ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . ……… . . . 3
1 ҚОРЛАР - ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ
1. 1 Қорлардың экономикалық мазмұны және маңызы . . . 7
1. 2 Қорлардың жіктелуі мен бағалануы . . . 9
1. 3 Қорлар есебінің қазіргі заманғы жағдайы және оны жетілдіру . . . 17
2 ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1 «АлматыСтройТранс» АҚ-ң бухгалтерлік есебі және есеп саясаты . . . 23
2. 2 Қорлардың кіріс және шығыс есебі, құжаттық жабдықталуы . . . 34
2. 3 Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі . . . 38
2. 4 Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі . . . 43
3 ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3. 1 Қорлар есебінің аудиті, мақсаты және міндеттері . . . 45
3. 2 «АлматыСтройТранс» АҚ-ң қаржылық жағдайын талдау . . . 67
ҚОРЫТЫНДЫ . . . …… . . . … . . . 81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . … . . . 83
ҚОСЫМШАЛАР . . . 86
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Өндірісте қорлардың есебінің дәл қазіргі кезде елімізде өзектілігі күннен күнге артуда. Бухгалтерлік есепте қорларды есепке алуды дұрыс жүзеге асырып, олардың маңыздылығын түсіну керек. Сондықтан да осы дипломдық жұмысымның тақырыбын «Қорлар есебінің қазіргі заманғы жағдайы және оны жетілдіру жағдайы » деп таңдап алу себебім, қазіргі нарықтық экономиканың даму барысында негізсіз шығындармен күресу, өнімнің өзіндік құнын азайту және оның сапасын арттыру мәселесі тұрғандықтан әсіресе орта және шағын кәсіпорындардың бәсеке қабілеттіліктерін жоғарылату мен отандық өнім өндіруді дамыту мәселесі алдыңғы орындардың бірін иеленгендіктен осы тақырыпты теориялық жағынан ізденіп жазуды алдыма мақсат етіп қойдым. Өйткені бұл тақырыптың қазіргі кезде өзектілігі артып отыр. Оны шешу үшін төмендегі мәселелерге көңіл бөлу керек :
- Қорларды тиімді қолдануды жақсарту әдістерін таңдау;
- Өндірісте қорларды тиімді пайдалану мен оларға аудиторлық тексеру жолдарын жетілдіру;
- Дайын өнімдер мен тауарлар бәсекелестікке төтеп беру үшін сапасын жақсартып, оларға жұмсалған шығындарды бақылау ;
- Тауарлар мен дайын өнімдерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
- Өнімдердің өзіндік құнын төмендету жолдарын қарастыру және сапасын арттыру;
- Қорлар есебін дұрыс жолға қойып, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда өнім түрлеріне қарай тиімді әдістерін таңдау және есеп саясатына енгізіп отыру.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттерінің бірі - ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды. Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс. Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорлар және олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндірістегі қорлар проблемасы өзекті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:
-өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;
- айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндірістік ресурстарға жоғары баға болуына байланысты азайту.
Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады. Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдарда ерекше маңызды орынға ие. Есепке алу мәліметтері ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасын дамыту заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында ұйымдардың күрделі экономикалық тетігін нық және жақсы жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару, іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтанда кез-келген ұйымдар үшін есеп ақпараттық жүйелері маңызды орын алады. Оның ішінде қорлар есебінің де ұйымдастырылуы, олардың өз уақытылы іске асырылып отыруы өз әсерін тигізбей қоймайды. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынасқа көшу барысында аймақты, қатал бақылау-тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін сол елде - бәсекелестік қамтамасыз ету үшін шешуші роль атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолмен дамудың тиімділігі іске асырылады. Ұйымның өндіріс шығындары айналым қорларының негізгі бөлігінің бірі болып табылады. Оның құрамына материалдар мен шикізаттар, өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы, негізгі құралдардың амортизациясы және басқа да үстеме шығындар кіреді.
Нарықтық экономика жағдайында айналым қорының айналымдылығын жоғарылату оның маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70%, ал тоқыма және химиялық өнеркәсіптерде 85%-ке жетеді. Өндіріс процесіне еңбек заттары өндіріс қорлары ретінде қатысып, жаңа қалыптасқан өнімге өзінің құнын толық беріп отырады. Олар бұл процесте толық қолданыла отырып, жаңа өнімнің материалдық негізін құрайды.
Қорларды тиімді қолдану мәселелерін қымбат материалдарды өнімнің сапасына нұқсан келтірмейтін арзанырақ материалдармен ауыстыру, өндіріс қалдықтарын анықтап тиімсіз шығындарды максималды түрде жойып, шаруашылық айналымына қайталанбалы ресурстарды кеңінен енгізу арқылы шешу қажет. Бұл сауалды шешуде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп материалдардың сақталынуы, шығындар нормасының төмендетілуі және тиімді қолданылуы туралы мәліметтерді жинақтайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
- қорларды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіру;
- белгіленген тәртіп бойынша тауарлы-материалдық қорлардың қалдығын жаппай түгендеп отыру;
- оларды бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижелерін дер кезінде есепке алып отыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- қорлар бойынша операциялардың құжаттарда уақытылы және дұрыс көрсетілуі, материалдардың түсуі мен босатылуы, дайындалуы бойынша нақты мәліметтермен қамтамасыз етілуі;
- материалдық - қорлардың сақталу орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталынуын бақылау;
- қордың бекітілген нормасының сақталынуын бақылау;
- қойма қорларының жағдайын бақылап отыру.
"Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу халықаралық стандарттарға көшуде және де Жұмыс шоттар жоспары енгізілді. Экономиканың қай саласындағы болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі болып саналады. Бұл орайда ұйымның материалдық құндылықтарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуте болады.
Зерттеу жұмысының обьектісі: “АлматыСтройТранс” Акционерлік Қоғамының мәліметтері алынып, қорлар есебі мен аудитін қарастырып, оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу және зерттеп жазу.
Зерттеу пәні құрылыс ұйымдарындағы қорлардың есебі және аудиті, олардың қалыптасуы және оны саралау факторлары, бухгалтерлік есептің жүзеге асырылу тәжірибесі мен теориялық зерттеу маңыздылығын қарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысы бойынша ұсыныстар:
- артық және қажет емес шығындарды анықтап, олардың өткізілуіне бақылау жүргізудің әдістерін ұсыну;
-өндірісте қорлардың қолданылуын жүйелі түрде бақылау тәсілдерін анықтау;
-дайындалған қорлардың нақты өзіндік құнын және көлік дайындау шығындарын дұрыс және уақытылы есептеу;
- қорлардың өнімнің өзіндік құнына дұрыс аударылуын бақылау;
- қорлар есебі бойынша ұйымның есеп саясатының сақталуын және дұрыс қалыптасуын қадағалау. Дұрыс ұйымдастырылған есеп қорлардың түгелдей сақталынуына, олардың үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу пәні және ұсыныстар берілген. Бірінші бөлімінде, қорлардың қалыптасуы және нарықтағы ролі сондай ақ теориялық негіздері толығынан жазылған. Екінші бөлімде, «АлматыСтройТранс» АҚ-ң бухгалтерлік есебі және есеп саясаты, қорлардың кіріс және шығыс есебі, құжаттық жабдықталуы, қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі және қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі қарастырылады. Жұмыстың үшінші бөлімінде қорлар есебінің аудиті, мақсаты мен міндеттері, «АлматыСтройТранс» АҚ-ң қаржылық жағдайын талдауы жазылған.
1 ҚОРЛАР - ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ
1. 1 Қорлардың экономикалық мазмұны және маңызы
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қаржылық есепке қатысты нормативтік құжаттарда қорлар түсінігі арасында ешқандай шектеу қоймайды.
Нарықтық экономика кезінде меншіктіктің көп түрлілігіне сәйкес, экономиканы басқаруда мекеме құқығының кеңеюі, өндірістің салалық ерекшелігі талап етеді: қорлар есебін жүргізуде әр түрлі сұрақтарды шешуде техника және тәсілдердің балама және көп нұсқалы тәсілдері қажет.
Қорлар (шикізат, материалдар, жанармай және т. б. ) дайын өнім алу мақсатымен адам еңбегіне бағытталған заттар болып табылады. Өндірістік жағдайда өзінің түрін сақтайтын және өнімге бірқалыпты құнын аударатын еңбек заттары болып табылады. Еңбек құралдарымен салыстырғанда, еңбек заты бүтіндей қолданылады және өзінің құнын сол өнімге толығымен аударады және әрбір өндірістік циклдан кейін алмастырылады. Өндірісте тауарлық-материалдық құндылықтарды пайдаланудың біртіндеп жоғарлауы өндірістің кеңеюін, өнім өзіндік құнындағы материалдық шығындардың және ресурсқа бағаның өсуін көрсетеді. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштеріне өнімнің өзіндік құнына материалдық шығындарды төмендету, үнемдеу, сапаны жақсарту сияқты факторлар маңызды орын алады.
Ұйымдарда қорларға байланысты алғашқы құжаттардың рәсімделуін реттеу, типтік үлестірілген формаларды кеңінен енгізу, есептік-талдамалық жұмыстарды автоматтандыру және механикаландыру деңгейін кеңейту, шикізаттар мен материалдар, топтамалық заттарды сақтау, қабылдау және жұмсаудың қатаң тәртібін қамтамасыз ете отырып, ерекше, тапшы және қымбат тұратын материалды беру құжаттарына қол қоятын лауазымды тұлғалардың санын шектеу арқылы өндірісті қажетті ресурстармен жабдықтауды жақсартуға болады. Өндірістік қорлардың сақталуын, дұрыс қабылдануын, сондай-ақ құндылықтарды өндіріске жіберуді қамтамасыз ету үшін, ұйым жеткілікті мөлшерде қойма, өлшейтін және өлшеуіш приборлар, ыдыстық заттар және басқа да жабдықтармен жабдықталуы керек. Материалдық ресурстарды нормаға сәйкес жұмсалуына және норманың сақталуына, сонымен қатар өндірісте жартылай фабрикаттың, бөлшектердің қозғалысының жедел есебінің анықтығын және нақтылығын жетілдіруге көп көңіл бөлу керек. Сондықтан бухгалтерлік есептің мәліметтері өнімнің өзіндік құны құрамындағы өндірістік шығындарды төмендетуге байланысты резервтерді анықтау үшін, шығын нормасын төмендету және сақтауда тұрған материалдар туралы толық ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.
Осыған байланысты қорлар есебі алдында келесі міндеттер тұр:
- материалдарды дайындау, түсуі және жіберілуі бойынша барлық операциялардың құжаттық көрінісі дұрыс және мерзімді болуын қамтамасыз ету; тауарлық-материалдық құндылықтарды дайындауға байланысты шығындардың анықтығын және дұрыстығын бақылау; шығындардың жұмсалуы бойынша ауытқуларды есептеу және есептен шығару;
- материалдық құндылықтарды сақтау орнында және қозғалысының барлық сатысында олардың сақталуын бақылау;
- өндірістік шығындардың бекітілген нормасының сақталуын тұрақты бақылау;
- өндірісте материалдарды қолдануды құрылымдық бақылау;
-технологиялық қалдықтар мен жоғалтуларды және оларды қолдануды бақылау;
-белгіленген шектермен (лимиттермен) салыстырғанда материалдық ресурстарды артық шығыстау немесе үнемдеу көлемі бойынша нақты ақпаратты мерзімінде алу; материалдық ресурстармен жабдықтаушы ұйымдардың арасында есеп айырысудың мерзімінде жүргізілуін және жолдағы тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау.
Нарықтық экономика кезінде меншіктіктің көп түрлілігіне сәйкес, экономиканы басқаруда мекеме құқығының кеңеюі, өндірістің салалық ерекшелігі талап етеді: өндірістік қорлар есебін жүргізуде әр түрлі сұрақтарды шешуде техника және тәсілдердің балама және көп нұсқалы тәсілдері қажет.
Өндірістік қорлар (шикізат, материалдар, жанармай және т. б. ) дайын өнім алу мақсатымен адам еңбегіне бағытталған заттар болып табылады. Өндірістік жағдайда өзінің түрін сақтайтын және өнімге бірқалыпты құнын аударатын еңбек заттары болып табылады. Еңбек құралдарымен салыстырғанда, еңбек заты бүтіндей қолданылады және өзінің құнын сол өнімге толығымен аударады және әрбір өндірістік циклдан кейін алмастырылады. Өндірісте тауарлық-материалдық құндылықтарды пайдаланудың біртіндеп жоғарлауы өндірістің кеңеюін, өнім өзіндік құнындағы материалдық шығындардың және ресурсқа бағаның өсуін көрсетеді. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштеріне өнімнің өзіндік құнына материалдық шығындарды төмендету, үнемдеу, сапаны жақсарту сияқты факторлар маңызды орын алады.
Ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға байланысты алғашқы құжаттардың рәсімделуін реттеу, типтік үлестірілген формаларды кеңінен енгізу, есептік-талдамалық жұмыстарды автоматтандыру және механикалан-дыру деңгейін кеңейту, шикізаттар мен материалдар, топтамалық заттарды сақтау, қабылдау және жұмсаудың қатаң тәртібін қамтамасыз ете отырып, ерекше, тапшы және қымбат тұратын материалды беру құжаттарына қол қоятын лауазымды тұлғалардың санын шектеу арқылы өндірісті қажетті ресурстармен жабдықтауды жақсартуға болады. Өндірістік қорлардың сақталуын, дұрыс қабылдануын, сондай-ақ құндылықтарды өндіріске жіберуді қамтамасыз ету үшін, ұйым жеткілікті мөлшерде қойма, өлшейтін және өлшеуіш приборлар, ыдыстық заттар және басқа да жабдықтармен жабдықталуы керек. Материалдық ресурстарды нормаға сәйкес жұмсалуына және норманың сақталуына, сонымен қатар өндірісте жартылай фабрикаттың, бөлшектердің қозғалысының жедел есебінің анықтығын және нақтылығын жетілдіруге көп көңіл бөлу керек. Сондықтан бухгалтерлік есептің мәліметтері өнімнің өзіндік құны құрамындағы материалдық шығындарды төмендетуге байланысты резервтерді анықтау үшін, шығын нормасын төмендету және сақтауда тұрған материалдар туралы толық ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.
Осыған байланысты өндірістік қорлар есебі алдында келесі міндеттер тұр:
- материалдарды дайындау, түсуі және жіберілуі бойынша барлық операциялардың құжаттық көрінісі дұрыс және мерзімді болуын қамтамасыз ету;
- тауарлық-материалдық құндылықтарды дайындауға байланысты шығындардың анықтығын және дұрыстығын бақылау;
- шығындардың жұмсалуы бойынша ауытқуларды есептеу және есептен шығару;
- материалдық құндылықтарды сақтау орнында және қозғалысының барлық сатысында олардың сақталуын бақылау;
- өндірістік қорлардың бекітілген нормасының сақталуын тұрақты бақылау;
- өндірісте материалдарды қолдануды құрылымдық бақылау;
- технологиялық қалдықтар мен жоғалтуларды және оларды қолдануды бақылау;
- белгіленген шектермен (лимиттермен) салыстырғанда материалдық ресурстарды артық шығыстау немесе үнемдеу көлемі бойынша нақты ақпаратты мерзімінде алу;
- материалдық ресурстармен жабдықтаушы ұйымдардың арасында есеп айырысудың мерзімінде жүргізілуін және жолдағы тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау.
1. 2 Қорлардың жіктелуі мен бағалануы
Қорлар ұйымның айналым капиталының негізгі бөлігі болып табылады. Өндіріс үрдісінде бір-ақ рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын өндірістік қорлардың алатын орны өте зор. Сонымен қатар түрін өзгертіп, жаңа өнімнің материалдық негізін құрай отырып олар осы үрдісте толығымен тұтынылады. Тауарлық-материалдық қорлар баланста материалдар, дайын өнімдер, тауарлар және аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынандай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі және қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығыдар да жатады.
Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құныннан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Өндірістік қорларды жіктеу көптеген белгілері бойынша жүргізіледі. Жалпы жіктеу топтаудың біртектес белгілерін көрсетеді. Ең жалпы жіктеудің белгісі - ол материалдардың функционалдық рөлі бойынша жіктеу болып табылады, яғни негізгі өнідірістегі материалдар, аяқталмаған өндірісітегі материалдар және дайын өнім түріндегі материалдар. Материалдар кәсіпорынның қоймасында болады және шығысталуы бойынша өндіріс үрдісіннің үзіліссіз болуын қамтамасыз ету үшін жаңаларымен толықтырылып отырады, сонымен қатар материалдар өнім шығаратын кәсіпорындарда - өндіріс қорлары болып табылады. Аяқталмаған өндіріс - әр түрлі дайындау сатыларындағы қорларды айтады. Дайын өнім - сатып алушыларға сатуға, өткізуге арналған қорларды жатқызамыз және ол күнделікті тиеліп жіберіледі де оның орнына жаңасы келіп түсіп отырады, яғни тұтынушыларға жіберуге арналған.
Тауарлы-материалдық қорлар есебі ұйымдастырылуы бұл стандартта негізгі бағыттар анықталған, яғни:
- тауарлы-материалдық қорлардың өзгерісі;
- тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны мен оларды бағалау;
- шығындарды тану;
- қаржылық есеп берулерде ашып көрсету.
Қорларға төмендегілер жатқызылады:
а) өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтер атқаруға ар-налған шикізат қоры, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер, жанар май, өнім салатын ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар түріндегі активтер.
б) аяқталмаған өндіріс, жұмыстар мен қызметтер атқару;
в) субъектінің қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауар-лар;
Өндірістік қорларды есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндеттердің орындалуы шарт:
- босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау;
- босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және уақытында құжаттау;
- көлік дайындау шығындары (көлікті дайындау шығындары) мен дайын-далған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау;
- көлік-дайындау шығынын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау;
- сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы тұралы дәл мәліметтерді алу;
- олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
- өндіріске жұмсалу нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және олар-ды сату;
- өндірісте материалдарды пайдалануды жүйелі түрде бақылау;
- өндірістік қорлар бойынша субъектінің есеп саясатын қадағалау мен дұрыс құрылуын бақылау.
Өндіріс барысындағы функционалдық ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер-дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, жеілім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады. Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді. Өндіріс үрдісінде материалдар үш топқа бөлінеді және бөлек пайдаланылады:
1) толығымен тұтынылады - шикізат, материалдар;
2) нысанын өзгертеді - майлау материалдары, сырлар;
3) бұйымға өзгеріссіз кіреді - қосалқы бөлшектер, құрастырушы бұйымдар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz