Жәңгір ханның саяси ұстанымы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І XIX ҒАСЫРДЫҢ 1 ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КІШІ ЖҮЗ . . .
1. 1 Бөкей хандығының құрылуының алғышарттары . . .
1. 2 Бөкейдің билікке келуі . . .
ІІ БӨКЕЙ ОРДАСЫ ЖӘНЕ ЖӘҢГІР ХАН . . .
2. 1 Жәңгір ханның билікке келуі және оның реформаторлық
қызметі . . .
2. 2 Жәңгір хан тұсындағы хандықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы . . .
2. 3 Жәңгір ханның саяси ұстанымы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Өткен мен бүгінгінің арасында терең тағылымды төл тарихымыз күннен күнге толыға түсуде. Әсірісе отанымыздың бұрын көлеңкеде ысырылып қалған, елдігімізді айқындайтын, қоғамдық пікірді толыққанды қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп. Қазақ жұртының еркіндігі мен азаттығы үшін алысып, қазақ елінің тарихын толықтырып, есімі аңызға айналған тұлғалардың ғажайып ерлігін барша қауымға жария етуде олқылықтарымыз жеткілікті. Қазіргі кезде қоғамның дамуын, елдің әкономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы артты. Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерге жаңа көзқараспен қарауға кез келді. Әсіресе, Патшалық Ресейдің саяси мемелекеттілік басқару мекемелері жүйесінің орнауы қазақ жерін бағындырып, ғасырлар бойы қалыптасып келген қазақ халқын мемелекетігінен айырды. Осындай қиын қыстау заманында халқына пана бола білген, есімі ел жадында сақталған тұлғалардың қатарында Бөкейдің ұлы Жәңгір ханды да атап айтуымызға болады.
XVIII ғасырдың ортасынан қазақ тарихында отаршылдықтың дәуірі басталды. Қуатты екі елмен іргелес жатқан халық бұл жолға соқпай өтуі мүмкін де емес еді. Қытай мен Ресейдің ең алдымен қазақ жерін өздерін сырт жаудан қолдамайтын аралық аймақ деп қараса, келе-келе тойымсыз Ресейдің өзгенікін иемденгісі келіп тұратын империялық пиғылы басым түсті.
Патша өкіметінің отарлау саясатының негізгі мақсаты қазақ даласын түпкілікті билеу еді. Осы ойын жүзеге асыру үшін бірнеше реформа жасап әуелі елдік ұйытқымызды жойып, әтникалық бірлігімізден, содан кейін ұлысымызды бөлшектеп, жеке- жеке губернияға бөліп жер тұтастығымыздан айырды. Ресей бұл ойын асықпай, өте сақ жүргізіледі.
1801 жылы Кіші жүздің рулары Бөкей сұлтанның басшылығымен Жайық өзенінің оң жағасына өтуге арнаулы рұқсат алғаннан соң, екі өзен Жайық және Еділ аралығында Ішкі ордада Бөкей хандығы құрылды. 1812 жылы Ішкі орда ханы болып Бөкей тағайындалады. Бөкей хандығы 1812 жылдан 1845 жылға дейін Ресейдің қарамағындағы монархиялық мемлекет болды. 1815 жылы мамырдың 21 күні Бөкей ханы өлді. Оның баласы тым жас болғандықтан басшылықты оның інісі Шығай Нұралыұлы хан атанған. 1824 жылы Жәңгір ержеткеннен кейін Орынбор шекара әкімшілігінің қолдануымен Бөкей ордасының ханы болады. Жәңгір хан Бөкей ордасында көптеген әлеуметтік-экономикалық шаралар жүргізіп, Ресей мен Бөкей хандығы арасындағы қатынасты дамытады. Жәңгір қазақ балаларының білім алуына көп көңіл бөлген адам. Хан даласының жері әкономикалық еркін аудан болғанын білеміз. Сондықтан Жәңгір хан жүргізіп отырған саясаты Астрахань және Орынбор Шекара комиссияларының әкімшілігі сырттай ғана бақылап, ханға толық билік берген.
Патша үкіметінің Кіші жүзде жүргізген саясаты, әсіресе, Жәңгір ханның саяси тұлғасына қатысты пікрлер қазіргі күннің талабына сай, ұлттық мүдде тұрғысынан жан - жақты зерттеу маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Осы айтылғандар ғылыми жұмысымның өзектілігін айқындай түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бөкей хандығының пайда болу тарихы, дамуы, жалпы Жәңгір ханның қызыметі көптеген тарихшыларды қызықтырады. Бұл тақырыпқа байланысты алғашқы басылымдар XIX ғасырдың 20-30 жылдарында пайда болды. Оларға Қазан университетінің профессоры К. Ф. Фукустың Және Дерпт университетінің профессоры К. Гебельдің публицистикалық очерктерін, атақты тарихшы А. И. Левшиннің «Геродот казахского народа» атты үш томдық монографиялық еңбегін, И. Казанцевтің мақалаларын мысалға келтірсек, қателеспейміз //. Бұл басылымдарда Ішкі Орда жайлы айқын және жеке көзқарастарын біле отырып, елдің табиғаты, тұрғындары, қызықты этнографиялық деректер және биографиялық мәліметтер ала аламыз.
XIX ғасырдың 40-50 жж. жазылған және басылып шыққан жұмыстарға М. Я. Киттар, ағайынды Я. В. Ханыков пен Н. В. Ханыков, Н. Троицкий, Ф. А. Бюлер, А. Терещенко, П. И. Небольсиндердің зерттеулерін атап өтуге болады. Бұл авторлардың зерттеулерінің ғылыми-танымдық байлығы мынада: Ішкі орда тарихына байланысты жан-жақты мәліметтер, тұрғындарының тайпалық құрылымы, көшпелі мал шаруашылығының ұйымдасуы, қазақтардың орыс көпестерімен сауда байланыстарының дамуы, қазақ қоғамының ішкі саяси құрылысы, тұрғындардың мәдени өмірі, т. б. мағлұматтар берумен бірге, Бөкей және онің ұлы Жәңгір хан туралы да міліметтерінің маңызы зор.
Ішкі Орда жайлы тарихи - этнографиялық жұмыстар ішінде XIX ғ. 60-70жж. басылған, қазақ қоғамының мал шаруашылығы және экономикалық құрылымына баса назар аударған П. И. Медведскийдің зерттеулерін, Бөкей ордасының ішкі саяси жағдайын зерттеген Орынбор шенеунігі және Қазақстан зерттеушісі М. И. Иваниннің мақалаларын, сонымен қатар 1862 ж. Орыс Географиялық қоғамының күміс медальінің иегері атанған, дарынды қазақ зерттеушісі М. С. Бабажановтың арнайы мақалаларын да айтуға болады.
Кеңес дәуірінің бірінші онжылдығына шыққан ірі басылымдар М. П. Вяткиннің «Очерки по истории Казахской ССР», Исатай мен Махамбет бастаған Бөкей немесе Ішкі Ордадағы азаттық күрес тарихын зерттеген кеңес тарихшылары В. Ф. Шахматовтың «Ішкі орда және Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі», А. Рязановтың «40 лет борьбы» деп аталатын зерттеу еңбектерінде берген /3/. Әрине, Ішкі Орда туралы ғылымда көптеген очерктер мен монографиялардан басқа 1947 ж. Қазақ зерттеушісі Б. Аспандияров Алматыда «Образование Букеевской орды и ее ликвидация» тақырыбында кандидаттық диссертация да қорғады. Мұнда автор Қазақ ССР Орталық мемлекеттік мұрағатының (ол кезде ЦГИА КазССР) көптеген құжаттық мәліметтерін негізге ала отырып, Бөкей хандығының пайда болу себептерін, оның XIX ғ. I жартысындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын, патшалық отарлау саясатының кейбір аспектілерін айқын көрсеткен.
XX ғ. 50-80 жж. Бөкей ордасы тарихы жайлы 1964 ж. Алматыда «Казахско-руские отношения в XVIII-XIXвв. » құжатты жинақта 33 құжат басылды. Аталған кезеңде ең ірі зерттеулердің бірі атақты қазақ ғалымы С. З. Зимановтың монографиясы болды. Ол Бөкей ордасының құрылу үрдісін зерттеумен бірге, төменгі Жайық және Орал өзендерінің арасындағы қазақтардың рухани және материалдық мәденитін зерттеуге ерекше мән берген.
Тәуелсіздігіміздің көк туы желбіреген тұста мәселеге мән берушілердің алдыңғы қатарында зертттеуші А. Б. Бердіғожин тұрды. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихнамалық тұрғыдан зерттелп, кандидаттық диссертациясын қорғады /6/. Зерттеуші көтерілістің кеңестік кезеңде таптық тұрғыдан қарастырылып, феодализиге қарсы шаруалар күресі ретінде бағаланып, ұлт-азаттық сипатының бұрмаланғандығын атап өтеді. Сондай-ақ автор мәселенің зерттелу кезеңдерін қазан төкерісіне дейінгі зерттелуі мен кеңестік тарихнамада зерттелуін бөліп көрсетеді және Жәңгір ханның саяси тұлғасына жаңаша бағам беруге тырысады. Сол сияқты жалпы Бөкей хандығы оның ішінде Жәңгір ханның саяси портреті мен қызыметі өзіндік баға беріп, жаңаша тұжырым жасаушы академик М. Қ. Қозыбаевты атауымызға болады. Автор Жәңгір хан турасында мол мәліметтерді жариялай отырып, оның тарихта алатын орынын айқындап береді. Ал қазіргі кезде бұл мәселелерді толыққанды зерттеушіле қатарына Ж. Ормах, Т. Рысбеков, Ғ. Қарабалин, Боранғалиұлы, К. Бәкімова, т. б. ғылыми - зерттеушілерді атауымызға болады.
Аталған зерттеушілердің еңбектері тарихшыларды күні бүгінге дейін белгісіз мәліметтермен қамтамасыз етіп, олардың Отанымыздың тарихын терең танып - білуіне көп көмегін тигізуде.
Зерттеу нысаны - Ішкі Бөкей ордасы, оның ішіндегі Жәңгір ханның саяси тұлғасы мен тарихтағы орнын анықтау болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Аталған зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, Кіші Жүздің тарихымен танысу және Жәңгір ханды саяси тұлға екендігін нақтылау жұмысымыздың басты мақсаты болып отыр. Аталған мақсатымызға сәйкес тақырыптың мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер тобы қойылып отыр:
- Кіші Жүздегі саяси жағдай және Бөкей хандығының құрылуының алғышарттарына тоқталу;
- Бөкейдің билікке келуінің мәнін ашу;
- Жәңгір ханның билікке келуі және оның реформаторлық қызметіне тоқталу;
- Жәңгір хан тұсындағы хандықтың әлеуметтік-әкономикалық жағдайын анықтау;
- Жәңгір ханның саяси ұстанымымдарын нақтылай отырып, өзіндік қорытынды жасау.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Бөкей Ордасының құрылу тұсынан бастап Жәңгір ханның өмірден өткен тұсына дейінгі тарихи уақыт аралығын қамтиды.
Диплом жұмысының деректік негізі. Зерттеліп отырған тақырыптың деректік негізі - оның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, мұрағаттық құжаттар, мемуарлық әдебиет және басылымдарда жарияланған деректер болып табылады. ΧVІІІ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың зерттелу мәселелеріне байланысты жарық көрген деректер мен материалдар жинақтарында зерттеу жұмысымызға қатысты мәліметтер алуға болады. Олардың бірінші тобын ΧVІІІ- ХІХ ғасырдағы қазақтар тарихы жөнінде жарияланған деректер құрайды. Ал деректемелердің екінше тобын ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне қатысты мәліметтер құрайды. Олардың ішінен «ΧVІІІ-ΧІΧ ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастары» /7/ деп аталтын құжаттар жинағын атап өтуге болады. Деректемелердің үшінші тобын Қазақстанның ресейга бодан болу үрдісімен тікелей байланысты патша үкіметінің заң актілері, қазақ даласында болып кеткен ресми және лауазымда дамдардың хабарламалары, ақсақалдар, билер жазған құжаттар құрайды /8/.
Осы құжаттарды жинау, жариялау істері де кеңестік кезеңде қолға алынды. Мәселен 1930 жылы кеңестік тарих ғылымында патшалық Ресейдің ұлттық шет аймақтардаға азаттық қозғалыстарының тарихы мұрағат материалдары бойынша іздестіріліп, жариялана бастады.
Бұл құжаттар негізінен қазақ халқының азаттық қозғалыстарының тарихымен қатар, зерттеп отырға мәселемізге қатысты да деректер тобын берумен құнды болып табылады.
Диплом жұмысының қолданбалық мағызы Жұмыста Бөкей хандығының құрылу мәселелері және Бөкей мен Жәңгір ханның саяси - құқықтық көзқарастарының дамуы мен реформаторлық қызметтерінде жүзеге асуы қарастырылған. Осыған байланысты жаңа деректер мен фактілер келтіріліп, олардың маңызы ашық көрсетіледі. Сол себепті бұл жұмысты Қазақстан тарихы сабағынан дәрістік курс ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының сыннан өтуі. Диплом жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұтттық университетінің Тарих, археология және эхтнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалы.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І XIX ҒАСЫРДЫҢ 1 ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КІШІ ЖҮЗ
- Бөкей хандығының құрылуының алғышарттары
XIX ғасырдың I жартысында Ресей экономикасының жаңа капиталистік жолға түсуі, өнеркәсібімен саудасының өрлеуі жаңа өнім өткізетін рынокқа және шикізат көзі болып табылатын аймақтарға қажеттілікті туғызды. Бұл мәселені патша үкіметі Қазақстан мен Шығыс елдерін отарлау арқылы шешпек болды. Ресей үшін қазақ елін өз отарына айналдырудағы басты мақсат елдің табиғи байлықтарын, арзан жұмыс күшін, арзан шикізатты қажетіне пайдалану, неғұрлым мол пайда табу көзіне айналды.
Ішкі Орданың құрылу себептерін тарихшыларымыз әр түрлі түсіндіреді, демек ортақ пікір жоқ. Революцияға (қазан) дейін де, кейін де Ішкі Орданың тарихын зерттеген тарихшылардың басым көпшілігі оның құрылуын Бөкей ханның жеке басымен, хандық билікке келуі үшін жасалған әрекеттерімен және Кіші жүздің ішінде болып жатқан өзара қырқыстармен, көтерілістермен байланыстырады. Кіші жүз қазақгарының азаттық қозғалысының тарихы туралы арнаулы зерттеудің авторы А. Рязанов Ішкі орданың пайда болуы жетіру және байұлы ру бірлестіктерінің өзара тартысының нәтижесі болды деп есептеді. «Байұлы ұрпағы қазақтарының біразы, - деп жазды ол, - жетірулықтардан қысым коргеннен кейін Бөкей сұлтан бастап «ішкі» жаққа көшіп кетті. Сөйтіп осында Ішкі немесе Бөкей ордасын құрды». Алайда явйінгі уақіггга фактілер бұл болжамды дәлелдемеді. Оралдың оң жағалауына өткен қазақтардың көппгілігі байұлы мен жетіруға жатты, рас, бастапқы кезеңде байұлы басымырақ болды. Қазақстан тарихын зерттеуші М. П. Вяткин Ішкі орданың құрылуына шаруашылықтың құлдырауы, жердің тарлығы қатаң шаруашылық дағдарысы және феодалдану үрдісінің терендеуі, үй ішінде үй тігіп, Ішкі Ордасының құрылуына алып келді деуі тарихи шындық. Оның пікірінше, қазақтардың Оралдың оң жағалауына «мәңгі бодандыққа» өтуі XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында басталған процестің заңды қорытындысы болды, яғни ол көшіп-қонатын жаңа жералу жолындағы ғасырдың жартысына дерлік созылған күреспен байланысты болды.
ХVIII ғасырдың 30-жылдары Кіші жүздің Ресей империясының қол астына өтуі орыстар үшін шығысқа бағытталған отарлық саясатты бастау үшін қолайлы жағдай туғызды. І-Петр патша кезінде алып империяға айналған Ресей, өз жеріне тағы да біршама жерлерді қосып алуға кірісті. Ал, шығыстағы Орта Азия мемлекеттерін отарға айналдыру үшін алдымен қазақ жерінен бастау қажет болды.
Ресейдің отарлық саясатының ерекше күш алған кезеңі, бұл ХVIII ғасырдың соңы еді. Осы кезеңде Кіші жүзде Патша үкіметі мен хандық билікке қарсы халық қозғалысы күшейе түсті, сұлтандар арасында да билікке талас орын алды. Ақыры Кіші жүз халқы екіге бөлініп, бір бөлігі 1801 жылы Жайық өзенін асып, жаңа мекенге қоныс тепті. Бұл орын алған ахуал Ресейдің Кіші жүзде арандату саясатын жүргізіп, екі бөлікке бөліп, әлсірету мақсаты орындалғанын көрсетеді. Өйткені 1799 жылы Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтан Ресей патшасы І Павелге бос жатқан Еділ мен Жайық аралығын мекендеу туралы өтініш білдірген кезде Ресей патшасы ұзақ ойланбастан өз келісімін берген еді. Осыдан, яғни 1801 жылдың 11 наурызынан бастап Бөкей ордасы тарихи сахнаға шықты.
1801 жылы құрылған Бөкей хандығы қазақ тарихына бірнеше жаңа есімдерді алып келді. Оларға Бөкей, Шығай, әлі де болса күні бүгінге дейін зерттеушілердің пікір таласына айналған әйгілі Жәңгір, сонымен қатар ержүрек қолбасшы Исатай, батыр, әрі жырау Махамбет және Жәңгірдің немересі ақын Шәңгерей, күйлері қазақ музакысының алтын қорына енген күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей және Динаның есімдері халқымыздың жадында мәңгілікке сақталып қалды.
Бөкей хандығы құрылғаннан бастап Орынбор губернаторлығына бағынышты болып, бірінен соң бірі алма-кезек губернаторлық қызметке келген орыс шенеуніктерінің қадағалауы мен бұйрықтарын орындаумен өмір сүріп келді. Ресейдің еуропалық бөлігіне жақын орналасқан хандық өз тарихында бірнеше саяси әкімшілік өзгерістерге ұшырап, орыстандыру шаралары ауқымды жүзеге асқан аймаққа айналды. Оған дейін сыртқы істер министрлігінің бақылауында болып келген Бөкей ордасы 1838 жылы ақпан айының 5 күні Мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына ауыстырылды. Өйткені жалпы Орта Азия аумағын отарлауды тереңдетіп, нәтижелі жүргізу үшін Патша үкіметі 1837 жылы осы министрлікті құрған болатын. Осы арқылы жаңа жерлерді өз империясына қосып алу мақсатында түрлі айла шараларды іске асыра бастады.
Мемлекеттік мүлік министрлігі Бөкей хандығын бақылауға алысымен оның алдында жүзеге асырылуға тиісті мынадай міндеттер тұрды: орда жерінде тыныштықты сақтау, Қазақ халқын орыс халқымен жақындастырып, хандықтың басқару жүйесін Ресейдің басқару жүйесімен сәйкестендіру, орда жерін көршілес орыс губернияларына біріктіріп жіберу, т. с. с.
Патша әкімшілігінің Бөкей хандығының ішкі істеріне араласуға қол жеткізу мақсатының орындалуына 1836-1838 жылдары болып өткен шаруалар көтерілісі өз кезегінде қолайлы жағдай туғызды. Орда жерінде тыныштықты сақтап тұру мақсатын алға қойып, хандықты бақылауға алған Мемлекеттік мүлік министрлігі ханға ішкі қиыншылықтарды реттеуге жәрдем беруді желеу етіп, хан және өзге сұлтандардың күмәнін туғызбай хандықтың ішкі саясатына араласып кетті. Дәлірек айтқанда, 1843 жылы Жәңгір ханның кеңсесінің жанында орыс шенеуніктерінен құрылған жаңа орыс кеңсесінің ашылуы және оның басшысы ретінде мемлекеттік мүлік министрлігінің қызметкері С. И. Матвеев тағайындалды.
Матвеев арқылы Орынбор басшылығы хандықтың ахуалы туралы ақпараттармен дер кезінде қамтамасыз етіліп тұрды.
1845 жылдың 11-тамызында Жәңгірдің кенет дүние салуы халықты ауыр қайғыға ұшыратты, бірақ бұл оқиға Патша үкіметінің Бөкей ордасында хандықты біржола жою ниетін жүзеге асыруға өте ыңғайлы жағдай туғызды. Жәңгірдің өлімі туралы деректі Саратовтан арнайы ханға жіберілген дәрігер И. Ф. Троицкийдің медициналық қорытындысынан көре аламыз, онда: «Тамыз айының 10-нан 11-не қараған түні ханның өліміне 19 сағат қалған кезде Торғын өзенінің бойындағы хан ордасына жеттім. Медициналық тексеру барысында оның миына қан құйылып, ауыр халде жатыр» - делінген. (3) Жәңгір хан 11-тамыз күні, кешкі сағат алты жарым шамасында дүниеден өтеді.
Ендігі кезекте мемлекеттік мүлік министрлігі мен Орынбор әкімшілігінің алдында Бөкей ордасын тиімді басқару мәселесі тұрды. Жергілікті билікке орыс шенеунігін қойып, сұлтандар мен халық билігінің наразылығын тудырып алудан қауіптенген патша әкімшілігі өздеріне ыңғайлы, халық арасында беделі мығым қазақ сұлтандарының арасынан біреуін таңдап алуды жөн көрді. Оған басты үміткер ретінде Жәңгірдің жақын бауыры әрі көмекшісі, сондай-ақ бірнеше руды бір мезгілде басқарып, патша әкімшілігіне танылған беделді сұлтан Әділ Бөкейұлын «Ішкі орданы уақытша басқарушысы» ретінде тағайындалды. Ал, оның кеңесшілері болып сұлтандар Шөке Нұралыханұлы мен Меңдікерей Бөкейұлы ұсынылады. Кіші жүздің ханы Нұралының баласы жасы егде тартқан Шөке Нұралыханұлы сұлтандар мен халық алдында беделі жоғары, орданың ішкі жағдайымен жақсы таныс сұлтан болатын. Кейінгісі, Жәңгірдің інісі Меңдікерей шеркес руының басқарушысы және ханның «жақындарының» бірі, беделді сұлтан ретінде патша әкімшілігіне жақсы таныс болды. Осылайша патша үкіметі хан туысқандарынан Бөкей ордасының уақытша әкімшілігін ұйымдастырды, әрі хандықты жою мақсатында жергілікті басқару жөнінде аз уақыт аралығында жаңа жоба әзірлеп, 1846 жылы 21 қаңтарда «Ішкі орданы басқару жөніндегі уақытша кеңесті» құрады. Кеңестің төрағасы ретінде жоғарыда аталған сұлтан әділ Бөкейұлы тағайындалады. Орынбор генерал губернаторы Обручев пен Орынбор шекара комиссиясының басшысы Ладыженскийдің бірігіп даярлаған жобасы бойынша Уақытша кеңестің төрағасымен қатар оған жәрдем, кеңес беріп тұру үшін жергілікті сұлтандардан екі кеңесші және мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан бір кеңесші тағайындалуы қажет болды. Сұлтандар арасынан Шөке Нұралыханұлы мен Меңдікерей Бөкейұлы тағайындалса, орыс шенеуніктерінен өз қызметіне орданың істерімен жіті таныс, Жәңгірдің орыс кеңсесінің төрағасы болған, басқару қызметінде бірнеше жыл тәжірибе жинаған С. И. Матвеев кірісті.
Жаңадан құрылған Уақытша кеңестің басты міндеттері Бөкей ордасы туралы ақпараттарды Орынбор әкімшілігіне жедел жеткізу, халық арасындағы тыныштық жағдайды сақтау, заң бұзушылық әрекеттерді шешу және алдын алу, жыл сайын халықтан жиналатын зекет пен соғым түріндегі салықты жинау және сол туралы мәліметтерді Орынбор басшылығына жеткізу, сондай-ақ империяның отарлық көзқарасындағы істерді бұлжытпай орындау т. с. с. Ресейдің уақытша кеңесті құрудағы негізгі мақсатын анықтай аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz