Жергілікті бюджеттердің реттеу формалары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-тарау Бюджеттік жүйе жӘне жергілікті бюджет түсімдері мен шығындары . . . 9
- Бюджет түсінігі және оның түрлері мен деңгейі . . . 9
- Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындары және аймақтық бюджет аралық теңдестіру тетігі . . . 15
- Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметі және оның әрекет ету шекарасы . . . 19
2-тарау Аймақтың Әлеуметтік-экономикалық дамуында жергілікті бюджет шығыстарының қалыптасу ерекшеліктері
2. 1 Аймақтық саясат және жергілікті бюджетті реттеу формалары . . . 27
2. 2 Аймақта білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру ерекшеліктері . . . 41
2. 3 Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру . . . 61
2. 4 Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау ерекшеліктері . . . 69
3-тарау Бюджет жобасының бекітілуі жӘне мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру . . . 86
3. 1 Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру . . . 86
3. 2 Қазақстан Республикасында бюджет жобасының бекітілу процедуралары . . . 89
Қорытынды . . . 96
Пайдаланылған Әдебиеттер . . . 98
Қосымшалар . . . 100
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Экономикалық қатынастар жағдайында жергілікті басқару органдарының қызмет ету саласы кеңейе түседі, сондықтан олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық мазмұндағы мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет ете алады. Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын, мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды, бюджеттік сала құрылымын қайта құру, аумақтың экономикалық өркендеуі үшін қолайлы шарттар қалыптастыру сияқты аса маңызды міндеттерді жүзеге асыру жүктеледі.
Атырау облысының дамуында тұрғындарға қызмет көрсету іс-шараларын қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары арқылы іске асырылады.
Осы жағдайларды ескере отырып, Елбасы 2005 жылғы “Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Маңызды әрі көкейтесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға: отбасын қамсыздандыру, тұрғын үй иелену, денсаулықты нығайту, зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайларды туғызу болып табылады” делінген [1] .
Экономикалық қатынастар жағдайында жергілікті басқару органдарының қызмет ету саласы кеңее түседі. Сондықтан олар әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, демографиялық мазмұндағы мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет ете алады. Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын, мемлекетті қаржыны тиімді басқаруды, бюджеттік сала құрылымын қайта құру, аумақтың экономикалық өркендеуі үшін қолайлы шарттар қалыптастыру сияқты аса маңызды міндеттерді жүзеге асыру жүктеледі.
Атырау облысының дамуында тұрғындарға қызмет көрсету іс-шараларын қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары арқылы іске асырылады.
Облыстық бюджет жобасын облыстық маслихатқа жергілікті атқарушы орган келесі жылдың бюджетінің жобасымен қатар төмендегідей құжаттар мен материалдарды ұсынады:
- әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;
- алдағы үш жылға арналған орта мерзімді фискалды саясатын;
- жергілікті бюджеттік бағдарламалар құжаттарының жобаларын;
- келесі жылдың бюджет жобасына енгізілген шешімдердің мазмұнын айқындайтын түсініктемені.
Бюджеттік ресурстар аймақтың қаржылық қорының басты бөлігі болып табылатындықтан, аталмыш ресурстардың қалыптасуымен бөлінуіне талдау жасау жалпы аймақтың қаржылық қорының қалыптасуы мен қолданылуында маңызды роль атқарады.
Экономиканың мемлекеттік секторы ел заңдылығына сай билік өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаудың негізгі құралының бірі. Мемлекеттік сектор мемлекеттік бюджет көмегімен қоғамда толығымен ресурстардың тиімді бөлінуіне жағдай жасайды. Бүгінгі таңдағы мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы тұрғысынан негізгі мәселе бюджет жүйесін басқару процесі деп санауға болады.
Мемлекеттік бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталынады.
Жалпы кезеңдерді салыстыра отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:
- бюджет шығындарының атқарылуының (бюджеттің жұмсалуының) ең жоғарғы мөлшері 2006 жылы - 38593, 2 млн. теңге шамасында тіркелген. Яғни бұл 2005 жылғы бюджет шығындарымен салыстырғанда - 30 %-ға, 2007 жылғы бюджет шығындарынан - 5, 8 %-ға артық. Ал 2000 жылмен салыстырғанда облыстық бюджет шығындарының көлемі 2006 жылы - 3, 6 есеге, ал 2007 жылы - 3, 4 есеге көбейген;
- түсімдер немесе кірістер бойынша ең жоғарғы қаржы мөлшері 2005 жылы тіркелген, ал төменгі деңгейі 2000 жылы байқалады. Сондай-ақ, аталмыш кезеңдер ішінде облыстық бюджеттің кірістері шығыстарын жауып келген, яғни бюджет тапшылығы орын алған жоқ.
2007 жылы облыстық бюджеттің түсімдері 101, 8 %-ға (жоспарланған 35988328 мың теңгенің орнына 36619181 мың теңгеге) орындалған. 2007-2006 жылдардағы облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша айырма - 2117750 мың теңгені құраған. Ал осы мерзімдегі бюджеттің жоспар бойынша айырмасы - 1962257 мың теңге көлемінде болса, 2007-2006 жылдар бюджеттерінің жоспар бойынша айырмасы 40208 мың теңгені құрап отыр.
Бюджет кірісін басқарудың барлық процесі табысты реттеудің неігізгі принциптері бекітілген «Бюджет туралы», «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі, сондай-ақ республикалық бюджетте ағымдағы жылға сәйкестендірілген табыстардан нақты аударымдар бекітіледі [2] .
Жергілікті бюджет құралдары жергілікті бағдарламаларды қаржыландыруға пайдаланылады, олардың саны қазіргі кезде 400-ден астам. Бұл жағдайда 2003-2015 жылдары Қазақстан Республикасы индустриалды, ииновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру үшін үкімет республикалық бюджеттен 500 млн. доллардан астам қаржы бөлді. Бұл құралдар негізінен даму институттарын қалыптастыруға, ғылыми зерттеулерге бағытталды. Әлемдік тәжірибе мемлекеттік ұлттық ғылыми шығыстардың 1/5 нен жартысына дейін өзіне алатыны көрсетіп отыр, ал фундаменталдық астам үшін бұл көрсеткіш жоғары - жартысынан 2/3 - ке дейін. Бюджеттік шығыстардың жалпы сомасында ғылымға шығындар үлесі соңғы 20 жылда тұрақты: АҚШ-та 6-7 %, Францияда, Германияда, Ұлыбританияда, Италияда - 4-5 %, Жапонияда 3-3, 5 %.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жергілікті бюджет құралдары мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырылуға пайдаланады. Елбасымыз өзінің “Жаңа әлемдегі, Жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемім - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай денгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар денгейіне сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиіспіз” деп атап өткен болатын.
2006 және 2007 жылдардағы бюджет шығындарының ішінде білім беруге бөлінген қаржы көлемі аса қомақты.
2006 жылы білім беруге 11311918 мың теңге қаржы бөлінсе, оның 11235480 мың теңгесі немесе 99, 3 % -ы атқарылған. 2007 жылғы жоспар бойынша 12770331 теңге бөлініп, оның 12690345 мың теңгесі немесе 99, 4 % -ға атқарылған. Екі жыл ішіндегі бюджеттің атқарылу мәліметтерін салыстыра отырып, білім беру саласына бөлінген қаржының атқарылуы 1454865 мың теңгеге көбейгенін көруге болады.
2006 жылдың есебі бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне бөлінген қаржы 7814551 мың теңгені құрап, оның атқарылуы 98, 2 %-ға орындалған. 2007 жылы денсаулық сақтау мекемелері арқылы 9823000 мың игеріліп, атқарылуы 96, 3 %-ды құрады. Қаржы негізінен төмендегідей мақсаттарға жұмсалған:
- иммуннобиологиялық құралдар, вакциналар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға;
- жергілікті денгейдегі қан тапсыру орталықтарын материалдық - техникалық жабдықтауға;
- 5- жасқа дейінгі балаларды дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуге және т. б.
Білім беріге шығындардың өсуі қазіргі кезде әлемдік біліктілік талабына сай келетін ел экономикасының салалары үшін жоғары білікті ұлттық мамандарды даярлау қажеттілігінен туындап отыр. Сондықтан да болашақта білім беруге шығындарды ІЖӨ-ге 5-6 % денгейіне арттыру қажет.
“Денсаулық сақтауға” шығындар үлесі ІЖӨ-ге процентпен алғанда 2 %-тен аз ғана көп. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 6-7 %-ке жуық, бірақ міндетті медициналық сақтандыру қорының құрылуымен денсаулық сақтауға шығындар 2-3 % денгейінде сақталынады деп болжануда.
Мемлекет ресурстарын қайта бөлу процесінде бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік секторды қайта құрылымдау мен даму бағыттары, мақсаттарын ескеру қажет.
Мемлекеттік бюджеттің шығыс жіктемесінің барлық түрі меншік формалары бойынша ресурстарды бөлуді қарастырмайды, осылайша әрекет етуші әдістеме негізінде мемлекеттік секторға тікелей бағытталған құралдарды бағалау мүмкін емес. Бюджеттік жіктеме баптарын талдау негізінде ғана жекелеген пайымдауларды түзетуге болады.
Елбасы 2008 жылдың 7 ақпанында “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды әкімдердің бірінші кезектегі міндеті деп жүктеп отыр. Ол осы бағыттағы бірнеше мақсаттарды атап өтті. Оның ішінде негізгісі - бюджет нәтижелілігін арттыру болып табылады.
Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1, 1 триллион тенгеден асып түсті.
Әлеуметтік инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Диплом жұмысының мақсаты: тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жаңа әлеуметтік нысандарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру ерекшеліктерін қарастыру.
Алдыма, мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойдық:
- бюджеттік жүйе және жергілікті бюджет түсімдері мен шығындардың мазмұнын ашу;
- аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуындағы жергілікті бюджет құрамының ерекшеліктерін қарастыру;
- бюджет жобасының бекітілуін және қаржылық бақылаудың ұйымдастырылу тәсілдерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттің көрсеткіштері.
Зерттеу заты: аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуы мен жергілікті бюджеттен жұмсалатын шығындар арасындағы байланыс.
Диплом жұмысын жазу барысында отандық және шетелдік мына авторлардың еңбектерін қолдандық: Зейнелгабдин А. Б., Иванова Г. Г., Ильясов К. К, Саткалиева В. А., Кулекеев Ж. А., С. Н. Абдрахманованың “Жергілікті бюджет: қалыптасуы мен атқарылу көрсеткіштері”, С. С. Ахметованың “Мемлекеттік бюджет мемлекеттік секторды басқарудың құралы ретінде” және т. б. ақпарат көздеріне жарияланған мақалаларын пайдаландық.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарау Бюджеттік жүйе жӘне жергілікті бюджет түсімдері мен шығындары
- Бюджет түсінігі және оның түрлері мен деңгейі
Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір- бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым- қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым - қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік фунцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым - қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық фунцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да, мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық - экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым - қатынаста жатыр.
Бюджет экономикалық қарым - қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасына да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым - қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік - экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі келісімге (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді [3] .
Бюджет түрлері мен деңгейі
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын - бюджетті-қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлық қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен қатысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік қатынастар қосындысын жүйе деп түсіндіріледі.
2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
- аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті) .
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізгі келесі қаржылық қатынастары:
- мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;
- мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
- мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
- қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында ;
- мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.
Қаржылық қатынастардың барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен құқықтық нормалар негізінде басқарылады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылы, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді, Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады. Ынтымақтық принцип - бюджеттік жүйенің ұйымдастыру - экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Республика аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік шығыстар жалпы біріңғай жүйесі бар екені осы ынтымақтық принцип арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі,
Толығу принципі - бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған, обьективті және сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды. Үкіметте бюджетте қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар болуы тиісті емес. Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нетто түсініктері байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық қаржы операцияларын көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді.
Шынайшылық принцип деген бюджеттің қабылданған көрсеткіштерінің республика мен аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен әлеуметтік - экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді.
Бюджет жүйесінің жайдарылық принципі бекітілген бюджет пән оны атқару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын керек етеді.
Жергілікті бюджеттердің тиімді іс - әрекетінің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестік принципі маңында олардың кірістері өзіндік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қалыптастыру мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бұл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жұмсау бағыттарын анықтау.
Федералды мемлекеттерде жергілікті бюджеттердің кіріс пен шығыстары федерация мүшелерінің бюджеттеріне, ал федерация мүшелері өз кірістері және шығыстарымен федералды бюджетке кірмейді. Біртұтас мемлекеттерде жергілікті бюджеттер өз кірістері және шығыстарымен республикалық бюджетке кірмейді, яғни олар дербесті болады. Жоғары экономикалық және әлеуметтік тиімділікке жету үшін шығыстар неғұрлым жергілікті әкімшілік - аумақтық бірлікке жақын болуы қажет, себебі сол бірлік мүдделеріне жұмсалатын шығыстар [4] .
Қазақстан Республикасында, екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады - республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер .
Бюджеттік құрылым. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар
Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөліс процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының орталықтандырылған қорда қалыптастыру және пайдалану байланысынан тұрады.
Бюджеттік құрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық формалары.
Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.
Бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі. Бюджеттік процестердің кезеңдері
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс өз алды мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.
Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:
- тұтастық - оның маңында біріңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
- дербестік - оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өзіндік қайнар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;
- теңгерушілік - оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуында.
Бюджет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арналған жылсайынғы Жолдауының есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары негізінде қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz