Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы бюджет саясатының ахуалы


МАЗМҰНЫ
Кiрiспе3
1 Жергілікті бюджетті басқарудың теориялық ілімі5
1. 1 Бюджеттiң құрылуының методологиялық аспектiлерi5
1. 2 Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы бюджет13
саясатының ахуалы13
1. 3 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi бюджеттiң қалыптасуы24
механизмiн саралау24
2 2009-2011 жылғы жергілікті бюджет кірістерінің құрамын талдау30
2. 1 Жергілікті бюджет кірістер құрамының түсімін талдау30
2, 2 Жергілікті бюджеттің кірістер құрамындағы салықтық32
түсімдерін талдау32
2. 3 Бюджеттің кірістер құрамындағы салықтан тыс түсімдерді талдау36
2. 4 Бюджет кірістер құрамындағы негізгі капиталды сатудан және38
трансферттік түсімдердің орындалуы38
2. 5 Бюджеттің орындалу жүйесіндегі шығыстар бөлігіндегі42
қаржылардың жұмсалыну талдау42
3 Жергілікті бюджетке түсімдерді болжаудағы бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру жолдары46
3. 1 Жергілікті бюджеттің кірісін арттыру жолдары46
3. 2 Жергiлiктi бюджеттiң орындалуын қадағалау және тиімділігін49
жоғарлту49
3. 3 Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастар58
жетiлдiрудiң мүмкіндiктерi58
Қорытынды65
Пайдаланылған әдебиеттер68
Кiрiспе
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында бiрқатар қаржы-экономикалық, бюджеттiк әдерiстердi нығайту және ары қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетiлдiрусiз мүмкiн емес. Нақты теория негiзiнде бюджетаралық қатынастар жүйесiн түбегейлi қарастыру талап етiледi. Бұл дегенiмiз елiмiзде және оның аймақтарында болып жатқан экономикалық әдерiстердi бағалаудың маңызды алғышарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуында маңызды болып бюджет жүйесi табылады. Сондықтан оларды зерделеу мақсатында бюджет жүйесiнiң ұтымды қызмет ету белгiлерiн зерттеу өзектi болып табылады. Бюджет жүйесiнiң оңтайлылығы тек табыс көздерiнiң белсендендiрiлуi, бюджет қаражаттарының ұлғаюы және бюджеттiң артықшылығы ғана емес, сондай-ақ, ең алдымен оның өмiр сүру деңгейiн жоғарылату мақсатында әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешу қабiлеттiлiгiнде жатыр.
Мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейлерiн қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету тiкелей бюджетаралық қатынастардың дамығандығымен байланысты болады және бұл қазiргi кезде жетiлдiрiлмеген және аймақтың көптеген мәселелерiн шеше алмайды. Республикалық бюджетте қаржы ресурстарының шоғырландырылуы, барлық бюджет деңгейлерi арасындағы қарсы қаржы ағындарының бар болуы және көптеген жергiлiктi бюджеттердiң тапшылығы - бұның барлығы халыққа өмiрлiк маңызды мәселелердi шешетiн жергiлiктi басқару органдарының мүмкiндiгiнен айырады.
Тұтастай алғанда Қазақстандағы әр түрлi билiк деңгейлерi арасындағы қаржы-бюджет қатынастарының жүйесi көптеген өзгертулерге қарамастан, толығымен тұрақты дамушы нарықтық экономикаға сәйкес келмейдi. Бұл жағдайдағы маңызды мәселе билiктiң орталықсыздандырылуы.
Қазiргi кезде мемлекеттiк аймақтық саясатының негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасының даму Стратегиясына сәйкес келуi керек, яғни реформалардың ауыртпалығы шаруашылықтандырудың аймақтық деңгейiне бiртiндеп ауыстырылуы тиiс.
Диплом жұмысының мақсаты және мiндеттерi. Диплом жұмысындағы зерттеудiң мақсаты болып бюджетаралық қатынастар мен бюджет құрылғысы мәселелерiн кешендi талдау, бюджет механизмiн жетiлдiру бойынша теориялық негiздеулер мен тәжiрибелiк ұсыныстар және жергiлiктi бюджеттiң табыс бөлiгiн нығайту болып табылады.
Мақсаттың жүзеге асуы үшін, мынадай мiндеттердi шешу қажет:
- экономиканың әр түрлi даму деңгейлерiнде бюджет жүйесi шешетiн негiзгi мақсаттар мен қызметтердiң теориялық мәнiн ашу;
- Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесi туралы заңның өзгеруiне байланысты оны жетiлдiру үшiн бiрқатар тұжырымдар ұсыну;
- бюджет жүйесiнiң қызмет ету тәжiрибесiн жүйелендiру, бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және оның Қазақстан Республикасында қолдану мүмкiндiктерiн бағалау;
- қолданыстағы тәртiптi және елдегi, сондай-ақ Зайсан аудандық әкім апаратының аймақтық бюджетаралық қатынастарды қайта бөлу ерекшелiктерiн талдау;
- жергiлiктi бюджеттер мен бюджетаралық қатынастардың қазiргi жағдайын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыруға қатсты ұсыныстар.
Ғылыми зерттеудiң пәнi мен объектiсi. Зерттеу пәнi болып бюджет қаражаттарын ұтымды пайдалануды бағылау және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру табылады. Зерттеу объектiсi болып бюджет жүйесi, Республикалық және жергiлiктi деңгейлердегi бюджет қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану жолында пайда болатын бюджетаралық қатынастар мәселелерi шығады.
Зерттеудiң әдiстемелік негiзi. Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiзiн қаржы-бюджет қатынастарының теориясы мен тәжiрибесi саласындағы отандық және шетелдiк экономист ғалымдардың еңбектерi, бюджетаралық қатынастар бойынша конференция материалдары, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының талдамалы шолулары қалыптастырды.
Ақпарат көзi болып әлеуметтiк-экономикалық дамудың бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтiк актiлерi, Шығыс Қазақстан облысы Қаржы Басқармасының және Салық комитетiнiң есептiк мәлiметтерi және Қазақстан Республикасы статистика жөнiндегi агенттiгiнiң материалдары негiз болды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы бюджетаралық қатынастарды одан әрi жетiлдiру бойынша Қазақстан Республикасындағы әр түрлi бюджет деңгейлерi үшiн теориялық-әдiстемелiк және тәжiрибелiк ұсыныстар кешенiн жасаудан құралады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемi кiрiспе, үш тарау қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi және қосымшалардан тұрады.
1 Жергілікті бюджетті басқарудың теориялық ілімі
1. 1 Бюджеттiң құрылуының методологиялық аспектiлерi
Қоғамдық өндiрiс дамуының объективтi заңдарын құрып бiлу мемлекетке экономикалық үдерiстiң дамуын мақсатты жетекшiлiк етуге мүмкiндiк бередi. Бұл жетекшiлiк өз сипаты жағынан объективтi болатын өндiрiстiк қатынастарды саналы пайдалануға негiзделген, олардың көрiнiс түрлерiн мемлекет сәйкес экономикалық тұтқаларға айналдырады. Кез-келген экономикалық тұтқа, бiр жағынан өндiрiстiк қатынастармен, олардың кемелденген деңгейiмен объективтi шартталған, басқа жағынан - мемлекеттiң шаруашылық- ұйымдастырушылық қызметiн iске асыру құралы болады.
Экономикалық санаттар қызметiн iске асырудың қажеттi негiзi ретiнде қоғам мүддесi үшiн объективтi экономикалық санаттарды пайдалану туралы, адамдардың қоғамдық-өндiрiстiк қызметi туралы ережелер қоғам өмiрiндегi объективтiлiк және субъективтiлiктiң ара қатынасымен шартталған, олардың диалектикалық өзара байланысын атап өтедi. Қандай болмасын тұтқаны ерiктi әдiспен жасап шығару мүмкiн емес, егер ол қоғамдық өндiрiс дамуының объективтi қажеттiлiктерiнен туындамаса, яғни ол табиғаттағы үдерiстердiң табиғи дамуымен байланысты. Сондай-ақ, экономикалық тұтқа мемлекетке объективтi экономикалық үдерiстердiң ағысын жеделдетуге, олардың құрылымын, бағытын өзгертуге мүмкiндiк беретiн мiндеттi түрдегi өзiнiң белсендi бастауына ие, яғни адамның мақсатты қызметiмен байланысты.
Бюджет қатынастарына объективтi сипат тән. Ол мемлекет құзырында жыл сайын барлық қоғам шегiндегi кеңейтiлген ұдайы өндiрiс қажеттiлiктерi үшiн азаматтардың әлеуметтiк-мәдени қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға, қорғаныс мәселелерiн шешуге, мемлекеттi басқарудың жалпы шығындарын жабу үшiн қажет болатын Ұлттық табыстың белгiлi бiр үлесiн шоғырландыру қажеттiлiгiмен шартталады. Бюджет қатынастарының мемлекеттен тыс пайда болуы мүмкiн емес.
Бiрақ, мемлекетпен байланыста бола отырып, олар қанша дегенмен қондырма элементi де, негiз элементi де болып табылады. Бюджет қатынастары қоғамның экономикалық құрылымының органикалық бөлiгi болғандықтан, олардың қызмет етуi мемлекет өз қызметiн iске асыру үшiн материалды-қаржылық қор қажет деген объективтiлiкпен алдын-ала анықталған.
Бюджеттiк қатынастар қызмет ету барысында оларға сәйкес болатын материалды-заттай көрiнiс табады: олар күрделi ұйымдастырушылық құрылымы бар мемлекеттiң бюджет қорында заттандырылады. Мемлекет құзырындағы қаржы ресурстарын орталықтандыру деңгейiн көрсететiн бюджеттiк қордың нақты көлемi бiрқатар факторларға тәуелдi: экономиканың даму деңгейiне; кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелердiң шаруашылықты жүргiзу тәсiлiне; қоғам шешiп жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелерге және т. с. с. Елдiң бюджеттiк қорының құрамында арнайы түрде қызмет атқаратын резервтер құрылады.
Жекелеген ғалымдардың пiкiрi бойынша, елдiң бюджеттiк қорын қалыптастыру мен пайдалану бойынша ақша қатынастарының жиынтығы “бюджет” түсiнiгiн анықтайды. Отандық қаржылық ғылымда бұл түсiнiктiң мәнiн оқып бiлу, оның дамуы бәсең болуын есепке ала отырып, қажеттi өзгертулердiң орындылығын анықтайтын факторларды зерттеу экономикалық қатынастардың бұл саласын танып бiлуге тұтас ғылыми-теориялық қадамды талап етедi. Адам бiлiмiнiң жарқын куәсi болып, “мемлекеттiк бюджет” түсiнiгiнiң өзiне сәйкес пайымдауында көрiнiс тапқан, мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық табиғатына деген көзқарастардың бiртiндеп өзгеруi табылады.
Қаржы қатынастарының белгiлi жиынтығы ретiнде мемлекеттiк бюджетке, қаржы санатын тұтастай ерекшелейтiн жалпы қасиеттер тән. Қаржылық сияқты бюджеттiк қатынастар да тiкелей қатысушысы мемлекет болатын бөлу үдерiсiнде пайда болады, әрдайым ақшалай түрде iске асырылады және жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн арналған мақсатты ақша қорларының қалыптасуы мен пайдалануына себеп болады.
Мемлекеттiк бюджет, берiлген экономикалық қатынастардың жиынтығы ретiнде объективтi сипатқа ие. Оның ерiктi бөлу саласы түрiнде болуы, дамуы сәйкес орталықтандырылған ресурстарға тәуелдi болатын қоғамдық өндiрiстiң өзiмен алдын-ала анықталған.
Осылайша, мемлекеттiк бюджеттiң өмiр сүруi (қалыптасуы) - адамдардың субъективтi еркiнiң нәтижесi емес, ол кез-келген мемлекеттiң табиғатымен, қызметiмен, кеңейтiлген ұдайы өндiрiс қажеттiлiктерiмен шартталған объективтi қажеттiлiк.
Бiздiң ойымызша, бюджеттiк қатынастар кез-келген мақсатты ақша қорларының қалыптасуы мен пайдаланылуы үдерiстерiмен байланысты емес, ол тек қана мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қорлары. Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық санат ретiндегi өзiндiк ерекшелiгi қаржының экономикалық мазмұнының бiртексiздiгiнен туындап отыр, сондай-ақ қаржының құрамында әр түрлi құрылымдық бөлiмшелердiң болуымен анықталады, олар: кәсiпорындар, бiрлестiктер, ұйымдар қаржылары; мемлекеттiк бюджет және т. б., олар бiр-бiрiнен экономикалық қатынастардың табиғатымен емес, олардың әсер етуiнiң шегiмен белгiлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға бағытталуына қарай ерекшеленедi.
Сонымен қатар, “мемлекеттiк бюджет” санатына белгiлi бiр өзiндiк ерекшелiк тән, бiрақ та, бiздiң ойымызша, қаржының қасиеттерi шегiнен шықпайды, бiрақ сонымен қатар оны қаржы қатынастарының басқа буындары мен салаларын ерекшелейтiн айырмашылықтарға ие. Бұл жерде бiз құндық бөлудiң айрықшылықты саласы ретiнде мемлекеттiк бюджеттi сипаттайтын ерекшелiктерге келесiлер жатады:
1) мемлекеттiк бюджет мемлекет құзырындағы ұлттық табыстың бiр бөлiгiн оқшаулаумен және барлық қоғамның, оның жекелеген мемлекеттiк-аумақтық қалыптасуының қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында пайдаланумен байланысты қайта бөлу қатынастарының ерекше экономикалық түрi болып табылады;
2) бюджеттiң көмегiмен ұлттық табыстың, яғни ұлттық байлықтың халық шаруашылығы салалары, ел аумақтары, қоғамдық қызмет салалары арасында қайта бөлунуi жүредi;
3) қаржының басқа буындарына қарағанда бюджеттiк қайта бөлу құнының үйлесiмi көбiне, жалпы кеңейтiлген ұдайы өндiрiс қажеттiлiктерiмен және қоғам алдында оның әрбiр тарихи даму сатысында тұрған мәселелермен анықталады;
4) бюджеттiк бөлудiң аумағы мемлекеттiк қаржылар құрамында орталық орынға ие, ол бюджеттiң басқа буындарымен салыстырғандағы елеулi орнын көрсетедi.
Отандық ғылымда мемлекеттiң құзырында ақша ресурстарын орталықтандыру мен оларды жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктерге пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы қаржы деген атау тапқанын, ал “мемлекеттiк бюджет” терминi болса, ұзақ уақыт ақша қаражаттарында затталған бюджеттiк қатынастарда көрiнетiн қаржылық құжатты белгiлеу үшiн қолданылып келгенiн айта кету қажет. Елдiң негiзгi қаржы жоспары және мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қоры ретiндегi мемлекеттiк бюджеттiң пайымдалуы бюджеттiң ел экономикасындағы рөлiн, оның жалпы қаржы ресурстары құрамындағы мәнi мен орнын ашып көрсетсе де, қанша дегенмен оның экономикалық мәнiн көрсете алмады. Бюджет қоғамдық қатынастар жүйесiнде қандай орын алатыны белгiсiз болды, ол негiз немесе қондырма құбылысына жататыны түсiнiксiз болып қала бердi.
Қаржылық қатынастар дамуының эволюциясы қаржы санатының экономикалық мазмұнын кеңейттi, қаржы құрамында тек орталықтандырылған ақша қорларын құру мен пайдаланудан басқа да ақша қорларын құру мен пайдаланумен оқшауланған, ерекшеленген салалар бөлiне бастады.
Осыған сәйкес қаржы қатынастарының iшкi құрылымының күрделенуiне, олардың құрамында жекелеген ерекше салалардың пайда болуына алып келдi және жаңа мәндi түсiнiктерде - мемлекеттiк бюджет, кәсiпорындар, бiрлестiктер, ұйымдардар қаржылары және т. б. өз мағынасына ие болды.
Осылайша, қоғамның экономикалық негiзiндегi өзгерiстер - бөлу қатынастарының күрделенуi құрамын мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастарының бөлiгi ретiнде мемлекеттiк бюджет енетiн жаңа экономикалық санаттардың пайда болуына алып келдi.
«Қаржы» түсiнiгi бұрынғыға қарағанда, бөлу қатынастарының жиынтығын ғана көрсетпей, одан кең көрiнiс таба бастаған, “мемлекеттiк бюджет” терминi екi мағынада қолданыла бастады: экономикалық санат және мемлекеттiң қаржы жоспары ретiнде. Бiреуi нақты бар экономикалық қатынастарды, ал екiншiсi, оларды пайдаланудың жоспарлы нысанын көрсететiн өз табиғаты бойынша мүлдем ұқсас емес екi түсiнiк бiр ғана терминмен берiлетiн болып шықты. Олардың арасындағы айырмашылық анық көрiнедi, бiрiншiсi экономикалық негiзге, ал екiншiсi - қондырмаға жатады. Өкiнiшке орай, өз мәнi жағынан әр түрлi құбылыстар бiрдей термин арқылы көрiнiс тапқан. Осылайша, бiздiң ұстанымымыздан жекелеген экономистердiң еңбектерiнде “мемлекеттiк бюджет” түсiнiгiн пайымдаудың заңдылыққа сай емес жерлерi кездеседi. Нақтылап айтсақ, М. К. Шерменев “мемлекеттiк бюджет деп екi түсiнiктiң: мемлекет аумағында қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты пайда болатын (экономикалық санат) экономикалық қатынастар мен осы санаттың көрiну нысаны ретiндегi мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының жиынтығын түсiнемiз” деп есептейдi.
М. К. Шерменевтiң мемлекеттiк бюджет терминiмен аталатын екi түсiнiктiң арасындағы айырмашылық туралы айтқаны өте орынды деуге болады, бiрақ бюджеттiң экономикалық санат көрiнiсiнiң нысаны ретiнде мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары туралы пайымдауы кереғар болып отыр.
Бюджет мәнiнiң ашылу қиындығы оның бiркелкi емес аспектiлерiнiң әр түрлi табиғатымен байланысты.
Бөлу қатынастары саласында бюджеттiң экономикалық мағынасын көрсететiн үш құрылымдық топты бөлiп айту мәселесi бойынша бiз осындай үш топқа бөлiнедi деген М. В. Родионованың көзқарастарына қосыламыз, ал нақтылап айтсақ:
- бюджет қорын қалыптастыру бойынша мемлекеттiң халықпен, кәсiпорындармен, бiрлестiктермен және ұйымдармен ақша қатынастары;
2) мемлекеттiк билiк органдары, кәсiпорындар мен ұйымдар арасында Ұлттық табысты қайта бөлу мен аумақтық, салалық және мақсатты бағыттағы қорларды қалыптастыру кезiнде пайда болатын бюджет iшiндегi ақша қатынастары;
3) бюджет қорын пайдалану бойынша бөлу үдерiсiнiң басқа да қатысушыларымен мемлекеттiң ақша қатынастары.
М. В. Родионова экономикалық мазмұны бойынша мемлекеттiк бюджеттi “халық шаруашылығы, әлеуметтiк-мәдени шараларды, мемлекеттiк қорғаныс пен басқару қажеттiлiктерiн қаржыландыруға арналған бюджеттiк қорды құру мен пайдалануға байланысты Ұлттық табысты (iшiнара - Ұлттық байлықты) ” қайта бөлу бойынша мемлекеттiң заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасында пайда болатын ақша қатынастары” ретiнде анықтайды.
Осылайша, «бюджет» түсiнiгiн әр түрлi көзқарастардан талдай келе, бiздiң ойымызша, бiз одан өз табиғаты бойынша құбылыстардың мәндiк әртүрлiлiгiнде терминологиялық сәйкестiктердi табамыз. Экономикалық санат ретiнде елдiң бюджетi қоғамның объективтi қажеттiлiктерiне сәйкес жалпы мемлекеттiк ақша қорларын құру мен пайдалану үдерiсiнде мемлекет пен ұдайы өндiрiс субъектiлерi арасындағы қаржы қатынастарының жүйесiн көрсетедi. Қаржылық құжат ретiнде ол, сандық көрiнiсi бар берiлген қатынастардың жиынтығын көрсетедi. Бюджет түсiнiгiн қоғамдық өмiрдiң әр түрлi құбылыстарын көрсетудi пайдаланғанда қарастырылып отырған қатынастардың аспектiсiн мiндеттi анықтауды орынды деп санаймыз. Өйткенi, “бюджеттiк қатынастар” терминiмен, билiк органдары арасында пайда болатын ақша қатынастары ретiндегi, бiр жағынан бюджет ресурстарының төлеушiлерi мен алушылары, екiншi жағынан сондай-ақ бюджет жүйесiнiң әр түрлi буындарының өзара iс-әрекетiн атаймыз және бiр уақытта, қаржы құжаттары ретiндегi бюджеттiң қаралуы, құрылуы, орындалуы кезiнде орын алатын iс-жүргiзу қатынастарын да осылайша атайды.
«Бюджет» терминiмен байланысатын құбылыстардың мәнiн зерттеу кезiнде, бiз қарастырып отырған үлкен жүйенi басқаратын ғылымға келемiз. Осылайша, әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешу үшiн ғылыми теорияларды тәжiрибеде iске асыру мүмкiндiгiн ескере отырып, үлкен жүйе өзiне жүктелген қиын қызметтердi тек өз элементтерiнiң ерекше бiрлiгi негiзiнде ғана мүмкiн деген ережеде бюджеттi нарық қатынастарының реттеу субъектiсi мен басқарушылық әсердi талап ететiн объектi ретiнде зерттеудi мiндеттi деп санаймыз.
Бюджеттi екi аспектiде қарастыру қажет - қоғамдық дамудың объективтi қажеттiлiгi және оның экономикалық бағытталуының саналы пайдалануының ракурсi ретiнде. Оның басқару субъектiсi ретiндегi рөлi объективтi алдын-ала болжанған, өйткенi бюджеттiк қатынастардың пайда болуы мен олардағы өзгерiстер экономиканың дамуы салдарынан болады. Ол олардың әсер етуiнiң алғышарты және сондай-ақ объектiсi де болып табылады.
Бюджетте қоғам түрғысынан әлеуметтiк-экономикалық дамуды реттеу мақсатында ұдайы өндiрiстiң өзiне оның субъектiлерi арасындағы имманенттi (табиғатына сай) қатынастар көрiнедi. Ол адамзаттың тарихи барысымен өндiрiлген өзiндiк әсер ету әдiсi болады және тек экономикалық негiздiң ғана емес, сонымен қатар тұтастай қоғамдық қатынастарға, егер барлық ұдайы өндiрiс үдерiсi мен осы реттеудiң байланысын ескеретiн болсақ.
Бюджеттiң экономиканы басқару субъектiсi ретiндегi қызмет етуi өндiрiстiң талаптары және нәтижелерiмен, тұтыну сипатымен экономикалық қатынастардың даму деңгейiмен тығыз байланысты. Ол құнды (бағаны) қайта бөлудiң жекелеген сатыларын көрсететiн ерекше экономикалық нысандарды пайдалануға негiзделген. Олармен объективтi, бюджеттiң iшкi құрылымымен алдын-ала анықталған және өзiндiк ерекшелiк бағыттары бар, оның кiрiсi мен шығысы бой көрсетедi. Табыстар мемлекет қызметiнiң қаржылық негiзi болады, ал шығыстар - жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердiң қанағаттандырылуы болады.
Экономикалық санаттардың қисындық қатарында табыстар мен шығыстардың орны мемлекеттiк бюджет санатымен салыстырғанда дерексiздiктiң кiшi деңгейiмен анықталады. Бюджет қаржының қызмет етуiнiң қоғамдық шарттарының объективтi нысаны болып келген және ол қаржы санатына жатса, шығыстар мен табыстар бюджеттiң қызмет ету нысанының бюджеттiң санатына мемлекет бюджетiнiң экономикалық мәнiнiң сипатына жатады. Бұл нысандар объективтi болып табылады, өйткенi олар өндiрiстiң өзiндiк табиғи қажеттiлiктерiнен шығады. Олардың қоғамда болу фактiсi мемлекет қызметiнiң не саяси, не басқа да саласымен шартталмаған. Ол олардың реттелуiн жүйелi өндiретiн қажеттiлiктердi материалдық өндiрiс пен экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты.
Әдiстемелiк жағынан дұрыс ұйымдастырылған бюджеттiк механизм негiздiң нақтылығымен органикалық байланысын ұйғарады. Негiздiң әсерiн қабылдай келе, бюджет механизмi оның әсерiнен жетiлдiрiледi және экономиканың дамуына оң әсер етедi.
Бiздiң ойымызша, бюджет механизмiнiң ұдайы өндiрiстiң қажеттiлiгiне парапарлығы жалпы экономиканың нақты жағдайда дамуының әрбiр тарихи кезеңдегi қоғам алдында тұрған мәселелермен қорытындыланады.
Бюджет және бюджеттiк механизм деген экономикалық санаттары терең мәндi ерекшелiкке ие. Олар қайта бөлу қатынастарының дерексiздiгi болып табылады.
Бюджеттiк механизм - мемлекет әр түрлi әдiстер арқылы бөлетiн қайта бөлу құнының фактiсiнiң өзiн ғана куәландырып қоймай, сондай-ақ, белгiлi бiр кеңiстiк пен уақытта қайта бөлу үдерiстерiнiң барлық толықтығын, бар спектрiн көрсететiн ұйымдастырушы-экономикалық санат.
Ұйымдастырушы-экономикалық және әдiстемелiк айқындамалар көзқарастарынан бюджеттiк механизм әрқайсысының мазмұны «бюджет» деген және оның туыстық белгiлерiнiң экономикалық мәнiмен алдын-ала анықталған, өзара байланысқан элементтердiң жиынтығы ретiнде сипатталады.
Бюджеттiк қатынастардың iс жүргiзушi қалыптасуының көзқарасынан қарасақ, бюджеттiк механизм үш негiзгi элементтердiң үйлесiмiнен тұрады: бюджеттiк жоспарлау, бюджеттiк реттеу және бюджеттiң орындалуы. Барлық үш элемент бiрiгетiн болса, “бюджет” экономикалық санаттың мәндi бастауын көрсетедi, ал нақтылап айтсақ - оның қайта бөлуге арналуын айқындайды. Тәжiрибеде бұл ақша қорларын бюджеттiк қорға жинау мен бюджеттiк қаржы бөлулердi пайдалану жолымен бюджеттiк механизм арқылы iске асырылады.
Қызмет етуi қаржы қатынастарының - бюджеттiк қатынастардың ерекше саланы пайдаланумен, байланыспен болатын бюджеттiк механизмнiң сипаты, жалпы қаржылық механизмге тән қарапайым қайталаулармен шектесе алмайды. Бюджеттiк механизмде тiкелей қаржы механизмiнiң кейбiр белгiлерi қайталанады.
Бюджеттiк механизмнiң жалпы сипатының мәселелерi бойынша бiз В. М. Родионованың көзқарасына қосыламыз, ал нақтылап айтсақ:
а) бюджеттiк механизм, бөлу қатынастарының пайдалануын сипаттай келе, экономиканы басқарудың жалпы жүйесiнiң құрама буыны болып, онда ерекше орын алып отырады;
б) қондырма санат бола отырып бюджеттiк механизм, бiр жағынан бюджет қатынастарымен нақты объективтi шартталған, олармен детерминацияланған, ал екiншi жағынан оларға керi белсендi әсер етедi;
в) экономика дамыған сайын бюджеттiк механизм де өзгерiп жетiлуде, сондықтан әр жаңа тарихи сатыға шаруашылық тәжiрибенiң мәселелерiне жауап беретiн өз бюджет механизмi сәйкес келедi;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz