Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1- ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ7

1, 1 Мемлекеттік бюджет жүйесі туралы түсінік, бюджет жүйесінің принциптері7

1. 2 Мемлекеттік бюджет құрылымы16

1. 3 Бюджет жобасын қарау және бекiту тәртiбi24

2-ТАРАУ. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РОЛІ30

2. 1 Бюджеттi атқарудағы қазынашылықтың рөлі және қазынашылық атқарудың негізгі принциптері30

2. 2 Бюджеттi қазынашылық атқарудың негізгі процедуралары мен технологиясы36

3-ТАРАУ. БЮДЖЕТТІК ЕСЕП ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ47

3. 1 Бюджеттік есеп және есептілік негіздері. Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау47

3. 2 2008 жылға арналған Атырау облыстық бюджетін талдау54

ҚОРЫТЫНДЫ62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР65

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму және құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа деңгейін анықтайды.

Көп түрлі қаржылық байланыстардың ішінде жеке белгілерімен ерекшеленетін өрістер бар. Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы және обьективтік сипатта болады. Мемлекеттік бюджеттің бөлудің дербес өрісі ретінде болуы қоғамдық өндіріспен анықталады. Қоғамдық өндіріс орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру барлық шаруашылық ауқымда қаражаттардың үздіксіз айналымын ұйымдастыруға қажет. Ерекше бюджет өрісінің болуы мемлекеттің қызметтеріне де байланысты.

Еліміз мемлекеттік басымдылықты салаларды қаржыландыру үшін барлық қоғам көлемінде және әлеуметтік - мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс сипатындағы міндеттерді шешу үшін, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарының орнын жабу үшін орталықтандырылған қаражаттарға мұқтаж. Мемлекеттік бюджеттің болуы обьективтік қажеттілік. Мемлекеттік бюджет құндық бөлудің ерекше бөлімі ретінде қоғамдық міндет - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру қызметін орындайды. Осы қызметінде мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жүреді.

Мемлекеттік бюджет құндық бөлудің ерекше белгісі ретінде ұлттық шаруашылық салалары арасында, экономика секторлары, аумақтары, қоғамдық қызмет өрістері араларында құндық қайта бөлуге арналған.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қаражаттарын білдіреді. Мемлекеттік бюджеттің бөлу қызметі бірнеше кіші қызметтерден тұрады: қайта бөлу, орналастыру, тұрақтандыру.

Мемлекеттік бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы әсер етеді. Бюджет механизмі - бұл мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорлардың қалыптасуы мен пайдаланылуы формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының сандық мөлшерін белгілеу жолымен қаржы ресурстарын бюджеттің қалыптасуы мен орындалуы процесінде қайта бөлу негізінде жүзеге асады.

Мемлекеттік бюджетте қаржы жоспарының барлық қажетті негіздері берілген. Ол кез-келген қаржы жоспары сияқты кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Ондағы кірістер (ақша қаражаттары қорларының құрылуы) нақты көздеріне, ал шығыстары (ақша қаражаттары қорларының қолданылуы) нақты бағыттары мен шараларына орай құрылған. Бюджет кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы елдің бюджеттік және салық саясаттарын жүзеге асыру бағыттарына байланысты.

Бюджет кірістерінің шоғырланып, шығыстарының бағытталуы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Диплом жұмысының өзектілігі. Мемлекеттік бюджеттің қоғамдық ұдайы өндірістегі ролі келесі жағдайлардан білінеді. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен ұлттық табыстың 30%-ы, жалпы ішкі өнімнің 20%-ы, жалпы қоғамдық өнімнің 10%-ы бөлінеді.

Нарықтық қатынастар кеңінен дамып отырған Қазақстан мемлекеті экономикалық істерге зор мән беріп отыр. Қазіргі нарықтық экономикада үкіметтің сапалы, жан-жақты жасалған бағдарламасы, оны іске асыратын мықты мемлекет құралдары болмаса, жүзеге аспайды.

Себебі, нарық барлық жағдайда да кез-келген мәселені шеше алатын әмбебап немесе тиімді реттеуші бола алмайды. Көптеген мәселелердің шешілуі нарыққа бағынбайды және мемлекеттің тікелей әсер етуін қажет етеді. Мемлекет жекеше сектор басты рол атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рол атқаруға тиіс.

Бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және заң нормаларына негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығын білдіреді.

Бюджет құрылысы дегеніміз - бюджет жүйесін құрудың принциптері, оның буындарын өзара байланыстырудың ұйымдық формалары.

Бюджет жүйесінің құрылымы елдің ұлттық - мемлекеттік құрылысымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылыстары болуы мүмкін. Біріншісінде үш буынды бюджет жүйесі қолданылады: Орталық бюджет (одақтық федералдық республикалық), федерация мүшелерінің (республика, штат, жер және т. б. ) бюджеттері және жергілікті бюджет. Екіншісінде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және жергілікті бюджеттер. Екеуінде де бюджеттердің белгілі бір дәрежеде дербестігі мен бөліктенуі бар, бірақ орталық төменгілерін орталықтандыру және әлеуметтік - экономикалық процестерді басқару деңгейіне қарай реттеп отырады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:

республикалық бюджет;

жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкалық, селолық және ауылдық бюджеттер.

«Бюджетті құру және орындау бойынша қаржы органдарының жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыбындағы диплом жұмысының мақсаты - бюджеттің экономикалық мәніне, құрылымына тоқтала отырып, бюджеттің атқаруындағы қазынашылықтың ролін, қызмет істеу принциптерін қарастыру.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер шешіледі:

  1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын қарастырып, бюджет құрылымына тоқталу;
  2. Бюджетті құру және орындау бойынша қазынашылықтың ролін, қызмет істеу принциптерін айқындау;
  3. Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі есеп берудің тәртібін, 2008 жылға арналған Атырау облысының бюджетін қарастыру.

Аталған тақырыптағы диплом жұмысының зерттеу обьектісі - бюджетті құру мен орындау бойынша қаржы органдарының жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауға тоқталу. Зерттеудің ақпараттық базасы мен әдістемесі ретінде Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, 2008 жылға арналған Атырау облысының бюджеті алынды. Диплом жұмысы бойынша зерттеу пәні - «Бюджетті құру және орындау бойынша қаржы органдарының жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау». Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш тарау мен қорытындыдан тұрады және жалпы көлемі 66 - бет.

1- ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ

1, 1 Мемлекеттік бюджет жүйесі туралы түсінік, бюджет жүйесінің принциптері

Қазақстан Республикасында келесі деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады:

республикалық бюджет;

облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;

аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген жағдайларда төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітеледі.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

Тиісті қаржы жылына арналған облыстың бюджеті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімімен бекітеледі.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтаталығаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.

Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарыың аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі келесі принциптерге негізделеді1:

1. бірлік принципі - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

2. толықтық принципі - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;

3. реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет

көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

4. транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;

5. дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

6. тиімділік және нәтижелілік принципі - бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;

7. басымдық принципі - бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

8. жауапкершілік принципі - бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджет заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;

9. бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістірді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі, бюджет құрылымында келесі ұғымдар пайдаланылады:

Мемлекеттің активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен мен құндық бағасы бар құқықтар;

Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

Облыстың бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалаларжың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;

Бюджеттік қамтамасыз етілу - мемлекеттік басқару органдары тиісті бюджет қаражаты есебінен ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардың бірлігіне шаққандағы заттай нормалар есепке алынған мемлекеттік қызметтер көрсету құны;

Бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;

Бюджеттік инвестициялық бағдарлама - сипаты техникалық-экономикалық негіздеу сатысында қол жеткізу мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтін бірыңғай инвестициялық мақсатты көздейтін іс-шаралар жиынтығы;

Бюджеттік инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету мақсатымен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру;

Бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

Бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

Бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақша және өзге де активтері;

Бюджеттік инвестициялық жоба - шектеулі уаықт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

Бюджет процесі - бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет;

Мемлекеттік инвестициялық саясат - инвестициялық процестерді ұлттық экономиканың мүдделері үшін мемлекеттік реттеудің экономикалық және қаржылық негізделген шараларын көрсететін әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі;

Мемлекеттік бағдарлама - салааралық сипаты бар, әлеуметтік-экономикалық дамудың неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге және мемлекеттің қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін, заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін бағдарлама;

Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;

Инвестициялық ұсыныс - инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатын, оған жету жолдарын көрсететін және инвестициялық жобаны (бағдарламаны) одан әрі әзірлеу үшін оны алдын ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін инвестициялық жоба (бағдарлама) тұжырымдамасы;

Кассалық алшақтық - қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып түсуі;

Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу функциясын жүзеге асыратын атқарушы орган;

Кірістерді бөлу нормативі - кірістерді әртүрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлудің проценттік арақатынасы;

Салалық (секторлық) бағдарлама - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

Басым (республикалық және жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі - республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша;

Бюджет қаражатын алушы - бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдаланатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық өызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызмет көрсететін тұлғалар;

Аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекітетін, аймақтың (аумақтың) әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

Түзетілген бюджет - тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітелген немесе нақтыланған бюджет;

Әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жоспары - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;

Трасферттер - бюджетке және Қазақстан Респаубликасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер;

Бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;

Нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;

Қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;

Қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган - ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

1. 2 Мемлекеттік бюджет құрылымы

Жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастарды бюджетаралық қатынастар болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме-дәл ажыратуға, түсімдер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бірыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қаладардың) бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.

Бюджетаралық қатынастар келесі принциптерге негізделеді:

1. облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің - республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі;

2. түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді:

төмен тұрған бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;

мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік есеп және есептілік
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Бюджет және бюджетті жоспарлау
Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу
Бюджетті жоспарлау негіздері
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Бастапқы болжамды нақтылау
Бизнес-жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz