ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
1. Жастар – әлеуметтік-демографиялық топ
2. Жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудағы халықаралық тәжірибе

II ТАРАУ. ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйін талдау
2.2 Дипломмен ауылға бағдарламасын жүзеге асырылу нәтижелерін талдау

III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Алматы қаласындағы жастарды жұмыспен қамтудың тұжырымдамалық негіздері
3.2 Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері
3.3 Қазақстан жастарымен жүргізілетін арнаулы әлеуметтік жұмыстардың
шетелдік тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

РЕФЕРАТ

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қазақстан Республикасының жастарын
жұмысбастылықпен қамтамасыз ету жолдары

Зерттеу жұмысының көлемі:

Зерттеу жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан
құралған: негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақстан Республикасындағы жалпы еңбек
нарығындағы жастардың еңбек ресурстары болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Жастардың еңбек нарығының
қалыптасуының теориялық және тәжірибелік аспектілеріне тоқтау арқылы,
жастар еңбегін пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын анықтау
және жұмысбастылықпен қамтамасыз ету жүйесін басқару жөніндегі ғылыми
ұсыныстарды жасау болып табылады.
Жұмыста мақсатқа сай мынандай зерттеу міндеттері қойылды:
• әлеуметтік-экономикалық жүйеде жастарды жұмыспен қамтуды басқарудың
маңыздылығы мен олардың алатын орындарын анықтау;
• жастарды жұмыспен қамту жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау
негізінде, оларды басқару қажеттілігін негіздеу;
• жастардың заманауи еңбек нарығын дамыту үрдістерін зерттеу және
олардың қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау;
• жұмыс қызметкерлерінің жалпы санындағы жастар еңбек ресурстарының
үлесі, олардың жұмыспен қамтылуының ерекшелігін анықтау.

Зерттеу жұмысында қолданылған дерек көздері: экономист, социолог,
психолог ғалымдардың ғылыми еңбектері (диссертация, автореферат,
монография, мақалалар), газет, интернет жүйесі, Мемлекеттік жастар саясаты
туралы ҚР Заңы.

Зерттеу жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі: 42

КІРІСПЕ

Жастар – бұл кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық әлеуеті.
Еліміздің қазіргі жастары жаңа жағдайда – тәуелсіздік алып, өсіп
өркендеген, демократиялық реформалар мен нарықтық түрленуден соң
тәрбиеленіп, ер жетті. Сондықтан да жастар саясатына қатысты мәселелерді
шешуде мазмұны жағынан принципті түрде алғанда жаңартылған, қазіргі
заманауи тәсілдерге сәйкестікті талап етеді. Мемлекеттік жастар саясаты –
әрбір жастың Қазақстан Республикасының аумағында жарамды Ата Заңмен, өзге
де нормативті құқықтық актілермен бекітілген, әлеуметтік-экономикалық,
саяси, жеке бас еркіндігі мен құқығын мойындауға негізделеді.
Жас ұрпаққа Қазақстанның мемлекеттік дамуының негізгі идеялары және
Конституцияны, өзге де заңдарды сақтап, құрметтеуге үйрету және жастар
құқығы мен мүдделерін қорғау қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға
үндейді. Жас азаматтың тұлға болып қалыптасуы үшін жағдай туғызып, білім
саласында, еңбекте, жұмыспен қамтуда, әлеуметтік қорғауда кепілдіктерді
қамтамасыз ету үшін мемлекетіміз барлық күш-жігерін бағыттайды. Сонымен
қатар, отбасы, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес
сектор – Қазақстанымызды гүлдендірудің кепілі болып табылатын жас ұрпақта
отаншылдық, кәсібилік, ұқыптылық, жауапкершілік сынды қасиеттердің болуы
жолында ұштасуы қажет.
Жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің артуы, саналы құқықтық және
саяси мәдениетін қалыптастыруы, олардың өмірлік көзқарастарын қайта қарауы
кезінде, өмірлік қағидасы күшті, рухты болып бекітілуі мемлекеттік жастар
саясатының алға қойған жұмысы – мемлекеттік үкіметтік органдардың және
азаматтық қоғамның өзге де институттарының басым бағыттарының бірі
саналады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық дамудың жоспарлы және
орталықтандырылған бағытынан шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне
өтуі елеулі өзгерістерге алып келді.
Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып
жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы
үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен
жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін
арттыру үшін осы қызметке жастарды қосу керек. Алайда әлеуметтік-
экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі
олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне
байланысты. Сондықтан қазіргі уақытта аймақтық деңгейде жұмыспен қамту
құрылымдарының қызметін бағыттау негізінде, жастарды жұмыспен қамтудың
толық басқару жүйесін қалыптастыру керек. Жастарды жұмыспен қамтуды басқару
қажеттігі, сондай-ақ жас ұрпақтың өздігінен даму мәселесіне де байланысты,
ол сапалы білім алу, қызмет барысында өсу және лайықты еңбек ақы алу
мүмкіндіктерімен көрінеді, ал оның табиғаты нақты аймақта қалыптасқан
экономикалық, географиялық, демографиялық және қайта жаңғыру шарттарымен
анықталады.
Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында
қалыптасады. Оның көрінісіжасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі,
қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі,
жалақының уақытылы берілмеуі және т.б. болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деен сұраныс пен ұсынысты
реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық
сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық
жағдайға бейімделуімен баланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді
зерттеуді көздейді.
Бұл мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалғандарды,
еңбек ресурстарының бәсекеге қабілетті төмен топтарын ескерту қажет.
Олардың біріне оларды негізгі толықтыру көзі болып табылатын жастарды
жатқызуға болады.
Жастырдың еңбек нарыңына енуі елеулі қиыншылықтармен және
қайшылықтармен қатар жүреді. Олар ең алдымен мамандық таңдауда жастар оның
еңбек нарығында қажеттілігіне емес, қоғамдағы беделдігі мен абыройына қарай
бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыған байланысты оқу орнын бітірген
жастардың көп бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді немесе мүлдем
жұмысқа орналаспайды, бұл жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуына
әкеледі. Нәтижесінде жастардың осы бөлігінің біліміне алынған қаражат өзін-
өзі ақтамайды.
Сондықтан зерттеу тақырыбының өзектілігі ұазіргі экономикаға тән жаңа
сапалық деңгейдегі осы мәселені шешу мақатында жастар еңбегін пайдаланудың
жаңа жолдарын іздеу өзекті болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Жастардың еңбек нарығының қалыптасуының
теориялық және тәжірибелік аспектілеріне тоқтау арқылы, жастар еңбегін
пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын анықтау және
жұмысбастылықпен қамтамасыз ету жүйесін басқару жөніндегі ұсыныстарды жасау
болып табылады.
Жұмыста мақсатқа сай мынандай зерттеу міндеттері қойылды:
• әлеуметтік-экономикалық жүйеде жастарды жұмыспен қамтуды басқарудың
маңыздылығы мен олардың алатын орындарын анықтау;
• жастарды жұмыспен қамту жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау
негізінде, оларды басқару қажеттілігін негіздеу;
• жастардың заманауи еңбек нарығын дамыту үрдістерін зерттеу және
олардың қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау;
• жұмыс қызметкерлерінің жалпы санындағы жастар еңбек ресурстарының
үлесі, олардың жұмыспен қамтылуының ерекшелігін анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстан Республикасындағы жалпы еңбек
нарығындағы жастардың еңбек ресурстары болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні. Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқару
үрдісінде пайда болатын экономикалық, ұйымдастырушылық және басқару
қатынастарының жиынтығы.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысында
ұсынылған іс шараларды еңбек нарығын реттеуде, соның ішінде жастарды
жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде пайдалануға болады. Теориялық және
әдістемелік материалдар жоғары оқу орындарында Менеджмент мамандықтарының
пәндерінен дәріс оқу және тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында қолдануға
болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан
құралған: негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

I ТАРАУ. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

1. Жастар – әлеуметтік-демографиялық топ

Қазіргі қоғамдағы жастар рөлі, жас буынның әлеуметтік қызметтері,
оның саяси позициясы мен көзқарасы, білімі мен кәсіби біліктілігі деңгейі,
адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің
теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдық үрдістегі жастар рөлі,
оның қызметінің түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы,
қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму
сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен шарттасылған.
Халықтың осы тобын зерттеудің негізгі мәселелерінің біріне, біздің
ойымызша, жастар еңбегінің пайдаланылуын бағалау жататын сияқты. Бұл өз
негізінде жастардың еңбек ресурстарын, жастардың еңбек нарығын және оның
жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздық, көшіп-қону, табиғи өсу сияқты құрамдас
бөліктерін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси және басқа
проблемалар мен факторлар аясында теориялық және практикалық зерттеу қажет
екенін көрсетеді.
Еңбек ресурстарының тобы ретінде жастарға басты назар аудару, бұл
елдің маңызды ресурсы екені түсінікті болған. Бұл Орал, Сібір, Қиыр Шығыс
құрлыстарындағы комсомол отрядтары, тың және тыңайған жерлерді игеру,
өнеркәсіпті, экономиканың түрлі салаларын дамытудағы жастар жұмыстарымен
расталады.
Соған қарамастан экономика мен еңбек статистикасы бойынша ғылыми
жұмыстарда, біздің ойымызша, еңбек ресурстарының бір тобы жеткіліті
зерттелмеген. Негізінен тек еңбек ресурстары деген түсінік пайдаланып
келеді, ал жастар оларда жас өзгешелектері бойынша ерекшеленеді. Сондықтан
еңбек ресурстары тобы ретіндегі жастардың еңбек ресурстарын ғылыми
зерттеу өзекті міндет болып табылады.
Н.А.Волгин мен Ю.Г.Одеговтің пікірі бойынша, еңбекті зерттеу саласында
терминдер пайда болуының бірізділігі К.Маркс енгізген және экономикалық
әдебиетте XIX ғасырда пайда болған жұмыс күші түсінігінен басталады. Ол
былай деп жазады: Жұмыс күші дегеніміз ағза, адамның тірі тұлғасы не және
ол қандай да бір тұтынушылық қүн өндірген жағдайында іске қосылатын
физикалық және рухани қабілет жиынтығы деп түсінеміз [1,178 б.]. Жұмыс күші
еңбек қызметінде тұтынылады және пайдаланылады. Осыған ұқсас К.Маркс
жазды, - оны қозғалысқа түсіріп, машинаны пайдаланған немесе тұтынған
сияқты, адамның жұмыс күшін де жұмыс істеуге мәжбүрлей отырып, тұтлынады
және пайдаланады [2,134 б.].
Қазіргі зерттеушілер жұмыс күші түсінігін адамға тән физикалық және
рухани қабілеттер және тауар өндіру мен қызмет көрсету негізінде еңбек
үрдісінде пайдаланылатындар ретінде сипаттайды. Жұмыс күші-жеке тұлғаның
еңбек ету және игіліктер жасау қабілеті Еңбек нарығы мен еңбек
ресурстарының жұмысбастылығын реттеу мәселелері көпжақты болып келеді және
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының әрбір сатыларында маңызды рөл
атқарады. Елдегі жұмыс орны мен өндіргіш күштерді орналастыру
ерекшеліктері, халықтың жұмысбастылығының өзіндік ерекшелігі мен
перспективасы — еңбек нарығындағы сәйкесінше сұранысқа байланысты олардың
ұсыныстарын қамтамасыз ету саласында еңбек ресурстарын пайдалану
мәселесінің маңыздығы арта түседі [3,34-35б.].
Н. А. Волгин мен Ю.Г.Одегов хронологиялық бірізділікпен ұсынатын
келесі термин - еңбек ресурстары. Олардың пікірінше бұл термин практикада
XX ғасырдың 20-жылдары кеңінен қолданыла бастады және экономиканы
орталықтандырылған басқару жағдайында жұмыс күшін ұдайы өндіру үрдісі
көрсеткіштерін өлшеу мақсатында пайдаланылады [1,34 б.].
Л. А. Костин еңбек ресурстарын халық шаруашылығы үшін қажетті
физикалық дамыған, ақыл мен білімге ие халық бөлігі ретінде сипаттайды
[4,4б.].
П.Э.Шлендер мен Ю.П.Кокин, еңбек ресурстары – физикалық және
интеллектуалды мүмкіндікке ие, материалдық игіліктер өндіруге немесе қызмет
керсетуге қабілетті халықтың еңбекке қабілетті бөлігі деп есептейді
[5,75б.].
Еңбектің халықаралық ұйымының әдіснамасына сай, еңбек ресурстары-бұл
еңбекке қабілетті жастағы халық санының және жасы келген, жұмыс істейтін
адамдардың санының сомасы (зейнеткерлер мен жасөспірімдер) [6,64 б.].
Адамның физикалық, интеллектуалды және кәсіби қабілеті оның жасына
байланысты болады. Жас негізінде бұл қасиеттер қалыптасып, өссе,
қартайғанда біртіндеп азаяды. Сондықтан халықтың жалпы санындағы еңбек
ресурстарын бөлудің негізгі критериінің бірі жас болып табылады.
Халық пен еңбек ресурстарын олардың жас сипаттамасы тұрғысынан
зерттеуге деген қызығушылық ғалымдарға ертеден пайда болған.
Мысалы, көне грек философы мен математигі Пифагор (б.э.д. IVғ.) адам
өмірінің 4 кезеңін бөліп көрсеткен. Қалыптасу - көктем (0-20жас), жастық-
жаз (20-40жас), күшіне ену - күз (40-60жас), солу- қыс (60-80жас)
[7,7б.].
А.Шопенгауэр Адам жасы туралы еңбегінде адам өмірінің
түрлі кезеңінде уақытты қабылдауы туралы байқауын суреттейді. Бұнда белгілі
философ өмірді, бірнеше кезеңге бөліп, оның әрқайсысының ерекшеліктері бар
екенін баяндайды.Ұқсастық үшін грек құдайларының аттарын пайдаланады.
А. Шопенгауэр былай дейді, алғашқы 10 жылда Меркурий билік жүргізді.
Ол өмірде тез және жеңіл жүреді, көңіл-күйі өзгермелі болады. Бұл-ойын, оқу
жылдары. 20 жаста Венера билік жүргізеді. Ол махаббат жылдары. 30 жасқа
қарай Марс келеді. Бұл - ерлік, күш, батылдық жылдары. 40 жасқа қарай адам
Церера билігіне табынады. Веста оған үй, Паллада білім мен ақыл берсе,
Юнона сияқты үйінде ханым-әйел патшалық құрады. 50-ге қарай Юпитер билеп-
төстейді. Ол тәжірибе мен білімге бай, беделді, бұйрық беруге бейім. Бірақ
60-қа қарай оның өміріне қорғасындай ауырлығымен, баяулығымен және
бозарыңқылығымен Сатурн аяқбасады [8,8 б.].
К.Б. Юнг Өмір кезеңі атты еңбегінде орта және кемелденген шаққа
көңіл бөліп, жастықты анархизм мен түсінбеушілік кезеңі ретінде
қарастырады. Таң бозбалалықтан басталады. Бірақ, бұл-дайындық кезеңі.
Юнгтің пікірі бойынша, орта жас - негізгі кезең. Барлық нәрсе, табыс,
байлық, танымдылық осы кезеңде болады [9,387б.].
Еңбек ресурстарын зерттеуде ғалымдар еңбекке қабілетті жасты бөліп
көрсетеді. Мысалы, М.Г. Назаров белгілі бір жылдар шекаралары шегіндегі
кезең ретінде анықтайды, осы уақыт бойы аталған ұрпақ адамдары еңбек етуге
қабылетті. Мысалы, КСРО-да еркектер үшін еңбекке қабілетті жас - 44 жыл (16-
дан 60-қа дейін), әйелдер үшін 39 жыл (16-дан 55-ке дейін) [10,386 б.].
ТМД елдерінде еңбекке қабілетті жас әртүрлі есептеледі. ҚР-да,
еркектер үшін 47 жыл (16-63), әйелдер үшін 42жыл (16-58), Ресей
федерациясында еркектер үшін 44жыл (16-60), әйелдер үшін 39 жыл (16-дан 55-
ке дейін).
АҚШ пен Канада әйелдер мен еркектер үшін зейнетақы жасы - 65,
Францияда-60, Германияда-65, Ұлыбританияда-65 (еркектер үшін), ал әйелдер
үшін 60 жас.
М.А.Королев еңбек ресурстарына I және II топтар мүгедектері (жұмыс
істемейтін) мен жеңілдік бойынша зейнетақы алатындардан басқасының бәрі
(еркектер 16-59, әйелдер 16-54) енеді деп есептейді [11,540 б.].
П.Э.Шлендер мен Ю.П. Кокин еңбек ресурстарына мыналарды жатқызады:
а) еңбекке қабілетті жастағы халықтың барлығы, тек жұмыс
істемейтін 1 және 2 топ мүгедектері мен жеңілдік және жасы бойынша
зейнетақы алатын, жұмыс істемейтіндерді есептемегенде;
б) халық шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекке қабілетті жастан
жастау және үлкен тұрғындар [5,76 б.].
Экономикадағы еңбек ресурстарын қарастыру еңбекке қабілетті жасты
анықтаумен ғана емес, оларға тән басқа сипаттамаларды қарастырумен де
байланысты.
Мәселен, А.Я.Боярский, Д.Н.Валентей, А.Т.Вишневский сияқты
демографиядағы еңбек ресурстарын зерттеушілер халықтық, осы тобына жас-
жыныстық, білім, кәсіби және таптық, ел аумағына бөлінген сияқты сандық
және сапалық сипаттамалар тән болады деп есептейді [12,132 б.].
Ю.П.Кокин мен П.Э.Шлендер сияқты зерттеушілер еңбек ресурстарына
демографиялық, білім және кәсіби біліктілік сипаттамалар тән болады деп
есептейді [5,78 б.].
Олар еңбек ресурстарынын демографиялық сипаттамаларына жыныстық-жастық
құрылымды, денсаулық және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейін
жатқызады. Еңбек ресурстарымен білім сипаттамаларын сөз еткенде, халықтың
түрлі жастық топтарының білім деңгейін бөліп көрсетеді. Олар кәсіби-
біліктілік сипаттама өндірістік, ұдайы өндірістік және жеке бағыттардан
тұрады деп есептейді.
Өндірістік бағыт белгілі бір кәсіби-біліктілік мамандандыруды талап
ететін жұмыс орнының саны мен кызметкерлердің нақты саны арасындағы өзара
байланысты бөліп көрсетеді. Ұдайы өндірістік қолда бар, тартылатын және
шығарылатын жұмыс күші арасындағы балансты қамтамасыз ететін бағытты
анықтайды. Жеке бағыт қажеттіліктеріне сай жұмыс орнын халыққа ұсынумен
сипатталады.
Игіліктерді өндіруші және тұтынушы болып табылатын халық еңбек
потенциалы сияқты көрсеткішпен де сипатталады.
М.А.Королев еңбек әлуеті - ғылым мен техника дамуының қазіргі дамуы
кезінде қоғамда бар еңбектің мүмкін саны мен сапасы деп есептейді [11,539
б.].
П.Э.Шлендер мен Ю.Л.Кокин еңбек әлуетін жекелеген адам немесе жалпы
қоғамда қызметтің түрлі сфераларында ашылмаған немесе көрінбеген сапалық
сипаттамалар, қабілеттер, таланттардың болуы деп сипаттайды.[5,64 б.]
Сондықтан, білім, денсаулық, қызметкердің еңбек жағдайы және
т.б. деңгейі сияқты сапалық көрсеткіштер өзгеруімен тұжырымдалатын тұрақты
өзгеріске ұшырағыш болғандықтан еңбек әлуеті константа болып табылмайды.
Еңбек ресурстарының түрлі анықтамаларын қарастырып, халықтың бұл тобы
қоғамның еңбек әлуетін анықтайтын абсолютты шаманың өз жиынтығымен құрайтын
сандық және сапалық сипаттамаға ие деген қорытынды жасауға болады.
Сандық мынадай параметрлер мен сипатталады:
- халықтың еңбекке қабілеттілерінің жалпы саны;
- еңбек өнімділігі мен интенсивтілігінің қалыптасқан деңгейі кезінде
жұмыс істейтін халықтың атқаратын жұмыс уақытының саны.
Еңбек әлуетінің сапалық сипаттамасы анықталады:
- еңбекке қабілетті халық денсаулығы жағдайы, физикалық
қабілеттілігімен;
- халықтың жалпы білім мәдени және кәсіби біліктілік дайындығы
деңгейінен оның еңбекке қабілетті сапасымен;
- өмірдің орташа ұзақтығымен;
- дене және ақыл еңбегімен айналысатындардың арақатынасымен;
- материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы жұмыспен
қамтылғандардың құрылымымен;
- көшіп қону көрсеткіштерімен ұлттық-этникалық құрылымымен және т.б.
Сонымен, еңбек әлуетінің сандық аспектісі экстенсивті құрайтынын, ал
сапалық - интенсивті қүрайтынын көрсетеді.
Халықты сипаттайтын басқа маңызды аспекті оның экономикалық
белсенділік дәрежесі болып табылады.
С.Уилсон Экономикалық белсенді халық түсінігі БҰҰ жанындағы
Статистикалық комиссияның 14-сессиясының ұсынысымен 1966 жылы еңбектің
халықаралық статистика терминологиясына енгізілген болатын дейді. ТМД
елдерінде статистикалық органдар оны белсенді түрде 1993-жылдан бері
қолдана бастады [13,25 б.].
ХЕҮ әдіснамасына сай экономикалық белсенді халық өндіріс пен кызметі
көрсетуді өндіру үшін жұмыс күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін, оның
экономикалық белсенділігін өлшеу үшін қабылдаған жастағы (15-72жас)
халықтың бөлігін көрсетеді. Экономикалық белсенді халық
санына экономикалық қызметтің барлық салаларында істейтіндер мен
жұмыссыздар да енеді [14,64 б.].
Б.Ц.Уралнис халықтың осы бөлігіне кеңірек анықтама беріп,
жүйеге түсреді.
Экономикалық белсенді халық - бұл қызмет көрсету саласын қамтитын
қоғамдық өндіріске жалдамалы еңбек етіп жүрген, отбасының көмектесуші
мүшесі ретінде қатысатын немесе қазір жұмысы жоқ, оны іздеп жүрген және
тұрмыс істегісі келетін халықтың жұмысқа қабілетті бөлігі [15,293 б.].
Экономикалық белсенді емес халық құрамына енетіндер:
1)күндізгі оқу орнына қатынайтын оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар
мен курсанттар (күндізгі аспирантура мен докторантураны қосқанда);
2)жасы және жеңілдік бойынша зейнетақы алатындар, сонымен қатар
зейнетақы жасына жеткенде асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы
алатындар;
3)мүгедектігі бойынша зейнетақы алатындар;
4)үй шаруашылығын жүргізетіндер, балалар мен науқас туысқандарын
бағатындар және т.б.;
5)жұмыс табудан күдер үзгендер, яғни оны іздеуді тоқтатқандар,оны
алудың барлық мүмкіндіктерін байқап көргендер, бірақ жүмыс істегісі
келетіндер және оған дайындар;
6)табыс көзіне қарамастан жұмыс істеу қажеттігі жоқ адамдар.
Жоғарыда айтылғандай, экономикалық белсенді халық құрылымында жұмыс
бастылар мен жұмыссыздар бөліп көрсетіледі. Осы түсініктер ХЕҰ
әдіснамасында да анықталған.
Жұмыс басты халық-бұл жалдамалыларға немесе жеке жұмыс басты
қызметкерлерге жататын жасы сәйкес барлық адамдар [15,64 б.].
ХЕҰ әдіснамасында жұмыспен қамтылған халықтың келесі категориясы бөліп
көрсетіледі [14,36 б.]:
жалдамалы,оның ішінде шет елде жұмыс істейтіндер;
кәсіпкерлер (өз кәсіпорнында жұмыс істейтіндер);
жалақы алатын оқушылар;
жартылай қамтылған студенттер мен үй шаруашылығындағылар;
еркін кәсіп иелері;
әскери қызметкерлер;
отбасының көмек көрсетуші мүшелері.
Жұмыспен қамтылу мәртебесі бойынша халықты осылай бөлуді еңбек
нарығында еңбек ресурстарын талдау, есепке алу және болжау мақсатымен
статистикалық органдар кең қолданады.
Жоғарыда көрсетілген барлық анықтамалар еңбек қызметіне енуші адам
туралы жалпы мағананы береді. Өз мәртебесіне байланысты адам экономикалық
белсенділіктің қандай да бір категориясымен сипатталады.
Бірақ, экономикадағы адамның экономикалық мәртебесі туралы айта
отырып, халықтың және еңбек ресурстарының қандай да бір сипаттамасын атай
отырып, барлық зерттеушілер, біздің ойымызша, жастарға аз көңіл бөледі.
Халықтың жалпы санындағы Қазақстан Республикасындағы осы топ санының
динамикасы мен үлесі 1-кестеде келтірілген.
Осы кесте мәліметтерінен жастар саны Қазақстан
Республикасының
барлық халқының 25%-ынан көбірек болатынын көруге болады. Бұл соған сәйкес
заманауи кезеңде жастарды зерттеу проблемасын ерекше көкейкесті
етеді. Өз кезегінде жастардың жұмыс ресурстарын жеткіліксіз зерттеу,
біздің ойымызша, еңбек ресурстарын зерттеудегі елеулі олқылық болып
табылады.
1-кесте мәліметтеріне сәйкес Қазақстан Республикасы халқының саны
2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 1,4 млн.адамға азайды. Мұндай
беталыс Қазақстан Республикасы жастарының арасында да байқалды, оның
саны 3872,5 мың адамнан 2 238 мың адамға азайды, яғни ол 163,4 мың адамды
құрады. Жастар еңбек ресурстарының санын ұлғайта отырып, еңбек сферасына
белсенді түрде енеді, сол арқылы олардың үдайы өндірісінің негізгі көзі
болы табылады.
1 кесте. 14-29 жасқа дейінгі Барлық жастар саны жынысы бойынша

Барлығы Барлығы Барлығы
Ерлер Әйелдер


білім мекемелеріне түсе алмағандары өзінің төмен біліктілігімен
ерекшеленетін белгілі бір еңбек түрімен айналыса бастайды.
Жастардың жоғарғы жас шекарасы жөнінде айтар болсақ, С.Н. Иконникова
былай деп есептейді, яғни бұл жас экономикалық белсенділік коэффициентімен
аяқталады. Ол коэффициент қоғамның экономикалық қызметі саласына халықтың
осы әлеуметтік-демографиялық тобының қатысуының үлес салмағын және
экономикалық белсенді халық санының дәл осы жастағы адамдардың жалпы
құрамына қатынасын көрсетеді [20, 526.].
Поляк психологы В. Шевчук, статистикалық мәліметтерді қолдана отырып,
мынадай қорытындыға келеді, яғни ең жоғары экономикалық белсенділік
коэффициентіне жастарда 30 жасқа қарай жатқызуға болады және дәл осы жаста
қазіргі кездегі статистикалық есеп-қисапта жастардың еңбек ресурстарының
жоғарғы жас шекарасы болуы тиіс [21, 876.].
Біз мұндай зерттеулер толық емес болып табылады деп есептейміз,
өйткені олар тек қана статистикалық мәліметтер және қарама-қайшылықтарды
ғана зерттеу негізінде қалыптасқан, олар кей жағдайда қарама-қайшы болып
келеді. Жастардың еңбек ресурстарының ең жоғарғы шекарасы ретінде әрекет
ететін және статистикалық орташа шама болып табылатын отыз жас қоғам
өміріне қазіргі жастардың қатысуының барлық факторларын ескермейді, бұл оны
жастардың еңбек ресурстарының жоғарғы жас шегі тұрғысында дәлелсіз етеді.
Сонымен қатар, ер адам және әйел адам деп бөлінетін еңбек
ресурстарының әр түрлі жас шекаралары бар. Осыған байланысты біз былай
болжаймыз, яғни жастар арасындағы әйел және ер еңбек ресурстарында жоғары
жас шекаралары да әр түрлі болып келеді.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап 2001 жыл аралығында
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған Қазақстан
Республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету жөніндегі заңына сәйкес
зейнеткерлік жас өзгертілді [22]. Қазіргі кезде олар әйелдер үшін 58 жас
және ерлер үшін 63 жас деп қабылданған.
Бірақ та жастар арасындағы әйел және ер еңбек ресурстарының жоғарғы
шекарасы бұрынғыдай болып қалды - 29 жас. Біздің пікірімізше, ол да
ұлғайтылуы тиіс. Бұл дерек әлеуметтануда және физиологияда расталады.
Ю.Г. Волков, В.И. Добреньков және т.б. әлеуметтанушылар былай деп атап
көрсетеді, яғни 30 және одан сәл үлкен жастағы жас ер азаматтар өмірде өз
орнын іздейді, ол жерге орнығады және онда өз ұясын салады, сондай-ақ
ұзақ мерзімдік жоспарларды құрады және олардың жүзеге асыруға кіріседі. Осы
кезеңде жастар басқалардың билігінен босауға және өзінің тәуелсіздігін
орнатуға ұмтылады. [23, 616.].
Г.А. Несветайлов физика және медицина саларында 1991 және 1992 жылдар
аралығында Нобель сыйлығын алған жас ғалымдардың жасы 31-35 жас аралығына
сәйкес келетінін анықтаған [24, 115 б.]. Яғни, өмірдің жас және кемел шақ
жылдарында фундаментальды сипаттағы зор ғылыми жетістіктерге қол жеткізудің
зор ықтималдығы бар.
Қазіргі таңда физиологтар былай деп тұжырымдайды, яғни отыз жастан
асқан жас адамның денесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұлғаюы, басы мен бас
миының көлемінің өсуі өз жалғасын табады. Және осы процесс ер адамдарда
әйел адамдарға қарағанда ұзағырақ созылады [25, 14 б.].
Сонымен қатар, 18-27 жас аралығында жас ер адамдардың басым бөлігі
елдің қарулы күштерінде мерзімді қызметін өтейді, ол жастар арасындағы
ерлер еңбек ресурстарының жоғары жас шекараларын орташа алғанда тағы 2
жылға созады.
Жоғарыдағы барлық айтылғандарды жалпылай отырып, Қазақстан
Республикасында жастардың еңбек ресурстарының жоғарғы шектері әйелдер үшін
16-32 жасты, ал ерлерде 16-34 жасты құрауы тиіс.
Бұл тұжырым сондай-ақ С.Г. Струмилиннің
қорытындыларында
қарастырылады, ол экономикалық есептеулер және жастар топтарын
зерттеу негізінде мынаны дәлелдеді, яғни жұмыскер біліктілігінің үздіксіз
өсуі және оқытудың ең үлкен тиімділігі 32 жасқа дейінгі жұмысшыларда
байқалады [26,107 б.].
Бұған сәйкес, заңнамада және тәжірибелік қызметте жастардың еңбек
ресурстарының жас шектерінің ұлғаюы статистикалық материалдарды өте
объективті түрде өңдеуге және осы санаттағылар санын талдауға ғана ықпал
етіп қоймай, сонымен бірге зор ғылыми нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігіне,
жастар өмірінің жағдайлары мен өмір сапасын жақсартуға, оның кәсіби және
шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ ұсынылатын жас аралығында өте
өнімді қызметті жүзеге асыруға ықпал етеді.
Бұл айтқанды қорта келе, жастар еңбек ресурстарының жастық есептік
кезеңін алтын кесік әдісін қолдана отырып дәлелдеуге болады. Леонардо да
Винчи 8 және 13 сандарының қатынасын алтын бөлік, ал заңның өзін - алтын
кесік заңы деп атаған [27, 67-70 бб.].
И.В. Прангишвили және Л.И. Иванус әр түрлі зерттеулерді жүргізе
отырып, экономика, техника, қоғам, архитектура және ғылымның басқа
салаларында жүйелік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін негізгі көрсеткіштер
арасында алтын пропорцияға сәйкес келуші бөліктердің арақатынастар
жүйесін орнату керектігін және оған 8:13 қатынасы жататынын дәлелдейді.
Алтын пропорцияға сәйкес жастардың еңбек ресурстарын зерттеу 8
бөліктен тұрады (немесе 38,1% 8:13 қатынасында), бұл орайда 13 бөлік
(61,9%) - бұл қалған еңбек ресурстары. Соған сәйкес, барлық еңбек
ресурстары 21 бөлікті, яғни 100%-ды құрайды.
Жастардың еңбек ресурстарының төменгі жас шегі 16 жасты қабылдай
және алтын кесік әдістемесін қолдана, сондай-ақ
Қазақстан Республикасында ерлер үшін еңбек белсенділік кезеңі 47 жасты
құрайтындығын, яғни 63-16 жас аралығын ескере отырып, келесідей әрекетті
орындаймыз: 47 : 21 • 8 = 17,9 жас, бұл жастардың ерлер еңбек ресурстары
үшін алтын кесік екенін анықтаймыз [28].
Осылайша, еңбек ресурстарының төменгі шекарасы 16 жасты құрайды, яғни,
соған сәйкес, жас ерлердің еңбек ресурстары үшін жоғарғы шекара — 33,9 жас
(16 + 17,9) немесе 34 жас болады.
Бұл жағдайда жастар арасындағы әйел еңбек ресурстарының жоғарғы
шекарасы. Біздің есептеулерімізге сәйкес, ерлермен салыстырғанда басқаша
болады, яғни ҚР әйел адамдардың еңбек ету белсенділік кезеңі ерлерден
өзгеше болады және 42 жасты құрайды, яғни 54-16.
4 кесте - Қазақстан Республикасындағы 2011 ж. 1-тоқсанындағы 16-34 жастағы
экономикалық белсенді халық

Халық санаты жасы 16-25 жас 26 - 34 жас
мың адам Барлық мың адам Барлық
тұрғындарға тұрғындарға қа
қатысты, (%) тысты, (%)
Экономикалық белсенді 754,68 32,67 1 330,62 78,22
халық
Экономикалық белсенді 1 555,39 67,33 370,48 21,78
емес халық
Жиыны: 2 310,07 100,0 1 701,10 100,0
Ескертпе - Қазақстан Республикасындағы экономикалык белсенді халық саны
жөніндегі. - Алматы облысы статистика басқармасының мәліметтер базасы.

Еңбек нарығындағы жастардың жұмысбастылығы мен жұмыссыздығын зерттеу
кезінде белгілі бір жастар тобының ерекшеліктерін ескеру керек, өйткені
олар әр алуан болып келеді.

1.2 Жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудағы халықаралық тәжірибе
Жастардың жұмыс іздеу мақсатымен еңбек нарығына енуі әр түрлі
ерекшеліктерімен және жұмысқа орналасумен, еңбек шарттарымен, сипатымен,
қарқынымен, ұзақтығымен және тартымдылығымен байланысты әлеуметтік-
экономикалық сипаттағы мәселелермен қоса жүреді. Қазіргі жастарда нарықтық
экономикаға бағдарлану қабілеті, сондай-ақ еңбек нарығының сұраныстарына
дайын болуы бұның алдындағы ұрпақ мұқтаждықтарынан анағұрлым ерекшеленеді.
М.К.Мельдаханова халықтың еңбекпен қамтылуын бағалау, болжамын талдау
адамдардың жұмыспен қамтылуын экономика саласында бөліп көрсетеді. Сонымен
қатар құрылымдардың қозғалысын көрсетеді. Тауарлар өндірісінде және қызмет
көрсетуде жұмыспен қамтылған адамдардың саны, өндірісте және ауыл
шаруашылығында осыларға сүйене отырып, экономикалық индустрализацияның
деңгейін және еңбек өнімділігіне баға бере аламыз. Қалыптасқан салалық
құрылымның халықтың жұмыспен қамтылуы тек әсерлі еңбек ресурстарын
пайдаланудың көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар мемелекет экономикасының
және бөлек аймақтың дамуының көрсеткіші болып табылады [16, 175 б. ].
Ұйымның тетіктерін жетілдіру белсенді саясат жұмыспен қамтамасыз ету
республикада келесідей бағыттарда жүзеге асырылуы керек:
Ең бірінші ол халықты жұмыспен қамтылуға байланысты арнайы
бағдарламаны әзірлеу, жұмыспен қамтуды жетілдіру әдісінің негізінде болжам
жасау, критерилерді таңдау және көрсеткіштер жүйесі.
Басқа анағұрлым дамыған елдердің жастарымен байланысты ұлғайту,
өмірдің салыстырмалы жоғарғы стандарттарын жылдам енгізу және тарату,
ұлттық дереккөздердің-стипендиялар немесе ата-аналар тарапынан көрсетілетін
көмек есебінен олардың қанағаттандырылу мүмкіншіліктері әлдеқайда аз
болғанда, жастардың өмірлік мұқтаждықтарының артуына әкеліп соғады. Сонымен
қатар, жастардың көбінде инфляцияның өсуі ең қажетті құрал-жабдықтардың -
тамақ, киім, әдебиеттер сатып алу, оқу ақысын төлеуге қаражат
жетіспеушілігін тудырады.
Аталған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді экономистер, социологтар,
психологтар және басқа да ғалымдар қарастырады. Жоспарлы экономикада
зерттеушілер, соның ішінде Е.В.Касимовский, В.В.Новиков, Э.Н.Фетисов,
С.Н.Иконникова және т.б. жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін
қарастыруға көп көңіл бөлді.
Е.В.Касимовский жастар еңбегін қарастыра отырып, халықтың аталған
тобына тән келесідей мәселелерді бөліп көрсетеді [29, 172-176 б.]:
орта білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар;
кәсіптік оқыту;
жастардың еңбекке бейімделуі.
В.В.Новиков пен Э.Н.Фетисов аталған мәселелерді екі негізгі бағытта
ерекшеленеді деп есептейді: жалпы білім беретін мектепте жүзеге асырылатын
жастарды еңбекке кәсіпке дейінгі дайындау және оқу-курстық комбинаттар
арқылы тікелей өндірісте және кәсіптік оқу орындарында оқытудың алуан түрлі
формаларымен қамтамасыз етілетін жастардың кәсіби дайындығы [30, 45-476.].
Осы мәселелер туралы айта келе Е.В.Касимовский, тұтастай алғанда, олар
оқу орындарында меңгеруге болатын мамандықтар туралы ақпараттарға, аймақтың
осы мамандық бойынша жұмысшы күшіне мұқтаждығы туралы және еңбек жағдайлары
мен еңбекақы туралы оқитындардың хабардар болуына байланысты деп есептейді.
Зерттеуші оқитын жастарды болашақ мамандығын таңдауға итермелейтін негізгі
мотивтерге ата-анасының ақылын, достарының көрсеткен үлгілерін, мектеп
кеңестерін, жұмысқа деген ынтасын, жұмыс пен оқудың байланысу мүмкіндігін
және т.б. жатқызады [29, 173 б.].
Жастардың мамандық таңдау мәселесі әлеуметтануда да қарастырылады.
С.Н.Иконникованың ойынша, мамандықты анықтау жеке өмірге үлкен әсерін
тигізеді және жастардың сүйікті ісін іздеуге деген құлшынысымен байланысы
бар әлеуметтік, экономикалық және моральдық зардаптар туғызады [20,73 б.].
Жастарда еңбек үрдісі кезінде олардың кәсіби бейімделуі болады.
В.В.Новиков пен Э.Н.Фетисовтың айтуы бойынша, бейімделу үрдісі адамның
кәсіби және әлеуметтік-психологиялық талаптарды, еңбек ұжымында қалыптасқан
дәстүрлерді, мінез-құлық нормалары мен тәжірибені, машықтарды игергенін
білдіретін еңбек ұжымының әлеуметтік даму деңгейі мен дәрежесінің өзіндік
индикаторы болып табылады. Бұл үрдіс жастардың кәсіпорындарға бекуіне,
тұлғаның үйлесімді және жан-жақты дамуына ықпал етуі тиіс [30 ,117-122 б.].
Кәсіптік бағдармен, кәсіби оқумен және ұйымға сіңісуімен байланысты
белгіленген жастар мәселелері халықтың осы тобының келесі басқа мәселесін
тудырады, бұл - жүмыспен қамтылу.
Жоғарыда айтылғандай, кеңес уақытында мектеп және кәсіптік-техникалық
училище түлектеріне жұмыс орындары алдын-ала тағайындалып отырған, ал
жоғары оқу орындарының түлектері аталған жерде 3-5 жыл тұрақты жұмыс
істеу міндеті бар вакансияларды ескере отырып бөлінді.
Қазіргі кезде кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім алу, жастардың
бейімделуі және жұмыспен қамтылуы едәуір басқаша сипатта. Ол мәселерді
Ю.Г.Волков, В.И.Добреньков, Э.Ф.Зеер, Э.Э.Сыманюк және басқа да зертеушілер
қарастырған.
Ю.Г.Волков пен В.И.Добреньков жастардың кәсіби дайындығы туралы айта
келе, олардың әкелеріне қарағанда қалаулары ерекше өзгешеленетінін
белгілейді. Жастардың көп бөлігі экономиканың жеке секторынан, басқа шетел
фирмаларынан жұмыс табуға немесе кәсіпкерлікпен айналысуға тырысады [23,332
б.]. Сонымен қатар, жастар мамандығын өзгертуге келісетініне, жоғары жалақы
төленетін жұмыс күшіне сұраныс білдіретін экономиканың мемлекеттік емес
секторындағы жұмысқа бағдарлануға, компьютерде жұмыс істеу, шет тілдерінде
сөйлей алу, автомобиль жүргізумен байланысты анағүрлым нарықтық
мамандықтардың беделділігіне тұжырымдалатын еңбек уәждері сипатының жоғары
деңгейімен ерекшеленеді. Жастардың білімді меңгеруге белсенді түрде
ұмтылуы, еңбек нарығында бәскелестіктің дамуына, сондай-ақ жастардың
әлеуметтік ұтқырлығының жоғары деңгейіне ықпал етеді.
Э.Ф.Зеер және Э.Э.Сыманюк жастар мәселелерін қарастыра келе, халықтың
аталған тобының әлеуметтік-кәсіби қалыптасуының келесідей сатыларын бөліп
көрсетеді [31, 35-44 б.].
14-16 жастағы жастарда кәсіби мақсаттарын қалыптастыру және
таңдаумен байланысты болатын оптациялар, бұл өз кезегінде, уәждің өзгеруін
әкеледі;
Ю.Г.Волков пен В.И.Добренькованың пікірі бойынша, нақты мамандыққа емес,
белгілі бір кәсіби өріске бағдарланған оқуды жалғастыру нұсқасын таңдаумен
байланысты кәсіби білім. Бұл кезеңде жастардың көпшілігі алған
мамандықтарына риза болмай, кәсіби таңдауының дұрыстығына көңілдері
толмайды, соған сәйкес бұл дағдарыстың басталуына ықпал етеді [23, 3096.];
кәсіби дамуда жағдайдың өзгеруіне әкелетін, жастардың еңбек қызметінің
басталуымен байланысты кәсіби бейімделу. Бұл - жаңа әр түрлі жастағы ұжым
мен әлеуметтік-кәсіби құндылықтар, басқа әлеуметтік рөл және өнеркәсіп
қатынастарының иерархиялық жүйесі, ағымдағы кәсіби қызметтің түбегейлі жаңа
түрі.
Қазіргі кезеңдегі жастардың жұмыспен қамтылуын қарастырғанда, халықтың
аталған тобына тән жұмыстың мәртебелілігі сияқты мәселе туындайды.
Ю.Г.Волков пен В.И.Добреньков және басқалар жастардың жұмыспен қамтылу
мәселесін зерттей келе жастардың көпшілік пікірінде бірқатар мамандықтардың
мәртебесі мен табыстылығы төмендегені туралы айтады, бұл, әрине білікті
еңбек мәртебесінің құлдырағанын білдірмейді, білікті және жоғары білікті
еңбек мамандықтары шегіндегі басымдықтардың ауысуын ғана білдіреді [23.325
б.].
Сонымен қатар, кәсіби білім алған жастар мен еңбек нарығындағы алғашқы
жұмысына деген ізденістер кезінде теориялық дайындықтың жоғары
дәрежелілігімен және өнеркәсіптік тәжірибенің жоқтығымен анықталады.
Сондықтан соңғы шара есебінен жұмыс берушіні жастар аз қызықтырады, ал өз
кезегінде жастарда өздерінің жақсы дайындығы, амбициясы және
атаққұқмарлығы, жетістіктерге қол жеткізуге тырысуы есебінен болашақтағы
жұмыс орнына, еңбек шарттары мен мазмұнына, сондай-ақ еңбекақыға жоғары
талаптар қалыптасады. Осыған байланысты жұмысберушінің жас қызметкерді
бағалауы мен соңғысының өзін-өзі бағалауы арасындағы қарама-қайшылық сияқты
мәселе туындайды да, жұмысқа орналасу мүмкін болмауына әкеп соқтырады.
Әрі қазіргі кезеңде жұмысқа орналасудан жолы болған жастардың
көпшілігінің жағдайы тұрақтыдан әлі алшақ, өйткені кәсіптік білімі бар осы
көпшілік мамандығы бойынша емес, аз маманданған немесе біліксіз еңбекпен
айналысуда.
Жоғарыда айтылғандардан, біз, бір жағынан, жастардың айтылған мәселесі
кәсіптік бағдармен, кәсіби біліммен, ұйымдағы бейімделумен, сонымен қатар
кеңестік кезеңде қарастырылған халықтың аталған тобының жұмыспен
қамтылуымен байланысты, жастардың белгіленген мәселелері қазіргі кезеңде
әлеуметтік проблемаға жатады деп есептейміз.
Шынында, кәсіптік бағдар өткізу барысында жастар өзінің қандай
әлеуметтік топқа, қандай еңбек түрімен айналысатындығын анықтайды. Кәсіптік
білім алу кезінде ерекше көңіл аударатын аспектілер мыналар: дайындық
сапасы, еңбек нарығындағы жас маманның бәсекеге қабілеттігі, оқытушылық
кадрлар дамуының динамикасы, ұйымдардың жүйесі, оқу үрдісін басқару.
Кәсіпорынға бейімделу кезеңінде жас мамандарда оның кәсіптік дамуы
тұрғысынан өзгерістер болады, себебі ол жаңа, түрлі жас ерекшелігіндегі
еңбек ұжымына тап болады, онда, әдетте, өзінің тұлғаралық және өндірістік
қатынастар жүйесі мен әлеуметтік-кәсіби құндылықтары қалыптасады. Белгілі
бір өндірістік тапсырмаларды орындау, жұмыс күні тәртібін, еңбекті қорғау
шарттарын, еңбек және демалу тәртіптерін сақтау қоса жүретін кәсіби
функциялар мен міндеттерді жүзеге асыратын уақыт келеді.
Басқа жағынан алғанда, бұл мәселелердің экономикалық бағыттылығы бар.
Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтау сәтінде жастарда олар болашақта еңбек
ететін өндіріс саласының экономикалық даму келешегі туралы сұрақ туындайды.
Жастарды таңдап отырған мамандығының жалақы мөлшері және т.с. мәліметтер
қызықтырады. Кеңес үкіметінен айырмашылығы бүгінгі таңда кәсіптік білім алу
үшін жастардың көпшілігі ақы төлеуге мәжбүр. Мұнымен қоса, жоғары оқу
орнында оқыған кезде әдебиеттер, түрлі керек-жарақтар сатып алуы,
жатақханада тұрғаны үшін ақы төлеуі тиіс және т.б.
Көріп отырғанымыздай, жоғарыда аталған мәселелер әлеуметтік те,
экономикалық та болып табылады. Біздіңше, жастардың кәіби бағдар
мәселелері, кәсіптік мамандық алуы, бейімделуі — мұның барлығы әлеуметтік-
экономикалық мәселелерге жатады деп ойлаймыз.
Аталған мәселелерге қатысты кеңестік кезең мен қазіргі кезең арасында
айтарлықтай айырмашылықтар бар. Мысалы, кәсіби бағдар қазіргі кезде тек
мектеп оқушылары арасында ғана жүрмейді, ол жасы әр түрлі адамдар арасында
да жүріп жатыр. Бұл түрлі жағдайларға байланысты өз мамандықтарын ауыстыру
кезінде болуы мүмкін. 3-кестеде мысалы, 2010-2011 жж. кәсіби бағдардан
өткен жасы ртүрлі 8 434 адам Алматы облысы трғындарының мәліметтері
берілген. Көріп отырғанымыздай, адамдардың көбі 30-40 жас шамасы
аралығында.

5 кесте - 2010-2011ж.ж. аралығындағы кәсіби бағдардан өткен тұрғындар
саны. (Алматы облысы бойынша)

Жас шамасы Жыл
2010 2011
16-29 жастағы жастар 3 620 4 520
30-40 жас 2 227 3010
40-50 жас 603 904
Барлығы 6 450 8 434
Ескертпе — Алматы облысының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
департаментінің деректері бойынша

Барлық тұрғындар жұмыспен қамтылды деп есептеген кеңестік кезеңнен
айырмашылығы, бүгінде еңбек нарығы белгілі бір кәсіп бойынша жұмыс күшіне
деген қажеттілікті өзі талап етеді. Осыған байланысты адамның кәсібі қажет
етілмейтін немесе ескірген мамандыққа айналады, бұл негізінен, өндірістік
қуаттылықтар мен технологиялардың дамуымен және модернизациялануымен
байланысты, ол адам, әдетте, жасына қарамастан қайта оқудан өтеді немесе
жаңа мамандықты меңгеруге мәжбүр болады. Кеңестік кезеңде қазіргі кезеңге
қарағанда адамдардың аз ғана саны жаңа мамандық алу мақсатында қайта оқудан
өтті.
Мысалы, Алматы облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
департаментінің деректері бойынша 1985 ж. қайта оқудан 102 адам , 1986 ж. -
118 адам өтсе, 2010 ж. - 2 227 адам, 2011 ж. - 3010 адам өткен. Негізінен
бұл адамдар 30-40 жаста екенін атай кету керек .
6 кесте - Жас шамасы бойынша қайта оқудан өткен тұрғындар саны (Алматы
облысы бойынша деректер)

Жас шамасы бойынша Жыл
тұрғындар
1985 1986 2010 2011
16-29 жас 5 3 451 838
30-40 76 89 1 194 1 152
40-50 21 26 672 1 011
Барлығы: 102 118 2 227 3010
(Алматы облысының Еңбек же халықты әлеуметтік
қорғау департаментінің 1985-86 жж., 2010-11жж. деректер базасы).

Еңбек қызметі - адамдардың кез келген қоғамдағы тұрмыс халінің негізгі
қайнар көзі. Еңбек рыногы нарық жүйесінде ерекше орын алады. Оның негізгі
қызметі баланс жасау сұранысы, жұмыс күшінің ұсынысы, әлеуметтік тұрақтылық
және елдің саяси қауіпсіздігі негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде еңбек рыногының жағдайы мен оның даму тенденциясы
экономикалық тұрғыдан белсенді халық, жұмыспен қамту және жұмыссыздық
көрсеткіштерінің өзгеруімен сипаталады. Экономикалық тұрғыдан белсенділік
деңгейі халықтың жынысы мен жасы құрылымының өзгеруімен тәуелді. 2011 жылғы
IV тоқсанда экономикалық тұрғыдан белсенді халық санынан ерлер 423,6 мың
адамды (51,2%), әйелдер 405,9 мың адамды (48,8%) құрады.
Экономикалық өсімнің жоғарғы темп жағдайында еңбек рыногында жұмыс
күшіне деген сұраныстың және халықтың жұмыспен қамтылуының артуына нақты
алғышарттар жасайды. 2011 жылғы IV тоқсанда Алматы облысында экономикалық
тұрғыдан белсенді халық саны өткен жылғы сәйкес кезеңнен 3619 мың адамға
(1,8%) артып, 8977,2 мың адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді
халық деңгейі 68,1% құрады.
2011 жылғы IV тоқсанда экономикалық тұрғыдан белсенді деңгейдің 64,5%-
әйелдер, 72,0% - ерлер құрады.
2011 жылғы IV тоқсанда облыс өңірлерінің арасында экономикалық
тұрғыдан белсенділердің жоғарғы деңгейі Райымбек (80,4%) және Ақсу (79,9%)
аудандарында байқалса, Жамбыл (61,3%) ауданы мен Талдықорған (62,5%)
қаласында төмен болды.
Еңбек рыногы жалдамалы жұмыспен қамтылған жүмысшылар санының өсуімен
мемлекеттік емес сектор пайдасына экономика саласы мен секторы арасындағы
жұмыс күшін қайта бөлумен сипатталады. 2011 жылғы IV тоқсанда облыс
экономикасында 8443,3 мың адам жұмыспен қамтылған.
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен
қамту саясаты. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік
топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті
азаматтарды жұмысшылар қатарына қосуға даярлау. Азаматтарға қолдау
көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті
меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек Еңбек нарығында біріншіден,
сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке
нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке
нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
        Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты
әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған
негізгі басымдық. Еңбек нарығындағы жаңғырулардағы жетістіктері,
экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеру.
Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық қызмет ету
тетіктерін жетілдіру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы
ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау,  қоғамдық
бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №
316 қаулысымен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға
жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1)  Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз
адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтылуға тарту;
2) Үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі бағдарламаны іске
асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;
3) Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар (бұдан әрі -
тұлғалар) өз ісімен айналысушылар қатарынан, жұмыссыздар мен аз
қамтылғандар Бағдарлама қатысушылары бола алады.
Бағдарламаны іске асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1.Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз
адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
2. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Қазақстан Республикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негізі
Жұмыспен қамту және жұмыссыздық: мәні, құрылымы, түрлері
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Өндірісті басқаруды жетілдіру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстанның әлеуметтік жағдайы және кедейшілік деңгейін талдау
Еңбек ресурстарын ұйымдастыру жайлы мәлімет
Пәндер