Толық экономикалық одақ


Жоспар
Кіріспе 3
І Бөлім. Аймақтық экономикалық интеграцияның теориялық негіздемелері
- Ғаламдану және аймақтық экономикалық интеграция түсініктері 5
- Экономикалық теориядағы интеграциялық үрдістердің зерттелінуі 10
- Аймақтық интеграциялық бірлестіктердің құрылуы мен даму тәжірибелері 20
ІІ Бөлім. ТМД кеңістігіндегі мемлекеттердің әлемдік ынтымақтастық үрдістерге кіруі
2. 1 ТМД мемлекеттеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен даму ерекшеліктері 29
2. 2 Қазақстан Республикасының аймақтық интеграциялық топтарға кіруінің алғышарттары 37
2. 3 Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың қалыптасуы 46
ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының аймақтық интеграциялық топтардағы орны мен даму болашағы
3. 1 ЕурАзЭҚ шеңберіндегі сыртқы сауданы дамыту жолдары 54
3. 2 ЕурАзЭҚ қаржылық интеграциясы және даму болашағы 61
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиет тізімі 70
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың таңдап алған тақырыбы көптеген себептермен түсіндіріледі, ол әлемдік шаруашылықтың қазіргі кезде дамуының күрделенуімен, оның ғаламдық сипат алуымен және аймақтану үрдістерінің кең таралуымен сипатталады.
Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік экономиканың елдері жаһандану әсерінен әлемнің басқа елдерімен көпжақты ынтымақтастықты жедел түрде дамыта бастады. Оның бірден-бір себебі - бірқатар жаһандық проблемаларды бірлескен күштермен шешудің және табиғи ресурстарды, инфрақұрылымның бірлескен объектілерін тиімді пайдаланудың қажеттілігі және т. б.
ТМД елдерінің қатысуымен орын алған экономикалық интеграция қиын да күрделі, әрі көп жағдайда қарама-қайшылықтармен дамуда. ТМД-ның қалыптасуы мен дамуы бұрынғы республикалардың экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуларының бырыңғай болмауы салдарынан достастық ішінде әртүрлі қарқынды интеграциялық процестердің тууына әкелді, ал оның нәтижесі ТМД территориясында одақтар, блоктар және бірлестіктердің пайда болуымен көрініс тапты. Қазақстан үшін де бұл мәселе айырықша мәнге ие, өйткені, біріншіден, Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграцияға қатысуы Қазақстан Республикасы егемендігінің экономикалық негіздерін құрудың, Қазақстанның жоғары экономикалық өсуін қамтамасыз етудің, толыққанды мүше ретінде оның әлемдік қауымдастыққа кіруінің шарты болып табылады.
1994 жылдан бастап Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Еуразиялық одақ құру идеясын ұсынып келеді. Оның айтуынша: « . . . Біз - өзінің жеке тарихи және өзінің жеке болашағы бар еуразиялық елміз. Сондықтан да біздің үлгі басқаларға ұқсамайтын болады. ол өзінің өн бойына әртүрлі өркениет жетістіктерін сіңіреді».
Посткеңестік кеңістікте тарихи тағдырлары ортақ, жақын немесе геосаяси және экономикалық мүдделері сәйкес елдердегі интеграцияны жақтаушылардың күш-жігерлерінің нәтижесі ретінде 2000 жылдың 10 қазанында еліміздің бас қаласы Астанада Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы президенттері Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) құру туралы келісім-шартқа қол қойды.
Әлем елдерінің аймақтық интеграциялануға деген жаппай бетбұрыстарын ескерсек, интеграциялық әлеуеттері өте жоғары ЕурАзЭҚ елдерінің аймақтық бірігуі - объективті қажет үрдіс еді. ТМД елдері ұзақ уақыт бойына социалистік достастық елдері шеңберімен шектеле отырып, халықаралық экономикалық ынтымақтастықтан тыс қалып қойды. Әлемдік экономикалық кеңістікке кіру кезінде нарықтық бағытты таңдай отырып, ТМД-ның барлық елдері үшін әлемдік қауымдастыққа ортақ экономикалық блок ретінде ену тиімді және қауіпсіз болар еді. Ол ТМД мемлекеттерінің тең құқықты серіктестер ретінде басқа экономикалық және саудалық одаққа қатысуының маңызды шарты болуы тиіс.
Екіншіден, бұл мәселені шешудің маңыздылығы бүгінгі таңда қалыптасқан күрделі саяси жағдаймен түсіндіріледі. Екі жүйенің күйреуі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің туындауы және әлемдік экономикалық қатынастардың жаһандануы нәтижесінде қалыптасқан жаңа жаһандық жағдайлардың пайда болуы. Қазіргі кезде әлемдегі әскери-саяси шиеленістердің бірқатар төмендеуі, көптеген елдердің басымды болу пікірлерінен бас тартуы, мемлекеттердің экономикалық өсуі мен мәдени дамуына мүмкіндіктердің кеңеюі, соған байланысты елдердің халықаралық қатынастарға қатысуының күшеюі байқалады.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына жолдауында «Біздің ары қарайғы интеграциялануымыз - бұл аймақтағы тұрақтылыққа, прогреске, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке жүру жолы» дегенді атап көрсетті. Бұл әлемде жинақталған интеграциялық бірлестіктердің қалыптасу тәжірибесінің әрекет ету қажеттілігін туындатады. Бірақ та қазіргі кездегі ғылымда жаһандану, және ХЭИ үрдістерінің әлемдік шаруашылық байланыстарға ықпал етуін бағалаудың ортақ қөзқарасы қалыптаса қоймады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету Азия үшін де өзекті мәселе болып табылады. Мұнда 3, 5 млрд-тан астам адам өмір сүреді, әлемдік ЖҰӨ-нің 55%-ы өндіріледі, әлемдік сауданың 40%-ы шоғырланған. Сонымен қатар бұл аймақ өте тұрақсыз аймақтың бірі болып сипатталады. Осы уақытқа дейін Азияда көптеген қақтығыстар, өзара сенімсіздік орын алып келеді.
Интеграциялық үрдістердің дамуы осындай экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерді шешуге, осы елдердің әрқайсысының саяси хал-ахуалын жақсартуға, оларда мекендейтін және тарихында көптеген ортақтығы бар халықтар достығын нығайтуға ықпал ететін болады.
Сондықтан да, ТМД елдері үшін интеграцияның даму сатылары теориялық мәселелерін және осы үрдіске ықпал етуші факторларды зерттеу, сонымен бірге ТМД-да интеграциялық байланыстардың қалыптасуы тәжірибесін талдау үлкен мәнге ие болып отыр. Осыларға негізделе отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне арналумен қатар халықаралық экономикалық интеграцияның әлемдік тәжірибесін қарастырады. Алайда бұл ХЭИ сферасында біз осы елдер тәжірибесін көзсіз көшіруіміз керек дегенді көрсетпейді. Ол үшін біз елдердің ұлттық ерекшеліктерін, посткеңестік кеңістікте қалыптасатын тенденцияларды анықтап алуымыз керек, сонымен қатар Батыс Еуропаның ХЭИ-сының элементтері мен механизмдерінің ішінен Қазақстан Республикасының экономикасына белгілі бір дәрежеде тиімді болатынын таңдап алып, қолдануымыз керек. Менің ойымша, интеграция мәселелерін кешенді түрде зерттеу Қазақстан Республикасы қатысатын интеграциялық топтастықтар қызметінің механизмдерін жетілдіруге және әлемдік тәжірбие үлгілеріне сүйене отырып экономикалық интеграцияның тиімді жақтарын дамытуға мүмкіндік туғызады. Осындай жағдайда дипломдық жұмыстың тақырыбы өзінің өзектілігімен және іс жүзінде қажеттілігімен ерекшеленеді.
І Бөлім. Аймақтық экономикалық интеграцияның теориялық негіздемелері
- Ғаламдану және аймақтық экономикалық интеграция түсініктері
ХХ ғасыр бойына әлемдік масштабта елдердің экономикалық өзара әрекеті жандана түсті және экономикалық қатынастардың анағұрлым көп бөлігін қамтыды. Халықаралық еңбек бөлінісінің, ең алдымен халықаралық өндіріс кооперациясының нәтижесі болып табылатын шаруашылық өмірдің тереңдей түсті.
Қазіргі заманғы әлемдік экономиканың дамуы өзара қарама-қайшы әрекет етуші, әрі күрделі басты екі үрдіспен анықталады: бір жағынан шаруашылық қызметтердің ғаламдану процесі, ал екіншіден - аймақтық және субаймақтық интеграцияның өсуі. Бұл екі феномен де халықаралық экономика үшін жаңа түсініктер емес. Дегенмен соңғы онжылдықта бұл процестердің өріс алуы аса қызығушылықпен көңіл аударарлық бірқатар жаңа мазмұнды элементтерді иеленді. ХХ ғ. 80-ші жж. бастап жекелеген мемлекеттер саясаттарындағы сауда либерализациясы мен капитал қозғалысының ұлғаюы нәтижесінде тауарлар мен қызметтер тасқыны, шаруашылық байланыстардың интернационализациясы айтарлықтай кеңейе түсті.
ХХ ғ. басында әлемдік даму ғаламдану процесінің тікелей әсерімен жүруде. Ғаламданудың мәні - мемлекеттер арасындағы өзара байланыстар мен өзара тәуекелдіктердің жедел дамуымен және күрделенуімен сипатталады. Ғаламдану процесін қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың барлық жүйесіндегі болып жатқан терең өзгерістердің басты белгісі ретінде айтуға болады. Аймақтану мен интеграция процестерінің үйлесімділігі ғаламданудың экономикадағы елеулі белгілерінің біріне айналады.
«Ғаламдану» терминін әдебиет беттеріне алғаш болып енгізген (1983ж. ) американдық экономист Т. Левитт болды. Дегенмен термин 90-шы жж. ғана кең қолданыс тапты деуге болады.
Сыртқы экономикалық түсіндірме сөздіктерде «ғаламдану» терминін келесідей түсіндіреді: «Экономиканың ғаламдануы - капитал мен өндірістің тереңдеуі негізіндегі әлемдегі барлық елдер экономикаларының өзара тәуелділігінің өсуі. Ғаламдану нәтижесінде шаруашылық шарттары теңеседі, бағалар жақындайды, тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ әртүрлі елдердің қаржылық және қор нарықтары қызметтерінде кедергілер алынып тасталынады». [1, 69 бет]
Төмендегідей бірқатар көрсеткіштер әлемдік экономиканың ғаламдануының мәнін ашады:
- ұлттық шаруашылық субъекттерінің мүдделерінің ұлттық-мемлекеттік шекарадан шығуы (трансұлттық экономикалық және қаржылық құрылымдар қызметінің кеңеюі) ;
- ұлттық және «жеке» экономикалық проблемалардың және әлемдік шаруашылық мүдделерінің әлемдік ресурстарды жұмылдырылуы есебінен шешілуі;
- дамушы және дамыған елдердегі экономикалық жағдайлардың өзара тәуелділігі;
- экономикалық және қаржы саясаттарының ұлттық нұсқасын жалпы әлемдік координациялау қажеттілігі.
Экономист-ғалымдар қазіргі уақытта экономиканың ғаламдануының бірқатар бағыттарын атап көрсетті. : [2. 10 бет]
- қаржылық ғаламдану;
- ғаламдық трансұлттық корпорациялардың орын алуы;
- әлемдік сауданың қарқын алуы;
- экономиканың аймақталуы;
- конвергенцияға ұмтылыс.
Дегенмен «ғаламдану әлі де болса шын мәнінде глобалды болған жоқ» деген пікір айтылады. Себебі қазіргі кездегі дамушы елдер тұрғындарының шамамен жартысы жабық экономикада өмір сүруде, яғни халықаралық экономикалық айырбас пен капитал қозғалысы бұл елдерде көрініс таппаған. Ал, бірқатар елдер үшін ғаламдану гүлденудің бірден-бір жолы болуда. Мысалы, Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, Чили, жаңа индустриалды мемлекеттер, әсіресе АҚШ үшін.
Планетаның ауқатты елдерінде тұратын 20% тұрғындарға әлемдік жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 86% келеді, ал кедей елдерде тұратын 20% тұрғындарға - не бары 1%. Озық технология саласында бұл елдер үстемдік етуде (алдыңғы қатарлы постиндустриалды мемлекеттер үлесінде әлемдік компьютерлік техниканың 80, 4%, озық технологиялық өндірістің 90, 5%, әлемдік тіркелген барлық патенттердің 87% келеді) . Осы орайда әлемнің экономикалық дамуы алдыңғы қатарлы елдермен анықталады, яғни периферия, олардың ережелерін ұстануға мәжбүр болады. Бұған байланысты әлемде өзара тәуелділіктен гөрі бір жақты тәуелділіктің етек алуын айтуға болады.
Соңғы онжылдықтардағы халықаралық қаржы тасқындарының көлемі мен сауданың өсуінің ерекше жоғары қарқын алуын трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) шапшаң дамуымен түсіндіруге болады. 50 мыңға жуық ТҰК үлесіне қазіргі заманғы әлемдік өндірістің жартысынан астам бөлігі және әлемдік экспорттың үштен бір бөлігіне дейінгі мөлшері тиесілі. ТҰК - ғаламдық экономиканы қалыптастыратын басты элемент. Олар бірте-бірте ұлттық үкіметтің қолдауына сүйенетін, әлемдік экономиканы басқарушы органдарға айналуда. ТҰК-дың дамуы, ғаламданудың басқа да құрамдас бөліктері сияқты ұзақ уақыт даму нәтижесінде өз шапшаңдығын алған процесс болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін олар жылына 100 шетелдік филиалдарын ашса, ал қазір тіпті мың есеге дейін ұлғайды. Әлемде барлығы 800 мыңнан астам шетелдік филиалдары бар 63 мың бас компаниялар бар. Олардың ішінде 270 мың филиалдар дамыған елдерде, 360 мыңы дамушы елдерде және 170 мыңы өтпелі экономикалы елдерде орналасқан.
Ирак, Иран, Ауғаныстан мемлекеттері, Африка елдері үшін ғаламдану барлық проблемаларды шешудің жолы бола алмайды және аса үлкен көмек ретінде де орын алмайды. Олардың көпшілігі кедейшілікте және экономикалық оқшаулану жағдайында өмір сүруде, сондай-ақ ғаламдану процесі жағдайында әлемдік бәсекелестік күресте бұл елдер әлдеқайда әлсіз.
Дамушы елдер әлемдік өндіріс процесіне ТҰК қызметтері арқылы қатысады, олар үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады, ақпараттар мен қазіргі заманғы ғылыми-техникалық жетістіктерге ену мүмкіндігі кеңейеді. Ғаламданудың бірден-бір негізгі артықшылығы өндіріс масштабындағы үнемділігі екені, яғни оның шығындарының азаюына, бағаның арзандауына және тұрақты экономикалық өсімге әкелетіні белгілі. Сонымен бірге ғаламдану көптеген мемлекеттер үшін, сондай-ақ ТМД мемлекеттері үшін бірқатар қиындықтар мен тәуекелділіктер туындатады. Бұлар ең алдымен осы елдердің экономикалық әлеуеттерінің төмендігінен, посткеңестік кеңістіктегі дезинтеграциялық процестерден, сондай-ақ ұлттық экономикалық, әкімшілік және құқықтық жүйелерінің жеткіліксіз дәрежедегі дайындықтарынан туындайды. Әлемдегі ірі аймақтық топтардың экономикалық көрсеткіштерімен ТМД-ны қатарластырып қарайтын болсақ, «күштер ара-қатынасы» ТМД елдерін шаруашылық айырбастың неғұрлым күшті қатысушыларының ойын ережелерін қабылдауға мәжбүр етеді.
Бақылап отырғанымыздай әлемдегі ұлттық экономикалардың әртүрлі нышандағы ұлттық аймақтық құрылымдарға бірігулерге зор ұмтылыстары - бұл әлемдік ғаламданудың келеңсіз әсерлеріне қарсы тұрудың жалғыз ғана мүмкіндігі дегенмен қатар, біздің елдердің әлемдік нарыққа енулерінің минималды мүмкіндіктері екендігін айта аламыз. Тек бір ғана даусыз айта алатын нәрсе: ғаламдану адамзат жолында тарихи мүмкіндіктерді ашумен қатар, өз дамуында жаңа қауіптерді де туғызады. Әрине оның қырлары да сөзсіз, айталық, мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстар тереңдей түседі, экономикадағы адамзаттық алдынғы қатарлы жетістіктерге елдердің кедергісіз енулеріне жағдайлар жасалады, әртүрлі аймақтар даму деңгейлерінің теңестірілуіне себепші болатын капитал тасқынына оң әсерін тигізеді.
Сондықтан да ғаламдану процесіне төтеп беру, ғаламдану әсерінен қалыптасқан жаңа жағдайларға икемделу болып табылады. Мұндай икемделудің бірден-бір әдісі - экономикалық интеграция.
Ғаламданумен салыстырғанда аймақтану экономиканың қаржы және нақты секторларының байланысын және анағұрлым терең интеграцияны білдіреді. Мұны интеграциялық топтар шеңберіндегі капитал мен жұмыс күшінің қозғалысы, әртүрлі деңгейдегі сауда либерализациясы орын алатын ұйым құрушы елдер тобын қамтитын шектеулі масштабтағы ғаламдану деп түсінуге болады. Аймақтану, бір жағынан өз қатысушыларының экономикалық өсуін ынталандырса, ал екінші жағынан жекелеген экономикалық топтардың алшақтығын тереңдете отырып, олардың арасындағы қарама-қайшылық пен бәсекелестікті нығайта отырып ғаламдану процестерін тежейді.
Немістің белгілі саяси қайраткері Г. Геншер былай деп жазады: «Жер бетінің барлық бөлігіндегі пайда болған жаңа аймақтық топтар идентификацияны және ғаламданудың кері әсерлеріне қарсы жаңашыл жауап үшін мүмкіндіктер туғызады. Аймақталу - басқа елдер топтарымен конфронтацияны емес, керісінше ынтымақтастықтың рухын дамытуы тиіс.
Интеграциялық процестердің дамуы тауарлар мен олардың өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының өсуінің заңды нәтижесіне айналды. Осы орайда елдер арасында неғұрлым берік өндірістік байланыстар құру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысы жолындағы көптеген кедергілерді жою қажеттіліктері туындады. Толық түрде мұны тек мемлекетаралық интеграциялық бірігулер шеңберінде ғана жүзеге асыруға болады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде ғаламдану және интеграция процестерінің байланысына берілетін тұжырымдамаларда оларды қарама-қарсы үрдістер деп қарастырады. Мысалы, «Қазіргі заманғы әлемдік шаруашылық екі түрлі қарама-қайшы үрдісті бөліп көрсетеді. Бір үрдіс әлемдік экономиканың біртұтастығы, яғни ғаламданудың етек алуымен сипатталса, екіншісі әлемдік шаруашылықтың экономикалық орталықтарының қалыптасуы мен оғаштануы, жекелеген елдер және аймақтардың экономикалық жақындасуы мен өзара әсерлесуі, халықаралық интеграциялық топтардың құрылуы сияқты процестермен сипатталады».
Дегенмен ғаламдану және интеграция ХХІ ғ. әлемдік экономиканың дамуын анықтайтын объективті, өзара байланысты процестер.
Аймақтық экономикалық интеграция - ғаламданудың негізгі құрам бөлігі. Дей тұрғанмен ғаламдану интеграциялық процестердің қосындысы болып табылмайды. Қазіргі кезеңде әлемдік экономиканың ғаламдануы мен аймақтық экономикалық интеграция - біркелкі түсініктер емес, бірақ олардың негізінде ортақ процестің бар екендігін айтамыз. Ол - шаруашылық өмірдің .
Интеграциялық үрдісті зерттеуші ресейлік Ю. В. Шишковтың айтуы бойынша, ғаламдану - интеграцияның кеңейе дамуының жаңа бір қыры болса, ал интеграция тереңдей дамуының жаңа бір сатысы.
Шаруашылық өмірдің «ғаламдану» және «аймақтық интеграция» үрдістерін байланыстырушы ортақ басты қасиетіне жатса, олардың әрекет етуіне қарай басқа да ұқсастықтарын атауға болады: ұлттық экономиканың өзара тәуелділіктерінің күшеюі; ұлтүсті институттар рөлінің күшеюі; әлемдік экономиканы реттегіш жаңа субъекттердің пайда болуына тікелей әсерлерін тигізеді.
Ғаламдану үрдісін тұтастай әлемде орын алып отырған объективті үрдіс дейтін болсақ, интеграция үрдісін қажеттілігі жөнінен - объективті, ал оның қалыптастыру ғаламдануға қарағанда субъективті процесс екендігін айта аламыз. Осы тұста бұл екі процестің басты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын толық жіктеуге ұмтылыс жасалды. Оны 1-кестеден көруге болады:
1-кесте. «Ғаламдану» және «интеграция» құбылыстарының негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтары .
ХХ ғ. екінші жартысынан бастап алдыңғы қатарлы индустриалды елдер экономикаларының жедел дамуы және халықаралық транспорт пен коммуникацияның жетілдірілуі салдарынан, халықаралық тауар және қызметтер саудасының қарқынды өсуі орын алды. Халықаралық сауда көлемі, уақыт өткен сайын халықаралық өндіріс факторларының әртүрлі формаларымен толыға бастады, нәтижесінде шетелдерге тек дайын тауарлар ғана емес, сонымен бірге оған жұмсалатын өндіріс факторлары да шығарыла бастады.
Тауар бағасындағы пайда ұлттық шегаралар шеңберімен қоса шет елдерде де жасалына басталды. Экономикалық интеграция халықаралық тауарлар мен қызметтер саудасы және өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы дамуының заңды нәтижесіне айналды. Сыртқы экономикалық айырбас пен өндіріс саласын қамтитын экономикалық интеграция ұлттық шаруашылықтың тығыз байланысуы және аймақтық шаруашылық кешенінің қалыптасуын туғызды.
Экономикалық интеграция өзара әрекет етуші жақтар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Біріншіден, интеграциялық қарым-қатынас шаруашылық субъектілеріне, қаржылық, материалдық, еңбек, жаңа технология сияқты әртүрлі ресурстардың енуіне аймақ көлемінде неғұрлым кең жол ашады. Екіншіден, аймақтық шеңберде елдердің экономикалық жақындасуы қатысушы елдер фирмалары үшін, оларды үшінші бір елдер фирмалары тарапынан белгілі дәрежеде бәсекелестіктен қорғай отырып, айрықша (привилегированный) жағдай қалыптастырады. Үшіншіден, интеграциялық әрекеттер, оған қатысушы-елдер үшін жекелеген неғұрлым артта қалған аудандар даму шарттарын қалыпқа келтіру, еңбек нарығындағы жағдайды райландыру, жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген тұрғындар топтарына әлеуметтік кепілдемелер көрсету, денсаулық сақтау, еңбекті қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің әрі қарай дамуы сияқты күрделі әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешуге мүмкіндік береді.
Ғаламдану парадоксы, қоғамның ішкі байланыстары неғұрлым ауқатты және оның экономикалық, әлеуметтік нығаюы дәрежесі жоғары және неғұрлым ішкі ресурстар таратылуы толығырақ жүрсе, соғұрлым ол интеграциялық байланыстар артықшылықтарын табысты пайдалана біледі және ғаламдық нарық шарттарына бейімделе алады.
Халықаралық экономикада, әсіресе дамушы елдерде интеграциялық топтар кездейсоқ пайда болуымен қатар көп ұзамай жойылуда. БСҰ-ның есебі бойынша, Батыс Еуропадағы интеграциялық прогресс әлемнің басқа бөліктерінде интеграциялық бірігулердің сандық өсуіне түрткі болу нәтижесінде 70-жылдардағы 18-20 топтармен салыстырғанда, 90-жылдар ортасында әртүрлі типтегі 30-дан астам интеграциялық бірлестіктер қалыптасқан.
Елдердің өзара әрекет етуі мен жақындасуына әкелетін нарықтық экономиканың жалпы заңдары, тарихи, экономикалық әлеуметтік, дәстүрлік және басқа да факторлар жиынтығымен байланысты әртүрлі географиялық аймақ жағдайларында әртүрлі ерекшеліктермен көрініс табады.
Қатысушы-елдер шаруашылықтарының бірігуі алдағы уақытта перспективті өз дамуын алатын, олардың байланыстары одан ары тереңдей түсетін, Еуропалық Одақ (ЕО), Азия-тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық ұйымы (АТЭЫ) және Солтүстік американдық еркін сауда келісімі (НАФТА) сияқты үш алып аймақтық топтарды атап айтуға болады. Бұл топтардың экономикалық өзара әрекеті әлемдік шаруашылықтың дамуына өте үлкен әсерін тигізуде.
Аймақтық интеграциялық топтардың әсер ету мүмкіндіктері мен күштерінің өсуіне орай, олар ірі үстем елдердің орнына өздерін әлемдік экономикалық дамудың басты субъектісі ретінде қабылдайды. ХХ ғ. аяғынан бастау алған әлемдік экономикалық дамудың басты ерекшеліктері де осында. Әлемдік шаруашылық облыстарындағы көпшілік экономист сарапшылардың көзқарастарын ескере отырып, бұл құбылыстың қазіргі 21 жүзжылдық барысында анағұрлым нығая түсетінін айтуға болады. .
- Экономикалық теориядағы интеграциялық үрдістердің зерттелінуі
ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz