Сөзден жеңілген төре
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨРБУ ЖОЛДАРЫ
2 ЖЕТІСУ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
3 ЖЕТІСУ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДАМУ, ӨРКЕНДЕУ СИПАТЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Ежелгі замандардан бастау алатын әдебиет
нұсқалары әр елдің салт-дәстүрлерінен, түсінік-танымынан, мақсат-мүддесінен
хабар береді. Әдебиет тек халық тарихының тұтастай шежіресі ғана емес,
белгілі бір дәуірдің айнасы да болып есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда біз
қазақ тарихында айрықша орны бар ХIХ ғасырды зерттеу нысанасы ретінде
белгіледік. Зерттеудің уақыттық мерзімі ХIХ ғасыр болса, әдебиеттік мән-
мазмұны тұрғысынан Жетісу ақындық мектебінің даму, қалыптасу кезеңдері
қарастырылады.
ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындары өзінің жаңа идеяларын поэзияның бұрынғы
дәстүрлі үлгі формаларында жырлады. Табан астынан өлең құрап, сөз қағысуға
даяр тұратын суырыпсалма ақындар әдебиетті айтарлықтай дамытты. Жетісу
ақындарының айтыстарында қазақ елінің тағдыр-тауқыметі, салт-санасы, дәстүр-
дағдысы көрініс тапты. Сондықтан бұл тақырып та арнайы зерттеудің өзегі
ретінде таңдап алынды.
Қазір тәуелсіз еліміз өзінің даму жолының жаңа кезеңіне бет бұрды.
Соңғы он бес жылдағы белестер негізінен елдің экономикалық ахуалын көтеріп,
халықтың әл-ауқатын арттыруға арналса, енді мемлекеттің рухани әлеуметін
қалыптастыру мәселесі басты мақсат ретінде қойыла бастады. Мәдени мұра
бағдарламасы әдебиет тарихының да көптеген мәселелерінің жан-жақты
зерттелуіне ықпал етті. Бұрын белгісіз болып келген деректер мен жәдігерлер
қатарға қосылды. Танымдық дүниелер мен тарихи мәліметтер ғылыми айналымға
енді. Осы құнды құжат арқылы бекітілген жоспарға сәйкес төл әдебиетіміздің
де жоқ-жітігі біраз түгенделіп қалды.
Әдебиетіміздің арғы бастаулары ғана емес, осы күнге дейін жеткен
сабақтастық мысалдары Жетісу ақындарының ежелден түбі бір, тілегі ортақ
екенін дәлелдейді. Тамыры терең қазақ әдебиетінің өте бай тарихында маңызды
орын алатын ХIХ ғасырдағы Жетісу ақындарының арасындағы дәнекерлік
көпірінің берік болуы маңызды дей аламыз. Диплом жұмысының өзектілігі
осынысымен де айқындалмақ.
Зерттеу нысаны. ХIХ ғасырда өмір сүрген Жетісу ақындық мектебінің
шығармалары, олар туралы зерттеу еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Бес
ғасыр жырлайды, Үш ғасыр жырлайды, Ай, заман-ай, заман-ай антологиялық
жинақтары, ақындардың жеке шығарма жинақтары зерттеуге нысан болды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты – ХIХ
ғасырдағы қазақ әдебиетін жан-жақты зерттеп, Жетісу ақындарының ежелден
қалыптасқан шығармашылық қарым-қатынасына әдеби процестің қаншалықты ықпалы
болғандығын айқындау. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді шешу мәселесі
алға қойылды.
– Жетісу ақындық мектебінің ХIХ ғасырдағы кезеңіне ықпал еткен
қоғамдық-саяси оқиғаларды саралау. Ол саяси оқиғалардың халық поэзиясында
көрініс беруі заңдылық екенін ескеру. Негізгі- мақсат ақындар
шығармашылығының осы тұрғыдағы ұқсастығы мен ерекшелігін ашу, олардың
әдебиеттегі көрінісінің ортақтығын зерделеу;
– Жетісу ақындық мектебінің әдебиетінде ақтаңдақ ретінде бағаланған
тақырыптарды арқау еткен шығармаларға талдау жасау;
– Аталған кезеңдегі ақындар поэзиясының ұқсастықтары мен өздеріне
тән ерекшеліктерін салмақтап-саралау,бағалау.
Диплом жұмысының дереккөздері.
ХІХ ғасыр Жетісу ақындары өзінің жаңа идеяларын поэзияның бұрынғы
дәстүрлі үлгі формаларында жырлады. Ертеден қалыптасып, қазақ поэзиясында
берік орныққан поэтика, көркем түр, стиль, әдіс-тәсілдер әрбір ақынның
үйреншікті, төселген, жатыққан бейнелеу, суреттеу құралдары болатын. Ең
алдымен, халықтың поэтикалық шығармашылығын қалыптастырған өлең құрылысы,
буын өлшемі, ырғақ-ұйқас жүйелері қаз-қалпында сақталды. Әсіресе, халықтың
қара өлең, толғау, терме, жыр жүйелері кең пайдаланылады. Ақындар арнау,
айтыс, өлең формасын жиі қолданады. Осылардың ішінде, ХІХ ғасыр поэзиясын
кең өріске көтеріп, ілгері дамытқан жанрлары деп арнау, толғау, айтыс
формаларын ерекше атап көрсеткен орынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл еңбекте ХIХ ғасырдағы Жетісу
ақындарының әдеби байланыстары тұтас күйінде қарастырылды. Еңбектің мынадай
ғылыми жаңалықтарын атап көрсетуге болады:
– Жетісу ақындарының байланыстары ХIХ ғасырдағы қоғамдық-саяси
ахуалмен тығыз бірлікте қарастырылды, дәуір оқиғаларының әдебиетке ықпал-
әсеріне талдау жасалды;
– Қазақ ақындары айтыстары талданып, оған қатысты танымдық
мәліметтер беріліп, әр түрлі ой- пікірлер сарапқа салынды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Еңбекті көмекші құрал ретінде
жоғары оқу орындарында,орта мектептің сыныбында бағдарлама негізінде, сол
сияқты қосымша сабақтар және арнаулы курстар мен семинарларда қарастырып,
бұл зерттеуді осы бағытта ұйымдастырылатын жұмыстарға теориялық-практикалық
материал ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Жұмыс негізінде келесі тұжырымдарды
ұсынуға болады:
– Жетісу ақындық мектебінің дамуына біркелкі қоғамдық-саяси
факторлар ықпал етті, сондай-ақ белгілі бір дәрежеде әдебиеттің дамуына да
әсерін тигізді;
– ХIХ ғасырдағы Жетісу ақындарының айтыстарында халықтың қайғысы
мен мұңы, ахуалы мен арман-мұраты негізгі тақырып арқауына айналған.
Ақындар айтыстарына елдік мұрат пен бірлік идеясы, ынтымақтастық салты өзек
болған;
– ХIХ ғасырдағы Жетісу ақындық мектебінің бір-біріне мол ықпалы
болғаны анық байқалады. Мұндай ықпалдастық мысалдары ХІХ ғасырда өмір
сүрген Сүйінбай, Майкөт, Жамбыл, Кенен сияқты ақындардың шығармашылығынан
анық көрінді;
– Жетісу ақындық мектебінің өзара шығармашылық байланысы қабілет-
қарымы мол, теңдесі жоқ ақындар мен жыршылардың тәрбиеленіп шығуына жағдай
туғызды.
Зерттеу әдістері. Ғылыми еңбекті әзірлеу барысында тарихи-
типологиялық,жинақтау, талдау және салыстырмалы әдістер пайдаланылды.
Жетісу ақындарының шығармашылығындағы ұқсастықтар мен өзіндік ерекшеліктер
салыстырыла қарастырылды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе мен қорытындыдан, үш
тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Халқымыздың көркем сөз өнерінің даму жолы ұзақ та күрделі. Бірде
жырау, бірде ақын аталып келген жеке өнер иесінің ауыз әдебиетінен бөлініп
шығу процесі бірнеше ғасырға созылады. Алғашқы аты мәлім ақын, жыраулар XIV-
XV ғасырдан бастап көрінсе де, олар ұзақ уақыт бойы ауыз әдебиеті аясында
еңбектеніп, өз туындыларын сол арнада жасады, көбінесе үлкен бір оқиғалар
мен тарихи адамдар төңірегінде толғанудан әрі бара алмады. Соның
нәтижесінде көркемдік қуаты өзгеше күшті, ескірмес, өшпес сөз туғызған
немесе сөз өнерімен бірге ірі қимыл-әрекетімен халық жадында сақталған
бірен-саранынан басқасы сол асыл әдебиеті сияқты телегей теңіз коллективтік
көркемдік дүниесіне сіңіп кетіп отырды.
Бұл процесс XVIII ғасырдың аяғына дейін келді, тіпті ХІХ ғасырда да
біржола ұмыт бола қойған жоқ. Әйтпесе, қазіргі қолда бар үзік-үзік, жұпыны
деректер арқылы білетініміздей әр жүз жылда бір не екі ақын, не жырау болды
десек, мұнымыз шындыққа үлкен қиянат болар еді. Шындығында ақын, жыраулар
ол тұстарда да аз болмаған, бірақ шығармалары өз аттарымен сақталмаған.
Мұның бірден-бір себебі: әдебиеттің ауызша туып, сақталуы, кейінгі
ұрпақтарға ауызша жетуі, соның салдарынан көпшілігі уақыт сынына шыдай
алмай, одан тек жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендей, айрықша талантты
ақындар туындыларының ғана сараланып сақталып, некен-саяқтап өтуі тағы
басқа.
Қазақ халқының саяси-экономикалық, рухани даму тарихынан XVIII ғасыр
өзгеше орын алады. Бұл кезде қазақ халқының салт-санасы, тілі және қоныс
бірлігі әбден орнығады. Арқада Абылай, Батыс Қазақстанда Әбілқайыр хандығы
туады. Бұлар кешегі өзбек, ноғай ұлыстары кезіндегі хандықтар емес, қазақ
тайпаларының өз бірлігіне негізделген бірлестік болған еді. Енді қазақтар
тұтас ел ретінде басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасай бастайды.
Әбілқайыр Ресейге бодан болу жайында тілек білдіреді. Оның бір себебі –
қазақтардың Алтайда туып, күш алған жоңғар хандығымен қарым-қатынасының аса
қиындап кетуі болған еді [1,40 б.]. Мысалы, 1723 жылы жоңғар ханы Қалден
Серен Жетісу, Сыр бойын жаулап алып, жау қосындары Ақтөбеге беттейді.
Жетісу, Сыр қазақтары тігулі үй, асулы қазанын тастап, ата баласынан, ана
қызынан айырылып, Арқаға жаяу басады. Мұны тарихта Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама деп атаймыз. Сол оқиғалар тұсында бет-бетіне көшіп жүрген
қазақ рулары өзінің жерінен, малынан айырылып, ел басына ауыр күндер туады.
Сондықтан Қазақстанның түрлі аймақтарын мекендеген қазақ рулары бір
қазаннан ас ішіп, өзінің қонысын, тәуелсіздігін қорғауға мәжбүр болады.
Ұзақ жылдарға созылған қанды соғыс халықтың ұлттық сана-сезімін оятып,
рулар бірлігін тудырады. Сол негізде қазақтың жаңа поэзиясы туады. Жоңғар
оқиғасына байланысты туған жыр сюжеттері қазақта көп. Оның көркем үлгілерін
жыраулар поэзиясынан табамыз. Бір ерекшелігі, бұл саяси тақырып XVIII – XIX
және XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ақын-жырауларына арқау болған.
Осындай кезеңде қысы-жазы ел көрмей, үдере көшкен сансыз қосын,
өзінің тәуелсіздігі үшін атқа қонған ел ерлікке айрықша құмартады. Көптеген
айыр көмей жыраулар ескі сюжеттерді жаңа кезең оқиғаларымен толықтырып,
бұрын ру шеңберінде көрінетін батырлар ерлігін жоңғар шабуылы тұсындағы
тарихи оқиғалар мен жаңғыртып, жыраулық поэзиясына жалпыхалықтық арқау
беруге күш салады. Халықтың мұндай жырларды құмартып тыңдайтын себебі –
қазақ жерін жоңғарлардан азат етушілер бір ғана хандар әулеті емес, көбіне
үш жүздің баласынан жасақталған халық қосындарының бірлескен күші болған
еді. Жыраулар халықтың осы отаншылдық сезіміне, ерліктеріне дем береді
[1,41 б.].
Қазақ қоғамында сөзді айтушысына қарап емес (оны алты жасар бала
айтсын мейлі, алпыстан асқан, өмір көрген, тәжірибелі қария айтсын мейлі),
айтқанына, яғни сөздің құндылығына, көркемдік, тапқырлық, өткірлік күшіне,
құдіретіне қарап қабылдау, қадірлеу, сақтау дәстүрінің ұзақ замандар бойы
қалыптасып келгенін көреміз.
Мұның мәнісі белгілі бір кезеңдерде әңгіме шығарманы кім шығарғандығы
жайлы болмай, шығарманың таза өз басында, өзіндік қадір-қасиетінде болды
деген сөз. Демек, көркем туындының авторынан гөрі, оның өзіне, яғни
туындыға көбірек мән берілген, қамқорлық жасалған. Содан әрі жол-жөнекей
автор ұмыт болса да, шығарма ұмытылмай, кейінгі ұрпақтарға жетіп отырған.
Бұл – қазақ әдебиетінің тәжірибесі мен тарихында қалыптасқан көркем сөзді
табиғи іріктеу мен сақтаудың өмір туғызған өзіндік тәсілі, ой елегінен
өткізу өлшемі, жолы дерлік құбылыс. Сондықтан мұны тек ауыз әдебиеті
поэтикасы ғана емес, әріректегі ақындар өнері поэтикасының да елеулі
ерекшеліктерінің бірі ретінде тануға, бағалауға тиіспіз. Алыс дәуірлердегі
ақындар туындыларының кейінгі тұсқа авторлығын сақтай аз жетіп,
көпшілігінің ауыз әдебиеті мұрасына айналып кетуінде осы көне поэтикалық
принциптің, талғамының да үлесі аз болмаса керек.
XYIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың алғашқы тұсынан бастап қазақ
поэзиясында қоғамдық тұрмысты, оның көзге ашық көрініп тұрған кемшіліктері
мен қайшылықтарын, адам мінезіндегі артық-кем сипаттар мен олардың
арасындағы теңсіздік, әділетсіздік жайларын суреттеуге нақты бетбұрыс
жасалды. Бір ғасыр поэзиясын осы бағыт тұрғысынан жинақтай, топтай қарасақ,
жалпы қоғамдық өмір кескіні, салты поэзиядан өзіндік шындық кейпін тапты
деуге болады.
Поэзияның бұл дәуірде шарықтап өскені соншалық: Атырау, Сыр, Есіл,
Нұра, Ертіс, Жетісу бойы, Қаратау, Ұлытау, Алатау, Шыңғыс баурайынан және
тағы басқа жерлерден көрінген белгілі ақындардың өзі оңдап саналады. Олар
әр алуан ақындық өнер, шеберлік мектебін жасады. Осы таланты мен
дүниетанымы әр дәрежедегі ақындардың өзі ондап саналады. Олар әр алуан
ақындық өнер, шеберлік мектебін жасады. Осы таланты мен дүниетанымы әр
дәрежедегі ақындардың тұтас еңбегі поэзияны өнер биігіне қарай көтере,
есейте түсті, оның көркемдік сапасын жаңа сатыға жеткізді, шын мәнінде
жазба әдебиет туып, дамыды. Осының бәрі әдебиеттің қоғамдық орны мен рөлін
салмағы мен күш-қуатын әрдайым арттырып отырады [2,122-124 бб.].
Қазақ хандығы тұсында әдеби туындылардың идеялық-мазмұндық сипаты
жаңғырып, тақырыптық, көркемдік жағынан да елеулі өзгеріске түсті. Қазақ
елінің ырыс-берекесі, ұлттық рух, асылтекті батырлар мен бектерінің парасат
пайымдары, жаугершілік күндердің қаһармандығы, эпикалық тыныстылық сол
кезеңдегі өлең, жыр, толғау, дастандардың жаңа өркенді сөзі еді. Бұл
замандағы мәселелер қазақ әдебиетінің өзекті, басты тақырыптарына айналды.
Жеке-дара батыр-бағландардың ерлік істері, батырлық рухы, халық арасындағы
мәртебесі дәріптелді. Классикалық ауыз әдебиеті үлгілерінен мәлім әдеби
көркемдік ұстанымдар хандық дәуірдің өмір шындықтарынан туындаған
тақырыптарға, әуендерге жалғасты. Қазақ әдебиетінің жаңа дәуірінің алғашқы
нышандары қазақ ордасының түтінін түзетіп, іргесін бекіткен тұсындағы
қауымдық-әлеуметтік шындықтарымен шарпыса көрініп, хандықтың күні батқан
аласапыран кезеңде басым көрініс танытты. XYIII ғасырдың екінші жартысы мен
XIX ғасырда Жер мен Ел тақырыбы әдеби туындыларда бүтіндей жаңа мазмұнда
жырланып, саяси-әлеуметтік нақтылық сипатқа ие болды. Ежелгі әдеби
мұралардан мәлім топонимикалық түсініктердің, аңыздардан таныс Жерұйық,
Жиделі-Байсын, Қазан қаласы, Қараспан секілді қадау-қадау тарихи
атаулардың есесіне атажұрт, жер, атамекен ұғымы басым жырланды. Жер мен Ел,
содан туындайтын өзге де сан түрлі елдік, азаматтық тақырыптар осы кездегі
әдебиеттің басты белгілері. Жаңа әдебиет дегенде де, негізгі сипаттың бірі
әрі бірегейі ретінде алдымен Жер мен Ел тақырыбы аталса керек. Эпос – адам
баласының таным көзі, ол қай халықтың да тарихында басты орын алады. Халық
тағдырындағы үлкен белесті кезеңдерге сәйкес туып, халық санасына сол
күндердің басты-басты белгілерін, рухын сіңіреді. Тарихи сананың
тәжірибесін алға тартады. Ол заңдылық қазақ халқының әдебиетіне де тән.
Әдебиеттің ежелгі кезеңдерден жаңа дәуірде ұласуы көркемдік-эстетикалық
құнарынан бастап тақырып, поэтикалық әлеміне дейін көрініс беретін күрделі
үрдіс [3,13 б.].
Қазақ әдебиеті де осы кезеңді тарихи дамудың нақтылы шарттарының
ықпалымен өзінің жаңа суреткерлік көркемдік-танымдық белгілерін барынша
айқындап алды. Ықылым заманалардан бастау алған жыраулық дәстүр, халықтық
эстетикалық таным мектебі жаңа сипатты әдеби ұғымдарға ұласты. Хандық
дәуірде дәуірлеп көтерілген жыраулық, батырлық шығармашылық дәстүр қайта
жаңғырып белең алып келе жатқан еді. Қазақ әдебиетінің бесігінен дарыған
қасиеттері жаңа қоғамдық-әлеуметтік даму жолындағы жаңа сападағы қайта
өрлеу дәуірін бастан кешті. Ұлт-азаттық мүддені тарихи сана ұйтқысы
деңгейіне көтерген ұлттық әдебиет саяси-әлеуметтік рухын нақ осы дәуірде
терең де батыл толғай бастады. Тарихи жырлар ұлттың азаматтық сөзіне, кей
тұстарда ұранына айналды. Идеялық-көркемдік жаңғыру әдебиеттің жанрлық,
поэтикалық жағынан түрленіп, көпқырлы дамуына жол ашты. Көркемдік даму
үрдісінде дәстүр мен жаңашылдық секілді сипаттардың бірлігі мен қарама-
қайшылықты жаратылысы да осы кезеңде сала-сала тарамдалып, барынша бедерлі
көрінген болатын.
Жаңа дәуірдегі қазақ әдебиеті өзінің даму заңдылықтары мен мазмұндық-
көркемдік сипаты жағынан ұлттық әдебиеттің классикалық үлгілерінің
негізінде туындап, XYIII – XIX ғасырларда қазақ елі бастан кешкен тарихи
ерекшеліктерге қарай өрбіп, қалыптасты. Қазақ әдебиетінің бай да күрделі
тарихи өзінің даму сипаты, тарихи дәстүр сабақтастығы жағынан қазақ елінің
тағдыр жолымен қатар өріліп, өрбіп отырады [3,14 б.].
XIX ғасыр қазақ халқының әдебиеті тарихындағы аса күрделі, шиеленісті
кезең. Алмағайып жаугершілік замандар кейін қалып, хандық дәуірді де бастап
өткізіп, қазақ ұлысы қоғамдық қатынастардың келесі бір жаңа белесіне қадам
басты. Білектің күшімен, найзаның ұшымен терезе теңестіріп келген қазақ
елінің басына саяси күрестің ең бір озбыр, сұрқия құрығы төніп тұрған. Қос
қолтықтан алған Ресей патшасының, Қоқан хандығының қыспағы тынысын тарылта
түскен, Ақтабан-шұбырынды деген атпен тарихтан мәлім жаугершілік
қырғыннан шыққан қазақ елінің әдеби шығармаларда түзілген. Осы ғасырда
қазақ әдебиеті өз тарихында бұрын-соңды болып көрмеген түлеуді, жаңғыру
процесін бойынан өткізді. Қазақ хандығы кезінде елдік рухын берік бекіткен
ұлттық әдебиет енді қазақ ұлысының дағдарысты алмағайып күндеріне килікті.
Алтын Орданың күйреуімен тікелей байланысты туындаған ресейлік
отарлаушылық саясаттың көп қырлы айла-шарғылары жемісін беріп, XYIII
ғасырдың соңын ала-басымдықпен белең ала түссе, XIX ғасырда қазақ сахарасын
біржола тұмылдырықтап іргесін тұтас бекітті. Қазақ даласы орыс әскери
бекеттерінің шідерлі желісімен шегенделді. Етектен тартып, жағадан алған
отарлау саясаты әуелі атамекен ауқымын шиырлап келіп, хандық басқару, елдік
құрылым жүйесінің жүйкесін талмау тұстардан әлсіретті. XIX ғасырдың алғашқы
жылында қазақ елінің тарихи қоғамдық құрылымы біржола ыдырап, елдік басқару
жүйесі түбегейлі өзгеріп біткен болатын. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде
патша үкіметі қазақ қауымына жаңа саяси-әкімшілік басқаруды қосып, Ресей
империясы құрамына бой ұсынбаған аумақтарды одан әрі қосып алу мақсатына
біржолата кірісті. Империялық отарлау саясаты, озбырлығы нақтылыққа ұласты.
Хандық дәуір, хандық бүлік ыдыратылып, оның орнына Ресей патшалығы әкеліп
енгізген аумақтық-әкімшілік басқару жүйесі орнықты.
Хандық құрылымның ыдырауымен бірге қазақ елінің әлеуметтік ортасына
да іріткі түсіп, халықтық бірлік жүйесіне жарықшақ кірді. Көп хан сайлау
секілді демократиялық еркіндік біртіндеп хандық бірліктің біржола
әлсіреп, Ресей аймақтық Әскери губернаторлығына тікелей бағынышты
кіріптарлыққа түсуіне әкеліп соқса, XIX ғасырдың алғашқы кезеңінде хан
атаулының біржола жоғалып, қазақ даласы батысында да, шығысында да аға
сұлтандар мен сұлтандық басқару жүйесінің ықпалына көшті. Бірақ шын
мәнінде, сол аға сұлтанның өзі қазақ аймақтарын бірнеше бөлікке бөліп,
қадағалап отырған әскери-губернаторлар кеңесіне тікелей бағынышты еді.
Сөйтіп, қазақ елінің ел басқарушылары шағын-шағын әскери-
губернаторлықтардың кеңсе қызметшілерінің лауазымдық құзырынан да төмен
пірәдарлыққа ұшырағандығын байқамай да қалды. Атақоныс, жер ең бір
әлеуметтік ауыр мәселеге айналды. Жерге иелік те біртіндеп сұлтандардың сол
арқылы Ресей патшасы губернаторларының билігіне көшті [3,15 б.].
1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы алғашқы патшалық реформа
ретінде дәстүрлі биліктің бүкіл жұлын-жүйесін үзіп, саяси-әлеуметтік және
шаруашылық тіршіліктің барлық саласын қамтыды, оның үстіне қазақ қауымының
ішіне іріткі түсіріп ішкі-сыртқы қайшылықты өршітіп тереңдетіп жіберді.
Ал, XIX ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші кезеңі
болды. Ресейдің жүз жылдан астам уақыт бойғы қазақ даласына шапқыншылығы
осы өңірдің барлық жер аумағын түгелдей дерлік империя құрамына қосып
алуға әкеліп соқты. XIX ғасырдың 10-20 жылдары патша үкіметі, қазақ
халқының арасында хан ұрпақтарының беделі түскенін көрді де, 1822 жылы
Сібір қазақтарын уақытша билеу ережесі дейтін заң шығарып, Отарлық
Қазақстандағы хандықты жойды. Бұл өктемдік, сөз жоқ халықтың наразылығын
күшейтті. Соның барлық қайшылығы мен зардаптары әдеби шығармалардың өзегіне
түсті.
Міне, осындай тарихи шындықтар, одан туындаған өзге де көптеген
ұлттық, саяси-әлеуметтік мәселелер қазақтың әдебиетіне де әсер етті.
Ақындар ұлыстың ұлы мұраттарын аңсап, елдің көкейіндегі сөзін толғады. Ел-
жұрт жүрегіндегіні қозғамаған көркем сөздің күні қараң еді [3,16 б.].
Әдебиет тарихына, Бес ғасыр жыраулары деген жалпы атпен кірген
жыраулар поэзиясының әлеуметтік тақырыбы, көркемдік бітімі, халықтық мақсат-
мүддесі қаншалықты айқындалып, жинақталып, тұтастықпен көрінсе, нақ осы
белгілер XIX ғасырдағы әдеби-көркемдік даму үрдісінің басты арқауына
айналды. Жаңа дәуір ақын-жырауларының сол Қазтуған, Доспамбет,
Ақтамберділердің тегеурінді жігерінің, өткір сөз түйіндерінің, күрделі
троптарының ұшқындары, іздері сезілсе, бір жағынан, нақ сол шығармалар
тақырып жаңалығымен, көкейкесті әлеуметтік мәселелдерімен, ағымдағы
тарихпен етене жақындығымен жаңаша бастау көзін ашқандай еді. Типологиялық
тұрғыдан қазақ әдебиетінің ежелгі замандардан бастау алатын адамзаттық
мәдениет табиғатымен сарындас, ұқсас. Әдебиет тарихы, әдеби мұра нұсқалары
арқылы ұлт тарихы, халық санасының қалыптасу жолы танылады.
Қазақ даласында XIX ғасырда патшалық Ресей отарлаушылары жүргізген
бұл саяси-әлеуметік реформалар сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының
өзекжарды тақырыбына айналмауы мүмкін емес еді. Хандық басқару жүйесі
ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық
жалпы халықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар
кедергі болды. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта өршіп отырған ұлт-
азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі
әдебиет мұраты ғана жолынан да, жүрісінен де жаңылмады [3,17 б.].
Бірқатар ақындар шығармашылықтары мен сөздерінде адамдықтың,
ақиқаттың бұзылғаны, әлде бұзылатындығы жайлы күйінішті леп, күрсіністі
болжам жиірек байқалады. Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Дулаттардың ақындық
мектебі осы кезеңде күшейіп, қазақтардың ғасырлық мұңын толғады. Бұл
замандағы әдеби нұсқалар өзегінен өксіген қасіретті сөзге, азаттық жайлы
ұлттық арманға толы еді.
Содан барып, қазақ халқының рухани дүниесінде басталған бұл
күйзелісті даму жағдайы, екіұдай көркемдік шындық тайталасы, ұлттық қасиет
үшін жанталас тұтас екі ғасырға созылғандығы аян [3,18 б.].
XIX ғасырдағы әдеби, мәдени өмірдің үш ерекше құбылысты ерекшеліктері
байқалады. Оның біріншісі, жоғарыда сөз болған қоғам тарихындағы саяси-
әлеуметтік жағдаяттар мен мемлекеттік құрылыстағы жаңалықтар болса,
екіншісі қазақ кітаптарының алғаш рет баспадан жарық көре бастауы, әдеби
шығармаларды насихаттаудың, таратудың жаңа сапалық сатыға көтерілуі еді.
Құран Кәрім, өзге де діни әдебиеттен кейінгі оған етене жақын кітап
Сейфілмәлік, 1807 жылы Қазан шаһарында, Қазан гимназиясының
баспаханасынан жарық көрді. Қолжазба кітаптар, тасқа қашалған, балбалдарға
түзілген бітіктерге келгенде талай ғасырдың алдын орап кететін түркі, қазақ
жұрты алғашқы баспа кітаптарына осылайша XIX ғасырлар табалдырығында қол
жеткізді. Иғлан наме, Қисса-и-Шәкір-Шәкірат..., Атымтай, Ер Тарғын,
тағы басқа мұралардың кітап болып алғаш рет көруі сол кезеңнің үлесіне
тиді. Ауыз әдебиетінің дәстүріндегі көркем сөздің кітап болып тарала
бастауы, жалпы кітап бастырудың көріністері ұлттық журналистика тарихымен
бірге, әдебиеттің де тарихи даму заңдылықтарының ерекше жаңалығы.
Үшіншіден, ең негізгісі, қазақ әдебиеті біртіндеп жаңа әдебиет
арнасына түсе бастады. Қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі негізінен осынау үш
тарихи құбылыстың тоғысында өріс алды [3,19 б.].
Әрі батыр, әрі жыраулар бітімі жалпы қазақ халқының хандар
дәуіріндегі әдебиетінде жарық жұлдыздай жарқыраса, XIX ғасырда да сөз
ұстаған ақындар рухани дүниедегі дәстүрлі әлеуметтік көшбасшылығын
жалғастырды. Қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің, жыраудың әлеуметтік
мәртебесінің оқшау биіктен көрінуі сонау ежелгі түркі дәуірлерінен
жалғасқан әдеби-әлеуметтік дәстүрдің ғасырлар бойғы үздіксіз өрбіген
дәстүрінің белгісі. Жыраулық дәстүрдің осыншама тарихи сабақтастығы қазақ
әдебиетінің де заманалар бойы желісін үзбеген эстетикалық рухани шынжырының
беріктігін меңзесе керек [3,20 б.].
XIX ғасыр ақындардың шығармалары дәстүрлі сипаттарымен бірге
жаңашылдық рухымен ерекшеленеді. Көбінесе толғау, тебіреніс үлгісіндегі
шығармалар ақын-жыраулардың поэтикалық символдарды шебер қолданып,
түрлендіруімен, өлең өлшемдерінің өзін барынша еркін құбылту мүмкіндігімен
дараланып, поэзияның қайталанбас бітімді анықтарына айналды [3,13-25 бб.].
Бұл дәуірде дала өлкесін отарлау, түгел меңгеру ісін бұрынғыдан гөрі
батыл жүргізе бастаған Ресей патшалығы қазақ елін билеу ісіне тікелей
араласты. Қазақ хандығын жойып, аға сұлтандық әкімшілік басқару тәртібін
орнату жобаларын іске асыра бастады. Бұрынғы атадан балаға ауысып келе
жатқан хандық билік орнына сайланып қойылатын сұлтандар әкімшілігі
орнатылды. Сырт формасы сайлау болғанымен ұлықтар келісімінсіз, олардың
ұйғарымынсыз ешбір сұлтан әкімшілік ісіне өз бетінше кірісіп кете алмады.
Әйткенмен де, бұрынғы тек тұқым қуған хандар иелігінен мұның кейбір
өзгешеліктері бар еді. Сұлтандыққа қарсы болған ақ сүйек, төре тұқымдары
хан атағын әлі де сақтап қалу мақсатында бар амалдың бәрін жасады. Бұл
наразылық нәтижесіз де емес-ті. Мәселен, патша тарапынан Жәңгір өле-өлгенше
Бөкей ханы болып есептелінді. Оның билігін өзгертумен көп шұғылданбады.
Жәңгірді басқа жүз хандарынан беделін тұтып, оны қазақ даласына ықпал
етудің қол шоқпарына айналдырды. Бірақ Еділ мен Жайық өзендерінің
ортасындағы Бөкей ордасы басқа сырт елдерімен көп байланыс жасай алмады.
Тек Ресеймен тікелей байланыс жасап, өз хандығының елге саяси ықпалын
нығайтуды ойлады. Көрші Ресейдің қалалары, станциялары мен қазақ халқы
арасында тоуар, ақша, айырбас, базар қатынастары ұлғайды. Рулар арасындағы
өзара қайшылықтар айқындала бастады. Бөкей ордасына қарасты құнарлы жер
үстем тап меншігіне бөлініп берілді. Ел-жұрт жер қысымын, көріп, елде халық
пен хан-патша арасындағы наразылық үдеді.
30-жылдары Ішкі Орда қазақтарының хан сұлтандары мен патша әкімшілігі
қысымына қарсы күресі ашық айқасқа айналды. Көтерілістің туын Беріш руынан
шыққан Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы сияқты өжет ерлер көтеріп,
халық кегін алу жолында оларға қарсы күрес бастады [4,11 б.].
Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық көтерілісі 1836-1837 жылдар
арасында өзінің шарықтау шегіне жетті. Халықтың ауыр күші хан ордасын
қайыстырып, едәуір қауіп төндірді. Халық қаһарының, ел намысының іштей
қайнаған ыза-кегі өрші түсті. Бірақ қару-жарағы және соғыс тәжірибесі аз
көтерілісшілер, оларды, басшылары екі жүзді ханның зымиян айласына алданып,
зұлымдар құрған тұзаққа түсті. Халықтың қамал бұзар орасан зор күш-қайраты
орынды жерде дер кезінде жауына қарсы жұмсалмай еш кетті. Сөйтіп Исатай мен
Махамбет бастаған көтеріліс ойлаған мақсатына жете алмады. Қарапайым соғыс
құралдарымен жарақтанған қалың бұқара патшаның зеңбірегі мен бораған оғына
төтеп бере алмай, жеңіліс тапты.
Халық қозғалысының жалынды жаршысы, бойындағы талантын жауға қарсы
атылған жәй оғымен қабат жөнелтіп, қылышымен сөзін бірге сілтеп өткен әрі
батыр, әрі ақын – Махамбет Өтемісұлы болды. Осы кезде қазақ арасында Ресей
патшалығына деген наразылықтарды Орта Азия хандықтары өз мақсаттарына
пайдалана түсу әрекеттерін жасады. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан қазақтарына
ықпал етуді көздеген Қоқан, Хиуа, бектері Қазақстанның шектес жерлерін
басып алып, өздерінің әмірлерін жүргізді. Хиуа ханы кіші жүздің Ресейге
наразы төре сұлтандарымен байланыс жасап, оларға қару-жарақ беріп, елден
зекет жинатты. Қоқан ханы қазақтың Оңтүстік өлкесін түгелдей дерлік өзіне
қаратып, ол елдерден ауыр алым-салықтар алып езе түсті. Осыдан 1821 жылы
Оңтүстік өлкесінде Қоқан басшылығына қарсы Тентек төре бастаған. Аталмыш
қозғалыстар бұған дейінгі қанды жорықтардың заңды жалғасы ретінде өрістеп
жатті.
ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегімен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ
патшаға бодандығын мойындап қана қоймай, оған отар болуға душар болған,
тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңін бастан кешке дәуір болған еді.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Ресей патшалығы бұрынғы маймөңкені
қойып, қазақ жерін түгел өз меншігі деп жариялады да оны түгел игеру,
меншіктеу шараларын іске асырды. Шекара бекіністері, ондағы орыс казачи
жауынгерлеріне бұл істі тапсырып, құнарлы қазақ жерлерін өзіне қаратып,
оған келімсектерді толдырды. Әскери қару-жарақтың күшін аямай жұмсап,
жергілікті халықтың қарсылықтарына аяусыз соққы берілді. Қазақтың жерін
меңгеріп болғасын, сол өлкені баса көктеп берісі Бұхар, Хиуа, әр ісі
Үндістанға қарай жорықтың жоспарларын жасады. Патшаның аталмыш
әрекеттерінің құрбаны қазақ халқы еді.
Қазақ халқы, оның ел үшін еңіреп туған ерлері патша қысымына бой
ұрып, құлшылық етіп, оған теп-тегін бас ие берген жоқ. Олар өздерінің шама-
шарқынша қарсылық көрсетіп, отаршыл басқыншыларға тойтарыстар жасап жатты
[4,12 б.].
ХVІІІ ғасырдың аяғында Сырым Датұлы бастаған қозғалыс оншақты жыл
күресіп күш көрсетті. Ақыры патшаға қызмет еткен кіші жүз сұлтанын өлтіріп
тынды. Патша жендеттерінің қуғынына түссе де берілмей, күресшілер жеңіс
бермеді. Ақыры келіссөзге келіп, Сырымды Хан сарайында өткен маслихатқа
шақырды. Өзінің бір мыңға тарта қолымен барып, ол ел билігін қазақ талап
еткен халық кеңесіне жүктеуді талап етті. Сырым талап еткен халық кеңесінің
билігі іске аспаса да, көтерілісшілер талабы айтылды. Сырымның өзі туған
елден сырттап, Хиуа, Үргеніш ауды. Сол жақта қаза болды.
ХІХ ғасырдың алғашқы 1830-1840 жылдарында да қазақ даласы патшаға,
қасарысқан хан-сұлтандарға қарсылықтарын ұйымдасқан көтеріліс дәрежесіне
көтере білді. Әркімге мәлім, 1837-1838 жылдардағы Исатай Тайманов пен
Махамбет Өтемісұлдары бастаған жойқын жорықтары басталып, олар өздерінің
тарихи міндеттерін атқарды. Аталмыш қозғалыс Қазақстанның батыс өлкесін
қамтыса, осыған жалғаса орта жүзден бастауын алған Кенесары Қасымовтар
қозғалысы түгел қазақ жүздері жігіттерін ерткен ұлы жорық болған еді.
Кенесары қазақтың хандық мемлекетін сақтап, дербес, тәуелсіз ел
болуды аңсады. Патшаның ілкі келісімдерін түгел бұзып, қазақтың кең өлкесін
өз меншігі деп жариялауына, құнарлы қоныс біткенді қолға алып, қала, село,
бекіністер салып жатқан озбырлықтарына наразылық білдірді. Заңсыз салынып
жатқан қалаларды, тартып алынған жерді қазақтың өзіне қайыруды талап етті.
Казачий войскінің талан-тараждарын тоқтатуды сұрады. Кенесары өзінің
талаптарын, наразалықтарын ең әуелі патша ағзам атына хат, арыз жазу арқылы
өте кішіпейілдік ізетпен білдірді. Кейін оның тілектеріне қаталдықпен жауап
берген кезден бастап, қол жиіп, шекарадағы кішігірім қалаларға шабуыл
жасады. Осылайша Кенесарының қаһарлы қозғалысы өрістеп кетті. Ол қазақтың
үш жүзінің арлы, қанды жігіттері қолдаған жалпыхалықтық сипат алды. Арқада,
орта жүзден бастауын алған қозғалыс сыр, арал беттеп, жаппас, шекті,
адайларды қамтып оңтүстікке жетті. Одан шығысқа қарай өрлеп, Балқаш пен Шу
өңірін қамтыды. Осылайшы, миллиондаған қазақ қатысқан ұлы жорық атанды.
Амал не? Қазақтың әділеттік, азаттық үшін күресі қайғылы қазамен аяқталды.
Патша жендеттері құрған тұзақтың құрбаны болған есіл ерлер – көтеріліс
басшылары қолға түсті. Батыр басшыларынан айрылған ерлікке толы халық
қозғалысы дегенге жете алмай, арман азабын тартты... [4,13 б.]
Кенесары қозғалысы қазақ халқының тарихында елеулі орны бар тарихи
оқиға, оның маңызын жоққа шығармақ болған империялық әрекеттері тарихқа
қиянаттар жасады. Теріс түсініктерді өрістетті... Бірақ халық аталмыш
Кенесары қозғалысын естерінде мәңгі сақтап, оның басшы батырларын анықтап,
ерлік жырлар шығарып, жас ұрпақтарына ұмытылмас үлгі етіп келеді. Жасауыл
қырған, Топ жарған, Қаншайым, Кенесары, Наурызбай, Кененің Арқамен
қоштасқаны т.б. халықтық болып кеткен туындылардың бәрінде де көтерілістің
тарихи мәні, оның басшыларының ерліктері мен даналықтары, жері мен халқын
азат ету армандары сенімді жырланды. Аталмыш шығармаларда көтеріліс
жасақтарының ер жүрек ақындары, жорық жыршылары болған-ды. Олар: Нысанбай
жырау, Күдері, Досқожа, Арыстан ақындар. Кейінірек Доскей Әлімбайұлы (1850-
1946) Кенесары поэмасын жазды. Біздің заманымыздың көрнекті жазушыларының
да көптеген еңбектері бар. Оның ішінде, пьеса, романдар да, көрнекті
ғалымдардың зерттеулері де әркімге мәлім.
Кенесары бастаған тарихи қозғалысқа бастан-аяқ қатысып, осы бір ұлы
оқиғаның бар шындығын жырлап, Кенесары, Наурызбай атты тарихи дастан
қалдырған Нысанбай. Ол Қызылорда облысы, Жалағаш жерінде 1821 жылы туып,
1883 жылы өлген.
Менің атым – Нысанбай, Ата, анама ұқсамай...
Ат жібердім тұсамай. Асыл затым сұрасаң,
Өзім жырау болыппын, Ашамайлы
Керейтпін...[4,14 б.]
Ақын өзінің аталмыш дастанының сюжетіне өзек етіп Кене хан мен Наурызбай
батыр басшылығымен болған көтерілістің бастауларынан, өрістеуі, аяқталуына
дейін тарихи шындыққа сай жыр кестесін төккен. Негізгі қаһармандары
дастанның атына сай, Кене мен Наурызбай. Ағыбай, Бұхарбай, Жоламан, Таймас
т.б. қол басылар. Солардың ішінен өзіндік бөлек бейнесін тапқан Кене хан.
Ол ата дәстүрін өз бойында сақтаған, Абылай атасының ақтуын көтеріп,
қазақтың азат ел болуын көксеп, ұлы дүбірге басшылық еткен ақылды, айбарлы
қазақ ханы. Еліне берілген асқан ақыл иесі, көреген көсем. Киелі, аруақты
батыр. Ал Наурызбай болса, ол ағасы Кененің негізгі қолбасы батыры. Жас
жолбарыс жауынан қайтпас қайсар батыр, соғыс өнеріне жетік, зор қайрат
иесі. Екеуі де еліне берілген шынайы бейнелер. Басқа батырлар да соғыстарда
ерлік көрсетіп көзге түскендер. Әсіресе, Бұхарбай өте тәжірибелі адам. Ол
қызу қанды жас батыр Наурызбайдың қасында жүріп, әрдайым ақыл-кеңес береді.
Кенесары мен Наурызбайды жоқтап айтқан сөздері де бейнелі:
Ықпалы жүрген ер еді Дұшпанды көрсе, құдырған.,
Алтынды қылыш тудырған. Көп сарғайтып келместей,
Абылайлатып – ат қойып, Кене хан, саған не болды?
Немесе:
Беделді қара бүркітпей,
Шапты туған сұғанақ.
Қанаты жоқ, құйрық
жоқ
Бір анадан жалғыз тақ.
Көп сарғайып келместей,
Наурызбай саған не болды?
- Кенесары кеткен соң,
Иесіз қалды тағымыз.
Наурызбай төре кеткен соң,
Бастан тайды бағымыз – [4,15
б.]
деп зарлады ақын, қазақ халқының атынан жоқтау шығарып.
Кенесары мен Наурызбайдың ел арасындағы бір жорығы негізінде,
Наурызбайдың жар тандап, қосылуын дәріптей суреттеген шығарманың тағы бірі
– Қаншайым дастаны. Бұл дастанды Жүсіпбек Шайқыисламов Қазанда бастырған.
Авторын көрсетпеген. Дастанның стилі Нысанбайдың Кенесары, Наурызбайынан
алшақ емес. Бір ақынның демі, ырғағы, буын-бунағы, сөз әлемі әр жолдарынан
есіп тұрады. Соған қарап, біз Қаншайым да Нысанбай туындысы емес пе екен
деп, болжалдаймыз.
Қаншайым дастанында – Наурызбай көрші бір бай ауылға түнгі жорық
жасап, жылқыларын айдап шығады. Бірақ Қаншайым батырдың алдынан өзі шығып,
Науанға арына тиер батыл сөздер айтып, жылқыларын және олар тұтқындаған екі
ағасын босатып алады. Өзін қанжығаға байлап алып барып, әйел етпек ойынан
да арашалайды. Осындай дана, сұлу қыз болып бейнеленеді.
Кенесары, Наурызбай дастаны да ел ауызынан алғаш жазып алған
Жүсіпбек Басығарин болсадағы (1896 ж.), Дибаев арқылы Жүсіпбек
Шайхыисламовтың қолына түседі де, бұл дастанды да ол 1912 жылы қазанда
бастырыпты. Қаншайым мен Кенесары, Наурызбай дастандарын бастарған Ж.
Шайхыислам оларды өзі иеленбек ойда болғаны байқалады. Кейін 1923 ж. Х.
Досмұхамедов Ташкентте, 1926 ж. Нәзір Төреқұлов Мәскеуде қайта бастырды.
Кенесары мен Наурызбай бастаған ұлы қозғалыстың тарихи маңызы
бұрмаланып, оның айналасындағы мәселелер бір жақты тәркіленіп келгендіктен
Нысанбай сияқты тарихи оқиғаны жыр етіп, ратихи дастан қалдырған талантты
ақын шығармашылығы көп жылдар бойы ескерусіз қалды. Оны зерттеп,
шығармаларын жинап, баспада шығару жұмыстары соңғы жылдары ғана қолға алына
бастады. Сондықтан Нысанбай, Досқожа т.б. Кенесарыға қатысты жыраулар мен
ақындардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орындары біртіндеп айқындала
түспекші [4,16 б.].
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өзінің мазмұны мен
идеясы жағынан біраз ілгерілеген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті
айқындала бастаған әдебиет. Бұл кез әдебиетінде дәуір көрінісі айқын
бейнеленеді. Заман сыры жан-жақты ашылып, қоғамдық, ұлттық сананың ояна
бастағаны, әлеуметтік тенсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланып қазақ
ақындарының ел ісіне белсене араласып жатқан кезеңі танылады.

Белгілі қазақ ақындарының бірі – Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл
ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822 жылы шілде айында туған. Өз әкесі – Арон
Күсепұлы, арғы атасы – Жиенқұл деген кісілер. Сүйінбайдың аталарының
көбірек тұрған ежелгі мекені – Қапал ауданындағы Көксу, Қараталға қатысты
Екейқұм деген жерлер. Ол кедей отбасынан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым
шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы
айтқан өлеңдерінің бірінде ақын бұл жайды және екей елінің түгел кедей
болғанын толық бейнелейді. Елінде билік құрған бір төреге айтқан толғауында
ол:
Сол момынның біреуі Малға кедей жан едім.
Екей деген ел едім. Көже, қатық, қой
сұрап,
Сүйінбай деген мен едім, Дүйсен деген біреуге
Әкем Арон тұқымы. Кеше күндіз кеп едім,
–
дейді.
Енді бір халық аңызында жоқшылық көрген Сүйінбай ауқатты ағайыннан
мал дәметіп, оған жайын айтуға барса, ол малын ұрыға алдырып зарлап
отырады. Сен ақынсың, сөз білесің, алынған малдың соңынан түс, - деп, одан
дау-шараға араласуды талап етті. Өзін шауып кеткен жалайыр төресіне барып,
ұрыларды айдап әкеткен жылқысын қайтаруды жүктейді. Сөзге жүйрік, албырт
ақын бұл дауды қабылдап, жалайыр Солтан төренің еліне жалғыз барып, жалынды
сөзін айтады. Оның бұл сапары сәтті аяқталады. Сөзден жеңілген төре
Сүйінбайдың дауын қабылдап, ел-жұрттың алдында масқара болмау үшін оны
ризалап аттандырады. Халық аңызы бойынша, Сүйінбай осы даудан кейін елге
әбден танылып, алдына мал салады. Ал ақынның балалық шағы жоқтық азабында
өтеді, шешесінен жастай айырылып, немере ағасының қолында тәрбиеленеді.
Жетімдік азабын шегіп, зарығып өседі.
Е, Құдай, тарылттың ғой мені жастан,
Кем етіп, жетістірмей мал мен бастан.
Барайын деген жерге көлік
таппай,
Отырмын енді, міне, жылжымастан [4,132 б.].
Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі – кейінірек, ақынның ер
жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп,
Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас
көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз
халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де
батыл сынайды. Ол шындық үшін күресіп, хан-төре тұқымдарының қылмыстарын
бетіне басады. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.
Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды,
бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне
именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен – Сүйінбайдың
тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан
сенім, ол көрсеткен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас
талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасындағы әкесінің шағын
шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шараға бөгелмей, ел кезіп,
өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға
қояды.
Болашақ талант иесінің ізденуі басталады. Оңтүстік, Шығыс, Орталық
Қазақстан жерін ол түгел аралайды. Өз кезіндегі халық ақындарының біразымен
кездесіп тілдеседі. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын,
Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген. Аға буын ақындардан Қабан, Жанақ,
Түбек, Шөжелермен кездескен. Ал, өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай,
Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан
[4,133 б.].
Сүйінбайдың соңғы кезде табылған өлеңдерінің ішінде оның өмір
белестерін танытатын кейбір толғаулары кездеседі. Онда ақынның ата-бабасы
мен ағайындары: Аран, Күсеп, Жиенқұл, жақын туыстары Жұмсақ, Оспан,
Жаманшалар, әйелі Еңліктің (Жұпан деген бәйбішесі өлгеннен кейін алған)
есімдері мәлім болды.
Ақынның өлер алдындағы айтқан тағы екі толғауы табылды. Онда акын
өзіне өлім қаупі төнгенін біліп, өміріне тұжырым жасайды.
Құлқайырдай ағарды сақал, мұртым,
Өтіп кетті қатарлас талай жұртым.
Керуендей бір күні жөнелермін,
Жан келіп кетпейді ме неше дүркін? –
деп басталатын осы өлеңнің үшінші шумағында ақын өзінің 73 жасқа келгенін
хабарлайды. Ал осы күнге дейін біз Сүйінбайды 68 жасында (1823-1895) өлді
деп келдік.
Жетпістің үшеуіне
келгеннен соң,
Тарғыл тартып кеттің-ау қайран күнім.
Бұрынғыдан, Сүйінбай, бәсеңдедің,
Секілді биыл менің мүшел жылым [4,134 б.].
Бұл сөздерге қарағанда, Сүйінбай 1827 жылы емес, 1822 жылы туып, 1895
жылы қайтыс болған. Сүйінбайдың сүйегі Қарақыстақ аңғарының жоғарғы
саласындағы шағын обаның үстіне, көне бейітке қойылған.
Сүйінбай өлерде айтқан бір өлеңінде мұрасының қағаз бетіне түсіп,
жазылып қалмағанына өкінеді. Өзі қайтыс болғаннан кейін өлеңдері елдің
есінде қалмай, өзімен бірге жойылып кете ме деп қауіптенеді. Өлеңінде ақын
кесір мінезді Жұмыққа реніш те білдіреді. Олай болуының себебін халық ақыны
Ә.Сариев былай түсіндіреді: Аурудың батқанын сезіп, енді айықпасына көзі
жеткен Сүйінбай ағасы Жұмықты қасына шақыртып алып, өзінің өлеңдерін
жаздырып кеткісі келгенін айтады. Ол үшін, – елден хат білетін төрт адам
тауып әкел, солар менің айтқанымды жазып алсын, - дейді. Бірақ, тағдырға
бас иген, өнерге бейтарап Жұмық бұл сөзге құлақ аспайды. Қайта оның
сөздерін ауру сандырағы деп түсініп, Сүйінбайға: Құдай алдында кінәлі
болмай, жөніңмен жатып, тағдыр бұйрығын қарсы ал, - деп ақыл берді.
Жұмықтың осындай тоң мінезін сынай айтқан Сүйінбайдың Жұмыққа деген өлеңі
былай басталады:
Атың емес, Жұмық-ай, ойың жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім-ау көзім жұмып,
Сүйінбайды апарып көмгеннен соң,
Отырарсың жотада жалғыз ұлып.
Өмірді келген, кеткен андамайсың
Адамның болашағын болжамайсың.
Асыл сөздің білмейсің қасиетін
Жаман ойға келгенде талғамайсың,
Қияс мінез, томырық от пен жалын
Қайтейін, осыныңа арланбайсың? –
деп, ақын Жұмықтың өнер қадірінен бейхабар, ұғымсыздығын бетіне басады.
Сүйінбайдың аталмыш өлеңдері – өзінің мәнімен де, көркемдігімен
де елеулі шығармалар. Ақынға тән сыншылдық пен шыншылдық бұл өлеңдерде де
айқын.
Сүйінбай Алатаудың, атым дардай,
Жатқанымда боламын шөккен нардай.
Еңбегімнен екі ауыз із қалмастай,
Көктемдегі жер тартып кеткен қардай.
Ақылымды қараңғы басып қалған,
Сау күнімде құдайым еске салмай.
Ауру билеп бойымнан әлім кетті-ау,
Бауырсаққа иленген кескен нандай [4,135
б.].
Бұл келтірілген үзінділердегі өз есімін Алатауға теңеуі болсын, халі
бітіп, тұруға зар боп жатқан кезін шөккен нарға салыстыруы болсын, өзінің
дариядай талантын жерге сіңіп кеткен көктемгі қар суына балауы болсын, өз
бойындағы әлсіздікті бауырсаққа илеген нанға салыстыруы болсын – бәрі
орынды. Бұл теңеулер ақын тілінің суреттілігіне куә бола алады.
Сүйінбай – халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік
ақын. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің
өзі дәлел. Ақынның Кәрілік атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның
қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста
екенін танытады.
Ақын боп жиырмада желдей болдым,
Отызда асқан биік белдей
болдым.
Отыз асып қырыққа келгеннен
соң,
Қаптаған жердің жүзін селдей болдым.
Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,
Түбім терең, құрақты көлдей болдым.
Елу асып, алпысқа келгеннен
соң
Салынды суға ілінген сендей
болдым
Алпыс асып, жетпіске
келгеннен соң,
Тап-тақыр ел жайлаған жердей болдым
[4,136 б.].
Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес, көрші Орта Азия халықтары
да жақсы білген. Әсіресе, оның есімі – туысқан қырғыз халқына жете таныс.
Қырғыз ауылдарын өз аулындай аралап, олардың басындағы ауыртпалықтарды да
жақсы ұғынған. Қырғыз кедейлері мен қазақ жатақтарының тағдырластығын
түсініп, оларды қанап отырған хан, төре, датқаларды бірдей сынаған. Ел
басына қырғыз ханы Орманбет пен оның інілері, кейінгі ұрпағы салған ауыр
жағдайды әшкерелейді. Орманбет хан өлген соң, оның орнына хан болған баласы
Үмбетті де Сүйінбай батыл сынайды. Әкесінің қылмыстарын бетіне басып,
бөрінің бөлтірігі екенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz