Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .:

І-тарау. ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ сапасын арттыруда жаңа АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯларды енгізудің теориялық негіздері

1. 1. Қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар . . .

3: 6
Кіріспе . . .: 1. 2. Мультимедиялық технологиялардың оқыту сапасын арттырудағы тиімділігі . . .
3: 11
Кіріспе . . .: 1. 3. Жаңа ақпараттық технологияны информатика пәніне қолдану мазмұны . . .
3: 23
Кіріспе . . .:

ІІ-тарау. жаңа АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯларды информатика пәнін оқытуға қолданудың әдістемелік негіздері

2. 1. Жаңа ақпараттық технологияны информатика пәнін оқытуға қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері . . .

3: 27
Кіріспе . . .: 2. 2. Жаңа ақпараттық технологияны информатика пәнін оқытуға қолданудың білім сапасына әсері . . .
3: 40
Кіріспе . . .: 2. 3. Электрондық оқулықтарды информатика пәнін оқытудың сапасын арттыруда қолдану . . .
3: 47
Кіріспе . . .: Қорытынды
3: 65
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 69
Кіріспе . . .: Қосымшалар
3: 70

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді араластыру болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін одан әрі дамыту үрдісін оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып табылатын программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары болып табылатын электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру қажет. Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамытуға өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында педагогикалық технологиялардың тиімді түрлерін кеңінен қолданған дұрыс.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі - білім саласын ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.

Аталған мәселелерді жүзеге асыру бағытында дипломдық жұмыстың тақырыбын «Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру» деп таңдадық.

Зерттеудің мақсаты: білім беруді ақпаратттандыру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану арқылы информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру.

Зерттеудің міндеттері :

  • білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеу;
  • жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындау;
  • оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын информатика пәніне оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақтау.

Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін орта мектептер.

Зерттеудің пәні: ж аңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру.

Жұмысымыздың ғылыми жаңалығы:

  • білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздері зерделенді; жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындалды; оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын информатика пәніне оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақталды.

Жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.

«Информатика пәнін оқытудың сапасын арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар, мультимедиялық технологиялардың оқыту сапасын арттырудағы тиімділігі мен жаңа ақпараттық технологияны информатика пәніне қолдану мазмұны берілген.

«Жаңа ақпараттық технологияларды информатика пәнін оқытуға қолданудың әдістемелік негіздері» атты екінші тарауда жаңа ақпараттық технологияларды информатика пәнін оқытуға қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері, жаңа ақпараттық технологияны информатика пәнін оқытуға қолданудың білім сапасына әсері мен электрондық оқулықтарды информатика пәнін оқытудың сапасын арттыруда қолдану жолдары қарастырылған.

І-тарау ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ сапасын арттыруда жаңа ТЕХНОЛОГИЯларды енгізудің теориялық негіздері

1. 1 Қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар

Жалпы білім беретін орта мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:

  • Білім беру;
  • Тәрбиелік;
  • Дамытушылық.

Мектепте информатиканы оқытудың мақсаты − әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальді білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілетін, нығайтуға әсер етеді.

Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру, дамытушылық мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты − оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын іскерліктермен қаруландыру.

Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде.

Мемлекеттiк ақпараттық саясат - ақпараттық қоғам жағдайында түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.

Білім берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрибелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану процесi.

Білім беруді ақпараттандырудың мақсаты :

Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық

ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру

Саласында жаңа ақпараттық технологияны

пайдалануға,

Қазақстан Республикасындағы

ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен

сабақтастыруға мүмкiндiк бередi

Білім беруді ақпараттандырудың міндеттері:

- ақпараттық және телекоммуникациялық

техникалық құралдармен

қамтамасыз ету;

- бiлiм берудi ақпараттандыру

бойынша практикалық

шараларды анықтап, жүзеге

асыру;

- оқу-тәрбие үрдісіне жаңа

ақпараттық технологияны енгiзудi

қамтамасыз ету бойынша ғылыми

-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк

жұмыстарын жүргiзу;

- мектеп пәндерi бойынша жасақталатын

жалпыға мiндеттi бiлiм беру

стандарттарының және оқу-әдiстемелiк

кешендерiнiң мазмұнын ақапараттық

технологияны пайдалану

мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм

берудi басқаруда ақпараттық

жүйенi құру;

- бiлiм беру мекемелерiнiң

қызметкерлерi үшiн программалық-

техникалық құралдарды қамтамасыз

ету және мультимедиялық

программаларды, электрондық

оқулықтарды жасақтау;

- педагог кадрларды жаңа ақпараттық

технологияны өз қызметтерiне еркiн

пайдалана бiлуге дайындау және

жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн

көтеру.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі қағидалары:

- оқыту мен тәрбиелеудiң

жылдамдығы

(интенсификация) ;

- бiлiм мен тәрбиенiң

бiрiздiлiгi;

- қоғамның әрбiр мүшесi үшiн

алынатын бiлiмдер мен

мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;

- жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық

қабiлеттерiн дамыту;

  • жалпы компьютерлік сауаттылық;
  • модульдігі.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында күтілетін нәтижелер:

  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
  • жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
  • біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
  • мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
  • отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
  • білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
  • республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқарудың ақпараттық желісін құру.

Қазақстан Республикасының “Білім” туралы Заңында, “2005-2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” стратегиялық құжатында Білім беруді ақпараттандыру - мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың маңызды механизмі ретінде бекітілген.

Алғаш рет ақпараттандыру бағдарламасы жалпы орта білім беру жүйесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен қабылданған болатын.

Мектептегі білім беру жүйесін есептеу техникасымен жабдықтау үшін модульдік көзқарасқа негізделген жүйелік тәсілдердің бірін пайдалану ұсынылады. Ол түрлі және шағын типтегі мектептердің көптігін ескеруге мүмкіндік береді.

Білім беру жүйесіндегі компьютерлерді жаңартып, толықтырып отыру - білім беру жүйесін ақпараттандырудағы негізгі мәселе болып табылады.

Соңғы жылдары ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу байқалып отыр, соның нәтижесінде бір кезде шыққан компьютерлік жабдықтар, одан да дамытылған коипьютерлермен алмасып және олар басқа да технологияларға қосылып жатады. Ақпараттық супермагистральдардың пайда болуы, компьютерлеу үрдісін сын көзбен қайта қарауды талап етеді.

Білім беруді ақпарттандырудың маңызды факторы Интернетке шығу болып саналады. Қазіргі уақытта мектептердің 89%-і, оның ішінде ауыл мектептерінің 86%-і Интернет желісіне қосылған. Алматы қаласының (100%), Атырау облысының (100%), Солтүстік Қазақстан облысының (98%), мектептері алда келеді. Осы жағдайларға мектептер үшін әлемдік практикада кеңінен қолданылатын, серіктік интернет-картты сатып алу өзекті болып саналады.

Интернеттің электрондық поштаның, өзіндік құны төмен халықаралық телефондық қызметтің, ұшқыр телефонның және электрондық конференцияның таралуымен әлемде айтарлықтай өзара байланыс орнады . . .

Білім беруде халықаралық кірігу болып жатыр. Білім берудің дамуының маңызды сипаты оның ауқымдылығы болып саналады. Бұл сипат, қазіргі әлемдегі кірігу үрдісінің бар екендігі, мемлекетер арасындағы қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы қарқынды өзара әрекеттерден көрініс табады. Білім беру ұлттық басымдылық санаттан әлемдік басымдылық санатқа өседі.

Қазақстанның әлемдік нарықтағы түйінді бәсекелестік артықшылығы жоғары білікті, ұшқыр ойлы адамдық байлық болцы тиіс, сонымен қатар тұрақты түрде жаңашылдықты енгізу . . .

Білім беру ұйымдарының интернет желісіне қосылуының тәсілдері

● Телефондық желілердің аналогтық пен аналогтық-цифрлық желісі бойынша модем арқылы жалғастырылатын қосу (жоғарғы шегі 56 Kbps)

ISDN (Integrated Services Digital Line) арқылы жалғастырылатын қосу 384 Kbps дейін.

● ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) арқылы жалғастырылатын қосу-кәдімгі телефон желісі бойынша мәліметтерді түзу бағытта 9 Mbps-ке дейінгі және кері бағытта 1 Mbps жылдамықпен жеткізуге мүмкіндік береді.

● Бөлінген желілер бойынша қосу

Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы - нақты модемнің және жеткізуші құрылғылардың сипаттамаларымен, күн райының жағдайларымен және қызмет көрсету жеделдігімен анықталады.

● Frame relay бойынша қосу. Мұндай желілердің әрекер қағидасы қарапайым: каналдың ең аз кепілденген өткізгіштік қабілеттілігі (CIR) анықталады, ал қажеттілік жағдайда өткізу жолағы мүмкіндігі шектеулі шекке (2 Mbps-ке дейін) ұлғайтылады.

● Кабельдік телекөріністің желісі бойынша қосу

● Радиомодем арқылы қосу. Бұл технология жазық жердің үлкен емес бөліктерінде пайдалану кезінде жақсы.

Білім беруді ақпараттандыру көрсеткішін талдау кезінде маңызды оқу бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу мен иемденуге еншілеу қажет. Қазіргі уақытта ең көп таралым алғандар:

● мәтіндік оқу-әдістемелік материалдардың жинағын (кейстерін) толықтыруға және оларды өз беттерімен оқып үйренушілерге жөнелдуге негізделген (Web CD ROM) . Кейс- технологиясы;

● телекөрінісін эфирлік, кабельдік, ғарыштық жүйелеріне негізделген. TV- Web-технологиясы;

● студенттерді оқу-әдістемелік материалдармен жасақтау және оқытушы мен оқушылар арасында интерактивті өзара байланыстар орнату үшін де Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технология.

Оқыту технологиясы оқыту жүйесі мен процесін нәтижелі жобалаумен айналысатын педагогика ғылымындағы жаңа бағыт. Біз білімнің және басқа жаңалықтардың адамзаттың ортақ мүлкіне айналған заманында өмір сүрудеміз.

Біздің міндетіміз - дүние жүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, олардың ішіндегі нақты тиімдісін жас ұрпаққа ұсыну болып табылады. Өйткені ғасырымызда барлық саладағы жетістіктер жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі-білімде.

1. 2 Мультимедиялық технологиялардың оқыту сапасын арттырудағы тиімділігі

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты - заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық - қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық, әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге мектептегі оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланыстарды күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Оқытуды ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады.

Технология грек сөзі «техне»-өнер, кәсіп, ғылым, «логос» ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы. Бұл термин әдетте өндiрiстiк үрдiстi сипаттауда кеңiнен қолданылып келдi. Ал педагогика ғылымы тұрғысынан қарастырғанда “шеберлiк пен iлiм қосындысын” бiлдiредi.

Смыковская Т. К., Руденколардың пiкiрiнше: “Әдiстеме тек бiр ғана оқыту үрдiсiне көңiл бөлсе, ал технология бiр мезетте оқу, оқыту үрдiсiмен қатар жұмыс iстейдi және технология алға қойылған мақсаттың нақты соңғы нәтижесiне кепiлдiк бередi”.

Қазіргі таңда білім беру жүйесін ақпараттандыру процесіне байланысты «ақпараттық-білім беру ортасы», «ақпаратты-пәндік орта», «кәсіби-ақпараттық білім беру ортасы», «оқытудың компьютерлік технологиясы», «оқытудың ақпараттық технологиялары», «мультимедиа», «мультимедиалық технологиялар», «білім берудегі мультимедиа», «мультимедианың бағдарламалық құралдары», «мультимедиалық өнімдер», «гипермедиа» секілді бірқатар терминдер оқулықтар мен ғылыми мақалаларда қолданыла бастады.

Осының ішінде мультимедиаға зерттеуші ғалымдар түрліше анықтама береді:

Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.

Мультимедиа - екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.

Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені.

Мультимедиа технологиясы - визуалды және аудиоэффектілерден құралған электрондық өнімдерді дайындау әдістері.

«Мультимедиа » термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.

Интерактивті негіздегі мультимедиалық технологиялар интернет желісі және CD-курстар арқылы ауыл мектептерінің «оқшау қалып қою» мәселесін шешуге мүскіндік береді.

Мультимедианың ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерді жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше маңызға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөдің аудармасы мен транскрипциясы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады. Электрондық энциклопедиялар мен сөздіктердің тиімділігі - қажетті мәліметті тез іздеп табуға болады. Сонымен қатар тіл үйретуге бағытталған интерактивті оқыту бағдарламалары диалогты байланыс жасауды жоғарғы деңгейде жүзеге асыра алады.

Мультемидиалдық бағдарламалардың негізгі атқаратын функцияларының бірі - басқаруды қамтамасыз ету. Қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігі қамтылған. Мысалы, кинофильмдерді көру барысында мультемедиалық бағдамалар пайдаланушыға қажетсіз кино үзінділерін өткізіп жіберуді, керекті киноүзіндіні бірнеше қайтара көрсетуді жүзеге асырады.

Шет елдерде мультемедианың қолданылуы аясы жөнінде зерттеулерге талдау жасасақ, онда Дж. Гейлдің, «Мультимедиа Европада» атты жинақтағы мақаласы назар аударарлықтай. Дж. Гейлдің келтірген дерегі бойынша мультимедианың техникалық базасы Европаның ақпараттық технологиялар (оның ішінде компьютерлік технологиялар) бизнесінде 1991 жылы 1%, 1992 жылы 1, 5%, 1995 жылы 30%, ал 1997 жылы 75% құраған.

Ал, жекелеген салалар бойынша мультимедиа қосымшалары, әсіресе, білім беру мен бизнесте көп қолданылған. Ол 1-кестеде көрсетілген.

Кестеден көріп отырғанымыздай, мультимедианың өте аз қолданылған саласы өнеркәсіп жүйелері екен. Бірақ, бұл салада да мультимедианы пайдалану өзінің оң нәтижесін беретіндігін дәлелдей түсуде. Өнім өндірушілер өз өнімдері мен қызметтерін жарнамалауда, презентацияларда мультимедианы жиі қолдана бастады. Өйткені, өнімді дайындау және оны қолдану әдістерімен көпшілікті құжаттар арқылы таныстыруға қарағанда, мультимедиа көмегімен бейнеақпарат арқылы таныстыру тиімді болып табылады.

Кесте 1 - Мультимедианың әр түрлі салаларда қолданылуының пайыздық көрсеткіші

Мультимедианың қолданылу салалары
%-ға қарағанда
№: 1
Мультимедианың қолданылу салалары: Білім беруде
%-ға қарағанда: 29
№: 2
Мультимедианың қолданылу салалары: Бизнесте
%-ға қарағанда: 19, 4
№: 3
Мультимедианың қолданылу салалары: Ақпараттық қызмет көрсетуде
%-ға қарағанда: 17, 6
№: 4
Мультимедианың қолданылу салалары: Коммуникацияда
%-ға қарағанда: 16, 5
№: 5
Мультимедианың қолданылу салалары: Жарнама агенттігінде
%-ға қарағанда: 14, 3
№: 6
Мультимедианың қолданылу салалары: Өндірісте
%-ға қарағанда: 3, 2

Осы орайда, мультимедиада қолданылатын бейнеақпарат түрлерін жіктеп көрсетуге болады:

  1. Қозғалыссыз бейне. Мұндай бейнеақпаратқа суреттерді, фотосуреттерді жатқызуға болады. Қозғалыссыз бейне графикалық ақпарат болып есептеледі.
  2. Мәтін. Таңбалар мен әріптер мультимедиалық ақпараттың негізгі бөлігі.
  3. Қозғалыстағы кескін немесе бейне. Қозғалыстағы бейне нақты өмірдегі құбылыстарды телехабар немесе бейнемагнитафон арқылы бейнелеу негізінде алынады.
  4. Анимация. Бір қарағанда анимация қозғалыстағы бейнеге ұқсайды. Бірақ, қозғалыстағы бейнеден айырмашылығы ол нақты өмірден алынбаған, жансыз объект болып саналады. Мысалы, тірі құстың ұшуы мен мультипликацияның арасында қандай айырмашылық болса, қозғалыстағы бейне мен анимация арасындағы айырмашылық та сондай.

Білім беру жүйесінде мультимедианы жиі пайдаланудың деңгейі болашақта одан әрі арта сүсері сөзсіз. Өйткені, оқыту процесінде жаңа инновациялық технологияларды уақыт ағымынан қалмай енгізу ұдайы жүзеге асырылып отыратын іс-әрекет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиалық технология
Лингвистикалық мультимедиалық платформалар
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Мультимедиалық технологиялар арқылы оқушылардың креативтігін дамыту
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz