Қалалардағы экологиялық жағдайды ұзақ мерзімге болжау
Жоспар
КІРІСПЕ
І. ТАРАУ
ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ.
1.1 Қалалардағы экологиялық жағдайды ұзақ мерзімге болжау
1.2 Қалалардағы экологиялық шараларды бірінші
кезекте жүргізуді анықтау принциптері
1.3 Қалардағы ауа бассейнінің негізгі ластағыш көздер
ІІ. ТАРАУ
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН САЛУ КЕЗІНДЕГІ КЕШЕНДІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СҰРАҚТАРДЫ
ШЕШУ.
2.1 Экологиялық таза нысандарды салу пайдаланылатын
құрылыс материалдарына қысқаша шолу
2.2 Құрылыстың қоршаған ортаға тигізетін әсерінің процессі
ІІІ. ТАРАУ
ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДЫ БӨЛІМ.
3.1. Құрылыс жұмыстары кезінде сваркалық жұмыстардың әсерінен
атмосфераға шығарылатын ластағыш заттар есебін анықтау
әдісі
3.2. Сваркілеу процесі кезінде ауа бассейніне шығарылатын
ластағыш заттардың есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан
жылға шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі
мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған
себеп болып отыр. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану
бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі
көбейіп келеді. Пайдалы кендер қорының жақын арада таусылу,
өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің толықтай жоғалуы
қоршаған ортаның шектен тыс ластану қауіпі төнді. Өнеркәсібі
дамыған бір қатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, енді
адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Табиғатты өзгерту, байлықтарын пайдалану қазір өзінің шегіне
жеткенген ұқсайды. Мұны елемей қоршаған ортаны осы қарқынмен тонай
берсек, табиғат өздігінен қалпына келу мүмкіншілігінен айырылып, жер
бетіндегі тіршілікке үлкен қауіп төнеді.
Солардың бірі құрылыс жұмыстары және оларда пайдаланылатын
құрылыс материалдары. Олар ең алдымен табиғи ресурстарды құртады.
Қазіргі заманды әр материалға мемлекеттік стандарт талаптары
қойылады. Бұл да аз болсады қоршаған ортаға зиянды ластағыш
заттарды шығарудың шектеуі.
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі республикамыздың экономикалық
әлеуетіне байланысты орасан зор саланы көрсетеді. Материалдарға жұмсалатын
шығындар құрылыс-құрастыру жұмыстарының жалпы құнының жартысынан
астамын құрайды. Құрылыс материалдарының өндірісі толып жатңан
шикізаттар шығарумен және өндірумен байланысты. Құрылыс кешенінде күн
сайын жаңа технологиялар, материалдар мен бұйымдар пайда болады, олар
Қазақстан Республикасы Стандартымен (ҚР СТ) және Мемлекетаралық
Стандарттардың (МСТ) талаптарын қанағаттандыруы керек.
Мемлекетіміздің экономикасын өркендетудің бағдарламасын жедел
іске асыру, материалдың өндірістің барлық саласының дамуы, халық
шаруашылығының белгілі нәтижеге жетуі күрделі құрылыстың да қарқыны
мен саласына байланысты.
Қазіргі кезде елімізде көптеген мемлекеттің әр түрлі кәсіпорындарының
салынуына қүрылысшылардың қо-сып отырған үлесі зор. Құрылысқа
республикамызда жыл сайын өте мол қаржы жұмсалып келеді. Бұл
қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрылымын одан әрі
жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып, игеру керек.
Құрылыс мерзімін елеулі түрде қысқартып, құнын кеміту – құрылысшылар
алдына қойып отырған маңызды міндет.
Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу үшін күрделі қаржыны, шикізат және
еңбек шығындарын азайту, индустрияландыру дәрежесін арттыру, құрылысты
жоспарлау мен ұйымдастыруды жаңсарту, құрылыс өндірісі технологиясын
жетілдіру қажет.
Аталған талаптарды іске асыруда құрылыс мамандарын әзірлейтін
оңу орындарының үлесі мол. Бүгінгі күнде оқу орындарының алдына қойылған
жауапты міндет – білікті мамандар даярлау. Қазіргі кезде барлық оқу
орындары жаңа, сапалы оқу жоспарлары мен бағдарлама арқылы мамандар
дайындау жолына көшуде.
Жалпы дипломдық жұмысымның тақырыбы Құрылыс жұмыстарының қала
экологиясына әсері. Жұмысымның мақсаты мен міндеті:
Мақсаты: Құрылыс материалдарының қоршаған ортаға тигізетін әсерін
анықтау.
Міндеті: Құрылыс кезінде ауаға бөлінетін зиянды заттардың
концентрациясын анықтау.
І. ТАРАУ. ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ.
1.1. Қалалардағы экологиялық жағдайды ұзақ мерзімге болжау
Жоғарыда аталған экологиялық жағдайларды жәре оларды үзақ мерзімге
болжаудағы өзгерістерді, сондай-ақ алуан түрлі экономикалық, әлеуметтік
және эколорія-лық зардаптарды талдау — аймақты экономикалық және
әлеуметтік дамытудың ұзақ мерзімдік маңызды жоспарлау элементі болып
саналады. Мұндай болжаудың бол-мауы көптеген қолайсызужағдайға үшыратып,
аймақтық дамуды.күрт баяулатады. Керісінше, аймақтағы эколо-гйялық жағдайды
ұзақ мерзімге сапалы, әрі жан-жақты ^болжау оны дамытуға бөлінетін күрделі
қаржының тиім-ділігін елеулі арттыруы мүмкін.
Қазіргі ғылыми-техникалық революция дәуірінде табиғи орта
сапасы маңызды технологиялық ресурсқа айналып, оның ролі үнемі артып
отырғандықтан (ал басқаларының — энергетикалық, еңбек, транспорт,
ресурста{ыШЙң ролі кеміп отырғанда) орта сапасын болжау жедгіКМ+і,
аймақтық, жалпы мемлекеттік жоспарлаудың ІсакщсІңызды алғы шарты болып
саналады.
Антропогендік өзгерген жүйелерде, ал бұған қаланы қоршаған орта
жатады, тек экожүйенің ішкі даму заңды-лықтарын талдау негізінде болжау
мүлде жеткіліксіз. Мұнда тікелей экологиялық болжау, сол аймақтағы эко-
ііогиялық жағдайды қалыптастыратын бірқатар жетекші экономикалық,
әлеуметтік, технологиялық факторлардың болжау динамикасымен толықтырылуы
тиіс. Нақты ай-мақтағы экологиялық жағдайды болжау үшін өиеркәсіп
'Фндірісінің, транспорттың, құрылцстың, ауыл шаруашы-.лығы өндірісінің және
сол территориядағы демография-лык жағдайдың өсу болжамын алу қажет. Сонымен
коса, экологиялық болжаудың өзі сол аймақтағы әлеуметтік-экономикалық,
технологиялық дамудың алғы шарты болып ^аналады.
Былайша айтқанда — экологиялық болжаусыз біз ай-мақты жан-жақты
дамытуды жоспарлай алмаймыз, ал мұндай дамудың келешегін білмей тұрып біз
мұндай бол-жауды бере алмаймыз.
Жоғарыда аталғандарды қарастыра келгенде, эколо-гиялық болжам
екІчфазадан тұрады: пассивті болжам — қоршаған ортаның қорғау саласының
мақсатты қызмЪтін •ескеруге негізделген. Мұндайда болжаудың активті фаза-
сының нәтижесі, оның пассивті фазасының нәтйжесін тү-зететіндіктен,
экологиялық жағдайды ұзақ мерзімге бол-жаудың циклдік, өздігінен түзететін
формалары бо-лады.
Бұл ерекшелік экологиялық болжаудың жалпы қағи-дасының ерекшеліктерін
айқындайды. Іс жүзіне келгенде, иеархиялық сипаттағы кез келген болжіаудың
белгілі бір бағыты, кезектілігі болады. Мәселен, жергілікті, жекелей
болжамнан, біршама жалпылама, әлемдік болжамға дейін, немесе керісінше.
Экологиялық болжамның міндетті т.үрде көп векторлы сипаты болуы тиіс. Оның
үстіне мұ-ның басталу нүктесі шеткі иеархиялық деңгейдің (мөлтек жёргілікті
немесе әлемдік) жүйелері немесе процес-тері емес, осы иерархиялық қатардың
ортасындағы жүйе-лёр, процестер болуы тиіс. Біздің жағдайымызда эколо-
гиялық болжамның осындай орталығы, басталу нүктесГ аймақтық деңгейдегі
экологиялық жағдайды талдау және болжау болып саналады, өйткені тек осы
арада ғана эко-логиялық жағдайды қалыптастыратын әлемдік және жер-гілікті
факторлар өзара әрекеттеседі, инвариантты эко-логиялық жағдайлар
айқындалады, шаруашылық қыз-метінің алуан түрінің табиғатқа тигізетін
ықпалының нәтижесі жинақталады.
Экологиялық болжаудың жоғарыда аталған ерекше-ліктерімен қатар,
экологиялық болжаудың жетекші ме-тодологнялық принциптерін де айқындау
қажет. Соның ішінде айрықша маңыздысы — болжаудың көп вариант-тылығы.
Осыған орай экологиялық жағдайдың өзгеруі мүмкін болатын бірнеше сценарийін
жасауға тура келеді. Мұндай варианттардың саны үштен кем болмауы тиіс,
соның екеуі экологиялық қызметтің минимум және макси-мум шамасын
сипаттайды.
Айрықша маңыздысы — экологиялық жағдайдыц өз-геруінің инерциондық
процестерін және экологиялық ша-раларды жүргізудің уақытша тиімділігін
есептеу, сондай-ақ осы процестерде сапалық өзгерістің болатындығын
анықтау.
Экологиялық болжаудың басты принциптеріне — бол-жам варианттарын
сұрыптаудың көп критерийлік прин-ципін, сондай-ақ ғылыми-техникалық
революция жетіс-тіктеріне сәйкес болжамға үнемі түзету енгізіп отыруға тура
келетіндігін атап кәрсетуге болады. Экологиялық жағдайдың кез келген нақты
болжамы факторларды тал-даудан басталады. Мұның өзі факторлардың екі
тобыньщ әсерінен пайда болады.
Бірінші топқа әрбір қалаға тән жәнеде солардың гео-графиялық орналасу,
климат ерекшеліктеріне, қалалық территорияның және қаламаңындағы
ландшафтыға, су және жел режиміне, топырақ түріне, қаланы жоспарлау
ерекшелігіне б-айланысты құралатын факторлар жа-тады.
Бұл топтағы факторлар жоғары консервативтілігімен ерекшёленіп, олардың
әрқайсысы ұзақ уақыт бойы өзге-ріссіз қалады. Сонымен, ірі қалаларда
экологиялық жағдайдың өзгеруін талдаған кезде, олар инвариант рётінде
бағаланады.
Екінші топқа қала мен қала маңындағы аймақ терри-ториясындағы
өнеркәсіп өндірісінің, транспорт пен қүры-лыетың нәтижесінде қалыптасатын
экологиялық жағдай-лар факторларынан құралады. Бұл топтағы факторлар өте
өзгермелі. Дегенмен олардың арасында да әрбір қа-ланың ерекшеліктеріне
қарай консервативтік элементтер, арнайы элементтер бар, атап айтқанда:
шикізат базасы-ның ерекшеліктері, өнеркәсіп өндірісінің дәстүрі т. б., бі-
рақ тұтастай алғанда бұл факторлар өзгеше емес, әрі олардың өзгеру сипаты
еліміздің барлық ірі қалаларына тән.
Сонымен, ірі қалалардағы экологиялық жағдайдың езгеру дәстүрін
талдауды, барлық қалаларға ортақ бо-Лып саналатын екінші топтағы
факторлардың әрекетін, ал содан кейін сол қалаға тән факторларды ескере оты-
рып жүргізу қажет.
Экологиялық жағдайдың қалыптасу дзстүрі сол эко-логиялық жағдайдың
ұзақ мерзімдік болжамының езгеруі, сондай-ақ осы өзгерістердің
өнеркәсіптІң, құры-лыстың даму ерекшеліктеріне, сол қаладағы табиғи
объектілер мен тұрғын халықтардың күйіне әсер ететін әлеуметтік-
экономикалық зардабынан туындайтын бол-жамдарға негізделіп анықталуы тиіс^.
Аймақтағы экологиялық жағдайды болжаудың басты қиындығы мынада:
экологиялық жағдайды айқындайтын факторлардың өте көптігі және
өзгергіштігінің алуан түрлілігі, болашақтың көрінісін толық, әрі дәл
ескертудің ете күрделілігі. Сондықтанда экологиялық жағдайды болжау бірнеше
кезеңде жүзеге асырылып, мұнда пассив-ті және ақтивті болжамдар болуы тиіс.
Пассивті болжаудың бірінші кезеңіңде экологиялық жағдайдың өзгеруінің
басты бағыты, сондай-ақ басты шектеуші факторлар айқындалуы тиіс. Бұл
кезеңде бі-рін-бірі толықтыратын екі тәсілді пайдалануға болады: есептік
және экологобиологиялық.
Есептік тәсілдің мәні мынада: қазіргі кезде қаладағы ауаны, суды және
топырақты ластайтын алуан түрлі зат-тардың жылдық орташа концентравдясы
өңеркәсіп орын-дары мен транспорт шығаратын жалпы қоқысқа сәйкес келеді,
осыған орай әрбір қалада шығатын қоқыс көле-мінің коэффициенті және әрбір
заттың концентрациясы айқындалады.
Әрі қарай шыққан қоқыс көлемінің өзгерісін болжау арқылы (мұның өзі
өнеркәсіп өндірісі мен транспорттьщ даму қарқыны бойынша есептеліп, одан
қазіргі тазарту қондырғылары ұстап қалатын заттар үлесі алынып тас-
талынады), әрбір заттың болжамды концентрациясьг анықталады. Осы аталған
болжамда тұтынылатын шикі-заттың құрылымы мен сапасы, сондай-ақ технология
өзгеріссіз деп саналуы тиіс. Өндіріс технологиясы-ның және тазартудың
жетілдірілуі тек активті болжамда еекеріледі.
Эколого-биологиялық тәсілде қаланың және қала маңындағы аймақтың
егілген жас ағаштарының күйіне жан-жақты талдау жасалады. Бұл тәсілде
ағаштардың жыл-' дақ.сақиналануы пайдаланылып, сол арқылы өсіп-жеті-луі
тексеріледі. Мұндай зерттеу жұмыстарында бірқатар факторлар, мәселен,
топырақтың тапталуы, оның хлорид-термен ластануы, ағаш тамырларының
инженерлік кұ-рылыстармен және жер асты коммуникацияларымен бү-ліну қаупі
ескеріледі. Бұл фактор осы тәсілді пайдалану-ды қиындата түседі, алайда
бірқатар жағдайда онық көптеген артыкшылығы бар. Ол артықшылықтар мынада:
ағаштардың жылдық сақинасына анализ жүргізу, оньщ бүкіл тіршілік кезеңінде—
100—150 жылға болжам жа-еауға мүмкіндік береді.
Болжаудың пассивті фазасында ортаны ластайтын не-гізгі көздерге күні
бұрын және тікелей болжам жасауға болады. Мәселен, бұған автомобиль
транспорты жатады. Бұл тәсілдің мәні мынада: қала ауасына автотранспорт-тан
щығатын лас заттар концентрациясының орташа деңгейі транспорттың
тығыздығына, олардың магистрал-дардағы орташа жылдамдығына қарай есептеу
тәсілімен өлшенеді.
Болжаудың пассивті фазасын жүзеге асыру үшін мы-надай деректер қажет:
судағы, ауадағы және топырақтағы .әр түрлі ластай-тын заттардың
концентрациясымең ернектелетін қорша-ған орта мониторингінің деректері.
Мұнда негізгі дерек-тер ПДК норматаві болуы тиіс;
атмосфера мен су бассейнін ластайтын негізгі заттар
көлемі.4(өрсеткіштер"орташа тәуліктік есептеумен бері-луі тиіс;
салынған және салңньш жатқан тазарту қондырғыла-рының орташа тәулікпен
есептелген қуаты;
фнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтардың жылына орта есеппен жан
басына шаққанда көлемі;
жасыл көшеттер мен рекрациялық аймақтың жан ба-сығфесе.птелген көлемі;
автомобиль паркінің аумағы (бірлік өлшемімен), ойың қүрылымы
(0-0) көрсетілген орташа тәуліктік есебі;
айналымдағы су көлемі көрсетілген тұтынылатын су көлемі, м3;
аймақ территориясында пайдаланылатын тыңайтқыш-1 тар мен улы
химикаттардың жылдық көлемі.
Сонымен қоса, пассивті болжамды қалыптастыру ба-рысында қала, аймақ
территориясында арнайы ғылыми з^рттеу жүргізу, соның ішінде жасыл көшеттің
жылдық өс#ін талдау қажет. Аталған зерттеулер қоршаған орта-мііас з&ттардың
таралуының аймақтық ерекшеліктерін бі^ үшін керек болады. Экологиялық
карталау (картаға түсіру) тәсіліне негізделген пассивті болжам қаланың әр-
түрлі ауданындағы экологиялық жағдайдың негізгі өзге-ру бйғыттарын
айқындайды. Демек; пассивті болжам активті болжамның маңызды алғьі шарты
болып саналады, өйткені тек сол арқылы ғаңа экологиялык жағдайдың өзгеруіне
қарай экология-лщ шараларды жүргізудін басты бағыттары анықталуы тйіс. Бұл
деректер сонымен коса, қаланың бас жоспарын жасаудың негізі болып, каланың
әр түрлі ауданындағьг зкрлогиялық жағдайдың территориялық айырмашылық-тарьш
ескере отырып, өнеркәсіп және тұрғын үй кұры-лйетарыньщ жоспарына елеулі
өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді.
Экологиялық жағдайды активті болжаудың бірініііі сатьісында гіассивті
болжамда айқындалған бағыттарға түзету енгізіледі. Түзетуді қазіргі
жүргізілген шаралар-дың бүкіл жиынтығын ескере отырып, сондай-ак қаланьг
коршаған ортаны жақсартудың қолданылып отырған тәсілдерін ескере отырып
жүргізеді. Демек, активті бол-жаудьшбірінші сатысында эко'логиялық
жағдайдың нақ-ты болжамыкың өзгерісі айқындалады, бірақ ғылыми-техникалық
жетістік ескерілмейді. Активті болжаудый, екінші сатысында ғылыми-техни--
калый; жетістік, оның үстіне өнеркәсіп және тұрмыс кал-дықтарын тазарту мен
іске жарату тәсілдерін жетілдіру саласврда, сондай-аіоФйеіЙ&еііг
өндірісінің технология-сын жетілдіру де '(Ка^дығБі-азжәнёкалдыксыз
технологияны, транспортты, қүфъілыстьг енгізу, қаланы жоспар-лауды-
^аксарту), қоршаған'{Ьртаға тікелей немесе }кана-ма ьіқ*№ал ететін басқа да
іііаралар ескер^ілуі тиіс.
Экологиялық жағдайды талдау негізінде және қала-дағы өнеркәсіптің,
транспорттың, құрылыстың даму пёрс-тіективасын, сондай-ақ активті болжау
сатысында ғылы-ми-техникалық прогрестің мүмкіндігін ескере отырып,
экологиялық жағдайдың өзгеруінің жиынтық болжамын 20—25 жылға жасаған жөн.
Болжауды жекелеген салалар шебінде, сала аралық және территориялық
деңгейде жүйелі түрде жүргізіп, мұндайда бірқатар болжамдар жасалуы тиіс:
алдын ала болжаудың сала болжамының динамикасына қосқан үлесі; жекелеген
өндіріс технологиясының өзгеру болжамы; өндіріс қалдықтарын тазарту және
іске жарату техноло гиясын жетілдіру болжамы; әлеуметтік-экономикалық
талаптардың орта , элементтерінің сапасына өзгерісінің болжамы; табиғи
жүйелерге және адам организміне лас заттардың жиналу болжамы; сондай-ақ
барлық экологиялық қолайсыз ықпалдың жиналуының болжамьг. Мұндайда мынаны
ескеру қажет: белгілі бір ластайтын заттардың (тікелей, сондай-ақ
өндірістік) қауіп-қатері туралы біздің біліміміздегі өзгерістер, бірінші
және екінші шикізат ресурстары, олардың толық пайдаланылуы және іске
жаратылуы, сондай-ақ табиғат қорғау шараларына
қалдықсыз және қалдығы шамалы технологияларды енгізу есебінен бұл аталған
болжамдар елеулі түрде түзетілуі, өзгертілуі мүмкін.
Экологиялық жағдайдың жоғарыда аталған жңыятйк -болжамының және оны
қалыптастыратын факторлардың негізінде экологиялық шараларды жоспарлаудың
ұзақ мерзімдік стратегиясы белгіленіп, соның барысында та-биғат қорғау
қызметінің басты бағыты белгіленуі теіс.
1.2. Қалалардағы экологиялық шараларды бірінші
кезекте жүргізуді анықтау принциптері
Кез келген әлеуметтік-экономикалық процестерді бас-қаруда және
жоспарлауда бірінші кезектегі шаралардьі анықтау аса маңызды элемент болвш
саналады. Эколо-тиялық шараларды бірінші кезекте анықтау алдын ала зерттеу
жұмыстарын жүргізуге байланысты, ал бұған жататындар:
• қаладағы қалыптасқан экологиялық жағдайларға мұ-қият талдау жасап, бүкіл
ластану көздерін тіркеу;
• тұрақты ластанатын аймақты аныктау (күндізгі және түнгі халық тығыздығы,
ерекше көңіл бөлетін объекті-лердің, мәселен балалар және емдеу
мекемелері, демалыс алаңы, тарихи-мәдени ескерткіштер және ерекше
қамқорлыққа алынатын басқа да объктілердің болуы).
Мұндай талдау жұмыстарын қаланы экологиялық карталау (картаға тусіру)
барысында жүргізген жөн. Салалық деңгейде экологиялық шараларды бірінші
кезекте анықтаудың басты негізі қоқыстың шектеулі төгь лу нормативі болып
саанлады. Қазіргі кеаде бұл жүйе әр түрлі өндіріс үшін жасалуда және
таяудағы жылдарда ка-зіргі қолданылып жүрген қокыстың төгілуінің келісілген
уақытша жүйесін алмастыруы !тиіс. Қоқыстын шектеулі төғілу жүйесі әлі де
жетілдіру сатысында болғанымен,, ластайтын көздер орналасқан территорияның
ерекшеліқ-тері ескерілген тиісті толықтырулар мен түзетулер енгіз-бей
түрып, оны толық мәнінде деуге болмайды.
Мәселе мынада: әрбір кәсіпорында қоқыстың шектеу-лі төгілуі әрбір сала
бойынша ойластырылады, әрі осыған сәйкес сол кәсіпорынның техникалық дамуы
мен мате-рналдық мүмкіндігіне сипаттама беріледі. Сонымен қосау ірі.
қалаларда ластау көздерінің көптеп шоғырлануы, оның үстіне бұл қоқыстардың
қала территориясына біркелкі орналаспауы қоршаған ортаға әр түрлі компо-
ненттердің жиналуына әкеп соғады. Сондықтан қоқыстың шектеулі төгілуін тек
сала бойынша ғана емес, террито-рия бойынша да іздестіру кажет.
Белгілі бір экологиялық проблемаларды шешу үшін бірқатар жиынтық шараларды
ойластыруға тура келеді. Ол үшін мынадай принциптерді орындау қажет:
• экологиялық шараларды жоспарлаған кезде ең жаңа технологиялық шешімдерді
пайдалану және техникалық тұрғыда артта қалған жүйені түгелдей алып
тастау;
• проблеманың бірнеше балама шешімдерін ойласты-рып, кейіннен оларға
техникалық-экономикалық экспертиза жүргізу;
• жекелеген шаралардың уақытша бірізділігін және кұрылымдық өзара
байланысын бұлжытпай орындау, осыған сәйкес әрбір жекелеген шаралар
уақыты және ара қашықтығы жөнінен бір-біріне тығыз байланысты болуы
тиіс,
Экологиялық шараларды жүргізудің тиімділігін баға-лаудың бірінші
кезеңінде қала территориясын әлеуметтіқ-экологиялық карталау методикасын
пайдаланған тиім-ді. Мұның өзі территорияны ластану тығыздығына қарай
жіктеуге мүмкіндік береді. Өмір сүріп отырған экология-лық жағдайды талдау
және соның нәтижесінде әкімші-лік аудандарды ауа бассейнінің ластану
деңгейі мен си патына қарай жіктеуді ірі блоктар бойынша жүргізген жөн.
Бүған жататындар:
- тұрақты ластану көздері;
- транспорттар.
2-форма бойынша статистикалық есептің және зиянды коқыстарды тіркеу
нәтижелерінің болуы әкімшілік аудш-дардың зиянды заттарды атмосфераға
шығаруыньвд кө-лемі, тығыздығы және сипаты бойынша жіктеуді едауір
жеңілдете түседі. Алайда айрықша көңіл бөлетін жайт: өте улы қосылыстардың
көлемдік сипаттамасына баға беріп, оларды тазарту және іске жарату
мүмкіндіктерін білуге тура келеді. Сонымен қоса, бірқатар қауіптізат-тардың
(мәселен, лолициклді ароматты көмірсутектер, нитроқосылыстар, асбест)
таралуы статистикалық есөяте көрсетілмейтіндіктен, технологиялык
процестердің өрек-шеліктерін білу арқыльтғана саггалық баға беріледі.
Экологиялық жағдайды қалыптастыруда ерекше маңызды факторлардың
бірі — автотранспорттар. Сондықтан табиғат қорғау шараларын жүргізген кезде
қала ауасына автотранспорттардың ықпальш мұқият зерттеудің зор маңызы бар.
Экологиялық шараларды бірінші кезекте анықтау методикасы әкімшілік
аудандарды ауа бассейнінің ластанудеңгейіне қарай бөлуге мүмкіндік береді.
Атмосфераны қорғау шараларын бірінші кезекте жүзеге асыруға болады, ал
бұған жататындар:
• атмосфераға таралатын улы заттар деңгейі;
• потенциалды ластану тығыздығы;
• рекреациялық аймақтарға, тарихи-архитектуралық ескерткіштерге, басқа да
материалдық-техникалық өбъ-ектілер күйіне ықпалы;
• қойылған мақсатты жүзеге аеырудың техникалық-эко-номикалық және ұйымдық
мүмкіндіктері.
Территориялық және салалық құрылымда қоқыстың -ластануының перспективалық
өзгерісін ескере отырып, баллдық бағалау -жүйесін пайдалану ауа ортасын қор-
ғаудың жиынтық бағдарламасының балама вариамтта-рын, сол арқылы қала мен
өлке табиғатын қорғаудың территориялық жиынтық схемасын жасауға мүмкіндік
береді.

Өз жұмысымды мен биосфераның ең маңызды бөлігі – атмосфераның
жағдайының төмендеуінен, яғни ауаның ластануынан бастаймын. Адамзат
талай мыңжылдықтан бері ауаны ластап келеді. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын
адамзат тірлігі тек шектеулі іс-әрекетпен табиғатқа зиянын тигізбейтіндей
болса, кәзір техниканың күшеюіне, құрылыс жұмыстарының артуына байланысты
биосфераға антропогенді әсер ету күші де көтеріліп отыр. Соңғы жүзжылдықта,
техникалық өндірістердің дамуы, зәулім қалалар мен зауыттардың салынуы
қоршаған ортаға пайдасымен бірге зиянын да тигізе бастады. Адамзат санының
қарқынды өсуі және олардың ғылыми-техникалық қарулануының жоғарылауына
байланысты Жердегі жағдай да түбегейлі өзгеріп отыр. Сонымен қатар,
атмосфераның әр түрлі заттармен ластануы адамзат денсаулығына, болашақ
ұрпақтарымыздың өсіп-жетілуіне зиянын тигізуі хақ. Бірақ бұны тоқтату
мүмкін емес еді. Өйткені бұл адамзат тапқырлығы мен дамуының нәтижиесі еді.
Табиғатты қорғау біздің ғасырдағы маңызды жағдай болып отыр. Мұндай маңызды
жағдайды тек қана арнайы мемлекеттік білім орындары немесе арнайы мамандар
шешуі мүмкін емес. Ол үшін барлық халықты түгелдей сауаттандыру қажет.
Қазіргі таңда экологиялық білімді жалпы базалық білімге міндетті түрде
еңгізіп отыр.
Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер
ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің,
олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық-экологиялық дамуы әл-ауқатын
арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау
проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі.
Атмосфера – Жердің газ тәрізді қабаты. Ауа бассейіні – Жердің
белгілі бір үстіндегі атмосфераның бөлігі.
Атмосфералық ауаның ластануы екі үлкен топқа бөлінеді: фондық және
антропогендік.
Фондық ластану – елді мекендерден, қалалардан және өнеркәсіптік
объектілерден алыс жерлердегі әртүрлі қоспалардың (газ, шаң, химиялық
заттар) шоғырлануы елді мекендерге арналған ШРЕК-тен әлдеқайда аз (2-3 есе
және одан жоғары) атмосфералық ауа сапасының күйі.
Бұл ластанулар негізінен табиғи үрдістердің нәтежесінде пайда болады
(теңіздерден, мұхиттардан, көлдерден шығатын буланулардан, жанартаулар
атылуынан, табиғи болып тұратын циклондар мен антициклондардан,
биогеохимиялық шет аймақтарынан, табиғи радиоциялық фоннан).
Мәселен, жер қыртысынан сынаптың буланып ұшуы жыл сайын 2500-ден
125000 тоннаға дейін жетеді, ал Әлемдік мұхитта осы элемент 70 млн. тоннаны
құрайды.
Кадмийдің табиғи шоғырлануы жанартаулардың атқылауынан болады.
Атмосфералық ауаның ластанулары мгм3 көлемінде шоғырлануы (немесе
мкг м3) есебімен бейнелейді.
Неғұрлым таза аудандардағы атмосфераның фондық сапасын экологиялық –
гигиеналық тұрғыда білу антропогендік әсерлерді анықтау мақсатында ірі
қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы ауаның сапсымен салыстыру үшін
қажет. Әдетте фондық ластанулар деңгейін тұрақты түрде байқауларды үзіксіз
жұмыс істейтін Мемлекеттік Гидрометеорология станциялары жүзеге атырады.
Мәселен, қоршаған ортаның сапасын фондық сапасына фондық байқаулар
Қазақстандағы Бурабай станциясында, Орта Азияның, Тяньшанның биіктаулы
мұздықтарында жүргізіледі.
Алайда, ірі өнеркәсіптік аймақтардағы ауаға шығарылған ластанушы
заттардың аса қашықтарға таралуы, сөйтіп олардың фондық ластануларға әсер
етуі мүмкін. Мысалы, Солтүстік жартышарлық қоршаған ортада қорғасын мөлшері
Оңтүстік жартышардағыдан (өнеркәсіп жағынан аз дамыған) көп.
Антарктикада мұздарында көне кезеңмен салыстырғанда қорғасын мөлшері
6 есе, Гренландия мұздарында 200 есе өсті.
Қазақстанда фондық ластанулар жерлерді бей-берекет игеруден және Арал
теңізі суының азайып, құрғай бастауынан пайда болды. Осының барлығы,
өнеркәсібі жоқ және адамдар мекендемейтін аудандарға да атмосфералық
ластанулардың таралуы мүмкін екендігін көрсетті.
Амосфералық бассейнді антропогендік ластанулар-адамның шаруашылық
қызметі нәтежесінде өнеркәсіптік, энергиялық, транспорттық және
ауылшаруашылық көздерінен зиянды шығарындылардан болған, атмосфера
сапсының өзгертулері.
Елді мекендердің ауа бассейнінің антропогендік ластануларының
тигізетін әсерлері атмосфералық ауа сапасының нашарлауы арқылы білінеді,ал
ол қоршаған ортаның басқа объектілерінің (топырақ, өсімдік) сапасы
нашарлауына ықпал жасауы және тұрғындар денсаулығының күйіне кері әсер етуі
ықтимал.
Атмосфералық ауа ластануы не нәрсеге және қалай әсер етеді?
Оларды мынандай үлгіде топтауға болады:
- Ең алдымен, атмосфералық ауаның өнеркәсіптік ластанулары тұрғындар
өмірінің санитарлық-тұрмыстық жағдайлардың нашарлатады: терезе
шыныларының шаңдануы пәтердің табиғи жарықтануын нашарлатады; ауа
ластануы мен шаңдауы терезелерді ашуға мүмкіндік бермейді, өйткені үй
ішінің қабырғалары, киімдер, жуылған кірлер ластанады.
- Қалалардың микроклиматына және жарықтың режіміне әсері:тұмандар мен
фотохимиялық смогтар пайда болуының салдарынан күннің радиациясы 30 %;
ультуракүлгіндік радиация 66 % дейін азаяды.
- Табиғи және қолдан өсіретін өсімдіктерге кері әсерін тигізеді. Газдар
фотосинтез үрдісерін әлсіретумен тірі протоплазмаға уландарғыш
Атмосфералық жауын-шашынмен бірге олар топыраққа шөгіп, сол химиялық
заттар өсімдіктердің тамырлық жүйесіне сіңеді де, уландырғыш әсер
етеді.
- Ең соңында, атмосфералық ластанулар халық денсаулығына кері әсер
етеді, ол кейбір ауарулардың көбеюінеде немесе өсуінеде, созылмалы
аурулардың өту барысының өзгеруінде, мүгедектікке ерте шығу және өлім
жетім деңгейінің жоғарлауында, дене, еңбек қабылеттілігінің
нашарлауында көрінеді.
Өзіне тән емес физикалық , химиялық және биологиялық агенттердің
әлдебір ортаға енгізілуі немесе осы ортада агенттердің табиғи орташа
көпжылдық деңгейінен асуы ластану деп аталады.
Қоғамның қазіргі таңдағы даму жағдайларында атмосфералық ауа
ластануының негізгі көздері мыналар болып саналады:
- Өнеркәсіптік мекемелер;
- Жылу беруші қондырғылар;
- Көлік;
- Ауылдық аудандардың ауа бассейнін ластау көздері;
- Табиғи ластану көздері;
- Радиоактивтік ластану.
Атмосфералық ластаушылар физикалық күйі бойынша былайша бөлінеді:
1. Газ тәрізділер (көміртегі тотықтары, күкірт тотықтары, азот
тотықтары, көмірсутектер)
2. Күрделі химиялық құрамның шаңы, ол негізінен кремний қос тотығынан,
ауыр металдардан тұрады.
3. Аэрозольдар - әртүрлі қышқылдар (күкіртті, тұзды) су булары, майда
шаң. Аэрозольдардың орташа көлемі 1-5 мкм құрайды. Жер бетінде жылсайын 1
куб.км. жасанды шаң тозаң түседі. Бұлардың көп бөлігі адам қолымен
өнеркәсіп кәсіпорындарында шығарылған шығындылар. Кейбір техногендік шаң
тозаңды төменде көрсете кетсек:
Өндірістік процесс:
(Шаң тозаң шығару млн.тжыл)
1. Көмірдің жануынан 93,600
2. Шойын балқытудан 20,210
3. Жезді балқытудан(тазартылмаған) 6,230
4. Мырышты балқытудан 0,180
5. Қолайыны балқытудан(тазартылмаған) 0,004
6. Қорғасынды балқытудан 0,130
7. Цемент өндіруден 53,370
Жасанды шаң-тозаңды шығарудың негізгі көздерінің бірі ТЭС. Отын
түгел жанып бітпесе, көміртегі тотығы пайда болады. Пайдаланатын отын
күкіріттілігімен де сипатталады. Қатты отын сұйық отынға қарағанда шамалы
күкірттілігі арқылы (1,5-1,7% шамасында) ерекшеленеді.
Сонымен, қатты отынды (көмір) жұмыс істейтін жылыту – энергетикалық
нысандардың атмосфераға шығаратын басты зиянды заттары – көміртек
тотықтары, күкірітті газ, шаң, аэрозолдар, күл, түтін, конденсация
аэрозолдары.
Ауа құрамындағы қатты ермелерді шаң дейміз. Тау кен үйектік аймақтық
ауаларында шаң жаққа жақын да дала және құмды жерлер ауасында ол өте көп
болады.
Әуенің адам әрекеті негізінде былғау көздеріне қатты, сұйық және
газдық отындарды пайдаланушы жылу электрлік орталықтардан, тұрмыстық
отжағулардан, темір көліктерден, темір өңдеуші және химиялық
кәсіпорындардын бөлінетін шаңдарды жатқызуға болады және бұлар тіршілік
аясы былғануының басты себепкерлері болып табылады.
Айталық Алматы облысында 2005 жылы әуені былғауға қатысушы тұрғылық
тұтынушы көздерінің саны 4243 болса, қозғалысты ұшынды көздері, яғни облыс
аумағында тіркелген автокөлік саны 138 мыңға жетті және осы жыл ішінде әуге
тұрғылықты көздерден 69 мың тонна (2004 жылы 71 мың тонна) қозғалысты
көздерден 130,9 мың тонна ұшынды бөлініп шыққан. Келтірілген 4243
тұрғылықты ұшынды көздері ішінде Қарасай, Іле аудандарындағы ,Алматы 2-ЖЭС,
Қзмырыш Текелі қуатты кешені, Талдықорған жылу қызмет, Қарасай; Іле
аудандары мен Қарабұлақ, Балпық би аудандарындағы қант зауоттары әуеге
бөлініп жатқан ұшындының басым бөлігін шығаратындардың ең ірілері болып
табылады. Мысалы: бір ғана Текелі қуаттық кешені 2001ж 2077,8 тонна, яғни
облыстағы барлық тұрғылықты көздерден шыққан ұшындының 71-ін шығарған.
Соңғы жылдары жүргізілген әлемдегі шаң шығарушы басты салалар әрекетін
бақылау нәтижесінде ауқымы 20мкм төмен тозаңдардың бір жыл ішінде әуеге
көтерілетін мөлшері 1-ден 6 млн. т. дейін жететінін көрсетті.
Әуедегі газ құрамының ойдымдық өзгеруі оның қандай да бір
құрауыштарының азаюы немесе көбеюі салдарынан ғана тумайды, оған табиғатта
өздігінен пада болмайтын, тек адам қолымен ғана жасала алынатын бөгде газ
тәрізді ермелік қосылыстардың , мысалы: хлор,фтор,метан сияқты газдардың
қосылып, араласып кетуінен туады. Газдық былғануға қоса әуедегі тозаң
мөлшері де болып табылатын тозаңдар ластаушы есбінен әуенің көмескіленуі
соңғы 30 жылда он есеге артыпты. әрине, адам әрекеті белсенділік сипаттағы
аймақтардың үстіндегі әуе әлдеқайда тозаңдылығымен және бұл қалыптың көп
уақыт бойы сақталатын тұрақтылығы мен ерекшеленеді.
Адам әрекеттік былғауыштар қоюлығы мен ғана емес, құрамының алуан
түрлілігімен де айрықшаланады. Мысалы: өткен ғасыр басында өндірісте 19
химиялық элемен қолданылған болса, ғасырдың ортасына қарай 50 элемент, ал
оның 70 жылдарына таман Менделеев кестесіндегі элементтер түгелдей
қолданылатын болды. Бұл жай өндіріс ұшындыларының құрамын бұрынғыдан да
күрделендіріп, зияндылық салдарынан ондаған есе ұшындырып, ұшындырып
жібереді. Енді оның құрамы ауыр және сирек темірлер тозаңдарымен, табиғатта
кездеспейтін күрделі құрамдық, радиобелсенді, рак тудырушы, бактериялық
және басқа да заттармен, осылардың сан-алуан жаңа әрі күрделі
қосындыларымен толықты.
Ау құраушылар – азоттық оттектің және көміртек қос тотығының мөлшерік
қатынастары әзірге көп өзгере қойған жоқ, бірақ соңғысының үлесі көп
уақыттан бері тұрақты түрде арту үстінде екенін ұмытуға болмайды. Егер
жаңадан қосылатын бөгде газдар мөлшері онша көбейе қоймаса, яғни оның
салыстырмалы түрде аз болуы қамтамасыз етілсе ауаның әр қабатында жүріп
жататын өздігінен тазару, еру, тотығу, ыдырау, бактериалардың жуытуы,
құбылысының арқасында-ақ әуе құрамының табиғи тепе-теңдігі сақтала берер
еді.
Алайда адам ауа әрекетімен пайда болатын шаң тозаңдар мен улы газдар
негізінен ауа белгілі бір қабатында, тропосферада ғана таралып, соның
ішінде өндіріс орындары тұрған жерлерде айрықша шоғырланады. Сөйтіп ауаның
ең төменгі қатарында жинақталған бұл ластауыш көздірінің тіршілік аясына
тікелей әсер еті мүмкіншілігі артып, еселене түседі.
Ауаның зиянды өнеркәсіп ұшындыларымен былғануымен алдын-алу жолындағы
әрекеттер бірнеше бағытта жүргізіледі. Бұған өндіріске қалдықсыз
технологияларды енгізу, технологиялық процестерді өз ортасында тұмшаландыра
жүргізу, зиянды қалдықтарды іске жарата білу жолдары т.б. жатады.
Технологиялық тұрғыда газ тазалау, шаң тұтыну құралдарын орнату, зиянды
заттарды биік моржалар арқылы тропосферадан жоғары шығарып шашырату,
зиянды заттарды зиянсызға алмастыру, шикізатты ылғалдандыра өндеу
тәсілдерін қолдану сияқты амалдар бар. Битум өндірісінің ұшындылары 700-750
С-та толық жағылып жіберілсе, тыңайтқыш өндірісінде ол газдарды қайта
пайдалану технологиясы енгізілген. Бояу өндірісінде хлорланған
көмірсутектерді хлорға айналдырады.
Жалпы тау кен кәсіпорындарынан шығатын зиянды ұшындылар салдарын
экономика – экологиялық тұрғыдан бағалағанда:
1) Олардың қоршаған ортаға тікелей тигізітін зиянды әсерлерін
2) Ол жерден туатын экономикалық зиянды
3) Қоршаған ортаны жақсартуға, қалпына кететіруге кететін шығын мөлшерін
4) Қалдықтарды ұтымды пайдалану, іске жарату технологияларын жасауға
кететін шығын мөлшерін есептеу керек болады.
Яғни бұл ретте болатын шығындар, ластанған ауа ортасының тіршілік
иелеріне зиянды әсерін жоюға жұмсалған және осы әсерден туатын шығындарға
бөлінеді. Мұның біріншісінде тіршілік иелерін былғаныш әуе ортасынан
көшіру, тазалық қорғаныш аймағын көгалдандыру, тұрған үйлерге берілетін
ауаны тазалау жүйесін салу және пайдалану істері жатады. Екінші топқа
қатысты шығындарға былғаныш ауа салдарынан ауруға ұшыраған адамдарға емдік
қызмет көрсету, олардың кейбіреулеріне еңбекке жарамсыздығына ақы төлеу,
ғимараттарды, құрылыс орындары мен құрал-жабдықтарды қалпына келтіру
шығындары жатады.
Өнеркәсіп ұшындыларын азайту үшін төмендегідей шараларды жүзеге асыру
керек:
1) Кәсіпорындарды электр және ұшындылары мен пайдаланатын жанғыш заттарды
құрамындағы зиянды заттарды тазалаушы және алдын-ала аластаушы
технологиялары бар ірі электр станциялардың маңында шоғырландыру.
2) Өндірісті булық, шаңдық әуе ұшындыларын азпйтушы немесе
бейтараптандырушы сүзгілер және басқада құрылғылар орнату.
3) Көліктер мен технологиялық аспаптарды қозғалтқыштары мен тазалаушы
құрылғыларын жетілдіру және оларды мүмкіндігінше зиянсыз түрге көшіру.
Ауа тазалығын сақтаудың бұл келтірілген шараларына қоса, айналаны
мейлінше көкалдандыру, ормандарды қалпына келтіру және көбейту, өсімдіктер
дүниесінің жетілуіне жағдай жасау, қалалар мен өнеркәсіп орындарын, елді
мекендер мен жол бойларын жасыл желекке бөлеу жұмыстары кең қанатжаюы
тиіс.
Алайда әуе шектен тыс былғану жағдайында бұл шараларда жеткіліксіз
болады. Әрі мұндай аса былғаныш әуеге тұншыққан жасыл желектер ортаны одан
ары ластай түсуі де мүмкін. Мысалы: күкірт қостотығын көп жұтуға мәжбүр
болған өсімдіктер оны әеге күкіртті сутек және рак қоздырғыш күкіртті
көміртек ретінде кері бөліп шығарады. Әуедегі аммиак мөлшері артып кету
жағдайында өсімдіктер оны азот тотықтарына айналдырып тағыда кері
қайтарады, олай болса әуе тазалығын сақтаудың ең дұрыс жолы оны ластамау
болып табылады.
Зиянды заттарды бөліп алу әдістері. өндіріс ұшындылары құрамындағы
органикалық заттарды әсіресе ылғалды күйіндегілерін қойырлықтары жоғары
жағдайда қыздыра жағу арқылы, қойырлығы төмендеу жағдайда – аптай отырып,
жағу арқылы бөліп алады. Аптауыш ретінде белсенді көмір, белсенді кокс,
алюминидің белсенді тотығы т.б. қолданылады. Ұшындыларды тазалаудың өзінің
бірнеше деңгейі болады. Мысалы: бір жағдайда ұшынды құрамындағы зиянды
затты бөліп алу немесе зиянсыз күйге айналдыру мақсаты қойылса, екінші бір
жағдайда – ұшындыны тазалай отырып, зиянсыздандырылған өнімді басқа нәрсеге
айналдыру немесе сол өндірістің өзінде қайта қолдануға жіберу, үшінші
жағдайда – ұшынды құрамындағы зиянды заттың қалдықтық бөлігінен арылу
мақсаттары қойылады.
Ол екі жолмен ластанады. Оның бірі табиғи жол, екіншісі антропогендік, яғни
адамның іс-әрекетінің нәтижесінде ластануы.
Ауаның табиғи жолмен ластануы қандай дәрежеде өтсе де атмосферадағы
газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды, алайда, қолайсыз әсері біраз уақытқа
дейін орын алуы мүмкін.
1883 жылы Қарақатау вулканы атқылағанда шамамен 150 млрд. тонна шаң
мен күл шоғын 32 км биіктікке дейін лақтырып тастаған. 1908 жылы Тунгус
метеориті түскенде де шаң көтеріліп көп уақытқа дейін аспан кеңістігі
күңгірт тартып тұрған.
Ауаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздерге қара
және түсті металлургия, транспорт, электр энергетикасы, ауыл-шаруашылығы,
мұнай, газ, көмір, химия өндірістері, тұрғын-коммуналдық шаруашылық,
құрылыс материалдарын өндіретін және басқа халықшаруашылық салалары жатады.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика
ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін
технологияға байланысты келеді. Мысалы, шойын мен болат өндірістері улы
көміртек (II) оксидімен, алюминий зауытының түтіні фтор қосылыстарымен,
қағаз өндірісі-күкірт оксидімен, сутекті кұкіртпен ластайды. Бір тонна
шойынды өндегенде атмосфераға 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкірт оксиді, 0,1-0,5 кг
марганец, мыщьяк, фосфор, сурьма, қорғасын, сынап және сирек металдардың
қосылыстары бөлінеді. Ауаны ластайтын қатты заттар негізінде оның төменгі
қабаттарында шоғырланады:
Биіктік (км) 0,1 1 2 3
4 5 6
1 см 3 ауадағы қатты
бөлшектердің саны 45000 6000 700 200 100
50 20
Өндірісі дамыған елдерде жерінің, ауасының, суының құрамы күрт
өзгеріп, адамзатқа, өсімдік пен жануарлар әлеміне едәуір зиян тигізуде.
Қазақстанда көптеген өндіріс дамыған аймақтарында, әсіресе Орталық
пен шығыс Қазақстан облыстары топырағының өте көп мөлшерде улы заттармен
ластанғанына байланысты бұл төңіректе биогеохимиялық аномалиялар пайда
болып отыр. Осы аталған облыстардың кәсіпорындары мен көлік, тағы басқа
ластаушы көздері соңғы мәліметтер бойынша тек атмосфераға 5 млн. тонна улы
заттарды жыл сайын тастайды екен.
Ауаның ластануы мөлшері табиғи ресурстардың тиімді және жан-жақты
пайдалануына да көп байланысты. Қазіргі кезде бұл проблема әлі толығымен
шешілмеген. Пайдалы кең қазбаларын, минералды шикізаттарды жер қойнауынан
алған кездің өзінде біразы шығынға ұшырайды.
Сонымен қатар Жер бетіндегі ауа басейнінің 80 пайызын
автокөліктер ластап отыр. Егер осы пайызды төмендетер болсақ, сонша пайызға
біздің болашақ нәрестелеріміздің денсаулығы да жақсарар еді. Өйткені
автокөлік түтінімен ең алдымен балалар және жүкті әйелдер демалады.
Орта есеппен алғанда автокөлік 15 мың км. жүргенде 1 жылда 4,5 тонна
көміртегін және 30 тонна ауаны жейді, осының салдарына атмосфераға 700 кг
көмірқышқыл газын, 400 кг азот қос тотығын, 230 кг күкірт қос тотығын
бөледі.автокөліктен шыққан түтіндер свинец, кадмий, цинк, мед, темір,
марганец, хром және кобальт қоспаларынан тұрады.
Облыс көлемінде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бағдарламасы
жасалды. Қазір Орал қаласында улы қалдықтар полигоны құрылысы аяқталды.
Ақсай қаласы мен Дариян селосында тұрмыстық қатты қалдық полигоын салу
жоспарланған. Облыс бюджетінен жыл сайын қоқыс контейнерін жасаға,
кездейсоқ қоқыс үйінділерін жоюға, мал қорымдарын салуға қаржы тұрақты
бөлініп отыр. Қазір кейбір кәсіпорындар қағаз бен пластмасса қалдықтарын,
түсті және қара металл сынықтарын қабылдап, қайта өңдеуге кірісіп кетті.
Арктур ЖШС Орал қаласының қалдықтар полигонында сұрыптау кешенін өз
қаржысына салып жатыр.
Өндіріс ауқымы өсіп, халықтың тұрмыстық жағдайы көтеріліп келе
жатқаны рас. Бірақ облыста экологиялық проблемалар да шиеленісіп келеді.
Өнеркәсіп қалдықтары, ағынды сулар қоршаған ортаны ластап жатыр. Зиянды
қалдықтарды жоятын немесе өңдейтін инфрақұрылым жоқ. Орал қаласының
кәріздік жүйесі тозды, бұл да экологиялық апатқа соқтыруы мүмкін. Облыста
көмірсутегі шикізаты өндірісі өскен сайын қоршаған ортаға түсетін
техногендік салмақ көбейе түсті. Табиғи экожүйе бұзыла бастады.
Жер бетіндегі халықтың денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі –
атмосфералық ауаның тазалығы болып саналады.
Ең таза ауа – мұхиттар үстіндегілері. Мұхит үстіндегілеріне
қарағанда аулдық елді мекендердің ауа бассейніндегі шаң тәрізді және газ
секілді қоспалар мөлшерден 10 есе, орташа қалалардағы мөлшері – 35 есе, ал
өнеркәсіптік орталықтарда – 150 есе көп.
Метеорологиялық жағдайлар қала үстіндегі ауаның желденбей тынып
тұруына әсер ететін кезде атмосфераның ластануы адамдарға аса ауыр тиеді.
Ауаны ластайтын газ қоспалары кейде сол газдардың өзінен де
қауіптірек, өйткені олардың өзара қатыныстары барысында жаңа заттардың
түзілуі мүмкін. Осындай белсенді жаңа заттың пайдаболуының үлгісі – ауадағы
түтін ысы (түтінді тұман).
Тұман мен өте ұсақ қалқыған атты заттардың ауада ұшып жүрген
ұсақ түйіршіктері осы түтін ысын (ағылш. Smoke - түтін және – тұман)
тудырады. Осы тұманның ең ірі апаты 1952 жылы Лондонда болған
еді.Температураның төмендеуі мен желдін мүлдем жоқтығына байланысты Лондон
5 күн бойы тұманға оранды. Сонда SO2 молшері 5-10 мгм3 жетті.Сол уақыт
ішінде 1000 га жақын адам қырылды. 10 000 адам қатты ауырды.осындай
үлгідегі түтінді тұманды лондондық немесе қысқы түтінді тұман деп атайды.
Қысқы түтінді тұман атмосфералық ауады күкірт қостотығы мен
қалықтап ұшқан қатты бөлшектердің аса көп мөлшерде шоғырлануы және құрамда
күкірт бар отынның жануы нәтижесінде болатын құбылыс.
Әлемнің үлкен қалаларының үстінде Лос-Анжелестік жаздық
фотохимиялық түтінді пайда болуы жиілеуде.
Азот қос тотығы, күкірт тотығы және альдегидтер ультракүлгін
сәулелерді сіңіруге және белсенді күйге енуге қабілетті.
Озонның түзілуіне азот қос тотығы ерекше ықпал етеді.Ультракүлгін
сәулелер әрекетінен азот қос тотығының молекуласы азот тотығына және
атомарлық оттегіге айналады. Озон мен азот тотықтары ауадағы органикалық
қоспалармен реакцияланады, соның нәтежесінде заттар қатары түзіледі,
басымдылығы қанықпағын көмірсутектер, соның ішінде пероксилацетилнитрит
(ПАН) пайда болады. Ол түтінді тұманның пайда болуына септігін тигізеді:
озон араласқан кезде оның улылығы да арта түседі.осы үрдістің сызбасын мына
үлгіде көрсетуге болады.
Азот тотықтары + көмірсутектер =
= пероксилацетилнитрит (ПАН) + озон (О3)
Фотохимиялық түтінді тұман әдеттегіше температуралық инверсиялар
кезеңінде пайда болады, ол уақытта ластанған ауа жоғарғы жылы қабатпен
қысылғанда ластқтардың жоғары тік тасымалдануын өткізбейді.
Қазақстанда түтінді тұмандар өте сирек пайда болады, ол дамыған
елдерге қарағанда біздегі ауаның тазалығы мен желдің үзбей соғуы арқылы
түсіндіріледі.Алайда түтінді тұманның пайда болуына қолайлы жағдайлар да
бар (тау қоршаған аңғарлар және желдің жоқтығы Алматыда түтінді тұманның
болуына жағдай тудырыды).
Түтінді тұман адамдарды тұншықтырады. Тыныс органдарымен қатар осы
лас заттар көз бен иіс сезу органдарың зақымдайды, тамақты қырнап,
булықтырып таспайды.
Деммен кірген 0,6-10 мкм мөлшеріндегі қатты және сұйық бөлшектер
альвеолаға жетеді және қанда абсорбцияланады.
Ластанғаң ауа негізгінен тыныс жолдарын тітіркендіреді, бронхит,
демікпе ауруына шалдықтырады.
Қазіргі уақытта ауа ластануының әлемдік балансында негізгі орыны
автокөлік (54%) алады. Автокөліктердің, құрылысқа арналған және басқа
техникалардың іштен жанатын двигательдерімен шығатың лас заттарда (%
есебімен) мыналар болады: көміртегі тотығы – 75, көмірсутектер -15, азот
тотықтары – 7, ыс пес күкірт газы шамамен 1% –дан келеді. Осы аталған лас
заттар адам үшін қаншалықты қауіпті? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес,
өйткені, ауадағы газдардың белсенділігіне саны ғана олардың қауіптілігін
анықтайды, қауіптілік белгілі дәрежеде газдардың белсенділігіне, олардың
тұрақтылығына тәуелді болады. Мынаған көңіл аударған жөн. Жеке алып
қарағанда газдың қоршаған табиғи ортаға тигізетін әсері олардың басқа
заттармен әрекеттесуіне коршаған орта тигізетін әсеріне ұқсас болмайды.
Іштен жанатын двигательден шыққан газдардың ең негізгі компоненті
–көміртегі оксиді (иісті газ) аса зор қауіп тұдырады. Ол адам қанының
гемоглобинімен қосылып, оттегі сіңіруге кедергі жасайды, ол оттегілік
ашығуға ұшыратады, организмді әлсіретеді және оны әртүрлі ауруларға жеңіл
беймдей түседі. Осы газбен ұзақ уақыт улану тез қалжырауға әкеледі, бас
ауыру, бас айналу, ұйқының бұзылуы, енсиярлық, жүрек соғуы, демікпе секілді
ауруларды тұдырады. Дене жұмысымен қатты айналысқанда аз мөлшердегі
көміртегі тотығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін.
Ірі қалалардың ауасында әдеттегіше 25-125 мгм3 мөлшерінде
көміртегі болады (қалыпты норма 3 мгм3).
Жер шарының атмосферасында көміртегі тотығының мөлшері аса көп
болса, қыста, ал жаздың соңында ол мүлде азаяды.
Кейбір көмірсутектері ауаны аса қауіпті ластаушыларға жатады,
бірінші кезекте қауіпті ісіктер пайда болуына жағдай жасайтын – 3-4
бенз(а)пирен. Ол ультракүлгіндік сәулелендіргенде ыдырайды.
Ауада күкірт тотықтарының жоғарғы мөлшерде болуы өкпе ауруларына,
созылмалы бронхитке әкеліп соқтырады.
Адам организміне азот тотықтарының көмір оттығына қарағанда
тигізетін залалы 10 есе қауіпті.
Альдегидтер ОЖЖ зақымдайды, жыныс органдарын қабындырады.
Ыс тыныс жолдарын бітеп, созылмалы аурулардың тууына себепкер
болады және канцерогендік аурулар тасымалдаушысына айналады.
Өнеркәсіп орталықтарынан ұшқашан күлденболатын көз жарақаттары
барлық көз ауруларының 30-60% құрайды.
Цемент өнеркәсібі - атмосфераға шаң мен газ шығаратын аса қауіпті
ластаушы орын болып саналады.Цемент шаңын үнемі дем арқылы жұту өкпе
тамырларының қабынып, демігуіне соғады.
Асбестік шаң созылмалы асбестоз ауруына ұшыратады және қауіпті
ісіктердің пайда болуына әсер етеді. Жұмыс істеушілердің терісіне асбест
талшықтары түскен жерлерінде сүйелдер пайда болады.
Индустриализациялауға және өндіріс шығарындыларының болуына орай
атмосфералық ауада (CO, CO2, H2S, SO2, NO2) секілді газ тәрізді заттар
ғана емес ауыр металдар: Cd, Cr, Hg, Ni, Cu, Fe, Mn, Zn, Pb көп болады.
Адам организміне кадмий аса жоғары деңгейде әрекет еткен жағдайда
Итай-итай сүйек ауруы ауруы және бүйректің қалпына келместей зақымдануы
байқалады.
Хром мұрын қуысының кілегей қабығының, терінің жараларын, дерматті
тудырады.
Сынаппен улану негізінен жүйке ауруларын тудырады және бүйрек
қызметтерінің бұзылулары арқылы сипатталады, оның үстіне гонаотоксикалық
және мутагендік кемістіктерге ұрындырады.
Никель аса улы емес, бүйрек қызметін бұзады және бас айналу мен
демікпе ауруына ұшыратады.
Күміс негізінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz