Мүлікке салынатын салық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1. Ұйымның қызметтіне жалпы сипаттама . . . 8

1. 1. Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы . . . 8

1. 2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есеп саясаты……14

2. - Кредиторлық борыштардың есебі . . . 20

2. 1 Салықтар бойынша міндеттемелердің есебі . . . 20

2. 2. Жабдықтаушылармен және мердігерлер мен есеп айырысудың есебі . . . 27

2. 3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысу . . . 31

3. Кредиторлық борыштардың аудитті . . . 45

3. 1. Аудиторлық тексерудің мақсаты мен ақпарат көздері . . . 45

3. 2 Кредиторлық борыштардың аудиті. 51

3. 3 Кредиторлық борыштарды талдау . . . 67

Қорытынды . . . 74

Қолданылған әдебиеттер тізімі77

Тіркемелер. . 80

Кіріспе

Нарықты экономика Қазақстан Республикасында жедел түрде дамуда. Онымен бірге шаруашылық үрдістерді реттеу механизмі болып табылатын бәсеке де өсіп келуде.

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіруде. Сондай-ақ 2002 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы күшіне енді. Осы негізде әлеуметтік күрделі мәселелерді шешу бүгінге күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.

Тәжірибе көрсеткендей, есеп регистрлерінде шаруашылық операцияларын бейнелеудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметінің қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың көпшілігінің қажеттілігін қамтамасыз ете бермейді. Бұл ақпарат іскерлік қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде өңделіп, белгілі бір түрге келтірілуі қажет. Қазіргі кезде бухгалтер нәтижелердің қалыптасуының әр түрлі әдістерін білуі, кәсіпорындағы қаржылық стратегияны жүзеге асыратын есеп саясатынның нұсқасын таңдап, басшылыққа ұсына алуы керек. Яғни, оның қызметінің аймағы шоттар жүйесінен қаржылық есептемеге дейін ұлғаяды. Қазіргі нарық жағдайы шаруашылық субъектілеріне өндіріс және қаржы жөнінен сұрақтарды өз бетінше мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның түрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарымқатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жынақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады, Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бүл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.

Диплом жұмысының мақсаты - зерттеу объектісі ретінде алынған кредиторлық борыштар соның ішінде : еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып, бюджетке салықтарды төлеу, жабдықтаршылар мен есеп айырысу болып табылады. Қандай да бір ұйымдар болмасын бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбек ақы болып саналады, яғни барлық ұйымдарда міндетті түрде еңбек ақы есептелінеді.

Сондықтан да дипломдық жұмыстың басты мақсаты «Республикалық білім беру саласын ақпараттандыру республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» мәліметтері негізінде ондағы кредиторлық борыштары бойынша есеп айырысу есебінің дұрыс жүргізілуін және ұйымдастырылуын сондай-ақ аудиторлық тексеру жүргізуді теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.

Еңбек қатынастары келесі ұйымдық-құқықтық негіздерге сүйеніп: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасы еңбек туралы” Заңына сәйкес жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымдар «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы» ҚР 1995 жылғы 19 маусымдағы №2335 Заңына және “Акционерлік қоғамдар мен еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен ұйымдастыру шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысы (өзгерістер мен толықтырулармен) негізіне сәйкес және ұйым өз жарғысын басшылыққа алады.

Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді үйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс кредиторлық борыштары бойынша есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және тәжірибелік мәліметтер негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады.

1. Ұйымның қызметтіне жалпы сипаттама

1. 1. Кәсіпорының технико-экономикалық сипаттамасы

«Білім саласын ақпараттандыру республикалық гылыми - әдістемелік орталыгы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз қызметінде Қазақстан Республикасының конституциясымен, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңды басшылыққа алады 7 шілде 1999 жыл №389-1, президент қаулысымен Қазақстан Республикасының заңы, күші бар 19 маусым 1995 жыл №2335 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», басқада нормативтік заңға сәйкес актілермен, сонымен қатар қазіргі Жарғымен .

Субъекті функциялары құқығын республикалық мемлекеттік меншік орталық қарымқатынасын мемлекеттік мүлік комитеті орындайды және жекешелендіруді Қазақстан Республикасының қаржы министірліктері ( одан әрі - комитет ) .

Орталық басқару органымен Мемлекеттік Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі болады ( одан әрі - министірлік ) .

Орталық тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарына ие болады.

Орталықтың мөрі, жеке балансы, банкілерде шоттары, мемлекеттік елтаңба бейнелеуімен өз атауы жазылған құжаттары бар.

Орталық бөлімдер және өкілдіктер жасай алады сәйкестікте Қазақстан Республикасының заң шығаруымен .

Орталық аты мемлекеттік тілде :

Толық - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің « Білім саласын акпараттандыру республикалық ғылыми - әдістемелік орталығы » республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ;

Қысқаша -«Білім саласын ақпараттандыру республикалық гылыми - әдістемелік орталыгы» РМҚК ;

Орталықтың орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, Жандосова көшесі -61 үй.

Орталықтың қызмет мақсаттары:

Орталықтың тағайындауымен білім және ғылым саласында шаруашылық өндірісінде жүзеге асырады .

Білім информатизациясымен педагогикалық және ғылымдардың техникалық саласында білім информатизациясы, білім тәжірибесінде ғылымдардың жетістіктерін енгізу, ғылыми - зерттеу жұмыстарды өткізу .

Орталық қызметі білім жүйелері информатизация мемлекеттік саясатымен орындалады .

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыруына Орталық келесі функцияларды орындайды :

- білім ұйымдарының педагогикалық процесіне замандас ақпараттық - коммуникациялық технологияларды енгізуі ;

- бірынғай жасау білім алатын ақпараттық ортада, халықаралық, глобальды коммуникациялы желісіне шығу ;

- оқулық, ғылыми, әдістемелік, мәлімет және жарнамалық әдебиет шығару және т. б

Орталық міндетті түрде мемлекет тапсырысың орындау керек.

Серіктестіктің жарлық капиталы 1 (жүз мың екі жүз) теңге құрайды. Серіктестіктің жарлық капиталы оны қатысушыларымен серіктестіктің тіркеу сәтіне дейін төленген.

Серіктестіктің жарлық капиталына салым ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ, жер пайдалану құқығы мен жеке әрекет қорытындыларының құқығы және өзге мүлік бола алады. Мүлік және мүлік емес құқықтар және басқа материалдық емес игіліктер түрінде салуға рұқсат берілмейді.

Серіктестіктің мүлігі қатысушылардың жарғылық капиталға салған алғашқы жарнасы, қосымша жарна, кәсіпкерлік әрекеттен түскен пайда, сондай-ақ, заем қаражаттары және басқа серіктестік белгіленген тәртіпте сатып алған немесе тапқан өзге мүлік арқылы құрылады. Қатысушылардың шешімі бойынша серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгере алады.

Серіктестіктің жарғылық капиталының көбеюінің қатысушымен еңгізілген қосымша салымдар, серіктестіктің жеке капиталы, нақты құны баланс құнынан асатын таза активтерді қайта бағалау, серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алу арқылы жүзеге асырылады.

Серіктестіктің жарғылық капиталының заңдармен белгіленген ең аз мемлекеттік тіркеу сәтінде азаюына рұқсат берілмейді.

Серіктестіктің жоғарғы органы қатысушысы жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің қатысушысының жалпы жиналысының айрықша құзырына келесілер жатады:

1) Серіктестіктің жарғысының өзгеруі, оның жарғылық капиталының мөлшерінің, орналасқан мекен-жайы мен фирмалық атауының өзгеруі, немесе серіктестіктің жарғының жаңа басылымда бекітілуін қоса;

2) Серіктестіктің атқарушы органынан құрылуы және оның өкілеттіктерінің мерзімінен бұрынтоқтатылуы сондай-ақ, серіктестіктің беру туралы немесе оның мүлігінің сенімді басқаруға берілуі туралы шешім қабылдау және осындай берілудің шарттарын анықтау;

3) Серіктестіктің тексеру коммисиясының өкілеттіктерін сайлау және мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ, серіктестіктің тексеру коммисиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;

4) жылдық қаржылық есепті бекіту және таза пайданы тарату;

5) ішкі ережелерді, оларды қабылдау іс-жосықтарын және серіктестіктің ішкі әрекетін ретке келтіретін өзге құжаттарды бекіту;

6) Серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестерге, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;

7) Серіктестіктің қайта құру немесе жою туралы шешім;

8) Тарату коммисиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;

9) Серіктестіктің барлық мүлігінің кепілі туралы шешім;

10) Серіктестіктің мүлігіне қосымша жарна еңгізу туралы шешім;

Серіктестіктің атқарушы органы жалпы жиналыста сайланатын директор болып табылады, ол қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады, оның анық құрылтайшысын тайындау барысында еңбек қарым-қатынастары еңбек заңдарына сәйкес ретке келтіріледі.

Директор қатысушының айрықша құзырына жатпайтын барлық мәселелерде құзырлы, соның ішінде:

- ағымдағы және болашақ жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

- қатысушының шешімдерінің дайындалуы мен орындалуын ұйымдастырады;

- серіктестіктің мүлігіне, оның ақша қаражаттарына қатысушымен берілген шетке билік етеді;

- ұйымдармен, сол сияқты мемлекеттік органдармен, соттармен қарым-қатынаста қатысушымен берілген және осы жарғымен белгіленген өкілеттіктер шегінде серіктестіктің әрекетінің жөніндегі мәселелер бойынша серіктестік ұсынады;

- өз құзыры шегінде басқа да қызметтерді атқарады;

Серіктестіктің директорының өкілеттіктері:

-Серіктестіктің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;

-Серіктестікті таныс ету құқығыны сенімхат береді, сол сияқты, қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді;

-Серіктестіктің жұмысшыларына қатысты оларды қызметке тағайындау, ауыстыру немесе орнына босату туралы бұйрық шығарады, еңбек ақысын төлеу жуйқтайды, лауазымды еңбекақының және жеке үстеме ақы мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселелерін шешеді, ақы төлеу шараларын қабылдайды және тәртіптік айып төлемдер салады;

Серіктестік заңдарға сәйкес есеп және есеп беру шынайылығы мен тәртібі сақталмағаны үшін жауапкершілік артады.

Серіктестіктің директорының қаржылық-шаруашылық әрекетіне бақылауды жүзеге асыру үшін қатысушы тексеру комиссиясын құра алады. Тексеруді жүргізу үшін сыртқы аудитор жұмысқа кірісе алады. Тексеру комиссиясының (ревизор) жұмыс тәртібі серіктестіктің ішкі әрекетін ретке келтіретін ережелер мен өзге құжаттармен белгіленеді.

Серіктестікпен оның әрекетінің қорытындылары бойынша бір жыл ішінде табылған таза пайдасы қатысушының жеке шешіміне сәйкес таратылады.

Серіктестіктің мүмкінді шығындарының орны серіктестікте резервтік капитал құрылған жағдайда, сол арқылы толтырылады. Резервтік капиталдың қаражаттары жетпесе немесе резервтік капитал болмаған жағдайда шығындардың орнын жабу көздері туралы шешім қатысушымен қабылданады.

Директор жалға алу туралы келісім-шарты, сондай-ақ, еңбек қарым-қатынастарын ретке келтіретін басқа формалар негізінде жұмысшыларды жалға алуды жүзеге асыруға құқылы.

Серіктестік жұмысшыларға Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленетін барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтармен қамтамасыз етугекепілдік береді.

Әр жұмысшының еңбек кірістері ең көп мөлшермен шектелмейдіжәне белгіленген ережелерге сәйкес салық салынады.

Серіктестік еңбек ақыны төлеу формасы мен жүйесін жеке анықтайды, мемлекеттік тарифті жұмысшылар мен сәйкес мамандардың еңбек ақысының төлеунің ең аз мөлшердегі кепілі ретінде қарастыра отырып, еңбек келісім-шарттарында тарифтік қойылым мен еңбек ақысының мөлшерін қарайды.

Серіктестік барлық жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдай үшін еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге міндетті және заңдармен белгіленген тәртіпте олардың денсаулығы мен еңбек қабылетіне тигізген зияны үшін жауапкершілік артады.

Жалпы ұйымның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштерді пайдаланамыз. « Білім саласын ақпараттандыру республикалық гылыми - әдістемелік орталыгы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) 2005-2006 жылдардағы негізгі көрсеткіштері төмендегі 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1- « Білім саласын ақпараттандыру республикалық ғылыми - әдістемелік орталыгы » ЖШС - ның 2005 - 2006 қаржы экономикалық көрсеткіштері*

Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2005 жыл

2006

жыл

Ауытқуы

(+; -)

№: 1
Көрсеткіштер: Тауарларды (жұмыс қызмет) сатудан түскен кіріс
Өлшем бірлігі: мың. тг.
2005 жыл: 11206, 4
2006жыл: 20520, 1
Ауытқуы(+; -): +9313, 7
№: 2
Көрсеткіштер: Жұмысшылардың орташа саны
Өлшем бірлігі: адам
2005 жыл: 50
2006жыл: 55
Ауытқуы(+; -): +5
№: 3
Көрсеткіштер: Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
Өлшем бірлігі: мың. тг.
2005 жыл: 32, 6
2006жыл: 1627, 2
Ауытқуы(+; -): +1594, 6
№: 4
Көрсеткіштер:

Еңбек өнімділігі

(1 /2 жол)

Өлшем бірлігі: мың. тг.
2005 жыл: 224, 1
2006жыл: 373, 1
Ауытқуы(+; -): +149, 0
№: 5
Көрсеткіштер:

Қор қайтарымы

(1 /3 жол)

Өлшем бірлігі: тг.
2005 жыл: 373, 7
2006жыл: 12, 6
Ауытқуы(+; -): -331, 1
№: 6
Көрсеткіштер:

Қор сиымдылығы

(3 /1 жол)

Өлшем бірлігі: тг.
2005 жыл: 0, 002
2006жыл: 0, 08
Ауытқуы(+; -): +0, 08
№: 7
Көрсеткіштер: Сатылған тауарлардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны
Өлшем бірлігі: мың. тг.
2005 жыл: 7721, 6
2006жыл: 12935, 7
Ауытқуы(+; -): +5214, 1
№: 8
Көрсеткіштер: Жалпы табыс
Өлшем бірлігі: мың. тг.
2005 жыл: 3484, 7
2006жыл: 7584, 4
Ауытқуы(+; -): +4099, 7
№: 9
Көрсеткіштер: Кезең шығындары
Өлшем бірлігі: мың. тг.
2005 жыл: 2401, 7
2006жыл: 6395, 7
Ауытқуы(+; -): +3994, 0
№: 10
Көрсеткіштер: Салық салынғанға дейінгі табыс
Өлшем бірлігі: мың. тг.
2005 жыл: 1082, 9
2006жыл: 1188, 7
Ауытқуы(+; -): +105, 8
№: 11
Көрсеткіштер: Корпоративті табыс салық
Өлшем бірлігі: мың. тг.
2005 жыл: 285, 4
2006жыл: 182, 9
Ауытқуы(+; -): -102, 5
№: 12
Көрсеткіштер: Таза табыс
Өлшем бірлігі: мың. тг.
2005 жыл: 797, 5
2006жыл: 1005, 8
Ауытқуы(+; -): +208, 3

*Ақпарат көздері: Кәсіпорының қаржылық есептілігі 2005-2006 ж. ж

Кестенің талдау қызметке байланысты 2006 жылы жұмыстарды, қызметтерді атқарудан түскен кірісі 9313, 7 мың тенге өскенін көрсетеді, барлығы 20520 мың тенгені құрайды. Жұмыстардың өзіндік құны 5214, 1 мың тенгеге өсуіне алып келеді, жалпы 12935, 7 мың тенгені құрайды. Жұмысшылар саны 5 адамға көбейді, еңбек өнімділігі 149, 0 мың тенгеге өсті. Жалпы табыс 4099, 7 мың тенгеге көбейді, бірақ кәсіпорының кезен шығындары 6395, 7 мың тенгені құрады, осының әсерінен үйым 2005 және 2006 жылдарда табыстылығы аз болып тұр. Сонда корпоративтік табыс салығын төлегеннен кейін, кәсіпорын 1005, 8 мын. тг таза табыс алды. Жалпы кәсіпорын жұмыстарынын нәтижесің жақсы деп көрсетеді.

1. 2 Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есеп саясаты

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

- бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сөйкес жүргізілуі;

- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қодданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;

  • алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
  • ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құру-дағы құжат нысандары;

- актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу төртібі (реті) ;

- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;

- құжат айналымы ережелері мен есеп, ақпараттарын өндеу технологиясы;

- шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;

- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:

  • меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны;
  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр тұрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа) ;
  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы;
  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша) ;
  • материалдық базасының болуы;

- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі;

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама -қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.

РМҚК «Орталық» есеп саясаты Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған.

Тиісті заңдылықтардың өзгеруіне байланысты РМҚК «Орталық» өзінің есеп саясатының ережелеріне шұғыл түрде өзгеріс енгізіп, құжатты пайдаланушыларға ескертеді. Есеп саясатының жалпы ережелерінде РМҚК-ң бухгалтерлік есебін жүргізудегі және қаржылық есеп беруді құруда Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес талаптарға сүйеніп, Типтік жоспар шоттарын қолданып, сондай-ақ олардың қағидалары, негіздері, жағдайлары, тәртіптері жазылған.

Есеп саясатының келесі бөлімі ұйымның заңды статусы мен ұйымдастырылу құрылымын қарастырады. Қоғам жекеменшіктік заңды тұлға болып табылады.

Есеп саясатының келесі бөлімінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен ішкі бақылау жүйесі келтіріледі. Ұйымдастыру негізіне қарай:

-қабылданған есеп саясатын есепті мерзім бойы бақылау;

-қаржылық міндеттемелер мен мүліктерді инвентаризациялау нәтижелерін сондай-ақ барлық шаруашылық операцияларын түгелдей есепте қамтылғанын;

-есепті мерзімге шығындар мен табыстардың дұрыс жатқызылғандығын;

-аналитикалық және синтетикалық есеп нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Барлық бухгалтерлік жазбалар Қоғамда бухгалтерлік есеп жүйесіндегі Типтік жоспар шоттарына сәйкес жасалынған Жұмыс шоттар жоспары жіктемесіне қарай жасалынып, Серіктестіктің қызмет ерекшелігіне байланысты құрылады. Жалпы бухгалтерлік жазбалар келесідей тәртіппен жасалады:

  1. Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының мазмұнына қарай алғашқы құжаттарға жазылады;
  2. Алғашқы құжаттардағы мәліметтер екі жақты жазумен корреспонденцияланып, журнал-ордерлер, ведомостерге немесе машинограммаларға жазылады;
  3. Осы құжаттардың негізінде қаржылық есеп құрылады.

Қоғам шаруашылық операцияларының құжатталу тәртібі, құжаттардың айналымы, бухгалтерияға немесе архивке түсу уақыты, өңделуі ішкі есеп аппаратының құжат айналымына сәйкес жүргізіледі. Қоғам бухгалтерлік есептің келесідей әдістері қолданылады:

-аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлары мен қаржылық есеп беру үшін дербес компьютерлер беріліп - есеп жартылай автоматтандырылған немесе журнал-ордерлік нысанда жүргізіледі яғни екі нысанда да жүргізіліп отыруға болады ;

-барлық жасалынған құжаттардағы мәліметтер Қоғамның қызметінің коммерциялық құпиясына жатады;

-құжаттардағы мәліметтермен танысуға Қоғамның басшысының рұқсатын алу керек;

-серіктестікте келесідей ішкі ұйымдық құжаттар жасалынады: ережелері, қызметкерлердің қызметтік нұсқаулары, іс және іс- жүргізу нұсқаулары, мүліктерге инвентаризация жүргізу нәтижелерін рәсімдеу мен талаптар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар, негізгі құралдар, есеп айырысу құжаттары, инвестициялар, қатаң есеп берудегі құжаттар т. б. туралы инвентаризациялық жеке құжаттар;

-қаржылық есеп нәтижелеріне аудиторлық тексеру жүргізіп отыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында мүлікке салық салу: құрылу негіздері және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы мүлік салығы және оның жетілдірудің ерекшеліктері
Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Тікелей салықтар және олардың экономикалық мазмұны
Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
Шетел мемлекеттеріндегі мүлік салығының ерекшеліктері
Мүлікке салынатын салықтардың экономикалық маңызы
Заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығының экономикалық мазмұны
Меншікке салынатын салықтар және олардың Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі рөлі
Меншікке салынатын салықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz