Мектеп психологі жұмысында қолданатын психологиялық әдістемелер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 бөлім. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мазмұны

  1. Психологиялық қызмет көрстеудің қалыптасу тарихы
  2. Мектеп психологі жұмысының мазмұнын анықтау жолдары

2 бөлім. Мектеп психологі жұмысында қолданатын психологиялық әдістемелер

2. 1. Оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу әдістемелерін пайдалану ерекшеліктері

2. 2. Оқушылардың таным процестерін диагностикалау әдістемелерін пайдалану ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша А Жеткіншектер агрессиясын диагностикалауға арналған әдістеме

Қосымша Ә Ассоциативтік ес көлемін анықтау әдістемесі

Қосымша Б Зейінді бағалау (Мюнстерберг әдістемесі)

К І Р І С П Е

Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.

Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т. б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З. А. Малькова, В. М. Вульфсон, К. Р. Рональдо, Г. Б. Радионов, И. А. Соколова, А. С. Овчинников, И. О. Татур.

Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте, бұрынғы кеңес мектептер тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтағандар М. Р. Битянова, И. В. Дубровина, Л. И. Прихожан, Р. С. Немов, В. Г. Гильбух, Е. И. Рогов, Р. Римский, С. Рмисая т. б. ғалымдар жасады. Олардың еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жұр.

Психолог өз жұмысын бірнеше бағыттарда ұйымдастыруды қажет етеді. Олардың үлгі моделін жасағанда М. Р. Битянованың психодиагоностикалық минимумдар негізінде барлық жұмысты ұйымдастыру ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар И. В. дубровинана мен Л. И. Прихожан жасаған "Положение о школной психологической службе" деген еңбекке сүйене отырып көптеген мәслелердің мән-мағынасын ашып алуға мүмкіндік туады. Осы әдістемелік құралдар орыс тілінде ғана жарық көріп жүр, әлі қазақ тіліне аударылмаған. Сондықтан мектеп психологтары түп нұсқадан бастап барлық әдістемелерді толық өздері анықтап шығуға тура келіп тұр. Тек соңғы кезде С. Х. Бектенғалиева, Н. Қ. Ядгарова "Бала бақшадағы психологиялық қызметті ұйымдастыру", жақында жарық көрген әдістемелік құралдар Л. К. Көмекпаеваның "Психологиялық қызметті ұйымдастыру", Т. Р. Нұрмаханбетова, Ш. Е. Рсмаханбетова "Тәжірибелік психология" кітабы осы оқулықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр.

Метеп психологиялық қызметінің шешілмеген мәселелері көп болғандықтан дипломдық зерттеу тақырыбын: "Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру бағыттары" деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.

Зерттеу пәні: мектеп психологиясының мазмұны.

Зерттеу мақсаты: мектеп психологі жұмысының негізгі бағыттар мен зерттеу әдістерін жүйеге келтіру.

Зерттеу міндеттері:

  • білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;
  • мектеп психологі қызметінің негізін құратын психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;
  • мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көрстеу жолдарын анықтау.

Зерттеу базасы: Қызылорда қаласындағы №47 мектеп - гимназиясы.

Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Айзенг, Стреляу, КОС тестерін пайдалану жолдарын үйрену, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.

Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, нәтижелерін таладау арқылы олардың психологиялық мінездемелері жасалды, дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық жұмыстар ұйымдастырылды.

Екінші кезеңде психологиялық қызметтің пайда болуы мен даму тарихы зерттелініп, орта білім беретін мектептердегі психологиялық қызметінің мазмұны туралы ұсыныстар және психодиагностикалық зерттеу жүргізуге негіз болатын әдістемелер жүйеге келтірілді.

Магистрлік жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І бөлім. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мазмұны

  1. Психологиялық қызмет көрсетудің қалыптасу тарихы

Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жүйесінің ғасырдан астам тарихы бар. ХІХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап жеке тұлға жан дүниесінің ерекшеліктерін зерттеуге, психологиялық қасиеттер көрсеткіштерін анықтап, оларды сандық және сапалық жағынан бағалауға өте көп көңіл бөліне бастады. ХІХ ғасырдың 70-жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге арналған біршама әдістемелер жасалды. Психгологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістемелерді 1870 жылы АҚШ ғалымы Гальтон ұсынысы бойынша тест деп атады. Тестерді жасау және олардың көмегімен жандүние ерекшеліктерін анықтауға қызығушылық өте жоғары болды. Сондықтан психодиагностикалық тестерді жасаудың өзі психология ғылымының бір саласы ретінде кеңінен орын алды.

Психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу әдістері анықталып, жекелік психикалық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізіледі.

Тәжірибелік психологиялық зерттеу негізін құрушылардың айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттер дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. Тәжірибелік психология дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты темпераментке жан-жақты сипаттама берілді. Сеченов, Павлов жүргізген зерттеулер нәтижесінде олар екінші сигналдық жүйенің, нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезді, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.

Жекелік психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия т. б. елдерде ХІХ ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зерттеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т. б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Жекелік психикалық қасиеттерді зерттеу 20 ғасырдың басында бірнеше салада жүргізілді. Дегенмен ең бірінші қызығушылық тудырған мәселелер темперамент ерекшеліктерін анықтау, мінез көрсеткіштеріне сипаттама жасау, интеллектуалдық қабілет школаларын түзу, жеке прцестердің ерекшеліктерін зерттеу т. с. с. болып тармақталды. Бұл зерттеулерді бастапқы кезде психиатрлар психикалық дертке ұшырағандарды емдеу жолдарын анықтау мақсатымен және дені сау адамдардың психикалық ерекшеліктерін бағалау мақсатымен жүргізілгізілді. Психологиялық зерттеулерде математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен - факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперциялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көпөлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен корреляциялық байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқалуын статистикалық жолменен талдауға жол ашылды.

Келесі кезеңде Г. Айзенк және Р. Кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға, барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір - бірімен ұштастырып анықтауға жол ашылды. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905-1907 жылдары Француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т. Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады.

Жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттеп, оны сандық және сапалық жағынан бағалап беруге қызығушылық көп болды және өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-сырын анықтап алуға сұраныс қалыптасты. Соның арқасында батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл зертханаларды Германияда - Вунддт, Францияда - Бине, АҚШ-да - Мюнстерберг, Торндайк т. б. ғалымдар ұйымдастырды. Бұл зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға, кәсіби жарамдылығын анықтап, мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Гальтонның ұсынысы бойынша темт көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Сол кездерде неміс психиатры және психолог Э. Кречмер және АҚШ психологі У. Шелдон өз зерттеулерінің нәтижесінде адам мінездерінің типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлары Э. Фромм, К. Леонгард, А. Е. Личко және басқалар типологиялық зерттеулерді жалғастырып, қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген мінез акцентуациясы туралы ілімнің негізін құрды. Олар мінез типін анықтау негізінде келесі қағидаларды ұсынды: а) адам мінезі онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қалыптасып өмірдің барлық кезеңдерінде тұрақты көрініс береді; б) мінез көрсеткіштерінің топтасуы кездейсоқ мәселе емес. Олар адамдардың бір-бірінен айырмашылығы бар болып ерекше тұлға болуына негіз болатын тұрақты көріністер, сондықтан олар негізінде мінез типологиясын құруға мүмкіндік туады; в) адамдардың басым көпшілігін осы типологияға байланысты бірнеше топқа бөлініп, олардың жекелік ерекшеліктерін сипаттауға болады.

Психологиялық зерттеулерге математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер психологиялық орталықтарда қызмет жасауға шақырылды. Олар биологиялық зерттеулерде мироэлементтердің фотосинтезге тигізетін әсерін анықтауға пайдаланған әдістемелерін психологияда жекелік психикалық қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланыста екендігін дәлелдеуге ыңғайлы етіп өңдеп шығарды. Нәтижесінде Спирмен факторлық талдауды жүргізу жолдарын тауып, ал Фишер дисперсиялық талдау әдістемесін жасап шығарды. Дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болғандықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізіледі.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан-жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеуге арналған Я. Морреноның социометрялық зерттеу әдісі, К. Левиннің өлшеу әдістемелері, Я. Коломинсийдің ұжымының қалыптасу деңгейін бағалау тестері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары, мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шараларын ұйымдастыратын орталықтар ашылады. Тәжірибелік психологияның дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.

Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуда. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық қызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыруды бүгінгі күн талабы деп айтуға болады.

Психологиялық қызметті ұйымдастыруға үлгі болатын модельдер. Мектеп психологиялық қызметінің мақсаты мен міндеттері. Балаға психологиялық көмек көрсету міндеттері мен салалары.

Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихы және мол тәжірибесі бар. Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р. Б. Радионов, И. А. Соколова, З. А. Малькова және т. б. ғалымдар зерттеген. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды.

Өткен ғасырдың басында Францияда А. Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қортындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білу қажет екенін көрсетті.

Олар: 1) өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу; 2) . Таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол қызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу; 3) . әр баланың арманы мен мүмкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау.

Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді.

Көп ұзамай Англияда Цирил Бэрт, АҚШ-та Арнольд Гессель мектеп қабырғасында балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейінен «Гайденс қызметі (гайд - көмек көрсету, жетелеу деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан) деп аталып, қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бір саласы болып: дамып келеді. Ірі мектептерде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп атауға болады. Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз іс-шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр:

  • Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету;
  • мектепке оқу параллельдерін анықтап алуға ықпал жасау;
  • жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдап алуға жәрдем беру;
  • оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.

Осы зерттеулерге байланысты өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап психологиялық қызметке сұраныс туа бастады. Ресейде тәжірибелік психологиялық зерттеулер педалогиялық деп аталады. Бұл салада И. А. Артемьев баланың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін психофизиологиялық зерттеулермен ұштастырып жүргізу қажеттілігі туралы еңбектер жазды.

П. П. Блонский, Л. С. Выготский өз еңбектерінде балалардың жеке даралық ерекшеліктерін зерттеудің ірге тасын құрды. Көптеген батыс елдерде қолданылып жүрген әдістемелерді П. П. Блонский орыс тіліне аударып, оларды пайдалану жолдарын анықтады. Дегенмен өткен ғасырдың 30-шы жылдары жүргізілген зерттеулер өзінің жалғасын таппастан тәжірибелік психологиялық ілімдердің дамуы кеңес мектептерінде қолданылмады. Тек қана өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бұл саладағы қызметке көңіл бөліне бастады. Балтық теңізі жағалауындағы мемлекеттерде, әсіресе Эстонияда, психодиагностикалық зерттеулерді жүргізуге, мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру орталықтарын құруға үлкен мән беріліп, Х. И. Леймтес, Ю. Л. Сэрд бұл қызметтерге ғылыми жетекшілік жасады.

Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.

Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз.

Психологиялық қызметтің мақсаты - бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

  • психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қыйындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету;
  • оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенінше жетелеп, сүйеніш болып жүру;
  • проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
  • оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.

Осы анықталған міндеттерді орындау т. б. өмір барысында туған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологі енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс үстінде.

Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н. Р. Битянова, И. В. Дубровина, А. И. Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып мектеп психологі қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады:

  • психодиагностикалық жұмыс;
  • психопрафилактикалық жұмыс;
  • психологиялық кеңес беру;
  • психокорекция жүргізу;
  • ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру;
  • психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау;
  • әлеуметтік - диспечерлік қызмет көрсету;
  • педагогикалық ұжымға психологиялық қызмет көрсету.

Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.

Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат алуы қажет. Бұл мағлұмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу-тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталды. Психологиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін бұл жұмыстың мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп жұмыс жоспарында көрсету қажет.

Сонымен қатар, қазіргі кезде психологиялық қызметті білім беру жүйесіне ендіру, әр оқушыға, педагогтарға, оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету, дамуында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсету ерекше орын алап отыр. Күн талабына байланысты психологиялық қызмет тек мектеп-гимназиялары емес, барлық мектептерде толық қанды қызмет атқаратын психолог жұмыс қажет. Осы талаптарды толық қанағаттандыру үшін мектеп психологиялық қызметінің мазмұнын анықтау және пайдаланылатын әдістемелерді жүйеге келтіру жұмысын көптеген ғалымдар мен мектеп психологтары жүргізуде.

Психологиялық қызметтерді ұйымдастыруда кездесетін қыйыншылықтар көбінесе қазақ тіліндегі әдістемелік материалдардың тапшылығымен байланысты. Соған қарамастан мектептерде психологиялық қызмет кеңінен тарауда. Әр мектептегі психологтар өздері әдістемелік материалдарды жинақтастырып, соларды пайдалану салаларына байланысты әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтауда. Жинақталған әдістемелік материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне, жекелік даму көрстекіштеріне және балаларда кездесетін проблемаларға байланысты топтастырылған. Сондықтан мектептерде психологиялық зертханалар қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
Мектептегі психолог қызметінің қажеттілігі мен ерекшелігі
Мектеп оқушыларының арасындағы кикілжің мәселелерін талдау
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту әдістемелері
Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері
Психологиялық кеңес жұмыстары
Мектеп ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру проблемалары
Гуманистік отбасы
Отбасы тәрбиесін жетілдіруде психологиялық қызмет көрсетудің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz