Модулдік тәрбиелік технологиялар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. тарау Тәрбие үрдісіне теориялық сипаттама беру. 5

1. 1 Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиенің алатын орны. 5

1. 2. Тәрбие технологиясы туралы түсінік. 9

1. 3 Тәрбие технологиясындағы тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. 23

2. тарау Тәрбие технологиясының мазмүны және негізгі бағыттары . 32

2. 1. Тәрбие технологиясында тәрбие жүйесінің моделі32

2. 2 Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда51

мектеп пен отбасының рөлі. 51

2. 3 Тәрбие технологияның халық педагогикасында алатын орны. 61

2. 4 Эксперимент бөлімі67

Қорытынды73

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР74

Қосымша А76

Қосымша Б77

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын Жан - жақты білімді, жоғары мәдениетті, қабілеті мол адам қажет. Ондай адам жалпы орта білім беру арқылы, немесе, мектеп арқылы даярланады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің жаңа моделін құрудың, білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру т. б. қарастырылған. Осыған орай бұл мәселелердің бәрі білім беру сапасына, мазмұнына, оқыту мен тәрбие әдістеріне тікелей қатысы бар.

Еліміздің еркін елге айналып, тілдік аясы кеңейіп, қазақ мектептерінің саны көбейіп, бүгінгі талапқа сай педагог кадрларын әзірлеу өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан жас маманды дайындау үшін өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажет болып отыр .

Педагогикалық ақыл-ойдың озық тәжірибелерін, жаңа ұғымдар мен терминдерді пайдалана отырып, негізгі мақсатын-болашақ мұғалімдерді, балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылыми-теориялық білімдерімен қаруландыруға талаптандық. Тәрбие үрдісінің дамуы мен қалыптасуы туралы идеялар өткен ғасырларда прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық ой пікірлерде өз жалғасын тапқан Я. А. Коменский, Ш. Амонашвили, Д. Локк, К. Д. Ушинский, Г. И. Шамова, В. С. Мухина, В. А. Мясищев, Фрейд; Л. С. . Выготский, В. Г. Белинский, . А. Рубинштейн, және т. б. Жеке тұлғаның ғылыми тұрғыда тусінуі әр турлі жеке тұлға теориясын өмірге әкелді. Қазақстанда ұлттық тәрбие, рухани адамгершілік құндылықтарды халықтық педагогика арқылы қалыптастыруға С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Узақбаева, Р. Толеубекова, Б. Иманбекова; Б. Әлсатов-тың еңбектері орасан зор болып табылады. Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны туралы ұлы ойшыл ғұламалар, қоғам қайраткерлері мен ағартушы педагогтар

ӘлФараби, А. Қунанбаев, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Қудайбердиев, А. Байтурсунов, М. Жумабаев, Н. Кулжанова т. б. қарастырып еңбектерінде негізгі мәселелерін атап көрсеткен. Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге және халыққа білім беру мен мектеп өміріндегі жаңалықтарға байланысты міндеттерді шешуді талап етеді:

  • ұлттық тәлім-тәрбиенің өз ерекшеліктерін анықтау;
  • халық педагогикасы мұраларын зерттеу;

- оқыту мен тәлім-тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптерін дұрыс қолдана білу. Әр оқушының қызығушылығын білмегендіктен және олардың психологиялық ерекшелігін ескеріп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдер арасында түсініспеушілік жағдайлар жиі кездеседі. Осының бәрі тәрбие жұмысының үстірт жүргізілуіне әкеліп соқтыруда. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшеліктеріне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеудегі ішкі мүмкіндіктерін ескермеуден, олардың қабілеттерін әлеуметтік жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр. Осы қарама қайшылықтарды шешуге байланысты, қоғам талаптарына сай оқушыларға дұрыс тәлім-тәрбие берудің тиімді жолдары мен әдістерін қарастыру мақсатында диплом жұмысының тақырыбын «Қазіргі кездегі тәрбие технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану жолдары » деп таңдауымыз негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: тәрбие технологиясы туралы тұсінік беру және оқу-тәрбие үрдісінде оны тиімді пайдалану.

Зерттеу нысаны: жалпы орта мектептегі педагогикалық үрдіс.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте тәрбие технологиясының ерекшеліктерін, мазмұнын, әдістерін, жүйесін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- тәрбие үрдісіне теориялық сипаттама беру,

- технология туралы анықтама беру,

- жалпы тәрбие технологияның ерекшеліктерін айқындау,

-тәрбие мазмұнының бағыттарын атап көрсету.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері : таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы. ҚР Білім туралы Заңы, педагог - ғалымдардың ой- пікірлері, озат педагогтардың іс - тәжірибесі. 2010-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама.

Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық,

педагогикалық, психологиялық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, әдіскер-мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, оқушылармен тәрбие туралы оқу және тәжірибе жинақтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы : Тәрбие мазмұнын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады, егер тәрбие жұмысында әртүрлі әдіс-тәсілдер, технологиялар пайдаланылса.

Зерттеудің теориялық негіздері таным теориясы, ТМД және Қазақстан ғалымдары негіздеген теориялар мен халық педагогикасы дәстүрлерінің жетістіктері, қазақ халқының рухани, мәдени және материалдық құндылықтарын байыту, дамыту және пайдалану жөніндегі кешенді идеялар мен тұжырымдар құрайды.

Зерттеу көздері : Педагогика-психология ғылымының жетістіктері, Қазақстан халқының рухани мәдениеті, әдебиеті, өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, ресми құжаттар (ҚР Білім туралы заңы, қаулы, баяндамалар, тұжырымдамалар т. б. )

Зерттеу базасы: №39 жалпы орта білім беру мектебі, бастауыш сыныптар3-4

Диплом жұмысы екі тараудан тұрады, қорытынды, қосымша, сондай-ақ әдебиеттер тізімі берілген.

Бірінші тарау «Тәрбие үрдісіне теориялық сипаттама» екі бөлімнен құрастырылып жазылған, тәрбие үрдісіне теориялық сипаттама бере отырып, тәрбие технология ерекшеліктері айқындалған. Екінші тарау бойынша тәрбие мазмұны және тәрбие жұмысының негізгі бағыттары берілген. Қорытынды жасалынып, қосымша, әдебиеттер тізімі анықталған.

1. тарау Тәрбие үрдісіне теориялық сипаттама беру.

1. 1 Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиенің алатын орны.

Тәрбие үрдісінің мәнін ашуда П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және т. б. өз үлестерін қосты. Мысалы, А. С. Макаренко[2, 32] тәрбие үрдісінің мақсаты біздің қоғамдық қажетімізден туындайтынын дәлелдеген. Тәрбие үрдісі арқылы жас өспірімдер халықтың материалдық және рухани байлықтарын, адамзат қауымының бай тәжірибесін игереді. Соның барысында жеке адамның және оқушылар ұжымының өмір тәжірибелерінен білім алуы, еңбектенуі мен бір-бірімен қарым-қатынас жасау салалары жүйесі молая береді. Бұл проблеманың әлеуметтік-педагогикалық аспектісі Г. Л. Смирнов, Ю. Бабанский, Э. И. Моносзон, Г. И. Филонов, И. С. Марьенко, Ю. П. Сокольников т. б. педагогтардың жарық көрген еңбктерінде жан-жақты сөз болады. Біз тәрбие заңдылықтары, мақсаты мен мазмұнына тоқталмас бұрын бүгінге дейінгі ойшылдар мен ғалымдардың Адам туралы тұжырымдамасына тоқталып өтудің өзіндік мәні бар деп ойлаймыз. В. Кукушкин[4, 25] зерделеген ежелден келе жатқан адамтану тұжырымдамалары назар аударарлық.

Сонау ежелгі дәуірден бері көптеген ойшылдар тіпті бәрі дерлік "Адам деген кім? м деген күрделі сұраққа жауап іздеп келді. Дегенмен бұл сұраққа тіпті философтардың өзі нақты дәл жауап бере алмай келеді. Әлемде адам туралы ондаған әйгілі тұжырымдамалар белгілі. Олардың әрқайсысында жалпы адамзаттық идеал түсінігінің бөлігі аңғарылады. Сол әлемге кең тараған Адам мәні мен бейнесі туралы тұжырымдамалардың кейбіріне шолу жасап көрелік.

Ежелгі Грекияда[3, 8] адамның өзін-өзі тануынан тұрмыс шешуін философиялық таным көзін көрді. Эллиндіктер адам денесіне табынушылықты туғызды. Олар оның керемет кескін келбетін мадақтап, табиғаттың осындай ғажайып жемісіне танданып, тамсанды.

Грек философияеы мен өнерінде адам табиғаты, оның кескін келбеті, бейнесі ~ күмән келтірмейтін, жетілу мен үйлесімділік идеалы ретінде көрсетілді. Гректер адамның табиғи жаратылысының идеалын жасады, Жер перзентінің табиғи келбетінің өзгеруі мүмкін емес деп ойлады. Олар жеке бастың кісілігі мен оның кез келген қасиетінің мәнділігі туралы ойланды. Платон адам қасиеттерінің жан-жақты үйлесімді дамуы туралы құнды пікір білдірді. Ежелгі дәуірдің соңына қарай адам туралы элиндік көзқарас біршама өзгерді. [3, 10]

Көрнекті ойшылдардың бірі Сенека болса, адамның періштедей тазалығын бекерледі. Ол адамның бойында күнәкарлық бар деген ойға келді. Бұл кезеңде адам тәні жанның уақытша тұрағы ретінде қарастырылды. Тәнге табыну, енді рухты дәріптеумен алмасты. Сенека пікірішпе, рух тәннен жоғары. Сеиека Ғарышты Құдайға ауыстырды. Ол алғаш рет адамның хайуаннан артықшылығы - оның ақыл-ойы екендігі туралы кесімді пікір айтқан ойшыл болды. Сонымен қатар адамды басқа да жаратылыс иелерімен салыстырып, зерттеп, оған баға беруге : тырысқандардың бірі Протагор болды. Ол: м Адам - барлық нәрсенің; өлшемі" деген қанатты сөз қалдырды.

Келесісі адамның христиандық тұжырымдамасын Моисей мен мен Христостың пікірлерінен негіз алған деуге болады. Христиандық ~ бүл махаббат діні. Христос Моисей өсиетіне адалдығын үздіксіз айтып отырды. [] Мәселен:

- өзіңе идеал жасама;

- құдайыңның атын бекерге атама;

- әкең мен шешеңді құрметте;

- тірі жан иесін өлтірме;

- менменсіме, күпірлік етпежәнет. с. с.

Олар адам идеалы - басқаның арына тимеу, даналықпен өмір сүру, зорлық қылмау, қорлыққа төзу, барша тіршілік иесін тіпті жауын да жақсы көру, оларды өз азаматтарынан алаламау деп есептеді.

Чарльз Дарвин[3], дін мен медицинаны зерттеп, зерделей келе, осы күнде өмір сүріп жатқан ағзалар мен бұрынғы замандағы ағзалардың туыстығы туралы болжам ұсынды. Ч. Дарвиннің ұсынысының сонылығы - оның ұсынған механизмінде, яғни табиғи іріктеуінде болды. Оның тұжырымдамасы адамның "эволюциилық тұжырымдамасы" деп аталды. Ол адамды будандастыру нәтижесі жөне өмір сүру үшін күрес иесі ретінде көрсетеді. Бірақ будандастыру ешуақытта түрдің жақсаруын бермейтіні, керісінше оны бұзатыны кімге болса да белгілі, Сонымен қатар Дарвин теориясы екі бағытта дәстүрлі христиандықтың қарсылығын туғызды. Біріншіден, адамның қайталанбас, сонылығы туралы пікірге, оның адам мен маймыл бір тектен жаратылған деген пікірі қарсы келді. Екшшіден, оның теориясында эволюциялық даму мақсатына орын болмады, өйткені табиғи іріктеу көрсоқыр еді. Дарвинді көптеген замандастары қолдады, өйткені атеизм сол кезенде әйгілі ағымға айналған еді.

Шығыс ғұламалары оқыту мен тәрбиенің ажырамас байланысын терең түсіне білген. Имам Ғазали, Ибн Сина, әл- Фараби, Абу Жүсіп Исқақ Кинди тәрбие мәні, мазмұны, әдіс тәсілдері туралы бүгінгі күнге дейін құнды терең пайымдауын айтқан. Сонымен қатар олар білімсіз тәрбие күнсіз жер сияқыты десе, тәрбиесіз білімді адам аса қауіпті екенін ескертеді. [3]

Имам Ғазали адамгершілік бастауы өзіи-өзі тәрбиелеу мен дана тәрбиешіге еліктеу жолымен қалыптасады деген. Ал Ибн Баджа, ибн Рушд, Н. Туси тәрбиеліліктің терең білімділікпен астасып келетіні туралы көптеген трактаттар жазып қалдырған. Демек білім берудің жетекші мотиві тұлғаны тек интеллектуалды дамытуда емес, тәрбиелеуде екен.

Тәрбие ісімен айналыспас бұрын алдымен оның мазмұнын анықтап алу қажет. Қазіргі кездегі республикамыздағы тәрбие тірегі жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар болуы тиіс. Сондықтан көп ұлтты Қазақстан мемлекетінің кажеттіліктеріне демократиялық жауап ретінде көп мәдениеттілікке тәрбиелеу болмақ. Қазіргі кезде көпмәдениеттілік тәрбиеиің қайнар көзі ұлттық жөне жалпы адамзаттық құндылықтар кіріктірілген плюралистік үрдіс деуге болады. Тәрбие мазмұны деп ~ тұлғаның білімі, сенімі, дағды, көзқара сапасы, қасиеттері, мінез-құлқының орнықты әдеттерінің жүйесін түсінеміз. Мазмұнның негізгі элементтері дегеніміз тәрбиеленушіні өмірдегі басты үш нәрсе: азамат, қызметкеер отбасы иесі болуға дайындау.

Сондықтан тәрбие үрдісінің мазмұнын анықтағанда педагогтар бір жағынан жалпы адамзаттық құндылықтарға, екінші жағынан ұлттық, аймақтық, жергілікті дәстүрлер мен құндылықтарға жете мән беріп қатар қарастыруы керек.

Ш. Амонашвили[5] мұғалім өзі мүмкін, бірақ руханилықтың қайнар көзі 4 әлемдік діндегі: христиандық, ислам, иудаизм, буддизмдегі адамгершілік қағидалары мен жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білмеуге қақысы жоқ десе, П. П. Блонский жаңа мектеп - адамдық мектеп дейді.

Саяси конъюнктураға байланбайтын мәңгілік әрі қарапайым құндылықтар бар. Қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда тұлға бойында ар, ұят, намыс, адалдық, мейірімділік, парасаттылық, қанағатшылдық қасиеттерді қалыптастырудыру керегі жоқ деп кім айта алады? Мұндай сапалар ана сүтімен дарып, тәрбие барысында қалыптасып дамиды.

Тәрбие мазмүнының тағы бір ортақ белгісі - бұл бала тұлғасына бағыттылығы. Кез келген мектептегі бірде-бір іс іс-шара өткізілді деу үшін емес, бала үшін тек қана бала үшін жасалуы қажет. Өйткені тәрбие жұмысының басты мақсаты - тұлғаның эмоционалдық-еріктік, интеллектуалдық, адамгершілік аясының дамуына бағытталады. Сонымен бірге, тәрбие үрдісі аймақтық болуы тиіс. Яғни, өз жерінің әлеуметік-экономикалық, демографиялық, мәдени ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Ал нақты бір мектепте, сыныптағы тәрбие мазмұнын іріктеуде сол мекеменің, аймақтың, оның мүшелерінің жас және өзііідік ерекшеліктері қатаң ескеріледі және басшылыққа алынады. Өйткені тәрбиеде ұсақ түйек, мөні жоқ нәрсе болмайды

Орыс мәдениетінде Ф. М. Достоевский[3, 81] "жаңа гуманизмді" негіздеген ойшыл ретінде танылды. Ондағы жоғары мәртебе - жақсылық пен зұлымдықты таңдау еркі болып табылады. Мұны ол адам рухының шыңы, мәдениеттің жүрегі деп есептеді. Идеялы адам - достоевский тұжырымдамасының өзегі болды. Ол идеялы адамдар ойланады, өмірдегі өз орнын іздейді, пікір таласады, олар үшін ең басты нөрсе - өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап табу, идеяны шешу деп санады. Және олардың басты сұрақтары: "Адам деген кім? Ол не үшін өмір сүреді? Қалай құдаймен түсіністікте өмір сүруге болады? деп келеді" -дейді.

Орыстың қайта өрлеу кезеңіндегі діни-философиялық мұраларында Н. О. Лосский, Н. АБердяев, П. АФлоренский, И. А-Ильин, С. Н. Булгаков және т. б. өкілдерінің пікірлерінен орыс ғарышшылдарының идеяларына ұқсас бағыт аңғарылады. Олардың ойынша, адам - мәдениет кіндігі, оның жоғарғы рухани құндылығы. Адам мәдениетке жету және оны жасау арқылы өзінің рухани мәніне ие болады, адамзаттың белшегіне айналады. Н. А. Бердяев өзінің "Тарих мағынасы" деген еңбегінде:" Әрбір адам өзінің ішкі табиғатында қандай да бір ұлы әлем г шағын ғарыш. Өркениет оны айқындайды. Жеке бастапқы тек мәдениетте ғана ашылады . . . Әлем ортасында Адам тұр, адам тағдыры әлем тағдырын шешеді. Бірақ жаңа тарих шыңында адам тұлғасы барған сайын табиғатта да қоғамда да құлдықты сезінеді. Адам өзі жасаған материалдық ортаның, машинаның құлы болып барады"-дейді. Бердяевтің негізгі идеясы - адам рухы мен санасының еркіндігі. Бердяев пікірінше, махаббат - басқа өмір жасайтын, шығармашылық акт. Махаббатта қайталанбас тұлға ғана танылады. [4]

Мұндай тұжырымдамалар туралы түсінігіміздің болуы тәрбиеге жеңіл -желпі қарауға болмайтынын ескертеді. Тәрбие үрдіс ретінде тұтас педагогикалық үрдіс зандылықтарына бағынады. Жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беруде ерекше көңіл бөлген педагогтар - И. Г. Песталоции[3, 40], Ж. Ж. Руссо[3, 36], Я. А. Коменский[3, 23], Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский. [6] Я. А. Коменский[3, 23] балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.

Біздегі тәртіпті адам деп Макаренконың[2] сөзімен: «… қашан болсын, қандай жағдайда болсын, мінез-құлықтың қоғамға ең пайдалы дұрыс жолын таңдап ала білетін және қандай қиыншылық, жарамсыз жағдайлар кездессе де ол мінезін өзгертпеуге шыдамы жететін адамды ғана айтамыз».

Халқымыздың кемеңгер ұлы М. Әуезов[7] былай деген: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі-өнеге, білетіндігінен, көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буында жақсылап тәрбиелеу қажет».

Жас буынды жақсылап тәрбиелеуді отбасынан бастап және осы мектептегі тәрбиемен ұштастыра отырып, ғұлама даналар айтқандай, қандай қасиеттердің қажет екенін балаға дер кезінде сіңдіруіміз қажет.

Балалардың мінез- құлқына адамгершілік қарым-қатынас тәжірибесі жеткіліксіз болуына байланысты балалардың арасындағы өзара қатынасты қалыптастыру психологиялық-педагогикалық негізде құрылып ұйымдастырылса, қазіргі заман талаптарының жемісі болмақ.

Сонымен, баланың өзара қарым-қатынасы, өзіндік әрекеттері, өзгелермен бірлесіп істеуі оның өзіндік көзқарасын, сенімі мен көңіл-күйін дамытып, жеке басының кісілік қасиеттерін өрістетуге жағдай жасайды. Сөйтіп, бала өзгелермен қатынасы арқылы өзінің сезімін, ал ойын әрекетіндегі сөйлесіп тілдесу нәтижесінде өзінің кім екенін танып біледі. Білім берудегі гумандық ұстанымды бағдар етіп ұстау жалпы қоғам дамуын адамгершілік негізде дамытудың тиімді әрі пайдалы тәсілі екендігін дәйектейді. Сондықтан білім берудегі бұл идея тәлім-тәрбие істеріндегі әрбір баланы жеке басының құқы мен еркін танып білуге баулудың қуатты құралы деп қарауға болады.

1. 2. Тәрбие технологиясы туралы түсінік.

Технология педагогикалық үрдісте оның жалпы әдіснамасы мақсаты мен мазмұнынан оқшау бола алмайды. Ол педагогикалық үрдістің ұйымдастырушылық-әдістемелік инструментарийі.

Педагогикалық технология технологиялық үрдісте нақты жүзеге асады. Технологиялық үрдіс технологиялық бірліктердің нақты педагогикалық нәтижеге бағытталған, анық жүйесін білдіреді.

Тәрбие теориясында технологиялық үрдістер болып, мысалы ұжымды ұйымдастыру әдістемесі, «коммунарлық педагогика», біркелкі талаптарды енгізуді ұйымдастыру, өзін-өзі басқару жарыс, мектептегі немесе сыныптағы тәрбиелік жұмыс жүйесі және т. б. есептеледі.

Педагогикалық технология мен технологиялық үрдістің тікелей міндеттері болып:

әр әрекетті түрлі білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

әлеуметтік құнды формалар мен мінез-құлық дағдысып бекіту;

технологиялық инструменттарийлы әрекеттерін дағдыландыру;

технологиялық ойлауды дамыту, өз бетімен жоспарлау, өзінің оқу әрекетін алгоритмдеу, стандарттау, өз бетімен білім алу әрекетін дамыту саналады.

Педагогикалық технологияның маңызы ерекшелігі - оның психологиямен тығыз байланыстылығы. Ол психологиялық тұрғыда негізделген және практикалық шешімі болуы керек. Және бір ерекшелігі кез келген педагогикалық технология мұғалім мен баланың жоғары дәрежедегі шығармашылық белсенділігін талап етеді. Педагогикалық технология өзгермейтін, тұрақты механикалық үрдіс емес, керісінше ұйымдастырушы-мазмұнды құрылым, педагог пен балалардың өзара әкеретіндегі алуан түрлі амалдар мен шексіз қатынастарын анықтаушы бағыт.

Технологиялық үрдістің нәтижесінде әр баланың жалпы дамуы, педагогтың шеберлік дәрежесі, ұжымдағы жалпы психологиялық ахуал, материалдық-технологиялық жабдықталуы жатады.

Көптеген жылдар бойғы практика тәрбиелік жүйені моделдеуді технологияландырудың көңілге қонарлық нәрс екенін дәлелдеп берді. Әрине, таза ғылымнан гөрі өнерге жақын тәрбиеде барлық нәрсені технологияландыру мүмкін емес екені белгілі. Дегенмен де тәрбиелік жүйені моделдеудің құрауыштық тетігі технология ретінде кеңінен таралуда. Практикада ондаған жылдар бойы И. П. Ивановтың[7] ұжымдық шығармашылық істер технологиясы табысты қолданылып келеді. Сонымен қатар тәрбиелік мақсаттағы «әлеуметтендіру мектептері», оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, Н. Е. Щуркованың[8] ойын технологиялары тиімді екендігі күмән келтірмейді. Мұндай технологияларды пайдалану тәрбиелік әрекет тиімділігін арттырып қана қоймайды, адам және материалдық ресурс шығынын төмендетуге әкеледі.

Тәрбиелік технологияларды таңдауда төмендегілерді есепке алудың маңызы зор[9, 11] :

  • технологияның осы мектепте жүзеге асып жатқан тәрбие тұжырымдамасына (сонымен бірге тәрбие пәніне де) сәйкестігі;
  • өз мектебінің тәрбие үрдісімен технологияның жүйелі үйлесуі;
  • жеткілікті басқарылымдылық, даигностикалық инструментарийдің болуы;
  • бұрынғымен жаңа технология нәтижесі бойынша салыстырмалы болуы;
  • басқа білім беру мекемелері тәжірибелерінде осы технологияның өнімділігі туралы мәліметтің болуы.

Н. Е. Щуркова, В. М. Кларин, А. М. Кушнир, В. Д. Симоненко, Г. К. Селевко, Л. Гребенкина және т. б. ғалымдардың педагогикалық технологиялар туралы жазған еңбектерін зерделей келе, тәрбиелік технологиялардың маңызды белгілері деп төмендегілерді атауға болады[9, 15] :

1. Технология нақты педагогикалық ойлаудан шығады, оның негізінде автордың белгілі бір әдіснамалық, философиялық ұстанымы жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа педагогикалық технологияның жоғарғы оқу орнында оқыту
Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны
Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде оқытудың теориясы
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Тәрбие технологияларының жіктелуі
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі
Педагогикалық технологиялардың қызметтері
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Оқытудағы компьютерлік технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz