Қиын балалар ұғымының мәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық

іс-әрекеттің объектісі ретінде . . .

1. 1 «Қиын» балалар ұғымының мәні . . .

1. 2 Мінез-құлықтың бұзылу себептері және жағымсыз әдеттердің

пайда болуы . . .

1. 3 Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылықты

түсіндірудегі негізгі теориялар . . .

2 Мектеп жасындағы «қиын» балаларды психологиялық ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу мен әлеуметтік-психологиялық жұмыс технологиясы . . .

2. 1 Жеткіншектік жастағы қиын балаларды анықтаудағы психологиялық жұмыстардың мазмұны . . .

2. 3 Психологиялық түзету жұмыстарының әдіс-тәсілдері және тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының қорытындысы . . .

2. 3 Қиын балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстың қайта тәрбиелеу әдістері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі таңда білімдер аймағы мен жүйесінде жеткіншектердің өз мінез-құлықтарын саналы реттеу және ондағы ауытқуларды жою мәселесін зерттеу жұмыстары көп кездеседі. Солардың бірі адамның индивидуальды психологиялық ерекшелігінің табиғаты, тұқымқуалаушылықтың ролі және оның орта жағдайына қалыптасуын зерттейтін ғылым- психогенетика.

Бүгінгі біздің қоғамымызда адам жанын алаңдататын мәселелер көптеп кездесуде. Солардың бірі қиын балалардың көптеп кездесуі. Әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың да салдарынан дүниеге қиын балалар легі толастамай отыр.

Психологиялық аутқушылықң қандай да түрлі формасы болсын, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Маскүнемдік, есірткіні пайдалану, агрессивтілік, жалпы алғанда заңға қарсы мінез-құлықтың барлығы бір блокты бейнелейді. Сонымен қатар жасөспірімдердің бір девиантты іске еліктеуі оның басқа да түрлеріне араласу деңгейін жоғарлатады.

Қазақстанда жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде педагог, психолог ғалымдардан Л. К. Керімов қиын жасөспірімдерді жеке дара қайта тәрбиелеу мәселесімен [1] девиантты мінез-құлық психолгиясымен И. К. Аманова [2], А. Жаңғабылова [3], Л. С. Байсеркеев [4], ал шетелдік және кеңестік психологияда И. И. Мамайчук [5], Ф, Райс [6] және т. б. үлкен үлес қосты.

Заңға қарсы мінез-құлық өте қатал түрде болмасада қалыптың бұзылу деңгейімен, психикалық денсаулықтың бұзылуымен байланысты болып келеді. Ал бұл кейде кейбір жағдайларда көрсеткендей, әлеуметтік факторға да сәйкес келіп отырады.

Демократиялық және экономикалық қайта өрлеу дәуірінде адам санасы да біржола түбегейлі өзгерістерге енді. Бұл кезең әсіресе, жасөспірімдерге ауыр тиді. Себебі олар жас ерекшеліктеріне байланысты тұрақсыз, қолайсыз жағдайларды басынан өткереді. Соған сай біз мінез-құлық ауытқушылығын сөз еткенде ең алдымен жасөспірімдерді есепке аламыз.

Жасөспірімдердің психикалық дамуындағы онтогенез кезеңінде олар түсіністікті қажет етеді, сонымен бірге үлкендер тарапынан дұрыс психологиялық қолдау күтеді. Жасөспірімдер мінез-құлқындағы аутқушылық түрлі деңгейде көрсетуі мүмкін, бұл оның жеке ерекшеліктері (мінез акцентауациясы, темперамент қасиеті, психикалық аурулармен ауруы, т. б. ) жанұядағы жағымсыз процестерге (бала тәрбиесіндегі жүйесіздік, маскүнемдік, ата-аналардың айырылсуы) мектептегі қиындықтарға (оқушыға деген жағымсыз қарым-қатынас, мұғалімдермен конфликтіге келу, оқушылар ұжымымен келіспеушілік) байланысты дамып отырады. Жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығы формалары әртүрлі болып келеді. Мінез-құлық ауытқушылығы уақытша және күнделікті, тұрақты және тұрақсыз формалармен кездесуі мүмкін.

Психолог мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың жанұясында қадағалап отыруы тиіс.

Барлық нәрсеге қол жеткізу позициясы, заттық философия, баланы тәрбиелеу адами саналылықтың жоғалуы жасөспірімдердегі қажеттіліктің фрустрациясына алып келеді. Олар ата-анасынан артық мейірімділікті қажет етеді. Соның салдарынан мұндай жасөспірімдердің қорғаныш реакциясы мінез-құлықының адекватты емес формаларының көрінуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Зерттеудің мәселесі. Қазіргі таңда тұлға рөлі мен қалыптасуының алар орны ерекше, соның ішінде мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өз өмірлік әрекеттері мен жеке уақытын тиімді ұйымдастыруы өте маңызды. Аталған тақырыпқа деген қызығушылық теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелдеу қажет болғандықтан туындап отыр. Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылыққа әсер етуші факторлар өте көп. Соның ішінде психологиялық фактордың маңызы туралы кейінгі кезеңде көп зерттелуде.

Осыған байланысты жанұядағы тәрбие, ата-ананың өмірдегі қателіктері, қайтып айналып келіп баланың тұлғасының дұрыс қалыптасуына кері ықпалын тигізетінін анық. Оқытушылар мен психологтар жүргізетін жұмыстары олардың моральдық нормасы мен тәртіптік талаптарына сәйкес келуі керек. Жасөспірімдер арасындағы психологиялық ауытқушылық проблемасы генетикалық психологияда, педагогикалық психологиядағы, медициналық психологиядағы психокоррекциядағы ең күрделі қазіргі таңда шешімі табылмай отырған зерттеу мәселелердің бірі болып табылады. Осы айтылған мәселелердің өзектілігі, ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан жеткілікті қарастырылмауы бiздiң зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылыққа әсер ететін психогенетикалық факторлар туралы түсінік» деп алуымызға негіз болды. Себебі, бұл мәселенің шынайы қиындығы теория мен практиканың қарама-қайшылықтарының туындауында, сонымен қатар қазіргі қоғам дамуы кезінде кең етек алуында болып отыр.

Зерттеудің мақсаты. Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылыққа әсер етуші факторды ғылыми тұрғыдан талдап, әдіс-тәсілдер арқылы анықтау, арнайы зерттеу жүргізу арқылы мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теріс әрекеттерінің алдын-алу жолдарын қарастыру.

Зерттеу нысаны. 40 жасөспірімдер тобы, зерттеуге ата-аналар, барлығы 15 отбасы қатысты.

Зерттеу пәні- жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылыққа әсер ететін психогенетикалық, әлеуметтік- психологиялық факторлар.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер жасөспірім тұлғасының қалыптасуы мен психологиялық ерекшелігіне әсер ететін психогенетикалық факторлардың бірін алдын-ала анықтап, психокоррекциялық жұмыстар тиімді түрде жүргізілсе, жасөспірім мінез-құлқында кездесетін психологиялық аутқушылық алдын-алуға болар еді.

Жанама болжам:

- егер жасөспірім тұлғасының қалыптасуы әсер ететін тұлғалық мінез-құлықы, нервтік-психикалық қалпы, ортамен қарым-қатынасы мен психогенетикалық факторлары анықталса, онда жасөспірім мінез-құлқында кездесетін психологиялық аутқушылық алдын-алуға болар еді.

-отбасы мүшелерімен дер кезінде диогностикалық және психокоррекциялық жұмыстар тиімді түрде жүргізілсе, онда онда жасөспірім мінез-құлқында кездесетін психологиялық аутқушылық алдын-алу жолдарын анықтауға әсер етуі мүмкін.

Зерттеудің міндеттері:

- жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші психогенетикалық факторларды ғылыми тұрғыдан талдау жасау;

- жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші әр түрлі әлеусеттік-психологиялық, психогенетикалық факторларды анықтау;

- жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығының алдын-алу жолдарын қарастыру.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Онтогенез үрдісінде өтетін тұлғаның даму заңдылықтары туралы, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу туралы негізгі түрлері және жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылыққа әсер ететін психогенетикалық факторларды мектептегі білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметі туралы зерттеу құрады. жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығын зерттеуге байланысты жүргізілген тәжірибелері мол психолог ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Зерттеу негізінен К. Леонгардтың «Акцентуациялық мінез» туралы тұжырымдамасының ұстанымдарынан психологиялық қызметтің үлгісі, құрылымы мен түрі жүргізіледі.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу негізінен К. Леонгардтың «Акцентуациялық мінез» туралы тұжырымдамасының ұстанымдарынан психологиялық қызметтің үлгісі, құрылымы мен түрі жүргізіледі. Біздің зерттеуіміздің практикалық маңыздылығына мінез-құлық құрылымындағы бірнеше өзара байланыс деңгейлері анықталған, атап айтқанды, мінез-құлыққа әсер ететтін қарым-қатынас, ортаға бейімділігі, себеп-түрткі, мінез-құлықпен қатар жүретін эмоционалды процестер, мінез-құлықты реттеу, нервтік-психикалық қалып және т. б. сырттай бақыланатын құбылыстар мен әрекеттер. Осы жүйедегі бұзылыстар тұлғаның мінез-құлық ауытқушылығына себеп болады және психологиялық әсер ету бағытын анықтайды. Девиантты мінез-құлықтың қарастырылған себептері мінез-құлық ауытқушылығы бар тұлғаларға берілетін психологиялық көмектің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыруға мүмкіндік беру зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығын аша түседі.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Зерттеу проблемасы психологиялық басылымдар мен нормативтік құжаттарды жүйелі теориялық талдау мен қатар эмперикалық әдістерге генеалогиялық әдіс, биографиялық әдіс, Г. Роршахтың проективті әдісі, оқушылардың ата-аналарына арналған сауалнама.

Зерттеу әдістері:

  1. «Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы» әдістемесі;
  2. Жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін зерттеуге Р. Б. Кеттел 16-факторлы тұлғалық сауалнамасы;
  3. А. Г. Маклаков, С. П. Чермяниннің «Көп деңгейлі тұлғалық бейімделу» сұрақтамасы.

Зерттеудің практикалық базасы: Алматы обылысының Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы №43 сауықтыру мектеп-интернаты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші психогенетикалық факторларды ғылыми тұрғыдан талданды. Жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші әр түрлі әлеуметтік-психологиялық, психогенетикалық факторларды анықталып, зерттеу тақырыбына сәйкес әдістемелер кешені жүргізілді. Жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығының алдын-алу жолдарын қарастырылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы және көлемі: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және 61- пайдаланған әдебиеттері тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс көлемі -74.

1 «ҚИЫН» БАЛАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

  1. «Қиын» балалар ұғымының мәні

Біздің қоғамдық дамуының күрделі әлеуметтік экономикалық жағдайға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық ортағ дәрігерлік қызметтің нашарлығына тағы басқа балалардың денсаулығына, мінез-құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.

Көптеген ғалымдардың пікірінше, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда жиі байқалады делінген. Бірақ соңғы жылдары мінез-құлқы қиын балалардың арасында «жасару» тенденциясы байқалады. Олардың қатарын енді бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыр. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырылып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлқының бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады [2] .

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л. С. \1928ж\ еңбектерінде талқыланады, сондай-ақ А. С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бұл мәселенің әрі қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.

Бастауыш мектеп кезеңі балалардың жеке басының қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болды, дамудың әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады.

Баланың жеке қасиетінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ нәтижелі жұмыс қажет.

Мысалы, бұл тұрғыда Әл-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәні мен жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мысалы, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ана құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер заттың түрін, түсін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше, әрекеттену, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адамның дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақниетті болып келмейді, мұның бәрі жүре пайда болады.

Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деп қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлщерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері, қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай - осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез-құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй-іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі.

Керісінше күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Мінез-құлқы «қиын» бастауыш мектеп оқушылары мектеп мотивациясының төменгі деңгейімен, оқу әрекетіне құлықсыз қатысымен сипатталады. 4-сыныпқа қарай мектеп мотивациясының төмендеу тенденциясы байқалады.

Мінез-құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.

Конформды түрге жататын балаларға қайырымдылық жақсылық жасалынатын қатынастар, олардың адалдық және ынталықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы қажет.

Мазасыз түрге жататын балалар тыныш, қайырымды жағдайға қажетсінеді. Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.

Мұғалімдер мен тәжірибешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарын «жақсартуға» көмек қолын тигізуі керек.

Өзінен өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптастырылады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екенмін деп санайды. Ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрысып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайда баланың реакциясы әр түрлі (апатия, ценизм) шектен шыққан арсыздық (агрессия т. б. ) .

Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады, міне тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі-сабаққа үлгере алмаушылық, кейбір оқушы қатар-құрбыларынан сабақта артта қалып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды, ойын тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй-ішіндегі жағдайларға да, айталық ата - ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты.

Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді [2] .

Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмаудың алдын алудың формалары мен әдістері белгіленген. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтар көрсетуі және заң тәртібін бұзуы отбасы, мектеп, жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерден демекпіз.

Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және педагогикалық әдебиеттерде кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар «қиын» балалар сияқты терминдік ұғымдар кездеседі. Біріншісіне кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжалдар шығаратын, арақ-шарап ішіп жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар жатады. Олардың мінез-құлықтарында, жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатігездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әр түрлі ұрлық жасау т. б. қылықтар кездесіп отырады.

Ал педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарында жоғарыда айтылған жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, бұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты қалыптаспағандар жатады.

«Қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары «қайнағанда» дәрі - дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап - тілектер қоя білетін педагогтік шеберліктер қажет.

Қиын оқушыларды қайта тәрбиелету мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған проблема емес, революциядан бұрынғы орыс және шетелдік педагогикалық ойшылдардың, қайраткерлердің бірі Г. П. Бельский, А. Богдановский, А. Я. Герд, Д. А. Дриль, Д. Р. Тальберг, А. А. Фидлер және т. б. еңбектерінде көтерілген. Осылардың кейбіреулерінің идеялары осы күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мысалы, П. Г. Бельский және Д. Л. Дриль құқық бұзушы жасөспірімдерді зерттеп-тану, олардың психологиялық ерекшеліктерін анықтауды талап етеді. П. П. Пусторослов болса, педагогикалық тәртібі нашарланған балалардың заң құқығын бұзу дәрежесіне орай әртүрлі типті оқу - тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн көрген. Е. Альбитский, А. Ширген, А. Герд тәрбие-еңбек еолонияларында оқу процесін жандандыруды қарастырады. Н. Н. Горонович құқық бұзушы жеткіншектерді қайта тәрбиелеу процесін жақсартудағы тәрбиешінің ролін көрсетуге кеңес берген [3] .

20-30 жылдары құқық бұзушы және баспанасыз қалған жасөспірімдердің проблемасын қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.

Бұл мәселелермен еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психологтары Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, Л. С. Выготский, Л. В. Заньков, В. Н. Мясишев т. б. шұғылданды. Сонымен, бұл зерттеушілер балалардың тәртіптерінің нашарлау себептерін екі мағынада түсіндірді: топтағы ғалым-педагогтар, қоғамдық жағдайлар мен күнделікті өмірдегі тұрмыс - жағдай негіз болады десе, екінші топтағы педагогтар баланың психикадағы табиғи ерекшеліктері мен мінез-құлқыныңжағымсыз факторларға бейімділігінен деп санады.

Айтылып отырған мәселе 30-50 жылдар аралықтарында объективті жағдайларға байланысты тоқтап қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын балалар мәселелерімен шұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде \В. А. Сухомлинский, Л. С. Славина, Г. П. Медведев, Л. М. Зюбин, Э. Г. Кюсташкин, Г. А. уманов, М. А. Невский, З. И. Шыныбекова, В. В. Трифанов, Р. К. Мәмбетова, Л. К. Керімов т. б. жарық көре бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны анықталған.

  1. отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы т. б. жағдайлар себепші болған
  2. мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыластарын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу мүмкіндік берген.
  3. жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни оқушылардың тұратын микроаудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы салдары да негіз болған [5] .

Мінез-құлқындағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 ж. Пайда бола бастады. (Блонский П. П. ) . Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазіргі кезде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.

Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.

  1. Мінез-құлықтың бұзылу себептері және жағымсыз әдеттердің пайда болуы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Қиын балалармен Әлеуметтік педагогикалық - психологиялық қайта тәрбиелеу жұмыстың әдістері
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда
Гумандық қасиеттер тән гумандық гумандык
Тұлға туралы
Қиын балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау
Проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесінің тиімділігін арттыру
Математиканы оқытудың заманауи әдістемелерінің әдістемелік принциптері
«Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьекті және субьекті. Тұтас педагогикалық процессте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz