Күздік бидай сорттарының салыстырмалы дән өнімділігі және оның құрылымы
МАЗМҰНЫ
1 Әдебиеттерге шолу 2
1.1 Бидайдың маңызы, таралуы 2
1.3 Күздік жұмсақ бидайдың қысқа суыққа төзімділігі 9
1.4 Қоршаған орта жағдайларына бейімделуіндегі сорттардың рөлі 10
2 Өндірістік тәжірибе жүргізілген жердің топырақ және климат жағдайлары 17
2.1 Жамбыл облысы ауа райының ерекшелігі 17
3 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ 26
3.1 Өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемесі 26
3.2 Күздік бидайдың перспективалы сорттарының вегетация дәуіріндегі өсіп-
жетілу ерекшелігі 27
3.3 Күздік бидай сорттарының салыстырмалы дән өнімділігі және оның құрылымы
33
3.4 Күздік бидай сорттарын өсірудің экономикалық тиімділігі 35
4 Еңбекті қорғау 38
ҚОРЫТЫНДЫ 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48
1 Әдебиеттерге шолу
1.1 Бидайдың маңызы, таралуы
Бидай – азық-түліктік дәнді дақыл. Бидай наны ақуызбен көмірсулардың
көптігімен және жақсы сіңімділігімен ерекшеленеді. Бидай дәні сонымен қатар
жарма, макарон және кондитер өнеркәсібінде де қолданылады. Бидай сапасының
маңызды көрсеткіші – дәніндегі ақуыздың мөлшері мен оның сапасы.
Халықаралық стандарт бойынша, бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері 13,5% [1].
Дәндегі ақуыздың мөлшеріне климат пен топырақ жағдайлары және
енгізілген тыңайтқыштар әсерін тигізеді.
Бидай нанындағы ақуыздың сапасы өте жоғары және олар жақсы сіңіріледі.
Бидай ұнының нандық қасиетін бағалағанда, оның маңызының (клейковинасы)
мөлшері мен сапасының рөлі зор. Маңыз құрамында негізінен ақуыздық заттар –
глиадин мен глютеин кіреді. Оның сапасы мен мөлшерімен нанның көлемдік
шығымы мен жұмсағының қуыстылығы анықталады. Нанның жоғары көлемдік шығымы,
маңыздың иленгіштілігі (созылмалы, иілген, майысқақ) пен қамырдың газ
ұстағыш қабілетіне байланысты. Маңызды созылғыштығы 30 см-ден жоғары және
20 см-ден төмен болмауы керек. Нанның жайылу көлемі, оның биіктігінің
диаметріне қатысымен анықталады, осындай қатынас жартысынан төмен
болмағанда өте жақсы бағаланады. Жұмсағының жоғары бағалануы біркелкі, жұқа
қабырғалы ұсақ дәнді қуыстылықта анықталады [2].
Дәнді астықтар ішінде күздік бидай өте құнды тағамдық дақылдардың
бірі. Дәнінің сапасы бойынша ол барлық күздіктерден асып түседі. Бидай наны
ақуыз (14%) бен көмірсулардың (80%) көптігімен ерекшеленеді. Дәнінде
ақуыздың көп болуына ауа райы мен топырақтың, сондай-ақ берілетін
тыңайтқыштардың әсері мол. Күздік бидай күздік және көктемдік ылғалдарды
жақсы пайдаланады. Ол топыраққа терең енетін мықты тамыр жүйесін түзу
арқасында қоректік заттарды жақсы сіңіреді және құрғақшылықтан аз зардап
шегеді. Құрғақшылық пен аңызақтан оның өте ерте пісуі де сақтап қалады.
Күздік бидай өнімі жоғары агротехникада және аймақта дұрыс орналасса жаздық
бидайдан жоғары, ал күздік қарабидайдан үнемі көп болады. Күздік бидайдың
жаздықпен азық-түліктік маңызы бірдей бола тұра, ұйымдастыру - шаруашылық
құндылығы одан жоғары. Күздегі егіс және жаздық бидаймен салыстырғанда ете
ерте жинау (7-10 күндей), ендіріс құралдары мен адам еңбегін толық және
біркелкі пайдалануға мүмкіндік береді.
Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Күздік бидай аязға және қысқа өте
төзімді дақыл болғанымен, бұл қасиеті бойынша күздік қарабидайға орын
береді. Тұқымы өну үшін қажетті ең төменгі температура 1-2°С, қолайлы
температура 10-12°С. Күзде және көктемде де түптейді, бірақ күздегі
түптенуі өте өнімді болады. Түптеуге қолайлы температура 8-10°С, ал 5°С-та
өсімдікте түптену процесі тоқтап қалады. Қарсыз қыста күздік бидай 16-18°С
үсіп кетеді, ал қалыңдығы 20 см қар жамылғысында 30°С дейінгі аяздарға
шыдайды. Жаздағы жоғары температураларды жақсы кетереді, әсіресе ылғал
жеткілікті болғанда. Күздік бидай ең жоғары өнімді топырақтың далалық ылғал
сыйымдылығы 70-74% болғанда береді. Ауа райы жағдайы мен сорттық
ерекшеліктерге байланысты, оның транспирациялық коэффициенті 250-350 [3].
Күздік бидай үшін құнарлы, ылғал жеткілікті, арамшөптерден таза,
реакциясы бейтарап (рН 6-7,5) қара және қара-қоңыр топырақтар өте қолайлы.
Құмдауыт топырақтарда ол өнімді ете аз береді. Азот пен фосфорды түптену-
гүлдеу, калийді масақтану және гүлдеу кезеңдерінде көп қажет етеді.
Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық
кезеңін қосып есептегенде) 180-310 күн аралығында.
Елімізде 2007 жылға дейін күздік жұмсақ бидайдың 27 сорты өсіріліп
келеді. Көп таралғандары - Безостая 1, Мироновская 808, Карлығаш,
Комсомольская 1, Богарная 56, Жетісу, Южная 12, Стекловидная 24,
Красноводопадская 209 және т.б.
Соңғы жылдары күздік бидайдың Алия, Егемен жене Саратовская 90 атты
жаңа сорттары аудандастырылды [4].
Қазақстан бойынша (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) осы
кезге дейін күздік қатты бидайдың бір ғана Айсберг Одесский сорты есіріліп
келеді [5].
Күздік бидайдың өсіп - дамуы екі кезеңде өтеді: біріншісі күзде
себуден тұрақты бозқырауға дейін және екіншісі көктемгі тірілуінен
басталып, дәннің пісумен және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі
кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ қарқынды дамиды. Күзгі салқын
температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарында қорлық
пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жиналады.
Өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйінде болады.
Күздік жұмсақ бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік ұлпаларындағы судың
мөлшері көп әсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің өліп
қалуына әкеліп соғады: себебі судың артық мөлшері мұз кристалдарының
түзілуіне ықпал жасайды, бұл ұлпалар үшін өте қауіпті, ал су жетімдіздігі-
протоплазма биоколлоидтарының коагулациясына ұрындырады да, өсімдіктер
құрып кетеді [6].
Күздік жұмсақ бидайдың тұқымы, жаздық бидай сияқты +1-2°С жылылықта
өне бастайды, бірақ жаппай өнуі +12-15°С температурада жүреді. Бүл жағдайда
егін көгі 6-9 тәулікте пайда болады. Мысалы, Қазақ Ұлттық аграрлық
университетінің тәжірибелерінде күздік бидай көгі ауаның орташа тәуліктік
температурасында 18,6°С жеті тәулікте, ал 15,9 және 12,8°С болғанда (себу
мерзіміне байланысты) тиісінше он және он екі тәулікте пайда болады.
Өсімдіктің көмегімен өсуі 3-4°С жылылықта басталады, алайда өсіп-
дамуына қолайлы жылылық 12-15°С. Қысқы, көктемгі төменгі температура мен
оның күрт өзгеруіне күздік бидай өте сезімтал. Қар қабаты болмағанда
температура -І6-18°С өсімдік опат болады, 20 см қар қабаты болса 15-20°С
аязға төтеп береді [7].
Күздік жұмсақ бидай күзде және көктемде +2-4°С жылылықта түптене
бастайды, бірақ қолайлы жылылық +12-14°С.
Солтүстік Қазақстан аймағында қолайлы мерзімде себілгенде 9-20 күннен
кейін негізгі сабаққа қоса 2-3 қосымша өркендер қалыптастырады және бүл
кезек 30-35 күнге созылады. Жекелеген жағдайларда, топырақта ылғал
жеткіліксіз болғанда, өсімдіктер түптеніп үлгермей, қысқы тыныштық күйге
кетеді.
Күздік жұмсақ бидайдың түптенуі мен оның ұзақтығы температураға ылғал
мен қоректік заттар қорына, қыстап шықан өсімдік күйіне байланысты
өзгереді. Оның ұзақтығы орта есеппен 30-35 күнге созылады [8].
Түптену кезінде қолайлы температура +15-16°С, масақтану +18-20°С, ал
гүлдену мен пісіп жетілу кезеңдерінде +20-25°С. Күздік жұмсақ бидайдың
көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша, себу алдындағы топырақтың 0-
10 см қабатындағы тиімді ылғал қоры 10 мм артық болса, онда өсімдіктердің
өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінде қолайлы жағдайда өтеді, ал 10 мм аз
болса, өсімдіктің көктеуі жауын-шашынға байланысты.
Егер ылғал 5мм төмен болса өсімдіктің көктеп шығуы төмендейді,
өсімдіктер алғашқы кезеңінде-ақ опат болады.
Күзгі ылғал жетімсіз болғанда тамыр жүйесі нашар дамиды,
көмірсутектері (қанттар) аз жинақталады, егістік нашар қыстап, көктемде
әлсіреп шығады, оның үстіне көктемгі ылғал қорын тиімді пайдалана
алмағандықтан егін өнімі азаяды.
Жақсы қыстап шыққан күздік жұмсақ бидай көктемгі тірілу кезеңінен
масақтануға дейінгі аралықта барлық қажетті ылғал мөлшерінің 70%, гүлдену
балауызданып пісу кезеңінде 20% дейінгі мөлшерін сіңіреді.
Күздік дәнді-дақылдардың ішінде күздік жұмсақ бидайдың топыраққа
талабы жоғары. Ол мол өнімді арамшөптерден таза, құнарлы әрі ылғалды
топырақтарда қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік жүмсақ бидайға
жарамайды.
Бидайдың 22 түрі бар. Оның ішінде біздің республикада екі түрі, яғни
жаздық және күздік бидайлар егіледі. Жаздық бидай негізінен Қазақстанның
суарылмайтын солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде өсіріледі.
Күздік жұмсақ бидайдың өзінің потенциялдық мүмкіншілігі жағынан жаздық
бидайға қарағанда түсімі жоғары.
Сондықтан, ол жауын-шашынмен қамтамасыз етілген аймақтарда және
суармалы жерлерде өсіріледі.
Атап айтсақ, оның негізгі егіс көлемі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстанның ылғалмен қамтамасыз етілген тәлімі егіншілігінде және суармалы
жерлерінде орналасқан [9].
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері астық өндірудің елеулі табыстарға
қол жеткізеді, дәлірек айтатын болсақ, ол 2009 жылы 24 млн. тонна маңында
астық жиналды.
Еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған негізгі міндет-
тердің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, әрі сапалы өнім алып қана
қоймай, топырақ құнарлығын жоғарылату болып табылады.
Бұл міндеттерді шешуде ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізін
жасай, оның ішінде тыңайтқыштардың тиімді мөлшерін, мерзімін, себу тәсілін
қолдану басты рөл атқарады.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы негізгі дақылдардың
бірі күздік бидайдың егістік көлемі осы аймақта 600 мың га шамасында, осы
дақылдарға құрылған ауыспалы егістік пен тыңайтқыштар жүйесі сақталмауы
салдарынан оның өнімділік деңгейі 20 цга аспайды.
Қазіргі кезде көптеген ғылыми зерттеу тәжірибелерінің нәтижелері
ауыспалы егістік пен тыңайту жүйесін дұрыс құрғанда күздік бидайдан мол әрі
сапалы өнім алуға болатындығын дәлелдеп отыр.
Осы жұмыста күздік бидайдың Стекловидная – 24 сортына қолданылған
минералдық тыңайтқыштардың оның өнімділігі мен сапасына әсерлері және
экономикалық жағынан тиімділіктері жөнінде толық деректер келтіріліп отыр.
Күздік бидай күзде егіліп, ертерек ораққа ілігетін болғандықтан, ауыл
шаруашылығы жұмысын ұйымдастыруға үлкен жеңілдік туғызады [1, 2].
Соңғы онжылдықта топырақ құнарлылығы күрт төмендеді, қазіргі таңда
жыртылатын жерлердің 80 пайызы жылжымалы фосформен төмен қамтамасыз
етілген. 1986 жылы мемлекетімізге 1 га айдалған жерге 29 кг әсерлі затымен
минералды тыңайтқыштар енгізілген, ал 2001 жылы 700 грамм, яғни тыңайт-қыш
енгізу 40 есеге төмендеді. Бұл жағдайдың бірден бір себебі болып минералды
тыңайтқыштардың өзіндік құнының жоғары болуы болып табылады [3].
Топырақта қоректік заттардың бір өзі жер құнарлылығын арттыруға қатысты
проблемалардың барлығын бірдей шеше алмайды. Сондықтан топырақтың су режимі
өсімдіктер тіршілігіне қажетті басты факторлардың бірі болып табылады және
оның өзгеру заңдылығы да қоректік заттарға қарағанда басқаша. Топырақтағы
су онда өтетін барлық процестерге әсер етуі арқасында өсімдіктерде
органикалық заттардың түзілуіне, ыдырауына қатысады. Өсімдік-тердің
қоректік заттарды пайдалануына, топырақтың түзілуіне, топырақтың ауа
режиміне т.б. процестерге де үлкен әсер етеді.
Кез келген химиялық реакциялар, яғни заттардың өзара әрекеттесуі ерітін-
діде жүреді. Суда еріген заттар өзара оңай жақындасады, тірі организмдегі
заттардың синтезіне және ыдырауына әсерін тигізеді. Мұның өзі суды
реакциялар жүретін орта ретінде ғана емес, аса қажет құнарлы элементтердің
бірі ретінде қарастыру қажет екенін көрсетеді.
Жалпы алғанда, топырақтың пайдалы ылғалы әр жылғы күзгі, көктемгі жауын-
шашын мөлшеріне байланысты болады. Сонымен, ылғалдылығы жеткілікті тәлімі
жердегі егістіктерде топырақтағы ылғал қоры күздік бидай себуден бастап
масақ салған кезеңге дейін 27-29 мм шамасынан кем түспейді.
Астық піскен кезде ғана ылғал қоры 7,5-10,1 мм төмендейді. Мұның өзі
ылғалдылығы жеткілікті тәлімі жерде дәнді дақылдардан тұрақты және жоғары
өнім алуды қамтамасыз етеді. Топырақ және тыңайтқыш арасындағы өзара
байланысты олардың бір-біріне қандай әсер ететіндігін жетік білу керек
екендігін көрсеткен болатын.
Өсімдіктер біздің планетамыздағы көміртегі айналымын жүзеге асыратын,
оны белгілі дәрежеде сақтап тұратын аппарат деуге болады. Жасыл
өсімдіктер жер жүзінде жыл сайын 400 млрд. т көміртекті қосылыстар түзеді.
Осы процесс кезінде 170 млрд.т көмір қышқыл газы мен 130 млрд.т су қосылып,
115 млрд.т оттегі бөлініп шығады. Органикалық заттар түзу үшін өсімдік жыл
сайын 2 млрд.т азот пен 6 млрд.т күл элементтерін пайдаланады [4].
Тыңайтқышты қолдану кезінде өсімдіктегі құрғақ заттар салмағының артуы
түптеуден дән салу кезеңіне дейін байқалады. Сол сияқты өсімдік құрғақ
затының артуы топырақ ерекшелігіне, ауа райына (жауын-шашын мөлшеріне)
байланысты болады. Қара-қоңыр топырақтағы парға егілген күздік бидайдың
(бақылау нұсқасында) 100 өсімдігінің түптену кезеңінде үш жылдық орта
салмағы 16,6 г болды. 10 кг фосфор тыңайтқышын (әсерлі затымен) қатарлап
енгізген кезде 100 өсімдік салмағы 19,3 г болды. Ал осы 10 кг фосфор
тыңайтқышы үстіне тағы да 30 кг мөлшерінде фосфор тыңайтқыштарын жерді
жыртар алдында енгізген кезде 100 өсімдіктің құрғақ салмағы 24 г шамасына
жетті. Фосфор тыңайтқыштарын жоғарыдағы мөлшерде, сол тәсілмен ашық қара-
қоңыр топырақта қолданғанда күздік бидайдың түптену кезіндегі құрғақ зат
салмағы 18,4-21,3 г, тыңайтылмаған нұсқаларда 15,7 г болды.
Тыңайтқыштар енгізген кезде өсімдіктің құрғақ заттар салмағы бақылау
нұсқасымен салыстырғанда, өсімдіктер өсуінің барлық кезеңдерінде жоғары
болып, тыңайтқыштар қолдану нәтижесінде дәнді дақылдар арттыруға мүмкіндік
туды.
Топырақ ылғалы төмен және жауын-шашыны аз жердегі азотпен тыңайтылған
өсімдіктер мен тыңайтылмаған өсімдіктер арасында айырмашы-лық шамалы
болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көбейту және оның сапасын
жақсартудағы басты шаралардың бірі – ондағы сіңімді қоректік заттардың
мөлшерін арттыру болып табылады.
Ауыспалы егіс жағдайында дақылдар үшін тыңайтқыш қолдану техноло-гиясын
сақтаудың маңызы зор. Өйткені бұл жағдайда тыңайтқыш берудің мөлшері мен
мерзімі барлық дақылдар үшін бірдей болмайды.
Тыңайтқыш енгізу мезгіліне қарай енгізудің 3 тәсілі бар: 1-негізгі
тыңайту, 2-тұқымды себу кезінде тыңайту, 3-үстеп қоректендіру.
Негізгі тыңайтудың басты міндеті дақылды бүкіл маусым бойы қоректік
элементтермен қамтамасыз ету. Сондықтан дақылдарға берілуге тиісті
тыңайтқыш мөлшерлерінің барлығын немесе 70-80% негізгі тыңайтуда қолданған
дұрыс. Негізгі тыңайту көпшілік жағдайда сүдігер жыртар алдында атқарылады
және оның мерзімін дақылдардың, аймақтық топырақ-климат ерекшеліктеріне,
тыңайтқыш қасиетіне сәйкес белгілейді. Көбінесе фосфор және калий
тыңайтқыштарының басым көпшілігі топырақтағы ылғалдың немесе суару әсерінен
оның терең қабатына шайылмайды. Демек, оларды көп мөлшерде күзде негізгі
тыңайтуда қолданады [5].
Тұқымды себу кезінде тыңайтудың басты міндеті – өсімдікті алғашқы өсу
кезеңінде қоректенуін үдету. Бұл дақыл тұқымды дұрыс және тез көктеп шығуы
үшін оның сіңімді қоректік заттармен қамтамасыз етудің маңызды шарасы.
Тұқымды себу кезінде қатарларға 10-20 кг фосфор қолдану осыған негізделген.
Азот пен калий тыңайтқыштарын қолдануға да болады. Тұқым топырақтың
беткі қабатында орналасқандықтан бастапқы өсу кезінде негізгі тыңайту үшін
тереңге енгізілген тыңайтқыштың қоректік затын пайдалана алмайды. Ал
тұқымды себу кезінде оның қасына енгізген тыңайтқышты өсімдік алғашқы өсу
дәуірінен бастап-ақ пайдаланады.
Фосфор тыңайтқыштарын тұқымды себу кезінде қатарға енгізгенде оның
құрамындағы фосфорды пайдалану коэффициенті 2-3 есе жоғарылайтыны
Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жүргізілген тәжірибелердің мәліметтері-
мен анықталған.
Үстеп қоректенудің негізгі міндеті – өсімдіктің белгілі бір кезеңінде
қоректенуін күшейту. Үстеп қоректендіруге арналған тыңайтқыш мөлшері және
оны енгізу мерзімі әрбір дақылдың қоректену ерекшелігіне сәйкес болады.
Сонымен бірге дақылдың қоректену ерекшелігіне сәйкес үстеп қоректену-
дің мерзімін және қолданылатын тыңайтқыш мөлшерін нақты анықтаудың маңызы
орасан зор.
Өсімдіктердің қоректенуінің физиологиялық негізінің қызметі ерекше.
Өсімдіктер организмінде зат алмасуын реттеп тұратын фактордың – өсімдік
қоректерінің теориялық негіздері жасалды. Осы ғылымға сәйкес, өсімдікте
үнемі зат алмасып тұрады, яғни алуан түрлі органикалық және минералдық
қосылыстардың пайда болу, өзгеру және құрып кету процестері шапшаң
қарқынмен жүзеге асады. Өсімдік дүниесінде болатын барлық даму процестері,
оның есесіне тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттердің пайда болып
дамуы өмір тірегіне – қорекке байланысты [4].
Өсімдіктің қоректенуін реттеу арқылы ондағы зат алмасу процесіне
белсене араласуға, өсімдік организмін көзделген мақсатқа қарай өзгертуге,
оның өсуін тездетуге немесе баяулатуға болады екен. Жоғары сапалы өнім алу
үшін өсімдіктің өсіп дамуының әрбір кезеңінде онда болатын ерекшеліктерді
есепке ала отырып, өсімдікті қажетті қоректік заттармен тиісінше қамтамасыз
етіп отырған дұрыс [6,7].
Органогенездің алғашқы кезеңінде тұқымның ұрық бүршігі қалыптасады,
ұрық жапырақшасы өзінің ең жоғарғы көлеміне жетеді. Өсу конусында 2-ші, 3-
ші және 4-ші жапырақтар қалыптасады да, конустың бетін жауып тұрады.
Себудің алдында және де органогенездің 2-ші кезеңінде енгізілген тыңайтқыш
жапырақтардағы бүршіктерді қосымша сабаққа айналдырып өзінің даму циклін
толығымен аяқтауына жағдай жасайды.
Өскін конусының тежеу кезінде азот тыңайтқыштарын енгізген өте тиімді
болады. Осы 3-кезеңде жүріп жатқан болашақ дән санының аз немесе көп
болуына енгізілген азот тыңайтқыштарының әсері мол.
Өсімдікті аса құнды қоректермен жабдықтау үшін мынандай жағдайларды
жете білген жөн. Біріншіден, өсімдіктің өсіп-дамуының әрбір кезеңінде оның
қандай қоректерді қажет ететінін білу керек, екіншіден, өсімдіктің кейпіне
(сыртқы пішініне қарай) қарап, қолда бар қоректік заттар оның қажетін өтей
алатынын, алмайтынын тез анықтап білу керек, үшіншіден, өсімдіктің өнім
құрауына қолайлы жағдай жасау үшін оған қажетті заттар жеткізіп беруге дер
кезінде шара қолдану қажет [8].
Көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бидай және басқа астық
дақылдарының өнімінің артуы тыңайтқышты дұрыс, мерзімінде енгізілуіне
байланысты [9,10,11]. Азот тыңайтқыштарын қолдану тиянақты зерттелген, яғни
көптеген зерттеулерде азот тыңайтқыштарының өнімділікке және дән сапасына
оң әсері анықталған [12,13,14,15,16].
Словакияда жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша күздік бидай
өнімділігіне сорт және ауа-райы әсерінің топырақ өңдеуге қарағанда жоғары
болатыны дәлелденді [17].
Күздік бидай сорттардың өнімділігі негізінен түптенуі және аудан
бірлігіндегі өсімдік санына тәуелді [18].
Күздік бидай өсіруде Чехия жүйесі – топырақты өте сапалы өңдеу, себу
мерзімі 25.09-5.10, себер алдындағы топырақ өңдеу кезінде фосфор, азот (40
кгга) енгізу, сонымен қатар көктемде бидай өсе бастаған кезде тағы да N40,
түптену кезінде N60 және бидайдың өсуін 71 цга көтерді.
Азот тыңайтқыштарын 60, 90 және 120 кг-га мөлшерінде бір мезгілде
немесе бөлшектей қолдану күздік бидайдың жалпы массасын ұлғайтып, оның дән
өнімділігіне әсері аса байқалды. Өнім 50-60 цга деңгейіне жоғарылады [19,
20].
Польшада әр сортқа байлансыты жүргізілген тәжірибеде бидай өнімділігін
қалыптастыруда өсімдік жиілігі болу қажеттігі дәлелденді. Мысалы, бір
сорттар үшін жоғары өнім 1 шаршы метрге 600 дана тұқым, ал басқа сорттар
үшін 750 дана тұқым сепкенде қалыптасатыны көрсетілді [21].
Күздік бидайды әртүрлі жиілікпен сепкенде (1 м2-ге 500, 400, 300 дана
дән) өнімділік, масақ саны, 1 м2 дән саны себу мөлшерінің ұлғаюына
байланысты өсетіні анықталды. Бірақ жекелеген өсімдіктердің көрсеткіштері
сирек егістікте жоғары болды [22].
Күздік бидайды өсірудің әртүрлі технологиясын салыстыру арқылы орта
деңгейдегі интенсивтік технологияның (азот тыңайтқышын бөлшектей беру және
фунгицидті бір мезгілде беру) тиімді екені көрсетілді [23].
Күздік бидайдың жоғарғы өнімі оның мына төмендегідей өнім құрамы
қалыптасқан жағдайда алынатыны дәлелденді: өнім беретін сабақ саны – 850-
1000 данам2, масақтағы дән саны 24-25 дана, мың дәннің салмағы 45-47 гр
(108 цга өнім алынды).
Күздік бидай суармалы жағдайда тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру
құрғақ биомассаның түзілуі 180-190 цга жетті, 240 кгга азот енгізу
кезеңінде егістік жығылуы орын алды. Азот тыңайтқышын N180-240 кгга,
фосфор P90-120 кгга артық беру кезінде өнімнің өсу қарқыны байқалмады.
Оңтайлы тыңайтқыш беру әр гектарға N180 P90 кгга [24, 25, 26]. Күздік
бидай-дың Пико сортына жүргізілген танаптық тәжірибелердің нәтижелері
бойынша P30K60 аясында тыңайтқыштарын енгізудің тиімді мөлшері (N140
мөлшеріне дейін), мерзімнің өнімділікке әсері анықталды.
Азот тыңайтқыштарымен ерте көктемде қоректену бидайдың өсу процес-
терін, түптенуін ұлғайтады, тамыр шірігінен ақ ұнтақ, қоңыр тат, швед
шыбыны және тағы басқа зиянкестерге төзімділігін жоғарлатады, ол қорыта
келе жоғары өнімділіктің құрылуына мүмкіндік береді. Ең жоғарғы өнімділік
(4, 16 тга) N140 P30 K60 (N90 түптену кезеңінде + N50 түтіктену кезеңінде)
енгізілген нұсқада болды; аяда гектарына 2,04 тонна өнім алынды.
Тыңайтқыштар әсерінің арқасында бидайдың арамшөптерге бәсекеге төзімділігі
жоғарылады, яғни ол да өнім құрылымында оң әсер етеді [27, 28].
Күздік бидайдың жоғары өнімі астық дақылынан кейін - N90 P60 K40 – 35,4
цга, сиыржоңышқа+сұлыдан кейін N60P90K90 41,4 цга алынды. Азот тыңайт-
қышын N120 кгга деңгейіне көтеру зерттелген барлық алғы дақылдар бойынша
тиімсіз болды [29].
Орманды сұр топырақ жағдайында азот және фосфор тыңайтқыштарын өзара
байланысты әсері топырақтағы жылжымалы фосфор 3 пен 9 мг100 г топырақта
болғанда күшейеді. Солтүстік Кавказ және төменгі Поволжье өңірі бойынша
суармалы және тәлімі жерлердегі жүргізілген 490 далалық тәжірибе-лерді
талдай келе, тыңайтқыш қолдануда, біріншіден азоттың, одан соң фосфордың
және калийдің өніп-өсудегі маңызын атап көрсетті [30, 31].
Азот тыңайтқышының оң әсері сиректену сәбілген егістікте, әр өсімдіктің
жеке даму көрсеткішіне байланысты жоғары болды. Ал жиі егісте азот
тыңайтқышы тиімсіз пайдаланылады [32, 33, 34]. Егістік жерді жалдап өңдеу
мәселесіне кейінгі жылдары ден қойылып келді. Оның топырақ қасиетіне және
астық өнімділігіне оң әсері дәлелденді [35, 36, 37, 38].
1.3 Күздік жұмсақ бидайдың қысқа суыққа төзімділігі
Күздік жұмсақ бидайдың қыстап шығу кезінде ортаның қолайсыз
факторларына, алдымен төменгі температураларға төзімділі күзгі вегетация
кезеңіндегі өсіп-даму процесстерімен тығыз байланысты.
Бұл процесстер оптималды гидротермиялық жағдайларда ғана ойдағыдай
жүруі мүмкін.
Көптеген ғылыми-зерттеулерде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
тау бөктеріндегі суарылмайтынын күздік жұмсақ бидайдың суыққа және қысқа
төзімділігін арттыру үшін егу мезгілінде егістікте қалыптасатын
гидротермияық жағдайларды толық пайдалану мәселелеріне көңіл бөлу керек.
Осыны ескере отырып, біз бейімдеу технологиясының негізгі
элементтерін өзгерту арқылы (себу мерзімі және себу мөлшері) күздік жұмсақ
бидайдың интенсивті сорттарын қажетті селекциялық процесс жұмыстарын
қолдана отырып және оларды сұрыптап, сөйтіп жоғары өнім алу мақсатын
қарастырдық.
Күздік жұмсақ бидай да басқа дәнді дақылдар сияқты өсіп-көктеу,
түптену, сабақтану гүлдеу және пісу даму сатыларынан өтеді.
Күздік жұмсақ бидайдың жаздық бидаймен салыстырғанда айырмашылығы ол
күздегі жауын-шашынды, сондай-ақ жаз, күз соңындағы және көктем басындағы
жылуды тиімдірек пайдаланады.
1.4 Қоршаған орта жағдайларына бейімделуіндегі сорттардың рөлі
Сорт, ауыл шаруашылығының талаптарына толық жауап беруі үшін, оның
бағалы шаруашылық және биологиялық қасиеттері, жергілікті табиғи
жағдайларға жақсы бейімделуі тиіс. Сонда аудандастырылған сорттардың өнімін
гектарынан 1,5-4,0 центнерге арттыруға, ал бірқатар сорттар бойынша бұдан
да жоғары түсім алуға мүмкіндік бар. Кезінде Қазақстанға Безостая 1
сортының орнына Опакс 1 күздік бидайының жаңа сорты келді. Ол 1993 жылы
Алматы облысында 50 мың гектардан астам егістікке себілген болатын. Қазақ
егіншілік ғылыми зерттеу институты ғалымдарының бақылаулары бойынша
күздіктер үшін қыс жағдайлары өте қолайсыз болған жылдары (1981, 1985) бұл
сорттың көктемге дейін сақталуы стандарттан 5,8%-ға жоғары болған, қысқа
төзімділігі жоғары болуы есебінен өнімділігі де стандарттан орта есппен
гектарынан 0,2-0,3 тоннаға жоғары болған. Шымкент облыстық ауыл шаруашылық
тәжірибелік станциясының суармалы ауыспалы егісінің қара сұр топырақтарында
Безостая 1 және Днепровская 521 бидай сорттарымен жүргізген зерттеулері
жоғары агротехникалық фонда Днепровская 521 сорты Безостая 1 сортына
қарағанда жоғары өнімді, дәнінің сапасы жағынан да басым болатындығын
көрсетті [10].
Астық тұқымдастарының интенсивті сорттарын шығарғанда мынадай
физиологиялық көрсеткіштерге фотосинтездік, өнімділік, фотосинтезбен тыныс
алу арасындағы қатынас және жалпы дәннің өнімділік мөлшеріне ерекше көңіл
бөлінеді. Фотосинтездің тиімділігі көп жағдайда өсімдік органдарының,
әсіресе, жапырақттың (сабақтың) көлеміне байланысты болады.
Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін жоғарлатудың маңызды
шараларының ішінде күздік бидайдың ауруларға төзімді жоғары сапалы
сорттарын шығару, оларды өндіріске ендіру және олардан жоғары өнім алу ең
маңыздысы болып есептеледі. Күздік жұмсақ бидайды суарылатын және тәлімі
жерлерде өсіру кезінде алаңның бір бірлігінен әр түрлі деңгейде адам
өміріне қажет зат алынатындығы белгілі.
Соңғы жылдары, күздік бидай үшін жоғары сапа және өнімділіктің
аналогтары болып саналатын Прогресс, Алматинская полукарликовая, Қарлығаш
сорттары аудандастырылды. Олардың өнімділігі конкурстық сорт сынау
питомнигінде, суармалы жағдайда гектарынан 7,5- 9,5 тоннаға жетті. Бұл
сорттардың қысқа төзімділігі, жоғары өнімділігі мен сапалығы Қазақстанның
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысындағы мемлекеттік сорт сынау питомниктерінің
мәліметтерімен дәлелденді.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысы үшін өнімділік потенциалы
90-120 цга жететін, ауруларға төзімді, дәнінің сапа көрсеткіштері жоғары,
суыққа, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары сорттар шығарылуда.
Мәселен, соңғы жылдары Қазақстанның біраз аймақтарында, шет елдерде, жоғары
сапалы агроэкотипке жататын Прогресс, Алматинская полукарликовая, Қарлығаш
сорттары аудандастырылған, Богарная 56 жэне ОПАКС сорттары тәлімі жерлерде
жоғары сапалы астық өндіру талаптарына сай келеді. Тұқымы жоғары сапалы
күздік бидай сорттары алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда гектарынан 80-100 ц,
ал қалғандарында 20-40 ц өнім береді. Өнімнің деңгейін және тұрақтылығын
жоғарлату үшін күздік бидайдың тұрақсыз метеорологиялық факторларға бейім
сорттарын шығару қажет.
Астық өндірісін ұлғайту және оның сапасын жақсарту, сондай-ақ
осылармен байланысты еңбек өнімділігін жоспарлы дамытуда және өнімнің
өзіндік құнын төмендетуде сорттың маңызы өте зор
Ғалымдардың және практиканттардың пікірінше сорт, ауыл шаруашылығының
талаптарына толық жауап беруі үшін, оның бағалы шаруашылық және биологиялық
қасиеттері, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделуі тиіс. Сонда
аудандастырылған сорттардың өнімін гектарынан 1,5-4,0 центнерге арттыруға,
ал бірқатар сорттар бойынша бұдан да жоғары түсім алуға мүмкіндік бар [11].
Кезінде Кубаның күздік бидай егілетін негізгі аудандарында, Украинаның
далалы және орманды далалық аймағында алдыңғы қатарлы агротехникалық
тәсілдермен қатар Безостая 1 және Мироновская 808 күздік бидай сорттарын
өндіріске енгізу өнімнің жылдам өсуін қамтамасыз еткендігін көрсетті. Бірақ
олар шығарғалы жарты ғасырдан астам уакыт өтті және олар басқа топырақ-
климат жағдайларына арналып шығарылған болатын. Сондықтан кейінгі кезде
Қазақстан үшін Безостая 1 сортының орнына Опакс 1 күздік бидайының жаңа
сорты келді. Ол 1993 жылы Алматы облысында 50 мың гектардан астам егістікке
себілген болатын. Бұрынғы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты
ғалымдарының бақылаулары бойынша күздік бидай үшін қыс жағдайлары өте
қолайсыз болған жылдары (1981, 1985) бұл сорттың көктемге дейін сақталуы
стандарттан 5,8 пайыз жоғары болған, қысқа төзімділігі жоғары болуы
есебінен -өнімділігі де стандартпен салыстырғанда орта есеппен гектарынан
0,2-0,3 тоннаға жоғары алынған.
Сорт ауылшаруашылық өндірісін өзгертетін негізгі буын, сондықтан жаңа
сорттарды өсіру үшін олардың тұқымын жақсартып, егудің агротехникалық
мәселелерін шешу қажет. Себебі, туындап отырған мәселелерді дұрыс шешу көп
жылдары бойы, жоғары, әрі тұрақты өнім алуға және елдің, бүкіл ауыл
шаруашылығының жоғары тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді [12].
Кезінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында егістік
жердің 50 пайызынан көбін алып жататын күздік бидайдың Безостая 1 сорты
болатын. Бірақ, соңғы жылдары Безостая 1 сортының орнына, қысқа төзімділіғі
жоғары және өнімділігімен ерекшелінетін күздік бидайдың жаңа интенсивті
сорттары өндіріске шығарылып, белсенді түрде енгізілуде.
Өсімдік барлық даму немесе онтогенездің жеке этаптарының дамуының ерте
немесе кеш болуы генеративті мүшелерінің қалыптасуы, гүлденуі және жеміс
беруінің ерте немесе кеш болуына қатысты ерте пісетін және кеш пісетіндерді
түсіндірді.
Вегетациялық кезең термині өсімдіктің көктеуінен бастап, вегетацияның
аяқталуын көрсетеді. Бұл толық пісушілік жаздық дақылдарда тұқымның
өнуінен, түзілуіне дейінгі уақытпен аяқталады. Кейінгі жылдары, күздік
бидай үшін жоғары сапа және өнімділіктің аналогтары болып саналатын
Прогресс, Алматинская полукарликрвая, Қарлығаш сорттары аудандастырылды.
Олардың өнімділігі конкурстық сортсынау питомнигінде, суармалы жағдайда
гектарынан 7,5-9,5 тоннаға жетті, Бұл сорттардың қысқы төзімділігі, жоғары
өнімділігі мен сапалығы Қазақстанның осы аймақта орналасқан мемлекеттік
сорт сынау питомниктерінің мәліметтерімен дәлелденді [13].
Прогресс сорты 1984 жылы Алматы облысында аудандастырылды. Гектарынан
потенциалды өнімділігі 9.0-10,0 тоннаға дейін жетті. Осы сорт 1985-1986жж
қыс мезгілі жағдайларының қолайсыздығына қарамастан, Қазақ егіншілік ғылыми-
зерттеу институтының "Қаскелең" тәжірибе шаруашылығының егістік жерлерінде
оптималды себу мерзімінде егілген бұл сорттың көктемге дейін сақталуы 86
пайыз, ал гектарынан өнімділігі жеті тонна болды. Бұл сорт басқа сорттарға
қарағанда суыққа төзімділігі және жоғары өнімділігімен ерекшеленді.
Интенсивті типті Алматинская полукарликовая сорты жауын-шашынмен
қамтамасыз етілген тәлімі жерлерде аудандастырылған. Қысқа төзімділігі
орташа. Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі жерлеріндегі мемлекеттік сорт
сынау участоктарында сыналған жылдары бұл сорттың көктемге сақталуы орта
есеппен алғанда 71 пайыз болды, бұл стандарт ретінде алынған Безостая 1
сортынан 5,7 пайызға жоғары еді. Сонымен қатар орташа өнімділігі де
стандарттан 0,84 тга жоғары болды.
Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының селекционерлері шығарған
күздік бидайдың Жетісу, Алмалы және Таза сорттары суыққа және қысқа
төзімділігі жоғарылығымен ерекшеленді.
Конкурстық сорт сынау нәтижелері бойынша олардың орташа өнімділігі
стандарт Прогресс сортымен (8,61 тга) салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып
шықты (9,56 тга). Бұл сорттардың қыстап шығу деңгейі де 4,9 пайызға жоғары
болды [14].
Астық тұқымдастардың өнімділігін анықтағанда әдетте, бір масақтағы
дәннің орташа санымен 1000 дәннің массасы негізге алынады. Көп жағдайда бұл
көрсеткіштер сорттың өнімділігіне дәлірек баға береді.
Селекциялық материалды бағалағанда оның белгілерінің өсу ортасына
байланысты өзгерістерін ескеру керек. Азғантай көлемдегі егістіктің
өнімділігі - сорттың жағдайға байланысты өзгерістерін, өнімділігі мен
масақтағы дән саны, 1000 дәннің салмағы секілді көрсеткіштері орта
жағдайына байланысты қатты өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан селекциялық номерлер мен сорттарды өнімділігі бойынша
бағалағанда тәжірибе арасында модификациялық өзгерістің әсерін азайтатын
бірдей жасау қажет.
Астық тұымдастардың интенсивті сорттарын шығарғанда мынадай

әсіресе, жапырактың (сабақтың), көлеміне байланысты болады.
Мәдени дақылдардың өнімділігі 20 ғасырдың 2-ші жартысында, 2-3 есеге
артты. Яғни жердің интенсификациялық факторының арту себебі, оның
зиянкестеріне, дақылдың түрлі ауруларына төтеп беруі болып табылады.
Егерде жаңа дамып келе жатқан мемлекеттерде өткен ғасырдың 60-70
жылдарында дәнді-дақылдың өнімділігі біріншіден жердің құнарлығына, ал
екіншіден сортына байланысты дейді. Мысалы Германияда 1952-1975 жылдар
аралығында күздік бидайдың жылдық өнімі гектарына 92 ц құрады, оның 62%
жаңа технологияларға байланысты болды.
Кененбаев С.Б. (2008) орталық жетістіктеріне тоқатала келіп, былай
деді. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының
селекционер ғалымдары қазіргі уақытта ауылшаруашылығы дақылдарының 391-ден
аса сорттары мен будандарын шығарып, мемлекеттік сынақ комиссиясына
тапсырған. Соның ішінде, бүгінгі күні олардың 146-сы аудандастырылып,
шаруашылықтарда кеңінен қолдануда.
Жеке дақылдарға келетін болсақ, күздік бидайдың республикада
пайдалануға рұқсат етілген сорттардың барлық саны 24, оның ішінде
орталықтың шағарғаны 12, яғни 50% құрайды.
Күздік бидайдың 12 сорты Қазақстан Республикасында және басқа көршілес
мемлекеттерде кеңінен қолданылады.
Еліміздің егіс алқабының 80% немесе 500 мың гектары өз сорттарымыздың
еншісінде. Осы сорттар ішінде өнім жағынан, сапасы мен ауа райының қолайсыз
жағдайына төзімділігі бойынша ерекшеленетіні, суармалы жерлерде
қолданылатын қарқынды Жетісу сорты мен тәлімі жерде егілетін Стеловидная 24
сорттары, олар барлық күздіктер себілетін жерлерде кеңінен қолданылады,
сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжік Республикасында өсірілуде.
Прогресс, Жетісу, Эритроспермум 350 және Пиротрикс 50 сорттары
өнімділігімен қатар суыққа да төзімді. Богарная 56 сорты сапалы бидай
ұнының негізі болып есептелінсе, Пиротрикс 50 сорты жемшөпке лайықтылығымен
ерекшеленеді. Оның құрамындағы лизин мен белок 3,7%, ал кәдімгі жұмсақ
бидайда 2%. Южная 12, Стекловидная 24, Эритроспермум 350, Наз, Алмалы,
Жетісу, Дербес, Раусин сорттары біздің республикадан басқа іргелес Орта
Азия елдерінде пайдалануға рұқсат етілген. Жаңадан шығарылған сорттар
ішінде Алмалы сортына 2003 жылы пайдалануға рұсқат берілген, ал күздік
себетін оңтүстік аймақтар мен Тәжікстанда қолданады. Алмалы сорты өзінің
жоғары өнімділігіммен (75 цга дейін) және ауа райының қолайсыз жағдайына
төзімділігімен ерекшеленеді. Ол сары тат ауруы мен секториозға төзімді, ұн
және нан пісіру сапасы жөнінен бағалы бидай қатарына (клейковинасы-28%,
ұнның күштілігі -288 Дж., нан көлемі – 850 мм3, нан пісу бағасы-4 балл
жатады [15].
Оңтүстік Қазақстан өңірінде күздік бидайдан аса сапалы өнім алуы үшін,
өндірісте шығынды аз жұмсап, бәсекелестікке сай сапалы дән өндіру,
агротехниканы үнемі жетілдіріп отыру және аудандастырылған сорттардың
биологиялық ерекшеліктеріне байланысты себу мөлшерін және тыңайтқыштарды
топыраққа енгізу тәсілдемесін, үнемді агротехнология жүйесін зерттеу
ғылымының басым бағытына ие [16].
Күздік бидайды әртүрлі тәсілмен (жай қатармен 15 см, тар қатармен 4,5
см, тоғыспалы әдіспен) себу өзара салыстырылған. Тар қатармен және
тоғыспалы әдіспен себудің жай қатарға қарағанда өнімділігі және дән сапасын
төмендететіні анықталған. Сондықтан авторлар өз тәжірибелерінде күздік
бидай сорттарын жай қатармен, 15 см, таспалы екі ізді (70х20х20 см) және
таспалы 3 ізді (70х15х15х15 см) сеуіп, тәсілдерді өзара салыстырған.
Зерттеу нәтижелеріне сүйене отыра, олар төмендегідей қорытындыға келген.
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік Батыс ауылшаруашылығы ғылыми
зерттеулер орталығының тәжірибе алқаптарында күздік бидай сорттарын 70см
арақашықтықта 3 қатарлап жолға еккенде дәннің өнімділік деңгейі бақылау
нұсқасынан (жаппай 15 см) қарағанда 1,4-1,7 цга артық дән жинауға
мүмкіндік жасайды, бірақта бұл нұсқа 70 см арақашықтықпен жалға 2 қатарлап
сепкенде қарағанда дән 11,7 цга кем жиналған. Демек, жалға 2 қатарлап 70
см арақашықтықта 2,0 млн. дана өнгіш тұқым сепкенде өнімділік көрсеткішінің
едәуір артатынын байқаймыз. Сонымен қатар, дәннің сапасы да жай қатармен
себілген нұсқаға қарағанда, таспалы екі ізбен себілген нұсқада жоғары
болғанын байқаймыз.
Оспанбаев Ж.О., Жанаев Р.К. (2005) өз зертеулері нәтижелеріне сүйене
отыра, күздік бидайдың Жетісу, Алмалы, Стекловидная 24, Эритроспермум 350
сорттарының себу тәсілі мен мөлшерінің жапырақ фотосинтетикалық қызметі мен
дән өнімділігіне әсерін анықтаған. Тәжірибеде күздік бидай сорттары жай
қатармен 15 см гектарына 5,0 млн. дана тұқыммен, кең жалды 70 см – 4,0 млн.
дана, жалды таспалы екі қатармен (70х20х20 см)-1,5; 2,0; 3,5 млн. дана;
жалды таспалы үш қатармен (70х15х15х15см) 1,5; 2,5; 3,5 млн. дана тұқыммен
себілген [17].
Астық түсімінің мөлшері тек жапырақ алаңшасының көлеміне ғана емес,
сонымен қатар өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңіндегі өтімді қызметіне
тәуелділігін көрсетеді.
Сирек және орташа жиіліктегі егістіктердегі әрбір өсімдіктің жапырақ
алаңы көлемінің үлкен болып, биомассасы артады, бірақ егістің жалпы
ассимиляциялаушы жапырақ көлемі, әсіресе өнім беретін масақтар саны
үйлесімді деңгейге жетпейді.
Осының әсерінен сирек және орташа жиіліктегі егістер дән өнімін аз
мөлшерде құрайды. Кейін пайда болған жанама сабақтар масағындағы дәндердің
нашар толысып, толық піспеуі әсерінен өнім сапасы төмендейді.
Қазақстанның оңтүстік шығысындағы ашық қара-қоңыр топырақты суармалы
жерлерде жалдап себу тәсілімен өсірілген күздік бидайдың құрғақ биомасса
өніміне азот тыңайтқыштардың мөлшері, мерзімі, тәсілдерінің әсері
анықталған. Азот тыңайтқыштарының өсімдіктердің құрғақ биомасса
өнімділігіне оң әсері дәлелденген [18].
Жамбыл облысының құрғақ далалы тәлімі жерлерінде күздік бидайдың
Богарная 56, Наз, Стекловидная 24, Адыр, Арап сорттарын өзара түсімділігі
және дәннің негізгі сапа көрсеткіштері бойынша бағалаған [19].
Ізденушінің деректері бойынша, аталған күздік бидай сорттары орташа
есеппен тәлімі жерлерде 14,4-17,9 цга өнім беріп, оның дәніндегі белоктар
мазмұны 14,1-15,9% жеткен, дәннің көлем салмағы 705-840 гсм3, 1000 дән
массасы 39-44,8 г аралығында ауытқыған. Ең жоғары өнімді Қырғыз
селекциясының Арап сорты қалыптастырған 15,1-20,9 цга.
Соңғы жылдары күздік бидайдың сары, қоңыр та және септориоз ауруларына
шалдығуы жиілеп кеткен. Әсіресе, республикада 1980-1993 жылдары
аудандастырылған Стекловидная 24, Богарная 56, Жетісу, қарлығаш, Прогресс
сорттары жапырақ ауруларына төзімсіз. Егістікте ауруға төзімсіз сорттардың
көптеп себілуі сары және қоңыр тат ауруларының жаппай талалуына себеп болып
отыр.
Сондықтан сары тат ауруларына төзімсіз сорттарды жақсарту үшін иммунді
сорттармен донор будандастыру қажет. Ауруға төзімді сорттарға Наз, Алмалы
және Дербес жатады. Сондықтан да оларды селекция жұмысында жергілікті
төзімсіз сорттардың иммундік қасиеттерін арттыру үшін донор ретінде
қолдануға болады. Алмалы сорты будан тәсілімен алынған күздік бидайдың жаңа
сорты. Оны республиканың оңтсүтік облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Жаңа сорт 1999-2003 жылдары дән өнімділігі жағынан сорттық сынаққа түсіп,
барлық 19 сорт сынақ пункітінде тексеріліп, олардың 17-інде бірінші орын
алған. Әсіресе, Безостая 1, Стекловидная 24, Богарная 56, Южная 42, Жетісу
сорттарымен салыстырғанда әр гектардан 3-20 ц артық өнім берген [20].
Алмалы сорты жоғары өнімді, ауруға және экологиялық жағдайларға төзімді,
сондықтан оны барлық облыстарда әртүрлі топырақ типтерінде, суармалы,
тәлімі жерлерде өсіруге болады.
Айтымбетова Қ.Ш. және т.б. (2009) тәжірибелерінде, күздік бидайдың 45
сортары мен үлгілері экологиялық сынақтан өткізілген. Оларды өсімдіктер
биіктігі, масақтағы дән массасы, 1000 дән салмағы, өнімділіг бойынша
бағалаған. Алмалы, Ақ дән, Стекловидная 24 сорттары стандарт сорт Жетісудан
өнімділігі бойынша басымдық байқатқан. Сол себепті, Оңтүстік Қазақстан
облысының суармалы жерлерінде күздік бидайдың сортүлгілері экологиялық
сынақтан өтіп, морфологиялық ерекшеліктері, өнімділігі, фитопатологиялық
төзімділігі бойынша келешегі бар сортүлгілер мемлекеттік сорт сынау
комиссиясына ұсынылған [21].
Батыс Қазақстан облысы жағдайында күздік бидай сорттарының өнімінің
сапасын белок мөлшері, дән өнімділігі, дән сапасы, нанның шығымдылығы,
жалпы нан пісіру және т.б. көрсеткіштер бойынша бағаланған. Аталған бағалау
деректері бойынша сорттар күшті, құнды, күштілігі шамалы бидайлар тізіміне
енгізілген [22].
Облыс жағдайында күздік жұмсақ бидай сорттарының сапа көрсеткіштерін
бағалау нәтижелері бойынша бидайлардың сорттық құрамы мен сапасын жақсарту
мақсатында перспективалы Саратовская 90, Ершовская 11, Левобережная 2 және
3, Жемчужина, Поволжья, Смуглянка сорттарын пайдалану керектілігі айтылған.
Аталған сорттар өнімділігімен қатар қамырдың жақсы физикалық қасиеттері мен
жақсы нан пісіру артықшылығына қарай бағаланған.
Әдебиеттерге шолу бөлімін сараптай келе, төмендегідей тұжырымға
келеміз. Күздік бидай өсіру технологиясымен айналысушы ғалымдар әрбір
топырақ-климат жағдайында әрбір аудандастырылған сорттарға сорттық
агротехника жасау керек деген пікірге келеді. Сондай көзқарасты біздер де
мақұлдап, оларды жергілікті жағдайға бейімдеу қажеттілігін жұмыстың негізгі
мақсаты деп білеміз. Себебі шаруашылықта өсірілетін күздік бидай сорттары
негізінен республиканың оңтүстік-шығысында шығарылған сорттар, сондықтан
олардың жергілікті топырақ-климат жағдайларына бейімделген сорттық
агротехникасы жасалынбаған. Сондықтан, өңірде аудандастырылған күздік бидай
сорттарын шаруашылықтық құнды белгілері бойынша салыстырмалы бағалаудың
ғылыми-практикалық маңызы зор.
Сондықтан біздер шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда
перспективалы күздік бидай сорттарын нақтылы топырақ-климат жағдайында дән
өнімділігі және сапасы бойынша зерттедік.
2 Өндірістік тәжірибе жүргізілген жердің топырақ және климат жағдайлары
2.1 Жамбыл облысы ауа райының ерекшелігі
Зерттеу жұмысы 2010-2011 жылдар аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы
тұқым инспекциясы танаптарында жүргізілді. Тәжірибе жүргізілген аймақ
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Жамбыл облысының топырақ-климат
жағдайы, жер бедері әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Ол Түркістан және Торғай
аралық ойпатында, Бетпақдала мен батыс Тянь-Шань тауына дейінгі жазықтық
жерлерді қамтиды. Тәжірибе жүргізілген танап ОБМжӨШҒЗИ егіншілік бөлімінің
егістік алқабы батыс Тянь-Шань және Талас Алатауы етегінің солтүстік-батыс
беткейіндегі жоталардың орта бөлігіндегі бөктерлі таулы жазықтықта
орналасқан, оның абсолютті биіктігі 700 метр деңгейінде.
Жамбыл облысының климат ерекшелігі күрт континенталды, күн
радиациясының молдығы және жоғары жылуымен ерекшелінеді. Қарастырылып
жатқан белдеудегі 8-10 ай аралықтағы кезеңінің орташа тәулік температурасы
- 00С жоғары. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 185-205 күн аралығында. Зерттеу
жүргізілген 2008-2010 жылдарда аудан климатына қысқаша сипаттама беру үшін
тәжірибе егісіне жақын маңда орналасқан Жамбыл-Агро метеостанциясының
мәліметтерін келтіріп отырмыз (1-кесте, 1,2-суреттер). Ауаның үш жылдық
орташа температурасы 13,40С, ал айлық орташа температура қаңтар айында
-5,20С болса, шілде айында 26,90С шамасына жетті. Ең жылы ай мен суық ай
екеуінің орта температурасының айырмасы 32,10С қалыптасты. 2008 жылдың
қаңтар айында жекелеген күндік ауаның температурасы -11,20С дейін
төмендеді. Қар қабаты қалыңдығымен ерекшеленіп ең қалың қар түсетін айлар
қатарына қаңтар, ақпан айларын жатқызуға болады. Осы жылғы қардың орташа
қалыңдығы 25-40 см құрады. Көктем ерте шығып,
наурыз айында жылы жаңбырға ұласады. Көктемгі соңғы үсік наурыз айының ІІ
онкүндігінде жүреді.
Күн сәулесінің тез жылуына қар сулары топыраққа сіңіп үлгере алмай сай-
салаға ағады.
Жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Жаз мезгіліндегі айлық орташа
температурасы 26,90С, маусымның аяғы мен шілде, тамыз айларындағы кейбір
күндері +460С-ге дейін жетеді. Жаз айларында ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 25 пайызға дейін төмендейді. Күз мезгілі көбінесе кеш келеді де
біршама ұзаққа созылып, қараша айының ортасына дейін жылы болады. Жаз
айларымен салыстырғанда күн сәулесінің қызуы бәсеңдеп, топырақ пен ауаның
төменгі қабаты баяу қызады.
Бұл айларда ауа райы құбылып, кенеттен жауын жаууы мүмкін. Күз
мезгіліндегі алғашқы үсік қазан айының ІІ –ІІІ онкүндіктерінде немесе
қараша айының басында байқалады. Қарастырылып отырған тәлімі аймақ ылғалмен
жартылай қамтамасыз етілген, жауын-шашын түсімі орташа, оның көп жылдық
орташа мөлшері 517 мм, ал зерттеу жүргізілген құрғақ жылы 441 мм және
ылғалды жылдары 570,6-668,8 мм деңгейінде ауытқыды. Сондай-ақ Оңтүстік
Қазақстан облысында айта кететін жағдай жауын түсімінің 13 мөлшері көктем
айларына сәйкес келеді.
Зерттеу жүргізілген 2008-2010 жылдардағы ауа райы ерекшеліктерін
(температуралық режим, жауын-шашын көлемі және ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы) көп жылдық мөлшермен салыстырғанымызда айтарлықтай
айырмашылықтар байқалды.
Дегенмен де тәлімі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz