Қола дәуірі және сол дәуірдегі ескерткіштер


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қола дәуірі және сол дәуірдегі ескерткіштер

Жоспары:

  1. Қола дәуірі
  2. Андроновтықтар мәдениеті
  3. Беғазы-Дәндібай
  4. Кент қаласы

Қола дәуірі - қоладан жасалған еңбек құрал-саймандары және қарулар басты роль атқарған кездегі адамзат тарихындағы ірі кезеңдердің бірі. Еуразия дала аймағында ол бір жарым мың жылға созылған біздің заманымызға дейінгі III ғасыр аяғымен - I ғасыр басына келеді. Қола - мыстың басқа металдармен қоспасы. Сапалы қолалар қаттылығы және беріктігі жағынан мыстан асып, қарапайым болаттан кем түспейді.

Қола дәуірінің ең ерте деректері (б. з. д. III мыңжылдық) Қарқаралы ауданындағы Қарағаш зиратынан алынды. Мұндағы бір қабірден мыс пышақ, қырғыш және қыш ыдыстармен бірге жерленген ер адам мүрдесі кездескен.

Глиняный сосуд эпохи бронзы

Б. з. д. II мыңжылдықтың басынан б. з. д. XIV-XIII ғ. дейін (орта қола кезеңі) Қазақстанда андронов тарихи-мәдени қауымдастығына жататын атасу (алакөл) және нұра (федоров) мәдениеттері өркеңдеді. Орта қола кезеңі тұрғындарын шартты түрде андроновтықтар деп атау қалыптасқан.

Биік деңгейдегі мәдениетті ұстанған андроновтықтардың қоғамын жауынгер арбалары бар әскери көсемдер басқарды. Қарқаралы ауданындағы Талды өзенінің жоғарғы ағысындағы Сатан зиратында осындай арба қалдықтары табылған. Көне жауынгер қабіріне қойылған екі аяқты арбаның ағаш дөңгелектерінің білігіне 10 шабақ қондырылған. Мұндай арбалар жаумен шайқастарда қолданылған. Жүйткіп келе жатқан арба үстінде түрегеп тұрып, олар қарсыластарын садақпен атып түсіріп отырған.

Андроновтықтарға археологиялық деректер арқылы бажайлауға болатын күрделі қоғамдық құрылым тән еді. Көсемдер мен ақсақалдардың биік әлеуметтік статусы олар өлгеннен кейін де нақтыланып отырып, оларға монументалды жерлеу құрылыстары - обалар тұрғызылды. Мысалы, Ақсу-Аюлы-2 зиратының ең үлкен обасының диаметрі 17 жарым метр. Оның астынан ортасында сыртынан қақпақтастармен айналдырылған екі жерлеу камерасы бар екі қатарлы тас қоршау ашылды. Осындай обалар Атасу өзені бойындағы Ортау-2 зиратынан да белгілі. Қатардағы андроновтықтарды шағын көлемдегі қоршауларда жерлеп отырған. Тұрғындарды металмен қамтамасыз етіп отырған металлургтер мен ұсталар андроновтықтар қоғамында маңызды роль атқарды.

Андроновтықтар өзен бойларын игере отырып, құрғақ климат жағдайында өмір сүрді. Олар егіншілікті де білді, бірақ өз қажеттерін, негізінен, мал шаруашылығы арқылы өтеді.

Ықылым замандардан бастап Қазақстан далаларында мал шаруашылығының ролі өте зор еді. Қола дөуірінде негізгі шаруашылық түліктері болып қой мен мүйізді ірі қара саналды. Жылқы маңызды көлік құралы болды.

Андроновтықтар мәдениетінің Ригведа мен Авеста деректері бойынша танымал ежелгі арийлер мөдениетімен көп ұқсастықтары бар. Сірә, үш мың жыл бұрын Үндістанға қоныс аударып, көнеүнді өркениетінің негізін қалаған арийлер осы Қазақстанның андроновтықтары арасынан шыққан болар. Андронов тайпаларының екінші бөлігі Қазақстан жерінде қалып, бұдан кейінгі кезеңдер мәдениеттері қалыптасуының аса күрделі процестеріне қатысқан.

Орталық Қазақстандағы мыс кендерінің бай қоры ірі, күшті металлургия ошағының дамуына негіз болды.

Соңғы қола дәуірінде (б. з. д. XIII-IX ғғ. ) Орталық Қазақстанда андроновтықтар мәдениетінің негізіңде қалыптасқан беғазы-дәндібай мәдениеті өркендеді. Археологтар Беғазы, Дәндібай, Айбас дарасы, Бұғылы, Саңғыру-1 және Саңғыру-2 сынды зираттарды, Атасу-1, Ақмұстафа, Мыржық, Қарқаралы-1, Қарқаралы-2, Қарқаралы-3 (Суықбұлақ), Кент, Бұғылы-1, Бұғылы-2, Шортандыбұлақ және т. б. қоныстарды зерттеді.

Беғазы-дәндібайлықтар үй жанындағы бақташылықтан экономикалық дамудың анағүрлым табысты формасы болып табылатын отарлы жайылымды шаруашылыққа көшкен еді. Бұл өзгеріс Беғазы-Дәндібай тұрғындары жасаған бірегей далалық өркениеттің қалыптасу алғышарт-тарын қамтамасыз етті. Осы уақытта көне қалалардың прототипі болып саналатын ерекше ірі қоныстар пайда болды. Неғұрлым жақсы зерттелген қонысқа Қарқаралы ауданындағы Кент тауының сайында орналасқан Кент қонысы жатады.

Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштерімен белгілі қола дәуірінің жаңа кезеңі басталды. Бұл мәдениет өздерінің атауын Дәндібай мен Беғазы қорымдарының сипаттары бойынша алды.

Жалпы ареалын сөз етсек, осы мәдениеттің тайпалары Орал тауының шығыс беткейінен, Қазақстан далаларын қоса отырып, Алтай тауларына дейінгі аумақты мекендеген.

Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі керамика болып табылады. Ол «белдеулі керамика» деген атау алған. Белдеу (валик) - қыш ыдысқа балшықтан жапсырылған сәл дөңестеу жолақ түрінде болады, ол ыдыстың мойын тұсын сәндейді. Белдеу мерзімдік (хронологиялық) ерекшелік ретінде Алтайдан Балқан түбегіне дейін Еуразиялық дала алқаптары бойынша өте кең таралған болатын. Белдеулі қыш беғазы-дәндібай мәдениетінің барлық жерлеу орындарынан және қоныстарынан табылған. Әдетте ыдыстар белдеуден басқа тырнақ бедері, шырша, ирек, саусақ ізі, тор, үшбұрыштармен әшекейленген. Ою ыдыстың жоғары жағында салынған.

Кент, Шортандыбұлақ, Бұғылы-2 қоныстарында қола дәуірінің федоровтық-нұралық (орта қола) кезеңі мен соңгы кезеңінің, яғни белдеулі керамика кезеңінің ерекшеліктерін байланыстырған ыдыстар табылды. Бұл үлкен жаналық еді. Басқа деректермен біріге отырып, . осы маңызды мәлімет беғазы-дәндібайдің белдеулі ыдыстарының андронов дәуірінен бастау алатынын, демек, беғазы-дәндібайлықтардың андронов тайпаларынан тарағанын куәландырады. Андроновтықтар мен дәндібайлықтар антропологиялық типі бойынша да біртектес. Еңбексүйгіш және Баянауыл тауларындағы Шойындыкөл молаларындағы дәндібай жерлеулерінен табылған үш бас сүйектің зерттелуі олардың андроновтық еуропеоидтық түрге жататындығын көрсетті. Осы жағынан алғанда да, беғазы-дәндібайлықтар андроновтықтардың ұрпағы болып табылады.

Беғазы-дәндібай дәуірінде адамдардың өмірінде мәнді езгерістер болған. Андронов кезеңіндегі мал шаруашылығының үй маңындағы түрінің орнына оның жайылымдық формасы қалыптасты. Мал шаруашылығының бұл түрі бойынша жайылымдар қысқы және жазғы деп бөлінген, қыста мал қоныс маңында ұстауда болады, ал жазда жайлауға айдалады. Шаруашылықтың мұндай әдісінде малмен бірге жазғы жайылымға қоныстың барлық тұрғындары немесе оның көп бөлігі кетеді.

Беғазы-дәндібай кезінде Қарқаралы өлкесінің түрғындары малды, яғни сиыр, жылқы, ұсақ малды кептеп өсірген.

Аңшылықтың нысаны болып киік, арқар, құлан, қабан, марал, бұлан, қасқыр, қарсақ, суыр, құндыз және ірі құстар табылған. Қоныстардың остеологиялық жинақтары негізін ірі және ұсақ мүйізді мал мен жылқы сүйектері құрайды. Жабайы фаунаның қалдықтары 2% аспайды. Демек, аңшылық қосалқы мән атқарған. Беғазы-дәндібайлықтардың ет-сүт тағамдарын мал шаруашылық экономикасы толығынан қамтамасыз етті.

Беғазы-дәндібайлықтардың алысқа көшу үрдісі аса жоғары бола қоймаған. Олар өзен және ірі бұлақ жағалары бойында стационарлы түрдегі тұрғын жайларда өмір сүрген. Әдетте қоныста 4-5-тен 20-ға жуық тұрғын үй болған. Оларды салу үшін тереңдігі 0, 5 м шамасында қазаншұңқыр қазған. Оның қабырғалары тас тақталарымен, тақталы қоршаулар немесе талды шарбақтармен бекітілген.

Мұндағы халықтың ең ірі тұрғын орны Кент болған. Қызылкеніш өзенінің оң жақ жағасындағы оның көлемі - 150 000 ш. м. Кенттің қарсысында сол жақ жағада орналасқан Алат, Алат-1. Алат-2 қоныстарымен бірге алғандагы жалпы көлемі 300 000 ш. метрді құрайды.

Кент - қола дәуірінін каласы.

Көне қоныстардың қала статусы археологиялық тұрақты қалыптасқан белгілер арқылы анықталады: 1 - қоныс аумағы 15 га-дан аз болмау керек; 2 - халық саны 5000 тұрғыннан аз болмауы керек; 3 - үлкен, күрделі (ғұрыптық) сәулет ескерткіштердің болуы; 4 - қонысқа тән өзінің ауыл шаруашылық аумағының болуы; 5 - қолөнер өндірісі; 6 - сауда мен айырбас; 7 - қала мен оның маңындағы тұрғындарындағы әлеуметтік стратификацияның (қабаттардың) байқалуы.

Көне Кентті құраған құрылыстардын қалдығы Қызылкеніш өзенінің екі жағасында 30 га аумақты алып жатыр. Әдетте Сарыарқа көне малшыларының мекен-жайлары 0, 1 га-дан 2 га-ға дейінгі мөлшерде. Кент оларды тұрғын және шаруашылық құрылыстарының көлемі және саны бойынша едәуір асып түседі. Ал оның тұрғындарының болжалды саны - 1500 адамнан астам.

Кенттің ауылшаруашылык аймағын оған синхронды Әкімбек, Домалақтас, Қызылтас, Қызылтас-1, Найза, Байшора, Нарбас сияқты анағұрлым шағын қоныстар құраған. Оларда қысқы кезеңде бірнеше отбасының қарауында мал ұсталған.

Кентте муйіз ою ісі қолөнер өндірісі деңгейіне жеткен, яғни өнімді тапсырушыга немесе рынокқа өткізе алатындай болган. Осы мүйіз кесу шеберлері пирофилиттен де заттар ойған, әзірше олардың да неге арналғанын анықтауға мүмкіндік жоқ. Олар шартты түрде «ұштықтар» атауымен сипатталып жүр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Қазақстан жеріндегі тас ғасыры
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Орталық Қазақстанда Нұра кезеңі
ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен 1945 жылға дейінгі зерттеулер
Қола дәуіріне тән ескерткіштер
Қола дәуіріндегі андронов мәдениеті
Тарихи археологиялық музей қорларын жинақтау тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz