Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ. …. 5
1. КӘСIПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУДЫҢ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI . . . 8
- 1. 1 Кәсiпорын қызметiнің бәсеке қабілеттілігінің мәнi мен мазмұны . . . … . . . 81. 2 Бәсеке қабілеттілігін анықтаушы көрсеткiштерiнiң негiзгi түрлерi, жүйелерi және оларды есептеу әдістемесі . . . 141. 3 Кәсіпорын тиімділігін жоспарлау, оның негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері . . . …. . 24
2. «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIНIҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ . . . . 30
2. 1 Өзенмұнайгаз» Өндірістік Филиалының негізгі техника- экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . …. . 30
2. 2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді 2006-2008 жылдар бойынша талдау және жоспарлау ……. … . . . …42
2. 3 «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның қаржылық тұрақтылығын талдау . . . …. 48
3. «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ . . . ……… . . . 55
3. 1 «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның болашақта даму жолдары . . . …. … . . . 55
3. 2 «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның өндірістік қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру бағыттары . . . ……. …. 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . …65
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . ……. . 67
КIРIСПЕ
Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі таңдағы жағдайы жоғары потенциалмен сипатталады: мұнай мен газдың мол қоры, игерілген көмірсутек кен орындарының болуы, мұнай шығару мен оны экспорттаудың өсуі. Қазақстан мемлекеттік бюджеттің қалыптасуында елеулі рөл атқаратын қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібіне ие болып саналады.
Осылайша, қазіргі уақытта мұнай-газ кешені экономиканың дамуын анықтайтын алдыңғы қатардағы салалардың бірі болып табылады. Елдің экономикалық дамуына қолдау көрсете отырып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені болашақта Қазақстан экономикасының локомотивіне айналуы мүмкін, осылайша ол басқа да салалардың, соның ішінде ғылыми сыйымдылығы жоғары салалардың дамуын қамтамасыз етеді және ынталандырады.
Органикалық қазба отын, ең алдымен мұнай, ұзақ уақыт ағымында қазіргі таңдағы энергетиканың, өнеркәсіп пен транспорттың негізгі шикізат базасы болып есептеледі. Олай болса, бұл ресурстармен қамтамасыз етуге немесе олардың қолайлы бағамен жеткізілу кепілдігіне қатысты сұрақтар ұлттық даму стратегисының қалыптасуының маңызды факторларының бірі болып қалады. Ол Қазақстанның отын-энергетикалық балансының қалыптасуы үшін орасан зор мәнге ие болып табылады. Республика ірі және тиімді отын запастарына ие және ең ірі аймақтық отын-энергетика кешендерінің бірі болып саналады. Оған мұнай-газ кешенін қалыптастыратын мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу салалары жатады.
Мұнай өнеркәсібі отын-энергетика кешенінің құрама бөлігі болып табылады. Отын-энергетика кешені отын шығару және өндіруді, электр және отын энергиясын өндіруді, энергия мен отынды бөлістіру және тасымалдауды қамтитын көп салалы жүйе.
Мұнай өнеркәсібі - мұнай және мұнай-газ кен орындарын барлауды, ұңғыларды бұрғылауды, мұнай мен газ өндіруді, тұрба құбыр мұнай тасымалын қамтитын ауыр индустрия саласы.
Мұнай мен газ өндірісі бойынша запастардың географиялық орналасуында Атырау, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстары алдыңғы қатарлы орынға ие. Аталған облыстарда мұнай мен газдың айтарлықтай қорына (90% аса) ие кен орындарының басым бөлігі шоғырланған. Бұл кен орындарында республиканың көмірсутекті шикізатының шамамен 95%-ы шығарылады.
Мұнай-газ кешенінің тұрақтануы мен дамуы, оның жұмысының тиімділігінің артуы негізінен оның құрылымдық өзгерістеріне және мұнай-газ компанияларын одан әрі жетілдіруге тәуелді болады.
Қазіргі уақытта барлық технологиялық тізбекті біртұтас жүйеге біріктіретін тігінен интеграцияланған құрылымдарды құру жолымен мұнай компанияларының құрылымын интеграциялау және жетілдіру мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Қазақстандық мұнай кешені тиімді қызмет етуі үшін мұнай өндіру, оны өңдеу және өткізу бойынша кәсіпорын күштерін біріктіруге деген қызығушылықты қалыптастыру қажет. Бұл өндіріс шығындарын үнемдеуге және жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді.
Экономикалық талдау жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн бiлу мен игеру қазiргi нарықтық экономика шарттарында маңызды роль атқарады. Оның iшiнде қолданылатын ресурстардың шектелген мөлшерiнде өз табысын максималдауға ұмтылатын кәсiпорындар үшiн фирма жұмысының тиiмдiлiгiнiң негiзгi көрсеткiштерiн зерттеу. Кәсiпорын қызметiнiң нәтижелерi өнiм өндiру көлемi, сатылым көлемi, пайда секiлдi әртүрлi көрсеткiштермен бағаланатыны жалпыға белгiлi. Жоғарыда атап өтiлген көрсеткiштер қаржылық немесе өндiрiстiк нәтижелердi сипаттай отырып, кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалай алмайды. Өйткенi, бұл көрсеткiштер кәсiпорын қызметiнiң абсолюттiк сипаттамалары болып табылады және олардың нәтижелiк бағасы бойынша дұрыс интерпретациясы кәсiпорынға салынған қаражаттарды сипаттайтын басқа көрсеткiштермен өзара байланыста жүзеге асуы мүмкiн.
Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштерге рентабельдiлiк немесе табыстылық көрсеткiштерi жатады.
Экономикалық әдебиеттерде рентабельдiлiктiң бiрнеше түсiнiгi берiледi. Мысалы, оның анықтамаларының бiрi былайша айтылады: рентабельдiлiк (немiс тiлiнен rentabel - табысты, пайдалы) кәсiпорындардағы материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың қолданылуын кешендi бейнелейтiн, өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiшi болып табылады.
Басқа авторлардың пiкiрiнше, рентабельдiлiк - пайданың өндiрiс шығындарының сомасына, коммерциялық операцияларды ұйымдастыруға жұмсалған ақша салымдарына немесе фирманың өз қызметін ұйымдастыру үшiн қолданатын мүлiктерiнiң сомасына қатынасын бiлдiретiн көрсеткiш.
Қалай болса да, рентабельдiлiк табыс пен осы табысты қалыптастыруға жұмсалған капиталдың арақатынасын бiлдiредi және өте маңызды.
Экономикалық талдаудың әдiстерi мен тәсiлдерiн қолдану арқылы кәсiпкерлер мен менеджерлер қабылданған шешiмдердi жүзеге асыру процесiн бақылауды және реттеудi жүзеге асырады. Нақты нәтижелердi жоспармен салыстыра отырып, ауытқуларды анықтай отырып, осы ауытқулардың себептерiн талдай отырып кәсiпорын басшылығы пайда болған ауытқуларды жоспармен сәйкестендiру жолында жұмыс жасай алады. Егер потенциалды проблемалар пайда бол қалса, экономикалық талдау нәтижесiнде алынған ақпараттар ұйымның ұзақ мерзiмдi жоспарлары мен алға қойған мақсаттарын қайта қарауда қолдана алады. Экономикалық талдау жүргiзудiң нәтижесi болашақта тиiмдi жұмыс барысын жоғалтпауға және шығынды азайтуға бағытталған шараларды қабылдауға мүмкiндiк бередi.
Осы дипломдық жұмыстың басты мақсаты кәсiпорын қызметiнiң бәсекеге қабілеттілігін талдаудың теориялық негiзiн, әдiстерiн, нұсқауларын зерттеу негiзiнде «Өзенмұнайгаз» Өндірістік Филиалының қызметіне талдау жасау.
Дипломдық жұмыс құрылымдық түрде кiрiспеден, толықтай ашылған үш бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бiрiншi бөлiмiнде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектiлерi, оның түрлерi және негiзгi көрсеткiштерiн есептеу әдiстемелерi көрсетiлген.
Дипломдық жұмыстың екiншi бөлiмiнде «Өзенмұнайгаз» Өндірістік Филиалының қызметінің бәсеке қабілеттілігіне кәсiпорыннан алынған мәлiметтер негiзiнде келесi бағыттарда талдау жүргiземiз:
- кәсiпорынның негiзгi техника - экономикалық көрсеткiштерiне;
- кәсiпорынның бухгалтерлiк балансына;
- кәсiпорын қызметiнiң рентабельдiлiгiне, оның iшiнде өнiм өткiзу рентабельдiлiгiне, пайда рентабельдiлiгiне, капитал салымдарының рентабельдiлiгiне және т. б.
- кәсiпорын қызметiнiң тұрақтылығы мен табыстылығына.
Дипломдық жұмыстың үшiншi бөлiмiнде өнеркәсiптiк кәсiпорын қызметiнiң бәсекеқабілеттілiгiн көтеру бойынша негiзгi бағыттар мен әдiстер, жетiстiктер, шет ел тәжiрибелерi қарастырылған.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың негізгі жақтары қорытылады және әрбір бөлім бойынша қорытынды беріледі.
1. КӘСIПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУДЫҢ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI
- Кәсiпорын қызметiнің бәсеке қабілеттілігінің мәнi мен мазмұны
Кәсіпорынның бәсекеге деген қабілеттілігі дамыған бәсекелестік нарықта оның коммерциялық табысын көрсететін маңызды факторы болады.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз тауардың нарықтағы табысын анықтайтын тұтыну және құнды (бағалы) сипаттамаларының жиынтығы.
Кәсiпорын қызметiнiң нәтижелерi өнiм өндiру көлемi, сатылым көлемi, пайда секiлдi әртүрлi көрсеткiштермен бағаланатыны жалпыға белгiлi. Жоғарыда атап өтiлген көрсеткiштер қаржылық немесе өндiрiстiк нәтижелердi сипаттай отырып, кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалай алмайды. Өйткенi, бұл көрсеткiштер кәсiпорын қызметiнiң абсолюттiк сипаттамалары болып табылады және олардың нәтижелiк бағасы бойынша дұрыс интерпретациясы кәсiпорынға салынған қаражаттарды сипаттайтын басқа көрсеткiштермен өзара байланыста жүзеге асуы мүмкiн.
Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштерге рентабельдiлiк немесе табыстылық көрсеткiштерi жатады.
Экономикалық әдебиеттерде рентабельдiлiктiң бiрнеше түсiнiгi берiледi. Мысалы, оның анықтамаларының бiрi былайша айтылады: рентабельдiлiк (немiс тiлiнен rentabel - табысты, пайдалы) кәсiпорындардағы материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың қолданылуын кешендi бейнелейтiн, өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiшi болып табылады.
Басқа авторлардың пiкiрiнше, рентабельдiлiк - пайданың өндiрiс шығындарының сомасына, коммерциялық операцияларды ұйымдастыруға жұмсалған ақша салымдарына немесе фирманың өз қызметін ұйымдастыру үшiн қолданатын мүлiктерiнiң сомасына қатынасын бiлдiретiн көрсеткiш.
Қалай болса да, рентабельдiлiк табыс пен осы табысты қалыптастыруға жұмсалған капиталдың арақатынасын бiлдiредi. Пайданы жұмсалған капиталмен байланыстыра отырып, рентабельдiлiк кәсiпорынның табыстылық деңгейiн капиталды альтернативтi пайдаланумен немесе ұқсас қауiп-қатер жағдайындағы кәсiпорынның табыстылығымен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Қауiп - қатерi жоғары инвестициялар тиiмдi болуы үшiн мейлiнше жоғары пайданы талап етедi. Капитал барлық уақытта пайда әкелетiн болғандықтан, табыстылық деңгейiн өлшеу үшiн пайда қауiп-қатерге сый ақы ретiнде осы пайданы қалыптастыруға қажет болған капитал мөлшерiмен салыстырылады. Рентабельдiлiк кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн кешендi сипаттайтын көрсеткiш болып саналады.
Кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң тиiмдiлiгi мен оның қалыптасуының экономикалық маңыздылығы оның рентабельдiлiк деңгейiмен тiкелей байланысты. Бұл көрсеткiштi кәсiпкерлiк фирма өнiмiнiң, ресурсының және капиталының табыстылығы бойынша бағалауға болады. Рентабельдiлiк - бұл кәсiпорынның табыстылық деңгейiнiң қатысты көрсеткiшi, ол кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн толықтай және оның қызметiнiң әртүрлi бағыттарының (өндiрiстiк, коммерциялық, инвестициялық т. б. ) тиiмдiлiгiн бейнелейдi.
Нарықта кәсiпорындар тауар өндiрушiлер ретiнде белгiленедi. Өнiмге деген бағаны бекiте отырып, олар оны тұтынушыға сатады да осының нәтижесiнде ақшалай түсiм табады, бұл түсiм оған әлi табыс болып саналмайды. Қаржылық нәтиженi анықтау үшiн жалпы түсiмдi өнiмнiң өзiндiк құнының құрамына енетiн, өнiмдi өндiруге және өткiзуге кеткен шығынмен салыстыру қажет. [5]
Егер түсiм көлемi өзiндiк құннан жоғары болса, онда қаржылық нәтиже табысты болғанын бiлдiредi. Кез-келген кәсiпорын әрқашанда өзiнiң негiзгi мақсаты етiп, табыс табуды қарастырады. Егер түсiм өнiмнiң өзiндiк құнына тең болатын болса, онда өнiмдi өндiруге және өткiзуге кеткен шығынды жабуға мүмкiндiк болады. Егер кәсiпорын түсiмнен жоғары шығынды иемденетiн болса, онда ол шығынды болып табылады, ол кәсiпорында қиын жағдайға душар етедi.
Кәсiпорын үшiн табыс барынша мол табыс табуға болатын сфераны инвестициялауға ынталандырушы болып табылады.
Әрбiр кәсiпорында мөлшерi, экономикалық мазмұны және функционалды бағыты бойынша ерекшеленетiн төрт пайда көрсеткiшi қалыптасады. Барлық есептеулердiң негiзi баланстық пайда болып есептеледi.
Баланстық пайда - бұл кәсiпорынның өндiрiстiк - шаруашылық қызметiнiң негiзгi қаржылық көрсеткiшi. Салық салу мақсаттары үшiн арнайы көрсеткіш - жалпы пайда, ал оның негiзiнде - салық салынатын пайда және салық салынбайтын пайда есептеледi. Баланстық пайданың бюджетке салық және басқа да төлемдердi төлегеннен кәсiпорын қоржынында қалатын бөлiгi таза пайда деп аталады. Ол кәсiпорын қызметiнiң соңғы қаржылық нәтижесiн сипаттайды.
Рентабельдiлiктiң пайдадан ерекшелiгi, ол тиiмдiлктiң қолда бар немесе тұтынылған ресурстармен арақатынасын көрсететiн болғандықтан, шаруашылық жүргiзудiң ақырғы нәтижелерiн толығырақ бейнелейдi. Пайданың абсолюттiк сомасының көрсеткiшi кәсiпорын қызметiнiң нәтижелерiн талдау барысында оның жақсы немесе нашар жұмыс жасағанын толық сипаттай алмайды, өйткенi, орындалған жұмыс көлемi белгiсiз болып табылады. Тек, рентабельдiлiк деңгейiмен сипатталатын пайда мен орындалған жұмыстардың қатынасы ғана кәсiпорынның есептiк жылдағы өндiрiстiк - шаруашылық қызметiн бағалауға, есептiк кезең нәтижелерiмен салыстыруға, сонымен қатар талданып отырған кәсiпорынның саланың басқа да кәсiпорындары арасындағы орнын анықтауға мүмкiндiк бередi. [1]
Рентабельдiлiк кәсiпорын қызметiн пайда сомасын арттыруға, өндiрiстiк қорлардың қолданылуын жақсартуға, жаңа жабдықты пайдалануға дер кезiнде енгiзуге ынталандырады.
Рентабельдiлiк көрсеткiштерiн кәсiпорын қызметiн бағалау үшiн және инвестициялық саясат пен баға белгiлеудегi құрал ретiнде қолданады.
Оның көмегiмен кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгiн бағалауға болады, өйткенi, жоғары пайда мен жеткiлiктi табыстылық деңгейiне қол жеткiзу көбiнесе қабылданатын басқару шешiмдерiнiң дұрыстығы мен ұтымдылығына тәуелдi болады.
Сондықтан, рентабельдiлiктi басқару сапасының негiзгi белгiлерiнiң бiрi ретiнде қарастыруға болады.
Рентабельдiлiк деңгейiнiң мәнi бойынша кәсiпорынның ұзақ мерзiмдегi жағдайын, яғни кәсiпорынның инвестицияларға жеткiлiктi пайда алу қабiлетiн бағалауға болады. Кәсiпорынның меншiктi капиталына ақша салатын ұзақ мерзiмдi кредиторлар мен инвесторлар үшiн баланстың жекелеген баптарының ара қатынасы негiзiнде анықталатын қаржылық тұрақтылық және өтiмдiлiк көрсеткiштерiне қарағанда, бұл көрсеткiш мейлiнше үмiттi индикатор болып табылады.
Пайда сомасы мен жұмсалған капитал мөлшерi арасындағы байланысты белгiлей отырып, рентабельдiлiк көрсеткiшiн пайданы болжау процесiнде қолдануға болады. Болжау процесiнде нақты және күтiлетiн инвестициялармен осы инвестиялардан күтiлетiн пайда салыстырылады. Күтiлетiн пайданы бағалау болжанатын өзгерiстердi ескере отырып, алдағы кезеңдердегi табыстылық деңгейiне негiзделедi.
Сонымен бiрге, рентабельдiлiк кәсiпорын қызметi мен оның нәтижелерiн инвестициялау, жоспарлау, сметалар құру, үйлестiру, бағалау және бақылау саласында шешiм қабылдауда да маңызды мәнге ие болып отыр.
Осылайша, рентабельдiлiк көрсеткiштерi қаржылық нәтижелер мен кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайды деген қорытындыға келуге болады. Олар кәсiпорын табыстылығын жан - жақты өлшейдi және экономикалық процесс мөшелерiнiң мүдделерiне сәйкес жүйеленедi.
Өнеркәсіптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Пайда экономикалық дәреже ретінде саудалы әрекеттілігінің процесінде материалды өндірістің орталығында пайда болған таза табысты көрсетеді.
Өндіріс факторларының және шаруашлық субъектілердің пайдалы өндірістік әрекетілігінің байланысының нәтижесіне дайын өнім жатады, ол тұтынушыға өткізу жағдайларына байланысты тауарға айналады. Өткізу сатысында алдында затталған және таза еңбек құндылығын қосатын тауардың бағасы анықталады. Таза еңбектің құндылығы жаңа шығарған бағаны көрсетеді және де ол екіге бөлінеді. Біріншісіне жұмысшылардың жалақысы (қажет еңбектің құндылығы), екіншісіне таза табыс (қосымша еңбектің құндылығы) жатады.
Өнеркәсіп әрекеттілігінің қаржылық нәтижесін анықтау үшін өнімді сатудан пайда болған табысты, оны өндіру мен өткізу шығындарымен сәйкестендіру қажет. Егер табыс қаржылық нәтижелерден жоғары болса, онда табыстың алынғанын көреміз. Егер тауарды өткізуден пайда болған табыс оны өндіру шығындарына тең болса, онда өнеркәсіп өндірістік өнімді шығару үшін шығындарды жапты деуге болады. Табыстан шығындар жоғары болатын болса, онда өнеркәсіп шығынға ұшыраған - теріс қаржылық нәтиже, бұл оны қиын қаржылық жағдайға қояды және банкроттыққа ұшырату мүмкіндігін де қарастыруға болады.
Өнеркәсіптің пайдасына өнеркәсіптің өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына бағытталған ақшалы жинақтың бір бөлігін, сонымен бірге барлық деңгейлі бюджеттерге ақшалы қаржыны жіберуді айтамыз.
Өнімді өткізуден пайда болған өнеркәсіптің пайдасының мәнін анықтайтын факторға қолданып жатқан бағалар жатады. Оларды өткізу жағдайындағы еркін бағалар берілген өнімнің басекелестік мүмкіндіктеріне байланысты және басқа өнеркәсіптер шығаратын ұқсас өнімнің сұраныс пен ұсыныстарына байланысты анықталады. Сондықтан да өнімге қойылатын еркін бағалардың деңгейі өнеркәсіппен байланысты болып келетін факторға жатады. Өнеркіспке тәуелсіз болып келетін факторға өнеркәсіп-монополистермен өнімге қоятын мемлекеттік реттелетін бағалар жатады. Өнеркәсіптің шаруашылық әрекеттілігінің соңғы қаржылық нәтижелеріне балансты кіріс жатады, ол келесі үш құраушыдан тұрады:
- өнімді өткізуден пайда болатын табыс (шығын) ;
- негізгі қондырғылар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пай- да болатын табыс (шығын) ;
- өткізуден басқа да қаржылық нәтижелер.
Өнімді өткізуден пайда болатын табыс (шығын) дегеніміз бұл өндірістің негізгі әрекеттілігінен пайда болған қаржылық нәтиже және де ол уставта берілген және заңмен рұқсат етілмеген әртүрлі түрлері бойынша орындалады. Қаржылық нәтиже әрекеттілігінің әр түрі бойынша бөлек анықталады және берілген баға бойынша өнімді өткузіден пайда болған табыс пен оны өндіру мен өткізуге кеткен шығындар арасында тең болады.
Негізгі қордарды және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс (шығын) дегеніміз бұл өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігімен байланысты емес болып келетін финанстық нәтиже. Ол басқа да өткізуден пайда болған табысты (шығынды) көрсетеді.
Өнеркәсіп өз мүлігімен өзі айналысады. Олар өз мүлігін жою, сату, жалға беру немесе басқа өнеркәсіптердің шартты капиталдарына беруге мүмкіндігі бар. Финансты капитал тек мүлікті сату жағдайларында ғана пайда болады. Негізгі фондтар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс өкізілген мүліктің сатылым бағасынан және өткізуге бойынша пайда болған шығындар есептеу отырып алдық бағасының арасындағы айырмашылығымен анықталады.
өткізуден басқа да пайда болған қаржылық нәтижелер бұл өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігіне жатпайтын және өнімді, жұмысты, қызымет, негізгі қорлар мен басқа мүлікті өткізумен байланысты болмайтын әртүрлі сипаттағы операциялар бойынша алынатын табысты (шығын) айтамыз. Қаржылық нәтиже өткізуден тыс болған табыс пен олар бойынша жасалған шығындар арасындағы айырмашылық бойынша анықталады.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда 2 бөлікке бөлінеді. 1-сі - кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады, ал екіншісі - тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.
Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы анықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді. Кәсіпорында пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
Кәсіпорынның шекті мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес сапалы өнім, қызмет бәсекелестікте жеңетін, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек. Баға бәсекелесінде пайда табу үшін әрбір өнімге, қызметке шаққанда аз шығын жұмсау, сапалы өнім өндіру керек. Егер кәсіпорын зиянмен жұмыс істесе ол банкрот болуы мүмкін.
Таза пайда формуласы; Таза пайда = жалпы түсім алу (өнімнің толық (коммерциялық) өзіндік құны + кәсіпорын төлейтін салық + айып санкциялары) .
Ал жалпы түсім:
n
W = ∑Ni Ci (1)
i = 1
Ni - өндірілген өнім саны;
Ci - өнімнің бағасы;
n - тауар түрлерінің саны;
i - нақты тауар түрі.
Кәсіпорын пайда табу үшін төрт тәсілді қолдану керек:
1) баға тағайындау;
2) шығындарды жасақтау;
3) өнім көлемін анықтау;
4) өнімнің ассортименті мен номенклатурасын таңдау.
Егер кәсіпорын төлем мүмкіндігі жоқ болса, яғни несие бергендеге қайтарым жасай алмаса, бюджетке және тағы басқа төлемдерді қайтара алмаса, ол кәсіпорын банкрот болады. Ондай кәсіпорындарға мынандай шара қолдануы мүмкін:
1) қайта құрумен байланысты сыртқы басқарушы сауықтандыру санкциясын қолдануы мүмкін (18 айға төлемді шегіндіру) ;
2) алажақтардың бақылауымен, немесе абритаж сотының қаулысымен шешім қабылданды;
3) бейбіт келісім - несие беруші мен бережақтың арасында төлемді кейінгі мерзімге қалдырады, әлде бережақтан шегеру жасайды.
Бережақ кәсіпорынның мүлкін бөлу мынандай кезекпен басталады:
- арбитажға және конкурспен басқарған орган еңбегіне төлем;
- азаматтарға денсаулығына зиян келтіргені үшін бережақ;
- жұмысшыларға еңбек ақы;
- бюджетке немесе бюджет сыртындағы төлемдер;
- кәсіпорын мүлкінде үлесі бар кәсіпорын мүшелеріне;
- басқа меншіктілерге;
- басқа қалған талаптарға төлем төлеу.
Пайда табу үшін жұмысты неден бастау керек?
Қандай болмасын өндірісті бастау үшін ақша керек. Оған ресурстар алынады: ғимараттар, жабдықтар, шикізаттар және жұмысшылар жалдау.
Кәсіпкердің басты мақсаты жұмсаған қаржысына қосымша өсім алу. Біріне - бірі қымбатқа сатқаннан қоғамға қосымша байлық жоқ. Онда біреуі жейді, екіншісі желінеді.
Қосымша құн қайдан пайда болады? Жұмысшыны қанаудан, яғни тауар құны ауыспалы капиталдан. V + m бұл таза өнім, жаңадан жасақталған құн, ондағы V - ауыспалы капитал, жұмыс күшінің құны(қажетті уақыт), m - қосымшы құн, жұмыс күшінің қосымша уақыт ішіндегі қоғам үшін жасақталған құн. Жұмыс күні қажетті уақыт, қосымша уақыт болып екіге бөлінеді. Капиталистік экономикада қосымша құн пайыз, өсім, кәсіпкерлік пайдаға бөлінеді.
Пайданы өсіруге ықпал жасайтын факторлар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz