Сары торғай өте әдемі құс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

1. Орнитофаунаның зерттелуі

1. 1. Құстардың жалпы сипаттамасы . . . 5

1. 2. Құстардың тіршілігі . . . 14

1. 3. Оңтүстік Қазақстан облысында кездесетін құстардың алуан түрлілігі,

Кентау маңында тіршілік ететін құстардың систематикалық сипаттамасы . . . 24

1. 4. Қазақстан Қызыл кітабына енген кейбір құстардың биологиясы . . . 32

ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ БӨЛІМ

2. Зерттеу аймағының сипаттамасы және зерттеу тәсілдері

2. 1. Кентау қаласының және аумағының физика-географиялық мінездемесі . . . 35

2. 2. Зерттеу барысында қоланылған әдістер және нәтижелерді реттеу . . . 37

2. 3. Кентау қаласында және маңында кептертәрізді құстарды зерттеу жүргізу . . . 42

2. 4. Зерттеу аймағындағы кептерлердің систематикасы, таралуы және экологиясы . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ - құстар. Бүкіл дүние жүзінде олардың 10-12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді. Қазақстан жерінде құстардың түрлері саналуанды. Мұнда құстардың 481 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18-20 миллионға жетеді.

Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсын береді. Мәселен, қазірде Қазақстанда жылына 3, 2 миллион құс аңшылардың олжасы болады. Олар - үйрек, қаз, қасқалдаң, балшықты су құстары. Жасыл желек жамылған кең байтақ даламызда ұшып жүрген біраз құстар (шымшың, торғай, тоңылдақ, ементұмсық және тағы басқалар) егістік, бау-бақша, орман зиянкестері - насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді.

Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жер шарында кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты қазірде біздің республикамызда да осындай жұмысты жүргізу кең қолға алынды. Саны күрт азайып кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы келешекте олардың таралған аймағы анықталып, кей жерлерде қорғау шаралары жүзеге асырылатын болады. Қазақстан ғалымдары осындай құстардың тізімін алып, табиғаттың «Қызыл кітабын» жасауға кірісті. Бұл тарауда республикамызда саны аз құстардың қай аудандарда таралғаны, биологиясы, мінез-қылық ерекшеліктері жан-жақты әңгімеленеді. Өйткені, бұл мәліметтердің оларды қорғау шараларын жүзеге асыру үшін үлкен мәні бар.

Құстар омыртқалы жануарлардың ең үлкен бір тобы еліміздің миллиондаған гектар егініне зиянын тигізетін жәндіктерді қырып, қыруар астықты аман сақтап қалады. Түркістан өңірі өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне өте бай. Біздін Түркістан өңірінің жануарлар әлемінің фаунасы толық зерттелмеген. Сондықтан Түркістан өңіріндегі құстардың алуан түрлігіне қызығып, Орнитафаунасын соның ішінде торғайторізділер отрядына жататын құстардың 12 тұқымдасын, олардын 18 түрін ( 4 түрі Қазақстанныц Қызыл кітабына енген) зерттеп анықтадық.

Жұмыстын өзектілігі құстардың биологиялық ерекшеліктерімен бірге Түркістан өңірінде тіршілік ететін құстардың түрлік құрамын, олардың миграциясын, ұя салуы, көбеюі, балапан шығаруы, қоректенуі және тағы басқа ерекшеліктері қарастырылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми өзектілігі: Кептертәрізділерді аталмыш аумақта зерттеу осы күнге дейін жүзеге аспаған. Құстардың зерттелуі жақсы жасалған, дегенмен Қаратау өңіріндегі зерттеулер жалпы класты қарастырса, бұл жұмыс нақты кептертәрізділерді зерттеуге бағытталған және алғаш рет жасалуда. Сонымен қатар, ізденуші елді мекендердің синантропты құстарын антрополандшафттарда қарастырып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

  1. Оңтүстік Қазакстан облысы Кентау өңіріндегі кездесетін кептертәрізді құстардың саналуандығын зерттеу
  2. Кептертәрізділердің елді мекендер маңында және ішінде тіршілік етуіне байланысты этологиялық және биологиялық ерекшеліктерін қарастыру
  3. Құстардың таралуын, экологиясын және санын анықтау
  4. Зерттеу аумағындағы (Кентау қаласы және өңірі) басқа құстармен байланысын бақылау

ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

1. Орнитофаунаның зерттелуі

1. 1. Құстардың жалпы сипаттамасы

Құстардың маусымдық қоныс аударуы көптеген орнитолог ғалымдардың көңілін өзіне аударуда. XIX ғасырдың ортасында орнитолог Н. А. Северцев "Құстардың жүріп өту жолын ұшып келуі туралы орталықтар бір мезгілде мәлімет алысып отыруы керек" - деген болатын. 100 жылдан соң 1958 жылы орнитологтар Н. А. Долгушин және А. И. Янушевич осы идеяға сүйене отырып осы биологиялық проблеманы әрі қарай жалғастырды. Бұл идея келесі жылы Алматыда Орта Азия Республикаларының Қазақстан Батыс-Сібір ғалымдарының жиналған конференциясында талқыланды.

Құстардың қоныс аударуы әр уақытта өздеріне айналасы қоршаған ортасының көңілін өзіне аудартпай қоймайды. Көктемгі қоныс аудару апрель айларының бас кезінен бастап, май айының аяғы кезінде аяқталады. Ал күзгі қоныс аудару тамыз айының ортасына қарай басталады. Ал қыстайтын құстарға келер болсақ, олар балапандауды сәуір айында бастайды. Көктемде құстар ұшып келу кезінде жер бауырлап төмен ұшады. Көбіне жазық даланы бетке алады. Себебі, бұлар көктемде отанына асыға келеді. Құстар тобыры таудан да мұхиттан да ұшып өтеді. Бұлар тобырмен жүргенде көбі жолда жауын-шашынға, суыққа ұшырап, қырылып кетеді. Осының негізінде құстың қайтуын ағылшын натуралисті Диксон "Түнгі трагедия" - деп атаған. Кұстардың қайтуы жөнінде көптеген мәселелер туындайды. Ғалымдар осы мәселеге жауап іздеп, зерттеулер жүргізген.

Құстар күздігүні жылы жаққа ұшып кетеді дегенді жиі айтамыз. Осы тұжырымға кейбір дәйектерді енгізсек, құстар үшін олардың ұшып бара жатқан елінің жылы болуы шарт емес, ал ең бастысы сол жерде көбірек қорек болса жетеді.

Қазақстанда құстардың 495 түрі мекендейді. Олардың 56 түрі қызыл кітапқа тіркелген. Құстар тіршілігінде маусымдық қоныс аудару сирек кездесетін құбылыс. Ол құстар тіршілігінің жылдық цикліндегі қалыпты мезгіл. Құстың бүкіл ритмикасы, оның физиологясы осы мезгілге байланысты болады. Шын мәнінде құстың қайтуы жануарлар тішілігіндегі бақа да құбылыстырдан яғни олардың көбею құбылысынан, ұя салу инстингінен, ұрпақтарына қамқорлық жасаудан тағы басқалардан кем түспейтін жұмбақ мәселе.

Қазақстанда И. А. Долгушин белсенді түрде Шақпақ станциясында құстар миграциясы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді. И. А. Долгушиннің бастауымен М. Ф. Бородихин өз зерттеулерін осы станциядағы қармағыштардың арқасында өз мақсатына жетті. Бұл стационар 1966 жылдың көктемінен бастап жұмыс істейді. Бұнда ғылыми қызметкерлер құстарды сақиналаумен айналысады.

А. И. Янушевич осы жерде академиялық зерттеулерін "Миграция" тақырыбында жұмыс атқарып, зерттеп үйренді. Оның көп күш жұмсауының көптеген конференияға шығуының арқасында 1970 жылы Ғылыми одақ "Жануарлар әлемін қорғау" мәселелері, "Азия континентіндегі құстар миграциясының ерекшеліктері" жөніндегі тақырыптарын мақұлдады. Осының арқасында республикалық зерттеу коммиссиясының құрамына кірді.

Ақбас тырнаның Үндістан, Пәкісан, Ауғаныстан, Орта Азия мемлекеттерімен Қазақстанды ұшып өтуіненің арнайы бақылау сараптамасын талдау. Сол сияқты Қазақстанда, Моңғолияда, Забайкальеда белгіленген құстарды радиобақылау, осы түрдің имек тәрізді ұшу бағытының болжамын растайды. Көктемде олар Үндістан және Пәкістаннан Гиндикуш арқылы Тянь-Шаннің батысынан ұшып өтеді. Кейбір ұялауға Қазақстанға көпшілігі Солтүстік-Шығыс Моңғолия, Забайкальеге ұшып барады. Күзде сол жақтан олар оңтүстікке және Оңтүстік-Батысқа, Қытай, Тибет және Гималаи арқылы Үндістанға қыстауға ұшып барады. Қазақстаннан және біразы Моңғолиядан жолды түзеп, олар Тянь-Шань жоталары арқылы үлкен биіктікте ұшады [1] .

Чаны көлінде (Новосібір өңірінде) ұдайы 1977-1997 жылдары аралығында жар қарлығаштарының жергілікті қауымдастығы зерттелген. Шоғырларды бақылау жергілікті және мекен аударушы жар қарлығаштарын сақиналау жүргізген. Мақалада мекен аударушылардың маусымдық қозғалысы, таралуы, аймақтық байланысы, қауымдастықтағы жас ерекшелік құрамы және ересек кұстардың өлімі сипатталған [2] .

Том өзенінің төменгі ағысының жайылма шалғынында сәуір айынан қазан айына дейін 1998-2003 жылдары жағалалардың 8 түрі тіркелген. Сібір боз -шағаласы қоныс аударушы және ұяламайтын құс, көл шағала ұдайы ұяламайды. Көл шағаласының 44, кіші шағаланың 12, өзен қарқылдағының 192, қара қарқылдақтың 216, ақ қанат қарқылдақтың 51, кіші қарқылдақтың 12 ұясы тіркелген. Жұмыртқа басу және басып шығарудың үш стадиясы: алғашқы (5-20%) негізгі (50-92%) және соңғы (3-30%) . Ұя басу мерзімі 1, 5-2 ай аралығында түрдің биолоиясы мен сол жылдағы жағдайға байланысты ұялардың мөлшері арнайы жерлерде 50 ретке дейін өзгереді. Ұя басудың сәтті аяқталуы 25-40%-ке жеткен. Көпшілік түрлер үшін шағалалармен қоса күзгі мекен ауыстыру шілденің ортасынан қазанның ортасына дейін созылады. Обь өзенімен салыстырмасы келтірілген [3] .

Біздің территориямызда 700 құс түрі тіршілік етеді. Олар табиғаттың барлық бүрышында кездеседі және өзінің әсем дауысымен, түрлі түсті қауырсындарымен немесе әдемі мінез-қүлқымен қоршаған ортаның зейінін аудартпай қоймайды. Аздаған құстар адамға көмегін тигізеді. Көбі ауылшаруашылығының зиянкестерін жояды. Құстарсыз саябақтар, ормандар, баулар өз сәнін жоғалтқан болар еді. Біздің қанатты достарымыз табиғатты жандандырып оны толықтырып отырады. Олардың көбі өте сақ келеді. Бұларды қолға алып зерттеу өте қиын .

Құстарды дәл және тез тану әр кімде жедел түрде бола бермейді. Оларды анықтау үшін морфологиялық және экологиялық жағынан тани білу керек. Осыдан сырт келбеті, көз-қарасы, дауысы, қозғалуы, іздері және қоректену ортасын бақылау қажет. Отырықшы құстардың жұмыртқа салу уақыты бақыланады. Осылайша олардың қоректену ортасының жағдайы олардың түрлерін ажыратудың басты белгісі. Одан әрі қарай олардың морфологиялық ерекшеліктері және бәрінен бұрын олардың ұзындығын қадағалау қажет. Сонымен қоса олардың дауысы және сайрауы үлкен мән береді [7] .

Омыртқалы жануарлар ішіндегі ұшуға бейімдісі құстар. Олардың дүние жүзінде 8 мың түрі бар деп есептеледі. Мекеніне қарай оларды бұта орман құстары, шөл дала құстары, су құстары, жыртқыш құстар деп бірнеше топқа бөлуге болады.

Құстардың тіршілігі: Құстар жер бетінен 4500 м биіктікке дейін ұша алады. Құстар күзде оңтүстікке зақ жолға шығар алдында денесіне өз салмағының 1/3-індей мөлшерде май жиып алады. Осындай мөлшердегі майды қыстайтын құстарда жинайды. Бірақ, қыстайтын құстардың майының мөлшері өз салмағының 8-7%-нен аспайды. Қазақстан жерінде кезедесетін үйректердің бәрі бірдей оңтүстік ауданға ұшып кетпейді. Қоңыр үйректер мен қасқалдақтардың едәуір бөлігі Жетісудың оңтүстік бөлігін жайлап шығады. Бірақ бұл құстарды осы мерзімде аулауға тиым салынады. Құстардың дауысы зорлары да бар. Мысалы, бозторғайды 300 м биіктіктен көруге мүмкіндік жоқ. Ал дауысын 600 м-ден анық естуге болады.

Құстардың жасы. Құстардың ұзақ жасайтындары да болады. Мысалы, тоты-140, бүркіт-120, қарға-100, қаз-80, сұңқар-150-170, байғыз-180, аққу мен таған - 300-400 жыл жасайды. Ал үкі 68, бірқазан мен кондор-52, шағала-45, көгершін-35, бұлбұл-20, үйрек-14-15 жыл. Ал ұсақ құстар 10 жылан артық жасай алмайды.

Құстардың жұмыртқа басу мерзімі. Бұл әр құста әр түрлі. Ұсақ торғайлар 9-14 күн. Қара тоқылдақ-14, ала қарға-17, құзғын қарғалар-20, бөктергілер -28, қаршығалар -31-35, бүркіттер - 44, бөденелер -20-21, сдүр құрлар-21, дала қаздары-25-28, қара қулар-30-40, түйқұстар - 48 күнде басып шығарады.

Құстардың көпшілігі күзге қарай жылы өлкелерге ұшып кетеді. Дегенмен қайтатын құстардың көпшілігі біздің жерімізде қыстап қалады. Олар арамшөптердің және жабайы сораның тұқымдарымен қоректенеді. Жидек мол жылдары шымшықтарда қыстайды. Шіл, бұлдырық, және меңіреу құр қар астына тығылып, аяздан аман құтылады. Тіпті өте кішкентай сары шымшық шөжеторғай аязды түні қар астында тышқан індерінде өткізе алады. Алайда қар жамылғысы барлық құсқа бірдей қолайлы болмайды. Дегенмен қары жұқа өтетін қыс біздің жазғы қонақтарымыз қараторғай, шымшық және басқа да жер бетінде бунақденелілермен қоректенетін құстарға әсер ететін болуы керек. Қысқа қарай кететін құстар суықтан емес аштықтан құтылуға тырысады. Сондықтан олардың қоректік заттарды табатаны орны неғұрлым жақын болса миграциялық сапары да қысқа болады. Мәселен, ұзақтар қоректерін жер бетінен теріп жейді де сол себепті қар жамылғысы жоқ жерлерде қыстауға қалады. Қыстың соңғы айында қала маңы жүрдек торғайдың сары шымшықтың сары торғайдың сайраған даусына толы болады. Ұзақ, қарғалар жұптарға бөлініп, өздерінің ұяларың салуға учаскелерін белгілеп кірісе бастайды. Көктем күшіне ене бастағанда қайтатын құстар отанына қоныс аудара бастайды. Оңтүстік жылы ауа толқынымен қара торғайлар да ұшып келеді. Ең алдымен еркектері, содан соң 10-12 күнде ұрғашы қара торғайлар да ұшып келеді. Қараторғай ұясында оған бірнәрсе жақпаса дереу тастап кетеді. Қарторғай диқанның жақсы досы. Олар жорғалаған ұшып жүрген зиянкестерді құртады. Қараторғайға қоректену үшін күніне мұндай зиянкестердің 300-ге жуығы қажет [11] .

Қазақстанның ұлан байтақ жері су қоймаларына өте бай. Әсіресе Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл, Есік, Ертіс, Іле, Шу, Сырдария сияқты өзендердің тигізетін пайдасы зор. Бұл өзендердің суы көктемде молайып, олардың атырауында айдын көлдер мен көлшіктер молайып көбейе бастайды. Біздің аймақта су көздерінің мол болуы көктемде су құстарының жаппай ұшып келуіне, ұя басуына және олардың түрлеріне мүмкіндік береді. Сырдария, Шу, Іле өзендері мұз құрсауынан босай бастағанда аққу, қаз, үйректер ұшып келе бастайды. Мәселен Ақмола облысындағы Қорғалжын көліне 32 мың қасқалдақ, 8 мыңдай үйрек және көптеген аққу, қаз ұя салады. Зоология институтының жүргізген ғылыми зерттеулерінде су құстарының өніп-өсуі аяқталған кезінде олардың саны 3-4 есе ұлғаятыны анықталды.

Яғни күзгі аңшылық маусымы ашылған кезде Республика суларында 10-12 мыңдай құс тіршілік етеді деген сөз. Оған қоса қыркүйек айының аяғында Солтүстіктен жылы жаққа қарай ұшқан 10 млн-дай құс міздің өлкемізді басып өтеді. Жалпы алғанда Қазақстан тұрғындары жылына 3, 2 млн құс атып алады екен. Олардың 2, 7 млн-дайы су құстары. Шөл және шөлейтті аймақтардың құстарына келер болсақ бұлардың қанаттар ашық жазықты учаскелерде тіршілік етуге бейімделген. Ол құстарға: дуадақ, жек дуадақ, сүр шіл, бөдене, тартар, бұлдырық, ақбас және боз тырналар, дала құладыны бүркітпен үкі және тағы басқалар жатады. Бұлардың ішінде аулауға рұқсат етілетіндері бөдене мен бұлдырық. Мысалы, республикамызда аңшылар жылына 35-38 мыңдай бөдене және 58-59 мың бұлдырық аулайды екен. Бұталы орман құстарына келер болсақ: Қазақстан орманға бай өлке. Қарайғайлы аралас ормандар оның солтүстігін алып жатса шыршалы алқап Тянь-Шань жоңғар алатуа белдеуін көмкереді. Орталық Қазақстанның қырат жоталары да бұталы қарағайлы ағаштарға бай келеді. Жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандарымызды құр, ақ құр, меңіреу құр, қырғауыл, кептердің бірнеше түрлер, тоқылдақтар, лашын, сұңқар, құмай, торғайлардың алуан түрлері қоныс етеді. Олардың көбі отырықшы құстар. Бұталы орман құстары ішінде ақ аулау мерзімі ашылғанда лицензиясыз шұбар құрға ал рұқсат қағазы барларға құрға, қырғауылға аңшылық етуге болады. Орманды өңірдің түрғындары 14-15, 5 мың құр және 15-17 мың шұбар құрды мергендер қанжығасына байлайды. Олардың тобына жататын құстардың бірі меңіреу құр. Оның салмағы 5 кг-ға дейін жетеді. Ал бізде Алтай тауларына дейін тараған. Сан мөлшері көп емес. Сондықтан оларды атуға тиым салынған. Қазірде республика ормандарында аса бағалы құстар құр, ақ құр саны да жылдан-жылға төменедей түсуде [12] .

Құстар омыртқалы жануарлар ішіндегі жоғары сатыдағы дамығандардың бірі. Денесі қауырсынмен жабылып алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Олардың организмінде зат алмасу процесі шапшаң жүреді. Дене темпенратурасы жоғары 39-40°С және тұрақты, жүрегі 4 камералы.

Артериялық қан күре тамырдан бөлінген. Көру мен есту мүшелері жақсы жетілген. Құстардың ұшу қабілетіне ие болу эволюциялық дамудың жемісі. Дамудың белгілі сатысында құстардың шығу тегі жербетіндегі бауырымен жорғалаушылар болғаны анық. Юра дауірінде бауырымен жорғалаушылар және құстар арасында аралық орын алатын орманды жерлерде тіршілік ететін "Археоптерикс" деп аталған хайуанат өмір сүреді. Онда құстардың кейбір белгілері пайда болады. Денесін қауырсын жапты бұл уақытта құстың шыққан тектері жер бетінде орманда тіршілік етеуге көшті. Құс қанатындағы тырнақтар оларға алғашқы өрмелеуге мүмкіндік берді. Археоптерикстер дүрыстап ұша алмады. Тек олар ағаштан ағашқа қашықтап барып қонды. Дамудың келесі сатысында құстардың ұшу ұқұбы жетіле түсті. Бұл қасиет қанаттыларға дүниежүзінде кең таралуға мүмкіндік берді. Құстар тек Антарктиданың ішкі бөлігінде ғана кездеспейді. Жер шарының әр түпкірінде құстардың қоныстануы бірдей емес. Әсіресе қанаттылар түріне Орталық және Оңтүстік Америка мәселен Колумбияда 1700, Бразиялияда 1440, Экваторда 1357, Венесуеллада 1282 құс түрі таралған. Қоры жөнінен біздің аймағымызда үй торғайымен қара ала торғайды және су құстарынан қасқалдақт айтуға болады. Шамамен қазірде дүние жүзінде қанаттылар қоры 100 млрд-тай деп саналады. Бұлар әртүрлі ауарайы жағдайында тіршілік етеді. Көпшілігі бір жерден екінші жерге қоныс аударып отырса біразы отырықшы. Қазақстан көлдерінед өніп-өсіп ұпақтарын өргізген құстардың біраз түрелірі Африкада, Австралияда, Оңтүстік Азия да қыстап жшығады. Көктем мен күздегі бұлардың келіп қайту уақытында ұшу жылдамдықтары таң қалдырады. Мысалы, ақтұмсық қарға сағатына 65, қара ала тоғай 80-70, тырна мен шағалалар 50-60 км жылдамдықпен аспанда 1500-2500 м биіктікте ұшып отырады. Әрбір тірі организмнің тіршілігі үшін жақсы қоректену көбеюі және жауларынан қорғана білуі қажет. Құстардың қоректенуі маусымдық таралуына, қоныс аударуына, көбюіне үлкен әсерін тигізеді. Маусымға және жасына байланысты құстар қорегін өзгертіп отырады. Олардың бірқатар түрлері жемді талғап жесе, ал екіншілернің азыққа талғамы аз байқалады. Олар өсімдіктер мен де жәндіктер мен де қоректенеді. Бұлардың тұмсығының формасы да жемін қандай ортада аулайтынына байланысты әр түрлі болады. Құстардың тісі жоқ [13] .

Орын ауыстыратын және қайтатын құстар күзге қарай ұйымшылдықпен оп болып бірігеді. Бұл топтардағы құстардың жекелеген особьтарының арасындағы байланыс ерекше байқалады. Олардың көбі белгілі бір қатар тізіп ұшады. Құстар күнге, жүлдыздарға тіпті айға қарап өте жақсы бағдарлайды. Құс компасы адамдардың компасына қарағанда әлде қайда жетілдірілген. Жердің магнит өрісін адам арнаулы аппаратураның жәрдемімен ғана тіркейді. Құстар мұны тікелей жүзеге асыра алады. Олар жердің магнит өрісін тіркеп қоймастан сондай-ақ ауаның ылғалдылық дәрежесінде сол сияқты ай фазаларының өзгеруіне және жұлдыздардың орнын анықтайды. Оның үстіне олардың кейбіреуі мұны тіпті күндіз де жасай алады. Құстардың жер шарының ортадан тепкіш күшін сезетін органдары болады және қайда яғни ұзақ ұшу кезінде қай ендікте аялдама жасау керектігін де біледі. Ұшу сапары кезінде тырналар мен қүтандар сына жасай ұшады. Сына жасай ұшқанда әрбір құс белгілі дәрежеде басқаларын да қолдап отыратынын ғалымдар анықтады. Бұл жағдайда үйірдің ұшу сапары қашықтығы орта есеппен 71%-ке артады. Әрбір құс қанатының ұшында "ауаның жоғары көтерілетін күшті ағыны" түзілуі тиіс екендігін ғалымдардың есептеулері көрсетті. Екінші құстың ізімен ұшып келе жатқан құс осы ағынды максимальді пайдалану үшін қолайлы орын алуға тырысады. Сөйтіп ұшу қашықтығын арттырады. Егер құстың бірі алға ұзап шықса ол қарсы күштің артқанын дереу сезеді де бұрынғы орнына қайта орналасады. Ұшу жолында барлық құстар топ болып ұшпайды. Олардың кейбіреулері мысалы көкек, тартар, жылқышы жеке-жеке ұшады. Құстардың маусымдық ұшуы табиғаттың тамаша құбылысы. Сары ржанка біздің Жаңа жер аралында жұмыртқадан жарып шыққан соң үш айдан кейін бүкіл Азия құрлығын, мұхитты басып өтіп, Америкада қыстап қалады. Көктем келісімен

бұл ұшқыш құстар туған жеріне қарай қайтады. Ал қараторғайлар жол бастаушысыз-ақ ұшады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабағылы өзенінің ұзындығы
Құстардың жіктелуі
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
Құстардың көбеюі
Құстардың ұрпағын өрбітуі
Наурызым қорығының өсімдіктері мен жануарлары
Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен қорықтар тізімі
Алматы қорығының географиялық орны, шекаралары
Қазақстан Республикасының жалпы физикалық географиясы, жануарлар дүниесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz