Әкімшілік жүйесінің жобасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ6
1 ТАЛДАУ БӨЛІМІ9
1. 1 Пәндік аймақты сипаттау9
1. 2 Қолданыстағы ақпараттық жүйе қорларына шолу және оның кемшіліктері18
1. 3 Қолданыстағы деректерді өңдеу жүйесін жетілдіру жолдары24
2 ЖОБАЛАУ БӨЛІМ31
2. 1 Есептің қойылымы31
2. 2 Ақпараттық қамтамасыздандыру33
2. 3 Бағдарламалық қамтамасыздандыру36
2. 4. Техникалық қамтамасыздандыру41
2. 5 Қызметкерлердің қызметін және еңбек қорғауды қамтамасыз ету жолдары45
3 ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ52
3. 1«Әкімшілік ақпараттық жүйесін құру » бағдарламасының орындалуы шарттары мен тағайындалуы52
3. 2 «Әкімшілік ақпараттық жүйесін құру» бағдарламасының орындалуы»53
4ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН НЕГІЗДЕУ56
4. 1 Экономикалық тиімділікті есептеу әдістемесін таңдау және негіздеу56
4. 2 Жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу63
ҚОРЫТЫНДЫ70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ72
ҚОСЫМШАЛАР73
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған «Ақпараттандыру туралы» заңында ақпарат, ақпараттық ресурстар, жүйелер, процестер, жасырын мәлімет, құжатталған ақпарат ұғымдары беріледі. Енді сондағы ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау ұғымына тоқталсақ, ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оған тосқауыл қою жөніндегі іс-әрекетті қоса алғанда, ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, экономикалық және ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені деп анықталады.
Ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде бар, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделігін туғызатын электрондық жүйелендірілген ақпарат (ақпараттық деректер базалары) .
Сонымен, бұл заңның жарыққа шығуы ақпаратты қорғауды, сақтауды, ақпараттық ресурстар мен жүйелерді дамыту мен қорғауды реттейді, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Мамандардың еңбек нарығында бәсекелестік қабілеті болу үшін, олар ақпараттық технологияны білуі, кәсіби қызметте олардың орнын анықтай алуы, ақпараттық инфрақұрылғылармен өзара байланыс жасай алуы қажет.
Ақпараттық ортадағы маман үшін ғылыми-техникалық шығармашылық мәні мен терең білімі негізінде ақпараттық жүйені құру, ал екінші жағынан маманның ақпараттық мәдениеті - өз қызметінің аумағында құжаттық ағымдағы білім ерекшелігі, әртүрлі жүйеде ақпаратты іздестіру мүмкіндіктері, әртүрлі мәліметтермен жұмыс істей алу және ақпаратты қайтадан өңдеу негіздерін игеру және т. б. болып табылады.
Жалпылай компьютерлiк техниканы кең пайдалануға негiзделетiн жаңа ақпараттық технология тұжырымдамасының үш негiзгi қағидалар салынуы керек: жинақтылық, икемдiлiк және ара белсендiлiк.
Осыған байланысты бiздiң жұмысымыздың зерттеу объектісі - шаруашылық қызметін қадағалауды аќпараттандыру процесі.
Қазіргі таңда шаруашылық қызметін қадағалауды аќпараттандыру процесі қоғамның дамуын көрсетеді. Жалпы алғанда, қоғамдағы жаппай ақпараттану процестері болашақ мамандардан жаңа ақпараттық технологиялардың негізін меңгеріп, мүмкіндіктерін кәсіби мамандықтарында қолдана білуді, олармен жұмыс істеу біліктіліктері мен дағдылары болуын талап етеді. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану оқытуды дараландыруға, оқытудың тиімділігін арттыруға және материалдық ресурстарға кететін шығындарды азайтуға да мүмкіндік береді.
Мекемелерде іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыру басқарма жұмысын қарқындатуға ықпал ететін ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жиынтығын болып табылады.
Басқарма жұмысы ақпаратты жинаудан, өңдеуден және жеткізуден тұрады. Ақпараттың саны мен сапасы басқарма жүйесінің атқаратын қызметіне әсер етеді.
Дипломдық жобаның мақсаты - әкім шаруашылық қызметін қадағалау аппаратының басқару жұмысын қолдауда ақпараттық жүйе жобалау.
Жобаның мақсатына сай келесі міндеттер қойылған:
- ұсынылып отырған АЖ негізі мен пән аймағын зерттеу;
- нәтижелердің негізінде пән аймағын талдай отыра, зерттеу жұмысытарын жүргізу;
мәліметтер базасы құрылымына сипаттама беру;
өңдеу құралын таңдай отырып, мәліметтер базасын (МБ) құру;
МБ бар ақпараттың негізінде, қойылған критерийлерге талдау жасау;
пайдаланушы қолданатын қосымшаларды өңдеп таңдау.
Аталған дипломдық жұмыстың міндетінің бірі - жоғарыда көрсетілген бағыттарды ескере отырып, басқару қызметін құжаттамамен қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін жасау мен оны қолданысқа ендіру. Осыған сәйкес осындағы тіркеу бөлімінің жұмысын жеңілдету және қызмет көрсетуді тез атқаруды көрсету басты мақсаты болып табылды. Басқару қызметін құжаттамамен қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесі Borland Delphi 7. 0 тілінде және Microsoft Access бағдарламасында орындалды.
1 ТАЛДАУ БӨЛІМІ
1. 1 Пәндік аймақты сипаттау
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.
Мемлекеттік қызмет - мемлекет қызметтің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптерден негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т. б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуы мүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамат қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т. б. айналысуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды сата алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т. б.
Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған “Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті - қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.
Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.
Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.
Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс. Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға (жалғастыруға), т. б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына (сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.
Шет ауданы әкімшілікі жалпы мемлекеттік саясатты орындау билігін жүргізуді қамтамасыз етуде және Қарағанды облысының даму барысындағы халық сұраныстарын қамтуда орындаушы органы ретінде бірлескен жүйеге кіреді.
Әкімшіліктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекетті басқару туралы» заңымен, арнайы Қазақстан Республикасының нормативті құқықтарымен реттеледі.
Ақпараттық-аналитикалық, құқықтық ұйымдастыруы және әкімшіліктің материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі Шет ауданы әкімшілігінің аппаратымен қамтылады.
Әкімшілікке келіп түсетін корреспонденциялық өңдеулер және әкімшіліктің іс-жүргізушілігі, жасалуына сәйкес Қазақстан Республикасының әкімінің процедурасы туралы заңының талабымен, Шет ауданындағы әкімшілігінің бекітуімен аппаратқа жүктеледі және ретпен қадағаланады.
Әкімнің орынбасары және аппарат жетекшісі әкімшілік қарайтын енгізулерінің және әкімшілік ақпарат жобаларының өту ретін қамтамасыз етеді.
Әкімшілік отырысында қаралатын жоспарланған сұрақтар тізімін әкім бекітеді. Бекітілген тізім әкімшілік құжаттық қамтамасыз ету бөліміне, сонымен бірге орындаушы органдар жетекшілеріне және басқа мамандық тұлғаларға жөнелтіледі.
Аудан әкімінің құрылымы
1. Аудан әкімі
2. Аудан әкімінің 1-ші орынбасары
3. Аудан әкімінің 2-ші орынбасары
4. Аудан әкімінің 3-ші орынбасары
4. Аппарат басшысы
5. Аудан әкімінің көмекшісі
6. Ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімі.
6. 1 Ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімінің меңгерушісі;
6. 2 Ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы;
7. Үйлестіру бөлімі.
7. 1 Үйлестіру бөлімінің меңгерушісі;
7. 2 Үйлестіру бөлімінің бас маманы;
8. Құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі.
8. 1 Құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
8. 2 Құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман - есепшісі;
9. Бақылау, мемлекеттік сатып алу, құқықтық және жедел қамтамасыз ету бөлімі.
9. 1 Бақылау, мемлекеттік сатып алу, құқықтық және жедел қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
9. 2 Бақылау, мемлекеттік сатып алу, құқықтық және жедел
қамтамасыз ету бөлімінің бас маман - заңгері;
9. 3 Бақылау, мемлекеттік сатып алу, құқықтық және жедел қамтамасыз ету бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы;
Әкімшілік өзінің ішкі және сыртқы жұмыстарын мемлекеттік қызметтермен және үлкен әрі кішігірім кәсіпорындармен сонымен қатар дара кәсіпкерлермен жүргізеді.
Әкімшіліктің ішкі жұмысы ақпаратты енгізу, жіберу және оны қабылдау қосымша сервер арқылы болып табылады. Енгізілген ақпаратты клиент алдын ала тексеруді атқарады.
Әкімшілік отырысында сұрақтарды енгізген аппараттар бөлімі, әкімшілік отырысына жобаланған жоспарды, дайындалған сұрақтарды қала әкіміне бекітуге аманат етеді.
Тізімнен жоспарланған сұрақтар шешімін бекітуді немесе оны басқа бір мерзімде аппарат жетекшілігінің негізгі анықтамалық ұсынысы бойынша әкім қабылдайды.
Әкімшіліктің негізгі мақсаттары:
- Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің, Үкіметтің, облыс, қала, аудан әкімдерінің құқықтық нормативтік актілері аясында сапалы жұмыс жасап, оларды орындау.
- Аудан әкімдігінің отырыстарын, аппараттық жиындар мен актив жиналыстарын және қала әкімнің өткізетін басқа да іс-шараларын ұйымшылдықпен өткізу.
- Жергілікті жерде кадр саясатын жүзеге асырып, кадр мәселесі жөнінде ұсыныстар беру, кадр резервін жасақтау, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында оқытылуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізуді ұйымдастыру.
- Сайлауға қатысты жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
- Электрондық үкіметті қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
- Ақпараттандыру жүйелерін жасаудың және енгізудің жұмыстарын үйлестіреді.
- Аудандағы мемлекеттік мекемелерге ақпараттандыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету, ақпараттық - телекоммуникациялық жүйелерді құру, енгізу, сүйемелдеу және пайдалану процестерін ұйымдастыру. Компьютерлік сауаттандыру жұмысын үйлестіру.
Бөлімінің өкілеттілігі:
- Бөлімге жоғарғы тұрған мекемелерден келіп түскен құқықтық нормативтік актілердің орындалысына үнемі талдау жасап отыру.
- Бөлімде құжаттарды заңды және сауатты дайындау.
- Ауданның басқару сызбасын әзірлеуге қатысу және оның құрылымын жетілдіру.
- Аудан әкімдігінің отырысына құжаттар әзірлеу, ұйымдастыру және кадрлар жұмысына қатысты қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеу.
- Аудан әкімдігіне қарасты аудан, қала, кент, селолық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерге ұйымдастыру және кадр жұмыстары бағытында практикалық және әдістемелік көмектер беру.
- Аудан бойынша кадр саясатына жауапты, кадр резервін жасақтайды, жүргізеді.
- Сайлаушылар тізімін жасайды, сайлаушылар санының компьютерлік базасын жасау, сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізіп отыру.
- Бөлімнің қызметкерлеріне өз жұмыстарын атқарарда жеке жауапкершілік жүктеледі. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің, Үкіметтің, облыс қала әкімдерінің құқықтық нормативтік актілерін, бөлімінің жұмысына қатысты Мәслихат шешімдерін шұғыл орындауды қамтамасыз етеді.
Әкімшіліктің функциялары мен құқықтары
Ауданның мемлекеттік мекемесі әрі қарай - бөлім қала көлемінде біртұтас мемлекеттік қаржылық және экономикалық саясат жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады және қабылданған заңдар шегінде мемлекеттік қаржыны басқару саласында жоспарлау жұмысын ұйымдастырады, қаланың орта мерзімді әулеметтік-экономикалық жоспарларын жасау және фискальдік саясатын жасау, қала экономикасының дамуының болжамын жоспарлау мен құрастыруын жүргізеді. Бөлім өз жұмысын Қазахстан Республикасы Конститутциясын, заңдарына, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне, облыс, қала әкімдігінің, қала әкімінің актілеріне және осы ережелерге сәйкес жүзеге асырады. Бөлім заңдарға сәйкес банкіде есеп шоты, мемлекеттік тілдегі өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар заңды тұлға. Бөлім өз атынан азаматтық - құқықтық қатынастар жасай алады. Бөлім өкілетін берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық - құқықтық жағдайларға қатыса алады.
Бөлім өз құзырындағы мәселелер бойынша заңдылықта белгіленген тәртіппен тиісті аймақта міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады. Бөлімнің штат санын және құрамын қала әкімдігі бекітеді.
Бөлімнің толық заңды атауы: - мемлекеттік тілде: «Қазыбек би ауданының әкімінің аппараты»; орыс тілінде: «Аппарат акима Казыбек биского района»
Бөлім құрылтайшысы аудан әкімдігі болып табылады.
Бөлімнің қызметі қалалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Бөлімнің функциялары мен құқықтары:
Бөлім белгіленген заңдылық тәртібімен төмендегі функцияларды орындайды:
- аудан экономикасы мен қаржысын басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттарын және приоритеттерін анықтауға қатысады;
- ауданның экономикалық бағдарламарын, әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және орта мерзімдік жоспарларын, қаржы балансының жиынтығын жетілдіруге қатысады, қаланың әулеметтік - экономикалық даму бағдарламаларын Әкімдік мәжілістерінде және қалалық Маслихатта қарауға дайындайды;
- аудандық салық органдарымен бірігіп, жергілікті бюджеттердің кірістерін болжамдауды жүзеге асырады;
- экономиканы қаржылық сауықтыру жөнінде қала әкіміне ұсыныс жасап, шаралар жетілдіруге қатысады;
- өз құзырының шегінде жергілікті бюджеттің құралуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, басқа денгейдегі бюджеттермен өзара қатынастарды реттейді;
- аймақтық-әкімшілік бірліктің меншігіндегі мемлекеттік қаржылық мүддесін қорғауды ұйымдасттырады;
- жергілікті атқарушы органдардың резерв қаражатын пайдалануын жоспарлауды жүзеге асырады;
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- аудан аумағында мемлекеттік экономика және бюджет саясатын жетілдіріп, іске асыру жұмыстарына қатысу;
- аудандық әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, мемлекеттік салық саясатын жетілдіріп, жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
- жергілікті органдардың бюджеттерінің орындалу және қалыптастыру процестерін жетілдіру, бюджеттік бағдарлау тәсілдерін енгізу, жергілікті бюджеттердің тиімділігін бақылау және ақша ресурстарын басқару;
- ауданның жасалған әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының іске асырылуын қадағалау және мониторинг жүргізу;
- қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес келесі жылға қала бюджетінің жобасын кірістер мен шығыстардың экономикалық дәлелденген жоспарлаудың негізінде құрастыруын ұйымдастыру;
- тағы басқа заңдармен жүктелген міндеттерін орындау.
Бөлімнің өзінің негізгі міндеттерін және функцияларын орындау мақсатында заң негізінде белгіленген құқығы:
- бөлім өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпараттар алу және сұрау;
- өз құзырының шегінде заңды тұлғалардың қаржылық тәртіпті сақтауын, экономикалық дамуының бағдарламалары мен жоспарларын орындауды бақылауды жүзеге асырады .
- өзіне жүктелген заңдылықтармен, осы ережелермен және өкілетті органмен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
Бөлімнің мүлкі
- бөлім жедел басқару құқығымен оқшауландырылған мүлігіне ие. Бөлімнің мүлкі оған мемлекеттен берілген мүліктер есебінен қалыптасады, негізгі және айналымдағы құралдардан, сондай-ақ бағасы бөлімнің балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады;
- бөлімге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады;
- бөлім бекітіліп берілген мүлікті өз еркімен бөлектеуге немесе басқа тәсілмен реттеуге құқығы жоқ;
- бөлімге заңға сәйкес белгіленген жағдайлар шегінде мүлікті реттеуге құқық берілуі мүмкін.
Шет ауданы әкімі аппаратының ережелері
1. Ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімі Шет аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз жұмысын атқарарда Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Сайлау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметі мен облыс, аудан әкімдерінің құқықтық нормативтік актілерін және осы ережені басшылыққа алып жұмыс жасайды.
3. Бөлімді бөлім меңгерушісі басқарады. Бөлім меңгерушісін Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы Заңдар аясында аудан әкімінің өкімімен аудан әкімі тағайындап және қызметтен босатады.
4. Бөлімнің штаттық санын аудан әкімі бекітеді.
Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің функционалдық міндеттері.
Аудан әкімі 1-ші орынбасары - аудандағы нақты экономикалық сектордағы кәсіпорындардың, шағын және орта бизнес, құрылыс саласының жұмысын ұйымдастыру.
Аудан әкімі 2-ші орынбасары - үйлестіру бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту және басқа ұлт өкілдерінің әлеуметтік, экономикалық, рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.
Аудан әкімі 3-ші орынбасары - ауылшаруашылық бөлімі, аумақтық инспекцияның, жер қатынастары бөлімі, фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы, аудандық статистика бөлімі, ауылдық несиелік серіктестік, «казагромаркетинг» АҚ бөлімшесі, ауылдық тұтыну кооперативтерінің және аудандағы шаруашылық құрылымдарының жұмыстарын үйлестіреді, ұйымдастырады және оларға бақылау жасайды.
Аппарат басшысы - аудан әкімі аппаратының жұмысын үйлестіріп, бағыт беріп бақылайды.
Аудан әкімі көмекшісі - жиындарға, әкімдік мәжілісіне тиісті құжаттарды дайындап, ұйымдық жұмыс мәселелері бойынша анықтама, хабарламалар ұсынады.
Ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімінің меңгерушісі - аудан әкімі аппаратының, әкімдік мәжілісінің перспективалық ағымдағы іс жоспарларын жасайды. Әкімдік мәжілісінің, аудан әкімі өткізетін жиындардың өтуін және өткізілуін дайындап, ұйымдастырады.
Ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы - мемлекеттік қызметкерлердің әрқайсысының жеке іс қағаздарын жүргізеді.
Үйлестіру бөлімінің меңгерушісі - бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалысына бақылау жасау, өтініш, арыз-шағымдардың уақытында қаралуын қадағалау, аудан әкімінің баспасөз қызметін басқару, аудандық газет жұмысын қадағалайды.
Үйлестіру бөлімінің бас маманы - мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ішкі саясат бөлімі, аудандық мұражай, аудандық мұрағат, зейнетақы төлеу орталығының аудандық бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіріп, байланыста жұмыс жасайды.
Құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі - бөлімнің жұмысына басшылық жасайды.
Құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман - есепшісі - аудан әкімі аппаратында есеп - қисап жұмыстарын жүргізіп, айлық, тоқсандық, жылдық есептерді облысқа, қаржы бөліміне, салық комитетіне беріп отыру.
Бақылау, мемлекеттік сатып алу, құқықтық және жедел қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі - бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz