АЛАКӨЛ көлінің емдеу қасиеттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

І. КӨРНЕКТІ ЖЕРЛЕР НЕМЕСЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ ТУРИСТІК ОБЪЕКТІЛЕРІ

1. 1 Туризмнің инфрақұрылымы . . . 6

1. 2 Негізгі танымдық жерлер мен туристік экскурциялық орталықтар . . . 8

1. 3 Қазақстанның шипа жайларының сауықтандыру және емдеу саласындағы туризмнің үлесі . . . 14

ІІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТАРЫ МЕН САНАТОРИЯЛАРЫНЫҢ ТУРИЗМДЕГІ РОЛІ

2. 1 Бальнеологиялық емдеу-сауықтандыру орындарының рөлі . . . 18

2. 2 Климатологиялық емдеу-сауықтандыру орталықтары . . . 40

2. 3 Балшықпен емдеу-сауықтандыру орындарының туризмдегі бағалануы . . . 54

ІІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстан халқының курорттық саноториядағы емдеудің қажеттілігі . . . 59

3. 2 Қазақстандық туризмнің өзекті мәселелерін шешу жолдары . . . 63

3. 3 Туризм саласындағы табиғи рекреациялық аймақтарды жетілдіру……… 68

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74

ҚОСЫМШАЛАР . . . 77
КІРІСПЕ

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.

Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталынады. Ғылыми-техникалық прогресс, урбандалу процесі, экологиялық дисбаланс прессингті нығайтады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді [1, б. 226] .

Емдік сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;

Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты.

Экономикалық аспектіге - адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсарту.

Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа (Қ. Р. Ш. ) санаториялар, демалыс үйлер, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін рекреациялық (табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе емдік сауықтыру туризмі проблемасы кокейтестілігі анықталады.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның табиғи рекреациялық ресурстарының емдік сауықтыру мүмкімшіліктерін анықтау.

Жұмыстың міндеті: Табиғи рекреациялық мүмкімдіктерді талдау:

  • Қазақстанның курорт-санаторияларын жіктеу:
  • Емдік сауықтыру туризмін сипаттау үсыныстар беру.

Зерттеу объектісі. Зерттелетін объектілер көп: Қазақстан Республикасы территориясында сонау Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейін - таулар, өзендер, ормандар, көлдер, шөл, шөлейт және дала кездеседі, сонымен қатар ерекше климаты, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, назар аударарлық басқа да объектілер кездеседі.

Зерттеу пәні. Сарығағаш, Қапал-Арасан, Алма-Арасан және балшықпен емдейтін курорттарға - Моялды, Жаңақорған, Атырау жатады. Сонымен қатар, әйгілі атаққа ие болған Алматы мен Щушие-Борабай курортын Қазақстанның асыл маржан орталықтары.

Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері, Қазақстан Республикасының нормативтік, құқықтық актілері, түрлі әдістеме-лік нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.

Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салы стырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің аркасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады [2, б. 1026] .

Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.

Осы Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді.

Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І КӨРНЕКТІ ЖЕРЛЕР НЕМЕСЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ ТУРИСТІК ОБЪЕКТІЛЕРІ

1. 1 Туризмнің инфрақұрылымы

Туризм - әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін ең тұрақты дамып келе жатқан саласы. Өсу қарқынының жылдамдығына сәйкес туризм ғасырдың құбылысы ретінде танылуы кездейсоқ емес. Бүгінде Қазақстанда туризмді дамыту тұжырымдамасы бекітілд, туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде, ал ең бастысы - «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралың Заңы қабылданды. Мұнда туризм тұңғыш рет мемлекеттік экономикалық саласы ретінде айқындалды. Заң жүзінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормалар бекітіліп, яғни оларды сертификаттау қарастырылды. Туристердің алдында туристік ұйымдарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі белігленіп, туристердің қоғамдық бірлестіктері мен туристік қызмет субьектілернің, туризм саласындағы уәкілетті органдарының іс-әрекет аясы анықталды. Жаңа Заңда туристік қызметке жәрдемдесу және оны дамыту үшін ыңғайлы жағдай туғызу, туристік қызметтердің басым бағыттарын қолдау, туризм үшін қолайлы ел ретінде Қазақстан Республикасы туризміне ұнамды көзқарас қалыптастыру сияқты мемлекеттік реттердің қағидалары бекітілген. Туристік обьектілерді түрлендірудің қорытындысы бойынша республикада барлығы 311 туристік обьекті жұмыс істейді [32, 112б] .

Десек те, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өз мақсатында пайдаланбаған немесе ұстауға қаржының жоқтығынан бос тұрған туристік обьектілер бар. Бұлардың қатарына, 142 орындық «Ақтөбетурист» қонақ үйін, Алматыдағы 46 орындық «Інжу-Маржан» (Жемчужина) демалыс аймағын, 200 орындық «Қарқаралы» туристік базасын жатқызамыз.

Еліміздегі туризм инфрақұрылымының даму проблемасын шешу үшін қаржы керек екені түсінікті. Бүгінгі күнге дейін Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарының Алматы қаласының туристік ұйымдары жалпы сомасы 725 559 АҚШ доллары-ның инвестициялық жобасын ұсынып отыр.

Туризм инфрақұрылымын дамыту үшін ұсынылған аса қызықты жобалар ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы «Экожүйе» ЖШС-нің «Рахманов бұлағындағы» 50 орындық туристік кешен құрылысы, «Көшпенділердің» туристік сызбасын жайластыру және одан әрі дамыту обьектісі, Қызылорда облысындағы «Қамбаш» ЖШС-нің «Қамбаш» көліндегі туристік кешен құрылысы, Алматы облысындағы «Көлсай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Көлсай, Балқаш, Алакөл, Қапшағай көлдеріндегі демалысы аймақтарының және Шарын шатқалындағы демалыс үйінің құрылыстары, Қостанай облысындағы «Қостанайтурист» ААҚ-ның «Киіз үй - отель» құрылысы бар. Агенттік бұл жобаларды қаржыландыруға отандық және шетелдік инвестицияны тартудың көздерін қарастыруда.

Беделді көтерудің негізгі шарттары - Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктердің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде Дүниежүзілік туристік ұйым тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру.

Қазіргі кезде Ұлы Жібек жолының 1700 шақырымға созылған Қазақстан аумағында туристік-рекрациялық қорларды қайта жаңғыртудың және түрлендірудің, зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Ендігі міндет - осы игілікті іс-шараны жандандыру үшін шетелдік инвесторларды тарту керек. Бір сөзбен айқтанда, ішкі және халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында жыл сайын Алматы қаласында ұйымдастырылатын «Жібек жолы - Қазақстан» халықаралық фестивалінің алдағы атқаратын жоспар-жобасы осындай.

Екінші бір келелі мәселе - қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланың, құрылымның, тетіктердің проблемаларын және туризм нарығының даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан зерделеу, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құру. Ол үшін ең алдымен туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру күн тәртібіне қойылып отыр.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің ғылыми мамандықтары тізбесіне «Туризм географиясы», «Туризмнің педагогикасы мен психологиясы», «Туризмнің құқықтық негіздері» атты жаңа ғылыми бағыттарды енгізудің қажеттігі жетті. Егер, осы айтылғандардың бәрі алдағы екі-үш жылдың белесінде жүзеге асса, туризм ел экономикасының тұрақты кіріспе саласына айналары хақ. [16, 115б. ]

1. 2 Негізгі танымдық жерлер мен туристік экскурциялық орталықтар

Туризмде басқа экономикалық сала сияқты өзінің құрамына бірнеше саланы қосады, олар: емдік, демалу, спорттық, танымдық және т. б. Олардың әрқайсысы табиғи ресурстарды қолдануға қамданады.

Туристік-экскурссиялық қызмет көрсету қаладағы урбанизация мен Ғылыми Техникалық Революцияға байланысты адамдарға психологиялық ауртпалықтың өсуі нәтижесінде туризмнің рөлі арта түседі. Бұл адамның бос уақытын тиімді пайдалану қозғалысы болып табылады. Психологиялық ауртпалық, қала көшелерінен тыс жерлерде, туристік походтар мен саяхаттар арқылы жүзеге асады. Әрдайым адам жақсы, тиімді демалса, ол белсенді түрде жұмыс істей бастайды.

Аймақтық туристік миграция экономикалық көзқарас арқылы адамның саяхат жасауға, демалуға қажеттілігі, - сұраныс формасы ретінде танылып, әртүрлі қызмет көрсету кешенге деген қолданыс салдарынан адамдардың материалдық, рухани, мәдени-танымдық қызығушылығы арта түседі. Бұл кешен әртүрлі көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану, музейлерге және мәдени-танымдық ұйымдар, ойын-сауық орталығы, спорттық, емдік орталықтарды қамтиды [31, 22б] .

Туризм өзі пайда болысынан саяхат барысында көп уақыт кетірмейді, керісінше қоғамдық қажетті уақытты жинақтайды. Аурудың азаюы салдарынан жұмыс уақытының қоры арта түседі. Және адамның физикалық денсаулығының күшеюі, рухани күшінің және жұмыс істеуге деген қабілетінің күшеюіне әкеп соғады.

Туризм де, басқа экономикалық сала сияқты өзінің құрамына бірнеше саланы қосады, олар: емдік, демалу, спорттық, танымдық және т. б. Олардың әрқайсысы табиғи ресурстарды қолдануға қамданады, өзінің даму жолында техникалық және әлеуметтік инфрақұрылымға, потенциалды анықталған еңбек ресурстарына сүйенеді және басқа да шаруашылық салалары мен сфераларына өз әсерін тигізеді. Кез келген туризм саласы басқа туризм салаларымен тығыз байланыста. Көп жағдайда олар бірін-бірі қалыптастырып, толықтырып отырады. Қарым-қатынастық шаруашылық жүйесінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсетуді тура құқыпен қарастырады.

Қазақстанда туризмнің дамуы үшін туристік ресурстарға бай аудандар өте көп және олар нәтижелі халық шаруашылығының саласына қосылуда. Соңғы жылдары республикада біршама туристік шаруашылықтар құрылды, туристермен жұмыс белсенділігі жиналуда. Әдемі, әсем, көрікті жерлерде туристік кешендер салынды, көбінесе обылс орталықтарында комфортты туристік кешендер жұмыс істейді. Олар кез келген уақытта қала тұрғындарын қабылдауға, қызмет көрсетуге дайын тұрады, сонымен қатар, басқа да аудандардың қонақтарын қабылдауда. Республикада барлығы 700 туристік кешен, 300-ге жуық туристік қонақ үйлер кешені бар.

Әр кешен өз-өзімен қызықты әрі тартымды. Шыршалы-орманды «Алтын бор» Солтүстік Қазақстан облысында, Орал өзенінің маңында, Оралдан алыс емес жерде «Орал», «Қарқаралы» туристік кешені - Қарағанды облысында және ол өзінің велосипедті маршруттарымен ерекшеленеді, ол Қарқаралы таулы-орманды оазистік жолдарымен жүргізіледі. «Алтайлық бухта» деп аталатын туристік кешен Бұқтырма теңізінің жағасындағы Алтайлық орманмен Марқакөлге дейін өте қызықты маршруттар басталып, әлемге танымал «Рахмандық кілтке» қарай беттейді. Павлодар облысындағы көк көлдер жағасындағы ұмытылмас «Баян ауыл» туристік кешеніне бару, өзінің жағымды әрі таза ауасымен ерекшеленеді. Іле Алатауының көркем шатқалында Алматының туристік кешендері орналасқан. Қазақстанда туризмнің әр түрлі саласының дамуына барлық туристік аймақтар мен мүмкіндіктер бар: курорттар мен демалыс үйлерінде демалу, емделу, аңшылық, соның ішінде бүркітпен, альпинизм, тау туризмі, балық аулау, салт атты және су туризмі, вертолеттық экскурсия және халықаралық спорттық жарыстарда этникалық туризм, негізгі қозғаушы күші - шет елдегі қазақ оралмандары, - ғылыми, діни, профессионалдық, жанұялық, бизнес-тур, коммерциялық туризм т. б [25, 77б] .

Қазіргі кезде туризмнің түрлері мен формаларын, сонымен қатар, туристік маршруттарды да қалыптастыруға болады. Танымдық, топтық және маршруттық туризм - міне, осы ең негізгі қалыптасқан республикалық туристік ұйымдар. Соңғы жылдары республикадағы негізгі қызығушылық - бұл коммерциялық туризм, соның ішінде шоп-туризм Польшаға, Қытайға, Түркияға, Араб Әмірлігіне және т. б. Алматының өзінде шоп-туризммен айналысатын 200 ұйым мен фирма, ал жалпы республика бойынша 400 ұйым бар. Жалпы жүйеде мемлекеттік және мемлекеттік емес туристік-экскурсиялық қызмет көрсетулерде 10 мыңға тарта адам жұмыс істеуде, бірақ республикада әлі күнге дейін туризмнің толық жүйесі қалыптаспаған.

Қазақстандағы туризмнің төмен деңгейде дамуының себебі көп, бірақ ең басты себебі - республиканың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейінің төмен болуы. Бүгінгі күні Қазақстан әлемге саяси-егеменді мемлекет болып танылып отырғанымен, өзінің экономикалық егемендігін таныта алмай отыр. Сонымен қатар, басқа да басты себептерді айта кеткен жөн: біріншіден, туристік-экскурсиялық қызметтің экономикалық салалық дамуы - мемлекеттік жоспарлық балансқа кірмеуі; екіншіден, туризмді ғылыми дамытудың жоқтығы. Қазақстанда кешендік ғылыми болжамдар мен туризмді дамытудағы ұзақ уақыттық жоспарлауды жүзеге асыратын ғылыми жоспардың жоқтығы; үшіншіден, туристік-экскурсиялық қызмет көрсету саласында қалыптасқан жүйенің дайындық кадрларының жоқтығы. Осы сұрақтарды шешіп және халықаралық туризмді дамыту арқылы республиканың жоғарғы деңгейге көтерілуімен және жоспарлы кіріс салдарынан төлем балансы жүзеге асады.

Географиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан территориясындағы рекреациялық аудандарды бөліп айтуға болады. Олар жағымды демалыс пен туризмнің дамуына әсер етеді. Туризмді дамытудағы ең негізгі қолайлы аудандар Қазақстанның шығысында орналасқан. Бұл жерде республиканың күрделі су жүйелері қалыптасқан - Арал теңізі, Балқаш көлі, Зайсан, Алакөл, Қапшағай және Шардара су қоймалары. Су температурасы 3-5 айға дейін шо-мылу мен су туризміне жарамды. Осы саланы дамытуда Балқаш пен Алакөлдің алатын орны ерекше. Қазіргі кезде бұл жерде су туризмі даму үстінде.

Шығыс пен Оңтүстік Шығыс өзінің әрқилы және кең ауқымды табиғатымен ерекшеленіп, бір-бірімен тығыз байланыста жатқан тау жүйелері Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань қалыптасқан. Бұл аудандар өзінің үлкен, көркем және әрқилы өсімдік, жануар әлемімен ерекшеленеді.

Қазақстан туризмінің дамуына өз септігін тигізетін әртүрлі ландшафтық өзгешеліктері бар аудандарды жатқызуға болады. Сонымен қатар, туризмнің дамуына өз әсерін тигізетін үлкен өзен өңірлері - Орал, Сырдария, Іле, Ертіс жатады [23, 145б] .

Географиялық бағалау нәтижесінде Қазақстандық туризммен демалыстың дамуына 60-қа жуық туристік рекреациялық зоналар, және олар барлық экономикалық аймақтың 10 облыстық территориясын қамтиды. Бұл зоналарда туризмнің көп саласы әрекет етуде. Соның ішінде танымдық, спорттық-емдік маршруттар, стационарлық демалыстар және жаяу жүріп өтетін, су арқылы, шаңғы тебу арқылы жүріп өтетін танымдық маршруттар. Осы көп профильді туризм саласына 4 аймақ жатады, олар: Шығыс Қазақстанда - Зыряновск және Ульбы, Батыста - Орал және Оңтүстік Қазақстанда - Іленің орта таулы аймағы.

Емдік-спорттық туризмнің территориясы өте кіші. Санаулы ғана аймағы мен қол тимеген табиғи ортада су жағасында қысқа мерзімдік жаяу жүріп өтетін демалыстар жүзеге асырылуда. Республикадағы осындай зоналардың жалпы саны - 29. Олардың көбісі Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірлерінде және Қарағанды, Павлодар облыстарында орналасқан. Стационарлық-емдік зоналардағы туризм саласы табиғи ресурстарға бай болғандықтан, ұзақ уақыттық маршруттарды қамти алады. Бұл зоналар қолайлы климаттық жағдайларымен, жеке пляждарымен, қыдыруға арналған орындарымен, танымдық обьектілерімен және саңырауқұлақ-бүлдіргенді бақтарымен өзгешеленеді. Республикадағы мұндай зоналар саны - 19, олардың көбісі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында орналасқан.

Спецификалық зонадағы туризм саласы өзіне республиканың шөлді және биік таулы аймақтарын қосады. Бұл зоналарда спорттық және ғылыми зерттеу туризмі (альпинистік, спецификалық табиғи жағдайлардың адам организміне әсерін) . Осы зерттеулік маршруттар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай негізгі үш зона бар. Іле Алатауының биік шатқалы, Алматы облысындағы Күнгей тау шатқалы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы - Өгем тау шатқалы.

Советтер Одағы кезінде Қазақ ССР Атласын жасауда авторлар Қазақ ССР Туристік картасын жасаумен қатар, Республиканың туристік-экскурсиялық обьектілері мен туристік инфрақұрылымының обьектілерін қарастырды. Оларға, біріншіден, қорықтар, қызықты табиғи обьектілер, археологиялық және архитектуралық орындар, музейлер, театрлар, курорттар, демалысқа арналған орындар; екіншіден - туристік және экскурсиялық орталық туристік қонақ үйлер, туристік кешендер және көлік қызметін көрсету орталықтары.

Қазақстан облыстарының туристік-экскурсиялық обьектілері мен туристік инфрақұрылым обьектілерін «туристік қызығушылық» деңгейінде талдауға болады. Республика осы көрсеткіште облысты 4 топқа бөлді:

  1. 20 обьектіге дейін (Атырау, Маңғыстау, бұрынғы Торғай, Жезқазған, Талдықорған облыстары) ;
  2. 20-дан 40 обьектіге дейін (Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақ-стан, Шығыс Қазақстан облыстары) ;
  3. 40-тан 60 обьектіге дейін (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Семей, Оңтүстік Қазақстан облыстар) ;
  4. 60 обьектіден жоғары (Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстары) .

Туристік кешендердегі орындармен қамтамасыз ету деңгейі келесілер:

1) түнеп шығуы жоқ туристік кешен (Атыраулық, Торғайлық, Маңғыс-таулық, Солтүстік Қазақстандық, Ақмолалық, Жезқазғандық, Қызылордалық, Жамбылдық, Талдықорғандық, Семей облыстары) ;

2) 300 орынға дейін (Ақтөбе, Павлодар облыстары) ;

3) 300-ден 600 орынға дейін (Қарағанды, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) ;

4) 600-ден 900 орынға дейін (Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары) ;

5) 900-ден жоғары (Алматы облысы) [27, 43б] .

Республиканың табиғи әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурста-рын айта келе, Қазақстанның туристік потенциалын құруға болады.

Жұмысшыларды әлеуметтік сақтандыру мен емдік жүйеде санаториялы-курорттық емдеу маңызды роль атқарады.

Революцияға дейін Қазақстан территориясында Буровойда орналасқан 60 орындық жекеменшік жалғыз ғана емхана болған. Бұның өзі кең көлемді курорттық байлықтарға қарамастан тек Совет уақытында мемлекеттік меншікке көше бастады. Бұл зонада емдік минерал көздері, тағы басқа табиғи ресурстар мен факторлар республика жұмысшыларына санаториялы-курорттық қызмет көрсету негізінде кешендер салына бастады.

Республикадағы курорттық байлықтарды зерттеу нәтижесінде Қазақстан-ның барлық облыстарында әр түрлі санаториялы-курорттық кешендер салуға болатыны анықталды. Қазіргі кезде 220 минералды су скважиналары, 75 емдік қасиеті бар көлдер мен бірнеше ондық климаттық аймақтар есепке алынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Алакөл көлі туристік аймақтың сипаттамасы мен олардың туристік қызметтері
АЛАКӨЛ КӨЛІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
Алакөл ойпатының географиялық орналасуы
Алакөл көліне қысқаша сипаттама
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Тарбағатай жотасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz