Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАДАҒАЛАУ САТЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . .
3: 12
КІРІСПЕ: 1. 1 Қазақстан Республикасында қадағалау сатысының қалыптасуы, қадағалаудың міндеттері мен мәні . . .
3: 12
КІРІСПЕ: 1. 2 Қадағалау тәртібімен сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану және наразылық білдіру. Қосымша материалдарды пайдалану мәселелері. .
3: 27
КІРІСПЕ: 2 ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ . . .
3: 40
КІРІСПЕ: 2. 1 Қадағалау өндірісін қозғаудың процессуалдық және істі тексерудің ревизиялық тәртібі . . .
3: 40
КІРІСПЕ: 2. 2 Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттігі. Сотта дәлелдемелерді бағалау ерекшеліктері . . .
3: 56
КІРІСПЕ: 3 ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІМЕН ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮДЫҢ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУДІҢ НЕГІЗДЕРІ . . .
3: 65
КІРІСПЕ:

3. 1 Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі. Сот тұжырымдарының істің нақты мән-жайларына сәйкессіздігі . . .

3. 2 Қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау. Тағайындалған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталушының ерекшеліктеріне сәйкессіздігі . . .

3: 65
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 118
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 121

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қылмыстық процестің міндеттері адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады. Қылмыстық процестің барлық институттары осынау мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететіндей етіп құрылған. Еліміздің заңнамасы осыларды жүзеге асырудың кепілдігі ретінде процеске қатысушының оның ойынша заңсыз, негізсіз деп табылған үкімдерді, содан кейін қабылданған сот қаулыларын қайта қарату құқын, сонымен қатар, процеске қатысушы басқа адамның әлгі сот шешімдерін қорғап шығу құқын белгілейді.

Облыстық және соларға теңестірілген соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қадағалау алқалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Қадағалау алқасының қаулыларына жасалған Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының ұсынысын, Қазақстан Республикасы бас прокурорының наразылығын қарау жүктелген Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Жалпы отырысы тізбесі мен мазмұны ҚР ҚІЖК-нің 10-31-баптарында көрсетілген, азаматтардың алдыңғы сот сатыларында бұзылған конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мұрат тұтады. Қадағалау сатыларындағы соттар қайта қараудың заңда көзделген процессуалдық тәртібін (сот қаулыларының күшін жою, өзгерту немесе оларды өзгеріссіз қалдыру құқы) қолдана отырып, төменгі сатылардағы соттарды қолданыстағы заңнамалардың мәні мен мазмұнын дұрыс түсінуге бағыттайды және олардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді.

Қадағалау өндірісін реттейтін заңнама республикамыздың қылмыстық сот өндірісі туралы басқа да заңнамалары сияқты даму және жетілдірілу үстінде. Ұлттық заңнамаларымыздың дамуы адам құқықтарының басымдығы туралы конституциялық ұстанымдарға сай олардың кепілдіктеріне деген ықыласты тереңдете түсумен сипатталады. Осы бағытта қол жеткізілген табыс ретінде процеске қатысушылардың қадағалау өндірісі сатысындағы құқықтарына байланысты кепілдіктердің нығая түсуіне мүмкіндік берген Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №111-III заңын атауға болады (әрмен қарай 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы ҚР заңы) [3, 6 б. ] . ҚР ҚІЖК-нің осы Заңмен толықтырылып, жаңа редакцияда жазылған 463-465-баптары процеске қатысушының қадағалау шағымын тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құрылған сотта алдын ала қараудың және сол бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау немесе одан бас тарту туралы қаулы қабылдаудың тәртібін бекітті. Алдын ала қараудың тәртібі прокурордың қадағалау наразылығы үшін де белгіленген. Жаңа Заң айыптау мен қорғау тараптарының заңды күшіне енген сот шешімдерін қадағалау тәртібімен қарау сатысында кездесетін процессуалдық құқықтары арасындағы сәйкессіздікті (прокурордың наразылығы қадағалау тіртібі бойынша, қорғау тараптарының қадағалау шағымдарынан айырмашылығы, міндетті түрде тиісті қадағалау сатысындағы сотта тікелей қаралуға жататын) жойды [4, 21 б. ] .

Сонымен, сот шешімдерін қайта қарау мәселесінде бүгінгі заман талабы мен кейінгі уақыттарда қабылданып жатқан заңнамалардағы өзгерістерге орай мейлінше актуалды проблемалардың туындап отырғанын байқау қиын болмаса керек.

Бұл жұмыс қадағалау өндірісі саласындағы Қазақстан Республикасының жаңғырған қылмыстық іс жүргізу заңнамасы аясында заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау проблемаларын саралауға бағытталған зерттеу болып табылады.

Дипломның мақсаты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру барысындағы қадағалау сатысы соттарының мәнін, маңызды механизмдерін анықтау, қадағалау өндірісінің құқықтық регламенттелуін және оның іс жүзінде қолданылуын жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Дипломның міндеті. Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді:

- қадағалау өндірісі туралы республикалық заңнаманың қазіргі жағдайын және ұлттық сот өндірісіндегі сот шешімдерін қайта қарау институттарының даму заңдылығын анықтау;

- осы институттың регламенттелу принциптерін пайымдау мақсатымен шетелдік мемлекеттердің қылмыстық іс жүргізу заңнамаларындағы заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау институттарының рөлі мен мазмұнын зерттеу;

  • сот шешімдеріне шағымдану жөніндегі тараптардың құқықтарын жүзеге асыру жолдарын кеңейту және олардың істі қарауға қатысуын қамтамассыз ету мәселелерін негіздеу;
  • қадағалау шағымдарын алдын ала тексеру және қарау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы Заңының жаңа ережелерін қолдануға байланысты сот тәжірибелерін сараптау және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • істі қадағалау тәртібімен қараған кезде үкімді қайта қараудың негіздерін (ҚІЖК 459-баптың бірінші бөлігі) және үкімнің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерін реттейтін ережелерді қолдану теориясы мен практикасын салыстыра отырып, талдау жүргізу;

- заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау барысында істі ревизиялық тәртіппен қайта қараудың мазмұнын ашу және істі қараудың шектерін анықтау;

  • сотталғанның жағдайын нашарлатуға жол берілетіндігіне байланысты қадағалау сатысындағы сот өкілеттігінің шегін белгілеу;
  • қадағалау сатысындағы соттардың қосымша материалдарды қолдану тәжірибелерін зерттеу және оларды пайдаланудың теориялық негіздерін нақтылау;
  • заңнамаларды, ғылыми зерттеу еңбектерін, құқық қолдану тәжірибелерін талдау арқылы заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға байланысты мәселелерді реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды негіздеу.

Зерттеудің обьектісі қылмыстық сот өндірісінде заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулылырын қайта қарауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар болып табылады.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Зерттеудің негізіне диалектикада қарастырылып, салалық ғылымдарда жасалынған арнайы тәсілдерімен толықтырылған ғылыми білімнің жалпы методологиясы алынды. Ұсыныстарды әзірлеуге байланысты нормативтік материалдарды, сот тәжірибелерін, арнайы әдебиеттерді зерттеу барысында сараптаудың жүйелі-құрылымдық, салыстырмалы-құқықтық, формальды- логикалық, нақтылы-тарихи тәсілдері, статистикалық қорытындылау және тағы басқадай жекеше-ғылыми тәсілдер кешенді қолданылды.

Қосымша материалдарды қадағалау өндірісінде пайдаланудың құқықтық негізі жөніндегі мәселеге келсек, бұл процессуалдық заңның ұқсастығын қолдану арқылы мүмкін болмақ, өйткені апелляциялық өндірісте қосымша материалдарды ұсынудың және пайдаланудың тәртібін реттейтін заңды ұқсастығы бойынша қолдану қылмыстық іс жүргізу құқығындағы заңды ұқсастығы бойынша қолданудың жалпы теориясының жекелеген жағдайы болып табылады.

Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, алты тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАДАҒАЛАУ САТЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

  1. Қазақстан Республикасында қадағалау сатысының қалыптасуы, қадағалаудың міндеттері мен мәні

Қазақстан Республикасының ұлттық сот өндірісі 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 207-І заңымен өмірге жолдама алған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі (әрмен қарай ҚР ҚІЖК) жұмыс істей бастаған 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастау алады [33, 335 б. ] .

Республиканың сот өндірісі кез келген басқа елдердікі сияқты үлкен де қиын жолдан өтті. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін оның аумағында қазақтардың дәстүрлі құқығы қолданылып, сол кездері туындаған барлық даулар соның негізінде шешілді.

Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін мұнда қылмыстық іс жүргізудің екі түрі қолданылды. Атап айтқанда, біріншісі - қазақтардың дауларды, құқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-дәстүрге негізделген дәстүрлі құқық бойынша сот ісін жүргізу, екіншісі - Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот ісін жүргізу. Сот өндірісінің кейінгі түрі бойынша іс орыс тілінде жүргізіліп, Ресей заңдарына бағындырылды.

Қазақстан жерінде кеңестік өкімет орнағаннан кейін қылмыстық сот өндірісі жергілікті жерлерде құрыла бастаған соттар арқылы орталық және жергілікті кеңес өкіметі органдарының декреттері, нұсқаулықтары, қаулылары негізінде, сондай-ақ билер мен қазылардың төрелігі арқылы қазақтардың дәстүрлі құқығы аясында жүзеге асырылды [22, 33-86 бб. ] .

Қазақ ССР Қылмыстық іс жүргізу кодексі сот үкімдеріне, қаулыларына, ұйғарымдарына шағымданудың, наразылық білдірудің түрі ретінде кассацияны, қадағалау тәртібімен іс жүргізуді және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қылмыстық істерді қайта бастауды бекітті. 1959 жылғы Қылмыстық іс жүргізу кодексі Қазақ ССР аумағында қолданыста болып, еліміз тәуелсіздік мәртебесін алғаннан кейін де 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін толық пайдаланылды.

1997 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды [33, 335 б. ] .

ҚР ҚІЖК-нің 10-бөлімі «Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу» деп аталды. Оған екі тарау енгізілді: 50-тарау - «Қадағалау сатысындағы іс жүргізу» және 51-тарау - «Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау».

Кезінде КСРО Жоғарғы Соты «Қылмыстық істер бойынша сот үкімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау тәжірибесі туралы» №2 қаулы (1974 жылдың 21 қаңтары) [43, 44-45 бб. ] және 1985 жылдың 5 сәуірінде «Қылмыстық істер бойынша үкімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды қадағалау тәртібімен қайта қарауды регламенттейтін заңнамаларды соттардың қолдануы туралы» №2 қаулы [44, 40-42 бб. ] қабылдағанын атап өткеніміз жөн.

Қадағалау өндірісінің мүмкіндігін әрмен қарай дамыту 2001 жылдың 11 шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының №238-ІІ заңында (әрмен қарай 2001 жылдың 11 шілдесіндегі Заң) [32, 239-251 бб. ] және 2005 жылдың 30 желтоқсанында өмірге жолдама алған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының №111-ІІІ заңында (әрмен қарай 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы Заң) [3] көрініс тапты.

Атап айтқанда, 2001 жылдың 11 шілдесіндегі Заң ҚІЖК-нің 458-бабын мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырды: «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қадағалау алқасының қаулыларын қайта қарауға және істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қадағалау алқасында қайта қарауға ерекше жағдайларда, осы алқа қабылдаған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін ауыр, орны толмас зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін екендігі туралы деректердің анықталуына байланысты енгізілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша жол беріледі».

Заң азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы жөніндегі істі қысқарту туралы қаулыларды қайта қараудың негіздері болып табылатын қылмыстардың қатарына орташа ауырлықтағы қылмыс жасауды қосты (ҚІЖК 459-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағы) . Сондай-ақ келтірілген нормалардың саны тағы екі тармаққа арттырылды: 5) азаматтық талап қоюдың дұрыс шешілмеуі және 6) істің сотта жаңадан қарауға заңсыз жіберілуі. Ал, 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы Заң бұл екі тармақты ҚІЖК-нің 459-бабынан алып тастады. Бұл, әрине, енгізілген қосымшалардың негізділігінің жетімсіздігін көрсетсе керек. Мәселен, азаматтық талап қоюдың дұрыс шешілмеуі заңның дұрыс қолданылмау мазмұнымен қамтылады, ал істің сотта жаңадан қарауға заңсыз жіберілуі түпкілікті шешім болып табылмайды және қадағалау өндірісімен реттелетін құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды.

Заң әдебиеті сот шешімдерін қайта қараудың міндеттері мен мәнін анықтаған кезде сот төрелігінің жалпы міндеттеріне сүйенген еді [8, 11 б. ] . Біз осы көзқарасқа қосыламыз. Бұл жалпы сот төрелігіне жүктелген міндеттердің біртұтастығымен түсінідіріледі. Қадағалау өндірісінің іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысы сияқты іске қатысты жалпы өндірістің міндеттерінен тыс жеке міндеті болуы мүмкін емес. Сондықтан біз жалпы қылмыстық процестің міндеттерін бегілейтін ҚР ҚІЖК-нің 8-бабын сөзбе-сөз келтіргенді жөн көрдік:

«1. Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.

2. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс».

Көріп отырғанымыздай, келтірілген нормалардың бірінші бөлігі қылмыстық процестің нағыз арналу бағытын көздесе, ал екінші бөлігі процестің қамтамасыз ету міндетін қамтиды.

Заң шығарушы дәл осындай міндеттерді қадағалау өндірісіне де жүктейді.

Мәселен, 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы Заң бойынша ҚР ҚІЖК-нің 459-бабы заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың негіздеріне істі тергеу немесе сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол берілуін не заңның дұрыс қолданылмауын жатқызады.

Осы аталған құқық бұзушылықтар яки кемшіліктер, егер:

  • кінәсізді соттауға;
  • орташа ауыр қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз қысқартуға;
  • жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
  • сот тағайындаған жаза қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуіне әкеліп соқтырса, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарауға негіз болып табылады.

Бұдан басқа, қадағалау инстанцияларының сот жүргізу құқығынан ҚІЖК-нің 109, 110, 111-баптарында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік және жеке айыптаушылардың айыптаудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ істі қосымша тергеу немесе жаңадан сотта қарау үшін жіберу туралы шығарылып, заңды күшіне енген сот қаулылары алып тасталынды. Байқап отырғанымыздай, заң мемлекеттік айыптаушыны да, жеке айыптаушыны да айыптаудан бас тартуын талап етеді. Осылардың біреуі айыптауды қостаған жағдайда, ҚІЖК 317-бабының жетінші бөлігіне сәйкес істі тыңдау жалғастырылады және қабылданған сот қаулысы қадағалау сатысында қаралуы мүмкін. Қадағалау сатысының сот жүргізу құқығына айыптаудың мемлекеттік және жеке айыптаушылар қостаған бөлігі де жатқызылуы тиіс.

Сот төрелігінің міндеті туралы кеңес заманында мейілінше дәлірек айтылған профессор В. Познанскийдің қылмыстық сот өндірісінің міндеттері кеңестік қылмыстық процестердің барлық сатылары мен барлық органдарында (анықтау, тергеу, прокуратура, сот) шешілуі тиіс деген пікірмен келіскен жөн [48, 5-7 бб. ] .

Бұл бойынша екінші сатыдағы соттың міндеті істі зерттеудің мәнін құрайтын фактілерді бірінші сатыдағы соттың қаншалық дұрыс анықтағанын тексеру, оларға қоғамдық-құқықтық баға беру, ашылған фактілерге қылмыстық заңды қолдану нәтижесінде туындайтын салдарларды анықтау, былайша айтқанда, дұрыс үкім шығару үшін қажетті шарт ретінде іс бойынша шындықты көрсету болып табылады.

Енді осы айтылғандардың іс жүзінде қолданылу деңгейін сипаттайтын мәліметтерге жүгініп көрелік. Мәселен, заңсыз және негізсіз деп танылған барлық кеңес соттары үкімдерінің тек 60 пайызы - кассациялық сатылар арқылы, ал қалған 40 пайызы сот қадағалауы тәртібінен күшін жойған. Осыдан-ақ кассацияның кемшілігін процестің ерекше сатысы - қылмыстық істерді қадағалаумен қайта қараудың есебінен толықтырудың белең ала бастағанын байқау қиын болмаса керек. Бірақ бұл құбылысты құптауға келмейді, өйткені процестің қадағалау сатысы кассациялық өндіріске тән кейбір маңызды кепілдіктермен (шағым түскен жағдайда істің міндетті түрде қаралуы, авдокаттың қатысуы, т. б. ) қамтамасыз етілмеген.

Кеңестік дәуірдегі теория негізінен бұл сатыны ерекше деп көрсетті. Осы сатының ерекшелігін А. Ривлин кеңестік процестің өзіндік ұйымдастырылуында деп түсінді. Яғни, сол уақыттарда қалыптасқан көзқарас бойынша заңды күшіне енген үкімдердің қате болып шығуы ерекше жағдай деп есептелді, сондықтан оларды қайта қарау да өзінше ерекшеленді. Сонымен қатар, олардың заңдылығы мен негізділігі жөнінде тек осыны бағалауға құқығы бар сот қадағалауының өкілдері ғана таласа алатын, демек, оларды қайта қарау іске қатысушы тараптарға байланысты емес деп танылды. Заңды күшіне енген үкімдерді қайта қараудың мұндай тәртібі оларды тексеруге мүмкіндік аша отырып, әрі олардың тұрақтылығын қорғайды [8, 48-49 бб. ] .

М. М. Гродзинский қадағалау тәртібімен үкімдерді қайта қараудың ерекшелігі осы өндірісті қозғаудың процессуалдық шарттарында (аталмыш сатыны кассациядағыдай тараптар емес, прокуратура және сот органдарының қажет деп тануы) деп түсіндіреді [5, 52-53 бб. ] .

М. С. Строговичтің пікірінше, қадағалау сатысы іс өзінің әдеттегі процессуалдық сатылау тәртібімен өтетін соттың үшінші сатысы емес. Оның түсінігінше, сот қадағалауы тәртібінің ерекше сипаты, осы тәртіп бойынша сот шешімдері тек ерекше, өте сирек жағдайларда ғана қайта қаралады дегенді білдірмейді. Сот қадағалауы тәртібімен үкімдерді қайта қарау кең түрде - жіберілген сот қателіктерін түзету қажет болған барлық жағдайларда қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ сот қадағалауы тәртібінің ерекше сипаты сот қадағалауы тәртібімен үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін іс бойынша жіберілген қандай да бір айрықша, ерекше құқық бұзушылықтар қажет дегенді де білдіреді.

М. С. Строговичтің түсіндіруінше, сот қадағалауы тәртібінің ерекше сипаты сол, ол сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін барып қолданылады және мұндай үкімді қайта қарау үшін қадағалау тәртібімен наразылық білдіре алатын, заң бойынша осыған өкілеттігі бар лауазымды адамның араласуы талап етіледі [6, 260 б. ] .

Бұл сатының ерекшелігі жөніндегі пікірлерді социалистік дәуірден кейінгі әдебиет те қостады. А. Рыжаковтың пайымдауынша, қадағалау сатысының ерекшелігі сол, мұнда заңның бұзылуын жою қайта қаралып отырған сот шешімі заңды күшіне енгесін барып іске асырылады және заңды күшіне енген үкімдердің негізсіз наразылыққа ұшырамауына кепілдік болады, жалпыға міндетті сот актілері ретінде олардың беделін қамтамасыз етеді [49, 9 б. ] .

П. А. Лупинскаяның тұжырымы бойынша, қадағалау өндірісінің ерекшелігі - сот шешімдерінің неғұрлым кең ауқымда тексерілетіндігінде, нақтырақ айтқанда: судьялардың қаулылары, соттың басқару мәжілісінің ұйғарымы, төменгі қадағалау сатысының қадағалау тәртібімен шығарған ұйғарымдары мен қаулылары, соттардың сотталғандарды жазадан шартты түрде ерте босату туралы және соттың үкімді орындау сатысында шешетін өзге де мәселелері бойынша жасаған ұйғарымдары [50, 488-489 бб. ] .

Қадағалау өндірісі сатысының ерекшелігі туралы ғалым-процессуалистердің пікірлері сол уақыттардағы заң шығарушылардың көзқарастарымен сәйкес келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
Сот бұйрығын шығару
Сот шешімінің заңды күшіне енуі
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қайта баста
Азаматтық іс жүргізу құқығының қатысушыларының құқықтық жағдайы
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны
Жоғарғы сот алқасының төрағасы
ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ СОТ АКТІЛЕРІНІҢ КҮШІН ЖОЮҒА НЕГІЗДЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz