Сөзден ұтылған хан
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1 Жыраулар поэзиясының қалыптасу, даму кезеңдері..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.1 Жырау мен жыршылық дәстүрдің қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы ... ... ..
1.2 Жыраулар поэзиясының білімдік, тәлім-тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Жыраулар поэзиясындағы өсиет-
өнегелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.1 жырау поэзиясындағы адамгершілік тақырыбы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.2 XVII-XVIII ғасырлардағы жаугершілік
поэзия ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .81
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жырау - ақпа-төкпе, суырыпсалма
өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай білетін
парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, оқиға
сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай, салмақтай
білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көреген дана
абызы, қисық кеткенді қылышпен емес, сөзбен сілейтіп, бұйрық берер
әміршісі, бетің бар, жүзің бар демей тура айтар өткір де әділ
биі, жөні келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап жауға аттанар
жауынгер қолбасы болған. Жырау ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса
мәнді көкейкесті мәселелер тұсында толғанған. Халық өзгелерден гөрі
қайғырғанды демеп, қуанғанда қанат бітіріп, ақыл қосатын асыл сөз
иесі жырауларды қатты қадірлегенген. [1,30]
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар елдік, ерлік, өмір дін, заман
хақында толғанған. Олар бағзы шығыс поэзиясы дәстүрімен өмірдің
өтпелілігін жырлап, ізгілік пен инабатты дәріптеген. Заманының ойлы
перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін сарапқа салып,
гуманистік тұрғыда философиялық- дидактикалық түйін-тұжырымдар жасап,
жер-суды, ата-мекенді қорғау, ел бірлігін сақтау мәселелерін
жырлаған. [2,53]
Сонымен ықылам замандардан бастау алатын жыраулық, дәстүрдің
негізгі мақсаты - өмірді, дүниені, ата-бабаларымыздың ерлік, елдік
іс-әрекеттерін кейінгі ұрпаққа жеткізу. Жыраулық үрдіс әрі өнер,
әрі дәстүр. Оның ерекшелігі синкреттік сипатында, яғни поэзия,
музыкалық мақам және орындаушылық шеберліктің бірлігінде.
Жыраулық өнердің өміршеңдігі оның ел тарихы мен ата-баба
дәстүріне негізделуімен айқындалады. Қаһармандық эпос, батырлықты паш
ететін көлемді жырлар соның жарқын дәлелі. Ерлік рухына толы
мұндай қаһармандық жырлар этникалық тарихқа құрылып, ұрпақтан-ұрпаққа
қалдырылып, дамып отырған. Бұл - жыр-дастандардың әдеби мәтіні мен
музыкалық мақамына бірдей қатысты құбылыс. Жыраулық дәстүрді
жалғастырудың маңыздылығы осы ерекшеліктерімен айқындалады. [3,64]
Дәстүр - ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-сана,
өмір мен поэзияның өмір сүру аясы. Ол әдетте ел тәжірибесіне
сүйенеді. Осыдан келіп жыраулық дәстүрдің ұлттық сипаты деген ұғым
туады. Бүгінде Қазақстанның кейбір аймақтарында ғана сақталып, оның
өткеніне, көне сарындарына қатысты мәліметтер жеткізетін бұл
қазынамыздың ұлттық тарихымызға, мәдениетіміз бен өнерімізге,
әдебиетімізге қатысы аса зор. Ғылым тілінде мұны ұлттық сипат
десек, сол ата-бабаларымыздың рухымен жеткен дәстүрден көз жазып
қалмау үшін оны дамытып, жетілдіріп отырудың қажеттілігі
айқындалады. [4,60]
Бүгінгі жыраулық өнерді сақтап қалған бірнеше географиялық
аймақ белгілі. Олар - Атырау өлкесі, Сыр бойы және Жетісу аймағы.
Географиялық негізінде бұл аймақтарды Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік
шығыс деп бөлуге болады. Солардың арасынан сонау оғыз мәдениетінің
қалдығы сақталған. Сол өлке айрықша оларға атау болар еді.
Мұңдағы жыраулық өнердің негізі ерекшелігі дыбысты дірілдетіп шығару
арқылы орындау. [5,47]
Қазақ топырағында музыкалық-эпикалық дәстүрдің өзіндік
ерекшеліктері де аз емес. Мысалы, бір ғана Сыр бойында бірнеше
жыраулық мектептердің болғаны байқалады. Бірі - Қармақшы жеріндегі
оғыз-қыпшақ дәуірінен саға тартатын көне эпикалық дәстүр, екінші -
Арал аймағындағы жыраулық мектеп, үшінші - Бұдабай, Нартай,
Балқашбай, Әбілаштардың жыр өнері. Көрнекті өкілдері - Балқы Базар,
Қарасақал Ерімбет, Жиенбай, Тұрмағанбет, Жәмет, Дәрігүл, Кәрібоз,
Сәрсенбай, Алмас, Көшенай, Рүстембек, Бидас тағы басқа атақты
жыраулар.
Атырау аймағындағы жыраулық өнердің өзіндік ерекшеліктері
байқалады. Бұл шығармалар негізінен ХУ-ХҮІ ғасырлар оқиғасын
қамтитын ноғайлы дәуірінің оқиғаларына негізделген. Осы белгілері
олардың жанрлық ерекшеліктерін тудыратын секілді. Жетісудағы жыр
өнерінің дүлділдері - Сүйінбай, Жамбыл, Кенен. Дәл осы суырып
айтушы өнерпаздардың есімімен бүтін бір аймақтық жыршылық өнерінің
кескін-келбеті айқындалады. Қазақ жеріндегі эпикалық дәстүрге тән
аймақтық ерекшеліктер әлі күнге арнайы зерттелген емес. Әдебиет
зерттеушілері оны көркем ой көрінісі - поэзия ретінде зерттеп,
мәтін ретінде қарастырады. Ал музыка мамандары оны өнердің еңселі
бір арнасы ретінде қарастыра қойған жоқ. Қазақ халқының музыкалық
- эпикалық дәстүрі бірнеше тарихи кезеңдерге жіктеледі десек те
осы кезеңге дейін жыраулық өнерді түркі тайпаларының көне тарихына
негіздеп зерттеген мамандар некенсаяқ. Жыраулар поэзиясын зерттеген
М.Мағауиннің өзі жыраулық өнерді XV-XVIII ғасырлар мен ғана
шектейді. Дұрысында жыраулық өнер өте көне құбылыс. Ол XV ғасырмен
басталып, XVIII ғасырмен аяқталмайды. Жыраулық көне түркі дәуірінен
саға тартып, күні бүгінге дейін дамып келе жатқан тарихи мәдени
қүбылыс. [6,204]
Жыраулық өнер - тарихы қалыптасқан, дәстүрге ұласқан тұрақты
сипатқа ие болған құбылыс. Оның түп-тегіне үңілер болсақ, сонау
орхон жазбаларына, оғыз дәуірінің эпикалық мұраларына көз
жібереріміз анық. Ол дәуірлерден жеткен музыкалық мақам үлгілері
болмаса да, жазба ескерткіштер жоқ емес. Солардың бірі - Қорқыт
ата кітабы. Түркітану ғылымында бүгінгі сыр бойындағы эпикалық
дәстүрдің оғыз дәуірімен байланысты жиі айтылады, ІХ-Х ғасырларда
оғыз тайпаларының Сыр бойын мекендегені анық. Сол дәуірден қалған
музыкалық - әпикалық дәстүр күні бүгінге дейін өзінің байырғы
қалпын сақтап, стилдік ерекшеліктерімен дараланып келеді. Бұл,
әсіресе, Қорқыттың сүйегі жатқан Қармақшы жеріндегі жыраулық өнерге
тән құбылыс.
Жыраулық өнердің айрықша дамып, ел мәдениетінен орын тепкен
кезеңі ХҮ-ХХ ғасырлар. Арғы жерде этникалық тарихты сақтайтын арна
болғандықтан кеңес дәуірінің саясаты елді жырау-жыршылардан тазартуды
көздегені жасырын емес. 20-30 жылдары көптеген эпос айтушыларының
тұтқындалып, жер айдалғаны мәлім. Соның салдарынан жыраулық өнер
көмескі тартып, оны зерттеу, зерделеу ісі тек 1956 жылдан соң
барып қайта жандана түскен-ді. Үш ғасыр жырлайды, Бес ғасыр
жырлайды, Пернедегі пернелер Е.Ысмайыловтың Ақындар атты еңбегі
оның айғағы. Одан бергі жерде Ә.Қоңыратбаевтың Эпос және оның
айтушылары (1975), Р.Бердібайдың Жыршылық дәстүр (1980) секілді
еңбектері бой көрсетті. Өзге де фольклор мұралары жарық көрді,
соларға қатысты арнайы ғылыми зерттеулерде жазылды. Жырау-этнограф,
яғни қазақ тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерін өз өнері арқылы
кейінгі ұрпаққа жеткізуші тұлға. Осы шежірешілдік қызметін
мүлтіксіз атқару үшін жырау өз халқының тарихи-мәдени мұрасының
үлкен жанашыры болуы қажет. Мұның бәрі М.Мағауиннің жырау тұлғасына
қатысты пікірлер ұштасып жатқан анықтамалар. Алайда, ғалымның
жырауды көбіне поэзия өнерінің өкілі ретінде қарастыруы даулы.
Мысалы, бір сөзінде М.Мағауин: Жыраудың жыраулығының ең басты
белгісі -ақындық. Яғни өз жанынан өлең шығарғыштық қабілетінің
болуы. Жырау деген атаудың өзінің жыр сөзінен шыққандығы күмән
туғызбайды.
Жалпы дұрыс пікір. Жырау ұғымының жыр сөзімен байланысы
анық. Бірақ жырау ғана емес, сонымен бірге, музыкалық мақамды
шығарушы әрі орындауы. Бұл ерекшеліктерін алып тастар болсақ, жырау
тұлғасына тән қасиеттер толық анықталмаған болар еді. Жыраулық
поэзия, оның даму кезеңдеріне қатысты сабақталған С.Қасқабасов
пікірлерінің де мәні аса елеулі. Автордың Жыраулар поэзиясындағы
ең басты тақырып Қазақ хандығын құрған ру мен тайпалардың татулығы
мен бірлігі және мемлекетті нығайту мен оның жауынгерлік күшін
арттыру болды (Қ.Қасқабасов Жаназық Астана 2002, 503 бет) -
деген пікірі де көкейге қонымды.
Жыраулық өнер-мәдени-музыкалық құбылыс. Айтулы жыраулар үнемі
ел ортасында, халықпен аралас жүреді. Жыраулар типі өте ерте
дәуірлерде қалыптаса бастаған. Алғаш бұл қызметі бақсы, балгерлік,
шамандар атқарған. Жыраулық өнердің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден
тұрады. Олар бақсы - шаман - ұзан - жырау - жыршы - термеші
тағы басқа. Міне, осы кезеңдерді жеке-жеке игерудің ғылыми таным
үшін маңызы зор. Жыраулық поэзияны 3 кезеңге бөліп қарастырдым.
[7,120]
Бірінші: XIV-XVI ғасыр
Екінші: XVII ғасыр
Үшінші: XVIII ғасыр
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Жырау мұраларындағы әлеуметтік-
философялық сарын мен ой қүндылығының XIX ғасырдың өзінде-ак
назарға іліне бастағаны аңғарылады. Ш.Уәлиханов Асан Қайғының
толғауларына токтала келіп, оны көшпелілер философы деп бағалаған
болатынды. Дегенмен, әдебиетші ғалымдар Қ.Жүмалиев, З.Қабдолов,
З.Ахметовтер өз еңбектерінде философиялық лирика жайлы азды-көпті
түсінік беріп еткені болмаса, қазақ поәзиясындағы философиялык
лириканың бастау алар қайнар көзі мен философиялық сарынға күрылған
шығармалар жайлы тыңғылықты зерттеу жүмыстары жұргізілген емес.
Кеңес өкіметі түсында бұратана саналатын ұлттардың жеке
философиясы ғана емес, философиялық сарынның кездесуі де мүмкін
емес деген сорақы таным қалыптасқаны мәлім. Осы танымға сай
философ ғалымдар да қазақ философиясының үлттық өзегіне бара алмай,
шарасыздықтан батыстық философия төңірегіндегі методологияны
шиырлады. Кеңес өкіметі ыдырып, ұлттық құндылықтарға қажеттілік туа
бастағаннан бергі уақыттарда ұлттық философияға да сілкініс ене
бастады. Осы аралықта С.Ақатай, Ғ.Есім, Т.Рысқалиев, Ә.Сағатова,
Ө.Күмісбаев, О.Сегізбаев т.б. философ ғалымдар қазақ ұлттық
философиясының қайнар көздерін, бастау негіздерін іздестіре бастады.
Бүған дейін түркі халықтарына ортақ әдеби мұралардағы және XIX
ғасырдың екінші жартысынан бергі дәуірдегі шығармалардағы
философиялық ой-сарынның көрінісі жөнінде бірнеше еңбектер
жарияланған болатын. Әдебиетші ғалымдар Р. Бердібай, М.Мырзахметүлы,
М.Мағауин, Х.Сүйіншәлиев т.б. еңбектерінде жыраулық мектептің
философиялық сырын меңзейтін ойларын айтып отырғаны болмаса, ортада
тұтас төрт ғасырды кұрайтын әдебиет кеңістігі назардан тыс қалып
келді.
Жырау поәзиясының негізгі жанры толғау. Толғау жанрына
байланысты ғылыми зерттеулер де біршама жарық көрді. Қазақтың белді
ғалымдары А.Байтұрсынов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібай,
М.Жармұхамедов, Б.Абылқасымов т.б. толғау жанрына байланысты сүбелі
ойларын ортаға салып, оның жанрлық, тарихи, тілдік сипатын ашып
берді. Толғауға байланысты жоғарыда аталған ғалымдардың ойлары
ауызша үлгідегі халықтық поэзияның әдебиеттану ғылымында алатын
орнын айқындаған жемісті еңбектер болды. Дегенмен, толғау жанрының
әлеуметтік-философиялық құндылығы ғалымдардың еңбектерінде бірді-екілі
мысалдармен айтылып өткенімен, өз алдына жеке-дара қарастырылған
емес. Біз өз зерттеуімізде толғау жанрын зерттеген ғалымдардың
еңбектерін топтастыра келіп, толғаудағы әлеуметтік-философиялык
сарынның әдебиеттегі көрінісін жаңа қырынан танытуға ұмтылыс
жасаймыз.
Белгілі ғалым Р.Бердібаевтың: Жыраудың философ ойшылдығы мен
ғибратшылдығы дүние сырын кеңінен шолып, терең салыстырулар
жасайтындығы толғаулардан айырықша көрініс береді. Мұндайда жырау
жеке адамдарға немесе топтарға қарап емес, биік мінбеден бүкіл
халыққа арнап сөйлегендей болады, - деген ойында жырау мұраларының
ойшылдық табиғатына сүйсінумен қатар, осы бағытта атқарылар
жұмыстың ұшан-теңіз екенінен де хабар береді [22,11].
Ең бастысы философ ғалымдар қазақ ұлттық философиясының
тарихын зерделеуде ХҮ ғасырдан бергі кезеңдерден айналып кетпейді.
Яғни ХҮ ғасырдан бастап қазақ ұлттық философиясы дамып, бір арнаға
түсті. Оның қайнар көзі сол кезеңде қалыптасқан қазақ әдебиетінде
жатыр. Демек, Асан Қайғыдан бастап жыраулық мектептің негізгі
ұстанымы ойшылдық сарын, көтерген такырыбы әлеуметтік мәселелер
төңірегінде жырланып келді.
Жұмыстың зерттелу нысаны. ХҮ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
жыраулар мұраларындағы философиялық ойға құрылған шығармалардың
тақырыптық сипаты, астарлы ұтымы мен өзара ой үндестігі негізгі
зерттеу нысаны болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында әдебиетші
және философ ғалымдардың бұрынғы және соңғы кездері жарияланған
еңбектері басшылыққа алынды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Кеңес дәуірі тұсында қазақ
жырауларының мұраларын зерттеуде біржақты көзқарас қалыптасты.
Жырауларды тек хандық дәуір кезіндегі әдеби өткел ретінде, ал зар
заман ақындарын кертартпа ақын ретінде қабылдадық. Жыраулар
мұраларының рухани құндылығы, тақырыптык ерекшелігі мен жанрлық
сипаты толық ашылмады. Толғау, терме түріндегі шығармалардың
ойшылдық, даналық қасиетін анықтап, оны жырау айтқан күйінен
кеңейтіп, ұғымын саралап жеткізе алмадық. Осы мәселелер талай
жылдар бойы қордаланып жатты. Демек, жырау мұраларындағы бодандыққа
қарсы дүниетаным, болжал, мораль, намыс, дін сияқты өзекті
мәселелер жыраулық поэзиядағы әлеуметтік-философиялық сарынға негіз
болды. Шығармаларында терең көрініс тауып жатты.
Айтушы ретінде тыңдаушысына арнаған сөздерінде жыраулар заман
мәселесін күн тәртібіне қоя білді. Қазақ мемлекеттілігінің берік
қалыптасуы мен нығаюына ақын-жыраулар поэзиясы басты роль атқарды.
Осының барлығы ақын-жырау мұраларындағы ойшылдық пен философиялық
сарынның мықтап орныққанын, мұның өзі халық тағдырымен тұтастығын
да көрсетеді. Міне, осы мәселелер зерттеу тақырыбымыздың мақсатын
айқындайды.
Аталған мақсатымызға жету үшін төмендегі міндеттер екшеліп
шығады:
жыраулар мұраларындағы әлеуметтік-философиялық сарынның
қалыптасуы мен даму жолдары;
- жыраулық поэзияның тақырыптық-идеялық жүйесі;
- жыраулар мұрасындағы көтерілген әлеуметтік мәселелер;
- заман шындығы мен бодандыққа қарсы дүниетаным көріністері;
- жырау толғауларындағы мен категориясы;
- жақсы мен жаман проблемасының ашылуы;
- діни-сопылық ілімнің жырау толғауларындағы көрінісі;
- айтушы мен тыңдаушы арасындағы байланыс сипаты.
Жұмыстың әдісі. Жырау мұраларының философиялық құндылығын
зерттеуде герменевтика әдісін басшылыққа алып, өзара үндестігін
анықтауда салыстырмалы әдісті қолдандық.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиетінде философиялық мәнді
туындылар жеке нысан ретінде әлі қарастырылмаған. Даналық пен
ойшылдыққа құрылған шығармалар қандай болмақ керек деген сұраққа
толыққанды жауап берілген емес. Біз аталмыш жұмысымызда, бірінші
кезекте философиялық пэзияны анықтайтын ғылыми тұжырым жасадық және
философиялық сарындағы толғауларды тақырыптық түрлерге топтастырып,
оның жыраулардың терме, толғауларында калай көрініс табатынын нақты
мысалдармен дәлелдедік. Дәлірек айтқанда:
- болжал күйіндегі толғаулар;
- жыраулардың бодандыққа қарсы дүниетанымы;
- жырау поэзиясындағы мен;
- моральдық ұстанымдардың жырау толғауларында көтерілуі;
- жаман мен жақсы проблемасы;
- утопиялық көзқарастар;
- айтушы мен тыңдаушы арасындағы байланыс;
- діни-сопылық іліммен сабақтастығы.
Осы айтылған мәселелер жыраулар поэзиясында терең көрініс
тауып, олардың ойшылдық, даналық және көркемдік деңгейін танытады.
1 Жыраулар поэзиясының қалыптасу, даму кезеңдері
1.1 Жырау мен жыршылық дәстүрдің қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы
Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы,
көптің жайы туралы айтылады. [1,18]
Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? “Бұл дәуірдігі әлеумет
тіршілігінің ,- дейді М.Әуезов ,-ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне
түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –Асан. Бұл
заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана
сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заманне айтарын
болжайды:сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді.Айтпақ жайларын
ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу, жұмбақ қып айтады.
Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы
туралы не көпке арналып, ақыл, өсиет есебінде айтылады”. Ғалымның осы
ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең
ашылған.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама
Шәкәрім де ден қойған. Ол “Ескі ақындық” деген өлеңінде халық мұрасын ,
ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:
Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырыпсалма жағы артық,
Айтады олар ойланбай,
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей мен Марабай
Алды-артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландай
Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында “ терең сыр” барын таниды. Олардың
жырында “қыран құстың ұшқаны”, “ақбөкеннің жүрісі”,” жайдақ желдің желісі”,
“мөлдір судың аққаны”, “жел жетпейтін құландар жүйріктігі”, “адам жанының
жайма шуақ кезеңдері”-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік ,
рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын
айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та “Батыр Баян” поэмасында
Бұқар мен Тәттіқара жырлағанда
Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр,-деп аса қадірлеген. Демек,
жыраулар поэзиясы- халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл
сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткізген тарихи уақиғаларды,
оның арман - мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес,
елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі
тілмен бере білуімен де бағалы.
Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Орардың
поэзиясы өсиетнама түрінде келеді, сондықтан да, жыраулар поэзиясында
нақылдың сөз оралымдары мол.
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай?
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы - туған елі, оған деген
сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер
іздеген Асан қайғының “ Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер”
деген ақылгөй сөзі – сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты
Қазтуған жырау да “ Қайран да менің Еділім” деп еңіреп өткен. “Еділдің
бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған ,
“ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым...он кісіге
жараса, бір кісіге асқан тамағым” деп, Ақтамберді жырау еліне ырыс,
молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне
деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын
сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған.
Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған
әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Тәттіқара ақын:
Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт,-
Өз заманында халықтың абыройы мен ары үшін болған небір қанды
шайқастар мен алқалы жиындардың бел ортасынан табылған, есімі сол
кездердегі тарихи құжаттарға түскен Құлеке батырдың перзенті, Үйсін Төле
бидің жиені Шал Құлекеұлының біздің бірнеше ғасырлық поэзиямыздағы
қадыр-қасиеті ерекше.
Шал Құлекеұлы ақын ретінде еліне ерте танылған. Ол сүйініші мен
күйініші қатар өрбитін жалпақ дүниенің күделі құбылысын тереңнен
байыптай білген ойшыл ақын. Оның өмірдің өтпелілігін, фәни дүниедегі
жақысылық пен жамандық, әділеттік туралы, әйел ана, жақсы жар, тәрбиелі
қыз тұрғымында, жалпы адам тағдыры туралы толғаныстары біздің рухани
мұрамызға қосылған сүбелі сыбаға ретінде қабылдана бермек. Ол-осы
туындылары арқылы қазақтың ақындық поэзиясының көш басында тұрған саңлақ
суреткер. Ол ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлихановтың: Менің бабам Абылай
ханның замандасы, Арғын, Атығай ішінде Бәйімбет табынан шыққан Шал ақын
қазақ халқының тегі, қазақ халқын құраған рулар жайлы аңыздарды
жинақтап, ғажайып эпос жазған, - дегеніндей өз кезінің терең оқыған
терең білімді оқыған азаматы.
Ақын мұрасының бүгінгі таңда қазақ әдебитінің тарихын,
тілін зерттейтін ғалымдарымыз бен көрнекті ақындарымыз, жазушыларымыздың,
алыс-жақындағы түрік, қырғыз бауырларымыздың зерттеу объектісінің
нысанасына айналуының өзі оның поэзиялық құдіретінің пәрменін паш етіп,
алып ақын болғандығын айқындай түсуде. Отан тарихы сабақтары және
Қазақстан қоғамының жаңғыруы атты Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясының арнаулы сессиясында Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев
мырза қазақ халқының ұлы перзенттері Абылай, Әбілхайыр, Бұхар жырау,
Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Абай, Шоқан қатарында Шал ақын есін де
атады. Бұлар халқымыздың рухани қуаты, ел егемендігінің ірге тасын
бекіндіруге бірлен-бір мәңгілік дәнекерлер діп танылды. Ал мұның өзі
түптеп келгенде, бүгінгі конференцияны – біздің ұлттық әдебиетіміздің
мерейін көтеретін өміріміздегі елеулі оқиға деп есептеуге кепілдік
береріне дау жоқ.
Зерттеушілердің айтуы бойынша, Шал ақынның тұңғыш өлеңі – Өлеңге
тоқтамайды Шал дегенің. Бұл өлеңді ақын шығармашылығының басы деп жүр.
Өлеңнен шығу тарихы былай екен. Әйгілі хан Құлеке батырдың бәйге алдын
бермейтін жүйрік атын сұрап алып, кейін қайтармай қояды. Бірде Құлеке атын
сұрауға барғанда баласы Шалды ертіп барады. Хан бала Шалдың көзінше: Іші
боқ, сырты түк сол мәстекті осыншама неге сұрай бересің? - деген сөз
айтады. Шал таңертең ерте тұрған ханның табынға ере алмай қалған бір қозыны
арқалап бара жатқанын көріп қалады. Кетерінде хан екен деп қысылмай,
өлеңдетіп, малжандылығын бетіне айтады.
Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,
Болмайды қойға пана тал дегенің.
Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,
Хан ата, қалай екен мал дегенің?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кіші,
Біреудің хақын жемес жақсы кісі.
Тақтағы хан, топтағы биді еңкейткен,
Хан ата, қалай екен малдың күші?-
дейді.
Өлеңді естіген хан Құлекеге: Мына балаң маған үлкен адамдарша
сөйледі, тумай жатып қартайған бірдеңе ғой,- депті. Сөзден ұтылған хан
Құлеке батырдың бәйге атын қайтарған екен. Хан алдында айтылған бұл өлең ел
ішіне тез тарап, Тілеукенің Шал аты мен ақындық атын қатар шығарған екен.
Осыдан былай Шал ақындық жолға көшеді, дарынды суырып салма
ақын болады. Ертерек дәуірлерден қалыптасып, жалғасып келе жатқан, ХVIII
ғасырда өмір сүрген Тәтіқара, Көтеш ақындардан кейінгі қазақ дәстүрлі
поэзиясын дамыта түседі. Оның бұл салада қосқан үлесі үлкен. Өлең-терме,
толғау-тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, көркем және
тақырыбы да кең. Шал ақын қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең жанрын, өз
замандастарымен салыстырғанда жан-жақты толықтыра түсіп, көркімдігін
арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда, оны толғауды көркемдік шегіне жеткізе
білген Бұқар жыраумен ғана салыстыруға болады. Сондықтан да кейінгі
кезеңдерде өмір сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты.
Шал ақынның өлең, жырлары кезінде ел арасына кеңінен таралған.
Қазірдің өзінде де ел аузында сақталып қалғандары бірқыдыру. Ұқыптап
ескерілмегендіктен, оның шығармалары осы күнге дейін жиыстырылмай келді.
Әйтседе, ақындық қалпын анықтауға толық негіз боларлықтай шығармалары бар.
Шалдың атына телінген өлең-термелердің, тақпақ-толғаулардың көлемі 1600
жолға жетеді.
Шалдың бізге жеткен шығармалары негізінен әр жерде әр түрлі
себептермен суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады. Терме-тақпақтары,
нақыл сөздері, сөз қағыстары да баршылық. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар
шығарғандығы, қазақ халқының шежіресін өлеңмен жазғаны да Шоқан
Уалихановтың еңбектерінен белгілі.
Шал ақынның өлеңдері тақырыбы жағынан өте кең. Ескі қазақ ауылының
түрлі тіршілік-тұрмысына қатысты жайлар, этика, мораль мәселелері-ақын
намысшылдық, ақын шығармашылығының өзекті желісі. Өтірік пен өсек, еңбек
етпеу әйел үшін де, еркек үшін де арзан, азғын қасиеттердің басы ретінде
сипатталады.
Шалдың өз басы кедей болған, оны мына бір шумақ өлеңінен де байқауға
болады:
Кедейлік, жабыстың ғой бала жаста,
Мені ұятты қылдың ғой қарындасқа.
Аш белімнен құшақтап айырылмайсың,
Көз танысың жоқ па еді менен басқа?
Сондықтан да болар ақынның көп жырлар тақырыбы-кедейлік. Кедейлік
тақырыбы қазақ поэзиясында тұңғыш рет Шал шығармашылығында жеке тақырып
дәрежесіне ақын бұдан құтылудың бірден-бір жолы ретінде еріншек болмай,
еңбек етуді ұсынады.
Кедейдің үш түрі бар ойлағанға,
Байлық жоқ қанағатсыз тоймағанға,
Бас белгі деген бір түрлі кедей бар,
Мойынын кедейлікке бұрмағанға.
Кедейдің бір түрі бар-елгезегі,
Жұмсасаң, тіліңді алып қолға қонар,
Қызметімен әр кімге жақын болып,
Сол кедейдің түбі ақырда оңар.
Кенже ұлы кедейліктің ұйқы мырза,
Ерте жатып, кеш тұрса жаны ырза.
Біразырақ бас қосып кеңесейін,
Сәлем айт, еріншекке, келсін мұнда,-
дейді.
Адамның жасы, жастық шақ және кәрілік туралы өлең-жырлар
қазақтың ауыз әдебиетінде ертеден бар. Бірақ дәл Шал ақындай бұл тақырыпты
жеріне жеткізе жырлаған ақын аз. Сондықтан оны қазақ поэзиясында жас туралы
шығармалардың негізін салушы деуге болады.
Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірі берген несіптемін,
Алты жаста қайыңның тозыңдаймын,
Жеті жаста ойнап жер бозыңдаймын,
Сегізде бала болып ойнап едім,
Тоғызда тайлы суға бойлап едім...
Он жасымда сүт емген қозыдаймын...
Он бес деген жасым-ай,
Жорға ойнаған лақтай,
Бой түзеп жиырмада сылдақтаймын,
Отызда ағып жатқан бұлақтаймын,
Қырқымда қынаптаға қылыштаймын,
Елуде әр жұмысты жұмыстаймын,
Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін,
Жетпіс жаста илеген терідеймін,
Жетпістен сексен жасқа келген шақта
Артымнан кейін кеттім кері деймін.
Тоқсан жасқа келгенде көр болғаным,
Отқа салған мұнайым, бор болғаным.
Тоқтыға асылғанда әлім келмей,
Баланың баласына қор болғаным- деп басталған адам ғұмыры туралы жазылған
өлеңдерінің желісі кәрілік туралы өлеңдерімен аяқталады:
Шалыңның екі көзі жайнап жатыр,
Кеудемде нәпсі, шіркін, қайнап жатыр,
Байлаулы арқаным жоқ, қазығым жоқ,
Қайтейін, кәрілік шіркін байлап жатыр.
Шал ақынның:
Жиырмаға келген соң,
Жын қуалап ақтадым,
Жиырма беске келген соң,
Жақсыларды жақтадым,
Отыз жасқа келген соң,
Әр ісін сүйіп мақтадым,
Қырық жастан асқан соң
Артық айтқан сөздерін
Сенен де пайда таппадым.
Елу жасқа келген соң,
Пірдің сөзін сақтадым.
Алпысқа жақын келген соң,
Өлімнен хабар жетер деп,
Тәубә қылып тоқтадым.-
дегеніне қарағанда, ислам дініне берік болған. Бұрыңғы ақын-жыраулар дін
туралы сипай айтып кетсе, Шал дінді арнайы сөз етеді.
Жаратты Мекке менен Мәдинаны,
Жаратты иман, дұға, шын дүнияны.
Мұхаммед үшбу жүрген үмметіне,
Жаратты сынамаққа бұл дүнияны.
Жаратып он сегіз мың ғалам етті,
Бірісін ғалам, бірісін надан етті.
Жаратып жын-періні от пен судан,
Жаратып топырақтан адам етті.
Құранда уассамаһи дастан болар,
Бірталай сөйлей берген астам болар,
Аллаға құлшылығы жаққан құлға
Есігі сегіз жұмақ бостан болар.
Құранда уассамаһи уәл арузы,
Алланың фәндасына көп қарызы,
Жігіттер, ораза ұста, намаз оқы,
Ғарасат майданы бар, тергеледі-дейді.
Шал енді бір топ өлеңдерінде жастарды ибалы, әдепті, қайырымды
болуға шақырады. Ары, жаны таза, мәдениетті жасты аңсаған ақын ондай абзал
адамдар парызы еліне, халқына пайдалы қызмет ету ашық айтады:
Майда бол, жігіт болсаң, тал жібектей,
Жарамайды қатты болу тікенектей.
Білімнің болса-дағы ұшан-теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Адамның артықшылығы, жақсылық көпке, туған елге пайдалы
болуында деп қорытынды жасайды.
Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобана да ақын қадала
түседі. Өзімшіл, күншіл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниетті
ізгі істерін қарсы қоя жырлап, бірінен жирендіріп, екіншісінен үйреніп,
үлгі-өнеге алуға үндейді.
Үй ішінің берекелі, махаббатты болуын аңсаған ақын достыққа,
адал махаббатқа негізделген тату-тәтті отбасы тұрмысын, берекелі, бақытты
өмірін көксейді. Үй ішінің сәні –жар таңдауға үлкен мән береді:
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге аю, балаға қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрысын.
Ақын өзі өмір сүрген дәуірінің өзекті мәселелерін жырлаған. Ол–ел
басқару жүйесі, билік айту, отбасы, адамдардың мінез-құлқы, жақсы-жаман
қылықтары, жастық, қарттық, кісілік табиғаты, жалпы өмір сүру философиясы,
т.б. Осылардың бәрін ол поэзия қуатымен әрлендіре суреттейді. Кезеңіне
лайықты білімі бар, ескіше сауаты едәуір Шалдың өз дәуірінің ой-пікірінен,
діни ұғымнанымынан мол хабары болған. Өлеңдерінің көбі мақал-мәтел, нақыл
сөздер, діни ұғым, бейнелі сөз тіркестеріне толы. Мысалы:
Албастыдан дию қашады...
Нәпсің бір көкжал бөрідей,
Иманың бағлан қозыдай,
Егер тию салмасаң,
Иманыңды жеп кетер.
Ағайынның асқанын
Қарындас білмес, жат білер,
Артқы қастың батқанын
Қаптал білмес, ат білер.
Адам басы Алланың добы деген
Қайда айдаса сол жаққа домалайды.
Қорыта келе айтармыз, Шал өз заманының беделді ақыны. Оның өлеңдері өз
кезінің өзекті мәселелерін көтеріп, халыққа адамгершілік ақыл-ғибрат
береді.
Ақын шығармашылығы әдебиетіміздің әлеуметтік сырын айқындап, оның
халықтық тәсілдің ілгерілей түсуіне өз үлесін қосты. Сондықтан Шал
туындыларының әдебиетіміз тарихында елеулі орны бар. Өзінен кейінгі
әдебиеттің көркемдік және идеялық жолына белгілі дәрежеде ықпал етіп
отырған көркем сөз шебері.
Сыпыра жырау Тоқтамыс хан тұсында XIV ғасырда өмір сүрген
жырау. Маңғыстау мен Жайық бойын, Сарайшық қаласын мекендеген. Ол
- Еділден Донға дейінгі Кубаның кең даласын, Арал теңізі мен
Каспий жағасын, Қырым мен Кавказ арасын ен жайлаған қыпшақтар мен
қытай-қазақ ұлыстарының аты аңызға айналған перзенті.
Сыпыра жырауды қазақтың кейінгі ғасырларда өмір сүрген барлық
жырауы өзіне ұстаз санайды. [8,55]
Профессор Е.Ысмайылов тек қана қазақ жырлары емес, ноғайлы,
қарақалпақ, басқа да Орта Азия халықтарының жырларының авторы да
жыраулар мен шайырлар деп дәлелдейді. Сондай-ақ, Қазақтың да
белгілі батырлар жырын ең әуелі Шалгез, Сыпыра, Жиембет сынды
жыраулар шығарып таратса керек - дейді.
Сәбит Мұқанов: Сыпыра Жырау, Асанқайғы, Бұхар жыраулар XIX
ғасырға дейінгі қазақ ақындарының символы, олар хан қасында отырып
батырды жырлаумен қатар, сол кездегі мемлекет мәселесін шешуге
қатысады, - деп ескертеді.
Е.Байбылов жариялаған жырау сөзінің бір үзіндісінде ол өзінің
алпыстан астам хан көрген қария жырау болғанын хабарлайды:
Өрлеуге қандай алабың,
Шыңға шықсаң талабың.
Алпыс екі жан көрдім,
Несіне оны сұрадың?!
Атқа мінер халі жоқ,
Мінсе түсер әлі жоқ.
Жүз сексен жасаған,
Хәлі осы да Сыпыраның!
С.Сейфуллин жариялаған Тоқтамыстың қоштасу сөзі - осы
Сыпыра жыраудың өз туындысы. Хан атынан айтқан Сыпыраның төл
шығармасы. С.Сейфуллин бұл талғауын қысқартып, 46 жолдайын ғана
жариялаған. Аталмыш үзінді Тоқтамысқа қараған ноғайлылардың бұрынғы
тарихын, шаруға жайлы қонысын, жау айбынар батырларын, сауық-
сайранды салтанатын ардақтайды. Хан басына түскен ауыр күн
толғанып, Едіге бидің әмірі арнағаны айтылады. Ханның бейқамдығы
сыналып, өткен күн өкініштері толғанады.
Ей, жігіттер шоралар!
Он сан ноғай бүлгенде,
Саназар батыр жауыннан,
Жаралы болып келгенде,
Алаш ата алаш болғанда,
Алаша хан болғанда,
Аязды күнде қалшылдап,
Арасан оты жанғанда,
Бура мұздан тайғанда,
Шықырлаған буыршын,
Бас көтеріп тұрғанда,
Ханнан қайрат кеткенде,
Биге медет жеткенде,
Хан қашып, би қуғанда,
Хан Тоқтамыс қорланып,
Байтағым деп зарланып,
Айтып жылай жөнелді...
Бұл жолдарды оқыған адамға Тоқтамыстың өзі айтқан сөз емес,
ол туралы басқаның айтқан сөзі көрініп тұрады. Бұдан кейінгі
жолдарда да Тоқтамыстың өзін қолдаған Қобыландыдай батырынан
айырылғаны, Ноғайлыдай ауыл жұртын тастап, бассауғалаған ауыр жағдайы
жырланады.
Сап - сап жүре, сап жүре,
Сай азамат қосылып,
Жауды жайқай ала алман,
Қара қыпшақ Қобландым,
Сен секілді ерден соң...
Сыпыра жырау - хан мен батырлар арасында бітім айтқан дана,
ақылгөй, сәуегей адам. [9,40]
Ер Тарғын, Едіге, Қырымның қырық батыры жырларында да
жырау есімі аталатыны белгілі. Бір ескерерлік жай, Сыпыра жырау
түсінігінде Едіге ұнамды адам емес. Ол Едігеге наразы адам.
Сондықтан Тоқтамысқа берген ақылында: Едігені басқа хандыққа
өткізбей, қалай да болса Тоқтамыс хан оны өз қармағында ұстауың
керек. Егер ол мүлдем көнбесе, амал - айламен қолға түсіріп,
шақырып алып басын ал , - дейді. Бұған қарағанда ол Тоқтамыс
пен Едіге араларында болған жан-жалдарға бейтарап емес. Жыраудың
түсінігі айқын. Жараспас жанжалдың аяғы апатқа соқпай тынбайтынын
сезеді. Едіге Темірге қосылса, Тоқтамыс ордасының шаңырағы ортаға
түсерін ескертер ақыл айтып, оны сақтыққа шақырады. Бұл тұста
жыраудың ұстаған бағыты - Тоқтамыс билеген елдің мүддесі. Не
болғанда да ол - Тоқтамыс жағының жоғын жоқтаушы.
Ноғай - қазақ дәуіріне жататын көркем туындының бірі -
Тоқтамыс жыры. Бұл жырды атап отырғанымыз - шығарма қаһармандары
тарихта болған адамдар. Негізгі бейне Тоқтамыс 1376-1395 жылдар
арасында хандық құрып, Темірланның Едіге бастаған қолының
тегеурініне төтеп бере алмай күйреген. Сарай әмірінің бірі
Тоқтамысты ауыр ноғай жұртымен, сараймен қоштасуы, қайғылы ханы
көрсетілген. Жырдағы ханның тоғыз батыры да тарихта болған адамдар.
Әрқайсысы қазақтың белді руларының басшы батырлары. Міне, аталмыш
жырда да Сыпыра жырау қатысады. Тоқтамыс көпті көрген дана жырауды
алдырып, оның ақылын тыңдайды. Осы жырды алғаш бастырған
П.М.Мелиоранский өзінің алғы сөзінде Сыпыра жыраудың қыпшақ
даласынан көп хандарды көрген көне ақын иесі, Тоқтамыс Ордасында
ол 1393 жылы ең соңғы толғауын айтқан еді деп сендіреді.
Бұл мәліметті негізге алсақ Сыпыра - 1213-1393 жылдар
арасында өмір сүрген ноғайлы - қазақтардың атақты жырауы.
Асан - аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің
ірі қоғам қайраткері әрі шешен-би, әрі ойлы - сырлы жырауы.
Асанқайғы Орманбет хан өлгеннен кейін сары ноғай, қара ноғай боп
бөліне көшкенде тірі, 120 жаста екен. Ал Орманбет хан 1420 жылы
өлген. Ноғайлардың бөлінуі бұдан біраз кейін, 1450 жылдар шамасы.
Олай болса, Асан 1330 жылдары дүниге келген Орманбеттен кейін Сары
ноғайлар Еділде қалады да, Абат батыр бастап, жылы жақты бетке
алып, Қаратауға көшіп көледі. Жолда көп қиындық көреді. Шерқұтты
бастаған бір топ ел айшылық жолдан кері қайтып келеді. Осы көзде
Асан қартайып, көш басшылық ісінен қалған адам. Осы тұста айтқан
бір толғауында ол Қазтуған мен Абатқа алған беттен кері қайтпа
деп ақыл береді. Өзінің қалжырап біткенін хабарлап. Бақұлдасқандай
болады.
Қазтуған мен Абатым
Дұшпанды жер болғанда,
Сегіз қырлы болатым,
Мен бір жасы жеткен қарт едім,
Көлеңкелі жерде бағатын.
Күні-түні жатырмын,
Бес намазды тәрк қылмай,
Құдайдың өтеп тағатын...
Әумин де Абат жан,
Батамды саған берейін,
Балам да болсаң ер едің.
Тұла бойым тұңғышым
Менен туып тұр едің,
Жылы жерге алып бар,
Қатын, бала тоңбасын,
Енді кейін қайтуға
Қақ тағала жазбасын.
Түсімді алған кәрі едім
Иманым болғай жолдасым,
Қайда барсаң аман бол,
Маңдайыңды алла оңдасын!
Осы бақылдасудан кейін ол көп ұзамай (шамасы 1450 жылдары)
дүние салғанға ұқсайды. [10, 80]
Асанқайғының жыры бойынша, Әз-Жәнібек - хандығын күшейткен
соң, бұрынғы атаулары билеп-төстеген қыпшақ даласын түгел өзіне
қаратпақшы болады, бірақ Асанқайғы оны қостамайды, ханды тежеп,
оның қатерлі жоспарланын сынайды, елге баянды тұрақ керек екенін
ескертеді:
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Екі семсер қолға алып.
Ерлер жортып күн көрген.
Еділ деген қияға,
Еңкейіп келдің тар жерге?..
Асанқайғы өмір сүрген заманда бұрынғы Алтын Орда жұртынан
бөлініп шыққан хандықтар арасында өзара қайшылықтар көбейе бастаған
болатын. Ол Астрахань, Ноғай, Қазан, өзбек, қазақ хандықтары
арасындағы қайшылықтар еді. Жәнібек бастаған қазақ хандығы XV
ғасырдың 60-жылдары Әбілқайыр (өзбек) бірлестігінен бөлініп, Шу
бойында жаңа хандық құрды. Алғашқыда бұлар бір жерді тұрақты
астана ете алмай, үш өлкенің арасында ауысып жүрді. Шу бойы
Қаратау (Түркістан), Жайықтағы Сарайшық астаналық орындар еді. Ал
Асан, көбінесе, Жетісу өлкесі, Шу бойын (Қозытасы) баянды астана
деп өзі Қарқаралы мен Жырғалаң өзендерінің бойында көшіп жүрді.
Асан жаңа ұйымдасқан жас хандықты торыған жау бар оны естен
шығарма, Болымсыз іспен әуре болма деп ханды тежейді.
Құладан құстың құлы еді
Тышқан жеп жүнін түледі.
Аққу құстың төресі,
Ең жайлап көлді жүр еді.
Аңдып жүрген көп дұшпан
Елге жау боп келеді - деп Жәнібекті сақтандырып отырады.
Қарт жыраудың қояр талабы бейбіт өмірді қамтамасыз ету. Ел
жұрттың татулығы, жауласып, өзара қырқысуға тыйым салу. Жәнібекке
берер ақылы да сол:
Еділ бол да Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды алып тұрыс па.
Ел - жұрттың бірлігі, достығы берік болып, ағайыншылықпен
тату-тәтті өмір сүріп барша мұратқа жету жыраудың ежелгі армандары.
Асан туралы кейбір аңыздар кейінгі кездерге жатады. XVII
ғасырдан бастап Жайық пен Еділге беттеген қалмақтар шабуылына
байланысты бірқатар халықтық шығармалар өңделеді. Жаңа дәуірдің
талабына сай жаңаша жырланады. Осындай өңдеуге Асан жайындағы
аңыздар да ілігеді. Тіпті, XVIII ғасыр басындағы Ақтабан
шұбырындының жерін де Асан туралы кейбір аңыздардан байқау қиын
емес. Ал Ақтабан шұбырынды қайғысын Асан ерте-ақ біліп айтып
кетіпті-міс. Бірақ оны кейіндегі хандар тыңдамай, бейқам жатып,
айналасын қоршаған жау жасағын ескермей, елді қайғылы жайға дұшар
еткен екен деген де аңыз бар елде.
Асан атаның жасаған заманы-қазақ хандығының жаңа ғана қаз
тұра бастаған балауса шағы. Сондықтан Асан сияқты ақыл иесі
қайраткерлердің бұл тұстағы мақсаты сол хандық тағдырын ойлау.
Үздіксіз жортуылға түскен елге жайлы қой үстіне бозторғай
жұмыртқалардай Жиделібайсынды шын ниетімен армандап өткен ұлы
арманшыл ойшыл болды. Шалкиіз Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынан
туыпты. Әкесі Тіленші - қазақ арасындағы көп шонжардың бірі болса
керек. Үш айлығында анасынан айырылған болашақ жырау нағашы
атасының қолында өседі. [11.22]
Шалгез де Сыпыра, Асан, Қазтуған, Жиенбет жыраулар сияқты,
сарай маңында жасаған адам. Ол-ХІ -XVI ғасырлар аралығында билік
құрған жандарды жақсы біліп, сол кез оқиғасын ұзақ уақыттар
жырлаған қария жырау. Шалгез өзінің шығармаларында кейбір кездердегі
тұстас ханмен жақсы болып тұрған мәлімет береді. Бірақ көп
ұзамай, күйшілдердің қиянатына кезігіп зәбір көргенін, тіпті басқа
мырзаның қол астына ауысуға мәжбүр болғанын айтады. Әуелі ол
ноғайлы мырзаларды Жүсіп, Ысымайыл бастаған топтан бөлініп Мамай
жағына шығады. Кейін қазақ ханы Жәнібекке, одан кейін Би Темірге,
одан оның ұлы Тәуекел ханның қол астына ауысып отырады.
Шалкиіз поэзиясының рухы - ерлік. Ел әңгімелерінің айтуынша
Шалкиіз батыр болған. В.Радлов Қырым ноғайларынан жазып алған
әңгімеде де Шалкиіз - батыр, әскербасы. Жауынгер жарықшы жырау
болғандығы Шалкиіздің өз шығармаларынан да көрінеді. Шалкиіз
поэзиясы белгілі дәрежеде жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі
-жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен қайқы қылыштан тым аулақ
тұрмағандығын көрсететін:
Қатты бір тартып бек атсаң, Қайырылып барып бек сынар
Қайың оқтың жарқасы, -немесе:
Көктем мінген еріңнің
Астында көп жүгіріп күлік бар,
Көп сандықтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар, -
деген сияқты жолдары ғана емес, Жырау шығармаларынан кейде
мың сан аттың тұяғынан көтерілген шаң, қағылған шың, қарулардың
соқтығысқанда шығарған дыбыстары естілгендей болады.
Тебінгінің астынан
Ала балта суырсып
Тепсінісіп келгенде... -
Істептес болуы ашық, адамдардың қимыл, қозғалысын көзге
елестетерліктей дәл беретін суреттер жыраудың өз заманының ұрыс-
соғыстарына талай рет қатысқандығы және жай бақылаушы болғандығын
көрсетеді. Жыраудың кей шығармалары майдан даласының өзінде туғанға
ұқсайды. Бұл ретте Шалкиіз қыл шашақты найза өңгерген жауынгерлерді
қаптаған қалың жаудан именбеуге, тайсалмай ұрысқа кіруге шақырады.
Халық ежелден бері қастерлеген ағайын арасының татулығы, азамат
ердің, рулы елдің алауыз болмай тату-тәтті өмір сүруі - жырау
туындыларының негізгі нысанасы.
Жырау өздері - бейнелі суретті нақылдар. Ол болашағы зор,
үміт атқарар жігітті, басына бақ қонар азамат ерді жай баяндай
салмай, суреттеу арқылы оның тұлғасын сомдауға назар аударады.
Жел, жел, есер, жел есер,
Жел астына қарасаң.
Қоға менен тал өсер.
Ораздының ұлы өсер,
Шиырлының қызы өсер,
Кенелейін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тел өсер,
Сүйінейін деген жігіттің,
Сүбеде алтау-жетеу ағайыны тел өсер.
Жырау қай өлеңінде болмасын ел мақсатын, көп мүддесін жоғары
ұстайды. Ел билеген басшылардың ақыл мен іс қылар адал әміршісі
боп, жоқ-жіктікке қарасқыш, ізгі ниетті көпке ұнамды болуын
қалайды.
Жыраудың сөз өрнектері халық поэзиясымен біте қайнасып
кеткен. Әсіресе халықтық эпостардың ізі жырау жолдарында сайрап
жатыр.
Жаурыны жазық, мойны ұзын,
Оқ тартқанда қолы ұзын.
Маңдайының арасы,
Екі қарыс, екі елі,
Дулығалы шекелі.
Келтірілген жолдардағы алып ер тұлғасын, қазақ батырлары
бейнесін суреттеген эпостық жырларының қай-қайсысынан да ұшыратуға
болар еді. Жырау шығармаларында кезігетін адам образдарының сипаты
осы эпостық дәстүрде қалыптасқан.
Шалкиіз - негізінен адамгершілік пен ерлікті жырлаған жырау,
Махамбет те ерлік күрестің жыршысы, халық күресінің үгітшісі.
Біздіңше, бұлардың ақындық мақсаттарының ұштасуы - үндес әуендер,
ұқсас тармақтар жасауларына негізгі себеп болады.
Арқаның құба жолында,
Арыстан ойнар шарқ ұрып,
Атақты ердің тұсында,
Тұлпары тұрар талпынып,
Бір жаманға сөз айтсаң,
Есікті кетер сарт ұрып,
Сол жаман елден кетер деп,
Артында қалған жарандар,
Өкініш етер шарқ ұрып , -
деген Шалгез жолдарынан Махамбет тәрізді батыр да шешен
ақынның өр мінезі де көрінгендей. Мінез ұқсастығы іштен шыққан
туындыға ықпал етпей қалмаған сияқты.
Жырау әсіресе, адам тұлғасын, батырлар бейнесін суреттеуге
шебер. Оның Жуан ханға деген толғауындағы тоғыз батырдың тұлға-
бітімдері бірінен бірі асып түседі. Жырау олардың әрқайсысына лайық
ерлік кескін-келбет, қуат-жігер, айбын-айбарды даралап береді.
Бірінде бар қасиет екіншісінде қайталанбайды. Мысалы, бірі - оқ
тартуға қолы ұзын, екіншісі - білегі мығым найзагер, үшіншісі -
атқан оғын Еділ мен Жайықтан өткізе алатын күш иесі және
қолдағыға дәл тигізетін сұр мерген, наркескен алдаспандары сілтеген
жерін қиып түседі. Батырлардың әрқайсысы - өздерінің ғана істері,
тәсілдері, әрекеттері, әдістері арқылы барша жұртқа танымал:
атақтары жер жарған, аруақтары қолдаған, қарсы жауларын даңқтарымен
- ақ ғана жасқаған, ешкім беттемейтін ерлер. Олар жүрген жерде
жау тек жан сауғалар, қашып қана құтылмаса, басқаша жол жоқ.
Патриот жырау жасаған осы бір тоғыз батырдың тұлғасы - өз
халқының ерлігіне куә болғандай символдық бейнелер. Асылы, жыраудың
Жуан ханға толғауында қазақтың аруағы асқан айбарлы тоғыз
батырының тұлғасы сомдалып, олар түгел қазақ халқының бойындағы
табиғи ерлік қасиеттерімен ұштаса, сомдала тұлғаланған.
Жеті аршын жарым бойы бар,
Адамнан артық біткен сойы бар.
Артынан келген дұшпанға,
Көрсететін тойы бар, -деп, Ер Қосайдың бейнесін бір түйсе,
Жөнелте қолын бастаған,
Көксүйрік атты борбайлар,
Қамалды бұзған айқайлап, - деп, жырау Ер Тарғынды
суреттегенде мүлде өзгеше шабытпен көсіледі, оның ерлік тұлғасын
сомдап соғады.
Ер бірлігі мен ерлік дәстүрді қуаттау, адамгершілік ақыл,
ғибрат сөз уағыздау - Шалгез өлеңдерінің негізгі түйіні.
Мұндай шығармалар арқылы Шалгез - қазақ әдебиетінде адам
образын жасаудың әпикалық дәстүрін жетілдіріп, адамгершілік идеяны
қалыптастырып, шынайы характер жасауға бет бұрған жырау деуге
лайық. [12, 14]
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz