ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП
1.1 Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері
1.2 Отбасының тәрбиелік күш қуаты
1.3 Мектептің психологиялық – педагогикалық астарлары
1.4 Баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығы
1.5 Мұғалімнің бірінші сынып оқушысының отбасымен танысуы
1.6 Ата-аналарды балалар ұжымын тәрбиелеу ісіне қатыстыру
2 ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУЩЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АТА-
АНАЛАРҒА КЕҢЕС БЕРУ
2.1 Ұлт өнегесі – ұрпақ тәрбиесі
2.2 Ұрпақ тәрбиесінің ұлы ұстанымдары
2.3 Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ
2.4 Балаңызбен қалай қарым – қатынас жасау керек?
2.5 Бақылау эксперименттің нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста
адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең
тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни
баланың ата-анасын
жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын
үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында
мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. Шынында да, өз ата-анасын
құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен
орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін,
бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр,
олардан отбасынан тысқары әлемде не береке күтуге болады? Сондықтан
қоғамның дамығандығының, мемлекеттің іргесі беріктігі мен азаматтарының
көңілінен шығатын өркениеттілігінің басты шарты – экономиканы өркендету,
әлеуметтік-әділеттілік пен тәртіпті орнықтыру, білім-тәрбие берудің
оңтайлы жүйесін құру арқылы әрбір отбасында адамгершілік, әдеп-инабат
қарым-қатынастары салтанат құруына жағдай жасау.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі -
баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де
есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің
ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Ол жас болсын, жасамыс
болсын, баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы.
Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары
қабақ, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының
кепілі.
1. Оқушылардың әлеуметтенуіне және тұлға боп қалыптасуына әлеуметтік-
психологиялық жағдай жасау.
2. Білім беру бағдарламаларына сай балалардың мүмкіншіліктеріне қарай
бейімдеу, оқушыларды оқыту технологиясының салыстырмалы анализдерін құру,
оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін ұйымдастыру.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
1. Оқу- тәрбие үрдісінде ғылыми- эксперименталды бағыт.
2. Оқушылардың интеллектуалдық, тұлғалық, әлеуметтік дамуын қалыптастыру.
Жұмысының негізгі түрлері:
Диагностикалық іс- әрекеті:
1. Мотивациялық, сферада даму ерекшелігін анықтау (1- сыныпар).
2. Оқушылардың таным, үрдістерін анықтау.
3. Оқушының интеллектуалды деңгейін анықтау (5 сыныптар).
4. Өзін- өзі бағалау мен топтағы атмосфераны анықтау (6-8 сыныптар).
5 Ақыл- ойдың дамуын және кәсіптік бағдарды анықтау (9-11 сыныптар).
6. Мектептегі компитентті емес балалармен дамыту жаттығуларын жүргізу.
7. Педагогтардың кәсіби бағытын және тұлғалық типерін анықтау (мектеп
мұғалімдерінің).
8. Ата- ана мен педагог, ата- ана мен оқушы. Жанұя жағдайының оқушы
психологиясына тигізетін әсері (ата- аналар).
Профилактикалы және коррециялы іс- әрекет:
1. Баланың мектепке бейімділігін бастауыш сынып жетекшілерімен бірге
коррекция жүргізу.
2. Мұғалімдерге индивидуалды кеңес, психологиялық талдау,
педагогикалық консилум және оқушыларды дамытуды ұйымдастыру.
3. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас түрлерін белсендендіру.
Психологиялық кеңес:
1. Педагогтарға кәсіби және жеке мәселеер төңірегінде кеңес беру.
2. Педагогикалық ұжымның инновациялы процестерге дұрыс
бейімділігімен қоса, мектеп ұжымында қолайлы климат ұйымдастыру.
3. Оқушылардың дамуы, оқуы, өзін-өзі бағалауы мен өзін-өзі тануына топтық
және жеке кеңес беру.
Ата- аналарға психологиялық ақыл-кеңестер.
Зерттеудің мақсаты: Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен
және әдістемесімен таныстыру. Ата-аналармен педагогикалық және
психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-
аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.
Зерттеудің нысаны:
әрекетті екі түрлі бағытпен:
а) оқушымен тікелей;
ә) субьектің дамуындағы кедергілерге әлеуметтік-педагогикалық ортамен
бірге жұмыс жасайды. Мұнда негізгі әсер етуші педагог, ата-аналар.
Зерттеудің пәні: психологиялық қызмет, оқу-тәрбие үрдісінде баланың
интеллектуалды және тұлғалық мүмкіндіктерін, қабілетін, қызығушылығын,
бейімділігін танытуға және дер кезінде пайдалануын қамтамасыз етеді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Мектеп жұмысындағы әдістемелік экспериментті психологиялық-
педагогикалық тұрғыда жүргізу.
2. Оқушыны оқу-тәрбие үрдісінде іскерлігі мен дағдыларын, білім сапасы
мен оқыту технологиясын бақылау.
3. Оқушының қабілеті мен бейімділігінің дифференциясын нәтижесін
коррекциялық жұмыстың қорытындысы бойынша өңдеу. Оқушыларға кәсіптік бағдар
беруде психологиялық көмек ұйымдастыру.
4. Мектеп жұмысындағы әдістемелі-эксперимент мониторингі.
5. Оқушылар мен мұғалімдердің эксперименталды зерттеу кезіндегі
психопрофилактика және денсаулығын сақтау.
6. Өз кезегінде оқушылар мен мұғалімдерге психологиялық көмек көрсету.
Зерттеудің жетекші идеясы: халыққа кеңес беру саласында психологиялық
қызмет ең негізгі компонент болып табылады. Мектеп психологінің қызметінде
негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып
табылады.Мұндағы білім беру үрдісі логикалық дамуымен тығыз байланыста
болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі
әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді. Психологтің
практикалық жұмысында баланың әр түрлі жастағы кезеңіндегі логикалық
психикалық дамуы мен әлеуметтік-педагогикалық ситуациялардағы
ерекшеліктерін анықтайды. Мектеп психологінің іс-әрекетінде профилактика,
коррекция, дамыту баланың психикалық дамуындағы жетістіктері мен
ерекшеліктерінде өз болмысын табады. Психолог жұмысында бар мүмкін
варианттардың негізгі міндеті дамудың әсері нәтижесінде ауытқуларды
профилактикалау, регресс немесе фиксация кезінде коррекция арқылы ерекшелік
кезеңіндегі барлық потенциялды мүмкіндіктерді дамыту.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагог-психолог ғалымдар
пікірлері, ұрпақ тәрбиесінің ұлы ұстанымдары.
Зерттеудің әдістері:
1. Оқушылардың шығармашылық дамуына әдістемелік-зерттеу жұмысын
ұйымдастыру.
2. Оқушыларың дамуы мен оқу технологиясында мүмкіндіктері мен
перспективаларын зерттеу.
3. Индивидуалдыққа, бейімділікке үйрету, оқушылардың әлеуметтік даму
интеграциясы.
4. Оқу- тәрбие процесінің мұғалімдерге тигізетін әсерін зерттеу.
5. Оқушының тұлғалық қалыптасуы.
Зерттеудің базасы: Павлодар қ., №35 мектеп, бастауыш сыныптар
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Жас ерекшелік және педагогикалық мәселелерге семинар жүргізу.
2. Жас ерекшелік және әлеуметтік мәселелерге байланысты ата-аналарға
дәріс ұйымдастыру.
3. Мұғалімдер мен ата- аналар үшін психологиялық библиография құру.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы мен мәні:
- зерттеу материалдарын мектептің бастауыш сынып ата-аналарымен жұмысында
пайдалануға болады.
1. Отбасы және мектеп
1. Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері
Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі
дәстүрлерінің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің
сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып,
мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі
болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі
- бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас
нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап,
болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсу үшін қажет жағдай
жасайды. Бұған баланың қажеттілігін толық қанағатттандыру,оны дене және ой-
еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал
болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету,
бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру жатады.
Отбасы сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен
дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік - мәдени параметрі ата-аналарының
білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады.
Отбасының әлеуметтік-экономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен
және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық
параметрі өмір сүру жағдайымен, баспананың жабдықталуымен, өмір салтының
ерекшелігімен анықталады. Демографиялық параметрі отбасы құрылымымен
анықталады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық қай жас кезеңінде
болмасын оның тиімді болуында отбасының ролі ерекше.
Басты қызметтері
- тәрбиелік;
- сауықтыру;
- рухани-адамгершілік;
- танымдық-білімдік;
- тұрмыстық;
- еңбек;
- мәдени-ағартушылық;
- демалыс-шығармашылық;
- тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы;
- қорғау;
Басты міндеттері
- баланы үйлесімді дамыту;
- бала денсаулығына қамқорлық жасау ;
- оқуына көмек көрсету ;
- еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;
- тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу ;
- ізгі , эмоционалды-адамгершілік қатынас тәжірибесін қалыптастыру ;
- жалпы мәдени және интелектуалдық дамуына қамқорлық жасау ;
- қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;
- өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау;
- жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге дайындау ;
Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар,олар
- отбасы тәрбиесінің ахуалы ( дәстүрі, қатынасы, жайлылығы) ;
- отбасы өмірінің күн тәртібі ;
- әрекеттер мазмұны ( әкесінің, шешесінің, әжесінің, атаның,
балалардың).
Баланың отбасындағы өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда күн
тәртібін жасау және талап қоя білудің мәні ерекше. Күн тәртібі баланың
еңбегі мен демалысының, парасаттылықпен, жас және дербес ерекшелігіне
сәйкес өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Отбасы мүшелері бала бойында жақсы
әдеттерді қалыптастыруды және оның дүниетанымы мен өмірлік бағыт-бағдары
мен көзқарастарын дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтады.
Отбасы бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезден-ақ оны жинақылыққа,
тілалғыштыққа, еңбекке, мұқияттылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке
үйретеді. Отбасы баланың күн тәртібін құруда өз отбасының үй жағдайын,
баланың денсаулығын, дәрігер, тәрбиеші не мұғалімдер кеңесін, мектеп пен
отбасы талаптарының бірлігін есепке алағаны дұрыс. Өйткені, бала
өміріндегі еңбек, демалыс, ойын, үй тапсырмасын орындау, ұйқы және т.б.
дұрыс кезектесіп отыруы тиіс. Педагог-психолог ғалымдар пікірлері бойынша
белгілі бір реттелген күн тәртібін сақтау нәтижесінде бала миының үлкен
жарты шарының қабында динамикалық стереотип пайда болады. Мысалы, баланың
нақты бір мезгілде тамақтануы, ұйқыға кетуі берік қалыптасса, оның ағзасы
сол уақытта оған даяр болып, денсаулығы нығая түспек. Белгілі дағды әдетке
айналады.
Баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс-әрекеті
- сабақ үлгерімін бақылау, сабақты себепсіз қалдырмауына ат
салысу ;
- оқуда үлгеруіне, достарымен қарым-қатынастарының дұрыс болуына
көмектесу, жағдай туғызу ;
- сынып жетекшісімен, мектеппен тығыз байланыс орнату ;
- қызығушылығын дамыту, танымдық өрлерін кеңейту үшін үйірмелер,
факультативтерді таңдауына көмектесу ;
- ақыл-ой еңбегін ғылыми ұйымдастыруға үйрету ,
ұсыныстар беру, психологпен бірге әңгімелесу ;
- араласа білуге, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай білуге
баулу;
- қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, имандылыққа,
салауаттылыққа тәрбиелеу;
- санитарлы-гигиеналық дағдыларды сіңірту;
- адамгершілік-жыныстық, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру;
Бала толыққанды отбасы мүшесі, сондықтан оның отбасындағы өзінің
міндеттері мен борышын адал атқаруы оған да, отбасы мүшелеріне де қуаныш
сезімін сыйлайды. Ол үшін отбасы мүшелері бала еңбегіне артық салмақ
түсірмей не жеңіл-желпі қарамай, парасатты және әділетті болғандары абзал.
Яғни, оқудан келген соң демалуын, оқуын пайдалы еңбекпен ұштастырып
отыруын бақылап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырулары керек. Отбасы мүшелері
баланы түрлі іс-әрекеттерге және өз бетімен еңбек етуге үйретулері қажет.
Отбасында ата-аналар балалар іс-әрекетін ұйымдастыруда төмендегідей
шарттарды есепке алуы тиіс
- баланың қызығушылығын, ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін
тұрақтандыру мақсатында міндеттерін бөлуді жоспарлау мен жүзеге
асыруда онымен санасу жағын қарастыру;
- балаға сенім білдіру және жас және дербес ерекшелігіне сәйкес
болуын қадағалау;
- әр баланың міндеттерін дәл, нақты анықтау;
- әр істің балалардың өзара қатынасының дамуы мен нығаюына және
рухының өсуіне қажетті тәрбиелік мәнінің болуы;
- жалпы отбасы тәрбиесінің тұлға дамуының факторы болуын
қамтамасыз ету;
- баланың дербестігі мен ынтасын есепке алу;
- балалардың өзара сыйласымдық пен мейрімділікке, сенімге
негізделетін іс-әрекеттерді тапсыру;
- тапсырманы орындау барысында қолдау көрсету, түрткі
қалыптастыру.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог-ғалымдар С.
Қалиев,
М. Смайылова, М. Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Р. М. Қоянбаев,
Ж. Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Ж.Б. Қоянбаев Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі атты
еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін ,
адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын, қажеттік-шаруашылық функциясын,
отбасының тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған-
туысқандарымен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді.
Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің бірқалыпты жағдайда іске
асырмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуының басты себебі -
ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе,
отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді
атап көрсетеді.
1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы: бірбалалы
, көпбалалы отбасы, бірұлттық, көпұлттық отбасы ;
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары : отбасы мүшелерінің
білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы
материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы;
3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделіктің тұрмыстың жалпы мәдениеті,
күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды,
музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік
дәстүрлі мерекелер.
4. Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроклиматының сипаттамасы,
отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің
өз міндеттеріне көзқарасы;
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие
институттарына қатысы;
6. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын
әдістер, ата-аналарының және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени
дәрежесі.
Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор.
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді
шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала
тәрбиесімен айналысатын отбасы, балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылықтың
тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп
тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара
әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге
болады.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері
- ақпараттық ;
- тәрбиелік-дамытушылық ;
- қалыптастырушылық ;
- қорғау-сауықтырушылық;
- бақылаушылық;
- тұрмыстық;
Аталған өзара әрекеттің міндеттері
- ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;
- ата-аналарды педагогикалық-психологикалық білім, біліктермен
қаруландыру;
- бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары
- отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында
зерттеу;
- Отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;
- Олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін
талдау.
Отбасын зерттеу педагогқа не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педагогқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен
оның күш қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен
әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие
мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім
дәстүрлі педагогикалық – психологиялық диагностика әдістерінің кешенін
пайдаланады. Отбасын зерттеу сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап
ететін өте күрделі мәселе.
Сынып жетекшісі отбасын зерттеуде төмендегідей ережелерді сақтағаны
дұрыс
- Ата - аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі
тиіс.
- Зерттеу мақсаты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болуы қажет.
- Зерттеу әдістері тәрбие әдістерімен өзара байланысты болуы шарт.
- Психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде
қолдануы керек.
- Отбасын зерттеуде педагог төмендегі мәліметтерге көңіл аударуы
тиіс:
1. Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік-материалдық , тұрмыстық
жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық
мәлімет.
2. Отбасындағы балалардың тәрбиелік деңгейі.
3. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері.
Педагогтың ата-аналармен жұмысының мазмұнын төмендегі сызбадан көруге
болады.
Мектеп практикасында ата-аналармен жұмыстың көпшілік, топтық және жеке
формалары бар.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен,
қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән
туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Оның
өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын
аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп
оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші орта
факторларының маңызды кешенін туғызды.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі
негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысын отбасы мектептегі оқу-
тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған
қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп пен
сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.
1- қызметі. Ата- аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен
таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-
аналармен танысады және өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады ,
өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат,
міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті
мәселелерді бірігіп талқылайды.
Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы таратады:
- балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күні ;
- ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ;
- мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және
сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмектесу ;
- шефтік көмек ;
- ата-аналардың мектептегі кеңсесі жұмысына қатысуы.
2- қызметі. Ата-аналармен педагогикалық–психологиялық ағарту жұмысын
ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:
- тәрбиенің жекеленген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік
сыныптық конференциялар ұйымдастыру ;
- ата-аналар университеттері;
- қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері:
дарынды балалар, қиын балалар, педагогикалық кәсіпті таңдаған балалар,
түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге
болады;
- сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен
сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; Оны түрлі формада мәселелік
конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.
- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;
- тренингтер;
- ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрмесін ұйымдастыру және
оқырмандар конференциясын өткізу.
3 - қызметі. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.
Оның формалары
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке
қатысу (жорық,серуен,саяхат,жөндеужұмыстар ы,
сенбіліктер,турнирлер);
- жалпы мектептік іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды
қатыстыру ( түлектер кештері, туристердің мектепшілік слеті,
мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу және т.б.);
- республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе
дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;
- оқырмандар конференциясы;
- отбасылық ойын байқауы.
4 - қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын
жүргізу.
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық
кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің
нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан
отбасына бөлу керек.
5 – қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен
өзара әрекет ету.
Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы
оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі
мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.
Сынып жетекшінің отбасын аралауы бүгінгі күнге дейін ата-аналармен
жұмыстың жағымды формаларының бірі болып келсе, қазіргі кезде кейбір
педагог-ғалымдардың пікірінше бұл екі жақты талас мәселе. Өйткені, жұмыстың
бұл формасы туралы ол отбасының жеке өміріне қол сұғу болмай ма деген де
пікірлер кездеседі. Сондықтан жұмыстың осы формасын сынып жетекшісі нақты
жағдайға, сол отбасының ерекшелігінің жақсылап біліп, ойланып барып
жасағаны жөн. Немесе келесі шарттарды сақтаған жөн
- отбасына ескертпей келмеу;
- отбасында 5-15 минуттан артық болмау;
- отбасына келген әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт
киіммен тұрып бастамау, егер ата-аналар қобалжып өздері айтпаса,
әдеппен ғана өзіңіз ұсыныңыз.
- әңгімені әкімшілік-әміршілдік сыңаймен жүргізуге болмайды;
- ата-ананы үйретпеңіз, тек кеңес беріңіз;
- негізінде әңгімені баланың көзінше оған да ата-анаға да өзіңізге
де қолайсыз болмайтындай стилді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс
болмақ.
- сонымен қатар ата-аналарға тәрбие мәселесін талқылауға шақырған
қағазбен бірге сол мәселеге қатысты жаднама жазып жіберу тиімді
болмақ.
Сынып жетекшісі отбасының салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты
екенін, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі
деңгейде болатынын ескеруі тиіс. Сондықтан ата-аналармен жұмыста да түрлі
амалдар мен формаларды саралап қолдану керек.
Ата-аналар жиналысының құрылымы
Ата-аналдар жиналысын өз уақытында бастауды қатаң сақтау керек. Ең
ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс.
1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі - 5 минут.
2. Ата-аналармен жүргізілетін сауалнаманы талдау (сынып жетекшісі,
психолог, мұғалім), қарастырылатын мәселені айшықтай түсу үшін 5-7
минут .
3. Тақырып бойынша сөйлеу: шақырылған маман,сынып жетекшінің өзі. Сөз
нақты, дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс 5-15 минут.
4. Мәселелерді ата-аналармен бірге талқылау 20 минут.
5. Сынып жетекшінің сынып үлгерімін талдауы. Алдымен жағымды
нәтижелерден бастауы керек.. Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы
жағдайды түзеуге болатынына көздерін жеткізетіндей, сенімді түрде айтылған
жөн.
Қорытындылау барысында сынып жетекшісі ата-аналарға бірлесіп
жасағандары үшін алғысын білдіріп, рахмет айтуы тиіс және оқуында не
тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1 минутқа
кідіре тұруын сұрайды.
2. Отбасының тәрбиелік күш қуаты
Отбасы - балаға өмір сүру мақсаты мен құндылықтары туралы мағлұмат
беретін және мінез-құлық мәдениететін қалыптастыратын алғашқы ұжым.
Отбасында бала алғашқы адамгершілік дағдыларды игереді, оны күнделікті
өзара қарым-қатынаста қолдану дағдыларын үйренеді. Ата-аналарының
түсіндіруі, айтқан ақылы мен үлгі-өнегесі үйдегі өмір салты, отбасындағы
ахуал барлығы да балалар бойында мінез-құлық әдеті мен жақсылық пен
зұлымдықты бағалау өлшемдерін қалыптастырады. Бірақта әр отбасының
тәрбиелік мүмкіндіктерінің әр түрлі болатынына орай педагогикада отбасының
тәрбиелік мүмкіндіктері деген ұғым қолданылады. Оның мәні негізгі
құрауыштарының мазмұны арқылы ашылады.
Осындай маңызды құрауыштың бірі - отбасындағы ішкі қарым-қатынас болып
табылады. Отбасылық қатынас тікелей қарым-қатынас үрдісінде жүзеге асатын
тұлға аралық қатынас ретінде көрінеді. Тұлға аралық қарым-қатынас тұлғаның
қалыптасыуының әлеуметтік-психологиялық тетігі қызметін атқарады. Оған
деген қажеттілік жалпы адамзаттық сипатқа ие және адамның іргелі жоғары
әлеуметтік қажеттілігі болып табылады. Тек қарым-қатынас үрдісінде
ересектермен бірге бала сөйлеу және ойлау дағдыларын меңгереді, заттық
әрекеттердің, өмірдің түрлі саласындағы адам тәжірибесінің негізін игереді,
өзара қарым-қатынас ережесін, адамға тән қасиеттерді, олардың ұмтылыстары
мен мұраттарын таниды, соның негізінде бірте-бірте өмірлік тәжірибесінің
өзіндік әрекетінің адамгершілік негіздерін жүзеге асырады. Ойынның өзінде-
ақ олар ересектердің өмірін оның ережелері мен нормаларын модельдейді.
Отбасындағы қарым-қатынас бала психикасына күшті әсер етеді. Сонымен
отбасылық ішкі қатынас адамды қоғамның мәдени өміріне белсенді қатысушыға
айналдырудың маңызды факторы. Отбасылық ішкі қатынасты бағалау үшін
психологтар психологиялық қатысымдылық деген сипаттаманы ұсынады. Оған:
интелектуалдық, эмоционалдық және ерік-жігерлілік сияқты отбасылық ішкі
қатынастарды жатқызады.
Отбасы мүшелерінің арасындағы интелектуалдық қатынас өзара тез тіл
табысу, ортақ пікірге бір ауыздан келу, пайымдаулары арасында ұқсастықты
орнату білігімен, кітапқа, музыкаға, театрға және де басқа мәдениеттің
қоғамдық бағыттарына ұқсастықтар сияқты қасиеттермен анықталады.
Эмоционалдық байланыстар мен қатынастардың негізгі көрсеткіштері
болып: эмоционалдық күйзелісіндегі бірлік, эмоционалдық бағыттылығындағы
ортақтық, мейірімді қатынас, бір-біріне жақындық ұмтылыс, тартылу, бірге
болуға тырысу тілегі, махаббат, отбасындағы үлкенге құрмет, отбасындағы
ересектердің кішілерге қамқорлық жасауы есептеледі.
Еріктік қатынас белгілеріне: отбасы мүшелерінің өмірдегі қиыншылықтар
мен сәтсіздіктерді жеңуге күштерін біріктіруі мен жұмылдыруы жатады.
Отбасылық ішкі қатынас жағдайы отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің қызмет
етуі мен күш қуаты құрауыштарының тиімділігін анықтайды.Отбасының тәрбиелік
мүмкіндігінің келесі маңызды құрауышы - бұл отбасының адамгершілік
бағыттылығы мен ата-аналардың педагогикалық мәдениеті болып есептеледі.
Отбасының адамгершілік бағыттылығы отбасында мінез-құлықтың
адамгершілік нормалары мен ұстанымдарын сақтаумен, орындаумен сипатталады.
Бұл параметр отбасылық өмірдің объективті мазмұны мен мақсатын, отбасы
алдына қойылған мотивтерін, оның мүшелерін әрекетке итермелейтін
мүдделерін, қызығушылықтары мен көзқарастарын, сенімдерін анықтауды
білдіреді.
Отбасында қоғамдық пайдалы мақсаттардың болуы оны ұжым мен қоғамның
бір бөлшегі етеді. Отбасы мақсаттары қарсы келсе немесе қоғамнан бейтарап,
тіпті зиянды болса, онда мұндай отбасын ұжым деуге келмейді. Шартты түрде
оны корпорация - отбасы деуге болады. Отбасы мүшелерінің тәртібіндегі
әлеуметтік мотивацияның әлсіздігінен ол уақытша ажыраған күйден, тұрақты
ұжымға айналады, яғни отбасылық эгоизммен, басқа отбасыға және
қоғамдастыққа деген қатынасына қарай отбасылық дербестігімен ерекшеленетін
корпорация - отбасы құрылады.
Отбасының адамгершілік бағыттылығында оның беделді мүшелерінің
әсіресе, ата-аналарының бағыттылығы неғұрлым мәнді рөл атқарады. Отбасы
ұжымының бағыттылығы отбасы қабылданған құндылықтарымен және тәрбиемен
анықталады. Олар ата-аналардың тәрбие мақсаттары мен міндеттерін түсінуінен
көрінеді, бала тәрбиесі үшін өздерінің қоғам алдындағы жауапкершілік пен
борыштылық сезімінің даму деңгейімен анықталады. Бұл жерде ата-аналардың
өндірістік және қоғамдық әрекеттердегі белсенділігі, пікірлері мен
қылықтарындағы қоғамдық пен жекенің қатынасы көрсеткіш болады. Ата-
аналардың педагогикалық мәдениетінің өлшемі болып баланың жас ерекшелігін
есепке алу, олардың жағымды және жағымсыз қылықтарын айқындау мен шынайы
дұрыс әділетті бағалай білу біліктері, педагогикалық өзін-өзі тәрбиелеуге
ұмтылысы, мектептегі дәріс және жиналыстарға қатысуы, басқа отбасындағы
жағымды тәрбие тәжірибесіне көңіл бөлуі мен оны өз тәжірибесіне енгізуге
тырысуы, балаларына біркелкі талап қоя білуі саналады.
Демек, отбасының тәрбиелік күш қуаты үш түрлі негізгі құрауыштардан:
психологиялық қатысымдылық, адамгершілік бағыттылық, ата-аналардың
педагогикалық мәдениетімен анықталады екен. Егер отбасы тәрбиесінде осы үш
құрауыш өз дәрежесінде орын алған болса, онда ол отбасының тәрбиелік күш
қуаты туралы айтуға болады. Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын
анықтауда арнайы сауалнамалар қолданылады.
3. Мектептің психологиялық – педагогикалық астарлары
Оқытудың тиімді және үйлесімді болуы оқушының танымдық дамуының
табиғи логикасын ескергенде ғана мүмкін болмақ. Егер оқытуды мәдениет пен
қоғамның жеке адаммен жан-жақты байланысының ұдайы процесі ретінде алар
болсақ, онда осы байланыстың негізгі жүйелері осы арқылы өтеді.
Психологияда мынадай негізгі танымдық процестер бөле-жара айтылады:
түйсіну, қабылдау, зейін, ес, ойлау және сөйлеу, қиял. Үйлесімді өзара іс-
әрекет және оқыту кезінде осы процестердің барлығын қалыптастыру тұлғаның
тұтастай дамуына жағдай жасайды.
Біздің болашақ түлектеріміз еңбек ететін жеке тұлғаны дамытуға
бағытталған мектеп оқушыға ғылым негіздерін үйретіп ғана қоймай, әр
оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуді басты
мақсат етіп қояды.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға білім беру мен жалпы мақсатқа
жетуді іске асыру бірқатар психологиялық-педагогикалық шарттарды сақтауды
қажет етеді:
- үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекетінің жеке тұлғаға
бағдарлануы;
- әрбір балаға іс-әрекет түрін, әріптес, құрал-жабдық, т.с.с
таңдау мүмкіндігін беру;
- бала табыстылығына қатысты көрсеткіштері педагогикалық бағалауға
бағыт ұстау баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі
табыстарымен салыстыру;
- баланың эмоциялық-құндылық, әлеуметтік жекебастық , танымдық,
эстетикалық тұрғыдан дамуын және оның даралығын сақтауға ықпал
ететін білім алу ортасын құру;
- бала дамуының аса маңызды факторлары ретінде жетекші іс-
әрекетті қалыптастыру;
- зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттің, белсенділіктің,
бірлескен және дербес, қозғалғыш және тұрақты нысандарының
теңгерімділігі.
4. Баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығы
Бастауыш мектеп жасы - баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан
әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы
балалардың маңызды ерекшеліктері - олардың айналадағы өміріне: адамдарға,
оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.
Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге
құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты
бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл
бөлуі керек.
Бұл кезде баланың өзін-өзі белсенді көрсетуі және оның барлық рухани
және дене күшінің дамуы қатар жүреді. Баланың осындай барлық ерекшеліктері
қолайлы факторлардың әсерімен, дұрыс та мақсатты педагогикалық ықпалдың
көмегімен туындайды және дамиды. Баланың табиғи мүмкіндіктерін ескертудің
арқасында ған осы жасқа лайықты оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс
анықтауға, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге болады.
Мұнда ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оқу іс-әрекетіне деген рухани ерік-
жігерлі дайындық, ұжымға араласу, үлкеннің талаптарын орындау, мінез- құлық
нормаларын меңгеру факторлары да негізгі рөл атқарады. Осының бәрі тұлғаның
әлеуметтік белсенділігін білдіреді.
Сонымен, қазіргі қоғамның дамуы өмірге жан-жақты дайындалған,
шығармашылықпен ойлайтын, интелектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай,
жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу қажеттілігін алға тартып отыр.
4 жылдық бастауыш, 9 жылдық негізгі және 2 жылдық жалпы орта білімді
қамтитын құрылым тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Мектептің тұжырымдамасында жалпы білім берудің басты мақсаты
белгіленген, ол - әлемдік білім стандарттарына сәйкес келетін білім берудің
жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім
алуға, өзін іс-жүзінде көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім
беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра
білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Ата ана мен бала қарым - қатынасы
Қазіргі дәуірде жас ұрпақты тәрбиелеудің мақсаты - жанұя мен
мектептің, мұғалім мен ата-ананың алдына қойылған міндеттерді жаңа талаптар
негізінде іске асыру.
Кеңес психологиясында баланың дамуы қоғамдық тарихи тәжірибені меңгеру
формасында өтеді деп қарастырылады. Баланың психикалық дамуының басты шарты
ересектермен қарым-қатынасы болып табылады.
Л.С.Выготский кішкене балаларды жақын ересектерге бағдарланған
максималды әлеуметтік тіршілік иелері деп атайды. Оның ойынша бала үшін
ересек адам барлық жағдайдың психологиялық орталығы. Кішкентай баланың
ересектермен қарым-қатынасқа деген қажеттілігі оның ары қарайғы
психикалық дамуының негізін және қозғаушы күшін құрастырады.
Баланың әлеуметтену процесінде жанұя бірінші және негізгі әлеуметтік
институт болып табылады. Жанұя ішіндегі қарым-қатынастар басқа қоғамдық
қарым-қатынаспен салыстырғанда баланың рухани дамуындағы потенциалды
қамтамасыз ететін ерекшеліктерге ие:
1. Баланың қарым-қатынысқа деген негізгі қажеттілігі жанұя мүшелерінің
тікелей байланыстары арқылы қанағаттанып отырады.
2. Жанұядағы қарым-қатынас некелік және туыстық қатынасқа негізделеді,
жұбайлық және ата-аналық махаббатқа сүйенетін терең тұлғалық
қатынастарды тудырады. Бұл ерекшеліктер балаларда жоғарғы
адамгершілік қасиеттерді жағымды өзіндік сезімді, дүниеге деген
көзқарасты және өзіне деген сенімділікті қалыптастырады. Жақындық
сенім және ынтымақтастық атмосферадағы қарым-қатынас бала
психологиясына жақсы әсер етеді және баланың эмоциялық сезінулердің
алғашқы мектебі болып табылады.
3. Жанұядағы қатынас бала тұлғасының қалыптасуына әсер етеді. Нәрестелік
және мектепке дейінгі кезде ата-ана және жанұяның басқа мүшелеріне
деген қарым-қатынас балаға әлеуметтік ортаның әсер ететін негізгі
каналы болып табылады. Мектепке дейінгі кездегі бала тұлғасының
қалыптасуындағы ата-ана мен қарым-қатынастың негізгі ролі баланың ата-
аналық махаббатқа, оның көңіліне және қорғанысына деген қажеттілігінен
көрінеді.
Жүргізілген зерттеулер бойынша жанұялық тәрбиенің негізгі факторы – жанұя
мүшелерінің өзара қарым-қатынасы екені анықталған. Жанұялық өмірде өзара
сыйластықтың, түсініктің, келісімнің көмектесудің болуы ата-ананың балаға
дұрыс талап қоя білуі, балада жоғары адамгершілік қасиеттерді және дұрыс
жүріс-тұрысты қалыптастыруға алып келеді.
Е. А. Аркин және И. З. Баернюнас ата-аналардың жіберетін кейбір
қателіктерін атап кетеді.
1. Ерте жастан бастап саналы түрде тәрбиелік әсердің болмауы, тәрбиенің
дұрыс ұйымдастырылмауы.
2. Ерте жастан бастап балаға еркіндікті беруі, бұл еркіндікке баланың әлі
даяр емес екендігін ескермеу.
3. Ата-ананың тәрбиелеу кезінде өте қатал болуы немесе тым аса күш
жұмсауы, үнемі шектен тыс қадағалап отыру.
4. Баланың тәрбиелеудегі ата-ананың өзара келісімге келе алмауы.
Ересектермен қарым-қатынас кезінде бала жүріс-тұрыс моделі мен
психикалық тұрпатын, тұлғалық қасиетін анықтайтын адамдармен қарым-қатынас
стилін игереді. А.А. Холева және З.М. Боголовская жүргізген зерттеулер
нәтижесі мектепке дейінгі жастағы баланың қарым-қатынасының жанұялық қарым-
қатынас типтеріне тәуелді болатынын көрсетеді. Егер жанұя мүшелерінің
арасында жылы, мейрімді, бауырмал қарым-қатынас болса ата-аналар арасында
бала тәрбиесі жөнінде өзара келісім болса, ата-ана баланы бірлескен
әрекетке шақырса баланың ақыл-ойы жақсы дамиды және еңбекқор, әлеуметтік
белсенді және басқа ересектермен де өз құрдастарымен де жақын әрі жылы
қарым-қатынасқа түсе алады. Мазмұнды қарым-қатынастың шектеулі ата-анасы
тым шектен тыс қадағаланған және суық қатынаста болған балаларда кездеседі.
Бұл кезде балада оқшаулану, сенімсіздік, ересектерге деген негативизм және
тұйықтылық байқалады.
Ата-ана баламен теңі ретінде, сыйласуға тұрарлықтай адам ретінде
қатынаста болу керек. Жазалауға тұрарлықтай теріс қылық жасағанның өзінде
де баланың өз көзқарасында болуына құқығы бар, баламен қатынаста өзіндікі
дұрыс деп ойлағанның өзінде де өзіңе баланың көзқарасымен қарауға тырысу
керек. Психологиялық зерттеулермен психолог-практиктердің, әдебиеттеріндегі
мәліметтерге қарағанда, ата-анаға келер қиындық балаға дұрыс талап қоя
алмауында, соның ішінде қарапайым қатенің бірі – баланың жас ерекшелігіне
қарай психологиялық өзгерісімен есептеспеуі. Мұның өзі балада әр түрлі
жағымсыз формалардың болуына жағдай жасайды.
Психологияда бала тәрбиесіндегі ең үлкен жаза - ата-ананың оған
немқұрайлы, суық қарауы.
Американың белгілі қоғам қайраткері, балалар дәрігері Т.Скок: баланың
тәртіптілігінің негізі - ата-анаға деген махаббаты , - дейді.
Егер ата-ана баланы ұрып-соғатын болса, олардың арасында жақсы
қатынас, сүйіспеншілік, түсінушілік, құрметтеу болмайды. Соғу, ұру арқалы
әр уақытта да өзінің тілегі орындала берсе, тәрбиені мақсатына жетті деу
қате. Жазалаушылық баланың ата-анаға деген сезімін кетірумен қатар, бір-
бірімен қарым-қатынасына да зиян келтіреді.
Венгрия психологтары Й. Раншбург пен П. Попер Секреты личности
деген кітаптарында Баланы жазалау, ұру ата-ана махаббатына, үлкен зиян
келтіреді, дегенмен де оның нәтижесі де болуы мүмкін, егер де ең басты екі
мәселені ескерсе: бала қандай болса да іс-әрекетті жасау барысында, ата-
ананы сүю барысында, жазалау тек бүкіл жеке басына емес, істеген ісіне ғана
екенін түсінер болса , - дейді.
Тәрбиедегі қарапайым қателердің бірі - ата-аналардың баланың әр түрлі
темпераменттік іс-әрекетіне шыдамсыздықпен қарауы. Көп жағдайларда ата-
аналар баласының жалқаулығы мен жат қимыл-әрекеттері жөнінде шағым жасайды.
Мұндай шағымдар негізінен анасының динамикалық күш пен жүйке жүйелерінің
қабылдауынан, егер де, әкесінің флегматик, жалқаулық темпераменті арқылы
тұқым қуаласа, ал анасының әр уақытта да жүйесіне әсер етуі мүмкін.
Көптеген ата-аналарда тәрбиені толық береміз деген қателесушілік
кездеседі немесе бала табиғатынан, жаратылысынан солай болады деп
қараушылық бар. Бала туғанынан жалқау, ашушаң, ренжігіш, тілазар дейді. Бір
отбасының балалары да әр түрлі болады. Бір бала еңбекқор, салмақты,
екіншісі алаңдағыш, кітап оқуға, сабаққа құлықсыз, қалжыңбас, қайырымды,
ал екіншісі тек өзін ғана ойлайды.
Х. Штелоц: Егер ата-ана басқа баламен баласының достық қатынасын
қажет етпесе, ол өзін байсалды ұстауға тиіс, егер де бұл достықты пайдалы
деп санаса, оны барлық жағынан қолдауға тиіс,- дейді.
Ата-ана баланың тәрбиесіне тең дәрежеде қарау керек, тіпті бір бала
анасына, екіншісі әкесіне бейім болған жағдайда да. Анасы мен әкесі әр
уақытта да баланың отбасынан тыс та дос табуын нұсқап, басшылық жасап
отыруы тиіс. Сонда ғана бала толық бақытты бола алады.
Ата-ананың көңіл күйі балаға үлкен әсер етеді. Себебі бұл баланың
дербес еркін адам болып өсуіне, өзін өмірге дұрыс бейімдеуіне ата-ана мен
бала арасындағы достық қатынастың қалыптасуына кесерін тигізеді. Сондықтан
бала өз дербестігі үшін күресуге әрекеттенеді де, көптеген ұрыс-керістің,
күйзелістің себепкері болады. Егер балаға ата-ана тарапынан еркіндік
берілмесе, айналасындағы адамдармен қатынас жасаудың қиыншылығына тап
болған ол басқалар тарапынан үнемі көмек іздеуге мәжбүр болады.
Жанұяда бала ата-ананың махаббаты, ыстық алақанымен қамтамасыз етілсе,
үлкендермен арадағы тығыз байланыс оған адамдық қалыптасу жолындағы
көргені мен естігенін көңілге түйе отырып, жан-жақты қалыптасуына мүмкіндік
береді.
Баланы тәрбиелеу мен оны мүмкіндігін ұштастыру бір-бірінен бөлінбейтін
қағидалар. Ақылды ойластырылған дұрыс тәрбиесіз, дұрыс дамушылық болмақ
емес. Баланы қандай адам ретінде көргісі келетін ата-аналар мен педагогтар
тәрбиелеу мен оның қабілетін дұрыс ұштастыра алғанда ғана өз дегеніне жете
алады. Бірақ баланың ішкі жан-дүниесімен, мүмкіндігімен санаспай, тек өзім
қалаған адам жасаймын деп оны жанды қуыршаққа айналдырмау керектігін
ұмытпаған жөн.
Бұған мысал іздеу қиынға соқпайды. Ата-аналар да тәрбиешілер де,
сөгіс, жазалау не мақтау сияқты біржақты талаптардың әр жанұядағы әр балаға
әр мезгілде әр түрлі, тіпті кейде керсінше қорытынды беретінін жақсы
білеміз. Кей ата-аналар өз балаларының алдына қойған мақсаттарына жету үшін
қажетті жағдайлар жасауға дәрменсіз, мүмкіндігі жоқ, сондықтан балалардың
өздері әрекет етуге тырысады. Әкесі дәрігер болуды армандаған еді, бірақ
дәрігер болудың сәті түспеді, енді баласының дәрігер болғанын қалайды, ал
анасы күйсандықта ойнауды игеруді ойлаған еді, оның да сәті келмеді, енді
келіп баласының музыкалық аспаптарға ойнауға, үйренуді мақсат етіп қояды.
Әрине бұл ата-ананың "таңғаларлық" әрекеті, не өзімшілдіктің көрінісі.
Бала өз алдына жеке жаратылыс екенін естен шығарады, онымен есептеспейді,
баланың қабілеті, қызығушылығы тіпті ескерілмейді, есептейді. Баланың
ойлауы, өмірге көзқарасы, талғамы тіпті ата-анадан басқаша болуы мүмкін
ғой.
Міне осындай жағдайда бала амалсыздан ата-ананың көңілін табу үшін,
ата-анаға ұнау үшін, өмірлік таңдауда жалған, өз ырқынан тыс бағытқа
икемделіп, бейімделеді.
Мұғалімнің ата-аналармен қарым-қатынас стилі
Бастауыш сынып мұғалімі мен ата-аналар төменгі сынып оқушыларының негізгі
тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан да педагог жүргізетін тәрбие
жұмысының нәтижелілігі оның ата-аналармен жұмыс істей білуіне, олармен
ортақ тіл тауып, олардың көмегі мен қолдауына сүйене білуіне байланысты.
Мұғалімнің ата-аналармен жұмысының формалары мен әдіс-тәсілдері әр
түрлі. Оған ата-аналардың жалпы жиналысын өткізу де, ата-аналармен топтап
және жеке-жеке өткізетін әңгімелер де, оларды балалармен жұмысқа тікелей
қатыстыруда, ата-аналар арасында педагогикалық білімдерді тарату да жатады.
Бірақ формалар мен әдістердің әр түрлілігі жұмыстың табысты болуын
қамтамасыз ете бермейтінін мұғалім жақсы түсінуге тиіс. Тәрбие қасиетінің
мазмұны мен әдістерімен бірге қарым-қатынас стилі де шешуші рольге ие
болады.
Мұғалім мен ата-аналардың қарым-қатынасында бастауыш рольді педагог
атқарады, өткені тәрбие жұмысы - оның негізгі мамандығы.
Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына,
оқудағы табыстары мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне көзқарастарына, тағы
басқаларға баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісу
жайлы оның дұрыс және бұрыс бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде
педагог үнемі мына жайды есте ұстаған жөн: әр жолы баланың жеке басына
емес, оның нақты қылығына баға беру керек. Екіншіден мұғалім балаға теріс
баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-анаға да баға береді. Оның үстіне
ата-анаға да әрі әке-шешеге, әрі тәрбиеші ретінде баға береді. Мұғалімнің
балаға және ата-аналардың тәрбиелік ықпалына дұрыс талап қойып, дұрыс баға
беру педагогикалық тұрғыдан мақсатты, әділетті формада болуы тиіс, сонда
ғана педагог пен ата-аналардың арасында дұрыс қарым-қатынасқа қол жететін
болады.
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас орнату үшін мұғалім мен ата-
ана тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін бірдей дәрежеде түсінуі,
балалардың дамуына бірдей көзқараста болуы, әр баланың дамуының
қиындықтарын көре білуі қажет. Өкінішке орай, ата-аналар жиналысында немесе
оқушының әкесімен не шешесімен қысқа әңгіме кезінде мұғалімнің балаға
наразылығын, оның теріс қылықтарын асығып-аптығып айтып салып жатқанын
байқауға болады.
Мұғалімнің оқушы тағдырына мүдделігі, ізгі қарым-қатынас, ата-аналарды
одақтас етуге деген ынта ғана өзара тіл табысуға көмектеседі. Мұғалім ата-
аналарға балаларының жақсы жақтарын көбірек айтуға тиіс. Ата-аналармен
жұмысқа бұлай қарау мұғалімнің олармен дұрыс байланыста болуына, тәрбиелік
ықпалдарының бағытын белгілеуге көмектеседі.
Мұғалім үзілді-кесілді сөйлемейді, баланы тәрбиелеу жолында бірлесіп
жұмыс істеу жайында ақыл-кеңес береді, өзара келіседі. Ата-аналар оқушының
оқудағы, тәртібіндегі немесе жолдастармен қарым-қатынасындағы жақсылық
атаулының бәрін де біліп отыруға тиіс. Сонда ғана ата-ана бірлесіп жұмыс
істеу жақсы нәтиже береді деген сенімде болады.
Педагогтың ата-анамен қарым-қатынасының стилі дегеніміз - балаға
тәрбиелік ықпал жасаудың белгілі бір принциптеріне негізделген жұмыс
әдістері мен құралдарының тұрақты жүйесі. Педагог та, ата-ана да әрбір
оқушыға оның бойындағы одан әрі дамытуға болатын жақсы жақтарына деген
оптимистік сеніммен қарауға тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу
мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзіне өзінің сенуі оқушыны тәрбие
субъектісіне айналдырады.
Педагог пен ата-ана қарым-қатынасының адамгершілік стилінің негізгі
белгісі бір-біріне деген терең сенім және шыншылдық болса керек. Ата-ана
өзінің мұғалімге айтқан дүдәмалы, қорқынышы немесе баланың мінез-құлқы мен
бейімділігіне берген бағасы өзінің ұлы мен қызына зияндық жасамайтынына
сенімді болуға тиіс. Мұғалім де, ата-ана да өздеріне балалар сеніп айтқан
құпияны жария етпеуге міндетті. Алайда, мұны баланың білмеуі шарт. Көп
ретте баланың өзі айтқан құпиясының жария болғанын біліп қоюы мұғалім мен
ата-ананың, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының бұзылуына әкеп
соғады.
Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы басқа қарым-қатынастарға да әсер
етеді. Егер де мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы сәтті болмаса,
өкінішке орай, мұғалім кейде баланы да жек көреді. Бұл - педагогикалық
тұрғыдан аса үлкен кемшілік және мұндай жағдайда балаларды тәрбиелеуде
жақсы нәтижеге қол жеткізетініне сенуге болмайды. Немесе мұғалім мен оқушы
белгілі бір мерзім ішінде өзара тіл табыса алмады дейік. Ата-ана кейде
өзара түсінбеушіліктің байыбына барып жатпастан, баланың жағына да шығады
да, бәріне мұғалімді кінәлайды, сөйтіп өзара қарым-қатынастарын бұзып
алады.
Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе
педагогикалық нормалар мен мәндерді сақтауға, балалардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz