару
жүйесінде дамуының ең жоғарғы нүктесіне жетті, ал қазіргі дамуы төмен.
Нарықтық қатынастарға тән жаңа мазмұны ары қарай дамуда. Мұндай позиция
оның тұқымдық белгілерінің түп белгілерінен ажырату емес, біріншісі көруге
міндетті және екіншісінің спесификасын анықтайды. Мұнда олардың жалпы
ерекшелігін анықтайтын тура байланыс байқалады. Нарық жағдайында азық-түлік
қауіпсіздігін қолдану шекарасы мен механизмі, функциясы жаңа мазмұнда
көрінеді, ал түрі өзгерістерге ұшырайды. [3]
Азық-түлік қауіпсіздігі-қажетті, тіпті жеке адамның материалдық
жағдайы жеткіліксіз болса да, кез - келген адамдар тобы мен қоғам түгелдей
оның функциясы мен даму мүмкіндігін - демографиялық, экономикалық, саяси,
мәдени, интелектуалды т.б. анықтайды.
Қоғамның тұрақты даму кезеңінде, азық-түлік өндіру- жай қоғамның
өндіріс, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері өзекті емес. Ол апатты
жағдайларда, өнім жоқта, соғыс кезінде, ауылшаруашылық өндірісі жер өңдеу
және тамақ өнеркәсібі бұзылғанда, экономикалық дағдарыстарды, қоғамның
эономикалық құрылымы мен жерге меншікті түбегейлі түрлендіруде туындайды.
Әлеуметтік реформалар мен төңкерісшілер адам қоғамын жетілдірудің
козсіз идеясының әсерімен ХХ ғасырдағыреформа мен техникалық төңкерістің
тәжірибесі дәлелдегендей кез келген радикалдлы экономикалық түрлендірудің
мүмкін шегі конструктивті және деструктивті әсерінің қоғамға тигізер күші
зор- тұрғындар, физикалық және рухани денсаулық, білім беру кешені,
экономика, оның ішінде ауыл шарушылығы, жеңіл және тамақ өндірісі, көлік
және энергетиканы қайта өндіру.
Осыған байланысты қауіпсіздік мәселелерінің әр түрлі аспектілері
туындайды, яғни адам, қоғам, мемлекеттің эономиклық және саяси
түрлендірулер кезеңінде маңызды мүдделерін қорғау мәселелері туындайды.
Азық-түлік қауіпсіздігін экономикалық және ұлттық қауіпсіздіктің ең
маңызды құраушысы ретінде құрастыру қажет.
Ғылыми әдебиеттерде қауіпсіздіктің әр түрі ерекшеленеді: геосаяси,
қорғаныс, қоғамдық, экономикалық, демографиялық, экологиялық, ақпараттық,
интелектуалдық, ғылыми – техникалық, азық- түліктік.
Теориялық алғышарттар негізінде азық-тілік қауіпсіздігінің экономикалық
мазмұнына анықтама беру қажет.
Алғаш рет Азық-түлік қауіпсіздігі ұғымы өз бетінше дамып, тәуелсіздік
жолына түскен елдерде өмірлік аңызды мәнге ие болды. Азық-түліктің
жетіспеуі 70- жылдарда әлемдік дағдарысқа себеп болды. БҰҰ Бас Ассамблеясы
1974 жылы Әлемде азық-түлік қауіпіздігін жабдықтау бойынша халықаралық
міндеттеме қаулысын қабылдады, және ол нақты түрде азық-түлік
қауіпіздігінің мәнін анықтады. Сол кезде көптеген елдердің азық-түлік
мәселелерін шешудің дамыған елдер көмегімен импортқа шығару концепциясын
орнату жылдам әрі тиімді жағы болды. Бірақ азық-түлік тауарларын өткізу
қатаң монополиялық нарыққа айналған соң, көптеген елдер 70 жылдары өз
күштеріне сену концепциясын өтуге мәжбүр болды, әрине ол жүзеге асқан жоқ.
Тез арада әлемдік банк айналымға азық-түлік қауіпсіздігін уақытша және
ұзақ түрде жою ұғымын енгізді. Тұрақты түрде азық-түліктің жетіспеуі
мемлекеттің валюта табысының деңгейі төмен болғанда, сыртқы нарықтан азық-
түлік сатып ала алмағанда пайда болады. Мерзімді жетіспеушілік банк
бағалауы бойынша әлемдік бағаның өсуінен болуы ықтимал. АҚШ-дағы 80-
жылдардағы жағдай тағы бір азық-түлік жетіспеушілігінің басы болды. Елдің
жер қоры түгелдей пайдаланылғанда, дәнді дақылдар алқабы өспегенде, ірі
қара жайылымнан жендеуге көшірілгенде, 2030 жылы АҚШ тұрғындары 95 млн
адамға арту күтілуде, су жетіспегенде, шаруашылық тиімсіз жүргізілгенде
осындай қуатты елде азық-түлік қауіпсіздігі дабыл қағады.
БҰҰ 1996 жылы ауыл шаруашылық халықаралық азық-түлік ұйымы ФАО берген
анықтама бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі – барлық дам барлық уақыта
белсенді және дені сау өміріне қажетті физиололгиялық тұтынымы мен талғамын
қанағаттандаруға жеткілікті, қауіпсіз және нәрлі азық-түлікке экономикалық
қол жеткізуі. [4]
Азық-түлік қауіпсіздігінің ұғымның жалпы теориясы батыс авторлары Л.
Бери, Е. Барбер, Б. Портилла, Г. Конвей еңбектерінде кеөздеседі. Олардлың
көзқарасы азық-түлік қауіпсіздігі- белсенді, дені сау, өмір сүріге қажетті
азық-түлік барлық тұрғындарға қол жетімді болатын экономика жағдайы деген
оймен дәл келеді. Бұл кезде жоғарыда келтірілген авторлар азық-түлік
қауіпсіздігінің маңыздылығы сұрақтарын жеткілікті түрде ашпайды және оны
шешу тәсілдерін анықтамайды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
иедясы негізгі азық-түлікті мемлекет ішінде өндіру үшін материалдық,
қаржылық, еңбектік және әлеуметтік – экономикалық жағдайларды ауыл
шаруашылығы өндірісі үшін жасау, сондай-ақ отандық және импорт өнімдерінің
оптималды ара қатынасын анықтау.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде азық-түлік қауіпсіздігі, азық-
түлік тәуелсіздігі ұғымдарына анықтамалар кездеседі. Бірақ, екінші
жағдайда елді азық- түлікпен өзі қамтамасыз ету деңгейі анықталады.
Тұрғындар тұтынымын тағам өнімдерімен қамтамасыз ететін ішкі өндіріс елдің
өзін - өзі жабдықтау көрсеткіші, азық- түлік тәуелсіздігі, азық-түлік
қауіпсіздігін ұлттық қамтамасыз етілуінің қажетті шарты. Осы мәселелерді
шешуг поляк ғалым экономистері А. Бушковский, Г. Войцеховский, А. Воев, З.
Колодзеяна, А. Клявс, С. Лоявский, И. Точна т.б. едәуір үлес қосты. Олардың
күшімен мемлекеттің экономикалық және шикізатпен жабдықтауының маңызы
туралыкілттік теориялар тұжырымдалды, ол азық-түлік қауіпсіздігінің
фундаменталды негіздерінің бірі. Олардың ойынша экономиканың өзін өзі
жабдықтау тағам өнімдерінің сыртқы сауда айналымын балансқа келтіру арқылы
жетіледі. Бірақ бұл өте қауіпті, себебі халықаралық жағдалар үнемі
шиеленісіп отырады. Экономикалық өзін-өзі жабдықтауға ішкі жағдайлар және
климат әсер етеді. Шикізатпен озін өзі жабдықтау сол кезде болады, егер
тағамдану деңгейіне рационалды (тиімді) әсер ететін өндірісі үшін азық-
түлік шикізаты өз елінде өндірілсе. Өндіріс үнемі ауытқып отыратындықтан
тұрақты түрде азық-түліпен жабдықтау қиын. Мұнда бір адамға 1000 кг
мөлшерде дән есептелуі тиіс. Сонымен олардың пікірінше, азық-түлік
қауіпсіздігі кең көлемде айтылады. азық-түлікпен жабдықтау ұғымында
біріңғай түсінігі жоқ. Әр елдің азық-түлікпен жабдықталуы әр түрлі. Егер
азық-түлік тұтынымын қанағаттандыру халық шаруашылығы қабілеттілігін
минимал деңгейде өсіру деп қабылдасақ, онда өзін өзі қамтамасыз етудің үш
категориясын аныықтауға болады дейді поляк зерттеушілері:
1. Абсолютті өзін - өзі қамтамасыз ету - сыртқы саудадағы
ауылшаруашылық өнімдерін сату айналымы нөлге тең болғанда өзін өзі
жабдықтау.
2. Салыстырмалы өзін - өзі қамтамасыз ету, сыртқы сауда айналымы
баланста болғанда жүзеге асады. Оны ел тұрғындарының азық-түлік
тұтынымын кешенді қамтамасыз ету деп анықтайды, ол кезде
ауылшаруашылығы экспорты мен шикізат импорты шығындары түгелдей
жабылуы тиіс (нетто). Мысалы, Польшада бұл мүмкіндік 39 млн халық
үшін күндік рационы адамға 2755-3200 калория деп анықталған.
Оптималды өзін өзі қамтамасыз ету үнемдеу принципін қолдану
нәтижесінде, белгілі құралдарды қолдана отырып, экономиклық жүйеде өндіріс
факторларын дұрыс орналастыру арқылы максимал нәтиже алу. Бұл жүйе
мақсатының функциясының көзқарасы бойынша максимал экономикалық тиімділікке
кепілдеме береді.
Жоғарыдағы айтылғандарға байланысты азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету – бұл ең алдымен белгілі бір кезеңде елдің азық-түлік
қауіпсіздігінің потенциалын қамтамасыз етуге қабілетті, өзара қатынастың
ұйымдық-экономикалық жүйесі. Ол тауар өндірушілерден соңғы тауарды
тұтынушыларға дейінгі отандық және импорттық азық-түлік тауарларының
қозғалысын қамтамасыз етуге қабілетті желіні ұйымдастырудан тұрады.
Әлем қауымдастығының азық-түлік мәселелеріне деген көзқарасы келесі
тенденциялар мен факторларға байланысты қатты өзгерді: біріншіден, әлем
халықтарының, әсіресе дамушы елдердің басым (800 млн. адам) бөлігі
ашаршылықта өмір сүруде; екіншіден, көптеген шет елдерде ауылшаруашылық
өндірісіне кері әсер ететін климаттық өзгерістер болуда; үшіншіден, егіс
алқаптары қысқаруда, сумен қамтамасыз ету мәселелері қиындай түсуде,
экологиялық қауіптер өсуде.
Сонымен, Азық-түлік қауіпсіздігінің экономикалық мазмұны жоғарыдағы
шетел зерттеушілерінің көзқарасы бойынша немесе жеке елдердің
ерекшеліктерін есепке алмай жаһандық масштабта қарастырылды немесе оның
негізін анықтауға біржақты қадам жасау ретінде қарастырылды. Әлемдік
қауымдастықта Азық-түлік қауіпсіздігінің шетелдік нормативтік құжаттарда
жиі кездесетін, кең тараған анықтамасы, бұл экономиканың барлық
халықтарға, кез-келген уақытта, қанша қажет болса, соншалақ халықтардың
салауатты, белсенді өмір сүруі үшін қажетті азық-түлікке қол жетімділікпен
қамтамасыз етуге қамтамасыз етуге кепілдік берілетін жағдайы.
ТМД елдерінде Азық-түлік қауіпсіздігінің негізделген категориялары
экономикалық реформаларды жүргізу және меншік түрлерін қалыптастыру
салдарының нәтижесінде пайда болды.
Нарықтық экономикаға өту көптеген мәселелерді туындатты, оның бірі елді
азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету. Нарықтық экономикаға көшудің
басынан бастап-ақ бұл мәселені шешу ерекше мемлекеттік міндеттердің біріне
айналды, бірақ оны шешу процесі өте ұзақ және ауыр болып шықты. Оған себеп,
ғалым-зерттеушілер мен маман-басшыларда ғылыми категория ретінде азық-түлік
қауіпсіздігінің мәнінің бірдей тісінігінің жоқтығы.
Осы мәселе бойынша оқымыстылардың жұмыстарын талдай отырып, алғашқы
әдістемелік-теоретикалық аспектілерді жасаған ресей зерттеушілері екендігін
анықтадық, атап айтқанда: И. Оболенцев, М. Карнилов, А. Гардееев, Ю. Хромов
және т.б. Олардың көпшілігі азық-түлік қауіпсіздігін халықтың қалыпты өмір
сүруін қамтамасыз ететін деңгейде, қажетті азық-түлік өнімдерімен
қанағаттандыруға мемлекеттің кепілдік беру қабілеттілігі ретінде
қарастырады. Бірақ, бірқатар зерттеушілер ұлттық азық-түлік қауіпсіздігінің
екі салыстырмалы өзіндік компаненттерін, яғни оның халықтарының теңгермелі
тамақтануы және өзін-өзі қамтамасыз ету принципін бөліп қарастырады. Бірақ,
олардың барлығы азық-түлік қауіпсіздігін халықтың жеткілікті және тұрақты
тамақтануын мемлекеттің қамтамасыз ете алу қабілеті деп санауға
негізделді.
Азық-түлік қауіпсіздігі теориялық аспектісінің анықтамасына айтарлықтай
үлес қосқан Ресей зерттеушісі Р. Гумерев болды. Оның ойынша, азық-түлік
қауіпсіздігі екі аспектіде қарастырылады. Біріншісі- әлеуметтік-
экономикалық – мемлекеттің өз халқын негізгі тамақ өнімдерімен қамтамасыз
етуге қабілеттілігін сипаттайды. Екіншісі-саяси-экономикалық – халықтарды
өз өндірісі есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін және
соның нәтижесінде экономикалық және саяси тәуелсіздікпен кепілдендіру үшін
елдің агроэкономикалық потенциалын және ішкі ресурстарды мобилизациялауға
мемлекеттің қабілеттілігін сипаттайды. [5]
Ресей Федерациясының тұтынушыларды қорғаудың Ұлттық Қоры, әртүрлі
зерттеушілердің ойларын жинақтай отырып, келесідегідей толық анықтама
ұсынды: Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл азық-түлік ресурстарымен,
потенциалмен, кепілдіктермен қамтамасыз етілген сыртқы және ішкі
жағдайлардан және қауіп-қатерлерден тәуелсіз мемлекеттің ел тұрғындарын
түгелдей және жекелей азаматтардың қажеттіліктерін тамақ өнімдерімен, ауыз
сумен және басқа да тамақ өнімдерімен белгілі бір көлемде, сапада және
ассортиментте жеке тұлғаны физикалық және әлеусметтік дамыту үшін қажетті
және жеткілікті, ел тұрғындарын кең өндіріс және денсаулықпен қамтамасыз
ету.
Көптеген ғалым – экономистер, аграрлық қатынасы дамыған мемлекетте азық-
түлік қауіпсіздігі жағдайының қасиеттері келесілер болып табылады деп
есептейді:
- жергілікті ауылшаруашылық өндірісін және ауылшаруашылық кешенінің
басқа да салаларын өмірлік маңызы бар тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;
- халықтардың қажеттіліктерін максималды деңгейде қанағаттандыру үшін
елдің барлық азаматтарының қажетті тамақ өнімдеріне қол жетімділігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін адам өміріне маңызды азық-түліктерді
қажетті көлемде, ассортиментте және сапада өндіру;
- ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешумен бірмезгілде экологиялық тепе-
теңділікті бұзбай өндірісті дамыту;
- елдің сыртқы сауда қызметіне оң төлем балансына бағдарлана отырып
белсенді қатысуы.
Сонымен, осы мәселе бойынша зертеушілердің жоғарыдағы айтылғандарының
ішінен ең маңызды азық-түлік қауіпсіздігі категориясының теориялық
негізділігі келесілерді білдіреді:
- негізгі тамақ өнімдерін қолданылатын стандарттар мен мөлшерлерге
сәйкес тұтыну;
- халықтың негізгі тамақ өнімдеріне қол жетімділігі (экономикалық және
физикалық) және жан басына шаққандағы азық-түліктің қажетті көлемі,
ассортименті және сапасымен қамтамасыз ету;
- азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге қол жетуізу;
- мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайларға немесе қауіп-қатерлерге
тәуелсіз түрде ел тұрғындарын толығымен және жекелей азаматтарды тамақ
өнімдерімен, ауыз сумен және тағы басқалармен қанағаттандыруға
қабілеттілігі.
Бірқатар зерттеушілер елдің азық-түлік қауіпсіздігі – бұл елдің
денсаулығы мен өмірін сақтау үшін жеткілікті деңгейде, негізінен өз
өндірісі есебінен халықтарды сапалы тамақ өнімдерімен үзіліссіз жабдықтау
деп санайды. Азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды қасиеті отандық азық-түлік
түрлерімен халықтың қамтамасыздығының деңгейі болып табылады. Табиғи-
климаттық жағдайларына байланысты әртүрлі мемлекеттер әртүрлі объективті
себептерге байланысты халықтарды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша
бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Толық қамтамасыздық- мемлекет өзін-өзі өз
күшімен қамтамасыз ете алады, жартылай- кейбір азық-түлік түрлері жетпеген
жағдайда басқа елдердің мүмкіндіктерін пайдалану есебінен нарықты
толықтыру, қарым-қатынастық- азық-түлік нарығын елдің басқа аймақтарының
көмегімен толықтыру, тартымдылық- тек басқа елдердің өнімдерінен тәуелді
болу (азық-түлік импортына толық тәуелділік). [6]
Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін
топтау түрлері 1- кестедегідей көрініс табады.
Кесте 1
Елдің азық-түлік қауіпсіздігі түрлерін жіктеу
Жіктелу қасиеттері Азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі
түрлері
Халықтардың аймақтық қауымдастығы- әлемдік
- континенттік
- мемлекетаралық
- ұлттық
- аймақтық
Азық-түлікпен қамтамасыздық - өткен
кезеңдері - ағымдағы
- алдағы
- болжамды
Азық-түлік ресурстарының құрылымы- азық-түлік түрлері
- шикізаттан пайдалы заттарды ажыратып
алу деңгейі
- алынған шикізаттың әртірлілігі
- ауылшаруашылығында өндірілген дайын
өнім түрлері
Сандық бағалау Құндық (доллар, теңге)
Натуралды (масса, дана, шартты бірлік)
Ұлттық қаматамасыздық деңгейі - толық
- жартылай
- арақатынастық (аймақтар арасында)
- тартымды (импорт)
Азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету процесі елдің экономикалық,
әлеумсеттік, демографиялық және климаттық жағдайларына байланысты өзгеріп
және толықтырылып отыруы мүмкін азық-түлік қауіпсіздігінің критерилері
негізінде анықталады. Поляк экономистері азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі
критерилерінің келесі шкаласын ұсынды:
- азық-түлікпен өзін - өзі қамтамасыз ету;
- негізгі азық-түлік өнімдерінің балансы;
- азық-түлік сатылымының импорттық квотасы;
- азық-түлік сыртқы сауда балансы;
- азық-түлік резервтерінің мүмкіндіктері мен мөлшерлері;
- халықтың жан басына қайта есептегендегі негізгі тамақ өнімдерін
өндіру және тұтыну деңгейі;
Көптеген ТМД зерттеушілерінің ойлары бойынша елдің экономикалық,
әлеуметтік, демографиялық және климаттық жағдайларына байланысты өзгеріп
және толықтырылып отыруы мүмкін азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін анықтаудың
төрт негізгі критериі ажыратылады.
Ресей ғалымы А. Гордеевтің ойы бойынша азық-түлік қауіпсіздігі
деңгейін анықтау үшін үш жүйе әрекет етеді, атап айтқанда:
- негізінен халықтың (экономикалық қол жетімділік) сатып алу
қабілеттілігіне және тұтыну нарығының (физикалық қол жетімділік) қанығуына
тікелей байланысты болатын тұтыну жүйесі;
- азық-түлік тұтыну нарығын отандық өндіріс және импорт есебінен
толықтыратын және бұл кезде өндірістің жарты бөлігі тауарлық емес
(халықтардың өзін өзі қамтамасыз етуі) болып табылатын екі жүйе.
Азық-түлік қауіпсіздігінің келтірілген критерилері бір бірімен өзара
байланысты, елдің ішкі және сыртқы жағдайларынан құрылғандармен анықталатын
шектерді иемденеді, олар жүйе құра отырып азық-түлік қауіпсіздігінің
жағдайын анағұрлым толық және нақты анықтайды.
Көптеген зерттеушілердің ойларын жалпылай отырып өнімнің азық-түлік
қауіпсіздігін төмендететін сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:
- Елдің экономикалық потенциялының әлсіреуін дұрыс көретін бірқатар
мемлекеттердің мақсатты бағытталған саясаты;
- азық-түлік өнімдерін өзінің ұлттық нарығында өткізуіне болмайтын және
сәйкес қауымдастығы елдерінің нарықтарында өткізеге болатын және ел нарғына
бағытталған азық-түлікті басқа елдерде қайта өндіру;
- Елдің отандық нарыққа еркін өтуін қамтамасыз ететін жоғары дамыған
елдерге экономикалық эәне қаржылық тәуелділігі;
- Елдің азық-түлік нарығын жоғары дамыған елдердің игеруі және оның
аумағынан отандық өнімдердің айтарлықтай үлесін ығыстыруы;
- жоғары дамыған елдердің жоғары өмір деңгейі мен Қазақстанның төменгі
көрсеткіштері арасындағы қарама – қайшылық;
- Елде шикізат өндірумен байланысты экологиялық ластанудың ауырлық
орталығын қайта орналастыру;
- Елге тәуелді ауылшаруашылық және басқа да өнімдердің сапасын
бағалаудың халықаралық нормаларын пайдалану деңгейінің төмендігі;
- өнім өндіруде отандық өндірушілердің қызығушылығының жоқтығы және
өндірістің құлдырауы;
- әртүрлі отандық өндірістің төмен ғылыми-техникалық деңгейі, Елдің
халықаралық қауымдастықтан ғылыми-техникалық және экономикалық бөлініп
қалуы;
- Қазақстан халықтарының төмен тұрмыс деңгейімен және халықаралық
қауымдастықтан қол үзіп қалуымен байланысты әлеуметтік менталитеті;
- халықтың кейбір бөліктерінің азық-түлік саудасының халықаралық
ережелерін білмеуі;
- қысқамерзімді эффект алуға бағытталған үкіметтің нәтижесіз
экономикалық көзқарас тұрғысындағы жобалары;
- эконномикадағы инфляциялық процесстер;
- халықтың негізгі бөлігінің әлсіз қорғалғандығы;
- экономикасының негізінен қарз үшін қызмет ету және қаржылық жүйені
қолдауға бағытталған несиелерді бөлуді жүзеге асыратын банктік құрылымдар
саясатына тәуелділігі. [7]
Азық –түліктік қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қалыптастыру мен құруға
диаметральді қарама-қарсы факторлардың екі тобының қоспасы әсер етеді. Бір
жағынан, жалпы даму деңгейін төмендететін, негативті, ал басқа жағынан –
позитивті, экономикалық жүйенің эволюциялық дамуына сәйкес, 2-ші кестеде
көрсетілген.
Кесте 2
Азық түліктік қауіпсіздіктің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың
классификациясы
Негативті Позитивті факторлар
факторлар
Азық-түліктік қауіпсіздіктің Тұрақты нормативтік құқықтық базаны
деңгейін қамтамасыз етудегі осал құруы, яғни Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық база азық-түліктік қауіпсіздігі заңы
Инфляциялық процестер, бағалардың Баға құрылуының тиімді механизімін
тұрақсыздығы дамыту, баға теңдігін жасау
Отандық нарықтың бөлшектері мен Елге импорттық тауарлардың енгізілуіне
сегментерінің импорттық тауарларменшектеу
толықтырылуы
Халықтың өмір деңгейінің төмендеуі Халықтың жалпы материалдық қамтамасыз
етілуінің жоғарлауы.
Ел экономикасының банк жүйелерінің Отандық өндірістің дамуы
саясатынан тәуелдігі
Ғылыми-техникалық прогресс Жаңа кіріспелерді дамыту, жаңа техника
деңгейінің төмендеуі. мен, технологияларды енгізу
Стратегиялық шикізат пен Стратегиялық маңызды шикізаттар мен
азық-түліктің шет елге шығарылуы азық-түліктің тапшы түрлерін шет елге
шығаруға шектеу
Нарық инфраструктурасының дамуының Ел ішіндегі сауда политикасының бірегей
деңгейінің төмендігі стратегиясының жасалуы, тауар
қозғалысының тиімді каналдарының
жасалуы.
Өндірістің майда, бөлімдерге Интеграциялық процестердің күшеюі,
дифференциялануының ірі өндірістер мемлекеттік капитал үлесі басыңқы ірі
санының азайуына әкеліп соқтыруы. орындарының
Өкіметтің экономикалық процесстергеБолып жатқан экономикалық процесстерді
әсерінің бостығы, әсіресе азық реттеуші өкіметтік салалардың құрылуы.
түлікке баға құру саласында.
Хабарландырулықтың деңгейінің Ақпарат нарықтылығының деңгейінің
төмендігі көтерілуі, өндіріс факторларының
жалпылай қолдануын қадағалау және
есепке алу, информациялық жүйелердің
құрылуы мен қолданылуы
2-ші кестеде көрсетілгендей, факторлардың бірінші тобына кіретіндер:
- отандық өндірістің көлемінің ұлғаю негізінде дамуы;
- елдегі азық- түліктік қауыпсіздікті қамтамасыз етуді
регламенттейтін, өндірістердің экономикалық қызметін регламенттейтін.
- осал нормативтік – құқықтық база;
- баға құрылуының әсершіл механизмінің болмауы;
- шикізаттың, өндіріс құралдарының, дайын өнімдер мен әртүрлі
саладағы қызмет түрінің бағасының тұрақсыздығы;
- нарықтың бөлшектері мен сегментерін шетелдік-тауарлардың басуы,
отандық тауар өндірушілердің нарықтық ортадан ығыстырылуы;
- отандық тауарларға жалпы сұраныстың төмендеуі;
- тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасының өсу қарқыны мен жалақының
арасындағы сәйкессіздік, жұмыссыздықтың өсіуі;
- экономиканы жандандыруға бағытталған әрекетті республикалық,
салалық бағдарламалардың болмауы;
- материалдық өндіріс сферасындағы жаңа енгізулердің деңгейінің
төмендігі, жекелеп алғанда – тамақ өндіріс орындары мен өңдеуші
өнеркәсіпте, қолданудағы құрал жабдықтардың моральдық және
физикалық тозуы, бірбеткей жаңа зерттеулер мен ноу-хоу үлес
салмағының болымсыздығы, жаңашылдықтардың пайда болуына әсер етуші
механизмнің болмауы;
- елімізден халықтың сұранысына сай стратегиялық шикізаттар мен
дефицинт азық-түліктердің шығарылып әкетілуі; [8]
- сауда нарықтық комплекстердің қызметіне бақылаудың төмендігінен
олардың тиімділігінің жетіксіздігі;
- баға құрылуы саласындағы экономикалық процесстерге өкімет тарапынан
әсердің салғырттығы;
- кредитті- қажылық, салық және кедендік саясаттың тұрақсыздығы;
- нарықтық қатынастар жағдайындағы жоспарлау мен стратегиялық
болжамның әдістері мен принциптерінің болмауы;
- әртүрлі саладағы қызмет атқарушы субьектілердің өндіріс факторлары
мен ресурстарын қолдануына толық есеп пен бақылаудың болмауы;
- олардың қызметі жайындағы нақты есептің болмауы;
- экономиканың түрлі салаларының мүмкіндіктері мен қорларын дұрыс
бағалауға рұқсат берілмейтін осал ақпараттық база және т.б.
Негативті көріністерге қарама- қайшылық ретінле позитивті тенденция
болып сипатталатын сәйкес дамушы процесстер қызмет атқарады. Сондықтан
факторлардың 2-ші тобына әлемнің дамыған елдерінің практикасы мен
тәжірибесіне арқа сүйей отырып, келесі жағдайлар енгізілген:
-халықтың жалақысы мен жалпы материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейін
көтеру;
- отандық өндірісті оның көлемін ұлғайту негізінде дамыту;
- экономикалық жүйенің функциясын қалыпқа келтіруге ықпал ететін бір
қалыпты нормативтік- құқықтық базаның жасалуы;
- баға құрылуының тиімді механизімін жетілдіру және азық- түліктік
шикізатқа, өндіріс құралдары мен тауарларға өзара байланысты
бағалар жүйесін дамыту;
- ауылшаруашылығы секторында қолданылатын ауылшаруашылық
шикізатты,өндіріс құралдары мен тауарлар;
- елге іспеттес тауарлары өзімізде өндірілетін немесе отандық
кәсіпорындар өндіруге мүмкіндігі бар шарттық тауарларды әкелуге
шектеу салу;
- жаңаенгізулерге жаппай зерттеме жүргізу, ғылыми техникалық
прогрессті енгізу;
- елімізден стратегиялық шикізат пен тапшы азық –түлікті сыртқа
шығаруға енгізу;
- бір түтас тауар саясатының стратегиясын дамыту, тауар қозғалымының
өркениетті каналдарын жасау,тиімді өндірістік- сауда структураларын
дамыту;
- азық- түліктік нарықтың инфрақұрылымын –өркендету;
- нарықтық жағдайларға тиімді принциптер негізінде әртүрлі шаруашылық
субьектілері мен жалпы экономикалық жүйенің қызметін жоспарлау және
болжау;
- ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен өңдеуші өндіріс орындары
арасында интеграциялық процесстердің күшейуі,ірі құрастырылған және
мамандандырылған өкіметтік капиталдың бөлігі басым өндірістердің
ара қатынасы;
- тиімді және нақты ақпараттық жүйелерді енгізу;
- халықтың сұранысынқанағаттандыруға жеткілікті ауылшаруашылық
өнімдерін өндіруге мүмкіндік беретін егістіктерді бөлу;
- жерді өңдеу мен оның сапасын жоғары деңгейде ұстау мақсатында
әлемдік тәжірибені қолдануарқылы ауылшаруашылық өнімдерінің астық
өнімділігін көтеру;
- өнімдер шығаруда элиталық ұрықтық формаларды қолдану;
- өнімдердің сапасын әлемдік деңгейге сәйкес етіп көтеру.
Позитивті факторлардың өндірістердің дамуына әсерін қамтамасыз ету
көптеген түрлі тіршілік ету аспектілері мен нарықтық ортада өмір сүруге
тікелей байланысты.Қайта өндіру мен ауылшаруашылық өндірістерінің
тиімділігіне байланысты негізгі мәселелердің бірі бәсекелестік пен
шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге сәйкестік
деңгейін көтеру;
Бағалау көрсеткіштерін таңдағанда жалпы және ерекшеленген
методологиялық ережелерді негізге алу қажет. Азыық-түліктік қауіпсіздікті
анықтаудағы жалпы қағида – ол оның бүкіл әлемде,әрбір жеке елде екі
жазықтықта қаралуы, мекен жайына және әрбір жеке тұлғаға қатысты.
Азық-түліктікқауіпсіздікті бағалау үшін негізгі жеті көрсеткішке табан
тірейтін методикалық базаны ауқымды деңгейде қолданады. Олардың ішінде ең
белгілісі - әлемдік астық қорының бүкіл әлемдегі тұтынуына қатынасы. [9]
Қауіпсіздік болып саналатын деңгей ауыспалы қордың 60- тәуліктік
әлемдік астықты тұтыну мүмкіндігі, бұл шамамен оның бүкіл жылдық тұтынуының
17 % .
Басқа көрсеткіштер астықтың экспортер және импортер елдерге арналған
хал- ахуалын сипаттайды. Астықты экспортқа шығаратын мемлекеттерге қатысты
алғанда әлемдегі негізгі бес астық экспортерларының ұсынысының (Аргентина,
Австралия, Канада, ЕО, АҚШ) қажет көлемге қатынасы және осы елдердегі
ауыспалы қордың жалпы тұтынуға сәйкестігі – астық түрлері бойынша жалпы
және дифференцияланған.
Импортер елдерге қатысты алғанда Қытай, Индия, ТМД секілді дамып келе
жатқан импортер елдердегі астық өндірудегі өзгерістер белгіленеді.
ФАО – ның соңғы көрсеткіші ғаламдық астық қауіпсіздігін бағалау үшін –
бидай, жүгері, және күріш өнімдері бойынша қадағаланатын орта есеппен
экспорттық бағалар.
Елдің астықтық қауіпсіздігінің деңгейі өзара байланысты басқа да
көрсеткіштермен сипатталады.
Олардың қатарына : мемлекеттің астықпен өз-өзін қамтамасыз етуі,
астықпен жабдықтаудың және АПК – лардың қормен қамтамасыз етілуінің
импорттық жеткізулерден тәуелсіздіі: стратегиялық және оперативтік астық
қорларының мөлшерінің нормативтік сұранысының сәйкестігі, азық- түлік
өндірісінің көлемінің, әсіресе олардың базалық түрлерінің, әр жан басына
есептегенде, аса маңызды азық түліктердің физикалық және экономикалық жету
мүмкіндігі, азық- түліктің негізгі түрлерінің бағасының тұрақтылығы мен
жету мүмкіндігі азық- түліктердің сапасы мен экологиялық тазалығы.
Азық – түліктің қауіпсіздік жағдайын және оның ең төменгі белдеуін
бағалағанда мемлекеттің ішкі және сыртқы қаупі сияқты көрсеткіштерді
қолданады.
Елдегі азық-түліктік қауіпсіздікке ішкі қатермен азық – түліктік хал-
ахуалдың нашарлауын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып саналатын:
- егістік алқаптардың құнарсыздануы;
- өңдеу сапалары мен ауылшаруашылық өнімдерін сақтаудың
дамытылмағандығы;
- егіс алқаптары мен мал басының қысқаруы;
- кейбір жылдардағы қолайсыз қалыптасқан табиғат факторларының
(қуаңшылық, су тасқаны т.б) ауыл шаруашылық өнімдерінің төмендеуіне
әсер ететін немесе оларды ірі шығындарға соқтыратын үйлесімділігі;
- өндірістің негізгі құралдарының моральдық және тікелей тозылуының
салдарынан ауыл шаруашылығында және де агроөндірістік комплекстің
басқа салаларында қайта өндіру шарттарының бұзылуы;
- халықтың экономикалық белсенді бөлігінің ірі қалаларға
миграциялауы, қоғамның мүлікті бөлшектенуінің тереңдеуі, мұндай
жағдайда халықтың ең қорғаусыз бөлігінің табысы күрт төмендейді.
Кез келген елдің нарқы іштен де сырттан да төнетін қауіптерге душар
болуы айқын. Мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігіне сыртқы қатер
Республиканың түгелдей негізгі тағамдар бойынша импорттан тәуелді болуының
күшейуінен туындайды, өндірістік орталықтарының экспортер елдерден тәуелді
болуы, Қазақстан ВТО – ның құрамына кіру мақсатымен өзінің ішкі нарығының
ашық болуын күшейтуде, осыған байланысты азық - түлік импортының ірі
масштабты экспансия қаупі туындайды, отандық тауар өндірушілердің
ығыстырылуы, және осы себептен олардың өндірістерінің тоқырауы.
Ғалым – экономистердің көзқарасы бойынша, азық – түліктік қауіпсіздікке
сырттан туындайтын қиындықтырға келесі факторларды жатқызуға болады:
• ауылшаруашылық шикізатына әлемдік бағалардың коньбнктурасы
(бағалық қайшылықтар);
• саяси сипаттағы шаралар (эмбарго,гуманитарлық көмек)
• сауда дискриминациясы;
• ақпараттық қайшылықтар;
• тарифтік (тариф емес) тежеулер;
• қарсы демпинг
Азық-түліктік қауіпсіздікті сапалық бағалаумен шұғылданатын көптеген
авторлардың көз қарасына сәйкес көрсеткіштер (немесе индикаторлар) ретінде
келесілерді атауға болады:
• азық-түліктің негізгі түрлерін өндіру мен оны әр жан басының тұтыну
деңгейі;
• нормативтерге сәйкес олардың жеткіліктілік дәрежесі;
• осы көрсеткіштердің аймақтар бойынша және халықтың әлеуметтік топтары
бойынша дифференцияациялануы;
• олардың мөлшерінің әртүрлі жағдайлардағы тұрақтылығы;
Олардың тұжырымы бойынша, азық-түліктік қауіпсіздіктің сапалы түрде
бағалануымен қатар, өсімдік шаруашылығының өнімдерімен шұғылданатын
шаруашылық құрылымдарына егіндіктің 100 га шаққанда қажетті ауылшаруашылық
техникасының нормативін (санын) бекітіп беру қажет, осы норматив
ауылшаруашылығындағы азық- түліктік қауіпсіздіктің ең төменгі деңгейінің
тиімді мөлшерін анықтайды яғни, азық-түліктік қауіпсіздіктің берік жүйесін
жасау мемлекеттің бірқатар жалпыұлттық ерекшеліктермен байланысты, қаржылық-
экономикалық қиындықтармен, мемлекеттің қызметімен тікелей байланысты
обьективті және субьективті факторлардың бүкіл комплексі, азық-түліктік
қауіпсіздіктің негізін құрайтын жүйе болады.
Зерттеу тақырыбының көпсалалығы елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің
тиімді параметрлерін іздестіруді және ең төменгі деңгейін анықтауды талап
етеді.
Азық-түліктік қауіпсіздіктің құрастырушыларын сараптауда өмір шындығы
олардың әрқайсына белгілі мөлшерде негіз береді, бірақта, олардың
экономикалық табиғатын зерттеу барысында ең бастысы аса қиындатпауда,немесе
жеңілдетіп жібермеуде.
Жоғарыда көрсетілген азық-түліктік қауіпсіздіктің критерилері мен
көрсеткіштері шетелдік, қазақстандық және ресейлік зерттеушілердің
көзқарасына сәйкес азық-түліктік қауіпсіздіктің классификациялық беогілерін
(құрастырушыларын) ашып көрсетуге мүмкіндік береді және оның негізін
құрайтын мазмұнын анықтауда біржақты ғана қараудан аулақ болуға мүмкіндік
тудырады.

көрінеді, ал түрі өзгерістерге ұшырайды.

1.2 Азық – түлік қауіпсіздігінің деңгейін анықтаушы факторлар мен
шарттар жүйесі
Қазақстанда қалыптасқан нарықтық қатынастар жүйесі ел экономикасын әрі
қарай дамуы тәелді болып табылатын бірқатар жалпы мемлекеттік мәселелерді
шешу қажеттігін туындатты. Бұл мәселелер кешенінің арасында азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді атауға болады. Талдаулар көрсетіп отырғандай
соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда елдің экономикалық потенциалын айтарлықтай
төмендететін және азық-түлік қауіпсіздігіне зиянын тигізетін жағымсыз
сипаттағы тенденциялар байқалды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзінің ішкі және сыртқы
саясаттарын жүргізуі кезінде кез-келген ел соқтығысуы мүмкін стратегиялық
мәселе. Елдің тұрақты дамуы туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес, егер ол
ел өз халқын негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың толыққұнды және жеткілікті
деңгейімен қамтамасыз ете алмайтын және өзінің жеке сыртқы саясатын жүргізе
алмайтын болса. Сонымен қатар, ел ішіндегі азық-түлік нарығы импортқа
тәуелді болса. [10]
Кез-келген мемлекет экономикалық дамудың белгілі бір кезеңінде өсу
нүктесі болып табылатын саланы анықтайды. Сондай салалардың бірі Қазақстан-
2030 стратегиясында көрсетілген тамақ өнеркәсібі болып табылады. Біз кіші
шикізатқа бағдарланған ел болып қалмас үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін,
мұнай және газ өңдеу инфрақұрылымдарын, химия және мұнай, химия, машина
жасаудың жеке салаларын, соңғы ғылымсиымды өндірістерді, туризм мен қызмет
көрсету сфераларын өте тез қарқынмен дамытуымыз керек.
Тамақ өнеркәсібі елдің экономика жүйесінде құқық бойынша стратегиялық
маңызы зор салалар қатарына жатады. Өйткені ауылшаруашылық саласында тамақ
өнімдерінің нарығы қалыптастырылады және азық-түліктің стратегиялық
запастары құралады. Тамақ өнеркәсібінің даму деңгейі соңғы жылдары отандық
тамақ өнімдерін шығару көлемінің қысқаруымен және азық-түлік импортының
артуымен байланысты тоқтап қалған елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты
индикатыры болып табылады.
Соңғы кездері сырттан келетін көптеген азық-түлік тауарларына қатаң
тыйым салынды. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде Қазақстан – 2030
стратегиясының ұзақ мерзімді ерекшеліктерінің бірі болып табылатын тамақ
өнеркәсібіне маңызды рөл жүктелген. Адам денсаулығына ең қажеттісі бәрінен
бұрын дұрыс тамақтану сапалы азық-түліктерден тұратын отанымыздың азық-
түлік өнеркәсібі салтымызға сай сапалы адам денсаулығына зиянсыз тауарлар
шығару, синтетикалық бояуларсыз, жағымсыз иістер, химиялық заттары жоқ
тауарлар шығару бойынша жақсы дәстүрлерге ие. Басты мәселе азық түлік
дайындайтын өндірістерде. Дамуымыз бен нығаюымыздың бірінші факторы, бұл
өзіміздің мемлекеттен шыққан тауарлар. Мұның басты мәселесі (өзімізден
шыққан табиғи) ешқандай синтетикалық азық-түлік тауарлар бұның бәрі шетел
компаниялары мен еліміздің инвесторларында компанияларының табиғи азық-
түліктерді дамыған технологиялар арқылы өндіріп шығару.
Азық-түліктердің экономикалық жоспарлы көлемі еліміздің ережеге сай
болуы керек.
Нарықтық экономикады азық-түлік тауарлардың қауіпсіздігі олардың бағасы
және тұрғындардың көңілдерінен шығуы.
Реформалау кезеңіне дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету тамақ өнімдерін
дайындаушылардың көрсететін басты талаптары болғандығын айта кету керек.
Бұл дәстүрдің дамуы мен нығаюы отандық өнімдердің бәсекегеқабілеттілігінің
негізгі факторына айналуы керек.
Тамақ өнімдерінің жоғары сапалығы мен қауіпсіздігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz