Айналым капиталының элементтері


Мазмұны:
Кіріспе . . . 7
Бөлім-І Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі . . . 11
1. 1 Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы . . . 11
1. 2 Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері . . . 21
1. 3 Кәсіпорынның ағымдағы активтері мен пассивтерінің негізгі типтерінің сипаттамасы . . . 26
Бөлім-ІІ Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару саясатын бағалау және талдау . . . 32
2. 1 «Еуро-Азия Эйр» АҚ-ның алматылық филиалының жалпы қаржылық жағдайын талдау . . . 32
2. 2 Кәсіпорынның ағымдағы активтері мен пассивтерін басқару саясатының негізгі типтерінің сипаттамасы . . . 38
2. 3 «Еуро-Азия Эйр» АҚ-ның алматылық филиалының айналым капиталының жылдардағы өзгеру динамикасын талдау және ақшалай активтерін басқару . . . 44
Бөлім-ІІІ Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары . . . 55
3. 1 Кәсіпорынның айналым активтерінің негізгі элементтерін тиімді басқаруды жетілдіру механизмі . . . 55
3. 2 Айналым активтерінің көлемін басқаруды жетілдіру . . . 58
3. 3 Кәсіпорынның дебиторлық қарыздарын басқаруды жетілдіру . . . 60
Қорытынды . . . 78
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: . . . 80
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының кұрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын
қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т. б.
Әрбір кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі бірқатар шарттарға байланысты, оның ішінде ең маңыздыларының бірі айналым қаражаттарының қажетті көлемінің бар болуы. Бәсеке ортасы жағдайында өндіріс тиімділігі кәсіпорынның нарықтық инфрақұрылымдағы алдыңғы қатарларында болуына негізгі шарт болып табылады. Сондықтан, айналым қаражаттарының тиімді ұйымдастырылуы мен оларды қолданудың тиімділігін жоғорлату мәселелері кәсіпорындар алдында өткір түрде тұрады, себебі бұлардың шешілуі өндірістік процесін үздіксіздігін қамтамасыз ететін және өндіріс рентабельділігінің негізгі шарты болып табылады.
Қазіргі кезде ғылыми қызметкерлер айналым қаражаттарына, оларды жоспарлау және қолдану тиімділігі мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөледі. Айналым қаражаттарының теориясы бойынша батыс экономистері еңбектерінің аудармалары санының өсуіне байланысты белгілі терминалогиялық айырмашылықтар туандады. Бұрын жасалған зерттеулерді жарыққа шығарылған монографияларды және оқулықтарды талдай келе, көпшілік кездерде авторлардың айналым капиталы, айналым қаражаттары және айналым активтері тусініктерінің бір мағынада көрсететінін байқауға болады. Айналым қаражаттарын бақылау мәселелері ашылғанда, оларды ұйымдастырудың принциптері көрсетілмейді. Нормалауды жетілдіру сұрақтары терең түрде қарастырылмайды. Бұның бәрі тәжірибелік қызметте кері әсерлерге әкеліп соқтырады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын кұралдар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым капиталын орынды пайдалану есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады. Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дүрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік (2002-2004жж) бағдарламасының мақсаты ұзақ мерзімді динамикалық өсу потенциялы бар, жергілікті халықтың әл-ауқатының бірқалыпты көтеруін, өндіріс аппаратының тиімді жаңартылуын, елдің қамтамасыздығын және бәсеке қабілеттілігінің нығаюын қамтамасыз ететін қазақстандық экономиканың моделін жасау.
Қазақстан экономикасы мен әр шаруашылық субъектісінің алдына бұл бағдарламамен қойылатын басты міндетінің бірі - қарғылық жандандыру болып табылады. Бұл міндеттің орындалуы нарық шаруашылығы субъектілерінің негізгі және айналым қаражатының қолдалынуының тиімділігін жоғарлатуынсыз мүмкін емес. Қаржы-несие механизмі кәсіпорындардың айналым қаражаттарының жеткіліктілігі жағдайында ғана тиімді қызмет етуі мүмкін.
Әрбір кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі бірқатар шарттарға байланысты, оның ішінде ең маңыздыларының бірі айналым қаражаттарының қажетті көлемінің бар болуы. Бәсеке ортасы жағдайында өндіріс тиімділігі кәсіпорынның нарықтық инфрақұрылымдағы алдыңғы қатарларында болуына негізгі шарт болып табылады. Сондықтан, айналым қаражаттарының тиімді ұйымдастырылуы мен оларды қолданудың тиімділігін жоғорлату мәселелері кәсіпорындар алдында өткір түрде тұрады, себебі бұлардың шешілуі өндірістік процесін үздіксіздігін қамтамасыз ететін және өндіріс рентабельділігінің негізгі шарты болып табылады.
Дипломдық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы және пайдалану тиімділігі көрсеткіштері теориялық тұрғыда қамтылған.
Екінші тарауда теориялық тұрғыны практика жүзінде, кәсіпорын мысалында талдау жұмыстары жүргізілді. Яғни ААҚ «ТҰК" Казхромның» қызметі, мақсаты және оның айналым капиталының тиімділігін көрсететін көрсеткіштері талданады.
Үшінші тарауда кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары көрсетіледі.
Бөлім-І Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі
- Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы
Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің бірден бір құрылымдық бөлігі болып табылады. Оларды қолданудың жағдайы мен тиімділігі - кәсіпорынның табысты қызмет істеуінің басты шарты. Нарық қатынастарының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа алғышарттарын анықтайды. Жоғары деңгейдегі инфляция, төлемқабілетсіздік және тағы басқа дағдарыстық көріністер кәсіпорындарды айналым қаражаттарын басқару саясатын өзгертуге, оларды толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесіне жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді.
Өндірісті тоқтатпаудың бірден бір шарты - оның материалдық негізін, яғни өндіріс құралдарын үнемі жаңартып отыру. Өз кезегінде, бұл өндіріс құралдардың айналым ретіндегі үздіксіз қозғалуына жағдай жасайды.
Өзінің айналысында айналым қорлары кезектесе ақша, өндіріс және тауар түріндегі формасына өзгереді, бұл олардың өндіріс қорлары және айналыс қорларына бөлінуге сәйкес келеді.
Өндіріс қорларының материалдық негіздері өндіріс құралдары болып табылады, ал бұлар еңбек заттары мен еңбек құралдарына бөлінеді. Дайын өнім ақша құралдары және есертегі құралдармен бірге айналыс қорларын түзеді. Кәсіпорын қорларының айналысы шикізат, материалдар, жанар-жағар май, отын және тағы басқа өндіріс құралдарын аванстық құнымен ақшалай нысанда сатып алудан басталады - бұл айналыстың бірінші сатысы. Нәтижесінде ақша құралдары өндірістік құралдар нысанына өзгеріп, айналыс аясынан өндіріс аясына ауысуды сипаттайды. Мұнда құн шығындалмай, тек авансталады, себебі айналс біткеннен кейін ол қайтарылады. Бірінші сатыда тауар ауысу аяқталады, бірақ айналыс аяқталмайды.
Айналыстың екінші сатысы өндіріс процесінде жүргізіледі, мұнда жұмыс күші жаңадан құрылған және әкелінген құны бар жаңа өнім жасап, өндіріс құралдарының өндірістік тұтынуын жүзеге асырады. Аванстық құн қайтадан өзінің нысанын ауыстырады - өндірістік нысаннан ол тауарлыға ауысады.
Айналыстың үшінші сатысы шығарылған дайын өнімді сатып, ақша құралдарын алудан тұрады. Бұл сатыда айналым қаражаттары қайтадан өндіріс аясынан айналыс аясына ауысады. Тоқтатылған тауарлы айналыс жалғастырылып, құн тауарлы нысаннан ақшалай нысанға көшеді. Өнімді шығаруға, сатуға кеткен және шығарылған өнімді сатудан түскен ақша қаражаттары сомасы арасындағы айырма кәсіпорыннң ақшалай қорларын түзеді.
Бір айналысты бітіргеннен кейін айналым қаражаттары жаңа айналысқа түсіп, үздіксіз айналысты құрайды. Тек осы айналым қаражаттарының үздіксіз қозғалысы өндіріс және айналыс процесінің негізін құрайды. Кәсіпорын қорлары айналысының талдауы аванстық құнның кезектесе әртүрлі нысанға ауысып отыруын ғана емес, бірақ әр уақытта белгілі мөлшерде бұл нысандарда болып отыруын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, аванстық құн айналыстың әрбір мезетінде әр түрлі жақтармен біруақытта ақшалай да, өндірістік те, тауарлы нысанда да болып отырады.
Кәсіпорын қорларының айналысы тек белгілі бір аванстық құнның ақшалай нысанда болу шартымен ғана жүзеге асырылады. Айналысқа түскенде, ол енді оны жоғалтпайды, тек қана өзінің қызметтік нысандарын ғана өзгертіп отырыды. Көрсетілген ақшалай нысандағы құн кәсіпорынның айналым қарыжаты болып табылады.
Айналым қаражаттары ең алдымен құндық категория ретінде болады. Олар материалдық негіз болып табылады, себебі олардан дайын өнім алуға болмайды. Ақшалай нысанда айналым қаражаттары айналыс процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған ондіріс, дайын өнім нысанына ауысады. Тауарлы-материалдық құндылықтарға қарағанда айналым құралдары шығындалмайды, шығарылмайды, тұтынылмайды тек қана айналыс аяқталғаннан кейін қайтарылып, келесі айналысқа түскенде авансталады.
Авансталу мезеті айналым қаражаттарының ең маңызды және ерекшелікті мінездемесі болып табылады, себебі ол экономикалық шектеулерді орнатқанда маңызды рөл атқарады. Айналым қаражаттарының уақытша сипаттамасы болып қорларды тоқсандық немесе жылдық көлемі емес, ал бір айналысы ғана табылуы қажет.
Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану жэне үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып жэне өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.
Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.
Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:
● өндірістік айналым қорлары;
● айналыс қорлары;
Айналым капиталы Кесте-1
Өндіріс-
тік запастар
Аяқтал-
маған өндіріс
Болашақ кезең шығын-
дары
Жөнелтіл-
ген,
бірақ
ақысы төлен-
беген тауарлар
Есептеу-
лердегі ақша құрал-
дары
Ақша ж/е т. б
қаражат айналымы
Өндірістік айналым қорлары - өндірістік процессе бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндірілетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорларына шикізат негізгі және қосымша материалдар, комплекстік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
• Өндірістік запастар. Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.
• Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
• Болашақ кезеңдердіц шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.
Айналыс қорлары - запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.
Сонымен, айналым қорлары - бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, қәсіпорынның ақша қорлары.
Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайынын, төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.
Кәсіпорынның айналым капиталының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Мысал: Кен өндіру өнекәсібінің айналым капиталының құрылымы
Кесте 1. 2
Болашақ кезеңдер шығындары
Айналым қорлары (п. 1+п. 2+п. 3)
Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары
Айналыс қорлары (п. 4+п. 5+п. 6+п. 7)
Айналым капиталы
2
18
100
Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым капиталы құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:
• Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадағы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;
• Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі үлғаяды;
• Мамандану деңгейі;
• Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;
Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.
Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:
1. Айналым сферасы;
2. Элементтері;
3. Норма ауытқуы;
4. Қаржыландыру көздері;
Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді. Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.
Кәсіпорын жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:
1. Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
2. Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
3. Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек кұралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
Айналым қорларының бір айналымын мынадан көруге болады:
А-ӨЗ . . . Ө . . . ДӨ-А*
Ақша құралдарына (А) кәсіпорын өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.
Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:
1. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылайфабрикаттар, қосымша материалдар, отын, тара, запасты бөлшектер, арзан жэне тез тозатын құралдар) .
2. Аяқталмаған өндіріс және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.
3. Болашақ кезеңдер шығындары.
Айналым қорлары (п. 1+п. 2+п. З) .
4. Қоймадағы дайын өнімдер.
5. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.
6. Есептеулердегі ақша құралдары.
7. Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.
Айналыс қорлары (п. 4+п. 5+п. 6+п. 7) .
Айналым капиталы (п. 1+п. 2+п. 3+ п. 4+п. 5+ц. 6+п. 7) . Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін шиқізаттың (негізгі және қосымша материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бөлінген еңбеқақы сомасына байланысты анықтайды.
Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған қоса өзіндік өндірістегі қолданады, олар табиғатына қарай аяқталмаған өнімге жақын қеледі.
Кәсіпорынның айналым қапиталының негізгі бөлігін - тауарлы-материалды қор құрайды:
1. шикі зат
2. материалдар
3. аяқталмаған өндіріс
4. дайын өнім
5. тауарлар;
Тауарлы - материалды қор кәсіпорынның активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып саналады. Оларды бағалау және есептеу кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы-материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 әдіс пайдаланылады:
1. Тауарлы-материалды қорды өткізудің таза құны бойынша бағалау. Осы әдіс тауарлы-материалды қордың өзіндік құны жоғалған кезде қолданылады. Себептері:
1. Тауарлы - материалды қор берілгендері жоғалған кезде;
2. Олар ескірген қезде;
3. Тауарлы-материалды қордың бағасы төмендеген кезде.
Бұл әдіс өте аз пайдаланылады. Т. м. қ. өткізу таза құны=болжамды шамамен құрылған сату бағасы;
2. Орташа өлшемді құнды есептеу әдісі бойынша: тауарлы- материалды құн нақты мерзімде түскен заттардың орташа құнын есептеу бойынша анықталады.
3. ФиФО эдісі. Бірінші сатып алынған бағалары өткізілген тауарлардың өзіндік құнына пайда. Басқаша айтқанда бірінші сатып алынатын бағалары бойынша анықталады.
4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып алынған тауарлар бағалары өткізілген өзіндік құнында пайдаланылады.
Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым капиталы (тауарлы-материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеғен айналым капиталы (дебиторлык қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндеғі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.
Жоғары тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым капиталын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.
Айналым капиталының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары жэне т. б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы - бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Айналым капиталының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программаның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.
Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды-техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді.
Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz