Материалдық ресурстар - жер немесе шикізат материалдары және капитал



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің дамуының
теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
1.1 Нарықтық жағдайда өнеркәсіптің қалыптасуының мәні мен
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2 ҚР-дағы өнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... .

1.3 Өнеркәсіп өндірісін инвестицияландыру және несиелендіру
мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

2. Жамбыл облысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің дамуын талдау ... ... ..
2.1 Мекеменің даму тарихы және қызметінің басты мақсаттары мен
міндеттерінің мәні, басқару
құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Өнеркәсіп Өнімнің қызмет түрлері бойынша нақты көлем индексі ... ... .
2.3 Облыстың аудандары бойынша өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Жамбыл облысы бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісін ынталандыру механизмін
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
3.1 Қазақстанның өнеркәсібін жекешелендіру: мәселесі және оны шешудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
3.2 Жамбыл облысының өнеркәсіп саласының дамуын корреляция-регрессиялық
әдіс бойынша
болжамдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Бұл бөлімде толығымен және ірі салалар бойынша өнеркәсіп
өндірісінің көлем динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер, өнеркәсіп
өнімдерінің маңызды түрлерін шығару көрсеткіштері келтіріледі.
Жалпы және әрбір сала бойынша шығарылған өнеркәсіп
өнімдерінің көлемі мен шік түрлеріне қарамастан заңды тұлғалардың және
олардың бөлімшелерінің шығарған өнеркәсіп өнімдерінің (жұмыс, қызмет)
көлемі туралы берілген жиынтықтың құндық көрінісімен анықталады. Өнім
көлемінің құны жөніндегі мәліметтер тиісті жылда қолданылып жүрген
бағалармен келтірілген. Өнеркәсіп өнімдерінің құны жөніндегі мәліметтер
тиісті жылда қолданылып жүрген бағалармен келтірілген. Өнеркәсіп
өнімдерінің құны жөніндегі жиынтық мәліметтерге ірі, орта, шағын
кәсіпорындардың, біріккен, шағын, қос алқы өндірістердің, өнеркәсіптік
емес ұйымдардың, аул шаруашылық қосалқы өнеркәсіптің, шаруа (фермерлік
шаруашылық) өнеркәсібі өнімдерінің, сонымен қатар облыстық және аудандық
дәрежедегі үй шаруашылығы секторының шығарған өнеркәсіптік өнімдерінің
көлемі жөніндегі мәліметтер кіреді. Кәсіпорындар өнімінің көлемі зауыт
әдісімен, зауыттың ішкі айналымының құнысыз анықталады. Зауыттың ішкі
айналымы кәсіпорынның өзінің өндірістік ішкі қажеттеріне жұмсалатын дайын
және жартылай дайын өнімнің құны.
Өнеркәсіп өндірісінің физикалық көлем индексі тиісті
кезеңдегі өнеркәсіп өнімі көлемінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы
көрсеткіш. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі жеке және жинақтық болып
бөлінеді. Жеке физикалық көлем индексі бір өнім түрін шығаруды, өзгертуді
көрсетеді және тиісті кезеңдегі берілген өнім түрін таза заттай күйінде
шығару көлемінің қатынасымен есептеледі. Өнеркәсіптік өнімнің жинақтық
физикалық көлем индексі – барлық шаруашылық субъектілер щеңберінде, заттай
түріндегі көрсеткіштердің нәтижесінде анықталады.
Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексі белгіленген
тауарлардың жиынтығы бойынша өнімінің заттай түріндегі көрсеткіштердің
динамикасы туралы мәліметтерге сүйеніп, кейін салалық және жалпы
өнеркәсіптік индекстерге айналып есептеледі.
Салыстырмалы бағалар ретінде алдыңғы жылдың орташа жылдық
бағалары алынады.
Динамикалық қатарды құру үшін тізбе индексі қолданылады.
Өнімнің бағасы салыстырмалы бағада тікелей кәсіпорында, өндірушілердің
бағалары негізінде шығарылады. Физикалық көлем индексін есептеуде қосымша
құнға салықты және акцизді қоспағандағы баға қолданылады.
Өнеркәсіп өнімінің заттай түрін өндіру кәсіпорынның ішкі
өндірістік қажеттеріне жұмсалған және де түскен шикізаттан өндірілген
бұйымдарды қоса, шығарылған жалпы өнім көлемі бойынша келтіріледі. Түскен
шикізат – жасалған келісімге сәйкес шикізаттан өнім өндіру үшін басқа
кәсіпорынның өнеркәсіптік қайта өндеуге берген тапсырыс берушінің шикізаты.

1. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндіріс дамуының теориялық
негіздері

1.1 Нарықтық жағдайда өнеркәсіптің қалыптасуының мәні мен қағидалары
Қазақстанда индустриалдық саясатты дамытудың аймақтық бағдарламасы
бойынша жеңіл өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттары болып: кәсіпорындарды
қаржылық сауықтыру; жаңа технологияларды игеру арқылы бәсеке қабілеттілікті
арттыру; ішкі тұтыну нарығында отандық өндіріс тауарларының үлесін арттыру
табылады.
Өнеркәсіптің дамуы ең алдымен отандық ауылшаруашылық шикізат өңдеуге
бағытталған қолда бар өндірісті әлеует базасында өткізіледі. Саладағы
маңызды міндеттер болып, тиімділігі аз өндірістердегі сегментациялау,
бейінін өзгерту, солардың базасында шағын және икемді бәсекелестігі
өндірістер құру табылады.
Қазіргі экономикалық жағдайда тоқыма және тігін өнеркәсібінде
инвестициялар салу инвесторлар үшін тартымды болмақ. Тоқыма және тігін
өнеркәсібінде салынған инвестициялар басқа салаларға қарағанда аз болуы
мүмкін және істі білікті түрде жүргізе білсе, айналдырған үш жылдың ішінде
қайтарып алуға болады. Айналым қаржыларын ұсыну да тиімді, себебі бір
жылдың ішінде қаржылардың 4-6 рет айналысы болуы мүмкін.
Тоқыма және тігін өнеркәсібінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету механизмі мемлекет тұрғысында келесідей бағыттарды қамтуы мүмкін:
- теріс пиғылды бәсекені жою;
- салалық лизингтік компанияны құру және сала кәсіпорындарының техникалық
қайта жарақтану мәселесін шешуге мүмкіндік беретін лизингтік
операцияларды жүргізуге қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету;
- жоғары сапалы, экологиялық таза және қауіпсіз өнім шығару үшін
мемлекеттік стандарттарға жаңа техникалық регламенттер, стандарттар,
өзгерістер мен толықтырулар, метрологиялық және талдау құралдарын,
әдістерін енгізу;
- кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі екенін ескере отырып,
мемлекеттік деңгейде қосымша құн салығына, Қазақстанда шығарылмайтын
технологиялық жабдықты және оның қосалқы бөлшектерін ел территориясында
енгізгенде кедендік төлемдерге жеңілдіктерді қайта қалпына келтіру;
- өнеркәсіпте ғылыми-зерттеу секторын қайта қалыптастыруды өткізу.
Үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында (2005) өнеркәсіп
өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2294,6 млрд. теңгені құрады. 2004
жылғы қаңтар-маусымдағы 7 пайызға артық кезеңмен салыстырғанда кен өндіру
өнеркәсібінде – 8,9 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде – 5,4 пайызға өсті.
Сөйтіп, кен өндіру өнеркәсібі сол бұрынғыдай өңдеуші өнеркәсіпке қарағанда
басым түрде дамуда.
Өндіріс көлемінің өсуінің 13,1 және 5,2 пайызға төмендегені Қарағанды
және Қызылорда облыстарынан басқа, республиканың барлық өңірлерінде
байқалады.
2005 жылдың жарты жылында 200 млрд. теңгеге ауылшаруашылығы өнімі
өндірілді, соның ішінде сусындарды қоса тамақ өнімдерін 178,1 млрд. теңгені
құрады. Тоқыма және тігін өнеркәсібінде 16,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіруде 79,4 млрд.
теңгеге өнім шығарылды. Химия өнеркәсібінде 27,1 млрд. теңгенің өнімі
өндірілді. Металлургия өнеркәсібінде және металдан жасалған дайын бұйымдар
өндірісінде 332,7 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, соның ішінде, қара және
түсті металлургия өнімі – тиісінше 126,2 және 182,1 млрд. теңге, машиналар
мен жабдықтар өндіруде 24,1 млрд. тегенің өнімі шығарылды.
Өнеркәсіп өнімдерінің маңызды түрлерінің 2005 жылға қаңтар-маусымда
өндірілген заттай көлемін алып қарасақ 40 млн.т. көмір; 30,7 млн.т. мұнай
мен газ конденсаты; соның ішінде шикі мұнай 25,2 млн.т.; 13,3 млн.текше
метр табиғи газ және т.б. өндірілді.

Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің
ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға
қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарық
экономикасы бар.

Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз
жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз
долларға жетті.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін
пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен
салыстырғанда біз 225 пайызға ұлғайтуға қол жеткіздік.
Экономикаға 30 млрд. АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы
тартылды.Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға
тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құрылды.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып,
бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап
алдық, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.
Біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және
тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және
құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен
дамытудың жоспары болуы керек. Ел экономикасының шикізаттық емес
салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын айқындайтын болады.
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін
экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – Ұлттық инновациялық
жүйе жасау қажет.
Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің
қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор
өзара сенім мен өнімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы
керек.
Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату
және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни қызметінің саласы болып,
адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық
экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады.
Экономика термині алғашқы кезде үй шаруашылығын жүргізу тәртібі
немесе өнері ретінде пайдаланса, ал қазіргі жағдайда мынадай мағынада
қолданылады:
1. Елдің халық шаруашылығын және оның әр түрлі салаларын қамтитын бөлігі:
(өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы экономикасы) аудандардың, аймақтардың немесе
бүкіл әлем шаруашылығы (аймақтық экономика немесе дүниежүзілік
экономика);
2. Адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін, оның заңдары мен заңдылықтарын
және өндірістің әр түрлі жағдайлары мен элементтерін реттеумен
айналысатын ғылым саласы. Дәлірек айтқанда, экономика шаруашылық жүйе
ретінде – қоғам мен адамдардың өміріне қажетті игіліктерді өндіре отырып,
олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін шаруашылық жүйесі болып
табылады.
Экономика – бұл адамдардың жер бетінде тіршілік ету үшін өздерін
материалдық жағдайлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін адамдар
қызметтерінің жиынтық түрлері.
Экономика – тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау,
тұтынуға байланысты адамдардың қызметтерін зерттейтін ғылым.
Экономика ғылым саласы ретінде өзара байланысты үш түрлі сұраққа
жауап береді:
1. Не өндіру керек және қандай мөлшерде?
2. Тауарларды қалай өндіру керек және кім өндіруі керек? Қандай ресурстар
мен технологиялар пайдаланылады?
3. Кім үшін өндіру керек, өндірілген тауарлар мен қызметтер тұтынушалыр
арасында қалай бөлінеді?
Бірінші сұрақта - өндірістің құрылымын сипаттаса, екіншісі – технологиясын,
үшіншісі - өндірілген өнімнің тұтыну саласын сипаттайды.
Экономика ең алдымен адамдар қатынасы.
Қазақстанның жоғарғы деңгейде дамыған мемлекет болуына өнеркәсіптің
дұрыс дамуына да байланысты. Республиканың дұрыс дамуы өнеркәсіпті дұрыс
орналасуынан, қоғамдық еңбекті дұрыс қамтамасыз етуде шикізат және жартылай
фабрикаттарды өңдеуде дұрыс бақылау қажет екендігін көрсетеді. Бұл
өндірістің тиімділігін арттыру, яғни өндірісті шикізатқа жақын орналастыру
және тұтынушыға жақын орналастыру, артық транспорттық тасымалды болдырмау.
Өндіргіш күштерді орналастыру - өнеркәсіпті, АШ, транспортты, жұмысшы
күшін елдің территориясы мен экономикалық аудандары бойынша географиялық
жағдайына қарай орналастыру қажет. Орналастыру мамандандырумен тығыз
байланысты. Орналастырудың негізгі мақсаттары: жерді толық, ұтымды және
нәтижелә пайдалануды ұйымдастыру. АШ өндірілетін өнімдердің 50 пайызын
өнеркәсіпке шикізат есебінде пайдаланылады.
Нарықтық экономика кезінде өнеркәсіпті дұрыс орналастыру ең негізгі
жұмыс болып табылады. Барлық аудандарда материалдық және еңбек ресурстарын
толық қамтамасыз етіп және дұрыс пайдалана отырып, өнімді көбейту, бір
өлшемге жұмсалатын материалдық шығынды азайта отырып, азық-түлік
проблемасын шешу болып табылады, яғни өнеркәсіпті шикізат алатын жерге
жақындатып орналастыруды көздеу. Дұрыс өнеркәсіпті орналастыруда, ол АШ-на
машина, жабдықтар, тыңайтқыш, жанар-май, қосалқы бөлшек, құрама жем және
тағы басқалармен қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіпті орналастыру мен даму деңгейін бағалау табиғатты пайдалану
тиімділігін, өндіріс тиімділігінің өсуін, экономикалық және әлеуметтік
дамуын жылдамдату резервтерін ашу мен ғылыми-техникалық прогресс деңгейін –
еңбекті аймақтық бөлудегі пайда болған табиғи, әлеуметтік, экономикалық
жағдайымен сәйкестігін анықтау қажет.
Өнеркәсіпті орналастыру – бұл көп жақтылы мағына. Ол өзі еңбек
бөлінісі формасының бір бөлігіні көрсетеді, өндірісті аймақтық
ұйымдастыруды тереңдету мен дамыту, аймақтық еңбек бөлінісінің құрамдас
бөлігі болып табылады.
Ең басты сұрағы - өндірісті шикізат көздері мен тұтыну аудандарын
жақындату. Жергілікті еңбек ресурстарын толық пайдалануды, шаруашылықты
кешенді дамыту, шикізат және жартылай фабрикаттарды барлық қайта өңдеу
этаптарында еңбекті үнемдеу – қоғамдық өндіріс тиімділігін жоғарылатуға
әкеледі.
Өндірісті тиімді орналастыру келесі түрде болады:
- техникалық процесс деңгейіндегі электроэнергия мен шикізат көздерінің
үнемдісін игеру;
- әр аймақта экономикалық жағдайға қолайлы салаларды дамыту;
- қоғам қажетсінуіне сәйкес еңбек ресурстарын аймақтық бөлудегі тепе-
теңдікті қамтамасыз ету;
- Транспортты-экономикалық байланыстарды бекіту.
Өндірісті орналастыру кезінде қоғамдық еңбекті үнемдеу келесі
бағыттарда қол жеткізеді:
- соңғы өнім үлесінің өсуі есебінен, шикізат пен жартылай фабрикаттарды
қайта өңдеуден барлық стадиясында еңбектің жоғалуын жою жолымен
өнеркәсіпті кәсіпорындарға орналастыру кезінде;
- соңғы жеткізу есебінен шикізат көздерінің жақындығын есепке ала отырып
материал сиымдылықты өндірісте орналастыру кезінде;
- энергияны беру бойынша шығынды қысқарту есебінен электроэнергия көздеріне
энергия сиымдылықты өндірісте жақын орналастыру кезінде.
Өндірісті орналастыру мен дамыту деңгейін бағалау – табиғатты
пайдалану тиімділігін, өндірісі тиімділігінің өсуін, экономикалық және
әлеуметтік дамуын жылдамдату резервтерін ашу мен ғылыми-техникалық
прогресс деңгейін – еңбекті аймақтық бөлудегі пайда болған табиғи,
әлеуметтік, экономикалық жағдайымен сәйкестігін айқындау қажет.
Өнеркәсіптің әр түрлі саласында өнім өндірісін арттыру мен оны қайта
өңдеуді тереңдету, өнеркәсіптік қалдықтар, табиғи шикізаттарды тиімді
пайдалану негізінде – оның құрылымын жетілдіру мен экспорттық потенциалды
жоғарылату мүмкіндігі анықталады. Интеллектуалды өнімді (технология, ғылыми
зерттеу нәтижелері, патент, лицензия) экспорттауын арттыру мүмкіндігі
қарастырылады, сыртқы экономикалық қызметтен кіріс (түсім) динамикасы
талданады және оның өзгеру себептері айқындалады.
Өнеркәсіптік салаларды орналастыру мен дамытудың қазіргі жағдайы –
статистикалық материалды зерттеу, экономикалық тиімділік пен техникалық
деңгейін бағалау, өнеркәсіптік өндірісті орналастыру мен дамытуда туындаған
негативтік құбылыстарды зерттеу.
Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған
экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық
ресурстар дегеніміз - тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін
пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары.
Ресурстарды әртүрлі топтастыруға болады:
1.Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал;
2.Адам ресурстары – еңбек және кәсіпкерлік қызмет.
Жер ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар: егістік жерлер, орман,
пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.
Капитал немесе инвестициялық ресурстар ұғымы – тауар өндіру және
қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға
арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс,
жабдықтар және т.б.).
Өндіріс процесін және өндіріс құрал-жабдықтарының қорлануын
инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп атайды.
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және
адамдардың ақыл-ой қабілеттілігін көрсетеді.
Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір
қасиетке ие: олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Ресурстардың сирек
кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі де аз болып, қоғам тауарлар мен
қызмет көрсетудің межеленген барлық мөлшерін ала алмайды.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жұмысын жүргізудің
экономикалық тетігін және оның әрбір цехтарында, әрбір еңбек ұжымдарында
ресурстарды сақтаудың ынталылығын ең тиімділік амалын қолданатын болу
керек. Ресурстарды сақтау проблемасын шешуде ұдайы өндіріс процестерінің
барлық сатыларын, сонымен бірге, ең алдымен шикізаттарды өндіру және шала
фабрикаттарды қайта өңдеуді қамту қажет, себебі бұл саладағы материалдық
шығындар әлі де болса өте жоғары болып келеді. Мұнда бірінші орынды
қалдықсыз технологияны қолдану негізінде өндірісті ұтымды ұйымдастыру
жұмысы алады. Шикізаттардың қай түрі болмасын жарамды өнімдерді өңдеуде
пайдалы заттардың алуан түрлерінен тұрады. Сонымен, бұл шикізаттарды өндіру
және қайта өңдеу кешені тиімділігінің шешуші факторы болып табылады.
- Ресурстарды сақтауды экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық
сипатының шаралар кешені ретінде пайдаланылған инвестиция, еңбек және
басқа ресурстармен салыстырғанда озық сапалық және сандық өнімнің өсуін
аса ұстамдылықпен қарау қажет.
- Ресурстарды сақтау проблемасын шешу ұдайы өндіріс процесіндегі барлық
сатыларды қамту қажет етеді. Қалдықсыз және қалдығы аз технологияны
өнідіріске енгізу кезек күттірмейтін мәселеге айналғаны жөн, себебі
қалдықсыз технология үнемдеуді кешенді түрде жүзеге асыруға толық жағдай
жасайды.
Кез-келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті өндірістік
ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады.

1.2 ҚР-дағы өнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу.
Кәсіпорындарды құру және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізіне
өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез-келген
технологиялық процесс түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі,
қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын
өнімді жасауға жоғарыдағы көрсетілген операциялардың ролі түрліше. Өнімді
қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа
процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді
қалыптастырудың негізі болып табылады.
Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық
процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын
құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік
бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып
табылады:
- шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
- өндірісітің ауқымы;
- кооперациялау деңгейі (еңбекті ұйымдастырудың айрықша бір түрі).
Өндірісі құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады.
Олардың ішіндегі негізгілері:
- оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
- жабдықтардың қуаты;
- өндірістік қорлардың құны;
- өнім шығару көлемі;
- мамандандыру және шоғырландыру;
- күрделі қаржының құрылымы.
“Қазақстан -2030” Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет
пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің
бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік
басқару біртіндеп орталықсыздандырылған, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде
болып, неғұрылым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір
министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан
аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады.
Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы
экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден-бір маңызды бағыттардың
сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде жаңа
экономикалық қатынастарды және әлеуметтк-экономикалық процестерді
басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді.
Қазіргі кезде кәсіпорындар басқаша жағдайда қызмет атқаруда. Не
өндіру, қалай және кім үшін – бұл сұрақтарды олардың өздері дербес шешуді
қажет етеді. Сондықтан да, менеджменттің отандық әдістері мен проблемаларын
жақсы білген жөн.
Менеджментті нарықтық жағдайдағы экономикалық ынталандырудың
бернелерін және әдістерін, әртүрлі принциптерін қолдану, материалды,
қаржыны, ақпаратты және ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде шаруашылық
өміріндегі қол жеткізуге бағытталған басқарудың ерекше түрі ретіндегі
экономикалық дербес субъектісі деп түсіндіруге болады.
Менеджмент – бұл нарықтық экономиканың қалыптасуы, кәсіпкерліктің
дамуы, заңды тұлғалар қызметін жандандыру үшін нақтылы жағдайлар жасауы
кезінде тек бір уақытта пайда болатын инновациялық ғылым кешені.
Отандық менеджменттің негізі адамдар ресурстары мен кәсіпкерлік қызмет
болып табылады. Солндықтан да, менеджменттің басты міндеті – ақпарат жасау,
білім, тәжірибе т.б.
Басқару қызметінің ерекше түрі ретінде өндірістің дамуына байланысты
пайда болады. Сонымен бірге, басқару адамдар қызметінің кез келген түрінің
ажырамас бөлігі болып табылады.
Менеджмент кадрларды қалыптастырады, адамдар арасындағы қатынастар
жүйесін белгілейді. Осыған орай, менеджменттің тағы бір басты міндеті –
қызметкерлердің дамуына ықпал ету, оқыту және олардың өсуіне кепілдік
береді
Біз капиталды тарту және қолданудың әдістері мен формаларын көрсететін
кәсіпкерлік құрылымның әртүрлі жіктелу белгілерін қарастырамыз. Оның ең
басты белгілері: кәсіпорынның көлемі, меншік формалары және сандық
параметрлері болып табылады. Меншік формасына қарай фирма үш түрге
бөлінеді:
1. жеке меншік кәсіпорындарсеріктестіктер
2. акционерлік қоғам немесе корпорация
Олардың ішінде орта және шағын бизнес сферасындағы фирмалар әсіресе дамыған
елдерде басым орын алады. Мысалға: АҚШ-та тіркелген фирмалардың 70 пайызға
жуығын осындай кәсіпорындар құрайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік салада
қызмет ететін кәсіпорындар сандық параметрлері бойынша жіктеледі. Соған
байланысты кәсіпорындар шағын, орта және ірі фирмалар экономиканың барлық
салаларында қызмет етеді. Экономиканың басқа салалары үшін кәсіпорын
көлемінің ірі болғанына гөрі олардың көлемі шағын болғаны, ел
экономикасының дамуына едәуір маңызды ықпал етеді.
Шағын бизнес мемлекет және басқа да органдардың бекітуімен әрекет
ететін, шағын және орта бизнес саласында тауарлар мен қызметтер өндіруге
тікелей қатысатын шағын адамдар тобының қызметін түсіндіреді.
Қазіргі кезде шағын және орта бизнес саласында кәсіпкерлік құрылымның
жіктелуі, шағын және орта кәсіпорындарға жататын нарықтақ экономиканың
әртүрлі субъектілері негізінде көрсеткіштер көмегімен жүзеге асырылады.
Дүниежүзілік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай мұндай
көрсеткіштердің қатарына: кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдар саны,
жарғылық капитал көлемі, активтер мөлшері, есеп беру кезеңінде фирманың
алатын табыстарының немесе пайдасының мөлшері жатады.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жіктелуі кезінде ең басты көрсеткіш
– ондағы жұмыс істейтін персоналдардың саны болып табылады. Қазақстанда
шағын кәсіпкерлік 1988 жылдан бастап дами бастады. Кәсіпорындарда жұмыс
істейтін адамдар саны жүзге дейін болса, онда мұндай кәсіпорын шағын
кәсіпкерлікке жатқызылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:
өнеркәсіпте адам саны 200-ге дейін;
ғылым және ғылыми қызметте – 50;
өндірістік емес салада – 25;
бөлшек саудада – 15 адам санынан құрылатын кәсіпорындар жатады.
ҚР-ның 1997 жылдың 19 маусымындағы заңында шағын кәсіпкерлік
субъектісіне жатқызу принципін анықтады. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне:
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар
жатқызылады.Шағын кәсіпорындар мемлекеттік, кооперативтік кәсіпорындар,
жеке тұлғалық, сонымен қатар басқа мемлекеттердің жеке тұлғалары мен
ұйымдары негізінде құрылады.Шағын кәсіпорындар тікелей кәсіпорынды
басқаруға және меншік құқығына ие болумен сипатталады.Шағын бизнес
төмендегідей мәселелерді шешуде маңызды фактор болып табылады:-
ассортименттің ұлғаюы, тауарлар мен қызметтердің, жұмыс сапасының
жоғарылауын;
-тауарлар мен қызметтер өндірісінің нақты тұтынушыларға жақындауын.
Шағын және орта бизнестің осындай қасиеттері оны қазіргі жағдайда
экономикада нарық құрылымының қалыптасуының мәнді және маңызыды факторы
болып табылады.
Шағын бизнестің дамуы және оны қолдау қазіргі жағдайда мемлекеттің
экономикалық саясатының приоритетті бағыттарының бірі болып табылады.
Президенттің 2001 жыл 7 мамыр №597 Жарлығында 2001-2002 ж.ж. Қазақстан
Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы және оны қолдаудың
мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.
Бағдарламаның міндеттері:
-халықты жұмыспен толық қамту;
-қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлікті қолдау және қорғауда ролін
күшейту;
-шағын кәсіпкерліктердің өндірістік салада приоритетті дамуы; шағын
кәсіпкерлікті ақпараттандыру жүйесімен қамтамасыз етудің дамуы және оның
жүзеге асырылуы.
Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта
бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды,
көптеген дамыған елдерде олар ЖІӨ 50 пайыздан астамын береді.

Сондықтан да біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың
түбірінен жаңа идеологиясын түзеуге тиіспіз. Біз кәсіпкерлік ортаның
бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.

Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық
экономикадағы өз орнын табуға тиіс.

1.3 Өнеркәсіп өндірісін инвестицияландыру және несиелендіру мүмкіндіктері
Негізгі қорға қаржы жұмсау, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд
және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді
капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және
ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция – ол салынуға
тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар
және т.б. Сонымен қатар, ол – ауыстыруға немесе техникалық парктерді
кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға
бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың
материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды
қамтамасыз етуге жұмсалады.
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол –
негізгі қордың (капиталдың) артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция
біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі – амортизация. Ол –
негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозуы және оның құнын өндірілетін өнімге
көшіру процесі. Екінші біріктіруші таза инвестиция – бұл капиталдың қаржы
жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және
қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту
мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы
инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына,
яғни, ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи
ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы
қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге
жұмсалады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің
ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді
факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс
істейтін, өнімнің сапасын арттырып, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын
кеңейтетін, өзінің шығарылған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын
және рынокта өзінің жағдайын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және
оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият
әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп
отыруы қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салымдар,
акциялар және басқа құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар,
лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да
мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет
объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және
әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланылады.
Инвестициялық қаржының анықтамасы – бұл табыс табу мақсатында
шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрі. Ал
экономикалық жағынан экономикалық анықтамасы – ол құруға, кеңейтуге, қайта
құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы
капиталға осымен байланысты емес өзгерістерді жұмсалатын шығыстар деп
түсіндіруге болады.
Нарықтық экономикада инвестици кез келген формадда қаржы
жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да
нәтижеге жетуге тығыз байланысты.
Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжамданған нәтижеге жетуге
болады.Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе
ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады.
Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей,
портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет
көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып
табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі
есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне
түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау – шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне
және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалған
капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар – портфельді қалыптастыруға байланысты
(түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол
сияқты басқа да активтер болып есептеледі.
Аннуитеттік инвестиция – аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс
әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды
көрсетеді.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының
бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі
резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Итаза = КҚ – Ааударым

Уи = * 100%

Эт = ;

Эс = Өқ + Ек * КҚ min
Қорыта айтқанда:
- мемлекеттік инвестициялық саясат маңызды инновациялық жаңалықтарды
ынталандыру және реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілмеген тікелей
қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуға және қызмет
көрсетуде үлкен маңызы бар;
- өнімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайжы және
сонымен қатар капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады;
- технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды
алмастыруға ынта білдіреді, қуаттылығын көбейту, өнліріс шығындарын
азайту және рыноктағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру;
- меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация және бөлінбеген
пайда болып саналады. Инвестициялардың бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты,
ауқымы және кәсіпорынның экономикалық тактикасымен анықталады;
- мемлекет тарапынан инвестициялық қатынастарды реттеудің негізгі тәсілі
арнаулы инвестициялық құқық құру болып табылады;
- инвестициялық кәсіпкерліктің теориясы мен практикасы инвестициялық
қызметті реттеу құқығына белгілі ғылыми база жасауға көмек етеді. Сонымен
қатар, мұнан әрі инвестициялық заңдарды жетілдіру және шаруашылық
құқығының басқа да салаларының өзара байланысын қамтамасыз етеді
Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы.
Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше
маңызда қолданылатын көп мағыналы ұғым.
Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру.
А) Кәсіпорынның табысы = өнімді сатудан түскен табыс + басқадай өткізуден
түскен табыс - өткізуден тыс операциялардан алынған табыс
1) өнімді сатудан түскен табыс = өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім
+ қосылған құн салығы + акциздер + өнімнің өзіндік құны
2) басқадай өткізуден алынған табыс = негізгі қорларды және басқа да
мүліктерді т.б. сатудан түскен табыс
3) өткізуден тыс операциялардан алынған табыс = құнды қағаздар
дивидендтері + жалға алғаны үшін төлем + өсімақы, айыппұл т.б.
Табыс ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы
табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке
табыс) болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет
көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен сатудан, несиеден
алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер.

ЖТ=ТӨҚ - ӨШ
Таза табыс ұғымына жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары
арасындағы айырмашылығы болып саналады.
ТТ= ЖТ – МШ
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда
дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс
пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы.
П= ТӨҚ - ӨШ
Пайда - өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады.
-инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру.
Рентабельділік, тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты
экономикалық көрсеткіші аталады. Ол төмендегіше анықталады.
Р = * 100 , Р = * 100, өлшем бірлігі процент
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты –
еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату.
Ақша капиталы туралы түсінік, оның мақсаты, айналмалы стадиясы және міндеті
Ақша капиталы – бұл өнеркәсіп капиталының қызмет ету формасының бірі,
айналым басында және соңғы стадиясында қолданылады. Бұл қосымша құн
құраудың көзі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ақшаның
капиталының қорлануы міндетті жағдай болып табылады.
Ақша капиталы – кәсіпкерлік қызметінің материалдық базасының құрылуының
негізі, яғни өндіріс құралдарын және өндіріске қажетті еңбек ресурстарын
қамтамасыз етілудің материалдық құндылығы.
Банк капиталы – бұл ақша капиталының жиынтығы, яғни меншікті және сырттан
алынған банктегі айналыс.
Қарыз (ссудный) және банк капиталы материалдық құндылықты құруға
қатыспайды. Табыстың алынатын негізгі көзі – қосымша құнның бір бөлігі.
Қосымша құн – бұл жалдамалы жұмысшының еңбегімен, оның жұмысшы күшінің
құнынан (еңбекақысынан) тыс, артық жасалған құн, жұмысшы еңбегінің ақы
төленбеген бөлігі. Қосымша еңбек пен қосымша өнімнен қосымшы құн
жасалынады.
Өнеркәсіп капиталы – бұл ақша капиталы, өндірістің материалдық сферасындағы
өндірісті авансылаудың қосымша құны. Өнеркәсіп капиталындағы ақша капиталы
формасының қызметі мына қажеттерге қолданылады, олар: ғылыми-зерттеу,
тәжірибе-конструкторлық жұмыс, өндіріс дайындау, өндіріс құралдарын сатып
алуға (еңбек құралы, еңбек заты және жұмысшы күші), энергия ресурстарының
әр түрлерін және т.б.
Басқалай айтқанда, ақша капиталы – бұл ақша қаржысы, банктегі кәсіпорынның
есеп шотындағы. Ақша капиталының құрылу көздері – бұл бюджеттік
қаржыландыру, банк несиесі және сақтандыру компаниясы және т.б.
Ішкі қаржыландыру – амортизациялық жарна, салық төленгеннен кейінгі
өнеркәсіптегі қалған құралдар.
Ақша капиталының айналымы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қаралады, яғни
тауар өндіруші мен тұтынушының байланысы.
Жаңа бастаған тауар өндірушілерде екі проблема болады, яғни қандай өнім
өндіру керек және оған қандай ресурстар қажет еді. Бұндай экономикалық
ситуацияда, біріншіден: болашақ өнімдердің номенклатурасын анықтау,
технологиялық деңгейін бағалау және төменгі бағаның шекарасын, тиімділік
(рентабельділігін) деңгейінің максималдылығын анықтау.

Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері:

Өнімнің бәсекеге жарамдылығының ерекше жағдайын қанағаттандыруға
мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын
анықтайды. Бәсекеге жарамдысы рынокта жеңіл және тез сатылады.
Біздің ресурстарда өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің
бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр. Тауардың
бәсекеге жарамдылығын анықтағанда екі өлшемді еске алуы мүмкін: өнімнің
өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалық деңгейі. Бәсекеге жарамдылығы
артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындары ең төмен, ал
сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болады.

2. Жамбыл облысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің дамуын талдау

2.1 Мекеменің даму тарихы және қызметінің басты мақсаттары мен
міндеттерінің мәні, басқару құрылымы
Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті
мемлекеттік мекемесі, ары қарай мекеме, химиялық және тау-кен өндіруші,
өңдеуші және қайтаөңдеуші өнеркәсіп (ары қарай өнеркәсіп субъектілері)
кәсіпорындарымен және сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет, сауда
нарығы мен туризм (ары қарай кәсіпкерлік субъектілері), шағын және орта
бизнес сферасында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін 29.12.2004 жылдың №325
Жамбыл облыстық әкімияты қаулысы негізінде құрылған.
Мекеме мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға
уәкілеттенген мемлекеттік орган болып табылады. Мемлекеттік орган өз
қызметін Қазақстан Республикасының заңдары мен Конститутциясы, Президент
актілері, Қазақстан Республикасының Үкіметі, басқа да құқықтық-нормативтік
актілер, сондай-ақ заң қызметіндегі Ережеге сай жүзеге асырады.Мекеме
оперативті басқару құқығы негізінде құрылған және мемлекеттік жекеменшік
құқығының субъекті юрисдикциялық жекеменшік пен жергілікті атқарушы
органдары қоластында болғандықтан, Жамбыл облыстық әкімияты ұйымдастырушы,
мемлекеттік басқарушы орган және өкілетті орган болып табылады.
Өзінің қызметінің мақсаттары, жекеменшік иесі тапсырмалары және мүлікті
тағайындау, осы мүлікті иемдену, қолдау және орналастыру құқығына сай
бекітілген заң шегінде жүзеге асырылатын және жекеменшік иесінен алынған
мүлік, мемлекеттік мекемнің заттай құқығы болып табылатын, опреативтік
басқару құқығы негізінде мекеме мемлекеттік мүлікке ие.
Меке заңды тұлға болып табылады, ұйымдық-құқықтық формасы-мемлекеттік
мекеме, түр-мемлекеттік, өзінің мүлкі, банк мекемлерінде өзіндік баланс,
есептік, корреспондеттенуші, валюталық және басқа да есептері бар, сондай-
ақ мемлекеттік тілде өз атынан елтаңбалық мөрі мен штампы, өзінің аты
мазмұнындағы блажкілері бар, өз атынан сотта жауапкер мен ақы тілеуші бола
алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдене және жүзеге
асыра, жауапқа тарыла алады. Мекеме постиция органдарынан мемлекеттік
тіркеме алған кезден бастап құрылған деп есептеледі.
Бекітілген заңнамадағы өзінің міндеттері туралы сұрақтар бойынша
мекеме Жамбыл облысы территориясында заңды күші бар бұйрық ретінде актілер
шығарады.
Мекеменің толық атауы
Мемлекеттік тілде: Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және
өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: Государственное учереждение Департамент
предрпинимательства и промышленности акимата Жамбылской области.
Мекеменің заңды мекен-жайы: пошталық индекс 080000, Қазақстан Республикасы,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72. Тіркелу кезінде мекемнің
филиалдары мен өкілдері жоқ.
Мекеменің құқықтары мен қызмет тәртібі, мақсаттары мен тапсырмалары
Мекеме мақсаты- өнеркәсіп және кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік
бағдарламалардың жүргізу сұрақтары бойынша Жамбыл облысы әкімінің саясатын
құру, өңдеу мен жүзеге асыруға қатысу.
Мекеме қызметінің тақырыптары:
1) облыс әкімінің жарлығы мен шешімдері, облыс әкімиятының қаулылары,
Қазақстан Республикасының заңды-нормативті актілерін жүзеге асырады.
2) өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту, тұрақтандыру және жоғарылату
бойынша облыстық бағдарламаларды өңдейді. Өнеркәсіп және кәсіпкерлік
саясаттың негізгі басымды бағыттарының жүзеге асырылуын анықтайды және
қамтамассыз етеді.
3) Жетекші салалар бойынша облыс жобалары мен бағдарламалары үшін маңызды
мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері бойынша ұсыныстарды дайындайды.
4) бәсекеге қабілетті өнімдердің, қызметтердің шығарылуын жоғарылату,
номенклатураны кеңейту, өндірістік қарқынды, тиімді пайдалану мақсатымен
өнеркәсіп бағдарламалары мен тұжырымдамаларының орындалуы жолын бақылайды.
5) өз міндетінен тыс, аудан және қала әкімдерімен біріге отырып, өнеркәсіп
және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бағыттау мен реттеу бойынша іс-
шараларды өңдейді.
6) кәсіпорындармен, ұйымдармен және басқа да шаруашылық суъектілермен
әрекеттестіктің жаңа формаларын дамытады.
7) Аудан және қала әкімдерімен өзара әрекеттесе отырып, жекеменшіктің
әртүрлі формаларының өндірістік және ғылыми-зерттеуші тағайынддалудың жаңа
ұйымдық-экономикалық құрылымының қызметін құру мен ұйымдастыруды жүзеге
асырады, ғылыми-техникалық саясатты бағыттандырады.
8) жекеменшік формасы мен ұйымдық-құқықтық формаға тәуелсіз халықтық тұтыну
тауарлары мен өнеркәсіптік тауарларын өңдеу мен өндірумен айналысатын
ассоцияциялар, консорциум, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестіктер
және басқа да ұйымдардың қызметімен әрекеттеседі.
9) облыс территориясындағы супермаркеттің осы заманғы желілерін құру,
өнеркәсіп пен кәсіпкерлік субъектілері мекемелері, ұйымдары мен
кәсіпорындарын тұрақты қызмет етуін әрекеттеседі, олардың даму стратегиясын
анықтайды.
10) Қазақстан Республикасы, ТМД елдері- таяу және қиыр шығыс елдері
деңгейіндегі ғылыми-техникалық және шаруашылық байланыстар үшін жағымды
шарттар құрайды, аймақтық және республикалық деңгейде кәсіпорындар
қызығушылығын қорғайды.
11) халықаралық көрме-жәрмеңкеде экспорттық ұсыныстар, импорттық
басымдылықтар, сондай-ақ көрме үшін бәсекеге қабілетті тауарлар мен
технологиялар шығаруға, облыстық экспорттық қарқынын дамытуға үлес қосады.
Көрмелік-презентациялық қызметті жүзеге асырады, өнеркәсіп және кәсіпкерлік
субъектілерін ғылыми-техникалық өңдеу жарнамалары, халық тұтнатын өнімдер
мен тауарлар облысымызда өндірілетін көтерме сауда көрмелері мен
жәрмеңкелерін ұйымдастыруға қатысады.
12) бизнес облыс кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілерімен мемлекеттік басқару
органдары өкілдерінің кездесулерін ұйымдастырады.
13) шағын және орта бизнес сферасы, сауда, өнеркәсіп саласында инвестиция
тартуға үлес қосады, сондай-ақ инвестициялық және инновациялық жобалар
тізіміндегі ұсыныстарды реттейді, ішкі инвестициялық саясат, сонымен қатар
шетелдік инвестициялау процесін жүзеге асырады.
14) облыс қалалары мен аудандарында орналасқан нарық пен сауда қатарларында
тауарларды өткізу құқығын жинау бойынша жоспар-болжамдарды анықтау, жоспар-
болжамның орындалуына мониторинг жүргізу, нарықты эксплуатациялау мен
орналастыруда ұсынылатын талаптар мен сауда ережелерін қолдауға бақылауды
жүзеге асыруға әрекет етеді, нарық жұмыстарына үлес қосады.
15) ұйымдар мен азаматтардың үнемдеулерін қарастырады.
Мекеме қызметтері:
1) кәсіпкерлік, өнеркәсіп және қызметтер сферасы субъектілерімен әртүрлі
әлеуметтік-экономикалық тапсырмалады шешу барысында басымды және
тиімді қозғалыстарды өңдеу үшін, облыс әкімі мен кәсіпорындар
арасындағы келісімдерді дайындау бойынша
2) кәсіпкерлік және өнеркәсіп субъектілері- Жамбыл облысы бойынша салық
комитетінен дәл уақытысындағы салықтық түсімдер мониторингі бойынша,
3) кәсіпорындар тауарлары мен өнімдерін- Сертификациялау және
тәжірибелеу Ұлттық орталығы Ашық акционерлік қоғамының Жамбыл
облыстық филиалы және Жамбыл облысы бойынша стандарттау және
сертификациялау жөніндегі комитеттің мем.бақылау Басқармасының
сертификациялауы бойынша
4) кәсіпкерлік және өнеркәсіп субъектілері Жамбыл облысы бойынша
Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік және еңбек Министрлігі
Департаментінде құрал-жабдықтарды эксплуатациялау ережелерінің
техникалық қауіпсіздігі мөлшерін сақтау бойынша
5) кәсіпкерлік және өнеркәсіп субъектілері кәсіпорындарында Жамбыл облысы
бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызметпен өртке қарсы қауіпсіздік
профилактикасы бойынша
6) материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының сыртқы экономикалық
қызметі, ҚР-ың Ауылшаруашылық Министрлігінің облыстық территориялдық
басқармасы, Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік
жоспарлау Департаментімен- көрме-жәрмеңке өткізу сұрақтары бойынша
7) Жамбыл облысы әкімитының қаржы Департаментімен- жекешелендіруді
жүргізу кестесі мен мерзімдері, мүліктік жиындарды шығару бойынша
кәсіпорындарды қайта құру сұрақтары
8) Жамбыл облысы бойынша құрылмаған қарызгерлермен жұмыс бойынша комитет
басқармасымен- кәсіпкерлік және өнеркәсіп субъектілерін жекешелендіру,
санациялау, сегментациялау және банкрот жүргізу сұрақтары бойынша
9) Жер қойнауындағы байлықтау қорғау және қолданудың аймақтық
инспекцияларымен- пайдалы қазбалар орнын мөлшерлері және рационалды
қолдану ережелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын
бақылау үшін
10) Жамбыл облысы әкімиятының экономиканы және бюджетті жоспарлау
Департаментімен бюджет есебінен берілген несиелік ресурстардың
мақсатты қолдауды көздеу , кәсіпорындардың ғылыми-техникалық және
өндірістік қызметін дамыту мен жүзеге асыру бойынша іс-шараларды
дайындау жөнінде бірлесе жұмыс істеу
11) Жамбыл облысы әкімиятының әлеуметтік бағдарламаларды және
жұмысбастылықты бағыттау Департаментімен- жұмыс орындарын құру, жұмыс
бастылық сұрақтары бойынша аймақтық мақсатты бағдарламаларды өңдеу.
Мекеменің негізгі міндеттері:
1) Кәсіпкерлік, өнеркәсіптік қарқыны, сауда қызметі мен туризм облысын
тиімді дамытуға бағытталған аймақтық және мемлекеттік
бағдарламаларды өңдеу және жүргізу.
2) Облыстың аймақтық атқарушы органдармен бірлесе отырып, қысқа
мерзімді және орта мерзімді кезеңде облыстың әлеуметтік-
экономикалық дамуының стратегиялық және индикативті бағдарламаларын
құру, олардың орындалуын бақылау.
3) Облыс әкімінің нұсқауы бойынша аса маңызды бағдарламаларды өңдеу
мен жүргізуге қатысу.
4) Облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін болжау
және талдау.
5) Мекеме міндетіне қатысты сұрақтар бойынша әртүрлі ақпараттармен
облыс әкімі мен әкімиятын қамтамасыз ету.
6) Жәрмеңке мен көрмелердің өткізілуіне қатысу, облыстың тұтыну
нарығының конъюнктурасын жақсарту және оның дамуын болжау.
7) Қарқынды инвесторларды тарту үшін өнеркәсіп және кәсіпкерлік
субъектілерінің өндірістік қуаты мен шығарылатын өнімдер
презентациясын ұйымдастыру және өткізу, облыстың инвестициялық
басымдылықтарын құруға қатысу.
8) Облыс кәсіпорындарының өнімдерінің тұтынушыларын іздеу мақсатымен
жәрмеңкелер, үлгілердің саудалық-өнеркәсіптік көрмесін,
конференциялар ұйымдастыру.
9) Облыстың еңбек, шикізат, табиғи ресурстары және инфрақұрылымын
қолдана отырып, тұтыну секторы сферасында өнеркәсіп және
кәсіпкерлік субъектілерімен белсенді саясат жүргізу.
10) Лицензиялы өнімнің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеумен
қамтамасыз ету.
11) Акцияланатын өнімнің өндірістен лицензияланатын мөлшерлерде
жүргізілуі мен орындалуына дейінгі бақылауды қамтамсыз етуге үлес
қосу.
Мекеме құқылы:
1) өнеркәсіп және кәсіпкерлік субъектілерінің дамуының негізгі басымды
бағыттары бойынша Қазақстан Республикасын экономиканы және бюджетті
жоспарлау, индустрия және сауда, энергетика және ресурстар
Министрліктеріне, облыс әкіміне ұсыныстар жасау.
2) Жергілікті статистика органдары, жетекші салаларды барлық
жекеменшік формалары кәсіпорындары, соған сәйкес облыстық басқарма,
комитет, бөлім, қалалық және аудандық әкімияттар, банктер және
басқа да ұйымдардан, олардың ведомстық бағыныштылығынан тәуелсіз,
мекемеге жүктелген тапсырмаларды жүзеге саыру үшін ақпараттар мен
есептемелеік мәліметтерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Минералдық шикізаттар
Ресурстарды сақтау саясаты
Кәсіпорынның шикізат пен материалдарға, еңбек ресурстарын негіздеу
Адам ресурстары - еңбек және кәсіпкерлік қызмет. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
Қазіргі заман экономикасындағы минералдық шикізаттардың ролі
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құралу көздері
Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі
Машиналы өндіріс
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Өндіріс факторлары және өндіріс ресурстары
Пәндер