Банктің меншікті капиталының құрылымы
Мазмұны
бет
Қысқартылған сөздер тізімі
Кіріспе
3
1 Коммерциялық банктердің ресурстары және оның құрамындағы меншікті
капиталдың экономикалық мәні мен маңызы
1.1 Банктің меншікті капиталының құрылымы
1.2 Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі
1.3 Банктің меншікті капиталының қалыптасуы және жеткіліктілігі
2 Банк ЦентрКредит АҚ-ның ресурстарының қалыптасу тәсілдерін және
меншікті капитал құрамын бағалау
2.1 Банк ЦентрКредит АҚ-ның қызметіне қажетті қаржылық ресурстары
2.2 Банк ЦентрКредит АҚ-ның меншікті капиталының жалпы салыстырмалы
жағдайы.
2.3 Банк ЦентрКредит АҚ-ның меншікті капиталының толықтығын анықтайтын
көрсеткіштерін бағалау
3Коммерциялық банктердегі меншікті капиталдың атқаратын қызметі мен үлесін
толықтыру бағыттары
3.1 Коммерциялық банктердегі меншікті капиталды басқару саласындағы
тәуекелдік мәселелерін шешу жолдары
3.2 ҚР банктердің меншікті капиталын халықаралық стандарттарға сәйкес
жетілдіру
Қоытынды
Пайдаланған әдебиет
Банктің меншікті капиталын толықтыру көздері мен тәсілдері
Кіріспе
Менің дилом жұмысымның тақырыбы: "Банктің меншікті капиталын толықтыру
көздері мен тәсілдері. Талдау және келешегі" деп аталады. Банктің пассивтік
операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша
банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға
бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы
банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа
қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға
жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз
банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен
банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы
ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық
және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі
қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен
жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер
ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай
баптар құрайды:
• Жарғылық капитал;
• Резервтік капитал;
• Қосымша капиталдар;
• Банк операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында
құрылған қорлар (резервтер);
• Бөлінбеген банк пайдасы;
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады.
Тақырыптың өзектілігі: екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының
қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.
Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының
жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер
және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы
отандық банктердің меншікті капиталын ұдғайту перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын
пруденциялдық нормативтерді көрсету;
• Банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер
жүргізу;
• Банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау
жүргізу.
Әдістемелік негіз ретінде: ҚР Банк және банк қызметі туралы Заңы, ҚР
қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР
Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен
қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат
көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым
1 Бөлім. Коммерциялық банктердегі меншікті капиталының экономикалық мәні
мен маңызы
1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы
Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының
ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін
маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің
қосқан үмлесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға
және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып
табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі
қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:
• Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;
• Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;
• Ағымды шығындарды жабады;
• Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;
• Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын
қанағаттандырады және т.с.с.
Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер
үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы
мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан
Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу
агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі
санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың
мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын
мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының
жеткіліктілігін анықтау болып табылады.
Оданда басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын
банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік
операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық
операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен
қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв
құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар,
шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік
береді.
Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады,
сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің
тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен
өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің
қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті
құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы
болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің
болдырмауына өз ықпалын тигізеді.
Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған
ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады.
Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда
сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі
мүмкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде
резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде
және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк
жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар
болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк
қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді.
Банктер Резервтік талаптардың ең төмеңгі мөлшері атты нормативке
сай, тартылған несиелік ресурстардің бір бөлігін жеке шотта депонирлеуге
міндетті. Бірақ ол банктің өтімді активтері мен актив операцяларынан алған
кірісті төмендетеді, ал меншікті капиталдың есебінен құрылған резерв
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде депонирленбейді, яғни ол банктің
айналым капиталының бір бөлімі ретінде саналады. Бірақ оның жарғылық
капиталға қатынасы, оның депонирленген тартылған ресурстардың қатынасыан
кем болмауы керек.
Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі
бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан
қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп
айтуға болады. Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған
активтердің жалпы сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қаржылардың
сомасының арасындағы айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды
қадағалау және реттеу агенттігімен қоятын пруденциялдық нормативтер туралы
ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін, оларды тәуекелділігі
бойыша топтастырады. Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің
коэффициенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік
шоттағы қаржылар 0-ден бастап, мерзімінде төленбеген қарыз 100-ге дейін
процент түрінде көрсетілген. Бұл көрсетткіштер 1-қосымшада толық
көрсетілген.
Топтастырылған активтер банктің меншікті қаражаттарымен
салыстырылады. Активтерді топқа бөлу, тәуекелділік деңгейінің, банк
қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауіптілігімен мінезделеді. Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген меншікті капиталдың
жеткіліктілігінің төмен нормативтік деңгейінің себебінен, соңғы кездері
қаржылық тұрақтылығы төмен банкттік ұйымдардың қалыптасуына әкеп соқты.
Сондықтан, қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банк
қызметін қадағалайтын нормативтерінің орындалуын қатал қадағалап, меншікті
капиталдың минималды мөлшерін ұлғайтты.
Меншікті капитлалдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті
капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге
болады:
1. Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;
2. Жалпы активтердің соммасын қысқарту;
3. Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер
құрылымын өзгерту;
Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік
шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі
жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор. Олардың
ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының нәтижесінен
банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты операциялар
болып табылады. Себебі, бұдан ең алдымен банктің мерзімінде және толығымен
өз міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі тәуелді.
Резерв капиталының болмауы немесе оның жетіспеушілігі, банктің
тартылған ресурстардың көп бөлігін мерзімді төлемдерді өтеу мақсатында,
оларды өтімді активтер ретінде қолдануға мәжбүр етеді. Осыдан келе, банктің
несиелер бойынша проценттік кірістермен қатар, кірістердің жалпы сомасы
азайып, капиталдандыру мүмкіншілігі кемиді.
Халықаралық тәжірибеге келетін болсақ, банк өтімділігінің
көрсеткіштері, актив операцияларының қолдану мүмкіншілігі мен
міндеттемелердің және олардың өтеу мерзімін есепке ала отырып, арасындағы
нормативтік қатынастар ретінде көрсетіледі.
Банктің заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттарының
мөлшерін анықтау үшін, банктің тартылған қаржыларын банктің меншікті
капиталымен салыстырамыз. Оның маңызы өте зор. Себебі, заңді және жеке
тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттары, банктің активті операциялары
мен инвестициялық қызметтің негізгі көзі болып табылады.
Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті
қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы
қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы
қадағаланады.
Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі
баптардан тұрады:
• Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар),
ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);
• Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға,
дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;
• Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың сату
курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;
• Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;
• Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға
жинақталатын кіріс сомасы;
1-сурет. Меншікті капиталдың құрылымы.

Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал акционерлердің диведенді
формасындағы құнға ие. Бұл ресурстың көбеюі екі әдіспен жүруі мүмкін:
1. Жарғылық капиталды көбейту;
2. Таза кірісті көбейту;
Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған
теңестірілген баптар, банктің тұрақтылығы мен оның жұмыс тиімділігін
қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.
Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:
1. Қорғаныс қызметі;
2. Шұғыл қызметі ,
3. Реттеуіш қызметі;
4. Айналым қызметі;
5. Резервтік қызметі;
1. Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның
капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей
байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары
болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған
жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, банктің салым иелеріне
жардем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған
жағдайда, зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды.Сондықтан да, оның азаюі
банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті
капиталдың ең басты қызметін білдіреді.
2. Шұғыл қызметі. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне
қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Меншікті капиталдың
шұғыл қызметі жер, ғимарат, құрал–жабдықтар алуға қажетті меншікті
қаражаттарды жұмылдыруды, сондай–ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына
байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы көздері әсіресе, банкік
қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейінен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ
мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.
3. Реттеуіш қызметі. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз
етуден басқа, банктің меншікті капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл
қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды
жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. Банк
капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекетік ұйымдар банктер
қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Банктің капиталына қатысты ережелер, оның ең төмеңгі мөлшеріне
қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен
активтерді сатып алу шарттарын қамтиді. Пруденциялдық нормативтерде банктің
меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттеуіш қызметте несиелік
және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды
пайдалаланады.
4. Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не болмаса
зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты комерциялық
қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты
болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке
алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл
қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті
атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік,
факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздарды сатып алуға,
басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай
отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
5. Резервтік қызметі. Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана
емес, сондай-ақ пасивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті
операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер
тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте
резервтерін құрайды.
Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде
құрайтын резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын тәуекелдердің
орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк
капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі –
резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.
Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына
байланыссыз, банк капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қадағалау органдарымен қойылатын пруденциялдық нормативтер
негізінде банктің меншікті капиталының көлемімен байланысты болады. Осы
қарастырылып отырған классификация негізінде реттеуштік функцияға банк
капиталын несиелік пен инвестициялақ операцияларын шектеу мақсатында
қолданылатын құрал ретінде жатқызады.
Басқа аналитиктердің айтуы бойынша, капиталдың басты мақсаты болып
тәуекелділікті төмендету ретінде басшылыққа алып, капиталдың келесі
функцияларына көңіл аударады:
• Капитал, банктің шығындарын жаба алатын, сондай ақ оның төлем қабілетін
сақтай алатын буфер ретінде қолданылуы;
• Банктің төлем қабілетімен байланысты проблемалардан сақтап, қаржылық
ресурстар нарығына жол ашуға мумкіндік береді;
• Тәуекелділікті төмендетіп, оның өсуіне жол бермейді;
Капиталдың несиелерге қатысты шығындарға қарсы буфер ретінде қызмет
етуінде маңызы өте зор. Оның маңыздылығын келесі мысалмен келтіруге болады:
егер банк клиенттері алған несиелер бойынша өз міндеттемелерін орындауды
тоқтатса,лезде пайыздар мен негізгі төлемдер бойынша ақша қаражаттарының
түсімі азаяды. Ақша шығымы өзгермейді. Түсім сомасы шығым сомасынан артық
болып тұрған жағдайға дейін, банк өзінің төлем қабілеттілігін
сақтайды.Мұнда да капитал өзінің буферлік қызметін атқарады,себебі ол
міндетті шығымдарды азайтып отырады. Банк төлем қабілеттсіз болғандықтан,
акциялар бойынша дивиденттердің төлем мерзімін ұзарта алады.Ал банк қарызы
бойынша пайыздар төлеу міндетті. Жеткілікті капиталы бар банктер қосымша
акциялар мен міндеттемелер шығарады, себебі аз түсімнен келген шығындардың
орнын жаңа қаражаттармен жабу және уақыттан ұту керек. Неғұрлым банк
капиталы жоғары болса, соғұрлым банк төлем қабілетсіз болғанға дейін,
активтердің көп бөлігі төленуі мүмкін және соғұрлым банктің тәуекелділігі
төмен болады.
Капитал дәстүрлі көздерден кәдімгі жай пайыздық ставка бойынша банкке
қарыз алуға мүмкіндік береді.
Капитал қарыздың көмегімен қаржыланатын активтердің тәуекелдігінің
өсуін азайтады және шектейді. Бұл қызметтер капиталдың активтерге
белгілеген мемлекеттік органдардың нормативтерімен тығыз байланысты. Егер
банк қарыз мөлшерін көбейтуді немесе басқа активтерді сатып алуды
жоспарласа, онда олар жарғылық капиталды қосымша қаржыландыру көмегімен
өсімді ұстап отыруы керек.
Сонымен, аталған банк капиталының аталған қызметтері көрсеткендей,
меншікті капитал – банктің коммерциялық қызметінің негізі. Ол банктің
тәуелсіздігіне және оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады, банктің түрлі
қауіпті-қатерлі тәуекелділіктерді реттеу көзі бола алады. Меншікті
капиталдың құрамында банктің жарғылық капиталының үлес салмағы маңызды
екені белгілі. Ол меншікті бағалы қағаздарды шығару жолымен
қалыптастырылады және сондықтан кеңінен оны акционерлік капитал деп атайды.
Банктің жарғылық капиталының шамасы акционер-қатысушылардың акция
ұстаушылардың жарнасынан жинақталады. Жарғылық капиталды қалыптастыру және
көбецту меншікті акцияларды шығару мен орналастыру арқылы жүргізіледі.
Бағалы қағаздардың шығарылуы тіркелуі тиіс, проспект эмиссиясы жарияланады,
одан кейін теңгеге және шетел валютаға өткізіледі немесе материалдық
құндылықтармен төленеді.
Банктің басқа да меншікті қаражаттарының капитализациясы жасалуы
мүмкін, ол бұрын шығарылған конвертацияланатын облигацияларды акцияға
ауыстыру жолымен де іске асырылады. Шығарарылған бағалы қағаздарды толық
орналастырған соң, банк талдау жасап, шығарылған бағалы қағаздар туралы
қорытынды есеп жасайды. Ол Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен
бекітіледі. Ұлттық банк шетел валютасындағы капиталдың күшін заңды түрде
жоюды және оны ұлттық теңгемен қайтта шығаруды ұсынды. Мұндағы негізгі
проблема – курс, себебі онымен айырбас жүргізіледі, айырбас түрінен түскен
табыстар мен шығындардың есебі жасалады. Кез келген табысты дивидент
ретінде акционерлерге үйлестіруге болмайды. Ең басты мақсат- қандай
бухгалтерлік есеп әдісі қолданылса да, бінші деңгейлі капиталға әсер
етпейтінін қамтамасыз ету.
Конвертацияланатын курсы ретінде – ақша шығару кезінде тарихи курс
болуы мүмкін. Бұл әдістің кемшілігі теңге түріндегі жаңа акцияның теңгедегі
бірнеше номеналды шамасын алуға алып келеді, сол себепті тарихи курсты
келісу кезінде кейбір қиындықтар туындайды.
Ұлттық банк белгілеген айырбастау өтетін күнінің датасын көрсету
балама нұсқа болуы мүмкін және онда осы күнгі ресми курс пайдаланылады. Бұл
әдістің артықшылығы айырбастан болған шығын немесе табысты есептеу де оңай.
Конвертацияланған акциялары мен тарихи немесе ресми курстың бастапқы
құны арасындағы айырмашылық, бөлінбеген резервге жатқызылуы тиіс, яғни
акциялар бойынша премиялар шотына. Егер де бір кездейсоқ себептермен заңды
күшін жою және конвертация шығынға алып келсе, онда оны акциялар бойынша
премиялар есебіндегі қандай да бір кредиттік қалдыққа жатқызу керек. Егер
олардың олардың сомасы жеткіліксіз болса, онда шығынды ағымдағы жылдың
табыстары мен шығындары шотына жатқызу керек.
Шетелдік валютадағы капиталдың заңды күшін жою бойынша және теңгедегі
капиталын шығару бойынша бухгалтерлік өткізбелерді валюталық позиция шоты
арқылы өткізгені дұрыс. Бұл үшін нарықта теңгені сататын және валюталық
позицияны сатып алатын сатып алушы болуы керек. Мұндай банктер үшін Ұлттық
банк соңғы инстанциядағы сатып алушы болуы мүмкін.

Меншікті капиталдың қалыптасуы
Кәсіпкерліктің өзге салаларымен салыстырғанда банктің меншікті
капиталын қалыптастырудың үлес салмағы жалпы капитал ішінде мардымсызғянғи
аз. Бұл ақша қарқында бос қаржыларды жинақтап несиеге беруді жүзеге
асыратын мекеме ретінде банк қызметінің ерекшелігі болып табылады.
Банктің меншікті капиталы , ең алдымен, салымшылардың мүдделерін
қорғауға қызмет етеді де, тек аз ғана мөлшері қаржы белсенділігін
қамтамасыз етуге жұмсалады.
Меншікті капитал, банк қызметін реттестіріп отыратын, бақылаушы
органдардың қадағалауында болады.
Меншікті капиталдың салымдар мен депозиттерді сақтандырудағы қызметі,
банк өз жұмысы барысында кез болған шығынын жабуға ағымдағы кірісі жетпеген
жағдайда немесе банкрот болып жойылатын болғанда, банкке өз қызметін
атқаруға жәрдем беру және кредиторларының мүддесін қорғау болып табылады.
Елде салымдарды, депозиттер мен қарыздық ( ссудалық ) операцияларды
сақтандырудың даму дәрежесі неғұрлым жоғары және банк активтерінің өтімі де
жоғары болса, меншікті капиталдың қорғаныс қызметіне де сұранысы соғырлым
аз болады ( жоғары өтімділік кірісті төмендетеді, ал ол қызмет сапасын
төмендетеді де, банктің ақша нарығындағы бағыт-бағдары әлсірейді ).
Экономикалық тұрақтылық жайы нашарлаған сайын меншікті капиталдың
қорғаушылық қызметіне талап арта түседі.
Меншікті капиталдың шапшаң әрекет ету қызметі алғашқы кезеңде,
ғимараттар мен жабдықтар және тағы басқа алуда ғана маңызды.
Үйлестіру қызметі – бұл банктердің еркін әрекет етулерін шектейтін ,
реттестіретін органдардың қоятын талаптың нормативтері. Мысалы: төлемге
қабілеттіліктің көрсеткіші – меншікті капитал мен тәуекелдік тұрғыдан
кесімді активтердің жиынтығының арақатынасы, яғни мейлінше жоғары кіріс алу
мақсатында меншікті капиталдың шектен тыс азаюының алдын алу, клиенттер
мен кредиторлардың мүддесі мен банкроттық қауіпті төмендетеді.
Меншікті капиталдың атқарар міндеттерінің құрамы:
1 Жарғылық қор ішінара қосымша (резервтік) қор , тамортизациялық қор
және экономикалық көтермелеу, яғни банктің шұғыл әрекет жасауын қамтамасыз
ету.
2 Сақтандыру қоры, ішінара қосымша (резервтік) қоры, қарыздарға
(ссудаларға ) қатысты шығынды жабуға арналған, яғни банк активтік және
басқа да операциялық шығындардан сақтандыру.
3 Банктің меншікті қорының көлемін реттестіруге арналған, сонымен
қатар жедел әрекетін қамтамасыз ету. Бұның көлемдік мөлшерінің өзгергіштігі
банктің өзінің стратегиялық және тактикалық мақсатарының, сондай-ақ
реттеуші ( қадағалаушы ) органдардың талаптарына байланысты. Бұл жағы
үлестірілмеген кіріс түрінде көрінеді.
Банктің меншікті капиталы шығу көздері мен құралы тәртібіне қарай :
акционерлік капитал, резервтік капитал, үлестірілмеген кіріс және ұзақ
мерзімдік міндетті қарыз болып бөлінеді. Банкіге кіріс келтіруге, оны
басқаруға құқық беретіндіктен , яғни осы арқылы банктің меншіктік құқы
жүзеге асырылатындықтан, акционерлік капитал банк капиталында негізгі орын
алады.
Банк құрылтайшыларын алғанда өз жарналары арқылы, акциялар шығарып
оларды ақшаға айналдыруды жүзеге асыру арқылы жарғылық қор түрінде
акционерлік капиталын жасақтайды. Жарналар ақшалай, мүліктей күйде және
осыған байланысты құқыққа ие болу арқылы жүзеге асырылады.
Жарғылық қордың құрылтайлар анықтайды, бірақ ол белгіленген минимальды
деңгейден аз бола алмайды.
Банкті құру, әдетте, меншікті капиталды акциялар шығарумен байланысты
болады.
Акциялар жай және артықшылығы бар болып ибөлінеді. Жай акциялар иелері
акционерлер жиналысында дауысқа құқылы болып, банктің барлық кірістерінің
және шығындары мен тәуекелдерін бөліседі. Үлестірілмегеннен қалған пайда
ғана жай акциялар иелері арасында бөлінеді. Акционерлерге пайда, әдетте
банктің келешектегі кірістерінің әсіресе, акциялар курсы өссе, дивидендтер
түрінде беріледі.
Егер банк операциясын дамыту үшін акционерлік капиталды ұлғайту қажет
болса, онда ол қосымша жай акциялар шығара алады. Әдетте бұл акционерлердің
алатын дивидендтерінің төмендеуіне алып келеді. Кіріс көлемі ұлғайғанның
өзінде акция саны көбейген себепті акцияға шаққанда пайда мөлшері төмен
болуы мүмкін. Бұл әрі акционерлердің құрамын ұлғайтады да, банктің іс-
әрекетін бақылауды қиындатады.
Жаңа эмиссия кезінде, бұрынғы акционерлерге акцияларды біріші кезекте
сатып алу құқы берілетін болса да, жоғарыда айтылған себептерге
байланысты, олар жаңа акциялар шығаруға бөгет болуы мүмкін.
Жаң акциялар жай акцияларға балама бола алады. Бұл акциялар өз
иелеріне, банктің кірісі мен шығынына қатыссыз, алдын-ала белгіленген
дивидендтерін алуға құқық береді.
Банк жойылатын болғанда артықшылығы бар акциялар иелері жай акциялар
иелерімен салыстырғанда, банк кредиторлардың ала жағынан құтылған соң, оның
дүние- мүліктері бөліске түскен кезде басымдылыққа ие .
Артықшылығы бар акциялар заң бойынша акционерлердің жалпы жиналысында
дауысқа ие бола алмайды.
Банктің резерв капиталы кейінірек, оның жұмысының одан әрі жүое-
барысында құрылады. Ол ағымдағы операциялар шығынын өтеуге және артықшылығы
бар акциялар дивидендтерін, кіріс көлемі жетпегенде төлеуге арналған.
Резервтік капитал акционерлер жиналысы белгіленген жарғылық капиталдың
пайызынан аспайтын тәртіп бойынша құралады. Банктің резервтік капитал көзі-
кірісінен бөлінетін үлестің көлемін заңмен бекітілген мөлшерден кемітпей,
банк басқармалығы белгілейді. Егер шығын резервтік капитал есебінен
табылған жағдайда, ол қайта қалпына келтірілгенге дейін кірістен үлес
бөлінеді.
Резервтік капиталды тездетіп құру мақсатында кірістен жеделдетіп бөліс
берілсе, дивидендтер көлемі азайып, акциялардың нарықтық бағасы түсіп кетуі
мүмкін, ал ол резервтік капиталдың құрылуына кері әсерін тигізеді. Өте
төмен нормалық бөлісте резервтік капиталдың құрылу мерзімін ұзартып
жібереді де банкінің қаржылық тұрақтылығын кетіреді. Әдетте, бастапқыда
жоғары кейін орташа және төмен нормада бөліс беріледі.
Бөлінбеген пайда – банктің ішкі меншікті капиталының қалыптасуының көзі.
Ол дивидендтерді төлеу мен резервтік және тағы басқа қорларға
аударылытын салымдардан ауысқан қалдық есебінен құрылады.
Дивиденттерден басқа аударылатын үлестер мөлшері әуелден-ақ белгілі
болғандықтан қалдық кіріс пайда, акционерлердің жалпы жиналысы
тағайындайтын дивиденттер көлеміне байланысты.
Банк бақылаушы органдардың белгілейтін арақатынасына сәйкес, өзінің
меншікті капиталы-активтерін үлестірілмейтін пайда көлемі мен жаңадан
шығарылатын акциялар арасында таңдауы жиі жасалып тұрады.
Жаңа акциялар шығарғаннан гөрі, меншікті капиталды шығын шығармай-ақ
үлестірілмейтін кіріс есебінен ұлғайту тиімді. Бірақ, үлестірілмейтін кіріс
дивиденттердің үлестері есебінен құрастырылатындықтан, акциялардың нарықтық
құнының түсіп кетуіне соқтыруы мүмкін. Сондықтан дивиденттік төлемдерді,
акционерлерді қолдау мен кірісті ұлғайтуды және акция құнын түсірмей ұстау
үшін қайыра салынатын инвестиция көлемінің тепе-теңдігін сақтау қажет.
Банк меншікті капиталын ұзақ мерзімдік қамтамасыз етілмейтін несиелік
міндеттер арқылы құрастыруы мүмкін, оған облигациялар мысал болады.
Облигация басқару ісіне қатысуға құқық бермейді.Олар эмитенттің
белгілі бір көлемде ұзақ мерзімдік ақшалай несиеге ие болғандығына
берілетін куәліктің бір түрі болып табылады.
Облигацияға ие болғандар ... табыс алу құқығына ие болады, ал несиені
төлеу мерзімі аяқталғанда эмитент облигауия иесіне оның номиналды құнын
түгел қайтарады.
Егер банк капиталды одан ары ұстап тұруды қажет деп тныса, алдыңғы
шығарылымды төлеп жаңа облигация шығарады.
Облигация егер шығарылым шартында көрсетілген болса жай акцияларға
айналдырыла алады. Онда тартылған капитал банк үшін тұрақты болады.
Облигацияның конвертациалана алуы оның тартымдылығын жоғарылатады яғни
тиімді сәтте оны акцияға алмастыра ала алады.
Облигацияның тәуекелі аз себебі оның иесі кредитормен теңестіріледі, яғни
банк банкротқа ұшыраған жағдайда да оның қаржысы қайтарылады.
Жеткіліктілігі. Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана
алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын
қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің
меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына
несиелерді берумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере
алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің
көлемін ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің
немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы
жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты
сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің
жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен
қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады.
Өзінің қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып,
банк өзінің төлем қабілеттілігін және кіріс көлемінің деңгейін арттыра
алады.
Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар
банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті
капиталға жататын көрсеткіштерге:
1. Меншікті капиталдың минималды көлемі;
2. Активтер бойынша шектеулер мен басқа банктің активтерін сатып алу
шарттары кіреді;
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-
зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы
пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төмеңгі мөлшерде
болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ
болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің
банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті
жақсы басқарса, ол төмеңгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген
пікірлер бар.
Капиталдың жеткіліктілігі термині банктің жалпы тұрақтылығын және
оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл
банк капиталының мөлшерін тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне
сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк
капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің
қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып,
қаражат тартуға ыңтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір
жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен
коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы
қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төмеңгі үлесінде болуы
да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру
мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды
ескеру қажет:
• Банктердің дивиденттері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда,
пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің
нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
• Банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бырақ
олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар
банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк
капиталының активтерге қатысты қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі оның
шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі КII-нің мәні) құрайды.Бұл
дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәекелдің уақыт өте келе
арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің
активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда
болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі
байқалады.
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін
қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау
қиын, бырақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін салым иелері
мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы
қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты
болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәекел дәрежесі өте
жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті
меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер
тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе
немесе тәекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын
орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер
сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан
кешетін тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың
екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас
туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің
шешімімімен Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты
туралы келісім-шарт негізінде Кук коэффициенті деп аталатын капитал
жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне
енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің
Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері
арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал
екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың
жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс
мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс
операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төмеңгі тәуекелді
активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
2 Бөлім.Банк ЦентрКредит АҚ-ның меншікті капиталына талдау
2.1 Банк ЦентрКредит АҚ-на жалпы сипаттама және оның экономикада алатын
орны
1988 жылы негізі салынған банк – активтерінің көлемі бойынша
Қазақстандағы төртінші банк. Банк мақсаты – шағын және орта бизнесті
дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына
жан-жақты ықпал ету.
Бүгінгі таңда ЦентрКредит Банкі қаржылық қызметтің толық спектрін
ұсынады, қаржылық инжинирингті белсенді зерттеп, оны кеңінен насихаттайды.
Бұл банкте ірі коммерциялық компанияларға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға
тиісті дәрежеде қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Банктің
Қазақстан бойынша кең тараған филиалдық желісі 20 филиалдан, 180
бөлімшеден, 541 банкоматтан және 1 350 pos-терминалдан құралып,
клиенттердің барлық қажетті қызмет пен өнімдерге еркін қол жеткізуін
қамтамасыз етеді. Үш жергілікті еншілес компаниясы: брокерлік-дилерлік
қызмет және активтерді басқару саласында – BCC Invest АҚ, лизинг
саласында – Центр Лизинг ЖШС және зейнетақы қызметі саласында – Капитал
ЖЗҚ АҚ, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы еншілес банкі – Банк БЦК-
Мәскеу ЖШҚ және Қырғызстан мен Украинадағы өкілдіктері бар.
Банктің ұжымы көп ұлтты және 4500-ге жуық адамды қамтиды. Бүгін біз өз
жұмысымызда адалдық, кәсібилік, шапшаңдық және қайырымдылық сияқты
құндылықтарды жоғары бағалаймыз.[2]
Кукмин Банкі ЦентрКредит Банкінің жарғылық капиталына қосылғаннан
кейін 2008 жылдан бастап банк қызмет көрсетудің ғаламдық, сондай-ақ сапалы
әрі жаңа деңгейіне қадам басты: алдынан тың белестер мен жаңа мүмкіндіктер
ашыла бастады. Банк клиенттерінің банкке артқан сенімін жоғары бағалайды
және құрмет тұтады, өйткені ол экономикалық жандану кезеңінде де, қиыншылық
пен ымыраға келу кездерінде де көздеген биік мақсаттарға қол жеткізуге
ықпал етеді.
Банктің жоғары технологияларды қолдануының арқасында банк клиенттері
Интернет банкинг жүйесі бойынша әлемнің кез келген елінен нақты уақыт
режимінде өз есепшоттарын басқаруға, яғни өз офисінен немесе Интернет
желісіне қосылған басқа кез келген ыңғайлы жерден банктік операциялар
жүргізуге мүмкіндік алады. Мұның нәтижесінде өз есепшоттарының жай-күйі
туралы қажетті ақпаратты алудың шапшаңдығы артады, жоғары сапамен және
тұрақтылықпен қаржы ағымдарын қашықтан басқаруға қол жетеді, ал бұл банкке
баруға уақыт пен шығыс жұмсамай, бизнесті дамытуға бағытталған тиімді жұмыс
болып табылады. Интернет банкинг жүйесінің тағы бір ерекшелігі бар:
аймақтық шектеулерді жояды. Клиент өзіне жақын орналасқан банкті іздемейді,
банкті таңдаған кезде ол іс жүзінде ұсынатын сервиске: тарифтеріне,
көрсететін қызмет түрлеріне және өз клиентіне деген жалпы көзқарасына
жүгінеді.
Банк ЦентрКредит жүйесінің шағын және орта бизнесін қолдауы
Банктер кәсіпкерлерге көптеген қызмет көрсетеді. Осылардың бірі
(мысалы, бизнес-есеп ашу, лизингтік несие беру және тағы басқа ) олар
барлық банктерде бірдей. Тек несиелендіпу шарттары ғана әр түрлі.
Бизнес-есеп жай есеп шотынан бірнеше ерекшеліктермен айқындалады.
Біріншіден, ірі банктерде бизнес-есеп шотына арнайы бөлімшелер бар.
Олар бизнес- есеп шотын жүргізуді, ссуда, бизнесті дамытуға несие алуға
көмектеседі.
Екіншіден осы бизнес- есеп шотымен тек белгілі тұлғалар ғана жұмыс
істей алады, осы тұлғаларды компанияның директорлар кеңесінде шешеді. Осы
шешімді шот ашқан кезде банкке ұсыну қажет.
Үшіншіден, бизнес- есеп шотының тұрақты иесі болсаңыз сізге ерекше мән
бөледі.
Несие және ссудалар.
Несие бұл уақытша бос ақша қаражаттарының шоғырлануы. Несие
Қазақстанның барлық банктерімен ұсынылады. Несиенің шарттары несие
саясатына және банк қызметкерлерінің сіздің бизнесініздің тәуекелдігіне
байланысты болады. Банк несие бергенде оны мақсатына қарай жұмсалғандығын
бақылайды және сіздің қаржылық кірістеріңізді тексереді.
Несие шартын және мерзімін несиенің мақсаты анықтайды. Мысалы, құрал-
жабдықтарды сатып алу үшін ұзақ мерзімді несиелер беріледі.
Бизнес- несиенің негізгі түрлері:
Қысқа мерзімді несие тұрақты немесе тұрақсыз процентпен беріледі;
Бағалы қағаздарды кепілге қалдыру арқылы несие алу;
Шетел валютасында берілетін несие;
Айналымдағы дебиторлық есеп (қайта есеп айырыск арқылы берілетін несие
мүмкіншілігі)
Банк несие келісім шарт құрылғаннан кейін бірақ береді.Келісім
шарттардың орындалмауы айыппұл арқылы төленеді.
Несие белгілі кепілге бағалы зат немесе жылжымайтын мүлікті алу арқылы
беріледі. Осы кепілдің негізгі түрлері:
Жылжымайтын мүлікті немесе бағалы қағаздарды кепілге беру несиенің толық
өтеу мерзімі бітпегенше;
Ипотека (жылжымайтын мүлікті белгілі мерзімге кепілге беру)
Банктік жүйесіндегі функцияның негізінің бірі болып экономикадағы
инвестицияны қаржыландыру болып табылады. Банктің пайыздық саясаты келесі
принципке сай болуы керек, несиенің қарызшыға және банктерге де үнемді
болуы тиіс.
Дағдарыс кезінде шағын кәсіпкерліктердің қаржы нарығында несиелендіру
операцияларынан кіріс алу жағдайдың болмауы банктерге өте ыңғайлы. Осыған
байланысты БЦК несие бюросын құру мәселесін қарастырып отыр, бұл
айтарлықтай дағдарыс болған жағдайда қарызшының қаржылық жағдайын және
қарызшының несиелік досьесі туралы ақпаратты бермейді.
Банк ЦентрКредит –тің негізгі несиелік саясаты болып қысқа мерзімді
несиелер тиімді және пайдалы механизмін құру. Несиенің жоғары пайызы
жарғылық фондтың төлемділігін тұрақтатады.
Алматы Мәдени Тұрмыс Құрылыс корпорациясы өзінің қол астындағы 18 шағын
серіктестікке жол ашты. Банк ЦентрКредит АҚ бұл корпорациясының
серіктестіктеріне ерекше көңіл бөлді. Инвестициялық несиені 25 пайызынан
бастап 19 пайызға дейін төмендетті. Бұл серіктестіктерде кепілдеме болып
корплорацияның жылжымайтын мүлігі болды.
Банктер көмегімен шағын бизнестің дамуы жедел түрде даму сатысына түсті .
Несиелеу шарттары жеңілдетіліп, несиелер түрлері әр алуан болды. Қазіргі
кезде несиелеу шарттары өте тиімді және ыңғайлы. Халық банктерден несиені
бұрынғыға қарағанда жиі алатын болды.
Лизинг- бұл ұзақ мерзімге машиналарды жалға беру, сатып алу мүмкіншілігімен
берілетін несиенің түрі. Бұл қазіргі кәсіпкерліктерді несиелендіру
жүйесінде аз орын тапқан . Өйткені бұл несиенің түрі ұзақ мерзімді құрал-
жабдықтарды жалға алу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Лизингтік
компаниялар арқылы кәсіпкердің құрал-жабдықтары жаңартылып тұрады және
өзіндік капиталды бұзбайды.
Бүгінде ЦКБ атына көптеген құрметті отандастарымыздан келіп түсіп
жатқан жағымды пікіпрлер аз емес. Бұл ЦентрКредит Банкінің әуел бастан –
құрылған күнінен бастап бүгінге дейін дұрыс саясатты таңдап алғанын
қуаттайды. Соның арқасында банк ертеңгі күніне сеніммен қарап отыр.
Тәжірибе банк бизнесінің қүрделі екендігін, мол табыстың соңын қуалаудың
пайда әкелмейтінін көрсетіп отыр. Бұл бизнес шамасына қарай консервативті
болуы, сақтық үлесі де белгілі дәрежеде қатысуы, сонымен қатар бүгінгі
заманғы технологиялар тұрғысына жауап бере алатын ілгерішіл де болуы тиіс.
ЦентрКредит Банкінің дәстүрлі саясаты оның шағын және орта бизнес
үшін таңдаулы банк ретінде өзінің тиісті орнын алуына қол жеткізді.
Қазақстанға да әсерін тигізген қаржы дағдарысының күрделі жағдайы ЦКБ-нің
шағын және орта бизнес секторы клиенттерін қаржыландыруын жалғастыруына
бөгет бола алмады. Бұған банк Самұрық-Қазына қорынан ғана емес, Еуропалық
даму банкі, немістің даму банкі (DEG), американдық National City Bank,
голландтық даму банкі (FMO) сияқты қаржы құрылымдарының қаражаттары арқылы
қол жеткізді. Нарықтың тұрақсыздығы жағдайында жасалған шетелдік елдер даму
банкілерімен жасалған бұл мәмілелер сенімді беделі және сарабдал саясаты
бар қаржы институты ретіндегі ЦентрКрендит Банкіне деген сенімнің зор
екенін қуаттайды. Ұзаққа созылған экономикалық және қаржы дағдарысы
бизнесті дамытудың әртүрлі стратегияларының өміршеңдігіне елеулі сын болды.
ЦКБ активтерінің жоғары сапасы әріптестер мен клиенттердің сенімін қуаттады
және сын сағаттарда банк олардың үдесінен шығ білді. Бүгінгі кезде ЦКБ-ында
оңтүстіккореялық стратегиялық инвесторы Kookmin Bank тарапынан
технологиялар трансферті және базалық құзырет бойынша жұмыстар толыққанды
жүргізілуде (2008 жылғы тамызда Kookmin Bank ЦентрКредит Банкінің
капиталына кірді). Мәртебесі жағынан стратегиялық жоба ЦКБ қызметінің
барлық бағыттарын қамтиды және 2009 жылдан 2013 жылға дейінгі бес жыл
ішіенде 30-ға тарта міндетті жүзеге асыруды қарастырады. Олардың арасында
Базель 2 басқару ұстанымдарына сай келетін тәуекелдерді және АТ-
технологиялар негізінде клиенттермен өзара қатынастарды басқару жүйелерін
енгізу мәселелері бар. Банк бұл шарасы операция тиімділігі мен банктің
бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың өзінде
осындай өрелі 11 міндетті жүзеге асыру көзделіп отыр. Биылғы жылдың басынан
бері ЦентрКредит банкінде Kookmin Bank өкілдері іссапарда жүр, олар ішкі
бизнес-үдерістерді диагностикадан өткізуде және оның нәтижелері бойынша
оңтайландыру жоспарлары пысықталуда.
Егер Астанаға қатысты айтар болсақ, ЦентрКредит Банкі елорданың
дамуына, құрылысына және абаттануына бұрынғыша қомақты үлес қосуда. Ол
Астанадағы көптеген жобаларды қаржыландыруға белсене қатысуда, бұлар –
ондаған километрлік қала жолдары, салынып жатқан тұрғын үйлер, жас шыбықтар
отырғызылған саябақтар. Сонымен қатар қаланың көптеген ұйымдары банктің
елордалық филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, қалыптасу үстінде
және бизнесін өрістетуде. Олар көп жылдардан бері банктың сенімді
клиенттері болып келеді ҚазГерҚұрылыс холдингі жолдарды саябақтарды,
әртүрлі бағыттағы нысандарды салады. Кәсіпорын 2004 жылдан бері жұмыс істеп
келеді.
Жасыбай-Инвест ЖШС ЦентрКредит Банкімен 1999 жылдан бері
ынтымақтасып келеді. Бұл банк қазақстандық аймақтардағы серпінді дамып келе
жатқан агросекторды қалыптастыру және кеңейту үдерісіне белсене қатысып
келеді Біздік компанияның ЦентрКредит Банкімен ынтымақтасуы Қостанай және
Ақмола облыстарында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істей отырып, осы банктің
Алматыдағы бас кеңсесімен, сондай-ақ Астана, Қостанай, Көкшетау
қалаларындағы филилдарымен тығыз ынтымақтасып отыр. Квинтек ЖШС
Центркредит Банкімен 2004 жылғы 15 қазаннан бері қоян-қолтық жұмыс жасап
келеді.
Сана Компаниясы ЖШС SANA компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар
ЦентрКредиттің Астана қаласындағы филиалымен 2006 жылдан бері жұмыс жасап
келеді. заманауи және сапалы жолдар – кез келген елдің экономикасын
дамытудың қажетті шарты. серпінді дамып отырған холдингі үшін автожолдар
құрылысы.
Вербсте ЖШС ЦентрКредит банкімен 2004 жылдан бері жұмыс жасап
келеді. ЦентрКредит Банкінің қатысуы арқасында қала тұрғындарына
Президенттік саясақты, Олимп саябағын, Уәлиханов пен Абай көшелерінің
бұрышындағы скверді, Сарыарқа көшесінің бойындағы украин мейрамханасының
ландшафтық-саябақ ансамблін тарту етті.
2009 жылғы 25 қыркүйекте Kookmin Bank Co Ltd, ≪Банк ЦентрКредит≫ АҚ
акционерлері және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) арасында келісім
жасалды, соған сәйкес Kookmin Bank Co Ltd үлесін 41,9% дейін ұлғайту және
Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) БЦК шығарған және төлеген
акциялардың барлық мөлшерінің 10% сатып алуы жоспарланды. Осы келісім
аясында 2009 жылдың қазан айында ≪Банк ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz