Шығарманың бас кейіпкері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
1 «ҚАЗАҚ СОЛДАТЫ» РОМАНЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ МӘСЕЛЕСІ5
2 «ОЯНҒАН ӨЛКЕ» РОМАНЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ МӘСЕЛЕСІНІҢ СУРЕТТЕЛУІ22
3 КЕЗЕКТІ ДЕ КЕЗЕҢДІ ШЫҒАРМАСЫ «ҰЛПАН» РОМАНЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ МӘСЕЛЕСІНІҢ КӨРІНУІ44
ҚОРЫТЫНДЫ59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ61
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиеті барлық жанры жағынан кемелденіп өскен, одақтық, одан берді дүниежүзілік мәні бар әдебиетке айналды. Бірнеше ондаған жылдар ішінде көптеген идеялық, көркемдік табыстарға жетті. Төңкеріске дейін негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыса, бұл күнде прозаның да, драматургияның да, поэзияның да үлгілі туындылары дүниеге келіп отыр. Әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының да жетістіктері мол. Соның ішінде ұлттық әдебиеттанудағы көркемдік уақыт пен кеңістік мәселесі жайлы зерттеу жүргізу, келелі пікірлер келтіріп, ой-тұжырымдар жасау-өзектілердің қатарынан саналады. Әдебиет шығармасындағы уақыттың суреттелуі, зейінге алыну, қабылдануының өзгеше сипат-ерекшелігін түсіну үшін көркемдік уақыт деген ұғым бірте-бірте қалыптасып келеді. Ғалымдар бірқатар әдеби құбылыстарды хронотоп мәселесімен тығыз байланыста зерттейді. Аталған тақырып екі тұрғыдан- кең және тар ұғымда қарастырылады. Негізінен бұл мәселе орыс ғалымы М. Бахтиннің еңбектерінен тереңірек көрініп, молынан орын алған. Ол ұсынған теорияға сүйенсек, хронотоп біріншіден кеңістік пен уақыттың ажырамас бірлігі -нақты өмірді бейнелейтін және әдебиет игерген мәселені айғақтаушы, екіншіден, нақты шығармалардағы көркемдік әдіс ретінде тарихи шарттылық аясындағы кеңістік пен уақыт мәселесі тұрғысынан алынады. Яғни реалды уақыт-бұл уақыттың өмірдегі нақтылы қалпы. Реалды уақыт үздіксіз өтіп жатады және үнемі алға, біркелкі жылжиды. Ал әдебиет шығармасында уақыттың жылжуы оқиғаның суреттелуіне байланысты бірде жедел, бірде баяу болып, кейде тіпті үзіліп кетіп отыруы ықтимал. Біздің сезінуімізде уақыт кейде ақырын, кейде жылдам ауысқандай болады. Ал әдебиет шығармасында уақыттың жылжуы уақиғаның суреттелуіне байланысты бірде жедел, бірде баяу болып, кейде тіпті үзіліп кетіп отыруы ықтимал. Ал тағы бірде уақиға аяғынан басталып баяндалса, жазушы уақытты кейін қарай жылжытып көрсетуі де мүмкін. Сонымен әдебиет шығармасында автордың, кейіпкерлердің, оқушылардың уақытты қабылдау ерекшеліктері ескеріледі . Көркемдік уақыт әдеби шығарманың танымдық мүмкіншіліктерін, әсерлілігін арттыра түседі. Мысалы, «Абай жолы»эпопеясын алсақ, мұнда жарты ғасырға таяу мерзім алынған. Абай оқырман онымен алғаш кездескенде 13жаста болса, кітап аяқталған тұста 60-қа таяп, дүниеден қайтады. Осы мерзім кітапта үзіксіз суреттелмей, кейде жазушы арада бірнеше жылдар өтті деп, бірталай уақытты аттап кетіп те отырады.
Қазақ кеңес әдебиетінің осындай үлкен профессионалдық дәрежеге көтерілуіне елеулі үлес қосқан жазушылардың бірі - Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Ол алпыс жылға жуык уақыт ішінде әдебиеттің түрлі жанрында бағалы еңбек етіп келді. Көрнекті прозаик, талантты драматург, жалынды публицист, қоғам қайраткері
Зерттеу нысаны. Зерттеу еңбектердің әрқайсысында Ғ. Мүсірепов творчествосы түрлі тұсынан қарастырылып өтеді. Оның туындылары қазақ әдебиеті оқулықтарында көптен бері талданып келеді. Мәселен, проф. Т. Нұртазин қазақ прозасының даму тарихын зерттеген еңбегінде Ғ. Мүсіреповтің шығармаларына тоқталып өтеді, оның кейбір ерекшеліктерін атайды. Филология ғылымының кандидаты Қ. Құттыбаев өзінің диссертациясында «Оянған өлке» романына талдаулар жасайды. Жазушы, филология ғылымының докторы Н. Ғабдуллин Ғ. Мүсірепов драматургиясы жайында диссертация қорғады. Москва сыншысы 3. Кедринаның, профессор Е. Лизунованың қазақ прозасына арналған монографиялық еңбектерінде Ғ. Мүсіреповтің романдарына талдау жасалады. Атақты жазушымыз, академик Сәбит Мұқанов та Ғ. Мүсірепов шығармаларына пікірлер айтқан.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жазушының қазақ әдебиетіндегі проза жанрының дамуы мен өркендеуіне қосқан мол үлесін айқындау. Романшы ретінде шеберлігін тереңірек анықтап белгілеу. Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- Ғабит Мүсірепов романдарының тақырыптық-идеялық бағытын саралау;
- Жазушы романдарының сюжеттік-композициялық ерекшеліктерін, образ жасау, кейіпкер характерін ашудағы шеберлігін таныту;
- Қазақ әдебиетіндегі кеңістік пен уақыт мәселесін зерттеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ғ. Мүсірепов өзінің алпыс жылға жуық қаламгерлік тұғырында осы жолдан тайған жоқ. Ол әдебиетіміздің көп жанрына еңбек сіңірді. Оның колхоз тақырыбына қалам тербеген әңгімелері, аналар жайында жазған новеллалары, Қазақстандағы төңкерістік қозғалыс дәуірінің шындығын суреттеген үлкенді-кішілі шығармалары, бүгінгі замандас өмірін бейнелеген туындылары - әдебиетіміздің қымбат қазынасына қосылған елеулі үлес болып табылып, жазушының әдебиеттегі орнын одан сайын биіктете түсті.
Жазушының «Қазақ солдаты», «Оянған өлке» романдары кеңестік әдебиетіміздің озық туындыларының қатарына қосылады.
«Қазақ солдаты» қазак әдебиеті топырағында Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған тұңғыш роман еді. Бұл шығармада қазақ романының көптеген мәселелері сәтімен шешілген. Бұрынды-соңды әдебиетімізде майдан өмірі суреттелген үлкен көркем туынды болған емес.
«Оянған өлке» - жазушының жоспарлаған трилогиясының кітабы. Мұнда суреткер алдына өте жауапты міндеттер қойған. Қазақстанның осыдан бір ғасыр бұрынғы өмірінің жай-күйін көркемдік шындықпен беру оңай шаруа емес еді
Диплом жұмысының дереккөздері. Суреткер ретінде халқымызға жақсы танылған Ғ. Мүсірепов публицистиканың да майталман шебері. Оның қолынан көптеген өміршең очерктер, жалынды пафосқа толы мақалалар шықкан. Ол өмірдің күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелеріне дер кезінде үн қосып отырды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеу еңбекте Ғ. Мүсіреповтің прозасындағы кеңістік пен укақыт зерттеліп талданды. Ғабит Мүсіреповтің проза жазудағы шеберлігі, нақтылығы, сөз саптауы, даралап суреттеудегі авторлық ұстанымы, дүниетанымы жан-жақты зерделенді. Көркем шығармадағыдай проза да адам бейнесін, мінезін, бейне жасау шеберлігі мүсіндеудің жолдары екені көрсетілді. Әр түрлі ғалымдардың ой-пікірлері сарапқа салынып, Ғ. Мүсіреповтің проза жазудағы ерекшеліктері анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Ғ. Мүсірепов шығармашылығының ақтаңдақ беттерінің кейбір қырларын көрсететін зерттеу нәтижелерін орта мектептердегі, жоғарғы оқу орындарындағы қазақ әдебиеті дәрістерінде, семинарлар мен арнаулы курс сабақтарында әдебиет тарихы мәселелерін жаңғырған көзқарастар негізінде жаңаша оқытуда кеңінен қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар. Зерттеу барысында мына тұжырымдар ұсынылып отыр:
- Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы кеңістік пен уақыт мәселесінің орынды суреттелуі;
- Автор прозасының көркемдік әлеміндегі құрылымында, ұйымдастырылуында уақыт мәселесі маңызды орын алады;
- Нақты өмірді бейнелеуші бірден-бір құрал ретінде көрінеді;
- Романдардың бейнелеуші жүйесін жан-жақты ашуда маңызды роль атқарады.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, талдау, жүйелеу, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе мен қорытындыдан, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 «ҚАЗАҚ СОЛДАТЫ» РОМАНЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ МӘСЕЛЕСІ
Ә. Нарымбетовтың айтуынша, Ғабит Мүсірепов - үлкен прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы-ғалым ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңін бейнелеген, сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі іспетті. Ол ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың адал азаматы, қадірмен ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы.
Әдебиет пен өнер туралы Ғабит Мүсірепов қаламынан шыққан еңбектердің барлығына тән ортақ қасиеттерді жинақтап айтқанда, ең алдымен, оның әдебиет пен өнердің жиырмасыншы ғасырдағы даму процесіне және олардың жекелеген елеулі құбылыстарына биік талғаммен қарап, ғылыми дұрыс топшылаулар жасағанын айрықша атап өткен дұрыс.
Ол қазақ әдебиеті мен өнерінің әрбір көрнекті табысын халықтың рухани қымбат қазынасы ретінде қатты қастерледі. Әдебиет пен өнер туындысының эстетикалық тәрбиелік зор рөліне баса назар аударды.
Сонымен қатар, әрбір көркем шығармаға оның барлық уақытта қойып отырған идеялық-эстетикалық талабы да биік, үлкен. Терең мазмұн мен үздік шеберлік - міне, әдебиет пен өнердің әрбір туындысын талдау үстінде Ғабит Мүсіреповтің берік ұстанған айнымас өлшемі осы ғана [1, 68-69 б. ] .
Ғабиттің жазушылығын тұтас алғанда, өзіне тән бірнеше өзгешеліктері бар: бірінші - бойына сіңбеген тақырыпқа жармаспайды; екінші - бойына сіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асықпайды; үшінші - жазатын тақырыбына күй таңдайды; күйі жетпесе, игерген тақырыбын да жаза қоймайды; төртінші - шығармасына өте ұқыпты, сондықтан хал-қадары жеткенше, олпы-солпысыз шығарады; бесінші - тілге үнемшіл, сипаттап отырған оқиғасына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтыншы - жарқылдақ сөздерді көбірек қолданып, шешен сөйлеуге тырысады; жетінші - адам портретін жасауға, қазақ жазушыларының ең шеберінің бірі [1, 62-63 б. ] .
Ғабит Мүсірепов - шеберлігі шығарма сайын ширығып, шыңдала берген, бірден-бірге өрлеп, ең шырқау биіктерге көтеріле берген жазушы. Оның әрбір шығармасы - көркемдік жаңалық, тың сөз, өнеге үлгісі. Оның өзіне қояр, көркем шығармаға қояр талабы өзгеше. Олай болатын жөні де бар. Ол - өз шығармашылығының елең-алаңында көркем сөздің алыбы, кеңес әдебиетінің атасы Горькийден, әлем әдебиетінің басқа да ұлыларынан үйренген. Солардың дәстүрін қазақ әдебиетіне дарытушылардың бірі болған қаламгер.
Ол - жазушылық өнерді өз әдебиетіміздің айтулы шебері Бейімбет Майлиннен үйренген, жаңа әдебиеттің негізін Сәкен, Ілиястармен бірге қаласқан, солардың эстафетасын алып қалған жазушы. Ол - қазақ әдебиетінің кемеліне келіп толысқан кезеңінде ұлы суреткер Мұхтар Әуезовпен қаламдас, замандас болған жазушы. Оның артында үлгі алар, өнер жарыстырар қалың қатпарлы қаламгер ұрпағы бар. Сондықтан ол осы деңгейден, өзі шыққан биіктен сәл де болса төмен түсуге хақысы жоқ екенін айқын түсінген жазушы [2, 16 б. ] .
Ғ. Мүсірепов - қазақ кеңес әдебиеті дамуына ізденімпаз экспериментатор, батыл да терең теоретик, сыншы ретінде де үлкен үлес қосып келеді [3, 5 б. ] .
Көркем әдебиеттегі әрбір кесек шығарма - өз алдына жеке бір дүние. Оның өн бойында өрбіген оқиғалар, өзді-өзінше тіршілік еткен адамдар, қақтығысқан характерлер, түйін-түйін тартыстар, шарпысқан өткір сезімдер, солардың арасында жым-жымымен жылғаланып ортақ бір арнаға құйып отыратын автор философиясы, оның оқиғаларға, адам мінездеріне берген бағалары, шығарған үкімдері, міне осының бәр-бәрісі - жазушының өмірден ашқан жаңалығы, өз тіршілігі өзінде жатқан тұтас бір дүние [2, 14 б. ] .
Ғ. Мүсірепов өмірі - өнегелі өмір. Өнегелі болатыны - күрескер өмір. Биік мұраттар жолындағы мәмлесіз күресті өзек өткен өмір.
Мүсірепов өнері - өміршең өнер. Өміршең болатыны - шыншыл өнер. Шындықты мұрат тұтқан өмір де, өнер де - ең алдымен, ел игілігі, ел мерейі [3, 5 б. ] .
Оның шығармалары қазақ халқының өмірін, тарихта елеулі орны болған оқиғаларын мол қамтиды. Бұл салада оның назарын көбірек тартқан бірнеше қадау-қадау тақырыптарды көрсеткен жөн. Суреткер бірде Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрестік мәні болғанын, Қазақстанда капитализм элементтері келе бастағанын, жұмысшылардың қалай қалыптасқанын көрсетуді мақсат етсе, екінші бір шығармасында республикамызда Кеңес өкіметінің орнаған тұстарының оқиғаларын көрсетеді. Жаңарған даланың, өзгерген өңірдің, жаңа салт-сананың қалай туып, қалай өркен жайғанын суреттейді.
Енді бірде Қазақстан өміріндегі аса үлкен оқиға - бұрынғы жекеменшік шаруалардың коллективтендіру жолына қалай түскенін, осы жолдағы кездескен қиыншылықтары мен кедергілердің сыр-сипатын баяндайды. Ұлы Отан соғысының оқиғаларына арнап та бірталай шығармалар жазған. Осының бәрін тұтастай шолып қарағанда, Қазақстан өмірінің аса мәнді терең тамырлы сырларына қанығамыз [4, 13 б. ] .
Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» - бүкіл аналардың жиынтық бейнесі тәріздес кесек полотно.
Ғ. Мүсіреповтің Ана тақырыбынан кейінгі патриоттық тақырыптағы төл туындысы - «Қазақ солдаты» хикаятын (1945 ж. кейін «Қазақ солдаты» романы) жазды.
Ал бұдан кейін 1953 жылы жазылған «Оянған өлке» романының тақырыбы - Қазан төңкерісінен бұрын Қарағанды көмір өндірісі ашылып, онда қазақ жұмысшы тобының құрыла бастауы, Оралдан келген орыс, украин жұмысшыларымен өндіріске жаңа тартылған қазақ кедейлерінің ащы өмірдің азабын бірге тартып, біте қайнасуы, олардың таптық мақсатты терең түсінісіп, орыс капиталистері мен қазақ байларына қарсы тізе қоса бастауы, таптық сана-сезімінің оянуы суреттеледі. Романның екінші кітабы «Жат қолында» атты роман ширек ғасыр өткен соң - 1984 жылы дүниеге келді. Онда Қарағанды көмір кенін ағылшын алпауыттарының тонауы тартымды сипатталған [5, 4-6 б. ] .
Әбіш Кекілбаев оның шығармалары туралы былай дейді:
« . . . Мүсірепов талантының барлаушыларға тән байқампаздығы сонда, ол ылғи жаңа көктемнің алғашқы бүріндей көсегелі құбылыстарға назар аударады. «Талпақ танау» - ғасырлар бойғы психология мен тұрмыстық үрдістер инерциясына енді-енді күмән келтіре бастаған қазақ ауылының рухани шежіресі. «Қазақ солдаты» - ауыл жөргенінен жаңа заман өткелдері ерте айырған қазақ бозбаласының алғаш рет ата кегін қуып, ру намысын жыртпай, көп ұлтты Отан мүддесі үшін күрескен жауынгерлік жолы.
«Оянған өлке» - самарқау сахарадағы бұйығы тірлік ата-баба көрмек түгілі, естімеген жаңа кәсіптер мен жаңа қарым-қатынастың алғаш желі тартуының тарихы. «Ұлпан» - ескі ауылда заман аңғарын алыстан болжап, соған орай қаракеттенуге алғаш талпынғандардың қайғылы хикаясы. Көрдіңіз бе, бәрі де «алғашқылар» мен «тұңғыштар» туралы» [1, 69 б. ] .
Ұлы Отан соғысында гитлершіл Германия мен империалистік Жапонияны қирата жеңген Кеңес елі сол жүйенің бар жағынан мызғымас нық екенін, өмірлік күші сарқылмас мол екенін іс жүзінде көрсетті. Кеңестік әскери мектебінде тәрбиеленген ер жүрек кеңес адамдары соғыс өнерінің озықтығымен, алғырлығы, батырлығымен жер жүзін таңдандырады.
Осындай тамаша ерлікті, даңқты, оларды туғызған дәуірді кеңес әдебиеті, соның қатарында қазақ кеңес әдебиеті он жыл бойы жыр етіп келеді. Қызу майдан кезінде, арпалыс үстінде жазылған бірсыпыра шығармалардың олпы-солпысы жоқ. Әйткенмен, ұлы дүбір үстінде туған ол шығармалардың маңызы да, орны да ерекше: олар кеңес адамдары Отан үшін жан аямай қимыл жасаған тарихи күндердің өңі кетпес жанды ескерткіші.
Отан соғысы жылдарында майдан мен тыл өмірінің шынайы көрінісін көзге елестетерліктей, кең көлемді, өмір оқиғасын бар жағынан алып суреттейтін, идеялық-көркемдік мәні терең кітаптар да сол соғыс күндерінде туған шығармаларды сатылап өсетіні сөзсіз.
Отан соғысының алып жеңістерін суреттеуде біраз сараланып қалған жол бар. Ол - майдан өмірін образ арқылы тікелей суреттеп беру. Екінші, творчестволық әдіс майдан ерлігін көрсетумен бірге, сол ерліктің шыққан төркінін де суреттеу. Ғ. Мүсіреповтің біз сөз қылғалы отырған «Қазақ солдаты» осы соңғы әдіспен жазылған. Бұл әдістің біздің қазақ кеңес әдебиеті үшін ерекше маңызы бар, өйткені бірсыпыра ақын, жазушылар бір кезде ерліктің көзін совет заманынан, партия тәрбиесінен емес, ата-тектен, аруақтан іздеп болды [6, 351-352 бб. ] .
Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы қазақ кеңес әдебиетінде туған халқымыздың неміс-фашист басқыншыларына қарсы қаһармандық күресін көрсетуді мақсат еткен тұңғыш көлемді шығарма болып табылады. Әдебиетімізде Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған, кеңес жауынгерлерінің майдандағы ерлігін, халқымыздың тылдағы жанқиярлық еңбегін суреттеуге бағышталған көркем шығармалыр, соғыс жылдарында да, соғыстан кейінгі уақытта да аз жазылған жоқ [4, 54 б. ] .
Қазақ солдаты романында кейіпкерлерді психологиялық мінездеу толыға, тереңдей түскен. Әр қаһарманның өткен-кеткенінен хабардар болып қана қоймаймыз, олардың нақтылы жанды бейнесі әрдайым көз алдымызда тұрады.
Мәселен, Володя Толстовтың көңіл күйі мынандай бір оқиға тұсында айқын көрінеді. Новороссийскіні жаудан азат еткенде, Володя Толстов қаланың шет жағындағы өзінің үйін көрмекке барып, тас-талқан болып қираған тас үйінің орнын ғана көреді. Ол өзінің ет жақындарының өлі-тірісін де білмейді. Сағынып көрген үйінің мына түрін көргенде, Володя Толстов қатты мұңға батады. Қаһарманның осы тұстағы көңіл күйі өте сәтті суреттелген.
Ғабит Мүсірепов романында оқиғаларды екшеп, іріктей түскен. Олардың ішінен характерлердің мінез ерекшелігін танытатын түйін, ситуацияларды таңдай білген. Қайырғалидың да, Вася Гришиннің де, Самед Абдуллаевтың да, Петр Ушаковтың да тұлғаларын танытарлық психологиялық сәттер мол. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сырттай суреттеп қоймай, олардың ой-толғанысын, ішкі жан-дүниесін бере білуі де - суреткерлік табыс.
Қайырғалидың қалтасына анасының хатын салып жүріп, сағынышпен қайта-қайта оқитындығы да өз орнында қажетті деталь болып табылады. Ол майданда жүргенде бір сәт те өзінің елін, туған шешесін есінен шығармайды. Қаһарманның даралық бейнесі, адамдық келбеті осы сияқты әр қырынан, әр жағдайда көрінуі арқасында толысып шығады.
Шығарма кейіпкерлерінің басына тән ерекшеліктер белгілі оқиғалар үстінде анықталады. Романда тек қана Қайырғали мен Ақботаның, Шеген мен Қайырғалидың арасындағы қатынастар ғана емес, бұдан басқа да көптеген сюжеттік желілер тартылып отырады. Бір мезгіл Семен Зонин мен Нинаның арасындағы жайлар сөз болады. Сондай-ақ Василий Гришин, Володя Толстов, Мирошник, Самед Абдуллаев сияқты кейіпкерлердің бастарында да түрлі-түрлі қызғылықты жайттар кездесіп отырады. Сонымен «Қазақ солдаты» романының оқиғалық жағы да, характерлерін мінездеу жағы да саралана, нақтылана түскен.
«Қазақ солдаты» романының композициялық құрылысы өзгеше шебер сомдалған. Мұнда негізгі мәселе - кеңес заманында туып-өскен адамның өсу, жетілу жолы басты әңгіме болып баяндалады. Майдандағы ерліктері үстінде ол жас адамның мінездік, азаматтық қалыптасуы арта береді.
Романда көлденең бұрып әкелетін, негізгі идеядан жырақтататын қосалқы желілі әңгіме жоқтың қасы. Барлық оқиға, сурет бояулары белгілі нысанаға тиіп жатыр. Өмірдің объективтік ағасы да, геройлардың өсу жолы да табиғи үйлесімді өрбиді [4, 57-58 бб. ] .
«Қазақ солдаты» романы біздің ұлттық әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл кеңестік әдебиеттің табысынан саналған, қалың оқушыларды қуантқан құнды көркем еңбек болды. Бұл роман автордың кеңес әдебиетінің Ұлы Отан соғысы өмірін суреттейтін үздік шығармаларынан үйренуі нәтижесінде, әдебиетте батыр тұлғаларын жасаудың тамаша үлгілерін, дәстүрін бойға терең сіңіру нәтижесінде туды.
Романда соғыс өмірі, кеңес жауынгерлерінің ерлігі, олардың туысқандық достығы, бауырмалдығы майдан жолының қилы-қияңы үстінде терең ашылып көрініп отырады. Шығарманың бас кейіпкері Қайрош Сарталиев, оның жауынгер серіктері Толстов, Абдуллаев, Зонин, Ушаков, Гришин, командир Мирошник, саяси жетекші Ревякин, осылар секілді өзге майдан ерлері де - бәрі де кеңес мектебінде оқып, тәлім-тәрбие алған жас азаматтар, туысқан советтік ұлттардың өкілдері. Оларда Отанға деген зор махаббат бар.
Бәрінің де мақсат-мүддесі, тілегі біреу - елімізге тұтқиылдан опасыздықпен шабуыл жасаған зұлым жауды талқандау, сөйтіп, елімізде бейбіт күннің қайтадан нұр шашып тұруы үшін қасық қандары қалғанша күресу. Бұл зор күресте, ұлы айқаста дем берер, жол көрсетер қуатты күш бар, ол - Коммунистік партия мен Отан. Олардың бәріне тірек болар, қуаттандырар күш бар. Ол - біздің батыр совет халқы.
Совет жауынгерінің ұлы ерлігінің көзі, жеңілмейтіндігінің себебі - міне, осында. «Қазақ солдаты» романында совет жауынгерінің ерлік тұлғасын айқындайтын осы сипаттар терең көрсетілген. Шығарманың мазмұнын салмақты етіп, көркемдік қасиетін ерекше көтеріп тұрған белгілері де міне осында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz