Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама


МАЗМҰНЫ
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕЛЕУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Банктiк несие мәнi және жіктелімі
1. 2 Банктiк несиенiң функциялары және несие механизмінің
құрамдас элементтері
1. 3 Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама
2 ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстандағы несиелік нарықтың қазіргі жағдайы
2. 2 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын талдау
2. 3 Екінші деңгейлі банктерде жеке және заңды тұлғаларға берілетін несиелердің берілу тәртібі мен оларды талдау
2. 4 Шағын және орта бизнесті дамытуға берілетін несиелерді бағалау
3 ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
3. 1 Коммерциялық банктердің несиелік саясатын жетілдіру
3. 2 Несиелік мониторинг және проблемалық несиелермен банктердің жұмысын жетілдіру
3. 3 Банктік несиелеудің кезекті мәселелері мен даму перспективалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан банк жүйесі ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарда орын алатын халықаралық дейгейде танылып отырған банктік жүйе болып табылады. Экономикалық өсу банк жүйесінің тұрақтылығына оң әсерін тигізуде. Екінші деңгейдегі банктердің активтері күн санап өсіп отыр. Солардың ішінде экономиканың секторларына және халыққа берілген несиелер көлемі артуда. Қазіргі кезде бағасы қымбат несие банктің басты табыс көзіне айналуда.
Бір өкініштісі банктеріміз несие беру барысында клиенттердің төлем қабілеттігі мен несиелік қабілеттігіне аса мән бермейтіндігінде. Шын мәнісінде кейбір банктеріміз клиенттің табысының расталуын қажет етпейді. Оған клиент тарту маңызды болып отыр. Соның салдарынан соңғы кездері банктеріміздің несиелік портфелінің сапасы төмендегені де жасырын емес. Атап айтсақ, 2002 жылы банктердің несиелік порфтеліндегі стандартты несиелер үлесі 95%, күмәнді несиелер - 4, 3%, үмітсіз несиелер 0, 7% құраса, ал 2006 жылғы ҚР Ұлттық банктің деректерін сүйенсек стандарты несиелер 56%, күмәнді - 42%, үмітсіз - 2% құраған. Яғни стандартты несиелер үлесі төмендеп, керісінші күмәнді және үмітсіз несиелер үлесі артап отырғандығын көруге болды. Біздің ойымызша, осы үрдіс әрі қарай жалғаса беретін болса, көп банктердің банкротқа ұшырау қауіпі бар. Мұндағы басты мәселе тұтыну несиесіне тікелей қатысты болып отыр. Себебі банктердің несие беру барысында жіберген кемшіліктері, несиелерді қайтару нәтижелеріне теріс ықпал етіп отыр. Несиені беру оңай, қайтарып алу қиындығын ескерсек, ең бастысы мұнда тұтыну несиесін беруді ұйымдастыруға аса мән беру қажеттігі туындайды. Тұтыну несиесін беру процессін ұйымдастыруды дұрыс жолға қою арқылы ғана банктердің несиелік портфелінің сапасын жақсартып, нәтижесінде олардың табыстылығы мен өтімділігін арттаруға қол жеткізуге болады. Осы тұрғыдан алғанда таңдап алынған жұмыстың тақырыбы ең өзекті тақырыптардың біріне жатады.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты - нарық жағдайына сай коммерциялық банктердегі несие беру қызметіне талдау жасай отырып, ондағы орын алатын мәселелерді шешу жолдарын іздестіру болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- Банктік несиенің ұғымын және түрлерін нақтылау;
- Несиенің механизмін қарастыру;
- Коммерциялық банктердің несиелік операцияларына сипаттама жасау;
- Екінші дейгейдегі банктердің салалар бойынша несие беру қызметіне талдау жасау;
- Несиесін беруді дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісіне - ҚР екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметі мен олардың халықпен арадағы өзара қарым-қатынастары жатады.
Зерттеу жұмыстың теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несие беру қызметін ұйымдастыру және оның дамуы мәселелерін сипаттайтын еңбектері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің материалдары, сондай-ақ, несие беруді ұйымдастыру жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар т. с. с. пайдаланылды.
Құқықтық негізіне ҚР банктік қызмет туралы заңдары мен ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және АТФ банкінің әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады .
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиттерден және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, объектісі қарастырылған.
Бірінші бөлімде банктік несиесінің мәні, түрлері, жіктелімі мен функциялары, несиесінің механизмі, екінші деңгейлі банктердің несиелік операцияларының сипаттамасы берілген.
Екінші бөлімде ҚР екінші деңгейдегі банктер материалдары негізінде несие беру қызметіне талдау жасалған.
Үшінші бөлімде Қазақстанда несие беру қызметін дамыту жолдары қарастырылған.
Қорытындыда несие беру қызметін ұйымдастыруға байланысты ұсыныстар жасалған.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕЛЕУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Банктiк несие мәнi және жіктелімі
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмiлесiнiң формасы ретiнде құн қозғалысының үздiксiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесiнде мәмiленiң 2 түрi ажыратылады: қарыз мәмiлесi және алу-сату мәмiлесi. Несие қарыз мәмiлесi ретiнде тауар айналысының процесiне себепшi бола алады. Қарыз мәмiлесi тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмiлесiне қарсы қатып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкiн. Олардың арасындағы негiзгi айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезiнде эквиваленттiң қайтарылуы кейiнге қалдырылады. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал, эквивалент қайтарылуының кейiнге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмiлесiн сатып алу-сату мәмiлесiнiң бiр түрi деп ойлауға болмайды.
Айырбастың 2 контрагентiнiң бiрегей келiсiмi ретiнде алынған сатып алу-сату мәмiлесi олардың арасындағы кездейсоқ, өткiншi байланысты жүзеге асырады.
Несиенi экономикалық категория ретiнде қарыз мәселiсi негiзiнде көрiнетiн және дамитын өндiрiстiк қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәселесi несиесi экономикалық категория ретiнде өз бетiнше сипатталмайды, оны мәлiм негiзiнде пайда болатын өндiрiстiк байланыстар немесе жүзеге асыру формасы мәмiлесi болып табылатын өндiрiстiк қатынастар сипаттайды.
Несиенiң мәнiн ашу - бұл, несиенi экономикалық қатынастардың бiртұтас жүйенiң элементi ретiнде көрсететiн, оның мәндi анықтығын бiлдiретiн сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенiң мәнi және қажеттiлiгi туралы жоғырыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырайық.
Несиелiк мәмiледе қатынас субъектiлерi қарыз берушi және алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндiрiсi мен тауар айналысы негiзiнде жүредi.
Кредитор - несиелiк мәмiленiң қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшiн кредитордың қарамағында белгiлi бiр қаражаттар болуы керек. Оның көздерi өз қорлары, ресустары, өз кезегiнде қайтарымдық негiзiнде ұдайы өндiрiс процесiнiң басқа субъектiлерiнен алынған ресустар бола алады. Қазiргi уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншiгiндегi ресустар есебiнен ғана емес, оның шаттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебiнен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебiнен де бере алады.
Банктердiң құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүредi. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкiлi болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретiнде бола отырып, несиелеу үшiн шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресустарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбiр жағдайларда босаған ресустар болып табылатын құндылықтар да қарызға берiледi. Кредитор ретiнде басқа шаруашылық иесiне белгiлi бiр мерзiмге ресурс берушi тұлға болады. Қарыз алушы несиенi белгiленген мерзiмде қайтармаған жағдайда несиелiк келiсiмнiң ерiктiлiгi бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады.
Қарыз алушы-несиелiк қатынастың, несиенi алушы және алған қарызды қайтаруға мiндеттi жағы болып келедi. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiне жақын, бiрақ шамасы бiрдей түсiнiк емес. Борыш - мiндеттi жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсiнiк. Несиелiк мәмiлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелiк мәмiледе төмендегiдей ерекшелiктерге ие. Бiрiншiден, ол қарызға берiлетiн қаражаттардың меншiк иесi болып табылмайды, олардың уақытша ретiнде болады; өзiне тиiстi емес бөтен бiреудiң ресустармен жұмыс iстейдi. Екiншiден, қарыз алушы қарызға алынған ғаражаттарды айналыс сферасында да, өндiрiс сферасында да пайдаланылады. Үшiншiден, қарыз алушы өзiнiң шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткiлiктi түрде есеп айырусымен қоса қайтарымды толық өтеу үшiн ұдайы өндiрiс процесiн өркендете түсу керек. Төртiншiден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызында төлейдi. Бесiншiден, қарыз алушы өзiнiң кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелдi болады.
Кредитор мен қарыз алушы несиелiк қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерiнiң бiрлiгiн көрсетедi. Несиелiк қатынастар шеңберiнде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкiн: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Банк несиелерiн несиелеудiң мақсаттылығына, қарызданушылардың типiне және қызмет ету санасына байланысты бiрнеше топтарға жiктеуге болады.
Төменде әлемдiк тәжiрибеде банк несиелерiн жiктеудiң негiзгi критерийлерi ұсынылған:
- борышқорлар типiне байланысты;
- қолдану типiне байланысты;
- қамсыздандыру, сипатына қарай;
- қолдану жағдайларына байланысты;
- несиенi өтеу әдiстерiне байланысты;
- пайыздық мөлшерлеменiң сипатына қарай;
- пайызды төлеу әдiсiне қарай;
- несие валютасына қарай;
- несиелердiң санына қарай;
- несиенi өткiзу шарттарына қарай;
- несиелердiң объектiсiне қарай;
Жоғарыда келтiрiлген банк несиелерiнiң топтарын жекелеген сипаттарына қарай ашып қарастырайық.
1) Банк несиелерiн борышқорлардың типiне қарай жiктеу банк тәжiрибесiнде кеңiнен таралған. Банк несиелерiнiң осы түрлерiнiң әрқайсысына сипаттама берсек, сауда-өндiрiстiк кәсiпорындарға несиелер кәсiпорынның айналым және негiзгi капиталдарын толтыруға капиталды шығындарды жабу көзi ретiнде де қолдануы мүмкiн. Қысқа мерзiмдi несиелердi жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, сауда-жабдықтау, дайындау салаларындағы кәсiпорындар кеңiнен пайдаланылады.
Ипотекалық несиелер құрылыс фирмаларына құрылыс цикл процесiне аралық қаржыландыру нысаны ретiнде берiледi. Шетел тәжiрибесiне ипотекалық несиелер арнайы қаржы-несие ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi несие арқылы өтеледi.
Ипотекалық несие категориясына сонымен қатар жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлiк сатып алуға кепiлдiк бойынша ұсынылатын несиелер жатады.
Банктiк ипотекалық несиелердiң ерекшелiктерi келесiден көрiнедi:
- несие беруде салыстырмалы төмен тәуекелдiлiк, өйткенi бұл жылжымайтын мүлiкпен қамтамасыз етiлген.
- ұзақ мерзiмдi сипатқа ие.
- банк үшiн бұл несиелер тұрақты клиентураны қалыптастырады.
- банк өзiнiң несиелiк портфелiн диверсификациялауға мүмкiндiгi бар.
Ауылшаруашылық несиелерi ауылшаруашылығы кәсiпорынына мал және өсiмдiк шаруашылығына мерзiмдiк шығындарды қаржыландыруға ұсынылады, оның iшiнде тұқым дайындау, жұмысшы күшi және жанар-жағар май, жанұяны қамтамасыз етуге мал сатып алу, т. б. Ауылшаруашылық несиелерi салыстырмалы аз мөлшерде болып, егiнмен, ауылшаруашылығы техникасымен, малмен қамтамасыз етiледi.
Коммерциялық банктерге несиелер корреспонденттiк қатынастар шеңберiнде банктер арасындағы несие ресустарын қайта бөлу құралы ретiнде қызмет етедi.
Банк аралық несиелердi қолдану екi жағдаймен шартталады. Бiрiншiден, орталық банктегi коммерциялық банктердiң шоттарында қаражаттардың шамадан тыс артып кетуi орын алып жатады, бұл өз кезегiнде банк рентабельдiлiгiн төмендетедi. Екiшiден, коммерциялық банктердiң ұсынатын несиесiне сұраныстың артуы оларды банк-корреспонденттерден несие алуға итермелейдi.
Брокерлер мен диллерлерге несиелер талап ету шарттарына сол бағалы қағаздарды сатып алуға берiледi.
Банктер бағалы қағаздарға несие ұсына отырып, элементтiң қаржылық тұрақтылығына және кепiлдiктiң нарықтық құнына көз жеткiзу қажет. Акция және облигацияға несие ұсынушы банктер әрқашанда өз несиелерiнiң өндiрiстiк мақсатқа қолданылуына және жаңа акцияларды сатып алуға жұмсауы жөнiнде ақпаратпен қамтамасыз етiлiп отыруы керек.
Шетелдiк Үкiмет органдарына несиелер мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабуға, төлем балансын реттеуге және iрi масштабты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға берiледi.
Шетел банкiлерiне несиелер де iрi инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн ұсынылыды.
Билiк органдарына банктiк несиелер салықтық түсiмдер аралығында ақшаға уақытша қажеттiлiктердi жабуға байланысты берiледi.
Жеке тұлғаларға банктік несиелер тұтыну несиелерi нысанында берiледi. Мұндай несиелер ұзақ мерзiмдi қолдануға тауарлар сатып алу үшiн қолданылады.
Тұтыну несиелерi соңғы тұтынушы - жеке тұлғалардың қарыздық қаражаттарға қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға ұсынылады, сондықтан бұл несие тұрғындардың өмiр сүру деңгейiн жоғарылатумен тығыз байланысты.
2) Қолдану мерзiмiне байланысты банктiк несиелер әдетте 4 түрге бөлiнедi
- қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн
- орта мерзiмдi - 1-3 жыл
- ұзақ мерзiмдi - 3 жылдан жоғары
- талап етуге шейiнгi несиелер
Мерзiмсiз несиелердi онкальды деп атап анықталмаған мерзiмге, яғни талап етiлгенге шейiн ұсынады. Мұндай несиелердi борышқор банктiң алғашқы талабында өтеуi керек. Егер банк талап ету шараларын жүзеге асырмаса, несие борышқордың өз қызығушылығына байланысты қайтарылады.
3) Қамсыздандыру сипатына қарай банктiк несиелердi қамсыздандырылған және қамсыздандырылмаған сияқты түрлерге ажыратады.
Банктiк несиелердi мыналар қамсыздандыруы мүмкiн:
- мүлiктiк кепiлдiк
- кепiлдемелер мен кепiлгерлiк. (поручительство)
- банктiң пайдасына борышқордың үшiншi тұлғаға ұсынған дебиторлық шоттарының, талаптарының, келiсiмдерiнiң көшуi.
- өтелмеген несиелер үшiн борышқордың жауапкершiлiгiн сақтандырушы келiсiм-шарттар
- жол және тауар құжаттарымен, бағалы қағаздармен қамсыздандыру
- вексельмен қамсыздандыру
- өмiрдi сақтандыру калитерiмен қамсыздандыру.
Келтiрiлген қамсыздандыру түрлерiне сипаттама бере кетейiк.
Мүлiктiк кепiлдiктер. Қазақстанда кепiлдiк қатынастар ҚР-ның Азаматтық кодексi және ҚР Президентiнiң заң күшi бар «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» жарғысына сай реттеледi. Кепiлдiк банкке несие өтелмейiнше мүлiктi иелену құқығын бередi. Несие өтелмеген жағдайда банк келiсiмге және заңға сәйкес мүлiктi өз қажеттiлiгiне жарата алады. Кепiлдiк объектiсі болып тауарлы-материалдық құндылықтар, жылжымалы мүлiк, жылжымайтын мүлiк, қымбат талдар мен металдар, егiн, т. б. табылады.
Кепiлдемелер мен кепiлгерлiк. Отандық банктiк тәжiрибеде кепiлдеме мен кепiлгерлiк арасында айырмашылық мынада: егер кепiлдеме заңды тұлғаның мiндеттемесi болса, кепiлгерлiк - банк алдындағы жеке тұлғаның несиенi өтеуi жөнiндегi мiндеттемесi болып табылады.
Кепiлдемелер мен кепiлгерлiктер борышқорлар арқылы жазбаша түрiнде берiлiп, нотариуспен куәландырылуы тиiс, бұл жағдайда банк борышқордың әл-ауқат жағдайын, сенiмдiлiгiн, абыройына мән бередi.
Боршқордың үшiншi тұлғаға ұсынған дебиторлық шоттарының, талап, келiсiмдерiнiң банк пайдасына көшуi.
Борышқор алдындағы басқа үшiншi тұлғаның міндеттемесi банкке өзiнiң несиесiн жабу құрамы ретiнде барiлуi мүмкiн.
Өтелмеген несиелер үшiн борышқордың жауапкершiлiгiн сақтандырушы келiсiм-шарттар несие беру кезiнде мiндеттемелердi қамсыздандырушы ретiнде қызмет етуi мүмкiн. Бұл жағдайда 2 iс-әрекет жасалады:
- банк борышқордан несиенi өтемеген жағдайындағы жауапкершiлiгiн сақтандыруды куәландыратын сақтандыру компанияларының басқа да құжаттарды талап етедi.
- банк несие бергеннен кейiн осы соманы сақтандыру компаниясында өз алдына сақтандырып, барлық шығындарды борышқорға аударады.
Жол және тауар құжаттарымен, бағалы қағаздармен қамсыздандыру. Несиенi қамсыздандырушы ретiнде тауар тиелiмiн растайтын жол және тауар құжаттары бола алады. Оларға коносаменттер мен накладной-жүк құжаттары жатады.
Вексельмен қамсыздандыру. Банктiк несиелердi вексельмен қамсыздандыру 2 түрде болады: вексельдер есебi-есептiк, дисконттық және қысқа мерзiмдi сипатқа ие банк несилерiн ұсыну нысаны. Вексельдiк кепiлдiкке несиелер кепiлдiктiң 80%-ы мөлшерiнде берiледi. Несие өтелмеген жағдайда вексель банк иелiгiне көшедi.
Өмiрдi сақтандыру полисiмен қамсыздандыру. Дамыған нарықтық қорғанысы бар елдерде банктер несиенi қамсыздандыруға өмiрдi сақтандыру полистерiн қабылдай бередi.
4) Қолдану жағдайларына байланысты банк несиелерi бiр жылғы және қайта жаңартылатын болып келедi.
Бiр жылғы несие жағдайында несие беру өз бетiнше, және басқа несие операцияларынан заңды оқшауланған түрде жүзеге асырылады. Қайта жаңартылатын несие жағдайында банк пен борышқор арасында ұзақ мерзiмде қатынаста берiлiп, несие шегi енлгiзiлiп, ортақ уақыты көрсетiледi.
5) Несиенi өтеу әдiсiне қарай мынадай түрлерi ажыратылады:
- Пропорцияналды өтелетiн несиелер, яғни несие негiзгi қарыздың бөлшектерiне сай белгiлi мерзiм бойында өтелiп отырады.
- Прогрессивтi әдiс. Бұл жағдайда несие өтеу сомасы өсiп отырады.
- Бiр уақытта өтелетiн несиелер, яғни несие бiр мерзiмде өтеледi.
6) Пайыздық мөлшерлеменiң сипатына қарай банктiк несиелердiң екi түрi ажыратылады.
- тұрақты пайыздық ставкалы несие
- қалқымалы пайыздық ставкалы несие
Тұрақты пайыздық ставка несиелеудiң мерзiмi бойына өзгерiсiз қалады. Банктер пайда алу тәуекелдiлiгiнiң төмендеуiне байланысты қалқымалы % ставка қолданылады.
7) Пайызды төлеу әдiсiне қарай банктiк несиелер:
- қарапайым несие
- дисконтты несие болып бөлiнедi.
Қарапайым несиелерге қарағанда дисконттық несиелердiң мынадай түрлерi бар:
- бiр банк арқылы ұсынатын несие синдикатталған (консорциалды) несиелер
- параллельдi несиелер
Қазiр де бiр банк арқылы ұсынылатын несиелер кең таралған. Алайда кейде несие беруде бiрнеше банктердiң қосылуы қажет болады. Бұл жағдайда арасында бiр банк мэнеджер, яғни бастаушы банк болады. Параллельдi несиелер екi банктен көп банктер арқылы берiледi. Консорциалды несилерге қарағанда параллельдi несиелердi ұсынушы банктер әрқайсысы өз бетiнше жұмыс iстейдi, тек келiсiм орындалғаннан соң ортақ шоттарға сай несие келiсiм-шарты құрылады.
Несиенi өткiзу шарттарына сәйкес:
- қолма-қол несиелер (борышқордың шотына аударылады)
- акцептiлiк несиелер (банк траттаны акцептiлеуге келiседi)
Несиелеудiң обьектiлігiне байланысты:
- Айналым қорларына шығындарды жабу
- Негiзгi қорларға шығындарды жабу
- Сыртқы экономикалық қызметке шығындарды жабу.
1. 2 Банктiк несиенiң функциялары және несие механизмінің құрылымдық элементтірі
Кәсiпорындарды, фирмаларды, мекемелер мен тұрғындарды несиемен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, несие жүйесiнiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында ерекше маңызды орын алады. Несие механизмi қызмет етуiнiң үздiксiздiгi мен тиiмдiлiгiнен тек жеке шаруашылық бiрлiктерiнен қаражаттарды дер кезiнде алуды ғана емес, сонымен қатар толығымен мемлекеттiң экономикалық даму типтерi де тәуелдi болады.
Несиенiң мәнi нақты функцияларда көрiнедi. Қазiргi экономикалық әдебиеттерде несиенiң 2 функциясын ажыратады. Олар құнды қайта бөлу мен нақты ақшаны несиелiк операциялармен алмастыру.
Қайта бөлу функциясы. Кредитор мен борышқор арасындағы несиелiк қатынастар құн айырбасы процесiнде уақытша босаған қаражатты борышқорға берумен, сосын осы құн бастапқы иесiне қайтарылу жолымен қайта бөлу стадиясында пайда болады.
Шаруашылық субъектiлерi мен азаматтардың уақытша босаған ресурстарын басқаларға уақытша қолдануға беру, құнды қайта бөлу процесiн бiлдiредi. Бұл процесс несие арқылы жүзеге асырылады. Оған осы қайта бөлу функциясы жатады.
Қайта бөлу салалық және территориялық белгiлерi бойынша жүруi мүмкiн. Несие арқылы құнды қайта бөлу микро және макроэкономикалық деңгейде жалпы iшкi өнiм мен ұлттық табыс қайта бөлiнедi.
Несиенiң екiншi функциясы нақты ақшаларды несиелiк операциялармен алмастыру болып табылады. Бұған «қолма-қол ақша» сөзi келедi. Себебi айналымда құны жоқ ақша белгiлерi жүредi. Сондықтан «нақты ақша» болып табылмайтын, тек оларды алмастыратын ақша бiрлiктерi болып табылады.
Бiздiң көз қарасымыз бойынша тек көрсетiлген осыдан басқа несие келесi қосымша 2 функция атқарады: капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату және бақылау.
Капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату функциясы. Несиелiк механизм қосымша құнның капиталға айналу процесiне ықпал тигiзедi және жеке жинақтау шекарасын кеңейтедi. Өндiрiс масштабының үлкеюi үшiн жеке шаруашылық субъектiлерiнiң қаражаттары жеткiлiксiз, сондықтан қосымша құнның бөлiктерi ағылып несиелiк мекемелерде жинақталады және мәндi көлемге жеткеннен кейiн ұдайы өндiрiстi кеңейту процесiне белсендi әсер етедi. Несие капиталының орталықтануында маңызды роль атқарады. Ол жеке кәсiпорындардың меншiктiң ұжымдық формасына айналуына ықпал тигiзедi.
Бақылау функциясы. Оның мазмұны өзiне алған мiндеттi уақытында орындалуды болдырмауға бағытталған борышқордың қаржылық жағдайын бақылауға сәйкестендiрiледi. Сондықтан несиелiк процесс уақытында несиелеудiң барлық принциптерiнiң сақталуы бақыланады. Сол арқылы кредиторға қарызды беру туралы және несиелеудiң тәртiбiн қатаңдату туралы немесе қарызды уақытынан бұрын қайтаруды талап ету туралы шешiмдi қабылдай алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz