Сана бұзылуының критерийлері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

КІРІСПЕ
І БӨЛІМ ДӘРІГЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІ

1.1. Қазіргі заманғы медициналық психологияның әдістемелік-теориялық
мәселелері.
1.2. Дәрігерлік психологияның салалары
ІІ БӨЛІМ ДӘРІГЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯ –ЖАЛПЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРАКТИКАДА.
2.1. Психикалық аурулар туралы жалпы түсінік, психикалық ауруларды
диагностикалау және емдеуде дәрігер психологтың ықпалы
2.2.Наркологиялық диспансеріндегі дәрігер психолог қызметінің
ерекшеліктері
2.3. Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас мәселесі. Психотерапия
және психологиялық коррекция

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..

Кіріспе.
.
Қазақстан Республикасының 2005 – 2010 жылдарға арналған Денсаулық
сақтау қызметін дамыту мен реформалау туралы Мемлекеттік бағдарламасында
дәрігерлік қызметте психология мен әлеуметтану ғылымдарының интеграциялау
идеялары айтылды.
Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек барлық дәрежедегі медициналық –
психологиялық әлеуметтік әр түрлі проблемалары бар пациенттерге тиімді
көмек көрсетудің тиімді формасы екені дәлелденген.
Қазақстандағы медициналық психологияның психотерапия мен психиатрияның
интеграциялық тәжірибесі жалпы медицинаға көбіне кеңес беру моделімен
ұштастырылған.
Бірақ соңғы кезде дәрігер психологтар мен психиатрлардың, дәрігер –
интернаттардың бірігуімен нақты табыстарға қол жеткізілуде. Аз ғана уақыт
біріккен әрекеттің (медициналық психология, психотерапия, дәрігер интернат)
көрсеткендей біраз әрекеттердің қиыншылығы мен проблемаларының беті ашылды.

Нақтылап айтқанда дәрігерлер пациенттердің психологиялық –
психотерпевтің кеңес алуына көп жүгінбейді. Дәрігер – психологтар қатерлі
ісік аурумен ауыратындардың психогендік реакцияларын бағалай бермейді.
Дегенмен жалпыға бірдей белгілі жайт уақытында көрсетілген
психотерапевтік және психофармокологиялық көмек аурудың жалпы күйінің
төмендеуінен сақтайды және метастатикалық жайылудың мерзімін шектейді.
Туберкулездің әр түрлі формасымен ауыратындардың жеке тұлғалық
ерекшеліктерін зерттеуде мынадай нәтижелер алынған: Аурулардың мінез –
құлықтық раекциялары мен жекетұлғалық және этномәдени ерекшеліктерін елемеу
және психологиялық (психотерапиялық көмектің кеңес берудің болмауы емдеу
режимін сақтамауға, эпидемиологиялық көрсеткіштің өсуіне (жұқпалылықтың)
туберкулездің емделу шығындарының өсуіне әкеледі. Хирургиялық стационарда
ауруларға дәрігер психологтық – психотерапевтік көмектің операция алдында
және соңында көрсетілуі пациенттердің тұтастай алғандай өмір сапасын
жаңартып, ауру мен қиыншылыққа төзімділігін, шыңдай түсетіні анықталады.
Кардиологиялық стационарда психологтар мен психотерапевттердің көмегі
жоғары деңгейде адектватты қабылданады. Ол кейбір кардиологиялық
катастрофалардың психогендік факторлармен тығыз байланыстылығымен және
дәрігер- кардиологтардың психикалық күйдің ( ликкорз инфаркт) т.б. жағдайда
бұзылуына тікелей қатыстылығы туралы және басқа психикалық бұзылу себептері
туралы тең ақпараттандырылуымен түсіндіруге болады.
Спид пен ВИЧ ауруларын диагностикалау мен емдеу, реабилитациялауда
әлеуметтік – психологиялық кеңес беру, психологиялық, психиатриялық,
психотерапевттік көмек көрсету маңызды орын алады.
Сонымен , тұтастай алғанда медициналық психологиямен психотерапия және
психиатрияның жалпы медицинаға кірігу (интеграциялануы) процесі өте
қажеттілігі мәселесі бір жағынан, екіншіден дәрігерлер мен орта медициналық
(персоналдық) қызметкерледің пациенттердің әлеуметтік қолдау көрсетудің
мңыздылығы мен олардың психологиялық ерекшеліг, психикалық күйзелісі,
бұзылуы, жеке тұлғалық және этномәдени мінездемесі жөніндегі білімдерінің
және ақпараттандыруының төмен деңгейі.
Бұл фактілердің барлығын болашақ психолог мамандарды даярлауда және
оларды арнайы салаға бейімдеп оқытуда есепке алып оқыту қажет деп
есептейміз.
Зерттеудің мақсаты: Дәрігер психологтың емдеу мекемелеріндегі
қызметінің ерекшеліктерін анықтау және тиімділігі мен қажеттілігін.
Зерттеудің міндеттері:
1. Дәрігерлік психологияның тарихы мен теориясын, бұған дейінгі
зерттелінуін саралау.
2. Қазіргі заманғы емдеу салаларындағы дәрігерлік психологияның
салаларын , ғылыми пән ретіндегі қиқарлығын нақтылау.
3. Емдеу мекемелеріндегі дәрігер психолог қызметінің ерекшелігін
маңыздылығын ашу.
Зерттеудің нысанасы: Стационарлық емдеу мекемелерінде дәрігер –
психологтың қызметі:
Зерттеудің тәжірбиелік маңызы: Зерттеу тақырыбы арқылы дәрігерлік
психологияның тарихы мен теориясы, шет елдерде даму қалыптасу дәрежесі
сараланады.
Қазақстандағы қазіргі заманғы емдеу салаларындағы дәрігерлік
психологияның басқа ғылымдармен (социология, психология) интеграциялануы,
стационарлық емдеу мекемелерінде дәрігер – психологтың қызметтің ерекшелігі
мен маңызы, қажеттілігі ашылады.
Зерттеудің әдістері.
Теориялық зерттеулерді талдау және жүйелеу, салыстыру , зерттеу
нысанасына қарасты мәліметтерді жинақтау, қорытындылау.

І БӨЛІМ ДӘРІГЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІ

1.1 Қазіргі заманғы медициналық психологияның әдістемелік-теориялық
мәселелері

Медициналық психологияның мазмұны мамандар арасында әлі күнге дейін түрлі
мағынада түсіндіріледі. Жалпы алғанда медициналық психология медицина мен
психология арасындағы шекараны қамтиды. Көптеген елдерде медициналық
психология емес, клиникалық психология ұғымы кеңінен тараған. Америкада
клиникалық психология құрамына психотерапия, психодиагностика, кеңес беру
психологиясы, психогигиена, психосоматика және дефектологияның кейбір
бөлімдері енгізілген.
Біздің елімізде К.К.Платонов клиникалық психологияны медициналық
психологияның бір бөлігі ретінде қарастырған. Платонов медициналық
психологиның құрамына клиникалық психологиядан басқа психогигиенаны да
кіргізген.

Медициналық психологияның даму тарихы Вундтың есімімен тығыз байланысты
(1932-1920), оның бастауымен психологияда экспериментальды әдіс қолданыла
бастады. Ол 1874 жылы физиологиялық психологияның негіздері деген кітабын
шығарады, ал 1879 жылы Либцигте бірінші экспериментальді психологияның
лабораториясын ашады. Эксприменттік зерттеулер есті, зейінді, қабылдауды,
эмоциялық ерік-жігер сферасын нақты зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай
лабораториялар 1885 жылы Ресейде де ашылады. Оның негізін салушы
В.М.Бехтрев болады. Дәл осындай лаборатория 1896 ж. Москвада ашылды. Бұнда
психологиялық экспериментальдық зерттеулерді В.Д.Чиж жүргізді. Ресейлік
невропотологтар психологтар қоғамының жаңа медико-психологиялық
әдістемелердің жүйесін құру үшін арнайы комиссия тағайындалды. Олар жаңа
клиника – психологиялық әдістердің жүйесін құрды. 1908 ж. А.М.Бернштейн
Ресейде алғаш болып Жүйке жүйесімен ауыратын науқастарға психологиялық
зерттеу жүргізудегі клиникалық әдістер атты еңбегін шығарды. Отандық
дәрігерлер науқастармен қатар олардың қоршаған ортасында зерттеді.
20 жылдары медициналық психологияның дамуына Э.Кречмердің ықпалы зор болды.
Ол психологиялық әрекеттің анамалиясын сипаттайтын Медициналық
психология атты кітабын жарыққа шығарды. Э.Кречмер медициналық
психологияның психиатриядағы конституциональдық-биологиялық бағытының
негізін қалады. Шетел психологиясында және медицинада кең тараған
идеялистік бағыттардың бірі экзистенциолизм. Оның негізін салушылар
М.Хайедегер, Ясперс болды. Атақты Нейропсихолог, нейрофизиолог,
нейропотолог, психолог, психиатр В.Н.Бехтерев, И.М.Сеченовтың іліміне
сүйене отырып объективті психологияны одан әрі дамытты. Рефлекторлық
теория қалыпты және патологиялық құбылыстардың берік негізіне айналды.
Сеченовтың ілімін одан әрі дамытқан И.П.Павлов бас миының рефлекторлық
әрекетін түсіндіретін методиканы қарастырды. Ол психологияның, жалпы
медициналық психологияның ғылыми базасына айналды.
Медициналық психология – дәрігер қызметінің психологиялық астарларын науқас
адамның мінез-құлық өзгерісін науқас пен дәрігерлердің бір-бірімен қарым-
қатынасының қыры мен сырын зерттейді. Бұның өзі бірнеше салаға бөлінеді.
Мысалы: нейропсихология – психологиялық құбылыстардың мидағы физиологиялық
құрылымдарымен ондағы нейрондардың қызметі мен байланысын зерттесе,
психоформокология – адамның жан дүниесіне дәрі-дәрмектің қалай әсер
ететінін қарастырады. Ал психотерапия – психикалық әдіспен әсер ету арқылы
ауруды емдеу жолдарын қарастырады. Әр ғылымның өз зерттеу әдіс-тәсілдері
болады. Сол сияқты медициналық психологияда өз зерттеу әдіс-тәсілдері бар.
Олар мынадай бөлімдерден тұрады.
Жалпы және жеке медициналық психология:
1. Науқас адам психологиясының жалпы заңдылықтарын, науқас пен дәрігердің
өзара қарым-қатынасы мен емдеу-профилактикалық мекемелердің хал-ахуал
психологиясын анықтайды.
2. Науқастың жеке дара өзгешеліктерінің яғни, бағыт-бағдар, темперамент,
мінез-қабілетін, эмоция мен ерік-жігер, қуаттарының ерікті психологиялық
белгілерін анықтау.
3. Психсоматикалық және соматикалық өзара әсер ету.
4. Психогигиена мәселелері (денсаулық, тұрмыс-салт, ұлттық әдет-ғұрып,
отбасы, некелесу мен жыныстық қатынас жарасымдылығы т.б.)
5. Соматикалық ауруларының психологиялық ерекшеліктерін жан күйзелісінің
туа біткен, не жүре пайда болатын психологиялық ерекшеліктерін (сөйлей
алмау, еңсенің түсуі, нақұрыстық, есірік, алжу, қояншық, талма,
сандырақтау, миғұла, жарымес, кем ақыл, т.б.)
6. Жалпы психотерапияны қарастырады.
Жеке медициналық психология – тек науқастың өзін ғана зерттейді.
1. Жүйке жүйесімен ауыратын адамдардың психикалық процестерінің
ерекшеліктерін зерттейді.
2. Науқас адамдарға хирургиялық операция жасауға, дайындауда және
операциядан кейінгі уақыттағы психикасын зерттейді.
3. Әр түрлі аурулармен ауыратын адамдардың психикалық ерекшелігін зерттейді
(онкологиялық, жүрек тамыр, жұқпалы, гинекологиялық тері аурулары және
т.б.)
4. Соқыр, саңырау және т.б. органдарында кемістік бар адамдардың
психикасы.
5. Соттық экспертиза және әскери еңбекке жарамдылығын тексеру кезіндегі
науқастың психикасының ерекшеліктерін зерттейді.
6. Нашақор және маскүнемдік пен ауыратын адамдардың психикасы.
7. Жеке психотерапияны.
Клиникаларда практикалық білімді пайдалануда медициналық психологияның
нақты мынадай бөлімдерін көрсетуге болады. Олар психиатриялық клиникаларда
патопсихология, неврологиялықта – нейропсихология, соматикалықта –
психосоматика.
Патопсихология Б.В.Зейгарниктің анықтамасы бойынша психикалық процестің
дұрыс жүру және қалыптасу заңдылықтарымен салыстыра отырып жеке бастағы
және психикалық іс-әрекеттердің бұзылу заңдылықтарын зерттейді. Осыған
байланысты патопсихология психологиялық әдістерді қолданады.
Психосоматика терминін 1818 ж. Хайнрот енгізді, ал соматопсихология
терминін 1822 жылы Якоби енгізді. Соматика сөзінің өзі денелік деген
мағынаны білдіреді. Психосоматикалық аурулар деп физиологиялық тұрғыдағы
аурулар немесе аффективты қысымның нәтижесінде пайда болған бұзылуларды
айтады (дау-жанжал, қанағаттанбаушылық, ішкі күйзеліс және т.б.).
Медициналық психологияның дамуына мынадай медициналық пәндердің әсері
зор. Психиатрия, неврология, нейрохирургия, психотерапия, терапия. Сондай-
ақ медициналық психология басқа психологиялық педагогикалық психология
экспериментальды психология, еңбек терапиясы олигофренді–педагогика,
тифлопсихология, сурдопсихология және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
Медициналық психология психологиялың жалпы теориялық сұрақтарының дамуына
үлкен әсер етеді.
1. Психика дамуындағы әлеуметтік биологиялық байланыс.
2. Психикалық процестердің құрамына кірітен компоненттерді талдау.
3. Психиканың дамуы және күйзелісі.
4. Әр түрлі психикалық әрекет құрылымындағы жеке адамның ролі.
Медициналық психология педагогика, социология, философия сияқты ғылымдардың
біліміне сүйенеді. Медициналық психология көптеген ғылым салаларымен тығыз
байланыста. Солардың ішінде негізгілерін атап өтетін болсақ. Ол медициналық
психология, патопсихология, нейропсихология болып табылады.
1.2 Дәрігерлік психологияның салалары
А) Патопсихология
Патопсихология грек тілінен аударғанда қайғыру, науқастану дегенді
білдіреді. Б.В.Зейгарниктің анықтамасы бойынша патопсихология психикалық
процестің дұрыс жүру және қалыптасу заңдылықтарымен салыстыра отырып жеке
бастағы және психикалық іс-әрекеттердің бұзылу заңдылықтарын зерттейді.
Патопсихология психология ғылымының дербес саласы болып табылады және ол
психология мен психатрия саласы негізінде қалыптасқан. Патопсихология үшін
психология мен психатрияның практикалық және теоретикалық мәліметтері өте
маңызды. Қазіргі кезде педагогиканың медицинаның көптеген мәселелері адам
факторымен байланысты. Онсыз мәселелерді шеше алмайтыны анық.
Психатрия пәнінің өзіндік шектеулері бар. Психотрия медицинаның басқа
салалары сияқты психикалық аурулардың себебін анықтауға, қандайда бір
ауруларға тән симптомдар мен синдромдардың пайда болуымен қайталану
заңдылықтарын, ауруды божау критерийлеріне талдау жасау, ауруларды алдын-
алу және емдеуге бағытталған. Ал патопсихология психологиялық пән ретінде
психиканың нормада дамуымен құрылуы заңдылықтарына сүйенеді. Патопсихология
мидың бейнелі іс-әреетінің бұзылу заңдылықтарын түзетеді, үйретеді және
психикалық іс-әрекеттердің бұзылу заңдылықтары, тұлғаның қасиеттерінің
бұзылу заңдылықтары, сонымен қатар психологиялық танымдық процестердің
нормаға өту заңдылықтарын үйретеді.
Патопсихологияның негізін салушы атақты неміс психологі К.Левиннің оқушысы
Б.В.Зейгерник болады. Ол патопсихологияның еориялық негізін қалап
психикалық процестердің бұзылуын сипаттап патоппсихологтың жұмыс істеу
прициптерін ұйымдастырды. Клиникалық патопсихология бұзылған психикалық
функцияларды сипаттайды және жүйелейді анықтап зерттейді. Сондай-ақ
психологиялық әдістер арқылы психологиялық процестердің, құрылым
ерекшеліктерін және оның пайда болу сипатын ашады. Психикалары бұзылған
адамдарға патопсихологиялық процестердің, құрылым ерекшеліктерін және оның
пайда болу сипатын ашады. Психикалары бұзылған адамдарға патопсихологиялық
зерттеу жүргізу алғашқыда психиятриялық клиникада жүргізілді.
Патопсихология анық және өлшем нормаларын анықтау үшін қарама-қарсы сау
адамдардың психологиялық ерекшеліктері зерттелінді.
Патопсихологиялық зерттеулер мынадай компоненттерден тұрады:
1) Науқаспен әңгімелесу.
2) Эксперимент (тест жүргізу)
3) Науқастың тарихымен танысу
4) Зерттеу жүргізу уақытында оның мінез-құлқын бақылау.
5) Алынған нәтижені талдау.
6) Қорытынды өңдеу.
Патопсихологияда психикалық науқас кезінде жеке бастың және матевациялық
еріктік танымдық бұзылулардың патопсихологиялық синдромдары туралы түсінік
береді. Карсаковтың түсіндіруінше Клиникалық психология синдром жеке
бастағы және танымдық процестердің бұзылу синктомдарын үслестіруде заңды
пайда болатын синктом. Клиника психологиялық синдромды екі бағытта
қарастыруда синдромды екі бағытта қарастырады:
1. Патопсихологиялық;
2. Нейро психологиялық Поляковтың жазуынша клиника психологиялық
синдромның клиника патопсихологиялық синдромдарынан еш айырмашылығы жоқ
дейді. Егер клиникалық зерттеулер (психопотологиялық) бұзылған психикалық
процестің көрініс беру заңдылығын анықтаса экспериментальды – психологиялық
зерттеу сол психикалық процестің қалай бұзылғандығы жөніндегі сұраққа
жауап береді. Психопатологиялық синдромдар қатарынан клиникада ең
бастылары деп мыналарды атауға болады:
1. Шейзофу немесе диссоцитивті симптом – лауазымдық сатыдағы мотивтердің
құрлымының өзгеруі. Ойлаудың мақсатты бағыттылығының бұзылуы эмоционалды
еріктік өзгертулер өзіндік сана және өзіндік баға берудегі өзгеруі сияқты
жекелік мотивациялық ауытқулардан тұрады.
2. Психопатикалық симптомокомплекс өзін бағалау және талаптану деңгейінің
бірден еместігі. Катотимдегі типтегі айлаудың бұзылуы сияқты эмоциональды
еріктік ауытқулардан тұрады.
3. Органикалық симптом комплекс, алғашқы білімдерінің және іс-тәжірибесінің
бұзылуы. Ойлаудың зейіннің ойлаудың операциялық жағының бұзылуы. Эмоцияның
тұрақсыздығы қабілеттіліктің бұзылуы, ақыл-ойдың төмендеуі сияқты
симтомдардан тұрады. (клиникада бұған бас миының экзогенді органикалық
жеңілуі цейребральді атериоскелероз, бас миына тиген зақымданудан, сондай-
ақ эндогенді органикалық бұзылу, эпилисия сияқты ауру түрлері жатады).
4. Олигарофинді симптомкомплекс оқуға түсінікті қалыптастыруға, ойлаудың
қарапайымдылығы және нақтылығына деген қабілеттіліктің жоқтығынан тұрады.

.
Жеке тұлғадағы бұзылысты зерттеу үшін психолог міндетті түрде бұндай
жағдайда нені зерттеу керек екендігін мұқият белгілеп алуы қажет:
мотивтері, қызығушылықтарын, құрылымдары жіне т.б.
Б.Д.Карвасарский жеке тұлғаны зерттеуде мынадай негізгі міндеттерді атап
көрсетеді:
1. Жүйкелік-психикалық және соматикалық аурулардың пайда болуы кезіндегі
жеке тұлғаны зерттеу;
2. Аурудың патогенезінде және клиникалық картинасының көрініс беруіндегі
жеке тұлғаны зерттеу;
3. Әртүрлі аурулар кезіндегі жеке тұлғаның өзгеруінің ерекшеліктерін
көрсету (шығару);
4. Психопрофилактиканың, психотерапияның және реабилитацияның жеке бастық
ұтымды белгілі бір әдістерді өңдеу;
Жеке тұлғаны зерттеуде негізгі 2 әдісті көрсетеді:
1. Клиникалық, 2. Лабораториялық;
Оның біріншісі науқасты бақылау, онымен әңгімелесу негізінде құрылған.
Екіншісі – түрлі тесттерді пайдалануды көрсетеді.
Адамның өмір тарихын зерттеу анамнестикалық немесе биографиялық әдіс
арқылы жүргізіледі. Міндетті түрде науөас туралы мәліметті тек оның өзінен
ғана емес, сондай-ақ оның туыстарының айтқандары арқылы жинау керек.
Науқастың жеке басы туралы топтық психотерапия кезінде көп білуге болады.
Жеке тұлғаны зерттеу үшін кеңінен қоланылатын тестер:
1. Дембо-Рубинштейн әдістемесі;
2. Розенцвейгтың фрустрациялық әдістемесі;
3. Аяқталмаған сөйлем әдістемесі;
4. Тематикалық апперцивтік тест (ТАТ);
5. Люшер тесты;
6. Жасөспірімдік диагностикалық сауалнама;
7. ММРІ – сауалнамасы.
Б) Сананың бұзылуы
1. Сана бұзылуының критерийлері.
2. Сана бұзылуының синдромдары: кома, ступор, онейроид, есеңгіреу,
делирий.
3. Сандырақ және сандырақтың түрлері.
Сана обьективті шынайылықтың көрініс беруінің жоғарғы формасы. Бұл тек
адамға ғана тән.
Адам өзінің ішкі жан дүниесін құрайтын көптеген білім – біліктерді, қатынас
толғаныстарды әрдайым сезе бермейді. Содан бейсана әр адамның психикалық
болмысының ажырамас бөлігі болып табылады.
Сана мен бейсана арасындағы қатынасты әлі шешілмеген сұрақ деп есептеуге
болады. Бейсана проблемасының осы заманғы ғылыми түсінігі негізі екі
бағытқа бөлінеді: 1. психоанализтеориясы және астарлы психикалық нұсқаулар
теориясы. Психоанализ бойынша сана мен бейсана психикалық әрекеттің бір –
біріне тікелей қарсы, өзара сыйыспайтын элементтері. Ал нұсқаулар теориясы,
керісінше психикалық тұтастық идеясын дәріптеумен, адам қасиеттерінің
бірлігі туралы түсінікті басшылыққа алады.
Сана жоғары дәрежеде ұйымдасқан мидың қызметі. Адам санасы нақты – тарихи
шынайы өмірмен анықталады. Қазіргі адамның санасы ата – бабаның танымдық
әрекетінің күрделі дамуының өнімі, яғни тарихи прогрестің нәтижесі.
Сананың бұзылуы ақиқат бейнеленуіндегі сананың ішкі байланыстары ғана емес,
сондай – ақ сыртқы байланыстарының да кеселге шалдығуын айтамыз. Бұл
жағдайда заттар мен құбылыстардың тікелей бейнеленуі бұзылады. Сананың
бұзылу синдромдары бірдей емес. Сонымен бірге олардың барлық белгілеріне
тән болатын ортақ қасиеттері болады. а) айналадағыларды айқын қабылдамаудан
білінетін ақиқат дүниеден бөлініп қалу, қабылдауды ажыратудың қиындығы
немесе толық мүмкін еместігі. ә) уақыт, орын, қоршаған адамдар, белгілі
дәрежедебағдар жасау үнемі айқын бөлінеді. б) ойлаудың аз уақытқа
байланыссыз қалуы, көбіне болмайды. в) Ойда жатқан оқиғалар мен
субьективтік ауру оқиғаларын еске түсіру қиын, сананың бұзылуы туралы
естелік үзік – үзік, не мүлдем болмайды.
Сананың бұзылысы мынадай синдромдарға бөлінеді: Есеңгіреу, амнезия,
онейройд, кома, сананың тұмандануы. Оларды психиатрия зерттейді.
Есеңгіреу – сыртқы тітіркендіргіштердің тез арада жоғарлауынан, ассоциация
түзелісінің қиын, баяу жүруінен байқалады. Есеңгіреу кезінде психикалық
қызмет баяулап, сана босап қалады.
Бұл жағдайда қабылдау мен әсерлерді өңдеу қиындайды, сыртқы
тітіркендіргіштер зейінді аудармайды, аңғарылмайды. Айналаны толық
бағдарлай алмайды немесе болмайды. Сұрақтар бірден қабылданбайды, олардың
мағынасы үлкен күш – жігер жұмсау арқылы түсініледі. Жауаптарда қиындықпен
айтылады, дәл толық емес, кейде дәйексіз болады. Түсінік жұтаң, тапшы
болады. Ұйқы кезінде түс көрмейді. Есте сақтау өте әлсіз болады. абыржу,
галлюцинация, сандырақ болмайды. Барлық қимылдар баяу болады. Көзқарас пен
бет әлпет көрнісі енжар, топас күйде білінеді. Тез қалғиды, кейде үнемі
ұйқы билейді. Есеңгіреу күйі нашарлаған кезде сопор мен ессіз ұйқыға
ауысады. Есеңгіреудің жеңіл дәрежесін сананың обнубиляциясы деп атайды.
(сопор – қозғалыссыз жатқан адамның реакцияларын мүмкіндік болмайды.
Мысалы: қарашықтардың жарыққа деген реакциясы. Өз луақытында көмек
көрсетілмесе сопор комаға ауысуы мүмкін. Есеңгіреу уақытында дәрігер
науқасты зерттеуде науқасқа қатты сөйлеп, шыдамды болу керек, өйткені
науқас ұзаққа дейін жауап бермейді.
Елес (делирий) - Есеңгіреуден күшті ерекшеленеді. Егер есеңгіреу кезінде
психикалық қызметтің жұтаң, ассоциацияның тапшылығы басталса, елеске,
керісінше сезімдік – нәзік түсініктер бейнелі, үздіксіз білінетін көрнекі
естеліктер тән. Көңіл – күй өте өзгермелі келеді.Кейде зәресі ұшып қорқу,
кейде делбесі қозып әуестенушілік, кейде жүйкеге тиетін қыңырлық, сол
сияқты эйфория пайда болады. Елес кезінде галлюцинациялық оқиғалар сахна
немесе кино экрандарындай өтіп жатады. Сананың елес түрінде алжасуы кешке
және түн мезгілінде күшейе түседі.
Амнезия – бұған ойлаудың байланыссыздығы мен абыржушылық тән. Науқас
байланыссыз сөздер жиынтығын интонацияны өзгертпей, мүдіріссіз, кейде
сыбырлап, кейде қатты айтады, кейде әндетеді. Сөз арасында көңілсіз күлкі
немесе өксіп жылаумен үзіліс болып отырады, осының себебінен тез шаршап
қалады. Амнезия кезіндегі қозу едәуір түрлі болып келеді: әдетте ол төсек
маңымен шектеледі. Бұл ауру айналадағыны ретсіз шашып, төгу, денесінің
дірілдеп селкілдеуі, шаршауы, бүкіл денесін қисаңдату, қолдарын ерсілі –
қарсылы сермеу тән.
Сананың тұмандануы – Қоршаған ортадағы өзара байланысы қылықтарымен
әрекеттердің терең сақталуы. Ол оның галлюцинациялармен әрекеттердің терең
сақталуы. Ол оның галлюцинациялармен және күшті қорқынышпен, ызамен,
агрессивті әрекетпен қатар жүреді.
Кома – (грек тілінен - ессіздік) сананың бұзылысының ең тере деңгейі,
науқастар қоршаған ортаға, тіпті ауырсыну туғызатын тітіркендіргіштерге де
әсер етпейді, қарашықтар үлкейген жарыққа деген реакция жоқ, кей жағдайда
поталогиялық рефлекстер көрініс береді. Жалпы сананың бұзылуы психикалық
аурулардың және бас миының зақымдануынан (көбінесе ісікке байланысты)
туындайды. Сана бұзылысының нәзік симптомына комтоминтация жатады. Команың
ақыр соңы бұл науқастың өлімі.
Онейроид – шынайы өмір мен фантастикалық көріністердің қатар жүретін,
сананың бұзылысы. Онейроид қабықшаның тонусын төмендететін ми ісіктерінде,
кейбір психикалық, инфекциялықауруларды байқалады.
Сана бұзылысы анықталған науқастарды арнайы емдеу мекемелеріне ауыстыру
қажет. Емдеу процессін стационарда жүргізу қажет. Өз профиліне бай мамандар
қажетті көмекті көрсете білуі қажет. Мысалы: бас сүйегі ашық зақымдалуы
салдарынан туындаған сананың тұмандануы болса алғашқы көмек хирургиялық
бөлімде жүзеге асуы қажет. Адам санасы түрлі образда көрініс бергендіктен,
оның бұзылысын зерттеуде ең дұрыс жағдай – науқасты, оның психикалық
әрекетін (қабылдау, ес, зейін, интелект, ойлау, эмоциялық сфера, ерік-
жігер) жан-жақты зерттеу.

В) Ойлаудың бұзылуын зерттеу әдістері және олардың дифференциалды-
диагностикалық мәні.
Ойлау шындықтың жалпылама және және ерікті белгілері ретінде білімді
игеруде және қолдануда пайда болады. Бұл игеру фактілердің қарапайым түрде
жинақталуы емес, жинақтау, бөліп қарастыру, жалпылау, жаңа интелектілеу
операцияларын қолдану түрінде болады. Науқастарды психикалық әрекеттің
кейбір патологиялық формаларында жалпылау және бөліп қарастыру операция
жүйесін қолдану мүмкіндігін жоғалтады. Әртүрлі бас миы ауруларынан азап
шегетін науқастардың ойлауын зерттеуде ойлаудың операциянальды жағының
бұзылу әртүрлі формаларға ие. Олардың әртүрлілігіне қарамай жолын
сәйкестендіруге болады.
1. Жалпылау деңгейінің төмендігі
2. Жалпылау процесінің бұзылуы.
Жалпылау деңгейінің төмендеуі кезінде науқасты заттар мен құбылыстар туралы
еріксіз елестер басымырақ болады. жалпы белгілеріне сүйену заттар
арасындағы нақты байланыспен алмасады. Эксперимент тапсырмаларын орындау
кезінде мұндай науқастар түсінікті толығымен ашатын белгілерді таңдай
алмайды. Мысалы: классификация әдістемесі бойынша тәжірбие кезінде итпен
мысықты бір – бірімен араз қылғандықтан бір топқа енгіздім дейді науқас. Ал
екінші науқас түлкі орманда тұратындықтан, қоңыз орманда ұшатындықтан
екеуін бір топқа жіктеген. Үшінші бір науқас аяқ киім мен қарандаш із
қалдырушылар деп біріктірген. Орманда тұрады, ұшады деген науқастың
жалпылау процесін көрсетті. Мидың ауырсыну жағдайы динамикалық бұзылуына
әкеледі. Науқастардың ақыл – ой жұмысының толқуы тапсырма күрделілігінен
емес науқастың ми қыртысының динамикасының бұзылуына тәуелді болады. Мұндай
толқулар, пікірдің бір қалыпты болмау, бұзылысқа тән ерекшелік тапсырманы
орындау тәсілінің тұрақсыздығы.
Ойлаудың орнықсыздығы – адикватты емес шешімдердің ауысып отыруымен
сипатталатын ойлау динамикасының бұзылуы ойлау операциясының құрылыуын
өзгертеді. Орнықсыздық көбінесе маникальды депрессивті психоз кезінде
бақыланады. Маникальды жағдай кезінде науқастар көтеріңкі көңіл күймен,
психомоторлы қозумен сипатталады.
Ойлаудың енжарлығы – бұл жағдайда науқастар өз жұмысының таңдамалы тәсілін
өзгерте алмайды. Бір іс - әрекет түрінен келесіге ауысу қиынға түседі.
Мұндай бұзылыстар эпилепсиямен ауыратын науқастарда, бас ми жарақатын алған
әсерден пайда болады. Науқастар кейде жұмыс жасай алады, бірақ жиі
бұзылыстар жасайды. Бұрынғы квалификациясын жоғалтады және жаңа білімдерді
қажет етпейтін жұмыстар жасайды. Психоневрологиялық емханаға олар
дисканфенция жағдайына көп түседі.
Психикалық аураулар клиникада ойлаудың бұзылуы жекелік бұзылулар мен бай
екенін көруге болады. Олардың құрамына ойлаудың бір қалыпты еместігі, өзін
- өзі реттеудің бұзылуы кіреді. Ол қойылған мақсаттармен міндеттермен
анықталады. Бұл салыстырмалы акт жүзеге асу үшін адамның ойы белсенді
обьективті шындыққа бағытталған болуы керек. Ойлаудың мақсатты бағыттылығы
жоғалған жағдайда пікірдің үстірттілігінен және аяқталмағанына әкеліп
қоймайды., сонымен қатар ойлау адамның әрекетінің реттеушісі деген
жағдайдан мінез – құлықты қозғаушы күші ретінде, көзі ретінде түсінуге
болмайды.
Ойлаудың оперциянальды жағын зерттеуге арналған әдістемелер.
1. Классификация .
2. Пектограммалар.
3. Түсінікті салыстыру және анықтау.
Г) Естің бұзылуы және әртүрлі нервтік-психикалық аурулар кезінде ес
процесінің бұзылуы,естің бұзылуын зерттейтін әдістер.

Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда
біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер
салатыны бәрінеде мәлім. Осыдан өткен тәжірибемізден қалған іздерді
жадымызда қалдырып, сақтап кейін бұрын білгенімізді жойып алмастан, оларды
қайта танып, жаңғыртуымен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.
Ес болмаса адам кітапта оқи алмайды, еңбекте ете алмайды, тіпті қарапайым
дағдылардың өзін игеруге шамасы келмес еді. Кейбір психикалық ауруларға
ұшырағанда естің терең зақымдануы байқалады. Мұндай аурулар өздерін қай
жерде тұрғанын есіне сақтай алмайды, немен шұғылданғанын білмейді, олар
кітап бетін оның мазмұнын есте қалдырмастан қайта – қайта оқи береді.
Жүйке жүйесі ауырған кезде есте сақтаудың жүйесі бұзылуы мүмкін. Есте
сақтау, есте ұстау, қайта жаңғырту – осы бөліктегі компоненттеріне зақым
келуі мүмкін. Ауру адам есте ұстауының нашарлығынан өткен, болғанын еске
түсіре алмайды ондай бұзылуды гипомнезия деп атайды, мұндай жағдайжа
адамдар өздерінің есте ұстауына жүгінбей, кітапшаны қолданылады.
Қайта жаңғыртуда естің түсуін амнезия деп атайды. Амнезия көбіне миға зақым
алғандарда көрінеді. Мысалы: амнезия көбіне талма түрінде көрініс береді.
Науқас бірінші көмекті кім көрсеткенін және қайда, кім апарғанын білмейді.
Тек есін қайта анық жинақтаған соң ғана есіне сақтау қабілеті көрінеді.
Психитариялық клиникада, жүйке жүйесін емдейтін клиникаларда парамнезия деп
аталатын түрін көп кездестіруге болады. Естің өтірігі, қателігі уақытында
болған істі тасымалдауды бәрі осыған кіреді.
Ерекше қызықты құбылыс бұл – гипермнезия. Репродукциялық форманың ең
бастысы еске күш салу. Тариста адамның функцияналдық интеллектілік
қабілетінің жетіспеушілігі – ошгофрениеда үлкен орын алады. Мысалы: Иноди
атты бала 7 әріптен басқа әріпті есіне сақтай алмаған, бірақ 7 жасынан 5
таңбалы санды ойша көбейткен. Иноди 14 жасынан бастап оқып үйренеді
гипермнезия алдағы уақытта өте қызықты бола бастайдады: берілген тапсырма
бойынша ол 400 санды есіне сақтаған, 24 таңбалы санды көбейткен. Естің
кейбір сапасы әр адамдардікімен бірдей емес. Мінездеме бойынша аурудың есте
сақтауының талдауы әртүрлі аспектідегі сызбада көрсетілген.

Естің өнімді сапасы – кейбіреулері дұрыс есіне сақтайды, бірақ сол бойда
ұмытып қалады, ал енді біреулері дұрыс есіне сақтай алмайды, дұрыс қайталай
алмағандықтан, бірақ негізділері оның есінде көп уақыт бойына сақталып
қалады. Бағалы да сапалы естің бір түрін дайындық ол керекті кезінде
керек материалдарды қайта жаңғыртуды қамтамассыз етеді. Қартая келе есте
сақтаудың жылдамдығының азаюы және зейіннің жоғарлауының төмендеуі естің
әлсіздігіне әкеліп соғады.
Амнезияны мынадай түрлерге бөліп көрсетуге болады:
Толық амнезия мидағы қартайған психозға зақым келген кезде болады. Болған
оқиғаның естен жойылуы, зақым алу, ұмытшақтық және т.б. Отандық психиатр
Корсаков бұл түр Корсаков синдромы деп атайды. Корсаков синдромда өткен
оқиғаны есіне сақтау төмендейді. Ауру адам соншалықты есін білмейді. Кім
онымен бүгін әңгімелескенін, туыстарының келгенін, таңертеңгі тамаққа не
жегенін, дәрігерлердің, күнде келіп қызмет ететін адамның есімін білмейді.

Д) Эмоциональды - еріктік сфераның бұзылуы және оларды диагностикалау
Эмоцияның мидағы ұйымдасуын зерттеу – нейропсихологияның жаңа және аз
зерттелген саласы. Эмоцияның мидағы ұйымдасуын зерттеу проблемасы
нейропсихология үшін маңызды.
Клиникалық нейропсихологияда эмоциялық сфераның бұзылысы маңдай
синдромының міндетті симптомы ретінде қарастырылады: эйфория, эмоциональды
паралич, эмоциялық салғырттық т.б.
Соңғы уақытта психиатрлар, невропатологтар эмоциялық бұзылыс анализіне
көп көңіл бөлуде. Мәліметтерге сүйенсек, эмоциялық бұзылыс, ми
сыңарларының сол жақ бөлігінің зақымдалуына қарағанда, оң жақ бөлігінің
зақымдалуында анық байқалады. Ми сыңарларының оң жағы зақымдалғанда,
эмоциялық реакцияныңлабильдігі, эмоциялық басқару қабілетінің төменделуі
байқалады. Т.А.Доброхотова мен Н.Б. Барагинаның зерттеулері бойынша, мұндай
зақымдалудан кейін, аффектілердің немесе аффектифтік тонустың
төмендейтіндігі көрініс беретіндігі айтылады. Эмоциялық пароксизм мен
вегетативтік бұзылыстарда байқалады.
Тұрақты эмоциялық бұзылыстарға невроз типіндегі синдромарды жатқызса,
пароксизмальды аффективті бұзылысқа шынайы себебі жоқ аффектілерді
жатқызады. Т.А.Доброхотваның еңбектерінде алғаш рет эмоциялық сфераның
бұзылысының ерекшеліктері систематикалық түрде сипатталған.
Эмоциялар жастық дағдарыстармен тығыз байланысты жеткіншектерінің
эмоциянальдық өмірі өте тұрақсыз. Бұл бірінші немесе екінші сигналдар
жүйесінің уақытша диегармонясымен түсіндіріледі. Эмоциялық әрекет қарттық
кезеңде өзгереді. Бұл кезеңде эмоциялар лабилді болады. Көңіл – күй
жабырқаулы, мазасыздану белгілерімен болады. Жалпы сезімдер адамдарды
көркейтеді, интелектуалдық процесін күшейтедеі, зейіннің тұрақтылығына
жағымды әсер етеді. Жағымды эмоциялар кері әсер береді.
Эйфория – патологиялық түрдегі жоғарғы көтеріңкі көңіл – күй.
Қоршағандардың барлығы ашық тонда қабылданып, барлық адамдар сүйкімді,
мейірімді болып көрінеді.
Келесі бір симптом – идеаторлық қозу. Ойлар жеңіл және тез жүреді, бір
байланыс келесісін бірден қозғайды.
Үшінші симптом – қозғалыстық қозу. Науқас үнемі қозғалыста болады, барлық
іске араласады, бірақта соңына дейін жеткізбейді, қоршағандарға кедергі
жасайды. Эйфория олигофренияда, зақымдаушы ауруларда кейбір психикалық,
инфекциондық, эндоркриндік бұзылыстарда байқалады. Көптеген авторлардың
пікірінше стресс психикалық аурулардың пайда болуына себепкер болады.
Стресс – бұл күтпеген, шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Стресстың
көрінуінің ең көп таралған түрлері мынадай:
1. Стресс – бұл келеңсіз уайымдардың нәтижесінде туатын эмоциянальды
күш.
2. Стресс – күйзеліс
3. Стресс – психикалық шиелініс.
Стрестік жағдайда мақсатты әрекетті, зейінді аудару мен бөлуді жүзеге асыру
қиынға соғуы мүмкін, тіпті әрекеттің жалпы тежеліске ұшыруы. Стресс кезінде
қабылдау, ес қателіктері, кенеттен көрінген қарсыластардың санын анықтауға
күтпеген жерден туған әсерге сай келмейтін реакциялар тағыда басқа болуы
мүмкін.
Депрессия - пессимистік көзқарасқа толы, жабырқаулы көңіл күй. Өлім өзін
- өзі өлтіру ойлары сирек туындайды. Депрессивты науқастар аз қозғалады.
Оқшау жерде, басын төмен қаратып отырады. Түрлі әңгімелер оларды
қызықтырмайды. Соматикалық аурулар мен невроздар кезінде субдепрессия
сонымен қатар, шизофреняда, психозда, маникальды – депрессивты психозда
көрініс береді.
Фрустрация – тұрақты жағымсыз эмоциялық күй. Жағымсыз эмоциялық күйге душар
ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен
әрекеттің бұзылуының негізі болды. Фрустрацияға көбіне көп эмоцияға
берілгіш, қызба аамдар ұшырайды. Фрустрация кезінде адамдар өте күшті
нервтік психикалық күйзеліске түседі.
Дисфория – жоғарғы тітіркенушілікпен және қоршағандарға
қанағаттанбаушылықпен қарайтын, ызалы көңіл-күй. Кейде агрессиялы
әрекеттерге деген құштарлық байқалады. Эпилепсия кезінде жиі көрініс
береді.
Эмоциональдық лабильдік көтеріңкі көңіл күйден жабырқаулы көңіл күйге еш
себепсіз жеңіл ауысумен сипат. Бұл көбінесе жүрек ауруларында, сонатикалық
ауруларда, астенияда жиі байқалады.
Апатияда – сыртқы әлемнің құбылыстарына ауырсынып, салғырт қарау. Науқастар
туыстарына салқын қарайды, сезімталдық қабілетін жояды.
Эмоциональдық амбиваленттік – бір уақыттағы қарама-қарсы эмоциолардың
болуы. Мыс: бақытсыздық (қайғы) қуанышты көңіл күйді туғызады, ол көтеріңкі
көңіл күй, қайғыруды туғызады. Мұндай көңіл-күй шизофрениямен ауыратын
науқастарда кездеседі.
Еріктік әрекеттің бұзылысы әртүрлі, олар, әсіресе психикалықауруларда және
бас миының органикалық бұзылыстарына көрініс.
Еріктік бұзылыстардың ішінде жиі кездесетін – гипобулия. Гипобулия –
еріктің белсенділіктің төмендеуі. Мұндай науқастар аз қозғалады, іс
әрекетке деген ынтасы жоқ. Қандайда бір істі бастаса, соңына жеткізбейді.
Оның себебі – шаршау емес, істі жалғастыруға деген ынтасының жойылуы.
Гипербулия – науқас адамның шамадан тыс белсенділігі. Мұндай күй
перициоздық аменияда туындайды. Өнімсіз гипербуля маникальдық күйде жүрген
науқастар байқалады. Кейбір ауырсыну күйлерінде еріктің тез арадаға
әлсіреуі абулия байқалады. Абулия кезінде науқас кез-келген әрекетті
тоқтатады, барлық арманын жояды. Сонымен қатар коталепсия да көрініс
береді. Кей жағадайларда еріктік әрекеттен жиіркену жағдайлары кездеседі.
Оны – парабулия деп атайды (мысалы, жүкті әйелдердің тамақтану иісінен
жиіркнуі).
Эмоцияны зерттеуде Люшердің ТАТ тестісін қолдануға болады. Мазасыздану
деңгейін Тейлордың, Спилбергердің шкалаларымен зерттелінеді. Осы
патопсихологиялық әдістерді қолдануда зертелінушінің эмоциясының
көтерілуіне көңіл бөлу қажет.

ІІ БӨЛІМ ДӘРІГЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯ –ЖАЛПЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРАКТИКАДА.

2.1 Психикалық аурулар туралы жалпы түсінік, психикалық ауруларды
диагностикалау және емдеуде дәрігер психологтың ықпалы
Психикалық аурулар бас миының патологиясымен байланысты және психиканың
бұзылуы түрінде көрініс береді.
Психикалық аурулардың пайда болу себептерін ішкі (эндогенді) және сыртқы
(экзогенді) деп 2-ге бөлеміз. Экзогенді факторларға, тұқымқуалаушылық, жас
ерекшелігі мен адам конституциясымен байланысты. Бұл топтарға шизофренияны
және маниакальды-депрессивті психозды жатқызады. Экзогенді аурулар сыртқы
ортаның әсеріне байланысты болады. Оларға түрлі генездегі бас миының
жарақат алуы және ми ісігі (мысалы, алкогольды психоз, инфекциялық,
сифилитикалық, травмвтикалық эпилепсия).
Зиян келтіруші факторларды теориялық түрде сыртқы және ішкі деп бөлу дұрыс
емес деп айтуға болады. Яғни егер адамның барлық реакциялары адамның ұзақ
эволюциясы негізінде қалыптасты дейтін болсақ бұл факторлармен ұшырасу
міндетті түрде психикалық ауруларды туғызады деп айта алмаймыз. Инфекциялық
науқастармен тығыз контактілерге түсушілердің арасында инфекцияға сезімтал
немесе сезімтал емес адамдар жатады. Мысалы, бір жұмыртқалы егіздердердің
біреуінің шизофрениямен ауруы екіншісі үшін де 100% қауіпті болып табылады.
Шизофрения кезінде көптеген науқастарда басында психикалық жарақаттаушы
жағдайлармен немесе соматикалық аурулармен, алкогольдік интоксикациялармен
байланысты болып келеді.
XIX ғасырдың соңына дейін психикалық аурудың симптомына негізделеді.
Сондықтан да мұндай принцип симптомдық деп аталады. Кейін бірінші кезекте
аурудың патогенезі мен этиологиясын қарастыратын назологиялық принцип
ұсынылады. Қандай да бір психикалық аурудың этиологиясын ескеру эффектісі
емдік және профилактикалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Медициналық статистика және психикалық аурулардың диагнозын қою үшін
ұлтаралық классификация ("Жүйке жүйесінің және сезім мүшелерінің аурулары",
"Психикалық аурулар" т.б.) бар. Түрлі соматикалық, инфекциялық,
эндокриндік, және басқа да ауруларда психикалық бұзылудың клиникалық
суретінің спецификациясы бар. Бұл психикалық бұзылулар мынадай топтарға
ажыратылады:
1)Инфекциялық аурулармен байланысты психоздар:
А)Қатты инфекциялық ауруларға байланысты болатын
психи-
калық бұзылулар.
Б)Тұрақты инфекциялық ауруларға байланысты
психикалық
бұзылулар.
2)Интоксикацияға байланысты психоздар:
А)Кәсіби интоксикацияларға байланысты психикалық бұзылу-
лар.
Б)Нашақорлық.
3)Жарақат алғандағы психикалық бұзылулар:
А)Күрделі жарақаттағы психоздар.
Б)Жарақатты энцефалопатия.
4) Соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылулар.
5) Жүрек ауруына байланысты психикалық бұзылулар.
6) Кері даму кезіндегі психикалық бұзылулар
7) Шизофрения.
8) Маниакальды-депрессивті психоз.
9)Эпилепсия.
10) Невроздар
11) Реактивті психоз
12) Психопатиялар
13) Психикалық дамымаушылық

Шизофренияның патопсихологиялық синдромдары
Шизофренияны зерттеудің даму тарихы С.С.Карсаковтың, В.Х.Кондинский,
Э.Креплин, Е.Блейрдің аттарымен тығыз байланысты.
XIX ғ. II жартысында шизофренияның жеке түрлері өз алдына ауру
ретінде түсіндірілді. Оларды назологиялық топқа біріктіруге алғашқы қадам
жасаған С.С.Корсаков пен В. Х.Кондинский болды. Э.Креплин ақыл ойдың ерте
төмендеуі деген атпен жастай және шапшаң басталған ауру ақыл-ойдың
төмендеуіне әкелді деп ойлап, ауруларды бір топқа біріктіреді. Кейінен
аурудың басқа түрлері кездесетіні анықталды.Олардың басты деген белгілерін
Е.Блейер шашырау деп түсіндіреді. Шизофрения грек тілінен аударғанда
психиканың шашырауы деген мағынаны білдіреді. Шизофренияның пайда болуы
әлі күнге дейін белгісіз. Шизофрения созылмалы процесті, этиологиясы
жағынан айқындалмаған ауру. Шизофрения ерекше түрдегі жеке тұлғаның басында
пайда болатын өзгерулермен тез және жәй жүретін психикалық ауру (энергиялық
күшінің (потенциялының) төмендеуі; эмоционалды нашарлау, психикалық
процестердегі қателіктер).
Алайда аурудың даму кезінде тоқталуы мүмкін. Сол кезде бұзылыстардың орны
толығып бастапқы сатысында толық сауығуыда байқалады. Шизофрения жиі
кездесетін психикалық аурудың бір түрі. Бұл ауру көбінесе жастық шақта
кездеседі. Шизофрения басталатын жағдайлар 20-25 жас аралығында жиі
байқалады, яғни шизофрения ұзаққа созылатын жас жұмысқа қабілетті кезде жиі
кездесетін ауру. Жиі аурудың күшеюі науқастың қоғамдық ортаға бейімделуін
әлеуметтік қарым-қатынасын үзуге, психикалық белсенділігін төмендеуіне
әкеліп соғады.
Қазіргі уақыттағы шизофрения ағымының жүйесі:
1. Үздіксіз жүріп отыратын шизофрения,
2. Ұстамалы ауру бейнесі тәрізді шизофрения,
3. Рекурентті шизофрения, (едәуір жағымды түрі).
Процестің жүру түріне қарай шизофрения:
1. Азпрогредиентті.
2. Орташапрогредиентті.
3. Қатерлі.
Өз дамуында шизофрения бірнеше сатыдан өтеді. Оның өту барысының бірнеше
түрі бар. Шизофренияның әр бір сатысы мен түріне симптоматиканың кейбір
ерекшеліктері тән. Ауруға психика бірлігінің, бүтіндігінің бұзылуы және
психикалық қызметтің сыртқы тітіркендіргіштерге сәйкес келмеуі тән. Мұның
өзі аурудың мінез-құлқынан байқалады. Науқас адам өмір жағдайлары мен
қоршаған ортада өзін дұрыс емес қалыпта, әрі түсініксіз ұстайды.
Ауру еш себепсіз өзінің сүйікті мамандығын тастап кетеді, сабаққа бармайды,
таныстарымен, достарымен, туыстарымен араласпайды, үйінен шықпайды, күн
ұзағына төскете аунап, салдыр-салақ күйінде жата береді.
Шизофрения заңды байланысты ой ағымының реттілігін жоғалтады. Аурудың сөз
байлығында граматикалық байланыстар біршама сақталған кезде қисындап,
мағыналы байланыс жоғалады. Сөз бен ойлаудың үзік-үзіктігі шизофренияға тән
болады.
Шизофренияға тән бұзылыстар аурудың эмоциялық рекциясынан көрініс табады.
Әдетте шизофрения үшін эмоциялық қасиеттің сәйкес келмеуі тітіркендіргіштер
күшіне эмоциялық реакциялардың сай болмауынан болады. Ауру ауруханаға
жатудан үзілді-кесілді бас тартады.
Белгілі бір себеп сылтау туралы ауру қарама-қарсы әсерлік сезім жасайды.
Оның санымен бірге қарама-қарсы сезімге берілуі мүмкін.
Шизофрения кезінде психикалық бұзылудың көрінуіне қарай клиникалық симптом
(белгі) және синдромдар (бірнеше нышаналардың жиынтығы) деп бөлінеді.
Диогностика үшін негізгілері:
1. Нигативті симптомдар; (- симптомдар: ойлаудың және эмоциональды еріктік
сфераның бұзылуы) болып саналады.
2. Позитивті симптомдар (+ симптомдар) шизофренияның үздіксіз жүруі кезінде
белгілі бір жүйелікпен өсіп отырады:
1. Невроз сияқты
2. Аффективті
3. Есалаң сияқты (психопат)
4. Елестеушілік (галюционация, ешқандайда сыртқы әсерсіз өтірік қабылдаудың
пайда болуы).
5. Паранойдты сандырақтау - ізге түсу сандырағы (жалған ақыл-ойын
нақтылауда, пікірін айтуда пайда болатын психикалық бұзылулар)
6. Сананың онейройдты түнеруі (ашық фантастикалық бейнелер)
7. Парафренді сандырақ. Сандырақтың болмауы, ойлаудың үзілуі.
8. Гебефренді (көңіл-күйдің жоғары болуы, ойлаудың үзілуі, сөздік және
ебейсіз қимылдардағы қозу).
9. Кататоникалық.
Басқаада көпшілік аурулар сияқты шизофрения өз дамуында бірнеше сатыдан
өтеді.
1.Бастапқы саты
2.Аурудың дамуы
3.Соңғы саты д.а.
Шизофренияның көптеген түрлері кездеседі мысалы: жалықтырып жіберетін
астенопохондриялық көрініс беретін (психикалық әлсіреу) шизофрения,
паранояльды шизофрения (сандырақ, қызғаншақтық, ойлап-тапқыштық және ізіне
түсіп отыру) галюцинциялық-паранойдты, қарапайым гебефреникалық, кататонды
шизофрениялар болып бөлінеді.
Психиатр Ю.Ф.Поляков өзінің тәжірибесінен Шизофрениямен ауратын
науқастарда актуализация мәліметтерінің бұзылуын белгілеп көрсетеді.
Берілген эксперимент бойынша сау адамдармен салыстырғанда науқастар мүмкін
болатын және мүмкін болмайтын жақсы айырады. Нәтижесінде науқаста
шизофрения негізінде психикалық іс-әрекеттің бұзылуына әкеліп соғатын
ойлаудың шашыраңқылығы белгіленеді. Бұл науқас адамдар заттар мен
құбылыстар арасында ерекше маңызды байланыстырады, айыра алмайды.
Шизофрения кезіндегі емдеу шаралары схемалық түрде бірнеше түрлерге
бөлінеді. Олар ауруға әсер әдісіне қарай: 1. медикаментозды емдеу; 2.
психотерапия; 3. еңбек терапиясы; 4. емдеу мекемесінде, үйде, жұмыс орнында
және басқа жағдайларда режим ұйымдастырылады.
Маникальды-депрессивты психоздың патопсихологиялық синдромдары
Желікпе-сарыуайымшыл психоз (Маникальды-депрессивті психоз) – желікпе
немесе сары уайымдық түр ретінде талманың оқтын-оқтын алмасуымен
сипатталады. Талма арасында әртүрлі уақытқа созылатын талма арасындағы сау
көңіл-күй білінеді. Бұл ауру кезінде шизофренияға немесе мидың органикалық
ауруларына тән болатын жеке бас ақауының пайда болуы мен өсе түсуі
байқалмайды. Бұл ауру жастық шақта, әсіресе әйелдерде жиірек кездеседі.
ЖСП ды дербес ауру ретінде Креплин 1896 жылы анықтады. Кейбір
мағлұматтар бойынша бұл аурудың дамуы тұқымқуалаушылық деп түсіндіріледі.
Бұл аурудың бітімдік ерекшеліктері тұрғысында мыналар байқалады: ЖСП-
дың мезі қылатын талмалары көбіне үнемі жоғары көңіл күймен ерекшеленетін
немесе көңіл күйдің ауытқуына бейімділік айқын білінетін жандарда жиі пайда
болады. Ғалымдардың бір қатары ЖСП-дың патогенезін ішкі секреция бездері
қызметінің бұзылысымен байланыстырады. Бұл жорамалдың дұрыстығы, аурудың
әйелдер арасында жиі кездесуі дәлелдейді. Оның ұстіне талманың пайда болуы
екіқабаттық, климакс кезеңімен көбіне сәйкес келеді.
ЖСП-дың клиникалық көрінісі желікпе (маникальды) және сарыуайымшыл
(депрессивті) талманың қарама-қарсы екі типінің болуымен сипатталады.
1. Желікпе күй (маникальды аффект) – симптомдарының мынадай 3 түрі
байқалады:
1. Көтеріңкі көңіл-күй;
2. Ойлау қарқынының жылдамдауы;
3. Психомоторлық қозу (сөз және қимыл).
Желікпе көңіл күйде аурудың көңіл-күйі көтеріңкі болады. Ол барлық
нәрсеге араласып, үлгілі жобалар құрастырып, оларды жүзеге асыруға,
жауапты адамдардың қабылдауында болуға ұмтылады. Ауру өзін талантты
адамға бағалайды, кез келген қиындықты жеңе алатындай сезінеді. Аурухана
бөлімінде науқастың жанынан байқаусыз өтіп кету мүмкін емес: науқас
міндетті түрде қандайма бір сұрақпен немесе ұсыныспен өтініш жасайды.
Желікпе көңіл күйде көңіл күйдің кілт жоғарлауы, ойлау қарқынының
жылдамдауы үйлесімді түрде сөздік және қимылдық қозумен ұштасады. Ауру
тынбастан сөйлей береді, соның салдарынан дауысы да қарлығады. Ауру үнемі
қозғалыста жүреді де оған бір орында отыру қиынға соғады.
Бір істі бастап аяғына дейін жеткізбейді. Үнемі бір жаққа асығып
жүреді. Аз ұйықтайды, күніне 2-3 сағаттан артық ұйықтамайды. Әдетте көңілді
жүреді, кейде ашулы кейіпте болады, конфликтіге тез түседі.
Желікпе көңіл күйге тән жағдай жыныстық құмарлық артады. Сәл таныс
немесе мүлде таныс емес адамдармен байланысады. Айналасындағы адамдардың
берекесін кетіреді.
Аурудың тамақты көп жейтініне қарамастан оның салмағы кемиді.
Салмақтың біртіндеп жоарлауы кері даму күй басталғанының белгісі болып
табылады. Желікпе ұстаасы кезінде әйелдерде, көбіне, етеккірдің келуі мен
оның ұзақтығы бұзылады.
2. Сарыуайымшыл күй (депрессивты) – милонхолиялық күйде симптомдардың
мынадай 3 белгісі байқалады.
1. көңіл-күйдің төмендеуі. 2. парасттық процестердің баяулауы,
тежелуі. 3. психомоторлық сөздік және қимылдық тежелу.
Сарыуайымшыл күйде науқас барлық жағдайда қараңғы қабылдайды, мұңға
берушілік, түсіңкі көңіл-күйде болады. Әрдайым сағыныш сезімінде жүреді.
Бұл жағдайда кеде мен бүкіл денеде қолайсыз сезім байқалады, жалпы
әлсіздік, ұйқының бұзылуы, жұмыс қабілетінің шұғыл төмндеуі сезіледі. Оны
ештеңе қуандырмайды, ешбір оқиға оны алаңдата алмайды. Өткен мен болашақтың
бәрі қайғылы көрінеді. Ай сөйлеп, жай қимыл қозғалыс жасайды. Науқас
адамның жақын туыстарына деген қарым-қатынасы өзгереді. Ауру өзін жаман,
түкке тұрғысыз адам ретінде санайды. Өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға денсаулығының психологиясы
: Тұлға денсаулығының психологиясы. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары
Топырақ эрозиясы
Айрықша қорғауға алынған табиғат объектісі
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі патофизиологиялық емдеу. Экстракорпоральды және перитонеальды диализ
Медициналық психология пәні
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері жайлы мәлімет
Сананың бұзылуы
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезі
Эпилепсия ауруының жалпылама сипаттамасы
Пәндер