Халықаралық сауда саясатының мәні мен рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 5

БӨЛІМ 1. СЫРТҚЫ САУДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ . . . 7

1. 1. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауданың теориялық негіздері . . . 7

1. 2. Сыртқы сауда саясатының мақсаттары мен негізгі бағыттары . . . 12

1. 3. Халықаралық сауда саясатының мәні мен рөлі . . . 23

БӨЛІМ 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ СЕКТОРЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 29

2. 1. Қазақстан Республикасы сыртқы сауда айналымына талдау . . . 29

2. 2. Қазақстан Республикасының экспорттық құрылымына талдау . . . 42

2. 3. Қазақстанның экспорттық саясатына баға беру . . . 52

БӨЛІМ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКСПОРТҚА БАҒЫТТАЛҒАН СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 71

3. 1. Қазақстан Республикасы экспортын ынталандыру саясаты мен мемлекеттік қолдау . . . 71

3. 2. Қазақстан Республикасының экспорттық саясатын жетілдіру

жолдары . . . 79

3. 3. Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына кіруінің перспективалары . . . 84

ҚОРТЫНДЫ . . . 95

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 98

КІРІСПЕ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамның өмірінің саясаттық сферасының өзгеруіне ғана емес, сонымен қатар экономикалық жүйенің іргелі өзгерулеріне де бағытты алды. Экономикалық реформалар қиын және қарама-қайшылық сипат алды. Бастапқыда нарықтық жүйенің ашық түрін құруына бағыт алынған болатын. Реформа нарыққа жылжу ақиқаттығынан емес дәл сол экономиканы "ашудан" басталған. Нақты экономикалық қатынастар кәсіпорындар арсында емес шетел серіктестерімен жинала бастады. Әлемдік нарық ұлттық нарықтың болмауын толтықтырды.

Макроэкономикалық реттеу жүйесін қолдануына сәйкес ашық экономиканы құру үшін табандану көбінесе Қазақстан дағдарыстық даму этапын және тұрақтануға жағдай жасауын жеңуінің ауыртпалы және ұзақтық сипатын алдын ала анықтады.

Сыртқы сауда осы реформаның тым қарама-қайшылы этапында мәндес емес жеткілікті рөлде болды.

Сыртқы сауда ұлттық экономиканың тиімділігін арттырудың маңызды факторы, өйткені еңбек, капитал, материал және басқа да өндірістік ресурстардың басқа елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі, өндіріс шығындары, өнім сапасы бойынша абсолютті және салыстырмалы артықшылығын сипаттайды. Мұндай салалардың өнімдері дүниежүзілік рынокта сол қатарлы елдердің өнімдерімен тез айырбасқа түседі. Сыртқы сауда арқылы мұндай ел өнеркәсіп шикізат көздері мен ауыл шаруашылығы тауарларын әкеле отырып, өзінің шектеулі табиғи ресурстарының орнын толтырады.

Сыртқы сауда, тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және тауарды басқа елдерден әкелуден импорттан құралады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады. Егер экспортталатын тауарлардың құны импортталатын тауарлардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда балансына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда балансының жай-күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белгілі мағынада сол ел экономикасы жай-күйінің маңызды көрсеткіші.

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарлардың, экономикалық агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бір-бірімен тығыз байланысты.

Біз макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импорттың көлемі жалпы ұлттық өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіштер макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының экспорттық саясатының ерекшеліктері мен қазіргі даму тенденцияларына арналған.

Берілген жұмыстың басты мақсаты - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауданың алатын орнын анықтау, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасай отыра, еліміздің экспорттық құрылымына және осы бағытта жүргізетін мемлекеттің саясатына баға беру, елдің экспортты ынталандыру жөніндегі ұсыныстарын қарастыру.

Берілген мақсатта сәйкес дипломдық жұмыстың тапсырмалары анықталған:

  • халықаралық экономикалық қатынастардағы сыртқы сауданың теориялық негіздерін қарастыру;
  • халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауданың алатын орны мен мәнін ашу;
  • сауда саясатының мәнін, негізгі түрлері мен оны жүзеге асыратын құралдарын анықтау;
  • Қазақстан Республикасы сыртқы сауда айналымының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын көрсету;
  • Қазақстан Республикасының экспорттық құрылымына талдау жасау;
  • Қазақстан Республикасының экспорттық саясатына баға беру;
  • Қазақстан Республикасының экспортты дамыту приоритеттерін көрсету;
  • Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына кіруінің халықаралық экономикалық негіздерін болжау.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қортынды мен қолданылған әдебиеттертізімінен тұрады.

БӨЛІМ 1. СЫРТҚЫ САУДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ

1. 1. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауданың теориялық негіздері

Сыртқы сауда - бұл бір елдің екінші бір елмен тауарды сыртқа шығарып (экспорт) және сырттан ішке (импорт) әкелумен байланысты сауда қатынасы. Сыртқы сауда ұлттық экономиканың тиімділігін арттырудың маңызды факторы, өйткені еңбек, капитал, материал және басқа да өндірістік ресурстардың басқа елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі, өндіріс шығындары, өнім сапасы бойынша абсолютті және салыстырмалы артықшылығын сипаттайды. Мұндай салалардың өнімдері дүниежүзілік рынокта сол қатарлы елдердің өнімдерімен тез айырбасқа түседі. Сыртқы сауда арқылы мұндай ел өнеркәсіп шикізат көздері мен ауыл шаруашылығы тауарларын әкеле отырып, өзінің шектеулі табиғи ресурстарының орнын толтырады. Қазіргі ғылыми-техникалық револиция кезеңінің бір ерекшелігі, сол елдің өз ішіндегі ішкі салық өнім алмасуда зор маңызға ие болып отыр. Осымен байланысты мамандану тереңдейді, (заттық, технологиялық т. б. ) ал кәсіпорындардың өз өнімдерін тұтыну шеңбері тарылады, сөйтіп тек қана рынокпен шектеледі. Осындай кәсіпорындар арасында (әртүрлі елдерде) тұрақты ұзақ мерзімді байланыстар орнығады. Кейбір деректерге қарағанда капиталистік мемлекеттердің сыртқы сауда айналымының 25%-ін құрастырмалы өнімдер, оның бөлшектері құрайды. Кейбір елдерде сырттан әкелінетін тауарларға есеп айырысуды, сыртқа шығаратын тауарлар есебінен емес, қызмет көрсету (мыс, транспорт, қамсыздандыру, банктер т. б. ) шетелдердегі капитал, лицензия және техникалық қызмет көрсету есебінен жүргізіледі. Бұл да сыртқы сауда саясатындағы қазіргі бір ерекшелік.

Капитализм тұсында сыртқы сауданың қажеттігі және оның өсуі мынадай факторларға байланысты болып отыр:

  1. қоғамдық еңбек бөлінісінің және ұлттық мемлекеттердің шекарасынан шығып кеткен тауар өндірісінің дамуы;
  2. капиталистік экономика дамуының әркелкілігі, осының салдарынан жедел дамып отырған салалар мен кәсіпорындардың өнімдерін өткізу үшін зат өткізетін қосымша рыноктар қажет болады;
  3. неғұрлым көп тауар массаларын едәуір қашықтыққа тасымалдауды экономикалық жағынан тиімді еткен транспорттағы техникалық прогресс т. б.

Сыртқы сауда, тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және тауарды басқа елдерден әкелуден импорттан құралады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады. Егер экспорт-алатын тауарлардың құны импортталатын тауарлардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда балансына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда балансының жай-күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белгілі мағынада сол ел экономикасы жай-күйінің маңызды көрсеткіші.

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарас-тырудан басталады, өйткені Халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарлардың, экономикалық агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бір-бірімен тығыз байланысты.

Біз макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проб-лемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импорттың көлемі жалпы ұлттық өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіштер макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.

Экспорттық салалардағы өндірістің өсуі шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, бұл қарастырылып отырған мемлекеттің Жалпы ұлттық өнім көлемін өсіреді. Керісінше, импорттың өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді, бұл жағдай Жалпы ұлттық өнім көлемін кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикасындағы жалпы табысқа әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған формасына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше "қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ".

Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық сауда дегеніміз - дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Сыртқы саудада "фритредерствоны" (еркін сауда), немесе "протекционизмді" (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

Фритредерство саясатын ең алғаш А. Смит өзінің "Абсолютті ар-тықшылық теориясында" анықтаған. Ол: "айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады", -деп жазған.

Халықаралық сауда теориясы ХІХ ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізінде құрылды. Д. Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А. Смит зерттеген еді. А. Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді және әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіру. А. Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпен айналысатын субъектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясына да таралады.

Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өндіретін мемлекеттен сатып алған жөн.

Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте абсолюттік артықшылыққа ие бола алатындығы - ішкі тұтынуды қанағаттандырған соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауарлармен айырбастауға болады - мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкіндік береді.

Д. Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы бір қадам жасады. Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

  1. Халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
  2. Экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
  3. Дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
  4. Тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
  5. Көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
  6. Сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;
  7. Сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар "жаңа индустриалды елдердің" пайда болуы т. б.

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.

Сөйтіп, 90-жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына айналды. 80-жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның "жаңа индустриалды елдері" - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шақ-қандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жа-тады. Классификацияда, байланыс құрал-жабдықтар т. б. факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндама-сында бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстыр-малы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардың болжауы бойынша ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен "жаңа индустриалды елдер" өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

Елдер арасындағы еркін сауданы қолдаушылар оның келесідей артықшылықтарын атайды:

  1. Тұтынушыларға пайда түсіреді. Саудаға қойылатын кез келген шектеулер сол қорғалған өнеркәсіп саласына түсетін пайданы тек тұтынушылардан алады. Мысалға, Солтүстік Каролинадай Айоваға әкелінетін киімдер тарифі осы саланың Айовада дамуына көмегін тигізеді, алайда ол ақшалар қымбаттатыла сатылған киімдерді тұтынушылар алғаннан кейінгі түскен ақшалар. Бұл дәлел халықаралық сауда үшін де осындай қатынаста болады.
  2. Қайта қойылатын шектеулік шараларды болдырмайды. Басқа елдің бір елге қоятын шектеулері, әдетте оған қарама-қарсы жауап шараларын қабылдауға алып келді. Американың басқа ел тауарына қойылған тарифтері мен импорт үлестері, ол елде Америка тауарларына сондай шаралардың қабылдануына себеп болады. Сондықтан да ондай қолдаушы тарифтер америка экономикасының онша тиімді емес салалары үшін қолданылып, оны шетел бәсекелестігінен қорғайды. Соның өзінде АҚШ-тың экспорт шығаратын салалары ол шектеулерге қарсы жасалған шектеулерден зиян тартатын болады. Бұл тұста кейбір елдер америкада өндірілген тауарлардың әкелуіне тура шектеулер қойса, енді біреулерінің оларға төлейтін қаржыларының болмауы кесірін тигізеді.

Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына 500 млрд. долл. құрайды, ал жоғарғы технологиялық өнімнің үлесі 40%-ға жақын. Машиналар мен жабдықтар саудасының да рөлі артып келеді. Осымен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға: инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты-есептеу қызметтері жатады.

Инжиниринг - клиентке көрсетілетін инженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны, немесе басқа шығындарды өтеуде жоғары нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг материалдық, технологиялық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді,

Лизинг - машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімге арендаға (жалға) беру туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық деңгейде өнеркәсіп-банк монополияларының жалғасып кетуінің жаңа нысаны.

Консалтинг - жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру қызметі.

Халықаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі хи-миялық өнімдер саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік сауда қарқы-нынан едәуір төмен. Мұның себебі, біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайту; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өңдеу процестерін қолдану.

Дүниежүзілік азық-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғаны байқалады. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты.

Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Бұл орайда бірқатар проблемалар да бой көрсетеді. Олардың негізгісі - мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы.

Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтарының құрамы мынандай:

  1. Еуропалық Одақ - Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
  2. Еуропалық еркін сауда ассоциациясы - Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.
  3. Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім - АҚШ, Канада, Мексика.
  4. Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы - Австралия, Бруней, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили.
  5. "Меркосур" - Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай.
  6. Оңтүстік Африкалық даму комитеті - Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве.
  7. Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одақ - Кот'д Ивуар, Буркина-Фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.
  8. Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымақтастық ассоциациясы - Индия, Пакистан, Шри Ланка, Бангладеш, Мальдив, Бутан, Непал.
  9. Анд пакті - Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия.

Аталған одақтастықтарды құрудың негізінде саяси, экономикалық тарихи мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі бір жағынан, халықаралық сауданың дамуына игі әсер етеді ( аймақ, одақ шеңберінде), екінші жағынан, кез - келген жабық құрылымдарға тән бірқатар кедергілер де болады.

Әлемдік рыноктар жүйесін қалыптастыру бағытында әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылықтар бар. Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сауда-экономикалық одақтастықтарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды түсіне, ескере отырып, проблемалардың оңтайлы шешімін іздестіру үстінде.

1. 2. Сыртқы сауда саясатының мақсаттары мен негізгі бағыттары

Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

Өйткені кез келген ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажеттілігін алдын-ала анықтайды.

Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады. Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: яғни "Солтүстік-Оңтүстік", "Солтүстік-Солтүстік", "Оңтүстік-Оңтүстік".

"Солтүстік-Оңтүстік" жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.

Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін "Солтүстік-Солтүстік" жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.

Кез келген жағдайда Солтүстіктің және Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:

  • сыртқы сауда саясаты жөнінде;
  • халықаралық сауда саясаты жөнінде;

Сыртқы сауда саясаты дегеніміз - мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Халықаралық сауданың теориялары
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Мемлекеттің қаржы жоспары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Ақша - несие саясатының құралдары мен әдістері
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары
Халықаралық сауда
Әлем рыногының инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz