ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ6

1. 1 Қаржылық есеп берудің мәні, мақсаты және қағидалары6

1. 2 Қаржылық есеп беруді жасау9

1. 3 Қаржылық есеп берудің элементтері12

ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ18

2. 1 Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі қателерді жөндеу18

2. 2 Іскер ақпарат көздерін жіктеу23

2. 3 Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру26

2. 4 Инвестициялық және қаржылық қызмет29

2. 5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба31

III. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢ 34

3. 1 Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі38

3. 2 Қаржылық есептілік және элементтері43

3. 3 Қаржылық есептің жүйесін реттеу49

3. 4 Қорытынды ережелер59

ҚОРЫТЫНДЫ62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР64

Қосымша материалдар мен құжаттар

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы № 234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi. Сонымен қатар еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Қаржылық есептер мәмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең ауқымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар деп қаржылық есептердің элементтерін атайды.

Қаржы-шаруашылық қызметін бағалаумен тікелей байланысқан қаржылық есеп беру элементтері мыналар:

1) кірістер - меншіктеушілердің салымына байланысы жоқ, меншікті капиталды көбеюіне әкелетін активтің немесе олардың құнының артуы, не болмаса міндеттеменің азаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың өсуі.

2) шығыстар - меншіктеушілер арасьшдағы бөлуге байланысы жоқ, меншікі капиталдың кемуіне жетелейтін, активтердің немесе олардың құнының азаюы, не болмас: міндеттеменің ұлғаюы түрінде есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың азаюы.

Қаржылық есеп элементтерін мойындау, тану - мойындаудың мынандай критерийлерін қанағаттандыратын және элементті айқындауға сәйкес келетін бапты нәтижелері туралы есепке немесе бухгалтерлік балансқа кіргізу процесі:

1) бапқа байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы субъект алады немесе жоғалтады деген ықтималдық бар;

2) объектінің сенімді өлшенетін құны немесе бағасы бар.

Қаржылық есеп элементтерін бағалау - ақшалай соманы анықтау тәсілі, ол бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылық есептерде мойындалады және мыналар бойынша бағаланады:

• бастапқы бағатымен. Активтер оларды сатып алған кезде қол жеткен тараптардың келісімі мен белгіленген ағымдағы құны бойынша немесе төленген ақшалай қаражат сомасында; міндеттемелер - міндеттемеге айырбасталып немесе кеі жағдайлардағы белгілі бір шарттармен алынған (мысалы, салықтар) түсім сома бойынша жағдайлардың қалыпты тоғысуы кезінде міндеттемелерді орындау үшін төленетін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі.

• ағымдық құнымен. Активтер есепте сол немесе соған ұқсас актив енді ғана сатып алынған жағдайда төленуге тиісті ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетілетін міндеттемелер оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражаттың дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі;

• өткізудің (өтеудің) ықтимал құнымен. Активтер сатудан алынуы мүмкін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер - оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражат;

• дисконтталған құн. Активтер субъектінің қалыпты қызметі барысындағы активтерді генерациялауға тиісті ақшалай қаражат болашақ түсімнің дисконтталған құны болып танылатын ағымдағы құны бойынша;

• баланстық құнымен. Активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік балансы көрсетілетін құны.

І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МАҢЫЗЫ

1. 1 Қаржылық есеп берудің мәні, мақсаты және қағидалары

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Рсепубликасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес енім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Толассыздық, . Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниетің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік . Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік . Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердін көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну . Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушьшарға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру . Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырьшуы тиіс.

Жүйелілік . Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабьшданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады) .

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап) .

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, каржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т. б. )

Төртінші кезең. ШС-нің каржылық-шаруашылық қызметі талданады.

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс белудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы керсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:

Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.

Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, кұрылтайшылары) белгілейді.

1. 2 Қаржылық есеп беруді жасау

Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

-инвесторлар - жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- кредитор - алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- жабдықтаушылар -кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- сатып алушы - кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы женіндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

- қызметкерлер - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен телемін алады, ал акционерлер - тұрақты түрде дивиденд алып тұруын кездейді;

- Мемлекеттік органдар - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың кемегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;

- Жұртшылық - жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймакты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.

Каржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағымын бағалауға, кәсіпорынның міндетемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда) : кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

Бұл ереже барлық пайдаланушьшардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі акдараттарға мүдделі болып келеді.

Есеп берудін мәліметтері
Пайдалылығы
Есеп берудін мәліметтері: Экономикалық ресурстары (активтер кұрылымы)
Пайдалылығы: Кәсіпорынның табыс алу кабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты
Есеп берудін мәліметтері: Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен мен меншік капиталының ара қатынасы)
Пайдалылығы:

Қарыз қаражатынын келешекке қажеттілігін

бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мұдделі тараптардын арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау

Есеп берудін мәліметтері: Өтемділік пен төлем қабілеттілігінін коэффициенті
Пайдалылығы: Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау
Есеп берудін мәліметтері: Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті
Пайдалылығы: Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау
Есеп берудін мәліметтері: Қаржылық жағдайынын өзгеруі
Пайдалылығы: Қаржылық, инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған акша ағынын бағалау; кәсіпорыннын келешектегі акша каражатына қажеттілігін болжау

Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.

Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.

Қаржылық есеп беру еткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі - мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін - заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек) .

1. 3 Қаржылық есеп берудің элементтері

Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес керсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив - бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

Міндеттемелер - бұл еткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын керсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі етіп кетсе) .

Меншік капиталы - бұл субъекттің міңдеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа белінеді: жарлық капиталы, қосымша теленген капиталы, резервтік капитал, таратьшмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашьшық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы кем болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы) . Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс - бұл есептік кезеңде активтердін азаюы, не міндеттемелердің кебеюі (өсуі) . Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру - шығыс болып танылады.

Табыстар - бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес кызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т. б. ) . Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану - бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:

- кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

- баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

бастапқы құны - активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың тоғысуының (салдарынан) қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;

ағымдағы құны - активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Өндіріс шығындарының есебін жүргізу
Еңбек ақы төлеудің есебі
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz