Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КОМПЬЮТЕРЛІК ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
- Компьютерлік қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы . . . 7
1. 2 Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстар жөніндегі заңнаманың Қазақстандағы және шетелдердегі даму тарихы . . . 15
- Компьютерлік ақпараттың түсінігі, мәні және оны сақтаумен қорғаудың негізгі әдістері . . . 30
.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 227 БАБЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АНАЛИЗІ
- Қылмыс объектісін сипаттайтын белгілер . . . 34
- Қылмыс құрамының объективтік жағы . . . 38
- Қылмыс құрамының субъективтік жағы . . . 48
- Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер . . . 50
3 КОМПЬЮТЕРЛІК ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
3. 1 Компьютерлік қылмыстарды жасаудың себептері мен шарттары . . . 56
3. 2 Компьютерлік қылмыстардың алдын алу шаралары . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 76
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазақстандық қоғамның дамуының қазіргі сатысы кұқықтық мемлекетті бағытталған стратегиямен сипатталады. Елде әлеуметтік-экономикалық реформалар жүзеге асуда, қоғамдық өмірдің әр саласын демократизациялау процесі жүріп жатыр. Осының барлығы заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейтусіз, адам мен азаматтардың конституциялық кұқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етусіз мүмкін емес.
Елде қылмыстылық деңгейі түспей отыр, ал қылмыскерлердің кәсіпқойлық деңгейінің өсуі байқалып, қылмыс жасау әдістері көбейіп келеді.
Біздің елге де жеткен ғылыми-техникалык революция Қазақстанның экономикалық дамуына түбірлі прогрессивтік өзгерістерді ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қол сұғушылықтың жаңа нысандары мен түрлерін әкелді.
Қылмыстық топтар мен қауымдастықтар өз қызметінде ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін пайдалана бастады. Пайдақорлық мақсаттарына жету үшін қылмыскерлер конспирация жүйелері мен жасырын байланысты, қазіргі заманғы технологияларды және арнайы техниканы, соның ішінде әртүрлі компьютерлік кұрылғылар мен ақпараттық-өңдеуші технологияларды пайдалана бастады.
Сондықтан компьютерлік қылмыстармен күресудегі халықаралық тәжірибені зерттеу және талдау, сол сияқты осы саладағы ғылыми зерттеулердің теориялық-тәжірибелік маңызы жоғары.
Алғашқы электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ) пайда болғаннан бері қоғамның техникалық мүмкіндіктері дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты, соның ішінде ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар маңызды орын алды. Қоғамдық қызмет салаларына енуіне байланысты олардың маңыздылығы артып, коғамның олардан тәуелділігі күшейе бастады.
ЭЕМ-нің экономикалық, әлеуметтік және басқару салаларында орын алуы және де дербес ЭЕМ-нің тұрмыста кең тарауы тек техникалық прогресстің белгісі бола қоймай, сонымен қатар қылмыстық әлемнің дамуының негативтік тенденциясына айналды.
Республикамыздағы акпараттық технологиялардың басымдылық рөлін белгілей отырып, біз оларға экономикалық, мәдени, саяси және өзге салаларды дамыту, қазақстандық қоғамды әлемдік ақпарат кеңістігіне ендіру және халықаралық экономикалық байланыстарды кеңейту, мемлекеттің демократиялық негіздерін нығайту бойынша міндеттер жүктейміз. Сонымен бірге, олармен қатар жүретін кейбір жағымсыз салдарға да толық жауапкершілікпен қараумыз керек. Оның біреуі - компьютерлік кылмыстылықтың пайда болуы және дамуы.
Компьютерлік техниканы пайдаланумен байланысты қылмыстар біздің республикада да пайда бола бастады. Оған мысал ретінде мыналарды келтіруге болады: 1995 жылы Қазақстан Республикасының ІІМ тергеу басқармасы Крамдсбанктің Алатаулық филиалы жэне Ұлттық банктің есептеу орталығының операторларының компьютерлік техниканы пайдалану жолымен 6 млн. теңгені ұрлау әрекеті туралы қылмыстық істі тергеген. [2. 46, 43 б]
2000 жылдың 11 тамызында Лондон қаласының Магистрат Сотының алдына компьютерлік технологияларды пайдаланумен жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде АҚШ-тың қолдаухаты бойынша Ұлыбритания территориясында ұсталынған Қазақстанның азаматы Олег Зезев түсті. АҚШ ФБР-нің анықтауынша олар Алматы қаласында орналасқан "Казкоммерц" кәсіпорынның қызметкері болып, американдық “Bloomberg L. P. ’s” компаниясының компьютерлік желісіне заңсыз кіріп, құпиялы акпаратқа қатынаған. Осыдан кейін электрондық пошта құралдарын пайдалана отырып, компания директорына 200 000 АҚШ доллар беру талабымен хат жіберіп отырған. Оны берген жағдайда заңсыз жолмен алынған деректерді жарияламауға міндеттенген, сонымен қатар компания компьютерлеріне заңсыз кіру жолдары туралы хабардар етуге уәде берген. [2. 8, 2 б]
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының кұкықтық статистика және арнайы есеп жөнінде Комитетінің деректері бойынша анализ жүргізер болсақ, Қазақстанда 2000 жылға дейін тіркелген компьютерлік қылмыстар, 2000 жылдан бастап 3-4 есеге өсе бастағанын көруге болады.
Бұндай қылмыстарды анықтауда отандық құқық қорғау органдарының тәжірибесі жоқтығы болашақта теріс нәтижелер беруі мүмкін. Сондықтан, компьютерлік кылмыстылықпен күресудегі халықаралық тәжірибемен танысу және оны талдау, сол сияқты бұл салада ғылыми зерттеулер бүгінгі күні өте өзекті. Осының бәрі осы тақырыпты тандауға себеп болды.
Қазіргі кезде компьютерлік кылмыстылықтың халықаралық масштабта таралуы қауіпті тенденцияға ие болып отыр. Компыотерлік техниканы пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар елдің экономикасына қауіп төндіретінін былай койғанда, олар әлемдік қауымдастық алдында мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік қылмыстар келтіретін залалдың мөлшері ірі қалалардың жылдық бюджетіне сай келеді. Еуропа мен Американың көпшілік елдерінде компьютерлік қылмыстардан түсетін табыс есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымынан түсетін табыспен тепе-тең. [2. 48, 289 б]
ЭЕМ-ді және компьютерлік ақпаратты интеллектуалдық және қүқықтық қорғау, сол сияқты оларды қылмыстық қолдану мәселелері компьютерлік технологиялардың экономика мен өндірісте, есеп пен бақылауда, статистика мен анализде қолданыла басталғаннан бері өзекті болып, арнайы зерттеудің объектісіне айналды.
Жалпы алғанда, қоғамның компьютерлендірілу процесіне байланысты жалпы ғылыми мәселелер фәлсәфалық, жалпы техникалық, экономикалық аспектілерде қарастырылып келді. Ал құқықтық аспект ақырғы орында болды.
Компьютерлік қылмыстар дамыған елдерде кең таралғаны сонша, олармен күресу үшін қылмыстық заңнамаға арнайы қылмыс құрамдары енгізілді.
Қазақстанда компьютерлік қылмыстарды дербес қылмыстық жазаланатын әрекет ретінде заңнамалық бекіту туралы мәселе алғашқы рет 1995 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасын дайындау кезінде қойылған және 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған қолданыстағы ҚК-тің "Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату" 227 бабында бекітілген.
Бұл норманың ҚР ҚК орын алу қажеттілігі техникалық прогресстің дамуымен, компьютерлік техниканың кең пайдаланылуымен және компьютерлік ақпараттың айналымы мен пайдалануы саласындағы қалыпты құқықтық қатынастарға қол сұғатын жаңа криминалдық құбылыстардың туу мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Бұл жұмыстың мақсаты - компьютерлік техниканы пайдаланумен жасалатын қылмыстарға сипаттама беру, оларды қылмыстық-кұқықтық саралау жолдарын анықтау, бұл қылмыстардың өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу, сол сияқты олардың алдын алу мәселелері болып табылады.
Бірінші тарауда ЭЕМ-нің, жаңа ақпараттық технологиялардың тарихы мен даму тенденциясы, компьютерлік қылмыстылық саласындағы отандық және шетелдік заңнама нормалары талданған, компьютерлік қылмыстардың жалпы сипаттамасы берілген.
Екінші тарауда компьютерлік кылмыстардың қылмыстық-құқықтық саралануы, қылмыс құрамының элементтері карастырылады.
Үшінші тарауда компьютерлік қылмыстардың жасалуына жағдай жасайтын себептер мен шарттарды анықтау және олардың алдын алу сипатындағы шараларды құрастыруда жүйеліліктің қажеттілігі негізделеді.
Компьютеризацияның саяси, мәдени, ғылыми-ағартушылық салаларға ықпалы туралы В. Н. Бусленко, Г. Г. Воробьев, А. Г. Здравомыслов, Г. Б. Кочетков, В. М. Николайчик, В. Пекелис, В. Португал, А. И. Ракитов, А. ГІ. Суханов, А. Д. Урсул жазған.
Компьютеризацияның құқықтық мәселелерін зерттеуге шетел ғалымдары: Дж. Бэмфорд, Дж. А. Герриери, Дж. П. Грает, К. Кан, Ж-Л. Лорьер, Кр. Дж. Мак-Кланг, Поль А. Страссман, Б. Холыст елеулі үлес қосқан.
Электрондық есептеу техникасын және компьютерлік (немесе ақпараттық) технологияларды қолданумен байланысты құқықтық қатынастарды реттеу мәселелеріне Ю. М. Батурин, А. Б. Венгеров, В. В. Вехов, А. М. Жодзинский, В. Б. Крылов, В. С. Комиссаров, В. Д. Курушин, В. А. Минаев, И. В. Никифоров, Г. К. Поляков, М. М. Рассолов, Н. Селиванов, Л. Г. Әджубов және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.
Осы тақырыпты зерттеумен Б. Х. Толеубекова, Т. Б. Сеитов, Р. А. Назмышев, Т. М. Лопатина сияқты отандық зерттеушілер айналысып жүр.
Жұмысты дайындау кезінде қарастырылып отырған мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының және шетел заңдары, қолданыстағы қылмыстық пен қылмыстық іс жүргізу нормалары, кылмыстық құқық және криминология бойынша оқулықтар, мезгілді әдебиеттердегі тәжірибелік және теориялық мақалалар, сараптау материалдары, соның ішінде Интернет желісінен, тиісті отандық және шетелдік әдебиеттер зерттелді және талданды.
1 КОМПЬЮТЕРЛІК ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
- Компьютерлік қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы
"Компьютер" сөзін біз қазіргі кезде жаңадан пайда болған сөз, неологизм ретінде қарастырамыз. Бірақ бұл сөз ежелгі тарихтан келіп отыр. «Computer» сөзімен ежелгі латындықтар «санау», «есептеу» ұғымдарын белгілеген. Және тек соңғы 40-50 жылдан бері "компьютер" ұғымы күрделі машиналармен, техникамен сабақтаса бастады.
Зерттеушілердің бір қатары компьютерлердің жасы 5000 жылдан асады дейді. Оның "аталары" ретінде шотты атайды. Адам әрқашанда сандық өлшемдерді қажеттенгені белгілі. Сандық мәліметтер жинала бастап, қоғамның әмбебап өлшегіштерге деген сұранысы көбейді. Бірінші есептеу машинасын 1642 жылы Блез Паскал ойлап шығарды. Осы машина бір ғана арифметикалық әдіс - «қосуды» ғана білетін. Бұл казіргі заманғы есептеу машиналарын жасаудағы маңызды қадам болып табылды. 1694 жылы Готфрид Вильгельм Лейбниц тек төрт классикалық арифметикалық амалдарды ғана емес, сонымен қатар түбірді шығара алатын машинаны ойлап шығарды. Қазіргі кездегі перфокарта өз бастауын 1800 жылы Жозеф Жаккара шығарған және Герман Холлерт жетілдірген картадан алады. Бұл карталар қазіргі программалаудың негізін салған. 1944 жылы Гарвард университетінің қызметкері Говард Эйкен және ІВМ фирмасының инженерлер тобы күрделі электронды-есептегіш машина жасады. Бірақ машина тек күрделі емес, өте үлкен де болды. Марк I атты алпауыттың ұзындығы 17 метр, биіктігі 3 метр болды. Осы кезден бастап есептеуіш техниканың дамуы мен жетілдірілуі шынында да фантастикалық өріске ие болды.
Егер де XX ғасырдың 50 жж. басында ең қуатты компьютерлер секундына 2000 операция өткізсе, 70 жж. ортасына қарай секундына 4300 операция өткізе алатын болды. Өз мүмкіндіктерінің кеңеюімен қатар компьютерлердің көлемі күрт азая бастады. Профессор А. И. Полежаев микроэлектроника прогресінің екпінін түсіндіру үшін мынадай салыстыру келтіреді: егер де автомобиль шығару өндірісі қазіргі электроника жылдамдығымен дамыса «Роллс-Ройс» қазір 2, 75 доллар тұрып, 100 км-ге 0. 1 см. куб бензин пайдаланушы еді дейді. [2. 26, 128-129 бб] Мұндай секірісті түсінуге болады. XX ғасырдың ортасындағы ақпараттық жарылыс жиналған мағлұматтарды жүйелеуді, тәртіпке келтіруді, деректер базасын, адам өмірінің әр саласындағы күн сайын көбейіп жатқан мәліметтерді сақтайтын орынды талап етті. Ақпараттың легі басқару қызметінде былық туғызу қаупін төңдірді. Осы жұмысты өзіне алатын техникаға объективті қажеттілік пайда болды. Және осындай техника ойлап шығарылды да. Ол - компьютер немесе біздің елімізде бастапқыда аталғандай - электронды есептеу машинасы.
«Security World» журналында жарияланып тұратын Лос-Анджелестегі компьютерлік қылмыстылық бойынша ақпараттың Ұлттық орталығының мәліметтері бойынша ақырғы жылдары әлемде компьютерлік қылмыстылықтың масштабының кеңеюі байқалады. Осы қылмыстардың көбі программистермен, яғни ақпараттық технологиялар саласында жоғары кәсіби білім деңгейі бар адамдармен жасалады. Компьютерлік қылмыстарды басқа қылмыстық жазаланатын әрекеттерден айыратын ерекшілігі болып олардың жоғарғы латенттілігі және келтіретін залалының өте ірі мөлшері табылады.
Компьютерлік қылмыстардың тек 10-15% ғана жарияланады деп саналады, өйткені осындай қылмыстардан зардап шеккен ұйымдар ол туралы хабарлауға асықпайды, себебі бұл олардың беделінің түсуіне немесе оларға қатысты қайталап қылмыс жасалынуына әкелуі мүмкін.
Американдық юристер ассоциациясы 1987 жылы жүргізген зерттеу айтылған фактіні дәлелдейді. Респондент ретінде қатысқан 300-ден аса жеке және мемлекеттік мекемелердің тек 72 ғана ақырғы 12 ай ішінде компьютерлік қылмыстың құрбаны болғанын растады. Келтірілген залал мөлшері шамамен 730 млн. АҚШ долларына жетті. [2. 54]
Компьютерлік қылмыстар туралы қолдарында статистикалық деректері бар ресми тұлғалар компьютерлік қылмыстылықтың нақты жағдайы туралы дәл мәліметтер бере алмайтынын айтады. Оның негізгі себебі болып компьютерлік қылмыстардың жоғары латенттігі табылады.
Мысалы, В. Б. Вехов өз зерттеулерінде компьютерлік қылмыстардың 90% анықталмай қалады да, анықталған 10% қылмыстың 1% ғана ашылатынын айтады. [2. 5, 17 б]
Н. Селиванов Компьютерлік қылмыстарды тергеу мәселесі бойынша шет елдердің тәжірибесі деректерін келтіре отырып, АҚШ-та кұқық бұзушылардың ақпараттық-есептеу жүйелеріне санкциясыз кіру жағдайларының 85% ашылмай қалады дейді. [2. 42, 36-37 бб]
Батурин Ю. М. мен Жодзишский А. М. компьютерлік қылмыстардың ашылған 10% жүйелі ревизиялық тексеру көмегімен уақытында анықталуы мүмкін, ал қалған 90% кездейсоқтықпен анықталады деп көрсетеді. [2. 2, 158 б]
Латенттік деңгейі мынадай факторларға негізделеді. Біріншіден, қазіргі ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуымен олардың функционалдық мүмкіндіктері күннен күнге өсіп келеді, бұл өз кезегінде компьютерлік қылмыстың жасалу фактісін анықтау процесін қиындатады. Басқа дәстүрлі қылмыс түрлерінен айырмашылығы компьютерлік қылмыстардың құрбаны қылмыстық қол сұғушылыққа ұшырағанын көбінесе сезбейді немесе қылмыс анықталған жағдайда, ол туралы не айтылмайды не кінәлі тұлғаны немесе тұлғаларды анықтауға қажетті шаралар қабылдау үшін қылмыс туралы ақпарат құқық қорғау органдарына тым кеш түседі. Екіншіден, қылмыстық істер бойынша анықтау мен тергеу жүргізетін тұлғалардың көбінде есептеуіш техника саласында қажетті білім деңгейі жоқ. Үшіншіден, көпшілік компьютерлік жүйелер мен желілерде қорғау жүйесі жоқ, бұл қол сұғушылықтың нәтижелі болуына және қылмыскердің «білінбей кетуіне» мүмкіндік береді.
«Компьютерлік қылмыс» термині алғаш рет шетел басылымдарында XX ғасырдың 60 жылдарының басында пайда болды. Осы жылдары ЭЕМ-ді пайдаланумен жасалған алғашқы кылмыс оқиғалары анықталған еді. Бастапқыда не терминологиялық не криминологиялық негізі болмаса да бұл термин құқық қорғау органдарының күнделікті қызметінде кең қолданыла бастады. Қазіргі кезде «компьютерлік қылмыс» термині көпшілік батыс криминалистерімен танылды. Ғылыми және әсіресе публицистикалық әдебиеттерде осындай қол сұғушылықтарға қатысты әртүрлі ұғымдар пайдаланылады: компьютерлік қылмыстар; коммуникациялық қылмыстар; кибербандитизм; ақпараттық қылмыстар; программалық қиянат жасау және т. б. терминологиядағы әралуандық бұл мәселеге қатысты бірыңғай көзқарас жоқтығын көрсетеді. Ғалымдар арасында осы мәселеге қатысты екі түрлі пікір бар. Бір авторлар бұл терминнің қолданылуына қарсы шығады. Өз қарсылығын олар қылмыстарды оны жасауға көмектесетін техникалық құралдар түрімен дифференциация жасауға болмайды деп тусіндіреді. [2. 4, 99 б]
Басқа ғалымдар (Ляпунов Ю., Максимов В., Скормников К., Селиванов Н., Вехов В., Никифоров И. және т. б. ) «компьютерлік қылмысә тұжырымын дұрыс дейді, себебі бұл термин шетелдің де отандық тәжірибеде де қабылданған. [2. 25, 9 б]
Компьютерлік қылмыстар дегеніміз не деген сұраққа толық және біржақты жауап беру әлі күнге дейін мүмкін емес. Қиыдық тиісті дефиницияның жоқтығында болып отыр. Осы мәселені зерттеушілердің бірі В. Б. Веховтың айтуынша бұл ұғымға анықтама беру қиындығы қылмыстық қол сұғушылықтың біртұтас объектісін ажырату мүмкінсіздігі себебінен болып отыр. [2. 5, 23 б]
Отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен мақалаларын талдау қазіргі кезде бірнеше ғылыми бағыттар бар екенін көрсетті. Зерттеушілердің бір бөлігі компьютерлік қылмыстарға бұл қылмыста компьютер қол сұғудың не объектісі не құралы болатын әрекеттерді жатқызады. Соның ішінде, олар компьютерді немесе оның құрауыштарын ұрлауды компьютерлік қылмысты жасау әдістерінің бірі деп қарастырады. [2. 23, 18 б]
Екінші топ зерттеушілері компьютерлік қылмыстарға тек ақпаратты автоматтандырылған өңдеу саласындағы заңсыз әрекеттерді жатқызады. Олар бұл қылмыстарды ерекше топқа жатқызуға мүмкіндік беретін басты жіктеу белгісі ретінде қол сұғу әдістерінің, құралдарының және объектілерінің ортақтығын келтіреді. [2. 3, 83 б]
Басқа сөзбен айтқанда қол сұғудың объектісі болып компьютерлік жүйеде өңделетін ақпарат болып табылады, компьютер қол сұғудың құралы болады, ал қылмыскердің әрекеттерін қоғамның ақпараттық қатынастарына қастандық ретінде қарастыру керек. Егер де ақпарат қылмыстық құқықтық қорғаудың басқа объектісіне қастандық құралы ретінде болса, зерттеушілер бұл машиналық ақпарат па немесе өзге "компьютерлік емес" сипаттағы ақпарат па деп бұларды айырады. Бірінші жағдайда қылмыс компьютерлік қылмыстар санатына жатқызылуы тиіс, екінші жағдайда - қылмыстық заңда көрсетілген басқа қылмыстық әрекеттің санатына жатқызылады. Сонымен, ғалымдардың Қорытындысы бойынша компъютерлік қылмыстар дегеніміз машиналық ақпарат қылмыстық қол сұгудың объектісі болып табылатын қылмыстық заңмен көзделген қоғамдық қауіпті әрекет.
Қылмыстың құралы болып машиналық ақпарат, компьютер, компьютерлік жүйе немесе компьютерлік желі болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы осы жолмен дамығанын айта кету керек.
Жоғарыда келтірілген компьютерлік қылмыстылықтың анықтамалары барлық мәселені шешпейді, өйткені қылмыстық құқық қорғайтын объектіні толық қамтымайды. Келтірілген тұжырымдар, зерттеушілердің ойынша, көбінесе мәселенің криминалистикалық аспектісіне сәйкес келеді және қылмыстық құқық тұрғысынан толықтыруларды қажет етеді. [2. 5, 24 б]
Компьютерлік қылмыстылықтың қылмыстық құқықтық дефинициясының проблемасы мынадай болуы мүмкін. Онжылдықтар бойы кеңестік және содан кейін отандық қылмыстық құқық ғылымында да қылмыс объектісі болып белгілі бір қоғамдық қатынастар танылған және танылады. Қоғамдық қатынастар деп бір жағынан адамдар арасындағы кез келген әлеуметтік байланыстар, соның ішінде жеке, нақты қатынастар, ал екінше жағынан тек типтік тұрақты байланыспен айқындалатын қатынастар түсінілді.
Қазіргі теоретиктердің пікірі бойынша қылмыс объектісінің бұндай тұжырымы өзінің дұрыстығын сирек дәлелдей алады, өйткені кейбір жеке қылмыс құрамдарын талдау кезінде олардың объектілері болып «қоғамдық және мемлекеттік құрылыс», «адам», «адамның өмірі мен денсаулығы», «азаматтың құқықтары мен бостандықтары», «сот төрелігінің мүдделері» табылады, ал бұларды біз қоғамдық катынастар деп тіптен де айта алмаймыз.
Отандық зерттеуші Б. Х. Төлеубекованың көзқарасы бойынша компьютерлік қылмыс дегеніміз электронды-есептеу техникасын немесе электронды-есептеу техникасы арқылы алынған ақпаратты пайдаланумен жасалатын және мемлекеттің, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, қоғамдық кұрылымдардың, азаматтардың мүліктік немесе қоғамдық мүдделеріне, адам құқықтарына зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін қоғамдық қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік. [2. 46, 51б] Компьютерлік қылмысты анықтауға бұл тұрғыдан келу компьютерлік техниканы қүқыққа қарсы пайдаланумен байланысты мәселелерді шешуде маңызды рөл ойнауы мүмкін. Және де компьютерді қолдану салаларының күннен күнге көбеюі жағдайында, мамандардың айтуынша, зорлаудан басқа барлық жасалатын қылмыстардың көбісі компьютерлік технологиялардың көмегі арқылы жасалуы мүмкін.
Тағы бір көзқарас бойынша бүгінгі күні компьютерлік технологияларды пайдаланумен жасалатын қылмыстар туралы сөз қозғамай, оларды «ақпаратгық қылмыстар» деп кеңірек ұғымға біріктіру керек. Өйткені, заңнама каншалықты прогрессивті болса да ол бәрібір де ғылыми-техникалық прогресстен қалып отырады, сол себептен тез өзгергіш қоғамның талаптарына толық жауап бере алмайды.
Сондықтан заңнамада тек нақты техникалық құралдар көрсетілуі тиіс тәсіл сарқылды. Осы көзқарас бойынша заңнамада, соның ішінде қылмыстық заңнамада қоғамның ақпараттық қатынас саласындағы барлық қылмыстардың жиынтығын «компьютерлік қылмыстар» терминімен білдіру орынды емес. Компьютер тек ақпараттық жабдықтардың бір түрі ғана болып табылады және оны пайдалану мәселесімен құпиялы құжатталған ақпараттың айналымымен байланысты қатынастардың жиынтығы сарқылмайды. [2. 20, 25 б] Ақпараттық қылмыстар деп ақпараттың құқықтық қатынастар саласында жасалатын, жазалау қатерімен қылмыстық заңмен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекеттерді түсіне отырып, зерттеушілер әлемнің көптеген елдерінің қылмыстық заңнама нормаларымен көзделген компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстар - ақпаратты өңдеудің жалпы кұралы - компьютермен біріктірілетін ақпараттық қылмыстардың бір бөлігі болып табылады деп көрсетеді.
Осыған байланысты, олар компьютерлік қылмыстылыққа қатысты бүгінгі таңдағы көзқарастарды қайта карауды және кейбір елдердің заң шығару тәжірибесін, соның ішінде қылмыстарды компьютерлік және телекоммуникациялық деп бөлген Канаданың заңнамасын ескере отырып, бұл мәселені шешуде түбегейлі жолдарды ұсынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz