Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде


Мазмұны
Банк саласындағы таза бәсекелестікті қалыптастыру тәсілдері және «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның бәсекелестілік позициясын жетілдіру жолдары . . .
Қорытындылар және ұсыныстар . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
67
69
71
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банк саласындағы бәсекелестікті талдау, оның бәсекелестік құрылымы, банктердің агрессивті қаржы нарығындағы іс- әрекеті - банк саласындағы бәсекелестікті дамыту жолындағы бірінші қадам, сонымен бірге бәсекелестік құрылымын қалыптастыру, банктердің жинақтарының инвестицияға тарту және қаржы қорын тиімді бөлу.
Банктер - қазiргi экономиканың ажырамас бөлiгі ретінде нарықтық қаржылай-несие механизімінің негiзiн қалыптастырады, оның көмегiмен нарықтық экономика жұмыс iстейді. Экономика табысты дамуы үшiн банктер жинақтарды инвестицияға тартып, нарықтық қағидаларға байланысты қаржы қорын қайта бөлу арқылы тиiмдi институт болуы керек. Тиiмдi және толық банктiк экономика саласының маңызды көрсеткіші банктердiң бәсекелестiгi болып табылады. Банктiк саладағы бәсекелестiк экономикалық уәкiлдердiң жинақталуына және оларды инвестицияға тарту нәтижесінде тиiмдi ықпал етедi. Банктiк саладағы бәсекелестiк банктiк саланың әр түрлi нарықтарына пайыздық ставкаларды анықтауына тiкелей ықпал етеді, нәтижесінде нарықтағы банктердiң жұмысының тиiмдiлiгiн анықтайды. Сондықтан банктiк саладағы бәсекелестiкті талдау тек қана теориялық және тәжірибелік қызықты тапсырма емес, сонымен қатар банктердің қаржы қорын тиімді қайта бөлу, банктердiң нарықта тиiмдi жұмыс атқаруы және табысты экономиканың дамуы үшiн керектi қажеттiлiк болып табылады.
Банктiк саладағы бәсекелестiкті талдау бәсекелестiктi дамытуға кедергi келтiретiн себептердi анықтауға, тиiмдi банк жүйесін құрастыруға, банктердің қаржы қорын қайта бөлiсудiң тиiмдi жүзеге асыруға және бәсекелестiктi дамытуға мүмкiндiк бередi. Банктiк саладағы бәсекелестiк саланың бәсекелестiк құрылымымен анықталады, сондықтан банктiк саладағы бәсекелестiктi анықтау үшiн оның бәсекелестiк құрылымын талдау керек. Нарықта банктердiң іс- әрекеті саланың бәсекелестiк құрылымына ықпал етеді немесе оны қалыптастырады. Банктiк саланың бәсекелестiгі және бәсекелестiк құрылымы банктердің іс- әрекетінің ауысуына байланысты үнемi өзгеріп отырады, сондықтан банктiк саланың бәсекелестiк құрылымының талдау барысында жекелеген банктердің нарықтағы іс- әрекетіне байланысты, яғни оларды дербес экономикалық субъект ретінде қарастыру көзделеді.
Зерттеу тақырыбының қарастырылу дәрежесі.
Банк саласындағы бәсекелестік проблематикасы ғылыми зерттеулерін үш негізгі топ жұмыстарына бөліп қарастыруға болады:
- Бірінші топ: нарықтық экономика жағдайында банк секторының қызметін теориялық және қолданбалы аспектілерін қарастыратын зерттеушілер: Г. Г. Коробова, О. И. Лаврушин, И. Д. Мамонова, В. Н. Шенаев және т. б. ;
- Екінші топ: нарықтық экономикадағы бәсекелестікті зерттеушілер: П. Друкер, М. Портер, Дж. Робинсон, Ю. Б. Рубин, Ф. Хайек, А. Ю. Юданов және т. б. ;
- Банк ісіндегі бәсекелестік проблемасын банктік маркетинг пен менеджмент негізінде қарастыратындар: Ю. И. Коробов, А. П. Мирецкий, А. Н. Орлова, В. В. Попков, Г. О. Самойлов және т. б.
Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекет, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Көптеген жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына алып келді. Сол ұғымдар арасында «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі» ұғымы қазіргі уақытта кең қолданысқа ие. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатқа ие.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты: банк саласындағы бәсеке түрлерін талдап, тиімдісін анықтау.
Аталған мақсатқа жетуді келесі міндеттер арқылы іске асыру көзделіп отыр:
- қазіргі кездегі банк саласындағы бәсекелестіктің теориялық негіздерін талдау;
- зерттеу объектісі болып табылатын «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық қызметін сипаттап, банк секторындағы ролін анықтау;
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің бәсекелестігін арттыру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қызметі қарастырылған, ал жұмыстың пәні - аталған банк мысалындағы банк саласындағы бәсекелестік.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылығын құрайтын ғылыми нәтижелер:
- банк саласындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері зерттелді, яғни осы саладағы шетелдік және отандас ғалымдардың еңбектерімен танысу арқылы теориялық білімдер тереңдетілді;
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы, Қазақстан Республикасының банктік секторындағы рөлі мен қаржы жағдайы талданды, яғни елімізде банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері, кезеңдері банк саласындағы қабылданған заңдармен, құжаттармен танысу арқылы оның қалыптасу қызметтері жүйеленді;
- ҚР банктік бәсекелестігі зерттелді. Банк жүйесіндегі түбегейлі өзгерістердің келбетін «Банк Центр Кредит» АҚ және оның бөлімшелерінің мысалында статистикалық мәліметтерге сүйене отырып сарапталған ұсыныстар: сапасы жоғары, бағасы қол жетімді қызметтер көрсетілді және банк саласындағы маркетингті бәсекелістіктің дамуының негізі ретінде қарастырылды.
Зерттеу әдістері ретінде экономикалық талдау, монографиялық, салыстырмалар әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындылармен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыс компьютермен терілген мәтіні 72 бет көлемінде орындалған және 11 сурет пен 9 кестені кірістіреді.
Дипломдық жұмыс зерттеу тақырыбы бойынша қолданылған ақпараттық база баспасөз материалдарын, оқулық әдебиетті және «Банк Центр Кредит» АҚ-ның есептік мәліметтерін кірістіреді.
Бөлім 1 Банк саласындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері
- Банктік бәсекелестіктің маңызы, түсінігі және деңгейлері
Жалпы алғанда бәсекелестік - бір мақсатқа жету барысындағы нарықтық субъектілердің сайысы деп қарауға болады. Мұндай нарықтық субъектілерге сатушылармен сатып алушылар жатады. Бәсекелестіктің сипатты белгiлерi келесi:
-сатып алушылар үшiн таңдаудың талғаулы мүмкiндiктерi бар нарықтарының болуы;
-нарықтық саясаттың әр түрлi аспабын қолданып өзара жарысатын сатып алушылармен сатушылардың көп және аз санының бар болуы;
- нарықтық саясаттың аспабын бәсекелестердің алмасып қолдануы және басқа бәсекелестердің жауапты іс қимылдары.
Банктiк бәсекелестiк - несие нарығында және банк қызметінде өздеріне жақсы жағдай қалыптастыру үшін коммерциялық банктермен несие институттарының сайысы.
Банктiк бәсекелестiктiң саласы болып банктiк нарық табылады. Ол кең шекаралы және көптеген элементтерден тұратын өте күрделі құрылым. Бiр банктық нарық туралы емес, көп банктiк нарықтар туралы айтсақ дұрыс болады.
Қазiргi коммерциялық банктер iс жүзiнде барлық нарықтық секторларда сатушылар немесе сатып алушылар рөлдерiнде жұмыс iстейдi. Егер нарықтық жүйені сауда-саттықтың объекттерi ретінде қарасақ, онда бұған келесі бөлімдер жатады:
1) өндiрiс құралдары нарығы және өндiрiстiк қызметтер. Мұнда коммерциялық банктер банктiк қызметті кәсiпорындарға сатушы ретінде, (есептiк қызмет көрсету, есептердi жүргiзу, корпорациялардың қаражаттарын басқару ), қаржылық делдалдарға (өндiрiстiк объектілерге несие беру), сонымен бiрге өндірістік қорды сатып алушы рөлiнде (кеңсе жабдығының алу) қатысады .
2) тұтыну заты және тұтыну қызметтерiнiң нарығы. Банктер бұл жерде -қаржылық делдал ретінде (қарыздарды тұтыну мақсаттарына беру), бiрақ кейде сатып алушылар рөлінде (қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шеңберінде) қатысады .
3) еңбек нарығы. Банктердiң уақыт өте өз қызметшiлерін жаңартып немесе толықтырып отыруға келеді, бұл банктердің кадрлық саясатының толық мақсаты болып табылады. Олар нарыққа сатып алушылар ретiнде шығады.
4) зияткерлiк - ақпараттық өнiмнiң нарығы. Банктер мұндабанктік қызметті сатушы ретінде де (қаржылық кеңес беру) және өндiрiстiк қорларды сатып алушы ретінде де (ЭЕМ үшiн программалық қамтамасыз ету) қатысады.
5) жылжымайтын мүлiк нарығы. Банктерi бұл жерде көбіне қаржылық делдалдар ретінде (ипотекалық несие беру) және салыстырмалы түрде сирек сатып алушылар ретінде (кеңсе үшiн жер телiмiн және ғимараттарды сатып алу) немесе сатушы ретінде (қайтарылмаған ипотекалық несиенің кепiлдiк мүлкін сату) қатысады.
6) қаржы нарықтары. Банктер бұл салада бас қатысушы кейiпкерлердiң бiреуі болып табылады.
- қарыз капитал нарығы. Бiр жағынан, банктер өз салымшыларынан ақшалай қорға уақытша құқықтар сатып алады, екінші жағынан - қарыз беруде сатушы ретінде қатысады;
- бағалы қағаздар нарғы. Сонымен бiрге банктер өз ынтасымен және клиенттердiң тапсырмасын орындай бағалы қағаздардың сауда-саттықтарын жүзеге асыра отырып бiрде сатушының бірде сатып алушылардың рөлiн атқарады.
- валюталар және асыл металлдардың нарығы. Мұнда да банктер өз ынтасымен және клиенттердiң тапсырмасын орындай валюталармен асыл металлдардың сауда-саттықтарын жүзеге асыра отырып бiрде сатушының бірде сатып алушылардың рөлiн атқарады.
Осылардың нәтижесінде банктiк бәсекелестiктiң саласы өте көлемдi, бәсекелестiк орта алуан түрлi екенін көрінеді [1] .
Сатушылармен сатып алушылардың бәсекелестiгi.
Бәсекелестiкке қатысуға байланысты нарықтық субъектілердi сатушылар бәсекелестiгi және сатып алушылардың бәсекелестiктерi деп ерекшелейдi. Сатушылар бәсекелестiгi - бұл өте тиiмдi шартта тауар өткiзудiң сатушылар арасындағы сайысы (мысалы - банк қызметін сату) . Сатып алушылардың бәсекелестiгi - тиісінше өте тиiмдi шартта тауар алу шылар арасындағы сайыс.
Салалық және сала аралық бәсеке.
Бәсеке субъектілерін саласына байланысты салалық бәсеке және салааралық бәсеке деп ажыратамыз. Салалық бәсекелестiк - бағасы, сапасы, ассортименті бойынша өзгеше, бірақ бiр салада яғни бір сұранысты қамтамасыз ететін ұқсас тауар шығаратын фирмалардың арасындағы бәсекелестiк. Сала аралық бәсеке - бұл әртүрлi салаларды қамтыған кәсiпорындардың арасындағы бәсекелестiк.
Банк iсі - жеке сала емес, ол түрлi салалардың жиынын қосатын экономика саласы, сондықтан бұл топтастыру (классификациялау) банктерге де жатады.
Банк ісінің салалық құрылымы. Жекелеген несиелік институттардың көзқарасына байланысты банк саласы көбіне өткiзу нарығы ретінде қарастырылады . Олардың iшiнен негiзгiсі: қарыздардың нарығы (несие беру саласы) ; салымдар нарығы (жинақтау iсi саласы, инвестициялық делдалдықтың саласы) ; қызмет көрсету нарығы (есептік-кассалық қызмет көрсету саласы, траст операциялары, басқада қызметтер) .
Өз кезегiнде аталған салалар бөлімдерге бөлінуі мүмкін және несие - қаржы институттарының көпшiлiгi бiр емес бiрнеше салаларда немесе салалық бөлімдерде жұмыс iстейдi.
Салалық банктiк бәсекелестiк. Әрбiр несие институты өз бәсекелестiк стратегиясын құру кезеңде әмбебап немесе мамандандырылған болатынын және басқада стратегиялық шешімдердің артықшылық және кемшіліктерін анықтап алуы қажет. Қазіргі уақытта басқалай теңдік шартта мүмкін тәуекелді жүзеге асырылатын тауарлардың кең ассортиментiне ыдырату мүмкiндiгіне байланысты, әмбебап банктер басқаларға қарағанда басымдылыққа ие деп қалыптасқан. Демек жеткiлiктi қаржы қоры болған жағдайда әмбебаптану саласы пайдасына қабылдануы керек. Едәуiр дәрежеде бұл дұрыс дегенмен әмбебап банкте стратегиялық кемшiлiктердің болу мүмкіндігін банк басшысы ұмытпауы керек.
Сала аралық банктiк бәсекелестiк. банк iсiндегi салалық бәсекелестiгi бiр банктiк салада жұмыс iстейтiн институттардың арасында iске асса, ал сала аралық бәсеке мүдделерi қиылыспаған субъекттердiң арасында өрiстейдi.
Бағалы бәсеке бағаларды өзгерту жолымен iске асады (көбіне бағаны төмендету) . Бағасыз бәсеке тауардың сапалық сипаттамаларын жақсартуға (сенiмдiлiгін, ұзақ уақытқа жарамдылығын, қауiпсiздiгін, пайдалылығын, тұтыну шығындарын, сырт пiшiнiн, сервистік қызмет көрсетуiн) және өткiзудi ынталандыруға негiзделген.
Бағаларды реттеу - бәсекелестiктiң ең ескi әдiсi және техникалық орындау жағынан алып қарағанда ең қарапайымы. Алайда экономикада бағалы бәсеке ашықта, жабықта болуы мүмкін.
Ашық бағалық бәсеке кезінде кәсіпорындар өз тауарларына бағаны төмендеткені жөнінде тұтынушыларына хабарлайды. Жабық бағалы бәсеке кезінде кәсіпорындар тұтынушылық қасиеті жоғарлатылған тауар шығарады, ал бағасын сәйкесінше аз жоғарлатады.
Жетілдірілген және жетілдірілмеген бәсекелестiк. Нарықтың монополизация дәрежесіне және бәсекелестiктiң тәуелсіздігіне байланысты жетілдірілген және жетілдірілмеген бәсекелестiк деп екіге ажыратады.
Жетілдірілген бәсеке - бәсекелік тұрғысынан алғанда тең шарттарда әрекет ететін, тек бағалық әдістер арқылы бәсекелесетін ештеңеден шектелмеген көбiнесе нарықта ұқсас тауар(стандартты, бiркелкi) сатушы шағын фирмалар көбейген кезде пайда болады.
Жетілдірілмеген бәсекелестiк - бұл бiр немесе бірнеше нарықтық қатынастардың субъектлері басқаларға қарағанда үстемдік етеді және сол арқылы бәсекелестік шарты орындалмайды, басқаша айтқанда бәсекелесті сақтамайды [2] .
1. 2 Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде
Ақпарат - бұл бизнесті табысты дамытуы үшiн қажеттi маңызды қор. Егер серiктестiк жаңа нарыққа шығып, жаңа жоба бастап, өз қызметiнiң масштабын кеңейткісі келсе немесе жұмыс тиiмдiлiгі төмендеп қиыншылықтар көбейсе, кәсіпорынға маркетингтік талдау немесе маркетингтік ақпарат жинастыруы қажет.
Банктiк маркетингтiң негiзгi әдістері - клиенттермен жақсы қарым-қатынас, тиімді қызметті қамтамасыз ету және банк акцияларының жеткілікті дивидендтері, клиентерге басымдылық беру және басқа несие - қаржы ұйымдарымен салыстырғанда сирек кездесетiн оңтайлы сервис, сонымен қатар банктің тиімді жұмыс жасауы үшін банк қызметкерлерін материалдық қызықтыру болып табылады. Осы мақсаттарға жеткен кезде белсенді және беслсенді емес маркетингті атап көрсетуге болады.
Белсендi маркетинг келесi шаралардың жүйесiн қосады:
-пошта және телефон байланысы арқылы белсендi жарнаманың ұйымдастыру;
-теледидар көмегiмен бiр жолғы шараларды өткiзу;
-презентациялар және конференциялар арқылы өнiм қатарының толықтығын және сапаны тұтынушы бағалауы;
-қажеттiктерiнiң жеке қарым-қатынастың нәтижесенде болашақ клиенттердi ;
-банктiк қызметтiң көкейкестi мәселелерiн талқылау үшiн пiкiрталастардың ұйымдастыру;
-клиенттердiң арасында сауалнама өткiзу.
Белсенді емес маркетингке банктiк қызметті және экономикалық көрсеткiштерді баспасөз бетіне жариялау, коммерциялық банктiң ұранының төс белгісін және тағы басқалардыжобалау жатады.
Банктік маркетингтің перспективалық бағыттарының бірі несие карталарының шығарылымы болып табылады.
Банктiк маркетингтiң мақсаттарының бірі- банк қызметін пайдаланбаған жаңа клиенттерді тарту және бұрынғы клиенттерге жаңа қызметтерді ұсыну .
Операциялардың бiр түрін iске асыруы үшiн банкке келген клиент басқа да қызметтерді потециалды пайдаланушы немесе сатып алушы болуы мүмкін.
Мысалы, егер клиент банктен жол чектерiн сатып алса немесе шетелдiк валютаны алса, оған шетелдік сапар кезінде қайғылы жағдайдан сақтандыру бойынша қызмет ұсыну керек. Банктiк маркетингтiң мақсаты- клиенттердің нақты қажеттiктерiнiң есепке ала өте тиiмдi нарық iздестiру.
Бұл процесс банкке нақты мақсат қоюды, жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін анық іс-әрекеттерді жобалауды және соған жету жолдарын ұйымдастыруды талап етеді.
Банктiк жарнама басқа жарнамалардан банктік қызметтің ерекшеліктерімен ерекшелінеді. Жарнаманың көмегімен банк өзінің потенциалдық клиенттерін іздестіреді, сонымен бірге банк қызметтерін танымал етудің қарым-қатынас кещенінің бірі болып табылады.
Жарнамалау науқаны банктің имиджін жасаумен қалыптастыруға, жаңа қызметтерді насихаттауға, бағытталады басқа банктермен салыстырғанда жарнамаланушы банктің артықшылықтарын халыққа түсіндіруге бағытталады. Мұндай жарнама науқандары жалпыұлттық масштабта теледидар, газет, барлық коммуникацияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Банка имиджін қызметкерлердің сыртқы бейнесі, мiнез-құлық мәдениетi, қызметкерлердiң кәсiби деңгейі, сыртқы және iшкi безендіру, жарнамаларда, iскерлiк байланыс бланктерiнде, конверттерде, ғимараттың ішімен сыртында орналасатын фирмалық таңбасы қалыптастырады. Қызмет көрсету деңгей жоғары болған сайын сұраныста көбейеді. Алайда қызмет көрсетудiң деңгейін жоғарылату шығындарды үлкейтеді. Сондықтан басқарма қызмет көрсетудiң деңгейімен және қызмет көрсетуге қатысты экономикалық факторлардың арасындағы ұтымды байланысты табуы керек. Сонымен қатар клиенттің банк қызметіне арыз шағымдары болмаса, қызмет көрсету сапасының жоғары екендігінің көрсеткіші болып табылады.
Жарнаманың негізгі мазмұны клиенттің жарнамаланушы банктің қызметін таңдау арқылы үлкен жетістікке жететінін көрсету. Бұдан басқа жарнаманы банкпен және оның бәсекелетерiнiң арасындағы қызмет көрсетудегi айырмашылықтарын көрсету арқылы пайымдайды, бұл айырмашылықтар аздаған жетіспеушіліктер арқылы көрінуі мүмкін, көбінесе iрi банктердiң қызмет көрсету шамалас болады.
Жарнама болашақ клиенттердiң барлығына бірдей бір жақсы әсер етпейді. Кейбiр жарнамалар банктік қызметті пайдалануға бiрден жағдай жасайды, екіншілерін қызықтырады, үшiншiлері тiптi көңіл аудармайды. Егер потенциалды клиентті бірден банктік қызметке зәру болған кезде банктық қызметті қолданса банктік жарнама тиімдң болып саналады .
Проекциялар әдiсін пайдалануға болады. Нақтылы түрдiң проекциясы - клиенттің банктік қызметтін пайдалану арқылы жағымды әсер алуы және соны болашақ клиенттiң алдында демонстрациялануы.
Жарнама бәсекелестердiң алдында банктың нақты пайдалылығын және артықшылығы туралы хабарлауы керек. Тек қана нақты және шын жарнама тиiмдi болады.
Банктiк маркетинг өзінің атқаратын қызметінің арқасында маркетингтiң ерекше саласы болады. Бұл банктің қызмет көрсетудегі нақты қоғамдық - саяси және экономикалық жағдайға байланысты анықталатын ішкі және сыртқы идеологиясы, стратегиясы, тактикасы және саясаты. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердiң банк жүйелерiндегi өзгерістер, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің нақты шаруашылық ахуал комерциялық банктерге маркетингтің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануды міндеттейді . Бұған банк саласын әмбебептандырылуы, олардың дәстүрлі операциялардан шығуы, шетел банктерінің тарапынан бәсекелестіктің жоғарлауы, банк емес мекемелердің банктерге бәсекелес болуы, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығының дамуы жатады.
Маркетингтік қызметке мыналар кіруі қажет:
- банктiк қызмет нарығын талдау керек;
-маркетингтік зерттеулер;
-банкті тиімді басқару тәсілдерін іске асыру;
-маркетингтік жоспарлауды жобалау;
-банктық қызмет көрсетуді жоғары деңгейге жеткізу;
Егер банк және оның клиенттері жоғары табысқа кенеліп өздерінің қойған мақсаттарына жетсе банктің іс-әрекеті табысты деп саналады. Бұл жерде банктердің маркетингтік жұмысы клиенттердің жұмыстануымен тікелей байланысты. Көбіне коммерциялық банктердің табысы активті операциялардың пайыздық саясатынан, атап айтқанда жеке және зааңды тұлғаларға беретін несиелік пайыздан түседі [3, 23, 24] .
1. 3 Банктік бәсекелестікті жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде зерттелуі
Қазіргі кездегі банктік бәсекелестікті жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде зерттелуін қарастырсақ.
Банк саласындағы бәсекелестік проблематикасы ғылыми зерттеулерін үш негізгі топ жұмыстарына бөліп қарастыруға болады:
- Бірінші топ: нарықтық экономика жағдайында банк секторының қызметін теориялық және қолданбалы аспектілерін қарастыратын зерттеушілер: Г. Г. Коробова, О. И. Лаврушин, И. Д. Мамонова, В. Н. Шенаев және т. б. ;
- Екінші топ: нарықтық экономикадағы бәсекелестікті зерттеушілер: П. Друкер, М. Портер, Дж. Робинсон, Ю. Б. Рубин, Ф. Хайек, А. Ю. Юданов және т. б. ;
- Банк ісіндегі бәсекелестік проблемасын банктік маркетинг пен менеджмент негізінде қарастыратындар: Ю. И. Коробов, А. П. Мирецкий, А. Н. Орлова, В. В. Попков, Г. О. Самойлов және т. б.
Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекет, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Көптеген жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына алып келді. Сол ұғымдар арасында «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі» ұғымы қазіргі уақытта кең қолданысқа ие. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатқа ие [25] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz