Достық қонақ үйінде қонақтарға қызмет көрсету түрлерін дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . . 2

І Қонақ үй шаруышылығы кәсіпорындарында қонақтарға қызмет көрсету саласының даму келешегі

1. 1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және оның диференциациялық функциясы мен құрылымы

1. 2 Қазақстандағы Республикасындағы қызмет көрсету саласы аясындағы проблемалар . . .

ІІ «Достық» АҚ қонақ үйінің шаруашылық қызметінің жағдайына талдау жасау

2. 1«Достық» қонақ үйіне жалпы сипаттама . . .

2. 2«Достық» қонақ үйінің қаржылық жағдайына талдау жасау . . .

ІІІ Қонақ үй клиенттеріне қызмет көрсетуді жетілдіру жолдары және қонақ үй шаруашылығы қызметін дамыту

3. 1Қазақстандағы қонақ үй қызметінің даму келешегі . . .

3. 2 «Достық» қонақ үйінде қонақтарға қызмет көрсету түрлерін дамыту . . .

Қорытынды . . .

Қосымша . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Зерттелініп отырған тақырыптың өзектілігі: Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі - арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй нарығын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары - арзан сегменттегілер. Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті. Бір жағынан алғанда, шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы қонақ үй саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады. Екінші жағынан, сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы қонақ үй индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз. Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық қонақ үй желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді. Бұл өз кезегінде қонақ үй кәсіпорнының ғаламдық жүйеге енуіне жол ашып, тұтынушылар талабына толық жауап береді. Жалпы алғанда басқару жүйесіне TQM (басқарудың жаппай сапалылығы) енгізе отырып, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының теориясын қолдану қажет. Бүгінгі қонақ үй тәжірибесінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынымдарына (ISO) сәйкес тауарлардың, қызмет сапасының сертификациясы мен процесстерін маркетингтік қызмет сапасымен үйлестіру жағы кемшін. Ал қонақ үй шаруашылығында ұсынылатын қызметтер кешенін басқару мейманхананың маркетингтік іс-әрекетіне сүйенеді. Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру қазақстандық мейманханалардың бірегей корпоративтік жүйесі құрылған жағдайда тиімді жүзеге асатыны анық. Аталған фактілер - диплом жұмысының көкейкестілігіне куә.

Мәселенің қазіргі жағдайын бағалау:

Написать современное состояние обслуживания в гостиницах, какие проблемы есть на рынке услуг

Зерттеу тақырыбының әзірленуі:

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен «Достық» қонақ үйі жайлы материалдар мен мәліметтер зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Қонақ үй қызметін ұйымдастыру формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының қонақ үй секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық рыноктағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған - ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар - қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық. Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады. Қазақстандағы қонақ үй қызметі шетелдік мейманханалар тізбегінің ықпалымен дамып келетінін ескерсек, кіші-гірім елді-мекендердегі қызмет сапасын басқару стратегиясы ойдағыдай орындалмай отыр. Қызмет индустриясы - бір-біріне жанасып жатқан сала. Сондықтан да ұсынылатын қызмет сапасы алдымен сол ұйымның қызметкеріне тәуелді. Яғни, мұндағы ішкі және сыртқы маркетингтің ролі басым.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты:

Қонақ үй қызметі шаруашылығын заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру, Қазақстан мейманханаларының имиджін тартымды туробъекті ретінде қалыптастыру.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;

- қонақ үй шаруашылығын дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі ережелерді әзірлеу;

- Отандық қонақ үйлердің қазіргі жағдайына баға беру;

- «Достық» қонақ үйінің қаржылық жағдаятына талдау жүргізу;

- осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету;

- қонақ үйлік сервис сапасын белгiленген талаптарға сәйкес арттыру.

Зерттеу нысаны:

Көкшетау қаласындағы «Достық» қонақ үйі.

Зерттеу пәні:

Зерттеу нысаны болып қазіргі экономикалық жағдайда қазақстандық қонақ үй - мейрамханалық кешені қызметін ұйымдастыру танылды.

Ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері:

Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, болжамдау және монографиялық әдістерді қолдану көмегімен алынды.

Зерттеудің негізгі әдістері:

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мынада:

Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Осы реттегі қол жеткізілген жаңалықтар:

  • мейманхана секторын ілгерілетудің алғышарттары анықталды;
  • теориялық сараптама негізінде қазақстандық қонақ үй саясатының ерекшеліктері талданып, қорытылды;
  • қонақ үй қызметін жетілдіру алға тартылып, оның даму перспективасына болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Қонақ үй шаруашылығының әлеуетін қалыптастыру жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы диплом жұмысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу материалын қонақ үй шаруашылығы саласында, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы) :

Зерттеу жұмысы қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдар деректеріне сүйене отырып, әзірленді. Материалдардың теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған пайымдардың тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеруге және практикаға енгізуге болады. .

І Қонақ үй шаруышылығы кәсіпорындарында қонақтарға қызмет көрсету саласының даму келешегі

1. 1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және оның диференциациялық функциясы мен құрылымы

Адам баласының негізгі мекені - жеке үйі. Осыған сай, халқымыздың басым бөлігінің саналы ғұмыры өз шаңырағында өтеді. Біз жұмысқа, дүкенге, сондай-ақ бос уақытымызды ойдағыдай өткізу үшін дос-жарандарымызға барып, кешкісін үйімізге қайта ораламыз. Алайда, кейбір азаматтар еңбек демалысына, іссапарларға және өзге де себептерге байланысты жыл бойы жиі-жиі үйде тұрақтамауы мүмкін. Мұндайда олар аялдайтын бірден-бір орын - мейманхана. *-мейрамханалар және басқа да көңіл көтеретін, демалатын орындар көзге бірден түседі. Керісінше қала сыртына қарай бет алсақ, фабрика, ферма және автозаправкаларды кездестіреміз. Осы ретте қаланың нақ ортасынан да, қала маңынан да алдымен байқалатын бір ғимарат - мейманхана. Кімнің болса да әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын орындарға кенде емеспіз. Қонақ үйлер де осындай нысандар қатарында.

Тұтынушылардың көзқарасынша мейманхана - коммерциялық негізде тұру үшін арнайы бөлме бөлетін әрі қызметін сатуға ұсынатын мекеме.

Қонақ үй шаруашылығының шығуы және дамып жетілуі қоғамымыздың даму тарихымен тікелей астасып жатыр. Ең алғашқы мейманханалық мекемелер - ежелгі Шығыстың өркениетті елдерінде саяхат жасаушы адамдарға қызмет көрсету мақсатында біздің эрамызға дейінгі екі мың жылдай бұрын пайда болған.

Ерте дәуірлерден-ақ римдіктер мемлекет мұқтаждықтарына қарай саяхат жасаушыларға арнайы ғимараттар тұрғыза бастапты. Жол бойында ерекше сән түзеген бұл ғимараттар бір қарағанда сарай секілді. Меймандостық мекемелерін құру жолында Шығыс, Азия және Кавказ елдеріндегі сауда байланыстарының дамуы үлкен роль атқарды. Аталған аймақтардың территориясы арқылы алып сауда жолдары қалыптасты. Осылайша тауар жүктеген керуендер көші басталды.

Саяхат жасаушыларды түнету мақсатында сауда жолдарын жағалай керуендерді жайғастыратын орындар құрылды. Ұлы қабырғамен айнала қорғалған сарайлар кезінде керуеншілерді қолайсыз ауа-райынан, сондай-ақ түрлі жол азабынан сақтады.

Орта ғасырлардағы қонақжай орындарын дамытудың діни дәстүрлерге де ықпалы болды.

Қонақ үй шаруашылығын дамытудағы тағы бір елеулі кезең Еуропадағы ат күшімен атқарылатын пошта және көлік қатынасының орнауымен байланысты бекеттер. Пошта жолы бойында мемлекеттік тасымалдауға, сондай-ақ демалыс орындарына қызмет көрсететін пошта бекеттері пайда болды.

ХV ғасырларда тұрғын сарайлар пошта бекеттеріне біріктірілді. Оларға мейманхана деген атау тағылды. Осыдан соң кейбір ірі қалаларда қонақжай орындарының қатары біртіндеп көбейе бастады. Бірақ, бұлар - өзгеше сипатта. Мұндағы ерекшелік - жолаушы-жүргіншілердің орналасып, тамақтануымен қатар, олардың коммерциялық құрылымдарын жетілдіруіне жол ашылғандығы. Осыған орай, қонақ үйлерде жабдық бөлмелер, сауда қатарлары, дүкендер, қоймалар құрылды.

«Отель» сөзі ХVІІІ ғасырда қолданысқа енді. Кезінде Францияда көп пәтерлі ғимараттарды отель деп атаған. Мұндай пәтерлер негізінен бір күнге, бір аптаға не бір айға жалға берілетін. Көп ұзамай бұл терминді Америка Құрама Штаттарының тұрғындары қабыл алды. О бастан-ақ алпауыт Америка - мейманханаларды техникалық жарақтандыру ісіндегі жаңа ережелердің, жаңа енгізілімдердің Отаны. Бұл елдерде мейманханаға деген сұраныс қашан да жоғары. Өйткені, мұнда уақытша қоныстануға бел байлаған эмигранттар жиі барып тоқтайтын. Әлемнің алпауыт мемлекеттерін жаулап алған қонақ үй бизнесі көп ұзамай қазақ даласында да дәуірледі.

Кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан саланың бiрi - туризм. Бұл өз кезегінде экономикамыздың едәуiр пайда әкелетiн тармағына айналуымен қатар қонақ үй саласын ілгерілетуге септігін тигізіп келеді.

ҚР Үкіметінің «Экономиканың басымдық секторындағы пилотты кластерді құру және дамыту жөніндегі жоспарын бекіту туралы» Қаулысында қазіргі таңда туристік бизнес жандана түскендігі сөз етілген. Қазақстан алдағы 3-4 жыл ағымында елімізге келетін туристерді 10 есеге ұлғайтуды көздеп отыр.

Халықаралық консалтингтік IPK компаниясы келтірген деректер бойынша еліміздегі туризмді дамытуда бес облыс алда тұр. Олар: Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, сондай-ақ Алматы қаласы. Мұндай өсім жоғарыда аталған облыс аймақтарынан ірі орталықтар құруға сеп. Осы сынды қадам қонақ үй бизнесін екпінді дамытуға, туристерге бағытталған орта деңгейлі мейманханалар құрылысын салуға жол ашады.

2006-2007 жылдардағы республикамыздағы қонақ үй бизнесінің қарқынды дамуы экономикалық өсіммен байланысты сипатталады. Қонақ үй шаруашылығын дамытуға сыртқы және ішкі туризмнің дамуы нәтижесінде қатысушылар санының көбеюі ықпал етті.

Қазақстанда туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысына сәйкес 2007 жылғы келушілер саны 2006 жылмен салыстырғанда 26, 7%-ға өсті. Сырттан келушілер туризмі 31, 5%-ға өсіп, 3996, 3 мың адамды құраса (36, 9%), сыртқа шыққан туристердің саны 2006 жылға қарағанда 22, 7%-ға өсіп, 3396, 0 мың адамды құрады немесе жалпы келушілер ағынының 31, 3% құрады және ішкі туризмнің келушілер саны 25, 5%-ға өсіп, 3449, 0 мың адамды құрады.
Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 45%-ға өсіп, 34557, 3 мың теңгені құрады, сатылған жолдамалардың құны 11036, 0 млн. теңгеге жетті (1, 7 есе көбейді) . 2007 жылы 904 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 46 жеке кәсіпкер 422, 6 мың келушілерге қызмет көрсетті. Республикадағы барлық қонақ үйлерде 1906, 9 мың адамға қызмет көрсетілген және қызмет көрсетуден 28166, 4 млн. теңге түскен. Орналастыру объектілерінде 25565 нөмір есептелді, бір уақыттағы сыйымдылығы 58612 койко-орынды құрады.

2006 жылғы есеп бойынша республикамыздағы мейманхана, мотель және келушілерге арналған жатақханалар саны - 385, ал келгендерді орналастырумен шұғылданатын кәсіпкерлер - 163. Мейманханалардағы бір жолғы сыйымдылық - 33 399 орын болса, нөмірлер саны - 15 515. Орта статистикалық әрбір қонақ үйдегі 86, 8 орынға 40, 2 нөмірден келеді. Сонда бір нөмірдегі орташа сыйымдылық көлемі - 2, 2 төсек-орын.

2000-2006 жылдары елімізде мейманханалар саны күрт өсті. Бұл Қазақстанға шетелдік азаматтардың іскерлік мақсатпен келу көрсеткішінің көбеюімен байланыстырылады. Екінші жағынан, соңғы жылдары халықаралық стандарттарға сай келетін жеке мейманханалар, қонақ күту үйлері мен туристерді жайғастыратын өзге де стационарлық орындар бой көтеріп, ескі мейманханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2000 жылмен салыстырғанда мейманханалар, мотель және келушілерге арналған жатақханалар саны 226 бірлікке, яғни 2, 4 есе өскен болса, 1994 жылмен салыстырғанда - 6, 7 есе артық. 2000 жылмен салыстырғанда қонақ үйдегі бір жолғы сыйымдылық 2-2, 5 есеге, нөмірлер саны - 6391 бірлікке, яғни 1, 7 есе ұлғайды.

Қор нөмірінің көлемі жағынан аса ірі қонақ үйлер Алматы және Астана қалаларында орналасқан. Алматыдағы мейманханалар орта есеппен алғанда 148, 8 орынға 72, 5 нөмірден, ал Астанадағы 66, 2 орынға 38, 4 нөмір сәйкес келеді.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселе - қонақ үй шаруашылығын меншік формасы бойынша бөлу. Жоғарыда аталған 385 орынжайдың 22-сі мемлекет меншігінде болса, 340 - жеке меншікке, 17-сі өзге мемлекеттердің, олардың азаматтары мен заңды тұлғаларының меншігіне тиесілі.

Ал 340 кәсіпорын жеке меншіктікі десек, соның 37-сі шетелдіктермен бірлескен меншік үлесінде.

Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ.

Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады:

Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары - арзан сегменттегілер. «5 жұлдызды» қонақ үйлердің менеджменттері шетелдіктердің басқаруында, келесі категориядағыларға жетекшілік ететіндер - жергілікті топ-менеджменттер.

Халықаралық желіге жататын бес жұлдызды отельдер: Алматыдағы Hyatt Regency мен The Regent Ankara, Астанадағы - OKAN InterContinental мен Rixos Astana President Hotel, ал Ақтауда - Marriott International Ренессанс «Ақтау» атты алғашқы отель желісі. Ренессанс «Ақтау» Отелі - «Ренессанс» брендіне (макетіне) ие болған Қазақстандағы тұңғыш отель.

Тәжірибе көрсеткендей, қонақ үйдегі қызмет түрінің сапасы мен бағасының арақатынас факторы нарықтағы отельдерді тізімдеудің айырмашылық белгісі болып саналады. Бұл [«баға-сапа»] кілтті параметрлердің қонақ үйді таңдар алдындағы ықпалы зор.

Қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындары түрлі мақсатпен түрліше топтастырылады. (қосымша А)

Кесте-4, Орналастыру нысандарымен көрсетілген қызметтер көлемі,

(мың теңге)

1-кесте

Көрсеткіштер
Жылдар
2004
2005
2006
Көрсеткіштер: Қызметтер көлемі, барлығы
Жылдар: 2539020, 3
3129741, 1
4760601, 6
Көрсеткіштер: соның ішінде:
Жылдар:
Көрсеткіштер: мейрамханалары бар қонақ үйлер
Жылдар: 1821046, 0
2803138, 5
4335299, 2
Көрсеткіштер: олардан - мейрамханалар
Жылдар: 201468, 7
786724, 9
971713, 9
Көрсеткіштер: мейрамханалары жоқ қонақ үйлер
Жылдар: 707016, 3
290426, 6
379204, 2
Көрсеткіштер: жастар туристік лагері және тау туржазбалары
Жылдар: 10958, 0
-
-
Көрсеткіштер: басқа тұру орындары
Жылдар: -
36176, 0
46098, 2

Демек, орналастыру нысандарында көрсетілетін қызметтерге сұраныс 2006 жылы 2005 жылға қарағанда 1, 52 % -ға өсе түскен. Соның ішінде мейрамханалары бар қонақ үйлерге 1, 54 %-ға, мейрамханалардың өзіне 1, 23 %-ға, мейрамханалары жоқ қонақ үйлерге деген сұраныс 1, 30 %-ға, ал өзге тұратын орындарға 1, 27 %-ға дейін жеткен.

Кесте-5, Келермендердің сапар мақсаттарына қарай бөлінуі, (адам)

2-кесте

Көрсеткіштер
Жылдар
2004
2005
2006
Көрсеткіштер: Барлығы
Жылдар: 128041
144378
202129
Көрсеткіштер: соның ішінде:
Жылдар:
Көрсеткіштер: жұмыстан бос уақыт, рекреация және демалыс, барлығы
Жылдар: 448
776
1133
Көрсеткіштер: олардан: аңшылық, балық аулау
Жылдар: -
2
-
Көрсеткіштер: таныстар мен туысқандарға бару
Жылдар: 926
161
513
Көрсеткіштер: іскерлік және кәсіби мақсаттар, барлығы
Жылдар: 89847
114331
188839
Көрсеткіштер: олардан спорттық
Жылдар: 501
2467
1917
Көрсеткіштер: Емделу
Жылдар: 2
16
8
Көрсеткіштер: дін-қажылық
Жылдар: 2
-
-
Көрсеткіштер: коммерциялық (шоп-турлар)
Жылдар: 48
-
1155
Көрсеткіштер: өзге де мақсаттар
Жылдар: 36768
28672
10481

2006 жылғы келушілер саны 9, 69 %-ға көбейсе, соның ішінде, іскерлік және кәсіби мақсатпен жолға шыққандар қатары 1, 65 %-ға өскен.

Кесте - 6, Келермен - резидент еместер, (адам )

3-кесте

Көрсеткіштер
Жылдар
2004
2005
2006
Көрсеткіштер: Барлығы
Жылдар: 18229
25313
46236
Көрсеткіштер: соның ішінде:
Жылдар:
Көрсеткіштер: жұмыстан бос уақыт, рекреация және демалыс, барлығы
Жылдар: -
41
152
Көрсеткіштер: олардан: аңшылық, балық аулау
Жылдар: -
-
-
Көрсеткіштер: таныстар мен туысқандарға бару
Жылдар: -
73
46
Көрсеткіштер: іскерлік және кәсіби мақсаттар, барлығы
Жылдар: 18278
24502
45851
Көрсеткіштер: олардан: спорттық
Жылдар: -
597
468
Көрсеткіштер: Емделу
Жылдар: -
2
2
Көрсеткіштер: дін-қажылық
Жылдар: 2
30
-
Көрсеткіштер: коммерциялық (шоп-турлар)
Жылдар: 13
4
129
Көрсеткіштер: өзге де мақсаттар
Жылдар: 3
661
56

Бұл кестеден 2006 жылғы бейрезидент келушілер санының 1, 82 %-ға артқанын, соның ішінде, басқалардан басым тұрған іскерлік және кәсіби мақсатпен жолға шыққандар қатарының 1, 87 %-ға ұлғайғанын көрдік. Демек, бейрезиденттердің де қызмет барысында жиі жолсапарға шығуына тура келеді екен.

Кесте - 7, Келермен - резиденттер, (адам)

4-кесте

Жылдар
2004
2005
2006
: Барлығы
Жылдар: 109742
119065
155893
: соның ішінде:
Жылдар:
: жұмыстан бос уақыт, рекреация және демалыс, барлығы
Жылдар: 448
735
981
: олардан: аңшылық, балық аулау
Жылдар: -
2
-
: таныстар мен туысқандарға бару
Жылдар: 923
88
467
: іскерлік және кәсіби мақсаттар, барлығы
Жылдар: 71569
89829
142988
: олардан: спорттық
Жылдар: 501
1870
1449
: Емделу
Жылдар: 2
14
6
: дін-қажылық
Жылдар: -
2
-
: коммерциялық (шоп-турлар)
Жылдар: 35
386
1026
: өзге де мақсаттар
Жылдар: 36765
20011
10425

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2005 жылғы жалпы келуші-резиденттер қатары 1, 08 % -ға, ал 2006 жылы 1, 30 %-ға көбейе түскен. Соның қатарында іскерлік, кәсіби мақсаттағы тұлғалардың белсенділігі 2005 жылы 1, 25 %-ға, 2006 жылы 1, 59 %-ға жоғарылаған.

1. 2 Қазақстандағы Республикасындағы қызмет көрсету саласы аясындағы проблемалар

Еліміздің базар экономикасына көшу процесі мен оның әлемдік интеграцияға шоғырлануы жағдайында мейманхана қызметінің ролі зор. Сондықтан да қонақ үй қызмет саласын қарқынды дамыту - кезек күттірмейтін міндет. Алайда еліміздегі бірқатар қонақ үйлердің жоғары техникалық деңгейде сапалы қызмет көрсетуінде көңіл қынжылтатын сәттер да жоқ емес. Мұны шешу үшін қонақ үйдегі қ-ызмет көрсету саласына теориялық баға бере білу керек.

Ал Батыс елдеріндегі мейманханалық қызмет түрлерін дамыту тенденцияларының талдамасы ел экономикасының аса маңызды бағыттары деп тұжырымдалады. Оған алдымен мемлекет ықпал етуі тиіс. Осы жағдайда замана ықпалына қарай дамуда мемлекет әрдайым басты рольде. Мемлекет бұл саланы дамытудың стратегиялық әзірлемесінің орындалуын қатаң қадағалауы тиіс.

Басқа елдер тәрізді Қазақстанда да қонақ үй шаруашылығын дамытудағы басты проблема - білікті кадр тапшылығы. Соның салдарынан еңбекті ұйымдастыру тиімсіз болып отыр. Америка Құрама Штаттарындағы мейманханалық желілер маусымдық жұмысшы күші есебінен игеріледі. Олар бұл істі дайын қызметкерлерді артығымен ұстайтын ұйымдарды өздеріне жұмысқа тарта отырып орындайды. Ал осы тәрізді тәсілдер Қазақстанда мүлдем жоқ. Тәжірибесіз маманның сапалы оқу курсынан өтуіне көп уақыт қажет. Еліміздің мейманханаларында дайындықсыз жұмыскерлердің еңбегін пайдалану құбылысы өте жиі ұшырасады. Ол өз кезегінде үлкен ұтылысқа алып келеді.

Қызмет көрсету сапасы жағынан Отандық мейманханалардың дамыған шетел қонақ үйлерімен бәсекеге түсуі екіталай. Қонақ үйлеріміздің басым бөлігінде қызмет көрсету сапасының сын көтермейтіні - шындық.

Қазақстанның ірі қалаларында комфортты жағдай жасайтын қонақ үйлер жеткілікті делік. Төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер негізінен халықаралық мейманханалық желіге қатысты әрі оларды халықаралық компаниялар басқарады. Ал олардың меншік иесі - жергілікті өкімет органдарымен және жеке инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Достық қонақ үйінің персоналы
Қазақстандағы әлемдік қонақ үй жүйелері және Қазақстан туризмнің қазіргі жағдайы
Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және қонақтарды орналастыру қызметі
Қонақ үй бизнесін басқару
Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
Қонақ үй шаруашылығы туралы
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері
Қазақстандағы қонақ үй қызметтері
Казжол қонақ үйіне мінездеме
Қонақ үйдегі қызмет көрсету технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz