Коммерциялық банктердің негізгі қызметтерін топтастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 БАНК ЖӘНЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ

ТЕОРИЯЛАРЫ . . .

  1. Банк категориясының түсінігі, функциялары, түрлері . . .
  2. Тұрғындарға көрсетілетін банктік қызметтің негіздері . . .

2 ҚАЗАҚСТАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТ

КӨРСЕТУДЕГІ ДАМУЫН ТАЛДАУ . . .

2. 1 «ТуранӘлем» банкінің сипаттамасы . . .

2. 2 Несиелендіру кезіндегі тұрғындарға көрсетілетін банктің қызметі . . .

2. 3 Тұрғындарға депозиттік операция жүргізуіндегі

банктің қызметі . . .

2. 4 Тұтынушылырға арналған «ТұранӘлем» банктің өнімдері . . .

3 ТҰРҒЫНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ

ЖЕТІСТІКТЕРІ . . .

3. 1 Тұрғындарға банктік қызмет көрсетудегі шетел тәжірибелері. .

3. 2 Еліміздегі тұрғындарға көрсетілетін банктік қызметтің даму

жетістіктері мен перспективалары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

5

8

8

20

31

31

34

47

57

71

71

75

86

88

90

КІРІСПЕ

Ұлттық экономикада банк жүйесі экономикалық тұрақтылықты сақтайтын және оны дамытатын маңызды қаржылық институт болып табылады.

Нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі болып банктік жүйе қарастырылады. Қазақсан Республикасының банктік жүйесі екі деңгейден тұрады: бірінші деңгей - Ұлттық (орталық) банк, екінші деңгей - коммерциялық банктер.

Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі Қазақстан Республикасының Конституция нормаларымен, «Қазақстан Республкасының Ұлттық банкі туралы» және «Банктер және банк ісі туралы» Заңдармен, Ұлттық банктің нормативті-құқықтық атілермен реттеледі.

Банктер судалық, яғни қарыз капиталының қозғалуымен, жинақтауымен және бөлуімен байланысты кәсіпкерліктің ерекше бір түрі болып келіді. Қазіргі таңда коммерциялық банктер негізгі үш функцияны орындайды. Олар: ақша қаражаттарын тарту, осы тартылған ақша қаражаттарын орналастыру, олар арқылы тұрғындарға несие беру. Тұрғындар қоғамның байлығы болғандықтан оларға дұрыс банк қызмет көрсету, несиелендіру арқылы олардың экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекеттік стратегиялық және банктің негізгі бағыты болып келеді. Осыған орай дипломдық жұмыстың маңыздылығы мынада. Бүгінгі таңда ақпарат пен технологияның дамуына байланысты айналымнан қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналымдары алынып тасталып, олардың орнына электрондық банктік қызмет көрсетулер ендірілуде. Ендеше тұрғындарға көрсетілетін банктік қызметтер және оның Қазақстан Республикасында даму перспективаларының мәні мен мазмұнын ашу, күнделікті өмірімізде қолданып жүрген банктік өнімдердің қажеттілігін көрсету аса маңызды болып келеді.

Банктер дәстірлі банктік қызметімен қатар, яғни несиелік және депозиттік операцияларды ұйымдастастырып қана емес, сонымен қатар қазіргі заманға сай жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді көрсетеді.

Жоғары деңгейлі бәсеке нарығында банктер жаңа өнімдер мен қызметтерді шығарып, өзінің бәсекеқабіліттілігін ұлғайтады. Бұл банктің жаңа өнімдер мен қызметтеріне жататын банктің бағалы қағаздар және валюталық нарықтарындағы ұйымдастырылатын операциялары, лизингтік операциялар, факторингтік және форфейтингтік операциялар, тұтынушылырға көрсетілетін трасттік және т. б. қызметтер.

Бағалы қағаздар нарығында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде, бағалы қағаздармен операцияларын өткізудегі делдал ретінде, бағалы қағаздардың иелерінің құқықтарының есеп жүргізуші ретінде немесе бағалы қағаздар операцияларымен байланысты табыстарды есептеу мен төлеу агент ретінде болуы мүмкін.

Валюталық нарықта банктер валюталық құндылықтармен операцияларды ұйымдастырып, банк табысының сомасын жоғарлатуына үлесін қосады. Бұндай операцияларды жүзеге асыру үшін банктер міндетті түрде белгіленген ұйымдардан рұқсат белгісі - лицензияны алу тиісті. Валюта нарығындағы банк операциялары екі түрге бөлінеді: ағымды операциялар және капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялар.

Нарықтық экономикасына сай шағын және орта бизнестің белсене дамуы байқалады. Бұл процеске банктік операцияларда бағытталады. Мысалы, банктердің дамып келе жатқан лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялары алдында айтылып кеткен бизнес түрлеріне аса көп мүмкіншіліктерді ашады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - еліміздегі банк жүйесінің жаңа қызметтері мен өнімдерінің даму процесін жанжақты зерттеу.

Бұл мақсатқа жету барысында келесі тапсырмалар қойылды:

  • банк және банктік қызметтің негізгі теорияларын ашып, түсіндіру. Банк деген қаржылық институтқа анықтама бере отырып, оның мәнін, функциялары мен түрлерін ашып көрсету.
  • республикамыздың коммерциялық банктерінің тұрғындарға банктік қызмет көрсетудегі дамуын талдау. Қазіргі кезде мемлекетімізде коммерциялық банктердің тұрғындарды көрсетілетін өнімдер мен қызметтерге анықтама беріп, олардың қажеттілігі мен қолдану аумағына талдау жасау.
  • республикамыздағы банк жүйесінің жетістіктерін талдай отырып, бұл жүйенің потенциалын анықтау.

Дипломдық жұмыстың пәні ретінде банк жүйесінің жаңа қызметтері мен өнімдері қарастырыылады. Жұмыстың объектісі ретінде Қарағанды қаласында орналасқан АҚ «ТұранӘлемБанк» бөлімі алынды.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде банк ісінің негізгі дерек көздеріне аталмыш сала бойынша жазылған оқу құралдары мен әзірлемелерге сүйеніп, тәжербиелік жағынан Қазақстан банктерінен сандық статистикалық көрсеткіштер алынды.

Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде отандық және шетел ғылыми және оқулық әдебиеттері, Қазақстан Республикасындағы банк қызметі жөніндегі заңдық және нормативтік ережелері пайдаланды.

Жұмыстын құрамы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк категорясына түсініктеме, банктің көрсететін қызметтеріне теоретикалық тұрғыдан талдама жүргізіліп өтілген, екінші бөлім зерттеу объетісінің мәлеметтері бойынша жаңа өнімдер мен жаңа қызметтердің талдау жұмыстары жасалған. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі таңдағы жетістіктері мен даму перспективалары қарастырылған.

1 БАНК ЖӘНЕ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІГІ

ТЕОРИЯЛАРЫ

1. 1 Банк категориясының түсінігі, функциялары, түрлері

Банк - көне ұғым болып саналады және оның көрінуі ақшаны айырбастау, қарызға ақша беру, өзгелердің ақшаларын шоғырландыру туралы ойлардың пайда болуымен байланысты болды. «Банкті» сөзбе сөз аударғанда, ақшамен операция жасалған «тақтайша орындық» ұғымын білдіреді.

Көптеген өзгерістермен қайта құруларды басынан өткере отырып, банктер капитализм дәуірінде неғұрылым айқын ұғымға ие болды. XV-XX ғасырлардағы көптеген елдердің экономикалық тарихы банктердің көбеюін, жаңа банктердің пайда болуын және олардың қызметтерінің толыға түсуін, банктердің сыртқы жағдайлар мен факторларға тәуекелдігін, сонымен бір мезгілде олардың елдердің экономикасына, операциялардың ұлғая түсуі мен банктер рөлінің артуына өлшеусіз әсер етуін дәлелдей түседі.

Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайында барған сайын «кәсіпорын» ретінде көбірек қаралатын болды. Кез келген кәсіпорын сияқты банк өз қызметінің маңызды түрде өзгеше көріну жағдайында, тұтынушыларға нақтылы қызмет көрсететін, өзінің өнімін алға жылжытуды жүзеге асыратын дербес заңды тұлға болып қала беретін болады және ол кіріс пен пайда алуға мүдделі баланс жасайды, мемлекетпен есеп айрысуды жүзеге асырады.

Банктерге сауда кәсіпорны, делдалдық кәсіпорын, делдалдық кәсіпорын, несие беру кәсіпорны, коммерциялық кәсіпорын, биржалардың агенті түріндегі делдал, мемлекеттік басқару тетігінің бір бөлігі болып табылатын әріптес ретіндегі кәсіпорын түрінде сипаттама беру ақылға сыйымды болады. Әрбір жеке айқындамалар тұрғысынан қаралатын банктерді ең алдымен орындайтын операциялардың сипаты, банк жүйесіндегі банктердің деңгейі және елдің ақша, қаржы ресурстарына қатынасы бойынша бөліп көрсетудің маңызы зор. Бұл орталық және эмиссиондық банктер, коммерциялық банктер, мамандырылған қаржы-несие институттары болуы мүмкін.

Банктердің үлгілеріне қатынасы әрбір жеке банктің толық сипаттамасын берген жөн. Банк сауда кәсіпорны ретінде айрықша тауар-ақшамен сауда жасайды, осыған орай сату кезінде өзі үшін кіріс алады және сатушыларға сыйақы төлей отырып, сатушылардан ақша ресурстарын өзі сатып алады. Банк материалдық саладағы басқа кәсіпорындардан нарықтық ортадағы тауар ретіндегі ақшаның өзгешелегінің, банк өзінің тауарын айрықша бағаға сата отырып, оның жана құнға айналып өсіу арқылы қайтатындығын күтетіндігімен ажыратады. Банк салымшыларының ақша қаражаттарының өзіне тартып, оларды пайыздармен және қызмет көрсетудің сапасымен қызықтарға отырып, айрықша тауар ретінде ақшаны сататын өзінің босалқы қоры мен ресурстар қорын толықтарды.

Банктер сауда кәсіпорны ретінде өз операцияларының сыртқы белгілері арқылы емес, қызметтерінің маңыздылығымен ерекшелінеді. Ақша қаражаттарын сақтау үшін клиенттердің бүкіліне айырысу және ағымдағы есеп шоттарын аша отырып, банк ресурстар шоғырланатын «сыйымды ыдысты» айналады. Бұл жерде банк есеп-шот иелерінің алдында өзіне үлкен міндеттемелер қабылдаумен қатар несие беру, есеп-шоттарға төлем жасау, ақша аудару бойынша операциялар жүргізетін ресурстармен «сыйымды ыдысты» толтыруға өзі де мүдделілік танытады. Бір мезгілде есеп-шоттарда қарыз алушылардың, кредиторлардың ақша қаражаттарын сақтаушы ретінде қатыса отырып, банктер өз кезегіндегі делдалдық қызметті басқа операцияларға оқшау тәртіпте емес, өз клиенттерінің мүдделерімен өзара байланыста орындайды. Осыған орай ресурстардың салымшы-сатушылары ретінде банктер клиенттердің мүдделері туралы ұмытып кетуіне болмайды. Осындай жағдайда ғана банктер елдің экономикалық өмірінде, нарықтық қаржылық ортада делдал ретінде өзінің қызметін сақтай алатын болады.

Банк - несие кәсіпорны ретінде логикалық және мерзімдік тұрғыдан да «несие» түсінігімен өзара байланысты. Қоғамдағы экономикалық қатынастарда білдіреді және капиталдың қозғалысын көрсете отырып, несие өзінің мазмұнында көптеген сипаттарға ие болады және оның іс-жүзінде өзін көрсетуіне айрықша институт-банктер өз әсерін тигізеді. Банктерсауда, делдалдық операцияларды байланысты болады. Олар несие әлеулетін жасау мақсатымен қарыз беруші болып қатысады, қарыздар, пайыздар бойынша өзіне міндеттемелер алады, сондай-ақ елдегі негізгі несие орталығы болып саналады, соның негізінде барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге несие беру есебінен банктің негізгі табыс көзі болып саналатын салымшылардың уақытша жұмылдырылған ақша қаражатын өзінің нақты ісіне сала отырып, сыйақылар алады. Банктің несие қызметі өзгеше кәсіпорын ретіндегі банктің істеуі үшін неғұрылым беделді қызмет түрі болып саналады. Бұл әсіресе екінші деңгейдегі банктерге тән.

Банк - коммерциялық кәсіпорын ретінде өзінің сауда, делдалдық, несие беру операцияларын жүзеге асрып, есепті кезенге баланс жасап, табыс алуға деген өзіндік мүддесін таныта отырып, пайда табады және ол оған мүдделі болып табылады. Банктің шығынды қызметі нарықтық ортадағы оның толық банкроттық жағдайын көрсетеді және банктерді жабу үшін негіз болып саналады. Сондықтан да банктер өздерінің қызметтерінің орындау және көптеген операцияларды жасау кезінде коммерцияның маңызды қағидаларын ұстанады: онсыз банк өмір сүруін тоқтататын пайдаға қол жеткізуді; жоғарғы кірістілікті қамтамасыз етеді; банктің пассив балансы бойынша қатыстырылған қаржылар үлесінің артуымен банк ресурстарының тез айналым жасаушылығына жетуді; өз мүдделері мен клиенттердің мүдделері үйлесім тапқан жағдайда, соған орай соңғыны алдыңғы орынға жылжыта отырып, банк ісіндегі тәуекелді төмендетуді көздейді. Банктер клиенттердің ақша, қаржы операцияларына қызмет көрсету үшін құрылады және өндірісті кеңейтуге, судалық капиталдың қозғалысына қызмет етеді.

Банк биржалардың агенті ретінде делдалдық, несиелік операциялардан соң, бағалы қағаздарды сатып алу бойынша неғұрылым маңызды операцияларды орындайды. Банктерге берілетін мұндай сипаттама, бағалы қағаздар нарығының функционалдық қызметі банктермен белсенді өзара байланыссыз қаралмайтын әлемдегі қазіргі кезеңге тән болып саналады. Банктер, өздерінің бағыттаушылығын дамытып, ықпалын кеңейте отырып, қағаздар нарығының бір бөлігіне айналады, капиталдарды инвеститциялау бастапқы және қайталап орналастыруда нарыққа қатысушылардың тапсырмаларын белсенділікпен орындайды. Банктің қор операцияларын жүргізуі мен елде және одан сыртқары жерлерде бағалы қағаздарды жеткізетін делдалдар ретінде қатысуы қор нарықтарындағы агенттер ретіндегі банктердің рөлін берік бекіте түседі.

Банк автономиялы кәсіпорын ретінде бекітілген заңдық және экономикалық қалыптар негізінде елде өз қызметін жүргізеді және банктерді құру мен оның қызметінің негізгі қағидаларын айқындайтын өзіндік құқықтық негізге ие болып табылады. банк операцияларын жүзеге асырудың құқықтық негіздері, клиенттермен, мемлекетпен, банкшілік жүйемен өзара қатынастардағы банктердің құқығы мен жауапкершілігі әр елдегі банк және банк қызметі туралы заңдармен айқындалады. Нарықтық экономикасы дамыған әлем елдерінің заңдарында банктердің, әсіресе меншікті ресуртарымен, яғни нормативтер мен мемлекет алдындағы міндеттемелерді экономикалық нормативтер шегінде орындаумен, әр түрлі салалардағы салымшылардың тартылған ақша қаражаттарының үлкен үйлесімімен жұмыс істейтін коммерциялық банктердің экономикалық автономиядағы тарихи түрде атап көрсетіледі. Банк туралы заңдар нарықтық қатынастардағы олардың экономикалық мүдделерін шешудегі банктердің іс-қимылын шектейді.

Банк әріптес ретінде қызметін жүргізе отырып, клиенттермен өзінің қатынасын өзара тиімді жағдайларға, коммерциялық жоспар мен қатынастарға құрады. Жалпыға белгідей, банктер клиенттер үшін және өзінің көрсететін қызметі арқылы олардың талап-тілектерін қанағаттандыру үшін құралады. «Барлығы клиенттер үшін» қағидасы тәжірибе жүзінде банктердің рөлі мен орнын төмендетпейді, қайта, банктер салымшыларға, қарыз алушыларға, сондай-ақ есеп-шоттарын жүргізуге әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындарға қызмет көрсете отырып, өз клиенттерінің әріптестеріне айналады. Клиент пен банк арасындағы өзара сенім ғана бірінші кезекте өзін ұстап тұруға және екіншіден, банктерге қаржылық қолдау көрсетуге қабілетті болып саналады. Сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банктер қауқарсыз клиенттермен берік өзара байланыс орната алмайды, шығынды кәсіпорындармен әріптестік ынтымақтастық орнатуға онша мүдделілік танытпайды. Банктердің коммерциялық бағыттаушылығы заңдар мен нормативтер шегінде клиенттерден банкінің қызмет үшін ақы талап етуге, несие үшін пайыздар алуға мүмкіндік береді, осыған орай банктер кәсіпорындардың іскер қаржылық әріптестері болып қатысады.

Банктер мемлекеттік басқару тетігінің бөлігі ретінде шашыранды капитал мен ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды қаржы ресурстары түрінде орталықтандыра отырып, бұл қаржыларды тұтастай экономиканы, өндірісті дамытуға жұмсалатын қаражатқа деген нақтылы, обьективті қажеттіліктерге бағыттайды, оларды мемлекет мүдделілік танытып отырған инвестицияларға салады. Өзінің барлық операцияларын шаруашылық саласындағы есеп айырысу мен төлемдер бойынша, шаруашылық жүргізуші субьектілерге (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар және кәссіпкерлер) несие беру бойынша жүзеге асыра отырып банктер біршама дәрежеде клиенттердің есеп-шоттарынан ақша қаражаттарының жеке банктен алынған ссудалардың жұмсалу дұрыстығына бақылаушы болып қатысады. Банктердің қолындағы ақшалар экономиканы басқарудың белсенді құралы болып саналады. Елдегі бүкіл ақша мен қаржы ресурстары ақыр соңына қалай, қандай түрде пайданылады, несие берудің экономикаға беретін қайтарымы қандай, банк операциялары мен қызметтерінің өндіріс пен айналым саласының дамуына, елдің және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізетін оң әсері қандай екендігіне мемлекет бейжай қарай алмайды.

Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайындағы өздерінің функционалдық қызметтерінде банктер жүйесінің жалпы қағидаларына сүйенеді. /16, 65б. /

Егер оларды банк түрлері бойынша қарастыратын болсақ және әр түрлі белгілеріне қатысты үлгілері бойынша бөліп көрсететін болсақ банктерге берілетін сипаттама да толық бола түседі.

Әлемдегі қазіргі заманғы банк жүйесі күрделі, көп буынды құрылым болып саналады. Клиентке көрсетілетін қызмет сипатының базалық ұқсастығы, мемлекеттің қаржы саясатымен өзара байланыстығы оның негізі болып қызмет етеді.

  • ақша эмиссиясына құқығы бар мемлекеттің орталық банкісінің міндетті түрде болуы.
  • қызмет көрсету сипаты мен даму деңгейінің көптеген белгілері бойынша топтастырылған коммерциялық банктер.
  • әртүрлі қаржылық топтарды, компанияларды, ұсақ салым орталықтарын енгізетін мамандандырылған қаржы институттары /16, 27б. /

Мемлекеттің орталық банкі - бұл мемлекеттің қаржы саясатымен тығыз өзара байланысты қызмет істейтін, негізі бойынша мемлекеттік ұлттық банк.

Елдегі ақша айналымын коммерциялық банктер мен банк жүйесінің басқа буындары деңгейінде және оған қызмет көрсету кезінде үкімет деңгейінде несиені басқару, орталық банкті банктердің барлық басқа түрлерінен өзгешелеп тұрады. Ұлттық ақша-несие, қаржы саясатын жүргізе отырып, орталық банк елдің басты банкі болып саналады.

Коммерциялық банктер нарықтық қатынастардың белсенді қатысушылары ретінде, операциялар мен қызметтердің көптеген түрлері арқылы іскер банктер түрінде қатысады. Олардың көмегімен клиенттерге қаржылық қызмет кқрсетуде активті және пассивті операциялар жасау, есеп айырысуларды жүзеге асыру кездерінде ссудалық капиталдың ауысуы болады.

Мамандандырылған қаржы институттары (сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, сақтық мекемелері, тұтыну және ипотекалық несие қоғамы, несие одақтары, несие кооперативтері, қаржы үйлері, ломбардтар және т. б. ) ақша капиталы мен қаржы ресурстарының нақты нарығында қызмет істейді, көпшілік жағдайда клиенттерге тікелей несие берумен айналыспайды, ал ақша капиталын тарту мен орталықтандырудың түрлері олардың атқаратын қызметтік міндеттеріне байланысты болады.

Банктерді банк жүйесінің үш негізгі тобы бойынша бөліп көрсете отырып, ақша, қаржылық капитал қатынастары нәтижесінде пайда болатын топтар арасындағы айқын өзара байланысты анықтау аса маңызды болып табылады. Бұл ақшаның есеп-шотқа бастапқы салынған сәтінен бастап оның қозғалысын, қаржыландыру мен несие берудің түпкі көздері болып қатысып, ресурстар мен қаржы капиталын құра отырып, сондай-ақ ауысу сатыларынан өту арқылы банктердің басқару обьектілері болып саналатындығын білдіреді.

Банктерге олардың үлгілері бойынша толық сипаттама берген жағдайда банк ісіндегі күрделі проблемалар бой көтереді. Аталмыш жағдайда елдің экономикалық дамуындағы оның рөлінің көрінуіне, қызметтерді орындау мен операциялар жасауына тікелей әсерін тигізетін банк «құрылымын» білудің айрықша маңызы бар.

Төменде әр түрлі белгілері бойынша барлық елдер үшін ортақ болып табылатын банк үлгілерінің сипаттамасы келтіріледі:

  • қызметтік белгіленуі бойынша банктер: эмиссиондық, депозиттік, коммерциялық;
  • меншік нысандары бойынша банктер: мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, аралас;
  • мамандануы бойынша банктер: салалық, әмбебап, өнеркәсіптік, сауда, ауыл шаруашылық, инвестициялық;
  • арнаулы міндеттерді орындау бойынша банктер: инновациялық, өзара көмек кассалары, сақтандыру қызметтері;
  • аумақтық белгілері бойынша банктер: қалалық, муниципалдық, аймақтық, мемлекет аралық болып бөлінеді.

Барлық елде әр елдің қаржылық, банктік жүйесінің табиғи даму процесі болып саналатын банктердің әр түрлі үйлесімдегі алуан үлгілері қызмет істейді. Банктердің жоғарыда атап көрсеткен жіктеуінің бірде бірі өздігінен банк ісін тежемейді, қайта банктер қызметінің мазмұнын, жасалатын операциялар мен көрсетілетін қызметтердің сипатын, сондай-ақ салалар мен аймақтарды дамытудағы, қаржы капиталын жинақтаудағы және тағы басқа банктердің рөлін ашып көрсетеді. /19, 56б. /

Коммерциялық банктердің сипаттамасын келесі суреттен көруге болады.

Сурет 1. Коммерциялық банктік сипаттамасы /12. 40 б. /

Нақты тәжірибеде көпшілік дамыған елдер банктердің үлгілерін сипаттау кезінде банктерді көтерме және бөлшек банктерге бөледі.

Көтерме банктер, негізінен, бұл үкіметтің айрықша рұқсатымен қызмет істейтін коммерциялық банктер, олар қол ақшаларды басқаруды валюта айырбасын жүзеге асырады және қаржылармен сауда жасайды, трасталық операцияларды орындайды, өнеркәсіп, сауда саласына несие береді. Мысал үшін, Америка Құрама Штаттарындағы көтерме банктер федералдық үкімет шешімінің негізінде, андеррайтингтік операциялардан өзге, ірі көлемде көрсетілген операцияларды орындайды.

1993 жылы коммерциялық банктер инвестициялық банктерден бөлініп шықты.

Бөлшек банктер - бұл есеп айырысулар бойынша, шағын, орта бизнеске несие беру, жеке салымшылардың қаржыларын тартуда көптеген операцияларды жүзеге асыратын шағын, жергілікті банктердің жүйесі.

Көрсетілетін қызметтер мен техникалық сипаттамаларының жиынтығы тұрғысынан банктердің үлгілерін анықтау кезінде оларды инвестициялық, сауда, сауда, әмбебап банктерге бөлуге болады:

Инвестициялық банк - оны белгілі баға бойынша толық немесе жартылай алуға кепілдік беру негізінде клиенттің шығарған бағалы қағаздарын бастапқы болып орналастыру қызметін жүзеге асырады, осыған орай банк бағалы қағаздар эмиссиясы кезіндегі тәуекелді өзіне алады. Банк андеррайтер ретінде қатысады.

Банк сондай-ақ консасалтингтік қызметтерді дамытады. Мысал үшін инвестициялық банктер АҚШ-тың қаржылық жүйесінде ерекше орын алады.

Сауда банкі - бағалы қағаздарға ие болғанда, компаниялардың қосылуы жағдайында коммерциялық қызмет көрсетеді. Несиемен сауда жасау делдалы болып қатысады.

Өздері ресурстарды сатып ала отырып, банктер қажетсінгендерге қарыз береді. Белгілідей сауда банктері Еуропада (Ұлыбританияда) даму алды және оларды АҚШ-тағы инвестициялық банктердің ұқсастығы ретінде қарауға болады. қазіргі уақыттағы сауда банктерінің қызметі барынша жеке ыңғайда қаралады (банк есеп шоттарын жүргізуден бастап қор биржасындағы, алтын нарығындағы, валюта нарығындағы операцияларға, сақтандыру компанияларын және тіпті тауар операцияларын басқаруға дейінгі) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік маркетинг туралы
Банк баланстарын талдау
Қаржы және банктер
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Банктік менеджменттің сипаты
Банк маркетингісі туралы ақпарат
Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi
АҚ «Альянс»
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
«Коммерциялық банктің активті операциялары»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz